Асылбекова, Г. Балабиева балық шаруашылығЫ


Қапшағай уылдырық шашу - өсіру шаруашылығына жалпы сипаттама



жүктеу 2.93 Mb.
бет2/15
Дата07.03.2018
өлшемі2.93 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

2.3 Қапшағай уылдырық шашу - өсіру шаруашылығына жалпы сипаттама

Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы Алматыдан 75 шаршы щақырымдағы Еңбекшіқазақ ауданының Шалқар ауданында орналасқан. Бұл шаруашылық – Қапшағай су қоймасында атом-электр станциясының салынуына байланысты балықтардың өз еркімен уылдырық шашып жетілуіне кедергі болғандықтан салынып отыр. Бұл Қапшағай уылдырық шашу - өсіру шаруашылығы 1973 жылы іске қосылды. Шаруашылықтың жалпы көлемі 720 га. олардың 8 тоғаны – 50 гектарлық, 10 тоғаны – 5 гектарлық, 1 тоғаны – 14 гектарлық, 22 тоғаны – 1 гектарлық, қалғаны – спецтоғандар.



1 сурет – Капшағай уылдырық шашу өсіру шаруашылығының тоғандары


Мемлекеттік тапсырыс бойынша Қапшағай су қоймасына 6 млн. жас шабақтар жіберіледі. Олардың 3 миллионы тұқы, 3 миллионы өсімдік қоректі балықтар.

Шаруашылыққа 49 миллион теңге бөлінеді, мемлекет тарапынан. Шаруашылыққа 50 қызметкер жұмыс атқарады, 20 дана «веся» аппараты, 18 дана «амур» аппараты бар, 2 жүк машина, 2 трактор, 4 контейнер жұмыс атқарып тұр.

2 сурет – Қапшағай уылдырық шашу өсіру шаруашылығының инкубциялық цехы


3- ТАРАУ

ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
3.1. Тұқы балығының уылдырығы мен шәуетін алу және сапасын анықтау

Өндіруші балықтар – бұл жыныс өнімдері, яғни уылдырығы мен шәуеті, ұрықтануға жарамды дайын балықтар. Осы өндіруші балықтарды дайындап алғаннан кейін жыныс өнімдерін алуға кірісеміз.



3 сурет – Тұқымдық балықтарды дайындау

Уылдырықты және шәуетті таң сәріде, күн көзі шықпаған, жарық сәулесі тікелей түспейтін уақытта алады. Ауа температурасы су температурасына жуық болуы тиіс. Балықтың басын бір қолымен басып ұстап, екінші қолымен құйрығын қозғалмас үшін баса отырып, бас бармақ саусағымен және сұқ саусағын пайдалана отырып, уылдырықты итеріп, сыға бастаймыз. Уылдырық арнайы таза және құрғақ ыдысқа сығып аламыз. Шәуетті де осы әдіспен сығып аламыз.

Уылдырықтың көлемдік және салмақтық әдіспен санын анықтауға болады. Уылдырықтың санын анықтауда көлемдік әдісте 0,5 литрлік кружка және 1-5 см3 –тық стакан пайдаланамыз.

Алдымен кружкамен барлық уылдырықтың көлемін есептеп аламыз. Сосын, өлшегіш стаканды уылдырықпен толтырып, ондағы уылдырық санын санаймыз. Стаканды уылдырықпен толтырып, оны санауды 3 рет қайталаймыз, осылайша орташа санын анықтаймыз. Стакандағы уылдырықтың орташа санын анықтап алғаннан кейін барлық уылдырықтың көлемін анықтаймыз.

Салмақтық әдіспен анықтағанда ең алдымен барлық уылдырықтың саламығын өлшеп алып, сосын уылдырықтан аз-аздап екі-үш порция (кіші порция 0,2-0,4 грамм, орташа 0,5-3,0 грамм, үлкен 10-20 грамм) алып өлшейміз. Содан кейін әр порциядағы уылдырықты жеке жеке санап, 1 киллограммдағы уылдырықтың орташа санын анықтаймыз. Бір киллограммдағы уылдырықтың орташа саны шыққан соң, барлығын киллограммға көбейте саламыз.

Шәуеттің сапасын бағалау үшін оны сумен араластыра отырып, микроскоптың астында қараймыз. Спермалардың қозғалыс сипатына байланысты 5 классқа бөлеміз:

5- барлық спермалар қозғалғыш;

4- барлық спермалар қозғалғыш, бірақ біраз бөлігі тербермелі қозғалыс жасап ауытқиды;

3- барлық спермалар қозғалғыш, бірақ олардың көп бөлігі терелмелі қозғалады;

2- спермалардың негізгі бөлігі қозғалмалы, қозғалыс негізінен тербермелі;

1- спермалардың көп бөлігі қозғалыссыз.

Жұмысқа әрине, 5 және 4 класстың спермалары жарайды. Шәуеті сапалы аналықтарды екінші рет 10 тәуліктен кейін қолдануға болады.

Алынған уылдырық 30-45 минут, ал спермалар 1,5 сағат бойы ұрықтануға жарайды.



4- сурет – Тұқымдық балықтардан шәуетті алу кезеңі


3.2 Уылдырықтарды ұрықтандыру, инкубациялау және даму кезеңдері

Қолмен аналықтан сығылып алынған уылдырықтың әр литріне, аталықтан сығылып алынған шәуетті 3-5 мл құйамыз. Оның үстіне 100-150 мл таза су құйамыз. Бір-екі минуттан кейін оны құс қауырсынымен ақырындап араластырамыз. Осылай ұрықтандыру процессі жүреді. Одан кейін ұрықтанған уылдырықтардың жабысқақтығынан айыру үшін әр литр сүтке 5-8 еселеп су құйып, соған араластырамыз. Оны алып «Вейс» аппараттарына саламыз. Ол «Вейс» аппараттарында екі-үш күн тұрып, уылдырықтар ісінеді. Өлген уылдырықтарды тазалап отырамыз. Содан кейін уылдырықтарды арнайы ыдысқа құйып алып, «Амур» аппараттарына саламыз. «Амур» аппараттарында дернәсілдер пайда болады. Ол «Амур» аппараттарында 3-4 күн тұрады.



Амур аппараты тұқытәрізді балықтардың уылдырығын инкубациялауға арналған (сур. 1). Аппаратқа 1 литрге 5-7 мың уылдырық есебінен уылдырық салынады, Уылдырық салынғаннан кейін су ағыны 4-8 л/ мин болатындай жасайды. Судың температурасы 22-25ОС және оттегі 4 мг/л төмен емес мөлшері оптимальды болып саналады. Осы температуралық режимде уылдырық инкубациясы 23-30 сағатқа созылады. Су температурасы 27-29ОС-қа көтерілгенде инкубация уақыты 17-19 сағатқа қысқарады. Дернәсілдердің уылдырықтан шығуы 1-3 сағатқа созылады


Амур” аппараты: 1- цилиндр пішінді ыдыс; 2 – резинка ендірме (прокладка); 3- шпилькалар; 4 – деңгейлік түтік; 5- фильтрлік тор; 6 –сөгілмелі каркас; 7 – су лақтырушы науа; 8 – су ағызушы түтік, 9 – подставка; 10 – суды иірімдеуші; 11 – конус; 12 – суды бөлуші түйін


Аппаратта үш түрлі жағдай өтеді: уылдырық инкубациясы, предличинкаларды ұстау, дернәсілдердің пайда болуы, әр аппаратқа орта есеппен 4500 данаға дейін ұрықтанған уылдырық салынады.

Пайда болған дернәсілдерді арнайы қаптарға салып, оттегі үрлеп, транспорттармен дайындалған тоғандарға тасымалдайды




5 сурет – «Амур» және «Вейс» инкубциялық аппараттары




6 сурет – Инкубация кезеңді бақылау



Тұқылардың даму кезеңдері. Жинақталған материал бойынша уылдырықтың ұрықтануынан кейін аппаратта инкубацияланған 29 ұрығы бар 1-ші үлгі алынды.

МБС-10 бинокулярымен қарағанда I саты- Жұмыртқа клеткасымен мен жұмыртқа қабықшасы арасындағы қуыстың сұйықтыққа толу кезеңі (перивительдік кеңістіктің пайда болуы), плазмалық төмпешік-бластодисканың пайда болуы кезеңі (сурет 7, а) және кейбіреулерінің жұмыртқа қабықшасы сары уыздан ажырап, анимальды полюсте плазманың концентрациялануы (сурет 7,ә ) байқалды.

Дәл осы кезеңде уылдырықтың диаметрі 3,8-4,0 мм жетеді (сурет 7, б).

Мұндай перивительдік кеңістіктің болуы уылыдырықтың өзіндік саламағын азайтады да оның су қабатындағы жүзгіштігін артырады; ағынсыз суда уылдырық су түбіне батып кетеді.



2-ші үлгіде II саты.басталды. 1 сағат өткеннен кейін бластодиска 2 бластомерге бөлшектенгенін байқадық (сурет 7, в ) Уылдырықтың ісінуі соңында жұмыртқа қабықшасының көлемі 4,32-5,32 мм; ал жұмыртқаның өзінің көлемі бұрынғы қалпында 1,2-1,3мм.

3-ші үлгіде 4-8 бластомерге (сурет 7, г) бөлшектенді.

4-ші үлгіде Ерте морула (ірі клеткалы) 2 сағат 30 минуттан кейін басталды, (сурет 7, д) кейінгі

5-ші үлгіде (көп клеткалы) морула басталды.

Сонымен бірге перивителдік полюстің сулануы және жұмыртқа қабықшасының созылуы аяқталды.

Уылдырықтың ісінуі соңында жұмыртқа қабықшасының көлемі 4,32-5,32 мм; ал жұмыртқаның өзінің көлемі бұрынғы қалпында 1,2-1,3 мм болып қалды.

6-шы үлгі 6 сағаттық жасында бластула стадиясы басталды (сурет 6, е ).

7-ші үлгіде 7 сағаттық жасында III сатысы басталды. Гаструляция – ұрықтық жапырақшалардың пайда болуы байқалды (сурет 6, ж). Ұрықтық жапырақшалары-экто-, эндо- және мезодермадан тұратын ұрықтың бастамасы салынды. Бластодерманың өсуіне қарай саруыз қапшығындағы ұрық қалыңдайды және ұзарады (сурет 6, з).

12-ші үлгіде Гаструляцияның 12 сағат 10 минуттық жасында сарыуздық қақпақ бластопордың бітелуімен тұйықталады. Ұрық бастамасы денесі жұмырланды да білік тәрізід пішін алды. Оның кеңейген бас бөлімі анимальді полюстен басталды, тарылған бөлігі құйрық бөлімі вегетативтік полюсте аяқталды (сурет 6, и).

15 –ші үлгіде IV саты ұрықтық жапырақшалардың негізгі органдарға дифференцияцалануы жүреді.

15 сағаттық жасында көз көпіршігі түзілді, (сурет 6, к) хорда бастамасы салынды, мезодерма сегменттеле бастайды (екі сомит пайда болады), бас миының негізгі бөлімінің бөлімдері (ми көпіршігі) салына басталғаны байқалды.



21 үлгіде көзінде хрусталиктер пайда болды, есту көпіршіктері түзіле бастады (сурет 6, л).

Денсі көптеген бұлшық еттік сегменттерге митомдарға сегменттелген, хорда айқын байқала бастады.



24-ші үлгіде V саты басталды. Сарыуыз қапшығынан құйрық бөлімінен босауы, ұрық денесінің активті қозғалысының басы басталу кезеңі байқалды. Құйрық бөлігінің сарыуыз қапшығынан ажырауы нәтижесінде ұрықтың денесі түзіле бастады (сурет 6, м).

Оның бүйірінен бүйіріне иіліп жылдамырақ бұрылыстар жасайтын уақытына сай келеді. Бұл перивитальдағы сұйықтықтағы газ алмасуды, сонымен бірге тыныс алуды жақсартады да, одан әрі оның қабықшаны жарып шығуына көмектеседі. Басында және жүрегі аймағында көптеген майда кпіршіктер пайда болады, оның бөлген секреті ұрықтың қабықшаны жарып шығу уақытына қарай жұмыртқа қабықшасының беріктігін төмендетеді.


7-сурет - Тұқы балығының эмбриональдық даму кезеңдері мен сатылары а;-б;, в;г;д;е; ж; з; и; к; л; м.


8 -cурет - Аппрататтағы уылдырықтардың инкубациялуының соңғы кезеңдері


25-26 үлгілер VІ саты. Ұрықтың қабықшаны жарып шығуы. Ұрықтың қабықшаны жарып шығу уақыты бір тәуліктік жасында басталып бір сағаттан бірнеше сағатқа созылады. Қабықшаны жарып шығу уақыты судың температурасына және оның оттегімен қанығуына қарай жүреді. Біршама жоғарғы температурада және оттегінің аз мөлшерінде жарып шығу жылдамырақ жүреді. Созылыңқы жарып шығу дернәсілдердің сапасынының төмендігін көрсетпейді. Кезеңнің аяғында немесе басындағы жарып шыққан дернәсілдердің тіршілікке қабілеті бірдей болады. Предличинка деп аталатын жарып шыққан ұрықтың ұзындығы 5,0-5,2 мм құрады (сурет 10,а).

Денесі түзу, пигментсіз. Бұлшық ет сигметтері саны 29-31, құйрығында 12-14 болады. Көзінде онша үлкен емес пигметтік дақ болады. Есту капсуласында отолиттің бастамасы байқалады. Екі бөлім жүрекше мен қарыншадан тұратын жүрегінің пульсі көрініп тұрады. Қанның қалыптасқан элементтері қан тамырларында әлі болмайды. Предличинка бұл сатыда қозғалғыш. Табиғи жағдайда олар бәсең судың ағысымен ағып кетеді. Инкуациялық аппаратты жүйелі түрде қыймыл жасайды, яғни судың беткі қабатына көтеріледі, сосын төмен қарай басымен төмендейді. Жоғары көтерілген предличинкалар судың ағысымен аппараттан ағып кетеді.



27-28 үлгілер VІІ саты. Эмбирональдық қантамырлық жүйенің түзілуі және қан айналудың бастамасы уақыты. Предличинка ұзындығы 6,5 мм, табиғи жағдайда предличинкалар су ағысымен ағып кетеді (сурет 10,ә).

9- cурет - Ұрық қабықшасын жарып шыққан предличинкалар


29-шы үлгі VІІІ саты. Қозғалмалы желбезек – жақ аппараттарының және оның қызметінің басы. Предличинка ұзындығы 7,5 мм (сурет 10,б). Ауызы төменгіден жартылай конус тәрізді түрге енді және қозғалмалы. Көзі толығымен пигметтелген, денесінде меланоффорлар мен диффузды сары пигмент пайда болады. Предличинка дәл осы сатыда қозғалғыш болып келеді, активті қозғалады, ауаны жұту арқылы торсылдағын ауаға толтыру үшін оқтын-оқтын жоғары көтеріліп қояды.

10- сурет – Тұқы балығының ұрықтық қабықшаны жарып шыққаннан кейінгі дернәсіл алды сатысы: а;ә;б;


Дернәсілдік кезеңнің даму сатысы

I саты. Дернісілдің аралас қоректенуі.

Дернәсіл ұзындығы 7,5 мм біраз улкенірек, жасы-4,5 тәулік (сурет 11, в )


11 -сурет – Тұқы балығының ұрықтық қабықшаны жарып шыққаннан кейінгі дернәсілдік даму сатылары в;г


II саты. Дернәсілдің тек сыртқы қорекке (экзогенді) көшуі. Жасы 7 тәулік. (сурет 11, г). Сары уыз қапшығы толығымен резорбацияланады.

Жалпы қанаттық қатпаршақтарынан тақ қанаттары -арқа, құйрық аналь қанаттарының қалақшалары жекелене бастайды.

Хордасы түзу аяқталады, құйрық қалақшасы дөңгеленіп келеді. Ауызы соңғы, жақ-желбезек аппараты қозғалмалы.

Торсылдағы ауаға толы. Эмбрионның тыныс алу органы редукцияланған, тыныс алу тек желбезек арқылы жүреді. Дернәсіл активті қозғалады сурет 11. Денесі біршама пигменттелген.



III саты. Тақ қанаттарының қалыптасуы. Ұзындығы 8 мм шамасында, жасы 9 тәулік. Құйрық қанатының астыңғы қалақшасынан қанаттың сәулелері түзіледі. 16 тәуліктік жасында, 9 мм ұзындықта барлық тақ қанаттарының –арқа, аналь, құйрық қанаттары айқын жекеленген және оларда қанаттарының сәулелері пайда болған (Сурет 12, д). Хордасының соңғы ұшы жоғары қарай иілген. Құйрық қанаты қалақшасының ортаңғы бөлігінде ойыс пайда болды. Құйрық қанаттары салына бастаған.

12 -сурет - Тақ қанаттарының қалыптасуы, д



IV саты. Жұп қанаттарының қалыптасуы.

20 тәуліктік жасында дернәсіл ұзындығы 11,5 мм жетеді (сурет 13, е). Тақ қанаттары жақсы жетілген, қанат қатпаршақтары арасындағы қоспалар редукцияланған. Кеуде және құрсақ -жұп қанаттарында қанат сәулелері пайда болды. Құйрық қанаты терең ойысты. Торсылдағының екі бөлімі де жақсы жетілген.

Дернәсіл сыртынан қарағанда бар жағынан шабаққа ұқсайды, бірақ онда әлі жақсы дамыған аналь қанаты алды қатпаршағы сақталған.


13- сурет - Жұп қанаттың қалыптасуы, е.

Шабақтық толық жетілуі 1 айға дейін созылады сурет 14. Барлық денесі қабыршақпен жабылған, оның ортаңғы бөлігінде бүйір сызығының каналдары тесіктері көрініп тұр.



14 -сурет - Тұқы балығының шабақтық даму кезеңдері: а;б


Уылдрықтың сапасы мен дамуының бұзылуы

Біздің жұмысымыздағы кейбір ұрықтанбай қалған уылдырықтардың себебі уылдрықтың сапасының төмен болуында және дернәсілдердің кемістігі уылдырықты оның овуляциясынан кейін аналық денесінде артық уақыт ұстап қалудан. Овуляцияланған, демек ястыкта ұлпамен және қантамырларымен байланысын үзген өсімдік қоректі балықтардың уылдырығы ұзақ уақыт аналық денесінде жата алмайды себебі ол жақсы тыныс алуды талап етеді. Сондықтан уылдырықты дәл уақытында сауу өте маңызыды.

Аналықтың денсінде ұзақ сақталған уылдырық сарқырап тез ағып кетеді. Артық ұсталған уылдырық әдеттегіге қарағанда «сұйық», овариальдық сұйықтығы көп болады.Уылдырықтар аздаған сұйықтықтың артық мөлшерінде аналық денесінің өзінде әдеттегіден ірірек болып келеді, кейде қабықшаның сарыуыздан алшақталуы басталады және оның ақайраңдануы байқалады.
3.4 Дернәсілдер мен шабақтарды тоғандарда өсіру.
Көктемнің алғашқы күндерінен бастап, өсіру тоғандарын дайындау жұмысына кіріседі. Оларды тазартады, топырағы қышқылданған жерлеріне әк шашады. Жалпы тоған түбін культиватормен қопсытып, сиыр жоңышқаны сұлы араластырып егеді. Тоғанға шабақ жіберердің алдында он-он екі күн бұрын суға толтырады.

Инкубациядан шыққан дернәсілдерді осы алдын-ала дайындалған тоғандарға арнайы қаптармен оттегі құйылған күйде машина, тракторларға салып тасымалдап, тоғандарға жібереді. Оларды осы кезден бастап қоректендіре бастайды. Күніне екі мезгіл қоректендіреді: азанда және кешке.

Личинкалық периодта қысқа уақытта 10-15 тәулікте организмнің морфологиялық және физиологиялық түбегейлі өзгерісі жүреді. Сондықтан бұл балық өміріндегі ең маңызды уақыт, себебі дәл осы периодта балықтың ең көп шығыны болады. Тұқының личинкалық периоды 6 этаптан тұрады.
3- кесте - Тұқы балығы дернәсілдерінің дамуының морфологиялық ерекшеліктері


Даму этапы

Ұзындығы

Морфологиялық белгілері

В

5,6-6,5

Торсылдақ ауаға толы. Сарыуызы көп. Қоректенуі аралас, эндогенді қоректенуі артық. Желбезек қақпағы толық емес.

С1

6,5-7,0

Сарыуызы жоқ. Қоректенуі эндогенді. Құйрығы бүрмесінің төменгі бөлігінде мезенхиманың жиналуы. Желбезек қақпағы толық емес.

С2

7,0-9,0

Тақ қанаттардың түзілуі (арқа аймағындағы желбезек бүрмесінің жоғарылауы, аналь және арқа бөліктеріндегі мезенхиманың жиналуы). Құйрық қанатының төменгі қалақшасында гипурамийлер мен терілі қанатты сәулелер пайда болған.

Д1

9,0-10,0

Торсылдақтың екінші (алдыңғы) камерасы ауаға толады. Арқа және анальқанаттарында сүйекті сәулелер, құйрық қанаттарында – сүйекті сәулелер. Жұп қанаттары түзеледі. Арқа және аналь қанаттары құйрық қанатымен жіңішке қылта арқылы байланысады.

Д2

10,0-13,5

Құйрық қанаты айыр формалы. Арқа аналь қанаттары сүйекті сәулелері пайда болады. Арқа және аналь қанаттары құйрық қанатымен жіңішке қылта арқылы байланысады.

Е

13,5-15,0

Барлық қанаттарында сәулелері дамиды. Құрсақ қанаттары аналь маңы бүрмелерінің жиегінен асады. Ішегінде екі ілмек пайда болады.

Дернәсілдің өмір сүруі мен өсуін анықтайтын негізгі факторларға судың температурасы, оттегінің мөлшері, қоректік база, жыртқыштар мен жауының болуы жатады. Сондықтан, осы факторлардың оптимальды және шектік мәнінің болуы личинкаларды өсірудің өндірістік технологиясының жетілдіруіне әсер етеді. Личинкалардың тіршілік ететін температураның диапазоны кең, жоғарғы летальды шекара 340С, оптимальды 26-280С.



3.5. Қапшағай су қоймасына шабақтарды тасымалдау
Уақыты жеткенде тоғандағы суларды ағызу арқылы азайтып су деңгейі төмендегенде майда көзді аумен сүзіп алып, аудан шелекпен арнайы қаптарға салып, қаппен контейнерлі транспорттарға салады. Сол транспорттармен Қапшағай су қоймасына апарып құяды.

15 - сурет – Тұқы балықтарының шабақтарын тасымалдау



16-сурет - Тұқы балықтарының шабақтарын тасымалдау




17- сурет - Тұқы балықтарының шабақтарын тормен аулау



4-ТАРАУ

БАЛЫҚТАРДЫҢ БАСҚА ТҮРЛЕРІН ЖАСАНДЫ ӨСІРУ БИОТЕХНИЯСЫ

4.1 Өсімдік қоректі балыктарды өсіру биотехникасы
Қиыр шығыстық өсімдікқоректі балықтар ақ дөңмаңдай -Нірорһіаітісһіһуз тогіх, Сұр дөңмаңдай - Агізіісһіһуз поЬіііз, ақ амур - Сіепорһагуп ісіеііа суқоймаларда өсірілетін қоректік қорды тиімді немесе толығымен тұтынатын жоғары өнімді нысан-дар ретінде сипатталады.

Өсімдікқоректі балықтардың аквакультура нысанасы ретіндегі құндылығы олардың қоректену ерекшеліктеріне байланысты. Бұн-дай балықтар суқоймада түзілетін біріншілік өнімді пайдаланады (балдырлар, жоғары сатыдағы өсімдіктер), бұл өз кезегінде трофи-калық тізбектің екінші сатысынан бастап, тауарлық балықты алуға мүмкіндік береді.

ӨсімдікҚоректі балықтарды жерсіндіру жұмыстары жэне оларды балық шаруашылығында меңгеру ТМД-да XX ғ. 30 жыл-дарының аяғынан басталады. 1960-1970 ж. бұл балықтарды кәсіптік өсіру технологиясының биологиялық негіздері жетілдірілді.

Жалпы өсімдікқоректі балықтар тоған шаруашылықтарының 25% өнімін, ал оңтүстік аймақтарда 50-70% береді. Өсімдікқоректі балықтардың репродуктивті циклы экологиялық факторлардың эсеріне байланысты кең диапазонды өзгергіш келеді. Оларды жерсіндіру ареалы шегі кең, өсірудегі негізгі факторға су темпе-ратурасы жатады. Қандай да бір өңірдің өсімдікқоректі балықтарды көбейтуге жарамдылығын сипаттайтын климаттық жағдайдың көрсеткішіне - біріншілік пісіп жетілуге қажетті эффективті жылудың жиынтығы жатады. Өсімдікқоректі балықтардың көбею-іне қажетті температураның оптимумы шегі түрлі климаттық аймақтарда арнайыланған (спецификалық) болып табылады. Қоң-ыржай климатты аудандарда 20,-23 С температураны гонадалардың жыныстық жетілуі мен көбеюінің дамуына қажетті оптимумның төменгі шегі деп болжауға болады.

Көбеюші жүйенің қалыпты қызметін қамтамасыз ететін активті температураньщ жиынтығы (15 градустан жоғары) 2600 градус-күннен асуы керек.

Балықтың өсу жылдамдығы мен гонадалардың дамуы арасын-да тығыз байланыс болады. Өсуінің баяулауы вителлогенездің басталуын тежейді, жұмыртқа бездерінің дамуы II даму сатысында тоқтап қалады. Қолайсыз жағдайларда жыныстық жетілген аналыктардың жайылуы олардың өнімділігінің төмендеуіне және уылдырық сапасының нашарлауына экеледі. Аталық бездерінін дамуына өсу жылдамдығы жұмыртқа бездеріне қарағанда айтарлықтай аз әсер етеді. Бірақ бұндай аталықтардың шәуеті аз жэне оның сапасы төмен болады. Ақ амур мен дөңмаңдай балықтары бір уақытта уылдырық шашады. Жыныстық жетілген аналықтарының көбеюге пайдаланбаған уылдырықтары резорбция-ланады. Жайылымның қолайлы жағдайлары жасалған уақытта шашылмаған ооциттердің резорбциясы оогенездің жолын бұзбайды жэне аналықтары келесі маусымда уылдырық шашуда қайтадан қолданылуы мүмкін.



Өсімдікқоректі балық аталықтарының аталық бездері вегета-циялык маусым бойы функциональды пісіп жетілу сатысынан шашылу жағдайына өтеді, бұл оларды көбейтуде бірнеше рет қолдануға мүмкіндік береді.

Үйірді өсіру және күтіп-бағу. Бүл процесте гонадалардың дамуына, уақытында жыныстық жетілуді қамтамасыз ететін жағдайлар жасау керек. Өндірушілер жогары өнімділікке ие болуы керек. Осы жағдайларды қамтамасыз ету үшін Солтүстік Кавказ бен ұқсас климаты бар аймақтардың жағдайларында асылдандыру материалын өсірудің балық шаруашылықтық билогиялық норма-тивтері жетілдірілген (4.1-кесте).
4.1-кесте. Асылдандыру материалын өсірудің балық шар-уашылыкгық-биологиялық нормативтері (Виноградов, 1985)


Балық

Ақ дөңмаңдай

Шұбар дөңмандай

Ақамур

жасы, жыл

Салмағы, кг

Балық өнімділігі, кг/га

Сал-мағы, кг

Балық өнімділі гі, кг/га

Салма-ғы, кг

Балық өнімділ-ігі, кг/га

0+

0,05

300-400

0,1

200-300

0,1

100

1+

1,0

300

1,5

200

1,5

100

2+

2,0

200-300

3,0

150

3,0

100

3+

3,0

200

5,0

150

5,0

100

4+

4,0

200

7,0

100

7,0

100

Асылдандыру үйірін өсіргенде бір түрдің түрлі жастағы дараларын ұстау рұқсат етілмейді, себебі бүл қорекке көбірек талап қоятын ересек балықтардың дамуы мен өсуін тежейді.

Жаздық жайылым уақытында өндірушілердің өсу салмағы 1,5-2 кг құрауы керек. Өндірушінің біріншілік салмағына уылдырық шашу алдындағы массасы алынады. Осылайша, уылдырықты сауу есебінен жүретін аналықтың массасының жоғалтуын есептегенде, массасының өсуі аталықтарға қарағанда анағұрлым көп болуы керек.

Ең жақсы балық шаруашылықтық нәтижелер 6-8 жастағы өндірушілерді қолданғанда (эксплуатацияның 2-4-жылы) алынады. Ересек жастағы аналықтардың жайылымдық жағдайларға талабы жастарына қарағанда жоғарырақ.

Жасанды жолмен уылдырық алу. Жыныс өнімдерін алуда гипофизарлық инъекция әдісін қолданады. Оңтүстік аймақтарда аналықтары уылдырық шашуға мамырдың ортасында дайын болады. Жасанды жолмен ұрықтандыру судың орташа тэуліктік температурасы 19-20°С болғанда басталады. Гонадотропиннің әсеріне тек IV пісіп жетілу сатысына жеткен аналықтар ғана жауап береді.

Өндірушілерді қолдану мерзімі мен баптау режимін анықтауда дифференциацияланған жолдары жетілдірілген. Ең алдымен көбею процесіне уылдырық шашуға дайын, бірақ нашар ет қосқан аналықтарды алады, ал күйлілігі жақсы, уылдырық шашуға дайын аналықтарды терең, аз қоректі тоғандарда ұстайды. Ал гонадалары дамымаған аналықтарды жақсы жылынатын, қоректік базасы бай тоғандарда ұстап, олардың пісіп-жетілуін тездетеді.

Аналықтардың жұмысшы өнімділігін көбейту, уылдырық-тардың дернәсілден шығып олардың тірі қалуын жоғарылату мақсатында дөңмаңцай балықтарының аналықтарына уылдырық шашу кезеңі алдында биологиялық белсендіргіш заттарды енгізу тәсілі жетілдірілген. Биологаялық белсендіргіш зат ретінде 13 аминқышқьуіының қоспасын қолданады. Оларға В6 цитаминін қосады. Препаратты құрсаққа уылдырық шашу басталуына 40-45 күн бұрын енгізеді. Препаратты енгізгеннен кейін көбею кезеңіндегі аналық шығынының азайғандығы анықталған.

Уылдырық шаштыру шараларын өте қысқа уақытта жүргізу қажет, себебі өсімдікқоректі балықтардың дернэсілдерін тоғандарға неғұрлым ерте жіберу керек. Балық гипофизінен жасалған сус-пензияны енгізгенде балық уылдырық шашуға көбею жағдайының бар немесе жоқ болуына тэуелсіз өтеді. Пісіп жетілуге қажетті жағдайлар қолайлы оттегілік режим 2 құрамы 4 мг/л аз болмауы керек.) және су температурасы 19-20 С төмен болмауы керек. О2 -нің мөлшері 2 мг/л дейін төмендегенде аналыктар пісіп жетілмейді. Температураның күрт төмендеуі де аналықтардың пісіп жетілуіне кері эсерін тигізеді.

Ақ амурдың аналықтары үшін шектік температура - 16 С (бұл жағдайда пісіп жетілуі мүмкін), ақ дөңмаңцай үшін - 17°С, шұбар дөңмаңдай үшін - 18°С.

Гипофиз затын екі мәрте егеді. Бірінші жэне екінші инъекциялардың мөлшерінің қатынасы 1:10, олардың арасындағы интервал 12-24 сағ.

Алдын-ала жасалған инъекция ядролардын поляризациясын жэне овуляцияны туғызып, мейозга дайындығын қамтамасыз етеді. Осылайша, овуляция алды процестері дайындығы өтуіндегі кезектіліктің бұзылуына жол бермеуге брлады, бұл бір рет инъекция жасағанда болуы мүмкін.

Өндірушілердің пісіп жетілуін жандандыруға (стимулдеуге) сазан, тұқы, тран, мөңке, жайын гипофизін және хорионның гонадотропині (ақ және шұбар дөңмаңдайларға) қолданылады.

Ацетонданған гипофиздердің тапшылығы мен қымбатгығы, қасиеттері ұқсас басқа жандандырғыштарды (стимуляторларды) іздеуді талап етеді. Осындай препараттардың біріне "нересТин - 1а" жатады. Ол изотоникалық ерітіндіде еріген синтетикалық компо-ненттерден тұрады (құрамына гонадотропиннің суперактивті рилизинг - факторлары кіреді). Препарат стандартты активті, анти-стресстік әсері элсіз, қосымша антибиотиктердің енгізуін талап етпейді. Дөңмаңдай аналықтарына препараттың ұсынылатын дозасы 0,3 мг/кг, аталықтарына аналық дозасының 70-75%. Бірқатар балық шаруашылығында қоданылатын препарат сазанның гипофизінен кем рмес нэтижелер береді.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет