Асылбекова, Г. Балабиева балық шаруашылығЫ



жүктеу 2.93 Mb.
бет13/15
Дата07.03.2018
өлшемі2.93 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Бақылау сұрақтары:

1 Судың гидрохимиялық режимін зерттеу қалай жүргізіледі ?

2. Судың газдық анализіне не жатады ?

3. Судың қысқаша жалпы анализіне не жатады ?

4. Судың толық жалпы анализіне не жатады ?

5. Су үлгілерін жинауға қойылатын талаптар қандай?


Тоған балық шаруашылығын ұйымдастыру
Тоған балық шаруашылығы бір тұтас гидротехникалық құрылғылар жүйесінен тұрады. Сумен қамтамасыз етілуі әр түрлі су көздерінен: өзендер, көлдер, суқоймалар, каналдар, бұлақтар және жер асты сулары. Тоғандарға су еркін ағып келуі және оның сапасы балық өсіру талаптарына сай болуы керек. Кейбір жағдайларда судың келуі насостар арқылы атқарылуы мүмкін.
Тоған шаруашылығындағы негізгі гидротехникалық құрылғылар
Сабақтың мақсаты. Тұқы тоған шаруашылығындағы гидротехникалық құрылғылар мен олардың атқаратын қызметімен танысу.

Құралдар мен материалдар. Макеттер, плакаттар, сызба нұсқалар, кестелер, суреттер, фотосуреттер; тәжірибелік тоған шаруашылығындағы гидротехникалық құрылғылар

Тапсырма. 1. Тоған шаруашылығы гидротехникалық құралдарының құрылысы және атқаратын қызметін талдап жұмыс дәптеріне үлгісін сызып алу. Тәжірибелік тоған шаруашылығындағы гидротехникалық құрылғылармен танысу (экскурсия).
Сабақтың мазмұны және өткізілу әдісі

Тоған балық шаруашылығындағы негізгі гидротехникалық құрылғыларға жататындар:



Плотина – ағып жатқан судың жолына басты тоған жасау үшін көлденеңінен салынатын құрылыс. Плотинаны әртүрлі құрылыс материалдарынан салады: топырақ, тас, ағаш, бетон, темірбетон және болат. Ең кең тараған арзан және қарапайым жерден жасалған плотина. Жерден жасалған плотина: судың 10 м қысымына есептелсе төмен қысымды плотина; 10-нан 25 м -орташа қысымды; 25 м -жоғарғы қысымды деп аталады.

Жер плотинасы келесі негізгі элементтерге ажыратылады: плотинаның астыңғы бөлігі табаны, плотинаның үстіңгі жиегі қыры, табаны мен қыры арасындағы биіктік аралық плотина биіктігі, бүйір жақтарының шектелуі көлбеулігі, көлбеулігінің жазықтыққа проекциясы –табанына көлбеулігі деп аталды.



Сутөткіш арық - жауын-шашыннан және су көзінен келген артық суды төгуге арналып бас тоған жағына орналастырады.

Су қақпасы - магистральді каналдың басқы бөлігінде орналастырылады. Ол негізінен шлюз-реттегішпен жабдықталған, сумен қамтамасыз етілуі механикалық болса- насосты станцияны білдіреді.

Магистральді каналдар - су көзінен суды тұтынатын жерге дейін әкелетін құрылғылар. Оларды жерден жасайды кейде, трубалармен алмастырады.

Су жіберетін каналдар - жерден жасалған тоғандарға су беретін арықтар. Кейде ағаш астаулармен немесе трубалармен алмастырады.

Дамбалар немесе шағын бөгеттер- тоғандардың жағалауын қалыптастыру үшін және араларын бөлу үшін жасалады. Оларды топырақты үйіп жасайды. Олар сыртқы пішінін қалыптастырғыш (контурлық) және бөлгіш болып екіге бөлінеді.

Су жинағыш тараптар - тоғанның түбіндегі каналдар жүйесі, тоғандарды судан тазартып олардың түбін кептіруге арналған.

Су түбілік су ағызғыштар (монахи)- бұл ағаш, темірбетондық немесе металдық құрылғылар, судың толық ағып кетуін қамтамасыз ететін немесе тоған суының горизонтын реттеуге арналған. Суағызғыштар плотина немесе дамбының ең аласа жерлері түбінде орналастырылады.

Аэроторлар - судың газдық режимін жақсартуға арналған құрал. Ол арқылы су шашырап, ауамен араласып оттегімен қанығады. Жоғарыда айтылғандардан басқа, негізгілерінің жұмысын қамтамасыз ететін қосымша гидротехникалық құрылғылар бар. Магистральді каналдардың биіктігін жою үшін сарқырамалар, тезақтырғыштар; табиғи және жасанды жағдайлар үшін –дюкерлер, акведуктар және көпірлер; фильтірленген суларды әкететін-дренаждар орналастырады.
Бақылау сұрақтары.

1. Негізгі гидротехникалық құрылғыларға нелер жатады?

2. Плотина мен бөгеттердің маңызы қандай ?

3. Аэроторлар не үшін қажет ?


Тоған шаруашылықтарының типтері, әр түрлі категориялы тоғандардың орналасуы
Сабақтың мақсаты. Әртүрлі типтегі тоған шаруашылықтарымен танысу. Жеке категориялары тоған құрылғыларының, орналасуын және атқаратын міндетін зерттеу. Тоғандардың жекелеген категорияларының аудандарын және пайыздық қатынастарын берілген үлгі бойынша есептеп жоспарлауды меңгеру.

Құралдар мен материалдар. Макеттер, плакаттар, сызба нұсқалар, кестелер, суреттер, фотосуреттер; тәжірибелік тоған шаруашылығы

Тапсырма.1. Интенсивті толық жүйелі тоған шаруашылығының сызбасын жұмыс дәптеріне сызу. 2. Тоғандардың жекелеген категорияларына сипаттама беру. 3. Жеке тапсырмалар бойынша тоғандардың жекелеген категорияларының аудандарын және пайыздық қатынастарын берілген үлгі бойынша есептеу:

1) шаруашылықтың алынған қуаттылығы бойынша;

2) сумен қамтамасыз ететін су көзі қуаттылығы бойынша;

3) пайдалануға берілген жер көлемі және балық өсіру нормативі бойынша.


Сабақтың мазмұны және өткізілу әдісі

Тоған шаруашылықтары өсірілетін балықтардың тіршілік ортасы жағдайын қамтамасыз ететін тоғандар жүйесінен тұрады.

Қазіргі заманғы тоған шаруашылықтарын екі типке бөледі. Жылы және суық сулық. Бұлай бөлудің негізі балықтардың биологиялық ерекшеліктеріне, қоршаған орта жағдайы мен температураға, гидрохимиялық режимге және басқа факторларға байланысты.

Жылы сулық шаруашылықтарда негізгі нысандар ретінде: тұқы, ақ және шұбар дөңмаңдай, ақ және қара амур, күміс мөңке, шортан, көксерке, буффало, бестер өсіріледі.

Суық сулық шаруашылықтарда: құбылмалы бақтах, пелядь, ряпушка өсіріледі.

Ұйымдастырылуы және жұмыстың аяқталу барысына байланысты балық өсіруде келесі шаруашылық түрлері ажыратылады:

1. Толық жүйелі тоған шаруашылығы – балық өсіруді уылдырықтан бастап тауарлық өнімге дейін жеткізу.

2. Балықпитомниктік шаруашылықтар- балық өсіретін бастапқы заттар алу-уылдырық, дернәсілдер, шабақтар, жарты жылдық, бір жылдықтар, ал үш жылдық айналымда екі жылдық тұқы алады.





Сурет 10.2 – Тұқы тоған шаруашылығының жалпы кескіні (Привезенцевтен алынған)

1-карантиндік тоғандар; 2-су беретін канал; 3-өрістеу тоғандары; 4-өсіру тоғандары; 5- семірту тоғандары; 6-су төгетін каналдар; 7- су жинағыш қондырғы; 8- қорған бөгет (дамба); 9-жауын-шашын суын жіберетін арық; 10- тұқымдық тоғандар; 11- қыстау тоғандары; 12- шарбақтар; 13- шаруашылықтық орталық.
3. Жайылымдық шаруашылықтары.

Балық шаруашылықтары топыраққа, климатқа және алынған технологияға байланысты 1, 2, 3 айналыммен жұмыс істейді.

1-2 жылдықта бірінші жылы балық өсіру затын алады, салмағы 20-30 г - жарты жылдық, келесі жылы - тауарлық балық алады.

Балық шаруашылық тоғандар өзінің атқаратын қызыметіне қарай 4 топқа бөлінеді: сумен қамтамасыз ететін -басты тоған –жылыту тоғаны- тұндыру тоғаны- өндірістік.



Басты тоған -жүйеге су беретін, су жинайтын тоған, оның орналасу деңгейі басқалардан жоғары болуы керек.

Жылыту тоғаны -суды жылытуға арналған.

Тұндыру тоғаны-суды тұндыруға арналған.

Өндірістік тоған-уылдырық шашу, шабақтық, өсіру, қыстық, семірту, тұқымдық, карантинік, шарбақтық тоғандардан тұрады.

Уылдырық шашу тоғаны –балықтардың көбеюіне арналған уылдырықты шашатын субстраттар, майда жұмсақ шөбтер немесе жасанды шөптер. Басқа мақсатқа бұл тоғанды қолдануға болмайды (эпизоотий болмас үшін).

Шабақтық- шабақ өсіруге арналған, бұнда оларды өсіру 15-18 кейде 40 тәулікке жетеді. Қоректік қоры жоғары болу үшін тоғанның түбін жыртады және органикалық тыңайтқыш себеді.

Өсіру тоғандары- жарты жылдықтарды вегетациялық маусым аяғына дейінгі өсіруге арналған.

Қыстық тоғандар - балықтарды қыстатуға арналған. Бұл тоғандардың тереңдігі орналасу аймағына байланысты. Бұл тоғандарға қойылатын талап оттектік жағдайды үнемі қамтамасыз ету. Суда оттегі жоғары, тотығуы төмен, өндірістік және тұрмыстық қалдықтардан таза су болуы керек.

Семірту тоғандары – тауарлық балықтарды жетілдіруге арналған. Бұлардың көлемі жергілікті релефке сай, мақсатқа сай ыңғайланып жасалынады, көлемі 50-150га, балық шаруашылығындағы тәжірибе көрсеткендей, бұндай тоғандарда күту, әртүрлі қарқындату жұмыстарын жүргізуге ыңғайлы.

Тұқымдық балықтар тоғандары - жазда және қыста тұқымдық (аналық және аталық) және жас толықтырғыш балықтарды жетілдіруге арналған. Осы тоғанның орналасуына, құрылысына аса көңіл бөлген дұрыс, көлемі тұқымдықтар санына байланысты.

Карантиндік тоғандар- басқа тоғандардан 20 м қашықтықта орналастырылады. Бұнда басқа шаруашылықтан әкелінген балықтарды уақытша ұстайды, оларды суды дизенфекцияланғаннан кейін ғана жібереді.

Шарбақтық тоған (қосалқы) –күзде тауарлық, көктемде бір жылдықтарды және гипофизарлық инъекциядан кейін балақтарды ұстауға арналған.

Тоғандар инкубациялық цехқа таяу және ақпалығы жоғары, қажет болғанда су тез ағып кететін болуы тиіс.


Әртүрлі дәрежедегі тоғандар ауданының өзара қатынасы
Шаруашылықтағы әр түрлі дәрежедегі тоғандар белгілі бір көлемдік қатынаста болуы керек, шаруашылықтың жақсы жұмыс істеуі осы жағдайларға байланысты. Бұл қатынастар жеткілікті түрде шартты және шаруашылықтың қарқындылығы деңгейіне, балық өсіру нормативтеріне байланысты. Мысалы, экстенсивті толық жүйелі екі жылдық айналымды шаруашылықтағы тоғандардың пайыздық (%) қатынасы мынадай болуы мүмкін: өрістеу - 0,5 - 0,1%, өсіу - 6%, семірту - 93 - 94% және қыстық - 0,2, %.

Интенсивті балық өсіруде тоғандар ауданы қатынасы өзгеше реттеуді қажет етеді. Мысалы, Рессейдің ең бір үздік тоған шаруашылығында тоғандар (%) қатынасы келесідей: өрістеу - 0,5, өсу - 14,3, семірту - 78,3 және қыстық - 1,8,. Ал келесі бір шаруашылықта: өрістеу - 0,2, өсу - 14,8, семірту - 82 және қыстау - 1,5.

Тұқымдық, карантиндік, шарбақтық тоғандардың ауданы басқа категориядағы тоғандар аудандарына қатынассыз жоспарланады. Өсіру тоғанының ауданына шаққанда жаздық аналық тоғандар шамамен 1-3%, карантиндік - оқшаулау тоғандардікі -1% - дей болады. Шарбақтардың ауданы шаруашылықтың қуатына тауарлық балықтарды саутуға өткізуі мерзіміне байланысты.

Жекелеген дәрежедегі тоғандар ауданын балық өсіру - биологиялық нормативтері бойынша есептейді. Есептеуде негізінде шаруашылықтың немесе сумен қамтамасыз ету көзінің қуаттылығы, не жарамды жердің ауданы ескеріледі.

Тапсырылған өлшемдерге байланысты есептеу жолдарын келтіреміз.

Есеп 1. 200 тонна тауарлық балық өсіру жоспарланған шаруашылықтағы тоғанның жалпы және жекелеген дәрежелері бойынша көлемін есептеу қажет.
Шаруашылықта келесі технологиялық норма қабылданған:


Балық өнімділік, кг/га.




Семірту тоғандары

1200

Өсіру тоғандары

1000

Алынатын балық:




Бір ұядан алынатын шабақ, мың дана

70

Осы жылдықтар, %

65

Бір жылдықтар, %

75

Екі жылдықтар, %

80

Осы жылдықтардың орташа салмағы, г

25

Осы жылдықтардың қыстау кезінде жоғалтқан салмағы, %

12

Екі жылдықтардың орташа салмағы, г

500

Бір ұяның уылдырық шашу алаңы, га

0,05

Осы жылдықтарды қыстауға отырғызу тығыздығы, мың дана

500

Жеке дәрежелі тоғандар ауданын анықтау үшін, әр өсу сатылары бойынша жеке-жеке балықтардың санын есептеу қажет:

1. екі жылдықтар саны----------------200 000 кг : 0,5кг = 400 000 дана

2. бір жылдықтар саны-----------------(400000 х 100) : 80 = 500 000 дана

3. осы жылдықтар саны----------------(500000 х 100) : 75 = 666 667 дана

4. шабақтар саны------------------------(666667 х 100) : 65 = 1 025642дана


Осы қажетті мөлшердегі шабақтарды алу үшін:

1 025642 дана : 70000 дана = 15 дана (аналық).

Қажетті балықтар санын біле отырып тоғандардың көлемін есептеп шығаруға болады. Мысалы, тұқымдықтардың бір ұясы - бұл бір аналық екі аталықтан тұрады, оған 0,05 га өрістеу алаңы қажет.

Онда:


Өрістеу тоғаны. 20 аналықты 1 га немесе 0,05 гектарға 1 аналық отырғызу нормасы бойынша, қажетті өрістеу тоғанына - 0,05 х 15 = 0,75 га алаң керек, ал егер 10% қосалқы көлем ескерсек онда – 0,85 га болады.

Өсіру тоғаны. Бір осыжылдықтың салмағы 25 г және өсіру тоғанының балық өнімділігі – 1000 кг/га болса, ал 666667дана осыжылдықтарды өсіру үшін қажетті алаң –

666667 х 0,025 :1000 = 17 га.



Қыстау тоғаны: 1 гектарға 500 мың бас нормасы бойынша, 666667 дана осы жылдықтарды қыстату үшін қажетті тоған алаңы – 666 667 : 500 000 = 1,4 га

Семірту тоғаны. Екіжылдықтардың бір басының салмағы 475 г (қыстау барысында 12% немесе 3 г салмақ жоғалты десек, бір бастың өсу салмағы 500 г – 25 г = 475 г.) және семірту тоғанының балық өніміділігі 1200 кг/га болғанда 400 000 мың бас екіжылдықтарды семірту алаңы – (400 000 х 0,475) : 1200 = 158,3 га болады.

Міне осыдан, өндірістік тоғандардың ауданы және олардың ара қатынасы анықталады:

Өрістеу-------------------------------------------------0,85 га немесе 0,5 %

Өсіру------------------------------------------------------17 га немесе 9,6 %

Қыстау--------------------------------------------------1,3 га немесе 0,7 %

Семірту -------------------------------------------------158,3 га немесе 89,2%

Барлығы-------------------------------------------------177,5 га немесе 100%

Есептеу 2. Егер су көзі факторы шектеуші болып табылса, онда алдымен қыстау тоғанының мүмкіншілігін формула бойынша анықтап алады:
=
мұндағы, П - анықтап отырған қыстау тоғаны ауданы, га; Д - су көзіндегі қыстық шығын, л/с; С - тоған суының толық алмасу уақыты, тәулік; Н - қыстау тоғанының қатпайтын бөлігі тереңдігі, м; 1000 - 1 м3 судың литрлік мөлшері; 10000- 1 га судың м2 мөлшері; 86400 - тәуліктегі секунд саны.

Осы алынып отырған су көзінің сумен қамтамасыз етуінің тәуліктік қуаттылығы 40 л/с, су алмасуы 12 тәулік және Н = 1,5 м болса, онда қыстау тоғанының ауданы



=
Қыстау тоғанының ауданын біле отырып, басқа тоғандардың ауданын табуға болады.

Ескерту: пайыздық қатынастарын кестеден немесе №1 есептен алуға болады.

Есептеу 3. Егер жарамды жер мөлшері 550 га құраса тоғанның мөлшерін анықтап алу қажет.

Технологиялық жобалау нормасын 1 еспетеуден аламыз.

Бұл жағдайда, жеке тоғандардың ауданын есептеу үшін, біз бір тоғанның ауданын бірлік ретінде аламыз. Қыстық тоғанымыз ауданы 1 га деп алсақ, онда

Өсіру тоғанының ауданы: (500 000 х 0,025) : 1000 = 12,5 га

Семірту тоғанының ауданы : (500000 х 75) : 100=375 000 мың бір жылдықтар
375 000 х 80 х 0,475 : 1200 : 100 = 119 га
Өрістеу тоғанының ауданы (500 000 х 100 : 65 = 769231 дана дернәсіл)
769231 : 70000 = 11 ұя = 0,5 га
Есептеу бойынша жалпы тоған алаңы:
1 га+12,5га+119га+0,5 га=133 га
Алынған жер көлемінің бір бөлігі 4-5% келесі тоғандар категорияларына (карантиндік, тұқымдық және шарбақтар) бөлінуін есепке алсақ , өндірістік тоғандарға тек 500 га жұмсалуы мүмкін. Бұл жағдайда алынған 550 га алаң, есептелген 133 га алаңнан (550:133) 4,1 рет артық. Онда шаруашылықтағы тоғанның шын мәніндегі ауданы: өрістеу 0,5 х 4,1 = 2,1 га, өсу тоғаны 12,5 х 4,1 = 51,3 га, қыстау 1 х 4,1 = 4,1 га. Барлығы: 2,1 + 51,3 + 4,1 = 57,5 га, онда семірту тоғаны- 119 х 4,1 =489 га құрайды [5,6,7, 8].
Бақылау сұрақтары:

1. Балық өсіру шаруашылықтарының типтері мен жүйелері қандай болады?

2. Балық өсіру тоғандары дәрежелерін атаңыз және олардың орналасуы мен міндетін айтыңыз?

3. Жеке дәрежелі тоғандардың ауданын қалай есептейді?

4. Тоған шаруашылығында суды тұтынуды қандай жолмен есептейді?

БАЛЫҚТАРДЫҢ ҚОҢДЫЛЫҚ КОЭФФИЦИЕНТІ, БАССЕЙІНДЕГІ НЕМЕСЕ ТОҒАНДАҒЫ СУ АЛМАСУЫ УАҚЫТЫ ЖӘНЕ ОСЫЖЫЛДЫҚТАРДЫ АҒЫНСЫЗ ТОҒАНҒА ҚЫСТАУҒА ОТЫРҒЫЗУ ТЫҒЫЗДЫҒЫН ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕРІ
Тұқы осыжылдықтарының қысқа төзімділігі олардың организмі қоңдылығына байланысты. Оның мөлшері жоғары (белгілі бір деңгейгі) болған сайын, ол қысты жақсы өткереді. Міне сондықтан, қыстауды болжау үшін балық денесіне химиялық анализ жүргізу керек. Бірақта ол барлық шаруашылықтарда мүмкін емес.

Балықтардың қысқа төзімділігін зерттеудің бір жеңіл және қарапайым әдісі ол олардың қоңдылық коэффициентін есептеп шығару (Кқ).

Ол формула бойынша саналып шығарылады:

мұндағы Р- балық салмағы,г

l3-дене тұрқы ұзындығы, см

Организмнің тіршілік әрекетін ұстап тұру үшін қыстау барысында осы жылдықтар 1 сағатта 1 кг салмаққа шаққанда 10 нан 20 г оттегін пайдаланды. Отырғызылу тығыздығы жоғары болғанда (1 м210 мың басқа) оттегі бір ғана сағатқа жетеді. Сондықтан қалыпты оттегімен қамтамасыз ету үшін, бассейнде судың ағысын туғызады. Судың толық алмасуы процессін төмендегі формула бойынша анықтауға болады:


мұндағы,

Т - су алмасу кезеңі, сағ.;

V - бассейн сыйымдылығы, л;

У - келген су құрамындағы еріген оттегі мөлшері, мг/л;

П - судағы оттегінің балықтар үшін мөлшері, мг/л (тұқы осыжылдықтары үшін 3,0 мг/л);

Б - оттегіні тұтынуының биологиялық мөлшері, яғни оны пайдаланудың 1 сағаттағы әр түрлі заттарды тотықтыруға кеткен су құрамындағы мөлшері, мг/л; 1сағ.

Р - барлық балық салмағы, кг;

К - бір кг балыққа шаққандағы, судың берілген температурадағы оттегін тұтынуы (тұқы осыжылдығының оттегін 1 сағаттағы тұтынуы мөлшері 10С - 11мг/кг; 40С - 15; 5-60С -20 тең).
Мысалы

Бассейіндегі судың мөлшері (V)- 18000л, ал температурасы -10С келіп жатқан судағы оттегі мөлшері (У) -13,5 мг/л. Бассейнге орташа салмағы 25 г, жалпы салмағы (Р) -1250 кг 70 мың бас тұқы осыжылдықтары отырғызылған. Берілген температурадағы 1 кг балық салмағына шаққандағы, 1 сағатта тұтынылатын оттегі (К) мөлшері 11 мг тең болады. Оттегін биологиялық тұтынуы 1 сағатта -0,5 мг/л.

Жоғарыда берілген формулаға мәндерін қойып бассейндегі судың толық алмасуы уақытын табамыз:

Т=13 сағ

Бұдан, судың оттегі мөлшерін қалыпты деңгейде ұстап тұру үшін басейндегі суды 13 сағатта толық алмастыруға болады.

Ағынсыз тоғандардағы суға оттегінің араласуы мұз жабқаннан бастап тоқтайды. Мұндай тоғандарды балықтарды қыстатуға қолданғанда, судағы оттегі мөлшері бүкіл қыстау мерзіміне жету үшін қажетті отырғызу тығыздығын есептеу қажет.

Осы тоғанға отырғызылатын осыжылдықтар санын формула арқылы есептеп шығарады:

мұндағы, Г –тоғанның ауданы, дм2;

Н-судың орташа тереңдігі, дм;

У- қыстың басындағы судағы оттегі мөлшері, мг/л;

П-тұқы осы жылдықтарының судағы оттегіне қажеттілігі, мг/л (тұқылар үшін 3 мг/л тең);

Т- қыстау уақыты, сағ.

К- 1 кг балық салмағына шаққандағы 1 сағат ішінде тұтынылатын оттегі мөлшері, мг/л;

Р- балықтың орташа салмағы, кг


Мысалы

Бір жылдық семірту шаруашылығы күзде 150 мың бас тұқының осыжылдықтарын орташа салмағы 22 г сатып алды. Осы отырғызу материалын қыстатуға қажетті тоғанның ауданын есептеу шығару қажет. Шаруашылықта бірнеше жайылу тоғандары бар, олардың орташа тереңдігі-1,5 м. Тоған суы түбінің температурасы орта есппен 40С. Осындай температурада осыжылдықтар тыныс алуына сағат сайын 1 кг салмағына 15 мг оттегін жұмсайды.

Тоғандардың бетін қарашаның сонынан бастап мұз басады. Мұз басар алдында судағы оттегі мөлшері-12 мг/л. Қыстау уақытын тоғандарға балық жібергеннен бастап емес, оның бетін мұз басқаннан ерігенге дейінгі аралықты есептейді, себебі оғанға дейінгі немесе одан кейінгі аралықта судың табиғи араласу нәтижесінде су ауадан оттегін алып отырады. Соған сәйкес, балықтардың тынысалуға тоғандағы оттегін тұтынатын кезеңінің ұзақтығы 141 күнге тең (10 қарашадан 1 сәуірге дейін).

Осы берілгендерді пайдалана отырып жоғарыда көрсетілген осыжылдықтарға қажетті тоған көлемін есептеп шығарамыз:



=м2 немесе 1,24га

Міне сөйтіп, 150 мың тұқы осыжылдықтарын қалыпты қыстауын өткеру үшін ағынсыз 1,24 га тоған қажет.


Бақылау сұрақтары.

1. Қыстату нәтижесі қандай биотикалық және абиотикалық факторларға байланысты ?

2. Қыстату тоғанының тереңдігі қандай мөлшерде болуы керек және оның себебін түсіндіріңіз ?

3. Балықтардың қоңдылығын қалай есептейді және оның маңызы қандай ?

4. Қыстау барысында қыстық тоғандарда балықтар жай күйіне байланысты қандай шаралар жүргізіледі және оның мақсаты ?

5. Қыстату тоғаны болмағанда қыстық тоған ретінде қолданылатын тоғандар және оның тиімділігі қандай ?


Тірі балықтарды және уылдырықтарды тасымалдау
Сабақтың мақсаты. Тірі балықтар мен уылдырықтарды тасымалдау әдістері, балықтарды тасымалдаудағы әр түрлі есептеулермен таныстыру.

Қажетті құралдар мен материалдар. Суреттер, кестелер, «Балық -өсіру нормативтері» бойынша анықтама әдебиеттер, полиэтилен пакеттер, изометриялық жәшіктер мен контейнерлер, есептегіш машинкалар.

Тапсырма. 1. Берілген тексті мұқият оқып шығып қажетті нормативтерді жұмыс дәптеріне жазып алу. 2. Суреттегі балық тасымалдайтын ыдыстардың схемалық суретін дәптерге салу. 3. Уылдырық және тірі балықты тасымалдауға берілген есепті шешеу.
Сабақтың қысқаша мазмұны мен өткізілу әдісі

Тірі балықтар мен уылдырықтар шаруашылық ішінде және сол сияқты бір шаруашылықтан келесісіне тасымалданады.

Шаруашлықтың өз ішінде балықтарды өрістеу тоғанынан семірту тоғандарына, өсіруден қыстауға, ал қыстаудан әр түрлі жаздық тоғандарға тасымалдайды. Шаруашылық аралық өсіру және жерсіндіру орындарына шәуетті, ұрықтанған уылдырықты, дернәсілді, шабақты және ересек, тұқымдық балықтарды тасымалдау және тауарлық балықтарды сатылу орындарына жеткізу жүзеге асырылады.

Балықтарды суда сол сияқты сусыз тасымалдайды. Кең тарағаны суда тасымалдау. Тасымалдау уақыты мен жол ұзақтығы және балықты отырғызу тығыздығы температураға және оның құрамындағы оттегі мөлшеріне байланысты. Жаздың күні жылу сүйгіш балықтарды 10-120С, ал салқын сүйгіш балықтарды -5-80С, күзде-көктемде тиісті 4-60С және 3...50С температурада тасымалдайды.

Жасына және балықтың түріне қарай бір уақыт арасында салмақ бірлігіне шаққандағы қажет етілетін әртүрлі оттегі мөлшері кестеде көрсетілген. Сондықтан тірі балықтарды тасымалдау кезіндегі маңызды фактор балық салмағы мен су көлемі арасындағы қатынас.

1 - кесте Балықтардың әр түрлі температура жағдайындағы отегін тұтынуы (мг/кг 1сағ. тірі салмағы, Ю.И. Орловтың 1971 мәліметі бойынша)




Балықтар

Су температурасы, 0С

5

10

15

20

25

Кәдімгі дөңмаңдай

27

60

89

151

199

Шұбар дөңмаңдай

26

60

81

132

185

Тұқы

20

65

107

-

148

Мөңке

33

-

50

-

100

Ақ амур

25

57

79

130

179

А. И. Исаевтың белгілі қашықтыққа өз еркімен аэрацияланатын ыдыста тасымалдау қатынасы есептеулері 2–ші кестеде көрсетілген.


Кесте 2 – Балықтарды тасымалдаудағы қажетті су мөлшері (л)

Тасымалдау ұзақтығы, сағ.



Тұқы

Дөңмаңдай

Мөңке

Шортан

Сүйрік

Оңғақ

Бақтах

Сеголеткалар немесе

Осыжылдықтар, бір жылдықтар



Екіжылдықтар және ерсектер

Сеголеткалар және

бір жылдықтар



Екіжылдықтаржәне

ерсектер


2 дейін

5

3

7

3

2

4

6

7

8

3-4

6

4

8

4

3

5

7

8

9

5-6

7

5

9

3

4

6

8

9

10

7-8

8

6

11

6

5

7

10

11

12

9-10

10

7

14

7

5

9

12

14

15

11-15

13

10

17

10

8

12

15

17

18

16-20

15

12

21

12

10

14

18

21

23

21-24

20

15

26

15

12

18

23

26

28

24 жоғары

25

20

32

20

15

23

28

32

35

Осы жұмыстардың бәрінде әр түрлі транспорт қолданылады, тасымалданатындардың тіршілігін қамтамасыз ететін арнайы ветеринариялық бақылау мен рұқсат қажет.

Балық тасымалданатын ыдыстар міндетті түрде 10-20% хлорлы әк ерітіндісімен залалсыздандырылады, соңынан сумен жуылады. Балықты отырғызар алдында оларды 4% еріген тұз ерітіндісіне шомылдырып паразиттерден тазалайды.

Егер шаруашылықта немесе суда ауру түрі кездессе, онда оны тасымалдауға тиім салынады.



Балықтар шәуетін тасымалдау - өндіргіштерден алынған шәуетті диаметрі 0,7-0,8 см, ұзындығы 4-5 см пробиркада сақтайды және сонымен тасымалдайды. Пробиркаларды алдынала дистеллденген суда қайнатып, кейін оны кептіріп ағаш тығынмен аузын бекітеді /резинка тығын жарамайды/. Пробиркаға этикетка жапсырады онда балықтың түрі, өндіргіш номері, шәуеттің алынған уақыты, күні, мөлшері және сапасы көрсетіледі. Пробиркаларды мұзбен толтырылған температурасы 0 ден 10С аралығындағы термос ішіндегі ағаш штативтерге отырғызады. Тұқы балықтарының шәуеті пробиркаларда өзінің қаблеттілігін 24 сағат сақтайды.

Уылдырықтарды тасымалдау - тұқылардың (сазан, тұқы, оңғақ, яз, мөңке, рыбец, шемай) ұрықтанған уылдырықтарын қозғалысқа түскен, пигментарлық көзі пайда болған кезінде немесе «глазок немесе көзше» стадиясы уақытында эмбрион кезінде тасымалдайды, одан ерте стадиясында ол механикалық әсерге және температураның ауытқуына өте сезімтал болып келеді. Жабысқақтығы кетірілген уылдырықтарды пенопластан жасалған ауа келетін тесігі бар, көлемі 58х51х46 см изотермикалық жәшіктерде тасымалдайды. Уылдырықтарды рамаға 1,5-2 қабат етіп салады да, бірінің үстіне бірін қатарлап қойып бағаналап жіппен байлап қояды. Бағананың астындағы табақшаға таза мұз бөлішектерін салады. Жәшіктерге « шайқауға болмайды» деп жазып қояды. Күзде уылдырықты жылы ыдыстарда тасымалдайды, мұзбен суыту қажет емес.

Тасымалдау кезіндегі температура 8-100 С. Уылдырықты тасымалдау уақыты ұзақтығы , тұқыларда 1-2 тәулік , албырттарға 5-10 күнен артық уақыт болады.

Уылдырықты ұшақтар, вагондар, жолаушылар поездында жүк ретінде және автомашиналарда тасымалдайды.

Ұрықтанған өсімдік қоректі балықтардың уылдырықтарын тасымалдауға болмайды, себебі олардың инкубациялық стадиясы мерзімі өте қысқа.



Балықтардың дернәсілдері мен шабақтарын тасымалдау - дернәсілдер мен шабақтарды дамуының бастапқы кезеңінде, олар еркін жүзген кезінде тасымалдайды. Тасымалдаудағы сәттілікке қойылатын негізгі талап - еріген оттегі, жеткілікті су. Ыдыстағы судың темепратурасы (көбінесе полиэтилен қапшықтар) судағыға дәл келуі керек. Ыдыстағы судың температурасының бірден ауытқуына жол берілмейді. Тұқылардың шабақтарын әдетте температурасы 10-120С суда 160С жеткізбей тасымалдайды. Судың температурасын төмендету үшін ыдыстың ішіне таза қапшықтағы бөлек мұз бөлшектерін салады.

Шаруашылық ішінде шабақтарды тірі балық тасымалдауға арналған брезент чандар қойылған (шабақтарды оның арнайы төгуге арналған жеңі арқылы төгеді) атты арбада тасымалданады.

Саны шағын шабақтарды тасымалдауда сүт құятын бидондар литрге 100 дана есебінен алынып тасымалдайды. Алыс жолдарға тұқы шабақтарын машиналарға орнатылған чандар немесе бидондарда литріне 50 дернәсіл немесе шабақ есебінен тасымалдайды. Сол сияқты ұшақтарда тұқы шабақтарын брезент чандарда сыймдылығы 200 л немесе полиэтилен оттегі бар қапшықтарда тасымалдайды. Егер 3 сағат аралығында ұшақта тасымалдаса аэрациясыз шабақтарды 100 дана 1 литрге, компрессор қойса 200 данаға дейін етіп отырғызады.

Көксерке шабақтарын жақын аралықтарға тұқылар шабақтарындағы сияқты ыдыстарда тасымалдайды, бірақ отырғызу жилігі 5 рет аз болуы керек, себебі көксерке оттегін көп мөлшерде қажет етеді. Температурасы 2-40С суда шабақтарды 2 сағат аралығында отырғызу жиілігі бір литрге 4-5 дана есебінен салып тасымалдайды.

Ақсахалар дернәсілдерін - цинктелген темір немесе органикалық шыны канндарда сыймдылығы 40 л үздіксіз ауа үрленіп тұратын ыдыстарда тығыздығы 2-3 мың/дана 1 канға есебінен тасымалдайды.

Бекірелер дернәсілдері мен шабақтарын - уылдырықтан шыққан кейінгі бірінші екі күнде желбезектік тыныс алуға өткенге дейін, желбезектік тыныс алуда оттегін көп қажет етеді. Судың оттегімен қанығуы қалыпты мөлшерден 30% төмен болмауы керек.

Жарты жылдықтар, бір жылдықтар, ересек балықтарды әр түрлі алдынала ағын сумен шайылған және залалсызданылған ыдыстарда тасымалдайды.

Тірі балықтарды көбнесе сыймдылығы шамамен 2400 л автоцистерналарда АЦПТ-2,8/53 ГАЗ-53А автомашиналармен тасымалдайды. Цистернаның алдыңғы жағында 100 кг мұз сыйатын ыдыс орналасқан. Мұз цистернаны суту қажет болған жағдайда қолданылады. Цистернадағы су оттегімен пневматикалық типтегі аэрациялық жүйе арқылы қанығады. Балықтардың, қоректік омыртқасыздарының үлкен партияларын алыс жақтарға жерсіндіру мақсатында тасымалдауда тірі балыққа арналған сыймдылығы 30 т В-20 типті темір жол вагондарын қолданады,. Судың аэрациясы форсунка арқылы жіберілген ауа арқылы жүреді.

Балық тасымалдаудағы ыдыстар:

Канндар- формасы жәшік тәрізді көлемі 50х30х30 см, қалыңдығы 8 мм, сыймдылығы 40 л мөлдір органикалық шыныдан жасалған ыдыстар. Аэрация КП-21 типтегі авияциялық оттектік аспаптармен жүреді.

Полиэтилен қапшықтар жер шарының кезкелген нүктесіне су организмдерін жекізуге өте ыңғайлы. Ұзындығы 60 см сыймдылығы 40 л көлемі 65х35х35 см стандарты кардон қораптарда орналастырылады. Ірі көлемді қапшықтар сыймдылығы 300 л жетеді. қораптар кез- келген транспорт түрінде тасымалданады.

Қапшыққа әуелі су құйылады одан кейін балықты отырғызады, оған ұзындығы 5-6 см резина трубка қойылады. қапшықтың соңын изоляциялық лентамен орайды және оған жылжымалы метал рамкасы бар қысқыш кигізеді.

Қапшыққа оттегі резина трубкаға жалғанған шланга көмегі арқылы беріледі.

Тасымалдау кезінде судағы еріген оттегі балықтың түріне және температураға қарай беріледі.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет