Асылбекова, Г. Балабиева балық шаруашылығЫ


Жыныс өнімдерін алу, уылдырық инкубациясы, дернәсіл-дерді өсіру



жүктеу 2.93 Mb.
бет3/15
Дата07.03.2018
өлшемі2.93 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Жыныс өнімдерін алу, уылдырық инкубациясы, дернәсіл-дерді өсіру. Зауыдтық тэсілмен ұрпақ алу келесідей процестерден тұрады:

  1. уылдырық пен шэуетті сауу;

  2. уылдырықты жасанды ұрықтандыру;

3) уылдырық инкубациясы мен дернәсілдерді күтіп-бағу Инъекциялауға арналған гипофиздің мөлшерін аналықтардың салмагы мен дене ауқымын ала отырып анықтайды.

Есептеуді номограмма бойынша жүргізеді 4.1-сурет, ол үшін балықтың массасын дене ауқымына байланысты гипофиздің дозасына (мг/кг) көбейтеді. Екінші (рұқсат етуші) инъекцияда аналықтарға 3-5 мг/кг дене салмағына, ал аталықтарға 0,8-1,2 мг/кг есептеп егеді.



4.1-сурет. Акамур балығын иньекциялаудағы гипофиз дозасын есептеу номофаммасы.
Алынатын уылдырық сапасын анықтаушы негізгі іске алдын ала жэне рұқсат етілген инъекция арасындағы интервалды дұрыс таңдау жатады.

Судың температурасы жоғарылаған сайын интервал 20-22°С-та 24 сағаттан 27 С-тан жогары температурада 6-8 сағатқа дейін қысқарады. Сәйкесінше, гормонның дозировкасы да қысқарады, эсіресе алдын-ала инъекция жасағанда -1/15-1/20 дозаға дейін (рұқсат етілген доза 3-5 мг/кг аналықгың салмағына алынады) рұқсат етілген.

Жыныс өнімдерінің жетілуі инъекциядан соң 10-12 сағаттан кейін, судың 20-22°С температурасьінда жүреді.

Әр аналықтың уылдырығын жеке-жеке ыдысқа сауады. Уылдырықты алу мезетінде шэует алынып қоюы керек, оны салқын қараңғы жерде сақтайды. Уылдырықты ұрықтандыру құрғақ тэсіл-мен жүргізіледі. 1 л уылдырыққа 3-5 аталықган алынған 5 мл шэует қолданылады. Шэуетті құс қауырсынымен біркелкі етіп уылдырықтың үстінен араластырады. Одан кейін ыдысқа 100-150 мл су құйып, уылдырықты 1-2 минут бойы жақсылап араластырады. Осы уақытта уылдырықтың ұрықтануы жүреді. Сосын тағы су қү-йып, бірнеше рет шайып уылдырықты тазартады. Операцияны 2-3 рет уылдырық шырыштан, ұйыған қаннан тазарғанша жүргізеді. Шайылған және ұрықтанған уылдырықты ВНИЙПРХ инкубация-лық аппаратына салады. Личинкаларды ұстау үшін ИВЛ-2 аппа-ратын қолданады. Сонымен қатар уылдырықты инкубациялау мен личинкаларды үхтау үшін "Амур" аппаратын да қолдануға болады.

Уылдырықты аппараттарға 1 л көлемге 5-7 мың уылдырық есебінен салады. Инкубация кезінде ең шешуші мәнді температу-ралық және оттегілік режим атқарады. Уылдырықты салғаннан кейін су ағыны 4-8 л/мин, температура - 22-25°С жэне О2 мөлшері 4 мг/л төмен болмаса, жағдай оптимальды деп есептеледі. Осы температуралық режимде уылдырықтың инкубациясы 23-30 сағатқа созылады. Егер судың температурасы 27-29 С көтерілсе, инкубция уақыты 17-19 сағатқа қысқарады. Уылдырықтан дернэсілдердің шығуы 1-3 сағатта жүреді. Егер дернәсілдердің уылдырықтан шығуы кешігетін болса, онда судың келуін 3-5 рет 7-20 мин тоқтатып, жасанды стимуляциялау арқылы жүзеге асырылады.

Соңғы жылдары өсімдікқоректі балықтардың ұрпағын алудың бассейндік әдісі немесе экология-физиологиялық әдісі жетілдіріліп енгізілген. Бұл эдістің негізіне домалақ бассейндерге диаметрі 4-8 м және тереңдігі 1 м айналмалы су ағысын жасау жатады, яғни өзендік ағысты тудырады. Гормональды инъекциядан кейін бас-сейнге өсімдікқоректі балықтардың өндірушілерін отырғызады. Диаметрі 8 метрлік бассейнге отырғызу нормасы: ақ амур 25 жұпқа, ақ дөңмаңдай 30 жұпқа және шұбар дөңмаңдай - 20 жұпқа дейін. Өндірушілерді салмағы және уылдырық шашуға дайындық дэрежесі бойынша бірыңғай таңдайды. Инъекциялау схемасын уылдырқ шашу уақыты таңғы уақытта жүретіндей етіп есептейді. Уылдырық шашуды стимуляциялау үшін бірнеше минутқа бассейнге судың келуін тоқтатады. Уылдырық ұстағыштардан ұрықтанған уылдырықты сумен бірге инкубациялық аппараттарға орналастырады.

Бұл эдістің дәстүрлі әдіске қарағанда артықшылығы жыныс өнімдерін алудағы іс-эрекеттердің болмауы, өндірушілердің уылдырық шашқаннан кейінгі өлімі азаяды, уылдырықтың толық шашылуына байланысты аналықтардың жұмысшы өнімділігі жоғарылайды.

Инкубациялық цехтың соңғы өнімі аралас қорекке көшкен дернэсілдер. Осы сатысында дернэсілдер ұзақ қашықтыкка орын ауыстыруға шыдайды.

Өсіруші тоғандарды балықпен қамтамасыз ету үшін массасы 25-30 мг жэне одан да жоғары зоопланктонмен қоректенуге көшкен дернәсілдерді қолданады. Шабақтық тоғандарда дернэсілдерді өсіру технологиясымен ұқсас.

Өсімдікқоректі балықтарды зауыдтық көбейтудегі негізгі сәтке өндірушілердің үлкен шығыны жатады. Уылдырық шашу тобыкдагы өндірушілердің өлімін тудыратын негізгі себептерді анықтау жэне жыныс өнімдерін алу уақытындағы жарақаттар мен жыныстық жетіліп қойған (перезревшие) және физиологиялық уылдырық шашуға дайын емес аналықтарды қолдану жатады. Осыган байланысты көктемде балыктардың бонитировкасын мұқият жүргізеді, жұмысты өте қысқа мерзімде аяқтау керек. Бұл гипофизарлық инъекциядан кейін пісіп жетілмеген аналықтарды пайдаланбауға мүмкіндік беріп, өндірушілердің өлімін азайтады. Өндірушілерде инъекциядан кейінгі қабыну процестерін төменде-тетін эффективті зат ретінде пенициллин қолдану үхынылады.

Өндірушілермен жұмыс істегенде стресстық жағдайды бол-дыртпау үшін келесідей ұсыныстар беріледі:


  1. Өндірушілерді уылдырық шашу алды тоғандарына күздегі
    бонитировкадан кейін немесе ерте көктемде отырғызу.

  2. Суқоймалардағы өндірушілерді күзде дайындап, 0,6 га-дан
    үлкен емес тоғандарға отырғызу. Егер өндірушілерді уылдырық
    шашу уақытында ауласа, онда оларды бірден көбеюге қолдану
    керек.

Шабақтарды өсіру. Сыртқы қорекке көшкен дернэсілдер сыртқы орта жағдайларының өзгерісіне өте сезімтал келеді. Сондықтан қазіргі кезде дернэсілдерді тіршілікке төзімді сатыла-рына дейін өсіру қолға алынуда. Дернэсілдерді ауданы 1 га жэне тереңдігі 1 м шабақтық тоғандарда өсіреді. Отырғызу тығыздығы қоректік жағдайларға байланысты 3-4-тен 8-10 млн дана/га дейін болуы мүмкін. Дернәсілдерді көшіргеннен кейін тоғандарға минералды тыңайтқыштарды: 1 га-га аммиактық селитраны - 50 кг және суперфосфатты - 20-25 кг мөлшерінде енгізеді. Щабактарды 10-12 тәулік бойы салмағы 15-20 мг-ға дейін және ұзындығы 11-12 мм-ге дейін өсіреді. Шабақтарды өсіру үшін тоғандардан басқа бетондық бассейндерді немесе полиэтилен пленкасымен қапталған ағаш астауларды пайдаланады. Астаулардың өлшемі 4x0,6x0,6 м. Бассейндер мен астауларға отырғызу тығыздығы 100-150 мың дана/м3. Астау мен бассейндерде шабақтарды өсіргенде қоректен-діру жүргізеді. Ол үшін соя және балық қоспасын қолданады, ол 60% - балық, 15% - ұн, 7% - қан ұнынан, 12% - майсызданған сүттен, 5% - өсімдік майынан жэне 1% витаминдердің қоспасынан тұрады. Қоспаны түйіршік түрінде, ал өсімдік майынсыз - үлтақ түрінде қолданды. Күніне 12 ретке дейін қоректендіреді. Өсірілген шабақтардың 60-70% тірі қалады.

Осы жылдық шабақтарды өсіру. Өсімдікқоректі осы жыл-дық шабақтарды монокультурада жэне тұқымен бірге поликуль-турада да өсіруге болады. Поликультурада өсіру анағұрлым тиімді, себебі онда тоғанның өнімділіг 2-3 есе өседі.

Осы жылдық шабақтарды өсіруде көлемі 10-15 га өсіруші тоғандарды қолданады.

- Өсімдікқоректі балықтардың шабақтарын өсіруші суқоймаға суы толғаннан кейін 7-10 тәуліктен кешіктірмей салады. Түбінде өсімдіктері бар біртіндеп толтырылып отыратын тоғандарға отырғызылған шабақтар өте тиімді, яғни тоғандардың біртіндеп толуы қоректік базаның жақсы дамуын қамтамасыз етеді. Жеткілікті өспеген шабақтарды отырғызғанда оларды тұқының шабақтары жеп қоюы мүмкіндігі бар екендігін естен шығармау керек. Сондықтан өсімдікқоректі балықтардың шабақтарын түды шабақтарынан бұрын отырғызу керек. Осы жылдық шабақтарды өсіруші тоғандардан судың температурасы 12-14 градусқа төменде-генде аулайды. Шабақтар өте оңай жарақаттанатындықтан оларды дельдік балық аулағыш көмегімен аулайды.

Ақ дөңмаңдайды жылымдық аумен аулағанда өте сақ болу керек: ол шудан қорқады, сондықтан судан секіріп, құрғақ жерге шығып кетуі мүмкін. Суды ағызғанда бірінші ақ дөңмаңдай, сосын шұбар дөңмаңдай өрістейді, ақ амур тұқымен бірге өрістейді. Ауланған осы жылдық шабақгарды түрлері, өлшемі бойынша сұрыптап, санап, антипаразитарлық ванналардан өткізеді де қыстау тоғандарына жөнелтеді. Қыстатуды жеке тоғандарда немесе тұқымен бірге, бірақ өсімдікқоректі балықтардың санын басым алып қыстатады.

Тауарлық балықты өсіру. VII аймақта барлык тауарлық өнімнен өсімдікқоректі балықтардың үлесі 60%, ал ІУ-УІ аймақтарда 20-40% дейін құрауы мүмкін. Бір жылдық балықтардың отырғызылуы олардың қоректену ерекшеліктеріне байланысты жүреді.

Ақ амур өте тығыз отырғызылган поликультура жағдайында барлық өсімдіктерді құртып, тұқыға арналған қоректі тұтынуға көше алады. Сондықтан тұқының отырғызылу нормасы өсімдік-қоректі балықтардың жалпы санының 10-15% аспауы керек. Осындай тығыздықпен екінші жазда тұды 0,5-0,8 кг жетеді. Ақ амур бойынша тоғандардың өнімділігі 1,2-1,5 ц/га аспайды. Ақ амур каналдарға, көл және интенсивті өскінденетін тоғандарға өсімдіктердің шектеп өсуіне қарсы шара ретінде кеңінен қолданылады. Екінші жазда ақ дөңмаңдай 0,4-0,7 кг, шұбар дөңмаңдай 0,8-1,2 кг жетеді.


4.2. Албырт балықтарын жасанды өсіру биотехникасы
Бахтахты дүние жүзінің көптеген елдерінде өсіреді. Өсіру объектілеріне құбылмалы бахтах, басы болат түсті албырт, өзен бахтағы жатады. Біздің еліміздегі негізгі объекті - құбылмалы бахтах. Бүл түр сыртқы орта жағдайларына тез бейімделеді. 0 °-ден 27 ° С температураға төзе алады, бірақ оптимальды I °-ра 15-18 ° С. Оптимальды оттегі концентрациясы 9-11 мг/л.

Бахтах шаруашылығының сипаттамасы. Бахтах шаруашы-лығы көлемі жағынан үлкен болмайды. Өндірісінің аяқталуына байланысты олар толық жүйелі жэне толық емес жүйелі деп бөлінеді.

Толық жүйелі шаруашылықтар екі жылдық айналыммен жұмыс істейді, бірақ бахтах 800-1000 г жету үшін 3-4 жылдық айналым қажет.

Суық сулы шаруашылықтарды құрудың негізгі шартына өсірілетін объектінің биологиялық талаптарына жауап беретін сумен қамтамасыз етуші көздің бар болуы жатады. Бахтах шаруашылықгарын қоректендіру үшін бұлақ, өзен, көл, суқойма және жер асты суларын қолданады. Жер асты суларының температурасы т^рақты, ластанудан таза, паразитгер жоқ жэне циркуляциялық құрылғылардың жақсы көзі болып табылады.

Су көзінің қуаттылығы шыгатын өнімді анықтайды. Су шығынын өндіріс ауданымен немесе алынатын өніммен есептейді. Дәстүрлік тоғандарға тәулігіне 2-5 рет су ауысуы қажет. Бассейн-дерде 50-ден 100 кг/м 3 отырғызу тығыздығында су сағатына 5-10 рет ауысуы қажет.

Толык жүйелі тоған шаруашылығына питомник жэне тауар-лық өсіруге арналған тоғандар кіреді.

Питомникке шарбақтар және көбею кезеңінің алдында өндіру-шілерді уақытша ұхтауға арналған бассейндер, инкубациялық цех жэне бассейндер, шабақ өсіруге арналған астаулар мен өсіруші тоғандар жэне аналық пен жетілдірілетін үйірді ұстауға арналған тоғандар жатады.

Тоғандарды интенсивті қолданғанда бахтахты өсіру мен қоректендіру үшін қоректік база маңызды емес. Шешуші фактор отырғызу тығыздығын анықтайтын судың алмасуы. Тоғанның ені 4 м-ден 12 м-ге дейін, ұзындығы 20-дан 50 м-ге дейін, тереңдігі 1,2 м-ден аспауы керек.

Құбылмалы бахтах судың жоғары тұздылығына шыдайды. Неғұрлым балықтың жасы үлкен болса, соғұрлым ол эвригалинді. Бір жылдықтар 20 % түдцылыққа шыдайды.

Біз тұщы сулы және интенсивті технологияны қолданатын бахтах шаруашылығына тоқталамыз.

Өндірушілерді ұстау және уылдырық шашуға дайындау. Бахтах балығының аналық үйірі 4-6 жастық, салмағы 800-3000 г аналықтардан және 3-5 жастық 150-1500 г аталықтардан тұрады. Аналық пен аталықтың сандық қатынасы 1:3-4; аналықтардың қоры өндірушілер үйірінің - 50 %, аталықтардыкі - 10 %.

Өндірушілердің бір бөлігі жасына байланысты оқтын-оқтын шеттетіліп отырады, оларды 2-3 жастан ремонттық балықтармен ауыстырып отырады. Жетілдірілетін балықтарды аналық үйірге ауыстырғанда, оларды салмағы, экстерьерлік көрсеткіші, уылды-рығы мен шәуетінің сапасы бойынша бағалайды. Аналық үйірге , ауыстырғанда аналықтың салмағы 800 г, ал аталыктардікі 500 г төмен болмауы керек.

Жетілдірілетін үйірді уылдырығынан бастап түзе бастайды, уылдырықтың диаметрі 4-5 мм, салмағы 60-80 мг болып келеді.

Уылдырықгы шәуеті жоғары сапалы, 3-4 жастық аталық-тармен ұрықтандырады. Инбридинг болмауы үшін 2 тұқымдық топ ұстаған жөн, ол екі сызықтық өндірістік будандастыру жүргізуге мүмкіндік береді. Аталық пен аналықтың қатынасы: 1:4-10. Өндірушілердің ауданы 150-160 м2 тоғандар мен бассейндерде, максимальды тереңдігі 2 м жэне су деңгейі 1 м төмен емес болатындай етіп ұстайды. Отырғызу тығыздығы гидрологиялық жағдай мен қоректендіруге байланысты. Судың сапасы жақсы болған жағдайда 2-3 кг өндірушілерді 100 м 2/30 данаға дейін, 1-2 кг-дықтарды 100 м2/100 данаға дейін отырғызады. Орташа салмағы 400-600 г жетілдірілетін (Ремонттық) балықтарды отырғызу тығыз-дығы 1 м2/10 данадан. Арнайы гранулденген қоректі қолданғанда өндірушілерді 1 м2/5 данаға дейін, жетілдіретіндерді 1 м2/20 дана отырғызуға болады.

Көбеюге дейінгі периодта өндірушілердің оптимальды су температурасы - 12-16 С. Бұл уақытта тоғандардың санитарлық жағдайы жэне газдық режимі мұқият қадағаланады. Бір маусым-дағы өсімі 400-500 г болуы керек.

Жыныстық жетілуінің аяқталуына 1,5-2 ай қалғанда өндіру-шілер мен ремонттық топтарды ауданы 100 м , тереңдігі 1 м бетондалған тоғандарға немесе бассейндерге отырғызады. Судың агысы 1 кг өндірушіге 3 л/мин су ауысымы - 20 минутта жүруі керек, оптимальды температура 6-12° С, еріген оттегінің құрамы -10-12 мг/л.

Жыныстық жетілуі өндірушінің тұқым қуалау жыныс ерекше-ліктеріне жэне қоршаған ортаның жағдайына байланысты. Құбыл-малы бахтахтың жыныстық жетілуі күндізгі жарық аз болғанда тез жүреді. Бахтахтың жетілуін сонымен қатар судың температурасын жоғарылату жэне гипофизарлық инъекцияны қолдану арқылы кездестіруге болады.

Көбеюге 2-3 апта уақыт қалғанда өндірушілер мен ремонттық топты жыныстық белгілері бойынша сорттап, тоғанның жеке бөлік-теріне немесе бассейндерге отырғызады. Отырғызу тығыздығы су алмасуға байланысты 20 минуттық су ауысымында 20-25 дана/м , және 40-45 дана/м.2 12 минуттық су ауысымында.

Жыныс өнімдерінің жетілуін анықтау үшін балықты аулап оны қарайды.

Тексеру нэтижесі бойынша аналықтарды 3 топқа бөліп, бөлек ыдыстарға отырғызады: пісіп жетілген (уылдырығы ағып тұрады), пісіп жетілу жақын қалғандары (құрсағы жұмсақ, бірақ уылдырығы элі бөлінбейді) жэне пісіп жетілуі жуық арада болмайтындар (құрсағы қатты). Пісіп жетілген аналықтардың сол күні немесе келесі күні уылдырығын алады, ал пісіп жетілуге жақын қалған-дары 3-5 тәуліктен кейін, жақын арада жетілмейтіндерді 6-10 тәуліктен кейін қайта тексереді. Аталықтары аналықтарына қарағанда ерте пісіп жетіледі.

Өндірушілерді таңдау. Өндірушілерді таңдағанда ең алдымен дене массасына жэне сыртқы белгілеріне, дене формасына, бұлшық еттінің дамуына, түсіне көңіл бөледі. Дененің құйрық бөліміне ерекше көңіл бөледі, ол етті жэне домалақтанған болуы керек. Арық, ауру, жарақаттанған, омыртқасы қисайған, көзінің катарак-тасы бар, желбезек қакпағы дамымағандары қалдыққа шығары-лады. Ең сапалы уылдырықты 4-6 жастағы аналықтар, шәуетті 3-5 жастағы аталықтар береді.

Тұқымдық үйірдің өндірушілерін түзгенде жаппай таңдау (сараптау) жүргізеді. Оны бір жэне екі жылдықтар арасында жүр-гізеді. Бірінші жылдан кейін өсірілетін балықтың жалпы санында 20-дан 60% қалдырылады. Екі жастағыларды ерекше сұрыптап, оның 5-10 %-дан көп емесін қалдырады.

Үш және төрт жастағы балықтардан тек қандай да бір ахуалдары бар балықтарды ғана алып тастайды.

Жыныс өнімдерін алу. Бахтахтың уылдырығы мен шәуетін сығу арқылы жэне наркоздың көмегімен алады. Анестезия үшін хинальдин жэне басқа да заттарды қолданады. Балықты ерітіндіге 1 минутқа (наркоз балықты суға салғаннан кейін 5-7 минуттан кейін әсерін жояды) салады, таза сумен шайып, жұмсақ матамен сүртеді. Бір елегенге 5-8 аналықтың уылдырығын алып, оны 3-5 аталықтан алынған шэуетпен араластырады. Жыныс өнімдерін сауу оларды араластырғанға дейін 10 минуттан аспауы керек.

Бахтахтың уылдырығын ұрықтандырганда құрғақ және жар-тылай құрғақ тәсілді қолданады. Құрғақ тәсілде уылдырық пен шәуетті жақсылап араластырады, сосын су құяды (уылдырықтың бетін жапқанша), қайта араластырады. Осыдан кейін 5-10 мин тыныштықтан кейін, уылдырықты қуыстық сұйықтықтан және шәуеттің қалдықтарынан шаяды. Шайғаннан кейін уылдырықтарын сол елегендерде тыныштықга 2-3 сағатқа ісінуге қалдырады. Осы уақытта судың әлсіз ағынын қамтамасыз ету керек.

Жартылай құрғақ әдісте уылдырыққа сумен араластырған шэуетті құйып, бірден араластыра бастайды.



Уылдырық инкубациясы. Уылдырық инкубациясында О? мөлшерін, температураны, жарықты қадағалап механикалық эсер-лерді болдыртпау керек.

Инкубацияны көлбеу және тік типті аппараттар жасайды.

Бірінші топтагы аппараттарда уылдырығы бар рамкалар көл-беу жазықтықта кезегімен орналасса, екінші топта - тік орналасады.

Бахтах шаруашылықтарында Аткинс, Шустер жэне Ропшин жүйесінің астаулы аппараттары кеңінен қолданылады. 1 м инкубаторда 45-60 мың уылдырық орналастырылады. Тік типті аппараттар кейіннен пайда болды. Олар су мен ауданы бойынша үнемді - 1 м2 инкубаторда 600 мың уылдырыққа дейін орналас-тыруға болады.

Сонымен қатар Вейс аппаратын да қолданады. Көлемі 8 л бір аппаратта 30-40 мың уылдырықты инкубациялауға болады. Су шығымы алғашында 30 мл/с, инкубацияның екінші жартысында 50-100 мл/с. Сыйымдылығы 80 л аппараттарды да қолданады, оған 500 -750 мың уылдырық сияды.

Аппаратардағы су таза, температурасы - 6-10 С Ог мөлшері 7 мг/л төмен болмауы керек. Температура жоғарылаған сайын эмбриональдық даму жылдам жүреді де, эмбриондардың тірі қалуы төмендейді. Бахтахтың уылдырығы эмбриональдық дамуында жарық әсеріне өте сезімтал. Ол ұрықтанудан көздің пигмента-циясына дейін жалғасады, кейін бұл сезімталдық төмендейді, сондықтан уылдырық пен бос эмбриондарды қараңғьща ұстайды.

Уылдырықтың сапролегниямен ауруын болдыртпау үшін профилактикалық 10 мин өңдеу жүргізеді: инкубацияның басында жэне көздің пигменттелуі бастапқы кезеңінде формалинмен (концентрациясы 1:2000), хлорамин 1:30000, малахит жасылы -1:150000. Көздің пигментациясы кезеңінен және эмбриондар шыққанша аптасына 1-2 рет өңдеу жүргізеді.

Бахтахтың уылдырығынан дернэсіл шыққанша жалпы дамуы 6°С температурада орташа 61 тэулікке создоады (366 градус-күн). Жыныс өнімдерінің жақсы сапасы мен эмбриональдық дамудың оптимальды жағдайларында инкубация процесі шығымы 10-20 % -дан аспайды.



Дернәсілдерді күту мен шабақтарды өсіру. Инкубациялық аппараттың конструкциясына байланысты эмбриондардың шығуын аппаратта немесе уылдырықтан шығар алдында астаулар мен бассейндерге ауыстырады. Эмбриондар уылдырықтан шыққаннан кейін, (ал ол 12°С -температурада 5-7 тэулікке созылады), судың температурасын 14°С-қадейін көтереді, бұл сарыуыз қапшығының тез сорылуына әсер етіп, дернэсілдер аралас қорекке көшеді.

Бос эмбриондарды отырғызу тығыздығы негізінен судың сапасы мен санына байланысты. Өсірудің бастапқы кезеңінде 100 мың дана/ мэ, сосын өсуіне байланысты 30-35 мың дана/ м . Бос эмбриондар кері фототаксиске ие, сондықтан астау мен бассейндерді қақпақпен жабу керек. Дернэсілдер аралас қорекке көшкеннен кейін дұрыс қоректендіруді ұйымдастыру керек. Қоректің мөлшері шабақтың өлшеміне байланысты. Дернэсілдер мен шабақтарды күнде 30-60 минут сайын 12 сағат бойы қоректендіреді. Шабақтарды тік бұрышты немесе квадрат бассейндерде өсіреді. Судың оптимальды температурасы 14-18 С, оттегінің мөлшері 7 мг/л-ден төмен болмауы керек.



Осы жылдык шабақтарды өсіру. Бұл даму сатысында бахтахты бассейнде, тоғанда және шарбақта өсіруге болады.

Су режиміне байланысты отырғызу тығыздығы 1 м3-қа 1 г-дықтарды 2-ден 5 мың данаға дейін. Судың шығыны 1 мың балыққа 35-50 л/мин.

Шабақтарды тоғанда өсіргенде ондағы су шығынының бассейндерге қарағанда аз болатынын ескеру қажет, сондықтан отырғызу тығыздығы аз болады. Сағатына 2-3 реттік су ауысымын-дағы отырғызу тығыздығы 600-750 дана/м3. Синтетикалық дельден немесе металл тордан жасалған шарбақта өсіргенде отырғызу тығыздығы 800 дана/м3 аспайды.

Осы жылдық шабақтарды өсіргенде маусымына 2-3 рет іріктейді және қажетіне байланысты профилактикалық ванналарда өңдейді.

120-150 тэулікте осы жылдық шабақтардың салмағы 20 г-ға жетеді. Бұл кезеңдегі шыгын 20-25% құрайды.

. Күзде осы жылдық шабақтарды тоғандарға, шарбақ пен бассейндерге отырғызады.



Тауарлық бахтахты өсіру. Тауарлық бахтахты тоғанда, шарбақ пен бассейнде өсіреді. Бассейнде отырғызу тығыздығы 300-350 дана/м3, су ауысымы эр 10-15 мин сайын болуы керек, осы жағдайдағы өнім 75 кг/ м3 құрайды.

Тоғандарда отыргызу тығыздығы 150-250 дана/м .

Өсірілу кезінде уақытында қоректендіру керек, маусымына 2 рет сорттайды, санитарлық-гигиеналық жағдайын мұқият бақылап отырады. Барлық технологиялық жағдайларды сақтағанда екі жылдыктардың салмагы 120-150 тэулікте 200-250 г-ға, бассейндегі балық өнімі 50-75 кг/ м3, шарбақта 30-50, тоғанда 20-35 кг/м3 жетеді. Шығын 10%-дан аспауы керек.
4.3 Бекіре балықтарын жасанды өсіру биотехникасы
Өсірілетін объектілер. Бекірелер шеміршекті ганоидтыларға жатады, бүлардың ежелгі шығу тегі бірнеше 10 миллион жыдарға созылады. Қазіргі бекірелерді екі тұқымдасқа жатқызады: бекірелер жэне ескектұмсықтылар. Бекірелер тұқымдасы солтүстік жарты шардың тұщы су балықтары 4 туыстан жэне 23 түрден тұрады.

Бекірелердің - 16 түрі, кортпалардың - 2 түрі, тасбекірелердің-2 түрі, жалған тасбекірелердің -3 түрі бар.

Ескект^мсықтылардың 2 туысы және 2 түрі бар: американдық жэнё қытай ескектұмсығы - екеуі де эндемикалық.

Бестер - (қортпа мен сүйріктің гибриді) - 1970 ж. бастап, өндірістік бекіре өсіруде ең бірінші рет жұмыс істей бастайды. Тоған шаруашылығында өсірудің перспективті объектісі.

Осы жылдық гибридтердің массасы 100 г-ға, екі жылдықтардікі 800 г-ға жетеді. Тұқыммен бірге өсіргенде осы жылдықтардың стандартты салмағы 25-30 г, екі жылдікі - 450-500 г жетеді. Бестер тұщы жэне тұзданған кермек суда жақсы өседі, сыртқы орта жағдайында төзімділік диапазоны өте кең. Интенсивті қоректеніп, 20-25°С су температурасында биомассасын өсіреді. Шабақтар, осы жылдық шабақтар планктон және бентоспен, негі-зінен тендипедидтермен, ал ересектері балықтармен қоректенеді. Аталықтары - 4, ал аналықтары - 6-8 жас шамасында жыныстық жетіледі. Аналықгардың жұмысшы өнімділігі - 200-800 мың уылдырық.

Тоған шаруашылығында бестер өздігінен көбеймейді. Уылды-рық шашуға қиыршық тасты су түбі, ағыстың үлкен жылдамдығы, 2-6 м тереңдік қажет. Пісіп жетілген бестердің өндірушілерінен уылдырықты гипофизарлық инъекциямен көктемде 9-10°С температурада алады. Эмбриондардың инкубациялық дамуы судың 10-12 С температурасында 9 тэулікке созылады. Шабақтардың сарыуыз қапшығы 6-10 тәулікте сорылады.

Оңтүстік аймақтардың жайылымдық тоғандарында бестермен бірге ақ амурды (су қоймадан жоғары сатыдағы өсімдіктерді, ағаштардың жапырақтарын, люцерна, люпин, жоңышқа жейді) ақ жэне шұбар дөңмаңдайды (сукойманың фитопланктонымен қорек-тенеді), ал орталық жэне солтүстік аймактарда пелядь және рипуспен бірге өсіріледі.

Қортпа. Тұщы судағы ең ірі балықтардың бірі, салмағы 1000 кг жетеді, денесі цилиндрикалык, жуан, ұзындығы 9 метрге дейін жетеді.

Жыныстық жетілуі аймақка байланысты 12-18 жасында, өмір ұзақтығы 40 жыл, бірақ кейбір даралары -100 жылға дейін өмір сүрген. Өмірінің көп бөлігін теңізде өткізеді, көбеюге өзенге кіреді. Негізгі таралу аймақтары: Қара, Азов жэне Каспий теңізі, Жерорта теңізінің шығыс бөлігі, Дунай, Дон, Кубань, Волга, Урал, Терек, Кура өзендері. Өзенге қортпа күзде (қыстық раса) жэне көктемде (яровая раса) кіреді, бірақ уылдырық шашуы көктемде - мамырда жүреді. Барлық бекірелер сияқты қортпа тасты, қатты ағысты жерді таңцайды, яғни литофильді балық. Уылдырығы су түбілік, жабысқақ, 8 тәулікте дамиды. Бір аналықтан алынатын уылдырық саны 400 мыңнан 8 млн уылдырыққа дейін. Уылдырықтан шыққан дернәсілдер судың ағысымен теңізге өрістейді.

Өзендегі қортпаның негізгі қоректік объектісіне - шаянтэріз-ділер, гаммаридтер жатады - 90%-ға дейін. Өрістеуге байланысты миграциялық жолдың аяғына қарай мизидилер үлесі 40%-ға жэне балықтың үлесі - 20% көбейеді. Ересектері түрлі балықпен қоректенеді: торта, майшабақ, бұзаубастар, хамса, килька, султанка және тағы басқалар.

1936-1937 жж. қортпаның аулануы 76 мың тоннаға жеткен. Гидроқұрылыстар, өзен және теңіз суының ластануы, токсиколо-гиялық жэне экологиялық жагдайдың қолайсыздығына байланысты бекіре мен қортпаның табрги уылдырық шашатын жерлері күрт төмендеп кетті. Қазіргі кезде қортпа популяциясының уылдырық шашушы бөлігінің аулануы мен кәсіптік қоры 70-ші жылдармен салыстырғанда 2 есе қысқарды.

Қортпаның санын қалпына келтіру үшін жыныстық жетілген дараларды ұстап, аналықтарының уылдырыгын алып, жасанды ұрықтандыру арқылы алынған шабақтарды арнайы аппараттар көмегімен суқоймада өсіріп өзенге жібереді.

Қортпаның уылдырыгы басқа бекірелердікіне қарағанда ірі болады. Ірі өкілдерінде уылдырықтың салмагы 200 килограммға жетуі мүмкін. Оны негізінен түйіршікті уылдырық дайындауға қолданады.

Белуга мен шиптің гибриді - бешип.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет