Асылбекова, Г. Балабиева балық шаруашылығЫ


Тірі балықтарды тасымалдаудағы есептері



жүктеу 2.93 Mb.
бет14/15
Дата07.03.2018
өлшемі2.93 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Тірі балықтарды тасымалдаудағы есептері

Судың аэрациялануы қарастырылмаған ыдыстарда тірі балықтарды тасымалдау үшін ең алдымен балықтың алынған мөлшеріне белгілі уақытта қанша су мөлшері қажеттігін есептеп алу керек. Бұл үшін 6 кестеге сүйенуге болады.



Мысалы

Шаруашылық 20 мың бас орташа салмағы 25г 11 мың тұқыны, орташа салмағы 17г 8 мың бақтах, 65 бас тұқымдық тұқылар орташа салмағы 5 кг сатып алды. Балықтарды тасымалдау цистернасы сыйымдылығы 3м3 сүт тасыйтын машина арқылы жүзеге асырылады. Жол ұзақтығы 8 сағат.

Алдымен неше рет тасымалданатыны еспетеледі.

1. Тасымалданатын балықтың жалпы салмағын тауып аламыз:

а) тұқы бір жылдықтары -20 000 дана х 25г = 500 кг:

б) бақтақ бір жылдықтары -8000 дана х 17г = 136 кг

в) тұқы тұқымдықтары- 65 дана х 5 кг = 325кг

2. Балықты тасымалдауға қанша су қажеттігін тауып аламыз. Бұл үшін 6 кестеден 8 сағ. ұзақтыққа 1кг балық салмағына қажетті су көлемін (л) тауып аламыз, оны балықтың жалпы салмағына көбейтеміз (кг) :

а) тұқы біржылдығына -500 х 8 = 4000 кг;

б) бақтах біржылдығына- 136 х 12 = 1632 кг;

в) тұқы-тұқымдықтары- 325 х 6 = 1950 кг

3. Балықтың салмағы мен суды қосамыз (кг):

а) тұқы біржылдықтарына- 4000 + 500 = 4500кг;

б) бахтақ біржылдығына -1632 + 136 = 1768 кг;

в) тұқы-тұқымдықтары-1950 + 325 = 2275 кг

4. Балықтарды тасымалдауға неше рейскерегін есептейміз:

а) тұқы біржылдықтарын- 4500 : 3000= 2;

б) бахтақ біржылдығына -1768 : 3000 = 1;

в) тұқы-тұқымдықтары-2275 :3000 = 1;

Барлығы 4 рейс.

Міне осы жұмыс барысында «сүт тасымалдағыш» типіндегі автомашина 4 рет барады деп жоспарлауға болады.
Бақылау сұрақтары.

1. Балықтарды тасымалдау қандай мақсатта жүргізіледі.

2. Балықтарды тасымалдау қандай ыдыстар қолданылады және оған қойылатын талаптар.

3. Тасымалдаушы көлік түрлері олардың ерекшеліктері.

4. Оттегі мөлшері қалай есептеледі.

АСЫЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ
Тақырып 1. Балықтарды бонитировкалау және таңбалау
Сабақтың мақсаты. Тұқымдық балықтар мен жетілдірілетін балықтарды таңбалау жолдарымен таныстыру.

Қажетті құралдар мен материалдар. Суреттер, кестелер, «Балық -өсіру нормативтері» бойынша анықтама әдебиеттер, бояғыш заттар, шприцтер, термальдік клеймолар, есептегіш машиналар.

Тапсырма. 1. Тұқы тұқымдарына қандай аймақққа жерсіндіру туралы салыстырмалы сипаттама беріңіз. 2. Белгілі шаруашылықтағы берілген тұқымдық тұқы бастарына бантировкалау каротчкасын толтыру. 3. Тірі балыққа әр түрлі материалдарды пайдалана отырып таңба жасау: жекеше номер, класс, шығу тегі жылы, жынысы


Сабақтың қысқаша мазмұны мен өткізілуі әдісі

Асылдандыру ісінде балықтарды қыстық тоғандардан аулауда зоотехникалық есептеулер (инвентеризациясыз) жүргізуді енгізбу мүмкін емес. Тұқымдықтар мен жетілдірілетін жас балықтар басын инвентеризациялау процессі барысында олардың жынысын, салмағын, денсаулығын (сыртқы белгілері бойынша) қарап және әрбір жастық топтардың санын есептеп, жарақат алғандарын, ауруларын, денесінде кемістігі барларын, өспей қалғандарын жарамсыздыққа шығарады. Инвентаризация кезінде балықтарды таңбалайды. Сериялық таңбаны тұқыларға екі жасқа толық жеткенде салады. Жеке нөмрді жетілдірілу қатарынан ересек өндіргіш топтар сатысынана өткенде береді. Күзде тоғаннан ауларда және өндіргіштер мен жетілдірілетін толықтырғыш бастарды қыстауға отырғызар алдында балықтардың вегетациялық кезеңдегі өсуін тек салмағы бойынша ғана анықтайды. Бонитировка - яғни балықтардың өнімділігі мен асыл тұқымдық сапасын айқындау мақсатында, оларды барлық қолдану мерзімі барысында үш қайта жан – жақты жүргізілетін зерттеу. Ол асылдандыру ісі жұмысы жоспарына өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді. Бірінші бонитировканы – ересек жетілдірілген топтар қатарынан өндіргіштер сатысына өткізгенде, екіншіні – екінші өрістеуден кейін және үшіншісін – аналықтарға 8-9 жыл болғанда, ал аталықтары 7-8 жасқа жеткенде жүргізеді. Тұқыларды бонитировкалауда келесі көрсеткіштері бойынша жүргізіледі: шығу тегі бойынша (тек алғашқы бонитировкада); қалағанын типке сай келгенде; тірі салмағы бойынша; экстерьері бойынша; өзіндік өнімділігі мен балықтардың жыныстық және жастық ерекшеліктерін ескере отырғандағы ұрпағы сапасы бойынша. Бонитировкалау барысында инвентаризация мәні алынады.

Тұқылардың шығу тегі (породалық қатынасы) асылдандыру құжаты бойынша және белгілі бір породалар немесе тұқы топтары дене бітімі көрсеткіштері сай келуі бойынша бағалайды.

Барлық тұқымдықтардың әрқайсысының салмағы мен ұзындығын өлшейді, ал жетілдірілу топтарында 30 данасының орташа үлгісін алады. Дене салмағын ±50г артық-кем дәлдікпен өлшенеді; дене ұзындығын – тұмсығы ұшынан қабыршақты қанатының соңына дейін; арқа қанаты манының ең биік жерін; денесінің ең жуан орамынада сол жерден өлшейді. Балықтарды өлшеу үшін өлшегіш тақтайша қолданады, ол үшбұрышты сызғыштан тұрады (сурет 1, 2).

Балықтың салмағы мен ұзындығын өлшегендегі нәтиже бойынша оның экстерьерлік көрсеткішін есептейді: қоңдылық коэффициенті (Кқ), дененің салыстырмалы биіктігін (l/H), дененің салыстырмалы қалыңдығы (Br/l) және денеің салыстырмалы жуандығы (О/l) (кесте7). Қоңдылық коэффициенті формула бойынша есептеледі:
Кқ=100*Р/l3,
Мұндағы, Р– балықтың дене салмағы; l –балықтың дене ұзындығы, см. Қалған индекстерінің тиісті мәндері әдеттегі жай бөлу арқылы есептейді. Br/l О/l көрсеткіштері пайыз бойынша өрнектеледі.

Сурет 1 -Тұқыны өлшеу схемасы (Привезенцевтен алынған).

L- жалпы ұзындығы; l – кіші ұзындығы; C-басының ұзындығы;

H-дене биіктігі; O- дене орамы




Сурет 2 -Балықты өлшейтін құрал (Привезенцевтен алынған).



1- балықты өлшейтін тақтайша; 2-үшбұрыш.
Кесте 1 -Шығу тегі әр түрлі тұқының экстерьерлік көрсеткіштері


Шығу тегі

Жынысы

Көрсеткіштерінің орташа мәні

l/H

О/l

Br/l

К

Украйындық тұқы

аналық

2,2-2,7

86-90

-

3Д-3,6

аталық

2,3-2,8

82-85

-

3,0-3,5

Сарбояндық тұқы

аналық

2,5-2,8

75-85

22-28

2,5-3,0

аталық

2,3-2,8

70-80

21-26

2,3-2,8

Парсылық тұқы

аналық

2,5-3,0

85-90

-

3,0-3,1

аталық

3,0-3,2

75-80

-

2,8-2,9

Ропшандық тұқы

аналық

2,8-3,2

-

18-20

2,6-2,9

аталық

2,5-2,7

-

17-19

2,5-2,7

Амурлық сазан тұқым қуалаушылық белгісі бар гибридік топтары

аналық

2,8-3,4

80-85

16-20

2,4-2,9

Бонитировка нәтижесін дене құрылымы индексін есепке ала отырып арнайы журналға тіркейді. Балық денесінің жеке салмағын, экстерьерлік көрсеткішін статистикалық өңдейді, ол шаруашылық белгілерінің орташа деңгейі туралы және олардың өзгерісін талқылауға мүмкіндік береді. Тірі салмағының және дене құрылымы индексі өзрегісі туралы мәліметтер алуға, бірқатар ерекше жағымды көрсеткіштерін анықтауға және оларды асылдандыру ісіне қолдануға мүмкіндік береді. Тұқымдықтады дене құрылымының әр бір индексінің маңызын есепке ала отырылып бағалайды. Тек қана көрсеткіштері айқындығы емес, соны мен қатар олардың өзара байланыстылығы еске алынуы қажет. Дара берік және жақсы дамыған болуы керек. Тұқымдықтарды бағалағанда олардың өрістер алдындағы екіншілік жыныстық белгісі айқындылығына басты назар аударады. Элитті бірінші кластық аналыққа - экстерьерлік белгілері жақсы дамыған, құрсағы жұмсақ кеңейе жұмырланып келген, дене жабыны беті тегіс және нәзік болып келген даралар жатады. Элитті аталықтардың - некелік сәндері айқын - кеуде қанаты маңы, басы, арқасы бұдырлы, құрсағы тығыз созылыңқы, оны ақырын басқанда одан қаймақ сияқты қойюлықта шәует ағады. Екіншілік жыныстық белгісі әлсіз болғанда дараларға екіден жоғары емес класс беріледі немесе жарамсыздыққа шығарады.



Тұқымдықтарды жастары, дене құрылымы бойынша, әр бір тұқымы және тұқымдық топқа жеке арналып жасалған комплекстік шкалаға сай қажетті типті бағалайды (кесте 2 ).
Кесте 2 . Күміс мөңкені комплекстік көрсеткіштері бойынша бағалау шкаласы


Көрсеткіштер

5 балл

4 балл

3 балл

Коэфф.

Класс

аналық

аталық

аналық

аталық

аналық

аталық

Элита

I

II

Жас, жыл

7-11

6-10

5-6

4,5,11-12

15-16

12 жоғары

3

15

12

9

Дене құрылымы–индексі салыстырмалы: биіктігі

2,6

2,6

2,7

2,7

2,8

2,8

5

25

20

15

Дене орамы

88-85

83-80

84-80

79-77

79-77

74-71

4

20

16

12

Қоңдылық коэффициенті

3,6-3,5

3,1-3,2

3,1-2,9

2,9-2,7

2,8-2,7

2,6-2,5

1

5

4

3

Жасы мен дене құрылымы жиынтығы бағасы






















65

52

39

Салмағы г, бойынша

жасы: 5жыл



4500

3500

3700

3100

3000

2700













6 жыл

5500

4300

4600

3900

3700

3300

3

15

12

9

7 жыл

6300

5100

5300

4500

4300

4000

-

-

-




8 жыл

7000

5700

6000

5100

4900

4500

-

-

-

-

Қажетті типке жалпы сәйкестілігі

Толық сәйкестік

Стандартан биіктігі бойынша ауытқуы

Стандартан салмағы бойынша ауытқуы

Қажетті типке сәйкестігін білдіретін бағалар жиынтығы

20

1

6

1

2

Баллдар жиынтығы

100

8

0

6

0

Комплекстік көрсеткіштері бойынша берілген классы

Баллдардың жиынтығы

100

90-99

80-89

60-79

Класс

Элит-рекорд

элита

I

II

Комплекстік шкалада белгілері көрсеткіштері коэффициенті мәнін өзгертеді, тұқымыдықтың бағаланып отырған көрсеткіші жоғары болған сайын маңызды болып келеді. Әр бір белгісі бойынша алған баллдарын қосу арқылы жалпы балл жиынтығын анықтайды да, сол арқылы тұқымдықты тиісті класқа тіркейді. Парода бекітілген тұқыға элита – рекорд және элита деп класс береді.

Бірінші қыстан кейінгі ұрпақтары сапасы бойынша тұқымдықтарды бағалайды. Мұндай тексерулерді әр түрлі әдістермен жүргізуге болады. Бұнда жеке тұқымдықтар емес, олардың үйлесімі, яғни құрамды бағалылығы жалпылай бағаланады.

Тұқымдықтарды ұрпақтары бойынша бағалаудағы басты қиындық көптеген ұрпақтардың барлығын бірдей жағдайда ұстау.

Ұрпақтарын әр бір өнімділік белгілері бойынша жеке - жеке бағалауға болады, бірақ өсу қарқындылығы отырғызылу тығыздығына қатты байланысты екендігін еске алу керек, ол үшін әр түрлі тәжрибелік топтар қатарларындағы балықтардың санын теңестіруге көңіл бөлу керек.

Балықтардың әр түрлі тұқымдастарын бірге өсіргенде олардың отырғызар алдындағы салмағы бірдей болуын қадағалау. Егер, бұл мүмкін болмаса ондау түзету коэффициентін анықтап өсуін бақылауда түзету енгізуі керек. Салыстыратын топтардың ұрпақтарын біріктіріп өсіру, бірнеше қайтара жүргізілген тәжрибелер мен бастапқы салмағы айырмашылықтарына өсуі барысында алынған санды қосу тұқымдықтарға тиісті бағасын беруге көмектеседі және олардың ең жақсысын өндіріске таңдап алуға мүмкіндік береді. Тұқымдықтар жатқызылатын класс екі баға жиынтығы негізінде жүргізіледі: комплекстік белгілері класы мен өнімділігі класы және ұрпағының сапасына қарайды, соңғысының мәні зор. Аталықтарды ұрпақ алар алдында бес баллдық шкала көрсеткішін пайдаланып шәуеті сапсы арқылы бағалайды. Тұқымдықтар ретінде шәуеттері 5 және 4 баллмен бағаланған аталықтар алынады. Алынған тұқымдықтар шәуеті сапасын қосымша көрсеткіш ретінде бантировка журналына тіркейді. Бахтақтарды асылдандыру ісінде шәуеті сапасын сперматокрит көрсеткіші бойынша анықтайды. Ол эякуляттағы спрема концентрациясын сипаттайды. Сперматокриттері мөлшері 15% аз аталықтарды жарамсыздыққа шығарады.

БҒЗБШИ қызметкерлері іріктеліп алынған жақсы тұқымдықтардың селекциялық бағалылығын ұрпағы бойынша болжау үшін, тұқылардың аталықтарын бағалаудың экспрес- әдісін ойластырған. Аталықтарын әр түрлі белгілері бойынша бағалаған: дене салмағы және экстерьері, репродуктивтілік көрсеткіші, дернәсілдерін тестлеу.

Экстерьерлік көрсеткішінен қоңдылқ коэффициентін, биік арқалық индексін, салыстырмалы қалыңдығы мен дене орамын есепке алған. Жалпылама морфологиялық сипаттама ретінде комплекстік көрсеткіш "морфологиялық индекс" саналған.

Балық шаруашылығында диалльді шағылыстыру жиі кездеседі, яғни бір аналық (аталық) басқа жыныстың екі өкілімен шағылысады. Аталықтардың репродуктивті көрсеткіштерінен эякулат мөлшері, спрематозоидтардың активті қозғалыс уақыты, тірі сперматозоидтар пайызы, ұрықтанған уылдырық пайызы анықталады. Тәжірибе нәтижесі зерттелінген көрсеткіштер ұрапқ өнімділігін бағалайтын болжау критериі бола алмайтынын көрсетті.

Асылдандыру шаруашылықтарында өндіруге қатынасатын әр бір тұқымдыққа карточка толтырады (кесте 9). Карточка алынған мәліметтерді талдауға қолайлы.

Жетілдірілетін бастарды бонитировкалауда ата - аналарының классы есепке алынады, әсіресе аналықтың сапасы. Салмағы бойынша классын дәл сол уақыттағы салмағын аймақтық стандарпен салыстыру арқылы анықтайды. Жетілдірілетін бастардың класы жиынтығын шығу тегі мен салмағы класстарын салыстыру арқылы бекітеді.

Асылдандыру ісінде жекеленген дараларды ұзақ уақыт бойы бақылау қажет, бұл олрады таңбалаусыз мүмкін емес.

Балықтарды келесідей жолдармен таңбалайды: қанаттарын қырқу, бояғыштармен таңба салу, термальді клеймалар .

Қанаттарын қырқыту (кеуде, құрсақ, құйрық) - ең бір қарапайым сериялық таңбалау әдісі. Әр түрлі жастағы топтарды жұп қанаттарының бірін қырқу арқылы маркерлейді. Жыныстары бойынша ажыратылатын топтарды маркерлеу үшін құйрық қанатын қырқады: аналықтарында жоғарғы, аталықтарында астыңғы қалақшасын. Қанаттарын шамамен ¾ сәулесі ұзындығы етіп қырқады (сурет 3).





Сурет 3 - Балықтарды қанаттарын қырқыу арқылы таңбалау
Бояғыш заттар ерітіндісімен тері астылық инъекциялауда топтарды және дараларды да таңбалауға қолданады. Таңбалау инелі шприц арқылы текистильдік өнеркәсіпте қолданылатын жаңа әзірленген 4 % активті бояғыш ертінді (Х маркалы) жіберіледі. Денесі қабыршақпен жабылған балықтарға бояғыш заттарды қабыршақ қалталарына, шашыраңқы қабыршақты және жалаңаш тұқыларға тері астына енгізеді. Жекелеп таңбалауда құрсақ аймағына енгізілетін ондық жүйелі таңбалау қабылданған (сурет 3). Бұл үшін әр түрлі түсті ерітінді қолданады. Бояғыш түсі белгілі бір таңбаға сай келеді: көк- бір, қызыл -ондыққа, қызғылт- жүзге, ал енгізілген орынға-цифр мәні (1-ден 9 дейін) беріледі.

Арқа тұсына енгізілген қызғылт түсті бояғыш жастық белгі ретінде қолданылады. Әр бір балық тобына сериялық номер береді (0 ден -9 дейін), соңғы цифрасы осы балқтардың туған жылына сай келеді (сурет 4). Тұқыларды шығыу тегі бойынша маркерлегенде бүйір сызығы бойына маңына кез- келген бояғышты енгізеді.





Сурет 4 - Балықтарды бояғыштармен жекелей таңбалау




Сурет 5 - Әр түрлі жастағы балық топтарын маркер арқылы сериялық таңбалау сызбанұсқасы.
Үстінен қарағандағы түрі. Ортасындағы сызық арқа қанаты. Дақтар мен цифрлар бояғыш енген жері мен тиісті сериялық номері мәні көрсетілген.

Жетілдірілетін бастар мен тұқымдықтарды таңбалауда термальді клейма және криоклейме пайдаланады. Біріншісінде клеймоны қыздырады, екіншісінде - сұйық азотпен немесе қатты көміртегі диоксидімен төменгі температураға дейн салқындатады. Термальді клеймода арнай құрал қолданады (сурет 25). Жетілдірілетін бастарда денесінің сол жағына аналь саңылауы деңгейінде тек туған жылы белгісін (соңғы цифр) ғана күйдіреді. Алғаш рет бонитировкаланып отырылған тұқымдықтарды денесінің оң жағынан жеке номерін (индивидуальный) салып береді. Зауыттық өндіру әдісінде бұны өрістеуден немесе жыныс өнімін алғаннан кейін жасайды.

Жетілдірілетін жастарды, тұқымдықтарды және асылдандыру материалдарын таңбалауда балықтардың жарақатануынан сақтану қажет, жұмысты байқап жүргізу керек.

Берілген таңбалау әдістері негізінен тұқылармен жұмыс істегенде қолданылады. Басқа балық түрлерін таңбалағанда өзгеше әдістер қажет.


Бақылау сұрақтары.

1. Инвентеризациялау жұмысы қай кезде жүргізіледі және ол неден тұрады?

2. Бірінші, екінші, үшінші бонитировка қай уақытта және қандай көрсеткіштері бойынша жүреді?

3. Элитті аналықтар мен аталықтарды сипаттаңыз?

4. Таңбалау түрлері мен құралдарын айтыңыз?

ТҰҚЫ ТОҒАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ИНТЕНСИВТІ ФОРМАЛАРЫ, ТҰҚЫЛАРДЫ ҚОРЕКТЕНДІРУ.
Тақырып 1. Тұқыны қоректендіру
Сабақтың мақсаты. Тұқы өсіру шаруашылығында қолданылатын құрама жемнің рецептімен танысу, тұқыны қоректендірудің нормасы мен техникасымен таныстыру. Рецептерді жасаудағы есептеулермен тұқыны қоректендірудің нормативтерін біліп алу.

Қажетті құралдар мен материалдар. Әдістемелік оқу-құралдары; суреттер; схемалар; құрама жемдердің үлгілері; макеттер ; есептегіш машинкалар.

Тапсырма 1. Тақырыпты талқылау. Балықтың қорегін нормалау әдісін есептеуді меңгеру.

2. Әдісті меңгеру үшін кестеде берілгенді пайдалана отырып, өз бетінше бірнеше есептеу жолдарын көрсету.. 3. Әртүрлі суреттер, макеттер, сызба нұсқалар, үлгілер арқылы, құрама жем даярлайтын құрылғылармен және тоғанға шашу жолдарымен танысу.


Сабақтың мазмұны және өткізілу әдісі

Тұқытәрізділердің өнімділігін көбейту және балық өнімін арттыру тұқы өсіру тоған шарауашылығына интенсивті (қарықынды) әдісті енгізу арқылы қол жеткізуге болады. Ең маңызды балықтарды қоректендіру және тоғандарды тыңайту.

Өсіру және жайылу тоғандарында қосымша қоректендіру арқылы жоғарғы өнімділікке қол жеткізуге болады, ол үшін балықтардың отырғызу тығыздығын артырады: осы жылдықтарға (сеголеткалар) -50-100 мың/га, екі жылдықтарға-2-4 мың.

Интенсификацияның басты факторының бірі қоректендіру, тоған шаруашылығының экономикалық көрсеткіштері оның деңгейіне байланысты. Қазіргі заманда тоған шаруашылықтарында қоректендіру есебінен 70 пайыздан жоғары тауарлық өнім алады. Балықтарды қоректендіру эффективтілігі экологиялық жағдайға, қоректендіру техникасы мен құрама жемнің құнарлығына байланысты.

Балықтардың тәуліктік рационына температура, судағы еріген оттегі және даралардың жеке салмағы (индивидуальдық массасы) үлкен әсер етеді. Тұқыларды әдетте 14-27 0С температурада тамақтандырады, бірақ осыжылдықтар қоректі қыста да пайдалануы мүмкін (20С). Судың температурасы төмен болған сайын тұқылардың қоректі қажет етуі төмендей түседі. Екі жылдықтардың рационы 160С температурада олардың массасының – 2%, 220С -4%, 250С- % құрайды.

Тәуліктік рационы судағы кислородтың мөлшері төмендегенде және жеке салмағы салмағы артқанда азаяды. Егер салмағы 40 г тұқы өз салмағына шақанда 11 пайыз қорек қабылдай алатын болса, онда 400г бұл көрсеткіш 5 пайызға төмендейді (су темепартурасы 260С). Кестеде берілген көрсеткіштерді негізге ала отырып қоректендірудің дұрыс ережесін жасап шығаруға болады.


Кесте 1 - Тұқылардың осы жылдықтарын (%, балық салмағынан) қоректендіру нормасы, отырғызу тығыздығы 60 мың дана /га болғанда (В. А.Власов, 1989)


Судың температурасы

Балықтардың жеке салмағы, г

3

7

11

15

19

25

12

2,3

2,6

2,2

2,0

1,7

1,5

14

5,7

5,7

5,0

4,4

3,9

3,4

16

8,0

8,3

7,4

6,4

5,8

4,9

18

10,0

10,4

9,2

8,1

7,2

6,4

20

11,7

12,1

10,6

9,4

8,4

7,3

22

12,7

13,1

11,7

10,2

9,1

8,0

24

13,0

13,7

12,0

10,5

9,5

8,3

26

13,0

13,7

12,0

10,5

9,5

8,3

28

12,6

13,1

11,7

10,2

9,1

8,0

30

11,7

12,1

10,6

9,4

8,4

7,3

Кеңестер одағындағы қара топырақты емес аймақтардағы шаруашылықтардағы орташа айлық қорек шығыны келесідей %: мамыр-1, маусым-16, шілде-41, тамыз-39, қыркүйек-3. Бұл мәлімдемелерге сүйене отырып вегетациялық кезеңдегі айларға қажетті қоректің мөлшері мен оны дайындауға болжаулық есептеулер жүргізуге болады.

Тұқыларды күн сайын күніне бірнеше рет, тәуліктің жарық уақытында қоректендірген дұрыс. Оның қоректі қорытуы мен сіңіруі: 200С-8-10 сағат, 220С-6-9 сағ., 260С-4-7 сағ. Сондықтан шілде –тамыз айларында біршама жылы уақытта тұқыны тәулігіне бірнеше рет қоректендіреді. Бірнеше қайтара қоректендіру (3-6 рет) балықтың тәуліктік рационын арттыруға және құрама жемнің азықтық заттарының жоғалуын төмендетеді, осыған қарамастан (тәулігіне бір рет қоректендіргенмен салыстырғанда) балықтың өсуі бірден артады.
Кесте 2 – Тұқылардың екі жылдықтарын (%, балық салмағынан) қоректендіру нормасы, өсіру тығыздығы 4-5 мың дана /га болғанда (ВНИИПРХ, 1986)


Судың температурасы

Балықтардың жеке салмағы, г

20

50

100

200

300

500

11

1,6

1,4

1,3

1,1

0,8

0,5

13

4,8

4,2

3,9

3,3

2,3

1,4

15

8,0

7,0

6,5

5,5

3,8

2,3

17

11,2

9,8

9,1

7,7

5,3

3,2

19

14,4

12,6

11,7

9,9

6,8

4,1

20-дан жоғары

16,0

14,0

13,0

11,0

7,5

4,5

Қорек қоректік тақтайшаларда немесе орындарда, сол сияқты қоректік жолақта беріледі. Алдын ала бұрын берілген жемнің желінуі мөлшерін есептеп алады. Бір реттік қоректендіруде қоректі таңертең ерте балықтардың қоректік реакциясы жоғары уақытта берген жөн. Тоған шаруашылықтарында қайықтар және әртүрлі конструкциялық жем таратқыштар қолданылады. Автокормушкалар біршама тиімді деп есептелінеді, себебі тәуліктің кез-келген уақытында балықтың қоректенуіне мүмкіндік береді. Оларды қолдану балықтың өсуін арттырады және тірі салмағының өсуіне кететін жем шығынын төмендетеді.

Тұқы бәрін жейтін балықтарға жатады. Тоғандағы табиғи қоректен ол зоопланктондық организмдер мен бентосты, аздап детрит және жұмсақ су өсімдіктерін пайдаланады. Ол солсияқты өсімдік және жануар текті қоректі де жейді. Тұқыға жем дайындаудағы негізгі қорек түрлері 3 кестеде келтірілген. Тұқыға жем келесі рецептер бойынша даярланады: осы жылдықтарға; екі және үш жылдықтарға; жетілдіретіндер мен тұқымдықтарға. Оларда: осы жылдықтарға арналғанда - шикі протеин мөлшері 26 % кем болмауы, май-4%, клетчатка-9% артпауы керек, кальций 1,2%, фосфор 1,0%; ересек топтағы жастарға арналған жемде- шикі протеин мөлшері 23 % дейін, май-3,5%, клетчатка-10% артпауы керек, кальций 0,7%, фосфор 0,8% құрайды.
Кесте 3 – Тұқыларға арналған құрама жемнің құрамына кіретін жемдер сипаты (құрамы, %)


Жем

Шикі протеин

май

БЭВ

Клечатка

Күл (Зола)

Қоректік коэффициент

Жмых:

күнбағыс


зығыр (льняной)

мақталық

соялық

қарақұмық



жер жаңғақ

39,2


29,2

37,0


38,7

32,8


27,7

10,2


9,6

8,2


9,8

8,0


10,0

22,5


32,9

28,4


27,9

29,4


25,5

13,0


10,5

11,0


2,7

11,0


22,4

6,3


6,9

6,4


6,0

8,5


4,4

3-5


4

6

5



-

-


Шрот:

күнбағыс


зығыр (льняной)

мақталық

клещевинный

40,5


38,3

40,0


39,0

2,9


3,1

2,0


1,9

25,5


27,9

31,9


10,9

13,7


15,8

6,4


28,6

6,4


5,8

5,1


8,3

3-5


6

5

8



Сары люпин

31,5

5,2

32,5

13,2

3,1

3-4

Вика

25,6

1,6

51,1

6,6

3,0

3-5

Бұршақ (Горох)

22,2

1,9

54,1

5,4

2,8

4-5

Чечевица

24,6

1,3

53,6

4,3

3,1

3-5

Соя

33,2

17,5

30,2

4,4

4,7

3-5

Жамбас бұршақ (Бобы)

25,4

1,5

48,5

7,1

3,2

3-5

Жүгері

10,2

4,7

66,1

2,7

1,5

4-6

Қара бидай (Рожь)

12,7

1,9

68,4

2,2

1,8

4-5

Бидай

14,7

2,1

66,8

2,6

1,8

4-5

Арпа (Ячмень)

10,5

2,3

65,7

5,5

3,0

4-5

Сұлы (Овес)

10,7

4,1

58,7

9,9

3,3

4-5

Бидай кебегі

15,5

3,2

53,2

8,4

4,9

4-7

Ашытқылар:

Жемдік,


гидролиздік

43,7


45,1

2,2


1,3

33,9


32,8

1,4


-

7,3


7,0

2-2,5


2-2,5

БВК

53,0

10,0

23,0

-

8,0

1,5-2

Ұн:

балық


ет

еттісүйек

қандық

56,0


72,3

50,8


79,1

5,9


13,2

15,6


1,5

1,7


-

3,6


2,1

-

-



-

-

23,4

3,8


16,3

5,2

1,5-2

1,5-2


2-2,5

1,5-2


Жібек құртының қуыршағы

57,1

22,1

3,8

-

4,0

2



Кесте 4 - Тұқыға арналған құрама жемнің рецепті


Құрама жем құрамы

Осы жылдықтарға

Екі және үш жылдықтарға

Жымых және шрот, %:

Күнбағыс, мақталық, соялық, рапс, коноплялық, қыштық, сурепкалық , жер жаңғақтық, кунжуттық, зығырлық, перилдік, рыжик, клещевинный



40

9



40

10



Астық, %:

Бұршақтар (люпин, чечевица, вика, горох, жемдік бұршақтар)

Астықтыр (бидай, арпа, сұлы, жүгері)


15

20



10

24



Бидай және арпа кебегі, %

4

6

Ашытқылар, % :Жемдік және Гидролиздік

4

4

Жануар текті жем (балықтық, еттік, еттісүйектік және қан ұны) , %

5

3

Шөп ұны,%

2

2

Бор :%

1

1

Микроқосындылар:

Хлорлы кобальт, г/т

КВВ12, мг цианкобаламин 1 тонна террамицин, млн ед/т

3

50



-

3

14



10

Жем қамыр тәрізді масса түрінде, түйіршік және текше түрінде беріледі. Қамыр тәрізді масса талқан тәрізді құрама жемді суға араластыру жолымен алынады, суға шыдамдылығы төмен, судағы бірінші сағатының өзінде экстрагирлік есебінен 50 % азықтық заттарын жоғалтады. Түйіршікті құрама жем, әсіресе дымқыл күйінде пресстелген немесе домалақтанған, солсияқты текшелер суға төзімді: олар бірінші сағатта 5-10 % азықтық заттарын жоғалтады. Түйіршіктердің көлемі балықтардың жасына сәйкес әртүрлі болады. Осы жылдықтарға-диаметрі: -1-3мм, ұзындығы -3-5мм, екі және үш жылдықтарға -3-6мм және10-15мм. Текшелер көлемі 2х5х9,5 см.

Құрама жемге өсірілген тұқы, өзінің қосқан 1 кг салмағына 2,5-тен 4 кг жем кетіреді. Ортаның әр түрлі жағдайларындағы осы жылдықтардың жемінің құны екіжылдықтардан 30-40% жоғары болады [8, 9, 10].
Тұқыны қоректендіру нормаларын есптеу

Балықтың дене салмағына 1 кг салмақ қосу үшін қанша киллограм жем керек екенін көрсететін көлем қоректік коэффициент деп аталады. Ол жемдердің түріне қарай әркелкі. Бірнеше компонентерден тұратын, коэффициенті белгілі жемнің бұл көрсеткіштерін анықтау үшін, келесі формула қолданылады:




,

мұндағы,



a, а n-1- барлық жемнің және оның компоненттерінің қоректік коэффициенті;

Р 1Рn-1-құрама жемнің құрамы, % бойынша.

Құрам жемнің қоректік коэффициентін біле отырып (a),белгілі бір категориялы тоғандағы өсірілетін тұқының барлық өсу кезеңінде тұтынатын жалпы жем мөлшерін (К, кг) есептеп шығаруға болады. Есептеуді мына формула бойынша жүргізеді:


П.Г.а(N-1),

мұндағы,


П - табиғи балық өнімділік, кг/га;

Г - тоғанның ауданы, га;

N - отырғызу жиілігі.

Егер қолда бар жемге қарай қандайда бір тоғанға отырғызатын тұқының мөлшерін (А, дана) анықтау керек болса мына формуланы қолдануға болады:



мұндағы,

В, в - өзіне сәйкесінше тұқының бастапқы және соңғы салмағы, кг;

Р - шығатын тұқы, %;

Кейбір жағдайда құрама жемнің құрамындағы жеке азықтық заттарын (протеин, май, көміртегі және б.) анықтауға тура келеді. Бұл үшін формула қолданылады:

:100,

мұндағы,


V,Vn-1- барлық құрама жем мен оның қоспасындағы белгілі бір азықтық зат түрі, %.

Жоғарыда келтірілген нормативтік берілгендер мен формулаларды пайдалана отырып балықтарды қоректендіретін қажетті жемді есептеу шығуға болады.


Мысалы

Балық питомнигіндегі өсіру алаңы ауданы -25 га, табиғи балық өнімділігі-200 кг/га, отырғызу-5 қайыра болғандағы, осы жылғы балықтарды қоректендіруге қажетті құрама жем мөлшерін есептеп шығару керек. Шаруашылықтағы балық ұны мен №111-1 (екі жылдық тұқылар үшін) рецептік құрама жем, келесі қоспалардан тұрады (%): күнбағыс шроты-30, мақта шроты-20, бұршық-10, арпа-11, бидай-15, бидай кебегі-10, балық ұны-3, бор-1.


1. Құрама жем №111-1 екі жылдық тұқыларды қоректендіруге арналған, ондағы протеиннің (Vn) кестедегі берілгенді пайдаланып мөлшерін анықтау.
Vn=(3039,2)+(2037,0)+(10 22,2)+(1110,5)+(1514,7)++(1015,5)+(3∙56,6):100=28%.
2. Осыжылдықтарды қоректендіру үшін құрамында 30% протиені бар, құрама жем қолданылады. Сондықтан жоғары белокты қоспа (балық ұны) арқылы оның мөлшерін 30% жеткізу қажет. Теңдеу арқылы 100 кг құрама жемге қосатын балық ұнының мөлшерін тауып аламыз:
30=[(28∙100)+(56∙х)(100+х)]=(2800+56х): (100+х),

Бұдан х=7,7 кг.


3. Балық ұны арқылы жақсартылған құрама жемнің қоректік коэффициентін (а) есептейміз. №111-1 типтік құрама жемнің 100 бөлігіне 7,7 бөлік балық ұнын қосамыз, формуланың алымына 100 емес, ал 107,7 деп жазамыз:

4. Ауданы 25 га өсу тоғанындағы тұқының осыжылдықтарын қоректендіруге қажетті құрама жем мөлшерін (К) анықтаймыз:



П.Г.а(N-1)=150.20.4,5(5-1) =54т.

5. Жалпы жемдегі 111-1 құрама жемінің үлесін табамыз:

(54∙100):107,7=50,1т

6. Қосылған балық ұнының мөлшерін табамыз:

(54·7,7):107,7=3,9т.

7. Осы өсіру алаңына отырғызылатын тұқының дернәсілдерін қолда бар 96 т құрама жемге шағып есептейміз:



мың дана.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
Тақырып 2. Тоғандарды тыңайту
Сабақтың мақсаты. Әртүрлі тыңайтқыштар себу арқылы тоғандардан алатын балық өнімділігін арттыру жолымен таныстыру. Тыңайтқыштарды себу мөлшерін есептеуді меңгеру.

Қажетті құралдар мен материалдар. Кесте, суреттер, макеттер, есептеу машинкалары

Тапсырма 1. Тақырыптың мазмұнын оқып шығу. 2. Тыңайтқыштардың мөлшерін және балықтарды өсіру тоғандарында өсіру кезінде қолданылатын азотты фосфорлы тыңайтқыштың тыңайтқыштық коэффициентін есептейтін тапсырманы шешу.
Сабақтың мазмұны және өткізілу әдісі

Тоғандарға тыңайтқыш себудің негізгі мақсаты табиғи қоректің қорының артуын жанданыру арқылы тоғанның балық өнімділігін ұлғайтатын ортаның экологиялық жағдайын жақсарту. Тоғандарға тыңайтқыш қолданғанда бірден бір балықтар қорегі (ақ дөңмаңдай) болып табылатын немесе олардың қоректік организмдері қорегі үшін қажетті бактериялар мен планктондық балдырлар саны артады. Тоғандағы балдырлардың дамуы судағы биогендік элементтердің болуына әсіресе, азот пен фосфорға тікелей байланысты. Тыңайтқышты сеппес бұрын, оның сол тоған көлеміне шаққандағы қажетті мөлшерін біліп алу керек, бұл өз кезегінде органикалық және минералдық тыңайтқыштарды рациональді қолдануға мүмкіндік береді.

Тоған балық шаруашылығында биогендік элементтер кешенін қамтитын мынандай тыңайтқыштар қолданылады: қи, сұйық қи, компост және жасыл (өсімдіктер) тыңайтқыштар. Олар минеральды тыңайтқыштарға қарағанда құмды, сол сияқты сазды қабаты жоқ тоғандарда жоғарғы эффект береді.

Ірі қара малдың жаңа қиының құрамы, %: азот – 0,45, фосфор – 0,23, калий – 0,50, кальци1 – 0,40, магний – 0,11 және т.б. қоректік заттар болады. Ашыған қи жақсы тыңайтқыш болады. Ірі қара малдан басқа жылқының, қойдың, сол сияқты құстың қиын қолдануға болады. Қи мен компосттың тоғанға шағын бөліктерін жағалауларына себеді, көбнесе суды толтырар алдында. Егер тоған түбі топырағы құмды болса онда қиды бүкіл тоған түбіне біркелкі жайып салған дұрыс. Өсіру және семірту тоғандарына тыңайтқышты 30 т/га дейін салады. Газдық режимі қолайсыз тоғандарға көп тыңайтқыш себудің қажетті жоқ.

Сұйық қиды тоғанның түбіне су толтырар алдында шашырату тәсілі арқылы және толғаннан кейін бірнеше қайтара - 0,55 – 1,5 т/га мөлшерінде шашады.

Тоған балық шаруашылығы тәжірибесінде жасыл тыңайтқыштың екі формасы бар: біріншісі, оның түбіне ауыл шаруашылықтық культураны егу немесе жартылай шауып жинау алуда шөппен; екіншісі тоғаннан шауып алынған су асты немесе үсті өсімдіктері, сол сияқты тоғаннан тыс даярланған жасыл өсімдіктерді шашу (мұндай тәсілдерді барлық жаздық тоғандарға қолдануға болады). Жасыл тыңайтқыштарды 3-6 т/га мөлшерінде бірнеше қайтара қолдану арқылы тоғанның балық өнімділігін 150- 200 кг/га дейін көтеруге болады.

Қазіргі кезде тәжірибеде минеральді тыңайтқыштарды қолдану арттқан. Азоттық тыңайтқыш ретінде тоғанға аммиак селитрасын, аммоний сульфатын, аммоний сульфонитритін, аммиак суын, мочевинаны және т. б., ал фосфорлық ретінде – жай және қос суперфосфаты, фофошлакты, фофор ұнын кең қолданады. Минералдық тыңайтқыштар қолдану арқылы жетістікке жету тек белгілі бір жағдайда ғана жүзеге асады. Ең алдымен: судың реакциясы бейтарап немесе әлсіз сілтілі, топырақ рН 6,0 ден кем болмауы, қатты су асты немесе су беті өсімдіктері өсуі 30% – жоғары болмауы және су алмасу уақыты 15 тәуліктен аспауы қажет. Осы жоғарыда айтылғандар тоғандарда сақталмаса, онда тыңайтқыштың әсері жоғарғы эффективті болады деп есептеудің қажеті жоқ.

Судың және топырақтың қышқылдық реакциясын бейтараптау және минерализация процессін жылдамдату үшін тоғандарды әктейді. Бұл үшін сөндірілген немес сөндірілмеген әк қолданылады. Жоғарғы бейтараптылықты сөндірілмеген әк көрсетеді. Топырақ қышқылды -4,0 болса, бейтараптау үшін 1 га тоғанға 20 ц сөндірілмеген әк, рН – 5- 10 және 6,0 –3,0 ц/га себеді.

Тоғанның тыңайтқышқа қажеттілігін әр түрлі жолмен анықтайды: биологиялық сынақ көмегімен (әр түрлі құрамды биогендері бар склянкалар), гидрохимиялық зерттеулер, фитопланктонның дамуын жай көзбен бақылау арқылы. Егер тоғандардағы фитопланктонның дамуы төмен болса және судың мөлдірлігі 0,5 м жоғары болса, онда мұндай тоғандар тыңайтуды қажет етеді деп айтуға болады. Себетін азоттық және фосфорлық тыңайтқыш мөлшерін, азоттың концентрациясын 2, фосфордікін 0,4 -0,5 мг/л дейін жеткізеді. Су әлі құйылмаған өсіру тоғанының түбіне минеральды тыңайтқышты 1гектарға 50 кг аммиак селитрасы және суперфосфат мөлшерінде, сол сияқты суға 30 – 40 кг/га мөлшерде 2 -3 рет 2 тәуліктік интервальмен енгізеді.

Өсіру тоғандарын балықтандыруға 7 – 10 күн қалғанда тыңайту керек. Азотты – фосфатты тыңайтқыштың алғашқы 2 -3 порциясын 5 күндік интерваллмен енгізеді, мөлшері өсіру тоғанындағыдай. Келесісін 10 -12 күннен кейін екі тыңайтқыш түрінде 25 – 35кг 1 га мөлшерінде енгізеді. Судың температурасы 120 С төмендегенде тоғанға тыңайтқыш енгізуді тоқтатады.

Жайылу тоғандарына тыңайтқыштарды судың температурасы 120 С көтерілгенде енгізе бастайды. Судың «көктеуіне» дейін оларды аптасына 1 рет, 1гектарға 50 кг аммиак селитрасы және суперфосфат мөлшерінде енгізген дұрыс. Судың «көктеуі» кезінде тыңайтқыштарды енгізу 10 – 15 күнде 1 ретке төмендейді, және оны 1гектарға 25 кг аммиак селитрасы және 10 кг суперфосфат мөлшеріне дейін төмендетеді. Жайылу тоғандарынан балықтарды аулауға 1 ай қалғанда тоқтатады.

Минералды тыңайтқышты бүкіл тоған суы айнасына біркелкі етіп бөледі. Әр бір 10 кг аммиак селитрасы және суперфосфатты еріту үшін 60 – 70 л су жұмсайды. Жұмыс барысында қайықтар, тыңайтқыш себебтін агрегаттар, жаңбыр жаудырғыш машина және ауыл шаруашылықтық авиация қолданылады [6,7].

Бір реттік енгізілетін тыңайтқыш мөлшерін (х кг/га) келесі формулаға келтіруге болады:

Х = (Г х Н х (А – Б) х 1000) : Р,

мұндағы Н – тоғанның орташа тереңдігі, м;

Г – тоғанның ауданы, га;

А, Б – ұсынылатын және нақтылы судағы биогендер концентрациясы, мг/л;

Р – тыңайтқыштағы биогендер құрамы, %


Мысалы

Азоттың концентрациясын 2 мг/л жеткізу үшін оның судағы мөлшері 0,2 мг/л, тоғанның ауданы 45 га орташа тереңдігі 0,6 м, селитрадағы азоттың мөлшері 33% болғанда өрістеу тоғанына қанша аммиак селитрасын енгізу керектігін есептеу қажет.

Жоғарыдағы формулаға мәнін қоя отырып есептейміз:

Х = (45 х 0,6 х (2 – 0,2) х 1000) : 35 = 1389 кг


ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
Тұқы балығының уылдырығы мен шәуетін алу және сапасын анықтау
Өндіруші балықтар – бұл жыныс өнімдері, яғни уылдырығы мен шәуеті, ұрықтануға жарамды дайын балықтар. Осы өндіруші балықтарды дайындап алғаннан кейін жыныс өнімдерін алуға кірісеміз.



1 сурет – Тұқымдық балықтарды дайындау
Уылдырықты және шәуетті таң сәріде, күн көзі шықпаған, жарық сәулесі тікелей түспейтін уақытта алады. Ауа температурасы су температурасына жуық болуы тиіс. Балықтың басын бір қолымен басып ұстап, екінші қолымен құйрығын қозғалмас үшін баса отырып, бас бармақ саусағымен және сұқ саусағын пайдалана отырып, уылдырықты итеріп, сыға бастаймыз. Уылдырық арнайы таза және құрғақ ыдысқа сығып аламыз. Шәуетті де осы әдіспен сығып аламыз.

Уылдырықтың көлемдік және салмақтық әдіспен санын анықтауға болады. Уылдырықтың санын анықтауда көлемдік әдісте 0,5 литрлік кружка және 1-5 см3 –тық стакан пайдаланамыз.

Алдымен кружкамен барлық уылдырықтың көлемін есептеп аламыз. Сосын, өлшегіш стаканды уылдырықпен толтырып, ондағы уылдырық санын санаймыз. Стаканды уылдырықпен толтырып, оны санауды 3 рет қайталаймыз, осылайша орташа санын анықтаймыз. Стакандағы уылдырықтың орташа санын анықтап алғаннан кейін барлық уылдырықтың көлемін анықтаймыз.

Салмақтық әдіспен анықтағанда ең алдымен барлық уылдырықтың саламығын өлшеп алып, сосын уылдырықтан аз-аздап екі-үш порция (кіші порция 0,2-0,4 грамм, орташа 0,5-3,0 грамм, үлкен 10-20 грамм) алып өлшейміз. Содан кейін әр порциядағы уылдырықты жеке жеке санап, 1 киллограммдағы уылдырықтың орташа санын анықтаймыз. Бір киллограммдағы уылдырықтың орташа саны шыққан соң, барлығын киллограммға көбейте саламыз.

Шәуеттің сапасын бағалау үшін оны сумен араластыра отырып, микроскоптың астында қараймыз. Спермалардың қозғалыс сипатына байланысты 5 классқа бөлеміз:

5- барлық спермалар қозғалғыш;

4- барлық спермалар қозғалғыш, бірақ біраз бөлігі тербермелі қозғалыс жасап ауытқиды;

3- барлық спермалар қозғалғыш, бірақ олардың көп бөлігі терелмелі қозғалады;

2- спермалардың негізгі бөлігі қозғалмалы, қозғалыс негізінен тербермелі;

1- спермалардың көп бөлігі қозғалыссыз.

Жұмысқа әрине, 5 және 4 класстың спермалары жарайды. Шәуеті сапалы аналықтарды екінші рет 10 тәуліктен кейін қолдануға болады.

Алынған уылдырық 30-45 минут, ал спермалар 1,5 сағат бойы ұрықтануға жарайды.






3
2 сурет – Тұқымдық балықтардан шәуетті алу кезеңі
Уылдырықтарды ұрықтандыру, инкубациялау және даму кезеңдері

Қолмен аналықтан сығылып алынған уылдырықтың әр литріне, аталықтан сығылып алынған шәуетті 3-5 мл құйамыз. Оның үстіне 100-150 мл таза су құйамыз. Бір-екі минуттан кейін оны құс қауырсынымен ақырындап араластырамыз. Осылай ұрықтандыру процессі жүреді. Одан кейін ұрықтанған уылдырықтардың жабысқақтығынан айыру үшін әр литр сүтке 5-8 еселеп су құйып, соған араластырамыз. Оны алып «Вейс» аппараттарына саламыз. Ол «Вейс» аппараттарында екі-үш күн тұрып, уылдырықтар ісінеді. Өлген уылдырықтарды тазалап отырамыз. Содан кейін уылдырықтарды арнайы ыдысқа құйып алып, «Амур» аппараттарына саламыз. «Амур» аппараттарында дернәсілдер пайда болады. Ол «Амур» аппараттарында 3-4 күн тұрады.



Амур аппараты тұқытәрізді балықтардың уылдырығын инкубациялауға арналған (сур. 3). Аппаратқа 1 литрге 5-7 мың уылдырық есебінен уылдырық салынады, Уылдырық салынғаннан кейін су ағыны 4-8 л/ мин болатындай жасайды. Судың температурасы 22-25ОС және оттегі 4 мг/л төмен емес мөлшері оптимальды болып саналады. Осы температуралық режимде уылдырық инкубациясы 23-30 сағатқа созылады. Су температурасы 27-29ОС-қа көтерілгенде инкубация уақыты 17-19 сағатқа қысқарады. Дернәсілдердің уылдырықтан шығуы 1-3 сағатқа созылады
3-сурет “Амур” аппараты: 1- цилиндр пішінді ыдыс; 2 – резинка ендірме (прокладка); 3- шпилькалар; 4 – деңгейлік түтік; 5- фильтрлік тор; 6 –сөгілмелі каркас; 7 – су лақтырушы науа; 8 – су ағызушы түтік, 9 – подставка; 10 – суды иірімдеуші; 11 – конус; 12 – суды бөлуші түйін
Аппаратта үш түрлі жағдай өтеді: уылдырық инкубациясы, предличинкаларды ұстау, дернәсілдердің пайда болуы, әр аппаратқа орта есеппен 4500 данаға дейін ұрықтанған уылдырық салынады.

Пайда болған дернәсілдерді арнайы қаптарға салып, оттегі үрлеп, транспорттармен дайындалған тоғандарға тасымалдайды




4-сурет – «Амур» және «Вейс» инкубциялық аппараттары



5,6 сурет – Инкубация кезеңді бақылау



Тұқылардың даму кезеңдері. Жинақталған материал бойынша уылдырықтың ұрықтануынан кейін аппаратта инкубацияланған 29 ұрығы бар 1-ші үлгі алынды.

МБС-10 бинокулярымен қарағанда I саты- Жұмыртқа клеткасымен мен жұмыртқа қабықшасы арасындағы қуыстың сұйықтыққа толу кезеңі (перивительдік кеңістіктің пайда болуы), плазмалық төмпешік-бластодисканың пайда болуы кезеңі (сурет 7, а) және кейбіреулерінің жұмыртқа қабықшасы сары уыздан ажырап, анимальды полюсте плазманың концентрациялануы (сурет 7,ә ) байқалды.

Дәл осы кезеңде уылдырықтың диаметрі 3,8-4,0 мм жетеді (сурет 7, б).

Мұндай перивительдік кеңістіктің болуы уылыдырықтың өзіндік саламағын азайтады да оның су қабатындағы жүзгіштігін артырады; ағынсыз суда уылдырық су түбіне батып кетеді.



2-ші үлгіде II саты.басталды. 1 сағат өткеннен кейін бластодиска 2 бластомерге бөлшектенгенін байқадық (сурет 7, в ) Уылдырықтың ісінуі соңында жұмыртқа қабықшасының көлемі 4,32-5,32 мм; ал жұмыртқаның өзінің көлемі бұрынғы қалпында 1,2-1,3мм.

3-ші үлгіде 4-8 бластомерге (сурет 7, г) бөлшектенді.

4-ші үлгіде Ерте морула (ірі клеткалы) 2 сағат 30 минуттан кейін басталды, (сурет 7, д) кейінгі

5-ші үлгіде (көп клеткалы) морула басталды.

Сонымен бірге перивителдік полюстің сулануы және жұмыртқа қабықшасының созылуы аяқталды.

Уылдырықтың ісінуі соңында жұмыртқа қабықшасының көлемі 4,32-5,32 мм; ал жұмыртқаның өзінің көлемі бұрынғы қалпында 1,2-1,3 мм болып қалды.

6-шы үлгі 6 сағаттық жасында бластула стадиясы басталды (сурет 6, е).

7-ші үлгіде 7 сағаттық жасында III сатысы басталды. Гаструляция – ұрықтық жапырақшалардың пайда болуы байқалды (сурет 6, ж). Ұрықтық жапырақшалары-экто-, эндо- және мезодермадан тұратын ұрықтың бастамасы салынды. Бластодерманың өсуіне қарай саруыз қапшығындағы ұрық қалыңдайды және ұзарады (сурет 6, з).

12-ші үлгіде Гаструляцияның 12 сағат 10 минуттық жасында сарыуздық қақпақ бластопордың бітелуімен тұйықталады. Ұрық бастамасы денесі жұмырланды да білік тәрізід пішін алды. Оның кеңейген бас бөлімі анимальді полюстен басталды, тарылған бөлігі құйрық бөлімі вегетативтік полюсте аяқталды (сурет 6, и).

15 –ші үлгіде IV саты ұрықтық жапырақшалардың негізгі органдарға дифференцияцалануы жүреді.

15 сағаттық жасында көз көпіршігі түзілді, (сурет 6, к) хорда бастамасы салынды, мезодерма сегменттеле бастайды (екі сомит пайда болады), бас миының негізгі бөлімінің бөлімдері (ми көпіршігі) салына басталғаны байқалды.



21 үлгіде көзінде хрусталиктер пайда болды, есту көпіршіктері түзіле бастады (сурет 6, л).

Денсі көптеген бұлшық еттік сегменттерге митомдарға сегменттелген, хорда айқын байқала бастады.



24-ші үлгіде V саты басталды. Сарыуыз қапшығынан құйрық бөлімінен босауы, ұрық денесінің активті қозғалысының басы басталу кезеңі байқалды. Құйрық бөлігінің сарыуыз қапшығынан ажырауы нәтижесінде ұрықтың денесі түзіле бастады (сурет 6, м).

Оның бүйірінен бүйіріне иіліп жылдамырақ бұрылыстар жасайтын уақытына сай келеді. Бұл перивитальдағы сұйықтықтағы газ алмасуды, сонымен бірге тыныс алуды жақсартады да, одан әрі оның қабықшаны жарып шығуына көмектеседі. Басында және жүрегі аймағында көптеген майда кпіршіктер пайда болады, оның бөлген секреті ұрықтың қабықшаны жарып шығу уақытына қарай жұмыртқа қабықшасының беріктігін төмендетеді.





6,7 суреттер - Тұқы балығының эмбриональдық даму кезеңдері мен сатылары а;-б;, в;г;д;е; ж; з; и; к; л; м.



8 cурет - Аппрататтағы уылдырықтардың инкубациялуының соңғы кезеңдері
25-26 үлгілер VІ саты. Ұрықтың қабықшаны жарып шығуы. Ұрықтың қабықшаны жарып шығу уақыты бір тәуліктік жасында басталып бір сағаттан бірнеше сағатқа созылады. Қабықшаны жарып шығу уақыты судың температурасына және оның оттегімен қанығуына қарай жүреді. Біршама жоғарғы температурада және оттегінің аз мөлшерінде жарып шығу жылдамырақ жүреді. Созылыңқы жарып шығу дернәсілдердің сапасынының төмендігін көрсетпейді. Кезеңнің аяғында немесе басындағы жарып шыққан дернәсілдердің тіршілікке қабілеті бірдей болады. Предличинка деп аталатын жарып шыққан ұрықтың ұзындығы 5,0-5,2 мм құрады (сурет 10,а).

Денесі түзу, пигментсіз. Бұлшық ет сигметтері саны 29-31, құйрығында 12-14 болады. Көзінде онша үлкен емес пигметтік дақ болады. Есту капсуласында отолиттің бастамасы байқалады. Екі бөлім жүрекше мен қарыншадан тұратын жүрегінің пульсі көрініп тұрады. Қанның қалыптасқан элементтері қан тамырларында әлі болмайды. Предличинка бұл сатыда қозғалғыш. Табиғи жағдайда олар бәсең судың ағысымен ағып кетеді. Инкуациялық аппаратты жүйелі түрде қыймыл жасайды, яғни судың беткі қабатына көтеріледі, сосын төмен қарай басымен төмендейді. Жоғары көтерілген предличинкалар судың ағысымен аппараттан ағып кетеді.



27-28 үлгілер VІІ саты. Эмбирональдық қантамырлық жүйенің түзілуі және қан айналудың бастамасы уақыты. Предличинка ұзындығы 6,5 мм, табиғи жағдайда предличинкалар су ағысымен ағып кетеді (сурет 10,ә).

9 cурет - Ұрық қабықшасын жарып шыққан предличинкалар
29-шы үлгі VІІІ саты. Қозғалмалы желбезек – жақ аппараттарының және оның қызметінің басы. Предличинка ұзындығы 7,5 мм (сурет 10,б). Ауызы төменгіден жартылай конус тәрізді түрге енді және қозғалмалы. Көзі толығымен пигметтелген, денесінде меланоффорлар мен диффузды сары пигмент пайда болады. Предличинка дәл осы сатыда қозғалғыш болып келеді, активті қозғалады, ауаны жұту арқылы торсылдағын ауаға толтыру үшін оқтын-оқтын жоғары көтеріліп қояды.




10 сурет – Тұқы балығының ұрықтық қабықшаны жарып шыққаннан кейінгі дернәсіл алды сатысы: а;ә;б;
Дернәсілдік кезеңнің даму сатысы

I саты. Дернісілдің аралас қоректенуі.

Дернәсіл ұзындығы 7,5 мм біраз улкенірек, жасы-4,5 тәулік (сурет 11, в)




11 сурет – Тұқы балығының ұрықтық қабықшаны жарып шыққаннан кейінгі дернәсілдік даму сатылары в;г
II саты. Дернәсілдің тек сыртқы қорекке (экзогенді) көшуі. Жасы 7 тәулік. (сурет 11, г). Сары уыз қапшығы толығымен резорбацияланады.

Жалпы қанаттық қатпаршақтарынан тақ қанаттары -арқа, құйрық аналь қанаттарының қалақшалары жекелене бастайды.

Хордасы түзу аяқталады, құйрық қалақшасы дөңгеленіп келеді. Ауызы соңғы, жақ-желбезек аппараты қозғалмалы.

Торсылдағы ауаға толы. Эмбрионның тыныс алу органы редукцияланған, тыныс алу тек желбезек арқылы жүреді. Дернәсіл активті қозғалады сурет 11. Денесі біршама пигменттелген.



III саты. Тақ қанаттарының қалыптасуы. Ұзындығы 8 мм шамасында, жасы 9 тәулік. Құйрық қанатының астыңғы қалақшасынан қанаттың сәулелері түзіледі. 16 тәуліктік жасында, 9 мм ұзындықта барлық тақ қанаттарының –арқа, аналь, құйрық қанаттары айқын жекеленген және оларда қанаттарының сәулелері пайда болған (Сурет 12, д). Хордасының соңғы ұшы жоғары қарай иілген. Құйрық қанаты қалақшасының ортаңғы бөлігінде ойыс пайда болды. Құйрық қанаттары салына бастаған.

12 сурет - Тақ қанаттарының қалыптасуы, д


IV саты. Жұп қанаттарының қалыптасуы.

20 тәуліктік жасында дернәсіл ұзындығы 11,5 мм жетеді (сурет 13, е). Тақ қанаттары жақсы жетілген, қанат қатпаршақтары арасындағы қоспалар редукцияланған. Кеуде және құрсақ -жұп қанаттарында қанат сәулелері пайда болды. Құйрық қанаты терең ойысты. Торсылдағының екі бөлімі де жақсы жетілген.

Дернәсіл сыртынан қарағанда бар жағынан шабаққа ұқсайды, бірақ онда әлі жақсы дамыған аналь қанаты алды қатпаршағы сақталған.


13 сурет - Жұп қанаттың қалыптасуы, е.
Шабақтық толық жетілуі 1 айға дейін созылады сурет 14. Барлық денесі қабыршақпен жабылған, оның ортаңғы бөлігінде бүйір сызығының каналдары тесіктері көрініп тұр.



14 сурет - Тұқы балығының шабақтық даму кезеңдері: а;б
Уылдрықтың сапасы мен дамуының бұзылуы Біздің жұмысымыздағы кейбір ұрықтанбай қалған уылдырықтардың себебі уылдрықтың сапасының төмен болуында және дернәсілдердің кемістігі уылдырықты оның овуляциясынан кейін аналық денесінде артық уақыт ұстап қалудан. Овуляцияланған, демек ястыкта ұлпамен және қантамырларымен байланысын үзген өсімдік қоректі балықтардың уылдырығы ұзақ уақыт аналық денесінде жата алмайды себебі ол жақсы тыныс алуды талап етеді. Сондықтан уылдырықты дәл уақытында сауу өте маңызыды.

Аналықтың денсінде ұзақ сақталған уылдырық сарқырап тез ағып кетеді. Артық ұсталған уылдырық әдеттегіге қарағанда «сұйық», овариальдық сұйықтығы көп болады.Уылдырықтар аздаған сұйықтықтың артық мөлшерінде аналық денесінің өзінде әдеттегіден ірірек болып келеді, кейде қабықшаның сарыуыздан алшақталуы басталады және оның ақайраңдануы байқалады.


ТЕСТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1. Жылы суда алғашқы қол шаруашылықтары нешінші жылдары құрылды:

A) 50-60ж.ж

B) 60-70ж.ж.

C) 70-80ж.ж


D) 80-90 ж.ж
E) 85-95 ж.ж

2. Тауарлы балық өндіруде аквакультураның бағыты қайсысы жоғары орынға ие:

A) индустриалды балық шаруашылығы

B) алапты балық шаруашылығы
C) тоған балық шаруашылығы
D) қапас балық шаруашылығ
E) дұрыс жауабы жоқ



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет