Асылбекова, Г. Балабиева балық шаруашылығЫ



жүктеу 2.93 Mb.
бет5/15
Дата07.03.2018
өлшемі2.93 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Өнеркәсіптік көбейту. Бұл балықтар тоғандарда, каналдарда, бассейндерде, аквариумда және шарбақтарда жақсы өседі.

Тоғандарда өсіргенде 0.1 гектарға 30...50 аналық жэне 15...30 аталықты отырғызады. Түріне қарай аталықтар мен аналықтарының қатынасы әртүрлі болуы мүмкін.

Өрістер алдында аталықтарын аналықтарынан ажырату қиын. Мозамбиқ тиляпиясының аталығы аналығынан әлдеқацда ірі және одан қою түсімен ерекшелінеді. Макроцефала біршама қою түсті. Одан басқа тиляпиялардағы жыныстық диморфизм зәр-жыныс мүшесінің әр түрлі құрылысымен айқындалады: жай көзбен қарағанда аналықтарында екі, аталықтарында бір саңылау көрінеді.

Көпшілік тиляпиялардың көбеюі судың температурасы 24...28°С жеткенде басталады. Аталықтар өрістер алдында мінез-қүлқы өзгеріп айбаттанады, тиляпия түріне қарай олардың эр қайсысы шамамен 0,5-6 м2 болатын өз территориясын қорғайды. Одан кейін ұя жасау басталады. Уылдырықтарын субстаратқа салатын тиляпиялар да территорияларын қорғайды, ү_я қазады жэне ұрпақтарын ата-анасының екеуі де күтеді. Аталығымен ұрықтанды-рылатын уылдырықты аналығы шашады. Уылдырығы жабысқақ. Өрістеу 2,5...3 сағаттқа созылады. Инкубация 2...3 тэулікке созылады, жұмыртқадан шыққан эмбриондар 3..4 тэулік ұяда жатады да, артынан белсенді қоректенуге көшеді.

Уылдырықтарын ауызында ұстайтын тиляпиялар да ү_я жасай-ды, бірақ уылдырық ұрықтанғаннан кейін ауыз қуысына салып алады. Огеосһготһ туысына жататын тиляпияларды бассейндерде немесе аквариумдарда өрістеткенде бір аталыққа 5...7 аналық есебінде отырғызады. Аталық өрістеуге дайын аналықты таңдап алады да басқасын қуып жібереді. Өрістеуі 5... 15 минутқа созылады. Аналығы аталықпен бірден ұрықтандырылатын уылдырығын шашады. Ұрықтанған уылдырықты аналығы бірден ауыз қуысына салып алады.

Өрістеп болған дараларды оларға тән жақ асты қапшықтарына жэне жақтың оқтын-оқтын «шайнау» әрекетін жасау қозғалысына қарап, оңай ажыратуға болады. Уылдырығын инкубациялап жатқан аналықты басқа ыдысқы отырғызған жөн немесе оны басқаларынан бөлікпен қоршап қойю керек. Аналықты бөлек отырғызу үшін сачок пайдалануға болмайды, себебі ол ұстаған кезде ауыз қуысынан уылдырықтарын шығарып тастауы мүмкін, сондықтан пластмасса банкісі қолданылады.

Уылдырықтарын және дернэсілдерін ауыз қуысында ұстау, ұрпақтарын бірдін-бір қорғау түрі болып табылады: бұл балық-тардың ауыз қуысының шырышты қабығы оларды бактериялар мен саңырауқұлақтардан қорғайтын секрет бөліп шығаратын сияқты, ал ауыз қуысындағы уылдырықтарын үздіксіз араластырып аэраци-ясын жақсартады және бөлінген секретпен жанасуын қаматамасыз етеді.

Уылдьфықтарын ауыз қуысында инкубациялайтын тиляпия-лардың уылдьфықгарының дамуы температураға байланысты 3-тен 10 тәулікке созылады. Мозамбик және аурея тиляпиялары эмбриондарының жарып шығуы 27...28°С температурада 4...5 тәулікте, «қызыл» тиляпия (гибридті формасы: $ О. тоззатЬісиз Ч<5* О. пііоіісиз) - 5 тэулікте. Шабақтар аналықтың ауызын белсенді қорекке көшкенде тастап шығады. Ауыз қуысынды болу ұзақтығы, яғни жарып шыққаннан, белсенді қорекке көшкенге дейінгі аралык 27...28°С температурада 4,5-нан 8,5 тәулік.

Уылдырықты жэне дернәсілді ауызында сақтаған кезде аналық коректенбейді. Дернэсілдің белсенді қорекке көшуі онын ауыздан шығуы уақытымен сай келеді (өрістегеннен 11... 13 тәуліктен кейін), аналықтың ооциті жаңа генерацияға белсенді өсе бастайды, келесі өрістеуде оны ол шашады.

Ұрпақтарын ауыз қусында сактайтын балықтарда репродук-тивтілік функциясында жоғары икемдлік байқалады. Мысалы, егер өрістегеннен кейін 2...3 тәулікте инкубациясын жасанды бұзса, келесі уылдырық шашуы 18...20 тәулікте басталады. Инкубациясы табиғи түрде өтетін дараларда өрістеу аралықтары, мысалы мозамбик тиляпиясында орта есеппен 25...35 тәулікті құрайды.

Аналықтарының уылдырық шашуы темпінде жекешелік ауытқушылық байқалады. Бұны асылдандыру ісінде есепке алу керек. Қыс кезеңінде уылдырық шашуы кезегі артатындығы, негізінен келесі: жарық пен қореткенуі фактролары эсерінен туындайтын сияқты

Жасы жэне салмағы артқан сайын аналықтарының өнімділігі элдеқайда артады. Сол сияқты уылдырықтың жэне дернэсілдің көлемі мен салмағы да артады. Табиғи инкубациялану жағдайында шыққан дернәсілдері 98% құрайды. Тиляпия уылдырығы инкубациясын Вейс аппаратында немесе сиымдылығы 3...5 л шағын шыны ьщыстарда ауа бере отрып өткізуге болады. Уылдырықты жэне эмбрионды 8% ас түзы ерітіндісінде ұстағанда жақсы нэтижеге қол жеткізуге болады. Бұндай инкубация кезіндегі эмбриондардың шығуы көрсеткіші 80...95%.

Тиляпия балықтары дернәсілдерінің тірі қалуына уылдырықтардың көлемі айтарлықтай әсер етеді. Сондықтан тиляпия тұқымдықтарын тандаған кезде даралардың ірі болуына көп көңіл бөлу керек.

Тиляпия басқа балықтарға қарағанда жеңіл көбейеді, ол өз кезегінде су қоймалардың қоныстануышыларының санын көбейтіп жібереді, оны өсіргендегі ең бір қиын мэселе өнімділікті бәсеңдету.



Шабақтарды және тауарлық балыкггарды өсіру. Шабақ-тарды және тауарлық балықтарды тоғандарда, шарбақтарда, бассейндерде және басқа ыдыстарда өсіруге болады. Тиляпияны біршама тиімді өсіру үшін судың температурасы 23°С 4 ай жэне одан көп болатын суқоймалар жатады.

Шарбақтарда жэне бассейндерде шабақтарды екі кезеңмен өсіреді: бірінші - шабақтарды отырғызу тығыздығы 10000...20000 дана/м3 болғанда 1 г дейін өсіреді, екіншісі- 2000 дана/м3 болғанда 5... 10 г дейін өсіреді. Оттегін белгілі деңгейге дейін реттеп отыратын жағдай болса, одан да тығыз отырғызуға болады. Өсіру ұзақтығы 30...45 тэулікті құрайды. Шабақтардың шығуы 80...85% болады. Дернәсілдер белсенді қорекке көшкенде көлемі үлкен жэне түйіршіктелген жемді жей алады. Алғашқы кезде құрама жем құрамындағы протеиннің мөлшері 30...34%, өсе келе оның мөлшерін 23...26% - ға төмендетуге болады.

Шабақтарды тоғандарда өсіргенде салмағы 3...5 г, тығызыдығы 200...250 мың дана/м3 болуы керек. Тоғандар көлемі шағын, дұрыс жоспарланған жэне жоғары өнімді болуы қажет. Алынатын шабақтар мөлшері 75...80% құрайды.

Тауарлық тиляпияларды моно-, жэне поликультурада да өсіреді. Тауарлық балық деп салмағы 200 г және одан жоғарғылары саналады. Тиляпия қолайлы жағдайда өте жылдам өседі және орташа тәуліктік өсуі 3...5 г- ға жетеді. Міне сөйтіп, барлық өсіру циклі - дернэсіл алғаннан тауарлық өнімге дейін 160...180 тэулікке созылады. Міне сондықтан, кері ағысты жүйелі сумен қамтамасыз ететін қондыргалар болса жыл бойы өнімді бірнеше есе арттыруға болады.

Тиляпиялар мен тұқыларды шарбақтар мен бассейндерде бірге өсіру тимді болып саналады. Тиляпияны қоректендіру үшін тұқыға арналған құрама жем пайдаланылады. Бұл балықтар шарбақтар мен бассейндер қабырғаларына өскен өскіндер мен түдылардың жабысқан экскременттерінде қорекке пайдаланады. Осының бәрі шығынды азайтады, гидрохимиялық жағдайын жақсартады, өнімділіктің артуын жандандырады.

Температуралық режимі реттелмейт;ін балық шаруашылығын-дағы жұмыс циіслі тауарлық тиляпияны өсірумен аяқталады. Қыстауға суы жылытылатын бассейндерде немесе басқа ыдыстыр-да тек тұқымдық бастарды қалдырады. Судың температурасы 2О...23°С болуы керек. Рацион көлемі балық салмағының 2...3%. Осындай режимде түдымыдықтар өзінің салмағын 25...50% арттырады. Ақпан-науырыз айларында температура 25...27°С жеткенде ұрпақ алады, шабақтарды жетілдіреді және жаңа өсіру циклін өткереді (4.2-сурет).

Температуралық режимі реттелетін шаруашылықтарда тиляпияны жыл бой өсіре беруге болады, мысалы; геотермальды суларда.

4.1-сурет. Тиляпияны температурасы реттелмейтін режимді сулы сукоймада өсіру циклі.

1-тұқымдықтарды қыста сақтайтын цех; 2-шабацтарды жетілдіретін ыдыстар; 3-тауарлыц балықтар өсіретін ыдыстар.
Бірақ еске алатын бір жағдай, химиялық құрамы мен еріген тұздар мөлшері бойынша бұл сулар біршама ерекшеленуі мүмкін.

Өнімділікті арттыру әдістері. Мозамбик тиляпиясының өнімділігін арттыру үшін эдетте бірнеше эдістерді қоданады:

а) Бір жыныстыларды өсіру;



  • өнеркәсіптік гибридизация;

  • жынысын реверсиялау (өзгерту).

ә) уылдырықтың жасанды инкубациясы арқылы өнімділікті артгыру.

Тиляпия басқа балықтарға қарағанда жеңіл көбейеді, тіпті кейбір жағдайда, оның саны шектен тыс артып кетеді, сондықтан оның өнімділігін төмендету ең күрделі мәселелердің бірі. Сондықтан да тиляпияны жыртықыш балықтармен (жылан, жайын, үлкен ауызды алабұға) бірге өсіреді. Тиляпияны монокультурада өсіргенде бір жыныстыларды өсіру жақсы нэтиже береді, ол олардың көбеюіне мүмкіндік бермейді. Көпшілік түрлердің аталықтары аналықтарына қараганда жылдам өсетіндіктен, тек аталықтарын өсіру оның өнімін біраз арттыруға мүмкіндік береді. Бірақ бір жыныстыларды іріктеу өте көп еңбекті талап ететін жұмыс. Шабақтардың жынысын жыныс мүшесі құрылысы бойын-ша ажырату эдісі, эсіресе олардың басқа екіншілік жыныстық белгілері айқын болмаса қиын жэне балық өсірушінің жоғары біліктілігін талап етеді. Түраралық гибридизация әдісі ұрпақтағы аталықтары санын басым алудың біршама маңызды жолы.

Тұқымдықтардың жынысын өзгерту арқылы ұрпақтарын бір жынысты қылып өзгертіп алу жолы кызыгушылықтуғызады.

Дернәсілдерді қорекпен бірге жыныстық гармонмен коректен-діреді, мысалға тестастеронмен алғашқы жарып шыққандарға бірінші аптада бергенде аталықтарын басым алуға мүмкіндік береді.

Азықтық мақсатта тиляпияларды тоғандарда, бассейндер мен ірі аквариумдық жүйелерде өсіреді жэне көбінесе ол үшін мозамбик тиляпиясын емес, оның басқа түрлері мен гибридтерін (О. пііоіісиз, О. һогпогит және басқалар) өсіреді. Гибридтерде жиі гетеррозистік байқалады, нәтижесінде олардың өсу жылдамдығы жоғары болады, оның бастапқысына қарағанда, температураның төмендеуіне де төзімді болып келеді. Бір ауданнан алынатын өнімінің көлемін үлгайту үшін аналықтарға қарағанда өрістеу кезінде өсе беретін тек аталықтарын өсіру тиімді. Тауарлық балықтарды аналықтарға қарағанда аталықтардан 2-2,5 рет көп алуға болады. Одан басқа судың жоғары температурасында аналықтар жылдам және өте қысқа ұзындықта пісіп жетіледі, жиі көбейеді де, олардың тығызыдығы артыц, балықтардың майдалануына әкеліп соқтырады. Сондықтан әртүрлі әдістер көмегімен немесе жай ғана аналықтарды іріктеу арқылы тауарлық өсіруге тек аталықтардан немесе аздаған элитті аналықтардан тұратын популяцияны қалдырады.

Осының бәрі біршама нэтиже экеледі: егер Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде 1950 жылы мозамбик тиляпиясын тоғандарда өсіргенде бір жылда 1 гектардан 2,5 тонна өнім (бір дараның орташа салмағы 140 г), 1970 жылы мозамбик және ниль тиляпияларының гибридтерін өсіргенде - 60 т (бір дараның салмағы 600 г) болған. 1980 жылы қызыл тиляпияны өсіргенде (мозамбик аналығының мутанты мен ниль тиляпиясының аталығын шағылыстырганда алынған гибрид) 600 т артық (даралардың орташа салмағы 1000 г) өнім алынған. Соның арқасында тек екі ел -Тайвань мен Филиппин - 1982 жылы рециклдеуші қондырғылы тоғаннан 100 мың ттиляпии (шамамен бірдей мөлшерде) өндірген. Осындай биологиялық өзгерісті сыйпатты жылы климатты немесе ГРЭС жэне өнеркэсіптік өндірістер су - салқындатқыштарында азықтық өсіру объектілері болып табылатын тиляпияның осы туысын мен 5агоіһегос1оп туысы түрлерінен де көруге болады.


4.5 Поликультура
Әр түрлі мақсатты тоғандарда балықтарды аралас отырғызу. Түрі бір, бірақ жасы эр түрлі балықтарды бірге өсіру аралас отырғызу деп аталады. Тұқының екі жылдықтарын өсірген кезде оларға тұқы шабақтарын қосады. Тұқы тоғандардың барлық қорек базасын пайдаланбайды, жоғары саты су өсімдіктерін, фитопланктонды, масалардың дернәсілін, маңызсыз жэне ұсақ балықтарды жемейді, ал оларды көксерке, жайын, бахтах, ақ амур, ақ дөңмаңцай және балықтардың басқа түрлері жақсы жейді. Қорек базасын барынша пайдалану үшін көптеген шаруашылықтарда тұқымен қатар балықтардың бірнеше түрін асырайды және жоғары балық өнімділігіне қол жеткізеді. Мұндай отырғызуды поликуль-тура деп атайды.

Поликультура көбіне қоңдандыру тоғандарында қолданылады, бірақ оларды биылғы жылдықтарды өсіру кезінде де қолдануға болады. Биылғы жылдықтарды өсірген кезде бірге өсіру үшін тұқыға ақ амурды, ақ дөңмаңдайды, ала дөңмаңдайды, дөңмаңдай гибридтерін, оңғақты, мөңкені қатар .отырғызады. Өсімдік қоректі балықтардың сэл өскен дернэсілдерін отырғызу жақсы нәтиже береді.

Табиғи қорек базасын 3 топқа бөлуге болады:

1. Шгізгі - осы түрдің балықтары ішегінде және асқазанында басым кездеседі.



  1. Алмастырылган - ішекте және асқазанда негізгіден төмен
    мөлшер салдарынан анықталады.

  2. Амалсыз қорек - бүл түрге тэн емес және аз мөлшерде
    ішекте жэне асқазанда кездеседі.

Қоректену типіне қарай тоған балықтарын момын жэне жыртқыш деп бөледі. Момын балықтарды бентос, планктон, өсімдік жэне детрит қоректілер деп бөледі. Бентос қоректілерге сазан, тұқы жэне оның гибридтері, бекіре, сүйрік балық, оңғақ жэне т.б. жатады; планктон қоректілерге - пелядь, орфа, ақ қайран, бозша мөңке, шұбар дөңмаңдай жэне т.б.; өсімдік қоректілерге - ақ амур, ақ дөңмаңдай, жэне т.б.; детрит қоректілерге - басқын, пеленгас жэне қара табан балық жатады. Жыртқыш балықтарға жататындар - көксерке, шортан, жайын және т.б.

Өсіруге балық таңдаған кезде су көзі ортасының факторларын жэне табиғи қорек базасының жағдайын ескеру қажет (4.2 жэне 4.3-кестелер).



Тұқыны өсімдік қоректі балықтармен бірге өсірген кезде міндетті түрде тұқы өсірілетін тоғандарды өсімдік қоректі балықтардың өсіп қалған жас буынымен толтыру қажет. Өсімдік қоректі балықтар.ак амур мен дөңмаңдайлар үш жылдық өсіру айналымында жақсы нэтиже береді.
4.2- кесте. Балықтардың пайдаланатын табиги қорек базасы


Балыктар-дьщ түрлері

Тіршілік ортасы

Қорек


негізгі

алмастырылған (негізгі корек жеткіліксіз болғанда)

Өсімдік коректі балыктар

Акамур

Жоғарғы сатыдағы су және су асты өсімдіктері өскен бөліктер

Су атсы өсімдіктері: шылац, мүйізжапырак, егеушөп, су карағайы, қамыс,

Су бегі өсімдіктерінін жас өркендері, шөп, жоңышка, люцерна және т.б.

Ак дөңмандай

Судың калыц кабаты

Төменгі сатыдағы бір клеткалы балдырлар, көк-жасыл, диатомдык

Бір клеткалы балдырлар

Дстрнт коректі балыкгяр

Пеленгас

Су көздерінін терентұп бөліктері

Детрит, зоопланктон және бентос (копеподтар, кұрттар, моллюскапар)

Тоғандарда кұрама жем



Планктон корскті балыктар

Аккайран

Ашык су алаңы, су кабаты, ну қопалар

Зоопланктон, біркүндіктер мен жылгалыктар дернәсілдері, төменгі сатыдағы балдырлар (спирогира, мелозира)

Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердін калдыктары және жэндіктердің дернәсілдері

Пелядь

Ашык су аймағы . судын қалындығы

Зоопланктон

Кейбір жагдайларда хирономидтердің дсрнәсілдері

Шубар дөнмандай

Судын букіл калынкабаты

Зоопланктоннын және фитопланктоннын ұсак формалары

Фитопланктон

Бозша

мөңке


Ашық бөліктері менну копалардағы судын қалындығы

Зоопланктон және көк-жасыл балдырлар

Хирономидтердің жэне баска да жәндіктердік дернәсілдері

Кішкене

ауызды буффапо



Судыи калын кабаты

Төменгі сатыдагы шаян тэрізділер - кладоцера, копепода, хирономидтер

Фитошіанктон (диатомдык балдырлар, су коныздары, остракодалар



Оңғак

Суаттардың тереңтүп бөліктері, туптін жоғарғы жагы, лайда және ну копада

Хирономидтердін дернэсілдері, моллюскілер, олигохеталар

Зоопланктон, фитопланктонжәне өсімдіктердін калдыктары

Бекірелер жэне олардын гибридтері

Тогаңцардын түп жерлері, эсіресе кұмды жерлері

Моллюскалар, ұсак балык, хирономидтер

Шаян тэрізділер

Жырткыш балыістар

Көксерке

Ашыксу аймагы

Ұсак балық, ұкішабак жэне т.б.

Жас буын: шаян тэрізділер. Ересектер: коныздар мен инеліктер

Шортан

Жаға бөлігі жэне өсіп кеткен жактар

Балык: ак қайран, торта, қюылканат, тсцгебалык, мөңке, оцғақ, дөнмандай, ак амур, тұкы

Қоныздың, кандаланын, инеліктің ересек форналары, каннибалюм

Жайын

Сулардык терен бөлігі

Ауру балык, бакалар

Жэндіісгер

Бұл эсіресе жазы қоңыржай жылы, ашық күндері аз аудандарда тиімді және тоғандар балықтардың көрсетілген түр-лерімен кешірек толтырылса, биылғы жылдықтар орташа алғанда массасы 5 грамдай болып өседі.



Өсімдік қоректі балықгарды отырғызудың белгіленген нор-масы жоқ. Осыған байланысты осы балықтардың екі жылдықтарын да тұқымен қатар өсіру үшін мынадай есеп бойынша отырғызады: ақ амурды тоганның өсіп кетуіне жэне ерекшеліктеріне қарай мелиоратор ретінде 1 га-ға 50-ден 400 данаға дейін; ақ дөңмаңдайды - 500-700 дана/га.
4.3-кесте. Балықтардың пайдаланатын табиғи қорек базасы


Балыктар-

Тіршілік ортасы

Қорек

дың




негізгі

алмастырылған (негізгі

түрлері







корек жеткіліксіз










болғанда)

Бентос коректі балыктар

Сазан,тұкы

Тоғаннын тұбіне

Хирономидтер

Зоопланктон, бугак

және

жакын және

дернэсілдері, кұрттар

мұртты шаяншалар

олардын

түбіндегі жерлер

моллюскалар,




гибридтері




өсімдіктердщ жас










өркендері



Ағынсыз немесе толығымен ағызылмайтын қоңцандыру тоғандарда және кешенді пайдалану суаттарында өсімдік қоректі балықтар көп пайда экеледі, мысалы ақ амурды тоғандардың лайлануымен және өсіп кетуіне қарсы күресіне, гидрохимиялық режімді және тұқы мен басқа да балықгардың өсу-даму жагдайларын жақсарту үшін қолданады.

Ақ дөңмаңдай бұл суларда судың «көктеуіне» диатомдық, десмиридтік, протококкалық, көк-жасыл жэне жасыл балдырлар секілді фитопланктонды микроскопиялық организмдерді жейді.

Шұбар дөңмаңцай негізінен зоопланктонмен қоректенеді, бірақ фитопланктон мен детритті де жей алады, ал тығыздап отырғызған жағдайда қоректенуде тұқымен бэсекелесе бастайды, сондықган тоғанға отырғызуда оның санын шектеу қажет.

Суларға көксерке, жайын, пелядты жіберудің маңызы зор.

Тұқы тоғандарына қосымша балықтарды отыргызу нормасы келесі формула бойынша есептелінеді.



ГПп ~ (В-в)р'

бұндағы А- косымша балықтарды отыргызудың ізделіп жатқан нормасы, дана; Г- тоғанның ауданы, га; П- табиғи балық өнімділігі, кг/га; п - косымша балыктардың есебінен күтілетін балык өнімділігінін артуы, % тұқы бойынша өнімділікке катысты; В - күзде отырғызылған косымша балыктың корьггынды орташа массасы, кг; в - көктемде отырғызылған қосымша балыктың қорытынды орташа массасы, кг; р - қосымша балыктың өнімі, % отырғызылғанға қатысты.

Қоректенуі бойынша ерекшеленетін балықтардың бірнеше түрлерін бірге өсірген кезде ең жоғары өнімділікке қол жетеді.

Тоғандарда басқын - пеленгасты су дақылында балықтардың тұқы турлерімен өсіру детритті пайдаға асыру есебінен балық өнімділігін арттырады.

Тұқының туысаралық гибридтері - бұл тұқы-мөңке немесе мөңке-тұқы - тұқыны алтын немесе бозша мөңкемен,. тұқының аналығын мөңкенің аталығымең будандастырудан алынған гибрид, оның еті майлы әрі тәттілеу болады. Гибридтер мөңкелерге қарағанда жақсырақ өседі, екінші жылы 250-300 г массаға жетеді, олар тұқымен салыстырғанда оттегіге көп талап қоймайды.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет