Асылбекова, Г. Балабиева балық шаруашылығЫ



жүктеу 2.93 Mb.
бет12/15
Дата07.03.2018
өлшемі2.93 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Тәжірибе көрсеткендей шабақтарды азықтандырғанда прем-икс ПФ-ІВ, тауарлы балықтарды есіру кезінде премикс ПФ-ІВ, П-2-1 жэнеП-5-1 қолдану ұсынылады.


8.14-кесте. Бестер үшін жогары багалы азықтар, %


Ингре-диенттер

Стартгық азыктар

Азыктык жем

¥н

-

-

-

-

-

Балык

4,8

4,8

-

36

26

Сүйекті ет

10

10




7

10

Қанды

2,4

-

-

-

-

Шөпті

11,5

12

-

3

5

Азыкгык ашытқы

3

1,3

15

7

7

БВК

-

-

-

10

8

Шрот

-

-

-

'-

-

Соялық

-

4,2

-

6

2

Күнбагыс

-

-

-

5

2

Бидай -

4,5

7

2

21

35

Фосфапык

-

-

-

5

4



Балык майы

1

1,4

-

-




Козеин

-

-

52,5

-

-

Кунбагыс майы

-

-

5

-

-

Премикс ПФ-ІВ

1

1

1

-

-

Премикс П-2 П-1

-

-

-

1

1

Барлыгы

100

100

100

100

100

Көрсетілген рецепт бойынша бестерге арналған азықтарда жануарлар текті азықтар компоненті көп мөлшерде болады. Соңғы жылдары жаңа жоғары тиімді азыктар ұсынылуда. Себебі микро-биологиялық азык протеині мен майлы өсімдіктер жэне жануар текті шротты азықтың эквиваленті орын ауыстырады. Маман-дардың айтуы бойынша балық ұнының орнына бестерге майлы өсімдіктермен жасалған шрот және ақуызды-витаминді концентрат протеин бойынша ауыстырғанда дұрыс нэтиже көрсетті. Азыктық жем бестер үшін балық ұны 15 % дейін азықты витаманді концен-трат немесе ашытқылар кез-келген субстраттармен алмасады.

Бассейнде және садоктарда бестер шабақтарын Іг-ға дейін өсіргенде 5-8 тэулігінен асырмау керек.

Тәулік нормасында түйіршіктелген жем 3-15%, паста тәрізділер 6-30 % құрайды.

Бұл тәуліктік норма қоректендіру 18-25°С температураға арналған және эр тұрлі температураның, балық өсу жағдайының, бейімделуінің өзгеруіне ыңғайландырылған.

Бестерді өсіру жағдайында келесі ұсыныстар сақталады.



  1. Бестер личинкасын өсіргенде алғашқы жемдеудің 2-3
    тэулігінде түрлі азықгы рационның 15-20% қолдану тиімді (дафния,
    артемия жұмыртқасы).

  2. Түйіршікті және паста тәрізді жемдерді қадағалап тұру
    керек.

  3. Шарбақта бестерді өсіруде негізінен жем шашқыштар
    немесе азықтандыру тақтайшаларын қолдану керек.

  4. Бетонды және жер бассейнде бестерді өсіргенде белгіленген
    және арнайы дайындалған жемдеу орындарында қоректендіру
    керек.

  5. Бестерді қоректендіру кезінде тыныштық сақау жэне балықты шошытып алмау керек.

Жем сапасын қадағалағанда жэне олардың қолдану эдістемесін сақтағанда жоғары нәтижеге жетуге болады. 1 кг бестерге толыққанды түйіршікті жем 23 кг-ды, ал паста тэрізді қоспалар 4-6 кг-ды құрайды.
Бақылау сдоақтары.

1. Балық шаруашылыгындагы балықтарды қоректенірудің маңызы. 2. Балықтардың азықтық жэне биологиялық белсенді заттарга қажеттілігін қалай анықтауга болады? 3. Протейннің балықтар үшін рөлі және балықтардың эр түрінің қажеттілігі қандай ? 4. Балыцтардыц ңорегіндегі май мен көмірсудың маңызы ңандай? 5. Балықтардың минералды заттарга ңажеттілігі тура-лы не білесіз? 6. Дәрумендердің балық қорегіндегі маңызы қандай? 7. Өсімдіктекті қорек түрін сипаттаңыз. 8. Жануартекті қорек түрін сипаттаңыз. 9. Тұңыны, бахтахгпы, бестерді, канал жайынын цоректендіру жайлы айтыңыз. 10. Балықтарды цоректендіру тиімділігін анықтау жолын түсіндіріңіз.

9-ТАРАУ

ТІРІ БАЛЫҚТАРДЫ ЖӘНЕ УЫЛДЫРЫҚТАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ

9.1. Балықтарды тасымалдау
Тірі балықтар мен уылдырықтар шаруашылық ішінде жэне сол сияқты бір шаруашылықтан келесісіне тасымалданады.

Шаруашылықтың өз ішінде балықтарды өрістеу тоғанынан, семірту тоғандарына, өсіруден қыстауға, ал қыстаудан эр түрлі жаздық тоғандарға тасымалдайды. Шаруашылықаралық өсіру және жерсіндіру орындарына шәуетті, ұрықтанган уылдырықты, дернэсілді, шабақты жэне ересек, тұқымдық балықтарды тасымалдау мен тауарлық балықтарды сатылу орындарына жеткізу жүзеге асырылады.

Балықтарды суымен, сол сияқты сусыз да тасымалдайды. Кең тарағаны суда тасымалдау. Тасымалдау уақыты мен жол ұзақтығы және балықты отырғызу тығыздығы температура мен су құрамын-дағы оттегі мөлшеріне байланысты. Жаздың күні жылу сүйгіш балықтарды 10-12°С, ал салқын сүйгіш балықтарды -5-8°С, күзде-көктемде тиісті 4-6°С жэне 3...5°С температурада тасымалдайды (9.1 жэне 9.2-кесте).

Жасына және балықтың түріне қарай бір уақыт арасында салмақ бірлігіне шаққандагы қажет етілетін эртүрлі оттегі мөлшері кестеде көрсетілген. Тірі балықтарды тасымалдау кезіндегі маңызды фактор балық салмағы мен су көлемі арасындағы қатынас.


9.1-кесте Балықтардын эр түрлі температура жағдайындағы отегін тутынуы (мг/кг Ісаг. тірі салмағы, Ю.И. Орловтыц 1971 ж. мәліметі бойынша)


Балыктар

Су температурасы, "С

5

10

15

20

25

Кәдімгі дөнмандай

27

60

89

151

199

Шұбар дөнмандай

26

60

81

132

185

Тұқы

20

65

107

-

148

Мөңке

33

-

50

-

100

Ақ амур

25

57

79

130

179

9.2-кесте. Балыктарды тасымалдаудағы кажетті су мөлшері (л)




Тұкы Дөнмандай

Тасымалдау ІІН 1 8 I 1 1 1 3 1 I | 5

ұзакіығы.сағ 2. 2.1

2-ге дейін 5 3 7 3 2 4 6 7 8 3-4 6 48 435789 5-6 7 5 9 3 4 6 8 9 10 7-8 8 6 11 6 5 7 10 11 12 9-10 10 7 14 7 5 9 12 14 15 11-15 13 10 17 10 8 12 15 17 18 16-20 15 12 21 12 10 14 18 21 23 21-24 20 15 26 15 12 18 23 26 28 24-тен жоғары 25 20 32 20 15 23 28 32 35


Осы жұмыстардың бәрінде эр тұрлі транспорт қолданылады, тасымалданатындардың тіршілігін* қамтамасыз ететін арнайы ветеринариялық бақылау мен рұқсат қажет.

Балық тасымалданатын ыдыстар міндетті түрде 10-20% хлорлы эк ерітіндісімен залалсыздандырылады, соңынан сумен жуылады. Балықты отырғызар алдында оларды 4% еріген тұз ерітіндісіне шомылдырып паразиттерден тазалайды.

Егер шаруашылықга немесе суда ауру түрі кездессе, онда оны тасымалдауға тыйым салынады.



Балыңтар шәуетін тасымалдау - өндіргіштерден апынган шәуетті диаметрі 0,7-0,8 см, ұзындығы 4-5 см пробиркада сақтайды және сонымен тасымалдайды. Пробиркаларды алдын ала дистел-денген суда қайнатып, кейін оны кептіріп, ағаш тығынмен (резинка тығын жарамайды) аузын бекітеді. Пробиркаға этикетка жапсы-рады, онда балықтың түрі, өндіргіш нөмірі, шәуеттің алынған уақыты, күні, мөлшері жэне сапасы көрсетіледі. Пробиркаларды мұзбен толтырылған температурасы 0 - 1°С аралығындағы термос ішіндегі агаш штативтерге отырғызады. Тұқы балықтарының шәуеті пробиркаларда өзінің қаблеттілігін 24 сағат сақгайды.

Уылдырыңтарды тасымалдау - түқылардың (сазан, тұқы, оңғақ, яз, мөңке, ақ балық, шемай) ұрықтанған уылдырықтарын қозғалысқа түскен, пигментарлық көзі пайда болған кезінде немесе «глазок немесе көзше» стадиясы уақытында эмбрион кезінде тасымалдайды, одан ерте кезеңінде ол механикалық эсерге және температураның ауытқуына өте сезімтал болып келеді. Жабыс-қақтығы кетірілген уылдырықтарды пенопластан жасалған ауа кіретін тесігі бар, көлемі 58x51x46 см изотермикалық жәшіктерде тасымалдайды. Уылдырықтарды рамаға 1,5-2 кабат етіп салады да, бірінің үстіне бірін қатарлап қойып, бағаналап жіппен байлап қояды. Бағананың астындағы табақшаға таза мұз бөлішектерін салады. Жәшіктерге «шайқауға болмайды» деп жазып қояды. Күзде уылдырықты жылы ыдыстарда тасымалдайды, мұзбен суыту қажет емес.

Тасымалдау кезіндегі температура 8-10° С. Уылдырықты тасымалдау уақыты ұзақтығы, тұқыларда 1-2 тәулік, албырттарға 5-10 күнен артық уақыт болады.

Уылдырыкты ұшақтар, вагондар, жолаушылар поезында жүк ретінде жэне автомашиналармен тасымалдайды.

Ұрыктанған өсімдік қоректі балықтардың уылдырықтарын тасымалдауға болмайды, себебі олардың инкубациялық кезең мерзімі өте қысқа.


9.2 Балықтардын дернәсілдері мен шабактарын тасымалдау
Дернәсілдер мен шабақтарды дамуының бастапқы кезеңінде, олар еркін жүзген кезінде тасымалдайды. Тасымалдаудағы сэттілік-ке қойылатын негізгі талап - еріген оттегі, жеткілікті су. Ыдыстағы су температурасы (көбінесе полиэтилен қапшықтар) су көзіндегіге сай келуі керек. Ыдыстағы су температурасының бірден ауытқуына жол берілмейді. Тұқылардың шабақгарын эдетге температурасы 10-12°С суда 16°С жеткізбей тасымалдайды. Судың температурасын төмендету үшін ыдыстың ішіне таза қапшықтағы бөлек мұз белшектерін салады.

Шаруашылық ішінде шабақтарды тірі балық тасымалдауға арналған брёзент чандар қойылған (шабақтарды оның' арнайы төгуге арналған жеңі арқылы төгеді) арбамен тасымалданады.

Саны шағын шабақтарды сүт құятын бидондармен 1 литрге 100 дана есебімен алынып тасымалданады. Алыс жолдарға тұқы шабақтарын машиналарға орнатылған чандар немесе бидондармен литріне 50 дернәсіл немесе шабак есебімен тасымалдайды. Сол сияқты ұшақтарда тұқы шабақтарын брезент чандармен сыймды-лығы 200 л немесе полиэтилен оттегі бар қапшықтармен тасымал-дайды. Егер 3 сағат аралығында ұшақпен тасымалдаса, аэрациясыз шабақтарды 1 литрге 100 дана, компрессор қойса 200 данаға дейін тығыздықпен есептейді.

Көксерке шабаңтарын жақын аралықтарға тү-қылар шабақтар-ындағы сияқты ыдыстарда тасымалдайды, бірақ отырғызу жилігі 5 есе аз болуы керек, себебі көксерке оттегін көп мөлшерде қажет етеді. Температурасы 2-4°С суда шабақтарды 2 сағат аралығында жиілігі бір литрге 4-5 дана есебінен салып тасымалдайды.

Ақсахалар дернэсілдерін - мырыш темір немесе органикалық шыны канндарда сыйымдылығы 40 л үздіксіз ауа үрленіп тұратын ыдыстарда тығыздығы 1 канға 2-3 мың/дана есебімен тасымал-дайды.

Бекірелер дернәсілдері мен шабақтарын - уылдырықтан шыккан кейінгі бірінші екі күнде желбезектік тыныс алуға өткенге дейін, желбезектік тыныс алуда оттегін көп қажет етеді. Судың оттегімен қанығуы қалыпты мөлшерден 30% төмен болмауы керек.

Жарты жылдықтар, бір жылдықтар, ересек балықтарды әр түрлі алдын ала ағын сумен шайылған және залалсызданылған ыдыстармен тасымалдайды.

Тірі балықтарды көбінесе сыйымдылығы шамамен 2400 л автоцистерналар - АЦПТ-2,8/53 ГАЗ-53А автомашиналарымен тасымалдайды. Цистернаның алдыңғы жағында 100 кг мұз сыятын ыдыс орналасқан. Мұз цистернаны суыту қажет болған жағдайда қолданылады. Цистернадағы су оттегімен пневматикалық типтегі аэрациялық жүйе арқылы қанығады. Балыктардың, қоректік омыртқасыздарының үлкен партияларын алыс жактарға жерсіндіру мақсатында тасымалдауда тірі балыққа арналған сыймдылығы 30 т В-20 типті темір жол вагондарын қолданады. Судың аэрациясы форсунка арқылы жіберілген ауа арқылы жүреді.

Балық тасымалдау ыдыстары:

Канндар - формасы жәшік тәрізді көлемі 50x30x30 см, қалыңдыгы 8 мм, сыйымдылығы 40 л мөлдір органикалық шыныдан жасалган ьвдыстар. Аэрация КП-21 типтегі авиациялық оттектік аспаптармен жүреді.

Полиэтилен қапшықтар жер шарының кез-келген нүктесіне су организмдерін жекізуге өте ыңғайлы. Ұзындығы 60 см, сыйым-дылығы 40 л, көлемі 65x35x35 см стандартты кардон қораптарда орналастырылады. Ірі көлемді қапшықтар сыйымдылығы 300 л жетеді. Қораптар кез-келген транспорт түрімен тасымалданады.

Қапшықка эуелі су құйылады, одан кейін балықты орналастырады, оған ұзындығы 5-6 см резина түтік қойылады. Қапшықтың соңын изоляциялық лентамен орайды жэне оған жылжымалы металл рамкасы бар қысқыш кигізеді.

Қапшыққа оттегі резина түтікке жалғанған шланг көмегі арқылы беріледі.

Тасымалдау кезінде судағы еріген оттегі балықтың түріне және температурага қарай беріледі.
Бақылау сұрактары.

/. Балыңтарды цандай мацсаттарда тасымалдайды және оган қойылатын талаптар? 2. Балықтарды тасымалдауда су көлемін есептеу ңалай жургізіледі? 3. Оттегі мөлшерінесептеу әдісін айтыңыз. 4. Шабақтарды тасымалдау жолын сипаттаңыз.



  1. Әр түрлі балың шабақтарын тасымалдау әдістерін агтыңыз.

  2. Балықтарды тасымалдаудагы цолданылатын ыдыс пен көлік
    түрлерін сипаттаңыз.


10 ТАРАУ . СУДЫҢ САПАСЫН ЗЕРТТЕУ
Балықтар — алғашқы су жануарлары, бүкіл тіршілігі суда өтеді. Эволюция барысында оларда сапасы әркелкі суда тіршілік етуге мүмкіндік беретін, түрлі бейімдеушіліктер қалыптасқан. Су оларға қорегін және оттегін береді, ал зат алмасу өнімі қалдықтарын әкетеді. Сондықтан судың физико – химиялық қасиеті балық өсіру шаруашылықтары жұмысының эффективтілігін анықтайтын ортаның маңызды факторларының бірі болып табылады. Судың құрамында әртүрлі еріген заттар және қалқыған заттар болады, олардың мөлшері мен құрамы судың химиялық құрамын анықтайды.
Тақырып 1. Су көздерінің гидрохимиялық режимін анықтау әдістері

(судағы оттегінің мөлшері, судың-рН, тотығуы).

Сабақтың мақсаты. Сулардың гидрохимиялық режимдерін зерттеудің лабораториялық және далалық әдістерімен таныстыру. Газдық режим, қысқаша жалпы анализ және толық жалпы анализдік зерттеу әдістерін үйрету.

Анализдік үлгілерді жинау ерекшеліктерін, әртүрлі сараптамалар үшін алынатын үлгілердің мөлшерін, үлгілерді консервілеу жолдарын көрсету.

Судың физико- химиялық жағдайына қысқаша сипаттама беру.

Қажетті құралдар мен материалдар. Батометр, су термометрлері, судың мөлдірлігін анықтайтын құралдар, бөтелкелер, 100-160 мл қақпақты шыны құтылар, колбалар, Mn, CL2 , KOH, KI, H2SO4, HCL, гипосульфат Na.

Тапсырма . 1. Зерттелініп отырған үлгідегі О2 мөлшерін анықтаңыз. 2. Зерттелініп отырған үлгідегі СО2 мөлшерін анықтаңыз.. 3 рН мөлшерін анықтаңыз. Зерттеу барысы бойынша үлгідегі суға сипаттама беріңіз.
Сабақтың мазмұны және өткізілуі әдісі

Гидрохимиялық жұмыстың мөлшері зерттеу мақсатына байланысты болып келеді.

Белгілі зерттеу жасалатын суда гидрохимиялық жұмысты атқару жүйелі түрде жүргізледі.

Судан анализдік үлгі алғанда батометр қолданылады, яғни оның көмегімен судың әр қилы қабатынан ауамен арласпаған су үлгісін алуға болады. Осылай батометр көмегімен алынған суды химиялық анализге судағы еріген газдарды анықтауға қолдануға болады.

Алынған үлгілердің химиялық құрамын өзгерістен қорғау үшін оны консервлеу керек. Ондағы барлық ингредиентерге сай арнайы консервілеу әдісі болмағандықтан әртүрлі консерванттар қолданады көбнесе бір шөлмектің (0,5 л) қышқылдығын анықтағанда 1 мл H2O4 құйып және тағы бір шөлмекті (0,5 л) биогенді элементтерді анықтауға 1 мл тазаланған хлороформ қосып консервлейді.



Сурет 10.1 Батометр үлгілері
Батометр негізінен қақпағы бар іші қуыс цилиндр. Батометрді суға салғанда қақпағын ашады су оған еркін кіреді, берілген тереңдікке жеткенде қақпағын жабады.

Алынған су шыны ыдыстарға құйылады. Су үлгісі оттегін анықтауға бөлек, көмірқышқылына және рН бөлек, жалпы анализге бөлек алынады.

Гидрохимиялық анализді жүйелі түрде тіркеу қажет.

Үлгіні алған кезде айы- күнін, тоғанның немесе станцияның реттік белгісін, тереңдігін, температурасын, мөлдірлігін, шыны құтылар реті, үлгіні алған уақыттағы ауа райын жазып алады.

Гидрохимиялық режимді зерттеудің бірнеше әдістері бар.


  1. Газдық режимдік анализ құрамына - судың физикалық қасиеті ( су температурасы, мөлдірлігі, түсі), судағы еріген оттегі, көмір қышқыл газы, рН, күкіртті сутек мөлшерін анықтау кіреді.

Анализдік үлгілерді алу жиілігі сулардың категориясына, көлеміне қарай жүргізіледі. Өрістеу және жайылу тоғандарынан жұмыстың қызған уақытында күн сайын алады; қалыпты жағдайда 10 күнде бір рет, қыстық тоғандардан 5-7 күнде алады.

  1. Қысқаша жалпы анализ құрамына - жоғарыда айтылғандармен қатар, тотықтануын, сілтілігін, карбонаттық судың кермектілігі және темірді анықтау кіреді.

  2. Толық жалпы анализге жоғарыда айтылғандармен қатар, судың жалпы қаттылығын, фильтрленген және фильтрленбеген судың қышқылдану немесе тотықтануын, нитратты, нитритті, фосфорды, темір тотығы мен шала тотығын, сульфатты, кальций хлоридн және магниді анықтау кіреді, қосымша металлдар мен микроэлементтерді анықтауға болады.

Толық гидрохимиялық анализ өсіру және жайылу тоғандарында айына 1-2 рет, қыстық тоғандарда маусымына 2-3 рет жүргізіледі.

Судан анализдік үлгілерді алған кезде мына ережелерді есте ұстау керек: үлгілер судың жағдайына сәйкес болуы керек, үлгілерді жинау, оларды сақтау және тасымалдау оның құрамына және қасиетіне әсерін тигізбеуі керек; алынған үлгідегі судың құрамы анализ жүргізуге жеткілікті болуы керек газдық режимге- 0,5 л; қысқаша жалпы анализге-1л, ал толық жалпы анализге 1,5-2,0 л жеткілікті.

Үлгілерді жинау анализдің мақсатына қарай: үлкен сулардан үлгілер әртүрлі бөліктерінен және тереңдіктен алынады. Балық өсіру тоғандарында анализ алынатын тұрақты нүктелер болуы керек мысалға айтсақ өрістеу тоғанына 1, өсу тоғанында 2-4 нүкте жеткілікті. Онша терең емес суларда үлгілер судың бетіне және түбінен ( түбінен 0,2-0,5 м); тереңдеу сулардан:-0,5; 2; 5; 10; 20 м тереңдіктен алынады.

Жаз кезінде газдық режим үшін су үлгілерін таңертең алған жөн, ал тәуліктік ауытқуын білу үшін әрбір 1-3 сағатта алынады.



Судағы еріген оттегін анықтау. Судағы оттегінің болуы су мекендеушілерінің басым көпшілігі үшін ең маңызды жағдай, организмдердің оттегін пайдалануы түріне байланысты әркелкі болады. Албырттардың қалыпты тіршілік етуіне 8-11мг/л, тұқыларға 5-8 мг/л О2 қажет. Бұдан төмендесе тұқылар тынышсызданып, қоректі қабылдауы төмендейді, ал 1,2- 0,6мг/л О2 концентрациясында олардың тіршілігіне қауіп төнеді.

Суды оттегімен байытатын факторлар: атмосфералық оттегімен өсімдіктер фотосинтезінің процесі.

Судағы оттегі мөлшері Винклер әдісі бойынша анықталады. Ол негізінен марганец гидраты тотықтырғышының сілтілік ортада судағы еріген оттегімен әсерлесуіне және марганец гидраты тотығы тұнбасын түзуіне негізделген, оған қышқыл қосқаннан кейін тұнба ериді де суды қоңыр түске бояйтын иод түзіледі. Түзілген иодты гипосульфат ерітіндісімен титрлейді де, жұмсалған гипосульфатқа көлеміне қарап О2 мөлшерін анықтайды.

О2 анықтауға батометрмен алынған су үлгісін тығыны ысылған (притертый) шыны құтыға құяды да О2 фиксациялайды, ол үшін 100 мл көлемді шыны құтыға 2 мл МnС12 ертіндісін және 2 мл NаОН + Кl ерітіндісін құяды. Бұдан кейін шыны құты тығынын жауып, ішіндегі затын мұқиат араластырады. Түзілген тұнбаға 5 мл Н2S04 немесе НСl қосып тағыда араластырады. Тұнба толық ерігенше тосады, одан кейін суды 200-250 мл конус тәрізді колбаға құйып 0,01Н немес 0,02Н гипосульфат ерітіндісімен сәл сарғыш түске дейін титрлейді. Осыдан кейін су үлгісіне 1 мл крахмал қосады ол көк түске боялады, оны мөлдір түске дейін титрлейді.

Титрлеуге кеткен барлық гипосульфат мөлшерін есептейді.

Төмендегі формула бойынша есептейді. :


Х=PKN*8*1000

V-V1

мұндағы Р- титрлеуге кеткен 0,01Н гипосульфат ертіндісі мөлшері, мл; К — гипосульфатты қалыптыға дейін әкелетін түзету;

N – гипосульфит ерітіндісің қалыптылығы;

V – үлгі көлемі, мл;

V1 — қосылған реактивтер көлемі, мл;

8 — О2-ге есептелген коэффициент (1мл 0,01гипосульфат еітіндісі 0,08 мл О2 сәйкес).

Су көзінің оттегілік режимін талқылауда оттегінің абсолюттік мөлшерін ғана емес, оның алынып отырған температурадағы қалыпты мөлшерімен салыстырғандағы қанығу процентін білу маңызды.

Оттегінің салыстырмалы мөлшері бойынша судағы тотығу процесін талқылауға болады.

Көмір қышқылын анықтау. Көмір қышқылы суда бос және иондар түірінде кездеседі. Көмір қышқыл газы суға атмосферадан өтеді, табиғи судағы оның негізгі көзі биохимиялық процестер: органикалық қалдықтардың тотығуы, сол сияқты су организмдерінің тыныс алуы. Суға түскен көмір қышқылы газы сумен байланысып көмір қышқылын түзеді.

СО2 + Н2О =Н2СО3

Судағы бұл қышқыл кальций карбонатының жақсы еритін қасиеті бар гидрокорбанатқа өтуін жүзеге асырады: СаСО3 + Н2СО3 = Са(НСО3)2

Көмір қышқыл тұзының еруі нәтижесінде су карбонат және бикорбонат ионымен қанығады.

Бос күйіндегі көмір қышқылы газы өсімдіктердің қоректік көзі болып табылады, олар өздерінің клеткалары мен ткандерін түзу үшін көміртегін пайдаланады. Бос күйіндегі көмір қышқылының жоғарғы концентрациясы балықтардың физиологиялық жағдайына теріс әсер етеді. Албырттар үшін қауіпті көрсеткіш: 120 - 140 мг/л, өсімдік қоректі балықтар шабақтарына 200 және ірі өсімдік қоректілер үшін 280 – 300 мг/л, тұқыларға 200 мг/л жоғары. Қолдағы бар нормативке сәйкес бос күйіндегі көмір қышқылы балық тоғандарында жазда 20 мг/л, ал қыста 40 мг/л аспауы керек.

Бос күйіндегі көмір қышқылын анықтау-суға қосылған сілті бос күйіндегі көмір қышқылын байланыстырады. Титрлеудің соңғы этаптарында көлемі 150 – 200 мл қақпағы ысылған склянкаға бірдей екі үлгі оттегіне жиналғандай еппен алынады. Судың құрамындағы көмір қышқылының мөлшерін сақтау кезінде ауамен жанасудан, температураның өзгеруінен, организмдердің тіршілік әрекетінің т.б. әсерінен өзгереді. Сондықтан мүмкіндігінше алған жерде немесе зертханаға келісімен бірден анықтау қажет. Алдымен артық суды 150 – 200 мл дейін келтіріп сорып алады. 0,1 мл мөлшерлік бөлікті пипеткамен шыны құтыға фенолфталиннің 1% спирттік ерітіндісін қосады да, сосын ішіндегісін айналдыра қозғап араластырады. Алынған ертінді түссіз болып қалады (егер СО2 болса), немесе қызғылт түске (көмір қышқылы карбонаты болса) боялады. Бірінші жағдайда судағы бос күйіндегі көмірқышқылы анықталады. Үлгіні сілті ертіндісімен (0,02н. NaOH немесе Na2CO3) бастапқыда жоғалып бара жатқан түсі тұрақталып және сұйықтық қызғылт түс алғанша титрлейді. Түсінің қанықтылығына байланысты титрлеу аяқталды деп санауға болады, дәл сондай көлемді колбадағы минеральдық стандартпен анықтайды. Егер 5 минут барысында қызғылт түс өзгермесе , кеткен сілтінің мөлшерін есептейді және барлық анықтауды қайталайды. Бұл кезде шыны құтыға бірінші титрлеуге кеткен дәл сондай мөлшер сілті қосады. Үлгіні стандарттық қызғылт түске дейін титрлейді. Екінші титрлеуге кеткен сілті мөлшері алынып отырған су мөлшеріндегі СО2 - ге эквивалентті.

Бос күйіндегі көмір қышқылы концентрациясын есептеуді (мг/л) келесі формула бойынша жүргізеді:

СО2 = (П х К х 0,88 х 1000) : О;

мұндағы П - титрлеуге кеткен 0,02н. NaOH ертіндісі мөлшері;

К - 0,02н. сілтіге түзету;

0,88 – коээфициент (егер 0,1н. сілтіні қолданғанда, ол 4,4 тең);

О – зерттеуге алынған үлгі көлемі



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет