Асылбекова, Г. Балабиева балық шаруашылығЫ



жүктеу 2.93 Mb.
бет6/15
Дата07.03.2018
өлшемі2.93 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Бақылау сүрақтары:

1. Өсімдік ңоректі балықтарды өсірудің ерекшеліктерін атаңыз. 2. Өсімдік ңоректі балыңтардың дернәсілдері мен ишбақ-тарын өсіру технологиялары қандай? З.Бахтах балыгын өсіру технологиялары ерекшелігі цандай? 4. Бекірелердің цандай түрле-рін өсіруге болады және үрпацтарын зауыдтың эдіспен алу жолын түсіндіріңіз 5. Ескектүмсыц өндірушілерінің пісіп-жетілуінің гормональдық стимуляциясын қалай жүргізеді. 6. Тилшпия балық-тпарын өсіру еркшелікгпері. 7. Полиқулыпураның биологиялық негізі ңандай? 8. Полиқулыпурада өсіруге балықтарды таңдау принцип-терін атап шыгыңыз? 9. Аралас отыргызу дегеніміз не?

5-ТАРАУ

БАЛЫҚ ШАРУАШЛЫҒЫНДАҒЫ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

5.1. Жалпы сипаттама
Тоған шаруашылығын ауыл шаруашылығының басқа салала-рымен біріктіріп жүргізуге болады.

Жер жэне су ресурстарын оңтайлы қолданудың тиімді эдісіне балық егін айналымы қоданылады, ол жоғары сапалы өнім алу үшін аз қүлды жэне тұзданған (сор) топырақты қолдануға мүмкіндік береді.

Балық егін айналымының негізі билогиясы эртүрлі өсімдік дақылдарын, балықты және суда жүзуші құстар мен түрлі дақылдарды ауыстырып колдану.

Мысалы, Венгрияда тоғанды 2-3 жыл балық өсіруге қолданса, сосын оған ауыл шаруашылық дақылдарын: жүгері, сорго, арпа, күнбағыс немесе қоректік шөптер отырғызады. Сонымен қатар территорияның су айналымдық әдісі де қолданылады, мұлда 4-5 жыл балықты үйрекпен біріктіріп өсірсе, кейінгі 2-3 жыл жоңышқа сосын 2-3 жыл күріш өсіреді. Құрғатылған тоғандарда жоңышқа мен күріштің жоғары өнімі алынады. Кейбір шаруашылықтар 2 жыл картоп, капуста жэне т.б. егеді, сосын 3-4 жыл балық өсіреді.


5.2 Күріш және балық өсіру шаруашылығы
Күріш аудандарын кешенді пайдаланудың көп ғасырлық тарихы бар. Балықтарды күріш атыздарында өсіру Оңтүстік Шығыс Азия елдерІнде ежелден қолданылады. Кейін бүл форма басқа еддерде де қолдана бастады. Күріш - балық шаруашылықтарында балық күріш өнімін көп алуға көмектеседі, ол зиянкестерді құртады және топырақты тыңайтады.

Күріш - балық шаруашылықтарында балық өнімділігі 50-ден 200 кг/жылына алынса, күріштің өнімділігі 5-10 ц/га. Күріш атыздарында балық өсірудің екі тәсілі қолданылады:



  1. Балық пен күрішті біріктіріп өсіру.

  2. "Су буына" бөлінген күріш алқаптарында балық өсіру.

Күріш алқаптары жақсы жобаланған жер бөліктерінен тұрады (5.1-сурет). Жеке учаскелердің (атыздар) ауданы бірнеше гектардан аспайды. Алқаптарға су сумен қамтамасыз етуші каналдардың торы арқылы келеді де лақтырушы каналдар арқылы шығарылады. Атыздағы судың биіктігі 20 см.


5.1-сурет. Күріш чектарының орналасуы:

1-чекгпар; 2-чек-карталар; 3-су таратқыш каналдар; 4-су әкететін жол немесе су төгетін магистралдар; 5-дамбы; 6-су беретін каналдар; 7-су азайтңыш каналдар.

(Ю.А.Привезеицевтен алынган).


Күріш өсіру технологиясы кезеңді түрде атыздарды құрға-тумен байланысты. Сондықтан балық өсіру үшін дамбалардың бойымен ені 0,3-0,5 м және тереңдігі 0,2-0,3 м үлкен емес каналдар жасайды. Судың келетін жэне ағызылатын жеріне бөгеттеуші торлар мен қосымша дамбалар жасайды.

Оңтүстік Шығыс Азия елдеріндегі күріш атыздарында өсіріле-тін балықгарга тұқы, тиляпия, гурами, дөңмаңдай, ал Европа елдерінде жэне АҚШ-та - тұқы, буффало, мөңке жэне өсімдік қоректі балықтар өсіріледі.

"Су буы" - күріш атыздарында тұқы мен өсімдікқоректі балықтарды өсіреді. Балық отырғызуда ірі материал 30 г балықты қолданады (5.1-кесте).
5.1-кесте "Су буы" күріш атыздарында балықтарды отырғызу нормалары


Балық түрі

Орташа салмағы, г

Отырғызу тығыздығы, дана/га

Тұқы

30-50

1400-2000

Ақамур

50-60

150-200

Ақ және шұбар дөңмаңцай

50-60

1400-1600

Балықты өсіруде минералдық жэне органикалық тыңайтқыш-тарды жэне қоректендіруді қолданады.

Кестеде көрсетілген отырғызу тығыздығы арқылы 1-1,2 т/га-нан алады. Балықты қыркүйек-қазан айларында аулайды.
5.3 Балық және үйрек өсіру шаруашылығы
Тұқы-үйрек шаруашылыгы Германия, Венгрия және Чехо-словакияда кеңінен аралған. Екі апталық жасқа дейін үйректерді арнайы жабық жерде ұстайды, оның жанынан шатыры (навес) бар үйректерді сыртқа шыгаратын бетондық аудандар жасайды (5.2-сурет). Тоғандарда 47-50 күндік үйректерді өсіреді. Олардың тауарлық салмағы 2,5-3 кг. Тұқының екі жэне үш жылдықтарымен бір маусымда 800 дана/га үйрек өсіреді (эр партияның отырғызу тығыздығы 160 дана/га, бүл 2 т үйрек етін берді. Үйректер жағалауда автоматты қоректендіргіштер көмегімен қоректендірі-леді (5.3-сурет).

5.2 сурет. Субетінде үйректерді ұстайтын күрке-алаңшық: /- тірек багандар; 2- еденің агаштан жастган бвлігі; 3-шатыры; 4-еденнің торлы бөяігі; 5-қоргагыш қақпаіар; 6-цалцыма вткел жол. (Ю.А.Привеэенцевтен аяынган)

5.3 сурет. Үйрекгерге арналған автоматы жемшашқыштар:

I- цитшдр тгрізді ыдыс; 2-конус- жем таратцыш; 3-тіркейтін краиштейн; 4-тубі.
Үйректер бар тоғандарды тыңайтпайды. Сор топырақты тоғандарда балық-егін айналымында үйректер балық өнімділігін 5 ц/га-ға, күріштің өнімін 10 ц/га-ға арттырады. Біріктірлген тұқыүйрек шаруашылығында екі өнім алынады: балық және үйрек. Біріктірілген шаруашылықтың артықшылықтары:

І.Үйрек тұқы қорегіне бэсекелес емес, ол баканың шабақ-тарын, бақаны, олардың уылдырықтарын, су насекомдарын жейді.

2. Үйрек тоғандардың жақсы мелиораторы. Олар су түбіндегі жұмсак өсімдіктерді, су бетіндегі жэне қатты өсімдіктерді жейді.

З.Тоғанға түсетін үйректің экскременттері бағалы жэне арзан органикалық тыңайтқыш. Олар тоғанның табиғи қоректік базасы-ның артуына көмектеседі. Үйректер тоган түбін қопсыту арқылы органиканың тез тотығуына эсер етеді. Тэжірибе көрсеткендей табиғи балық өнімділігі 100%-ғадейін артады.

4. Суда жайылу үйректердің өсуіне жэне олардың көбеюіне оң әсер етеді.

Біріктірлген шаруашылықты жүргізгенде бірқатар талаптарды орындау қажет.

Үйректерді жеке жайылымдық тогандарда жайылтады, онда тұқының краснухамен немесе желбезектің шіруімен ауруы болмауы керек (5.4-сурет). Негізінен өсімдігі қалың суқоймалар жақсы. Үйректерді отырғызу тығыздығы суқоймадағы өсімдіктерге, тереңдікке және су ауысымы мен гидрохимиялық режимге байланысты. Жайылымдық тоғандарға үйректерді отырғызу тығыздығы 200-250 дана/га. Су көлемінің тереңдігі 1 м-ге дейін, немесе тоғанның жалпы ауданынан 100-125 дана/га.

5.4-сурет. Үйректерді тұқы тоғандарында жайылту (Ю.А.Привезенцевтен алынған).
Үйректерді өрістеуші, шабақтық, өсіруші жэне қыстау тоған-дарында жайылтуға тыйм салынады. Себебі бұл тоғандар үйректің эксркементтерімен тез ластанады жэне үйрек ұсақ балықтарды жеп қоюы мүмкін.

Тұқыны монокультурада өсіргенде үйректердің жайылымы шектеулі болады, себебі органикалық заттың көп мөлшері жинақ-талып, суқойма ластануы мүмкін. Сондықтан дөңмаңдай мен тұқыны біріктіріп өсіру ұсынылады, бүл балықтар санының артуын болдыртпайды және суқойманың санитарлық жағдайын жақсартуға эсер етеді.

Балықты үйрекпен өсіргенде 2 тэсіл қолданылады: жағалау маңы жэне акваториальды.

Жағалау маңы тэсілінде үйректі жағалауда шатыр астында өсіреді және жайылымға су жағалауына ғана шығарады.

Екінші тәсілде үйректерді сал, понтон, баллон шатырларда (площадки навесы) ұстайды. Су үсті алаңша - шатырлары 30-400 үйректі ұстауға арналған, тығыздығы 1 м2 еденеге 15 данадан келеді.

Тоғандарға балық отырғызуды өрістеу тоғандарынан ауа райы қолайлы болған сәттен бастайды.

Түхының бір жылдықтары мен өсімдікқоректі балықтарды отырғызудың тығыздығы 4500 - 5500 дана/га.
5.2-кесте. Біріктірілген үйрекпен өсіру шаруашылығындгы балықты отырғызу тығыздыгы


Балық түрі

Орташа массасы, г

Отырғьиу тыгыздығы, дана/га

Тұқы

25

2500 - 2900

Ак дөңмаңдай

30

1500 -1800

Шұбар дөңмандай

30

500 - 8100


5.3-кесте. Балықпен біріктіріп өсіргендегі үйректерді отырғызу нормативтері


Үйрекхің туқымы-мен

кроссы


Балык шаруашылық зонасы ,

І-ІІ

ІІІ-ІУ

У-УІІ

Отырғы-зылу тығыздығы, дана/га

Партия саны, дана

Отырғы-эылу тыгыздыгы, дана/га

Партия саны, дана

Отыргызылу тыгыздыгы, дана/га

Партия саны, дана

Пекиндік Кросс Х-ІІ

250

2

250

2-3

200

3-4

Тұкы

3100-3500




4000




3800



Үйректерден басқа тоғандарда қаз өсіруге де болады, жағалаулық жайылымда оларды отырғызу тығыздығы 20-25 дана/га. Суда жайылғанда каздар жақсы ұрықтанады. Қаздың қиы табиғи балық енімділігін арттыратын жақсы тыңайтқыш.


5. 4 Торфты карьерлерде балық өсіру
ТМД елдері бойынша торфтық карьерлердің ауданы 1 млн га-дан асады. Торфты барлау тэсіліне байланысты сапасы түрлі күйде қалған жерлер болады. Тоғандарды құруға торфты фрезерлік тэсілмен барлаған карьерлер жарамды.

Торфтық карьерлерді балык өсіруге пайдалану блық өнімін арттыру мақсатында жэне жердің қайта батпақтануын болдырт-пайтын экологиялык тәсіл ретінде қодануға болады.

Торфтық батпақтардың үш типін ажыратады: жоғары, аралық жэне төменгі. БұндаЙ бөлінудің негізіне ондағы өсетін өсімдіктердің сипаты, жер рельефіне байланысты батпақтың орналасуы жэне өсімдіктердің күлдік заттары мен азотпен қоректену сипаты жатады. Төменгі торф жоғарғыға қарағанда минералдық заттарға 3 есе бай.

Сумен толтырылған торфтық карьерлер тоғандардан гидрохи-миялық режимі жэне қоректік базасымен қатты ерекшеленеді. Су мен топырақ қышқылдығының жоғары болуы, гумин қышқылының көп мөлшеріне байланысты фитопланктон мен фотосинтездің қарқындылығы төмендейді, сондықган торфтардағы тоғандарда бірінші жылдары балық өнімділігі 1-1,5 ц/га-нан аспайды. Өнімділікті арттыру үшін суқойманы мелиорациялау, тыңайту жүргізу керек, балықты қоректендіріп поликультураны енгізеді.

Шабақтарды өсіру үшін тереңцігі орташа 0,8-1 м, макси-мальды - 1,8 м-лік, таяз-сулы зонасы бар тоғандарды қолданады (5.4-кесте).

Күз-қыс уақытында тоған сусыз болуы керек. Көктемде тоғандарды әктейді, оны 5-7 см тереңдікке дейін жыртады. Одан кейін тоғандарды сумен ұстағыш сүзгі арқылы толтырады. Суды толтырғаннан кейін 5-7 тәуліктен кейін балық жібереді. Егер су өсімдігі көп болса, оны жұлып тастап, тоғанды тыңайтуға қолданады.

Шабақтарды салмағы 1 г бастап қоректендіре бастайды. Өсімдікқоректі балықтардың осы жылдық шабақтары тұқымен бэсекелеспейді, детрит пен торфты ғана тұтынады. Қорек ретінде аралас қоректі береді.
5.4-кесте. Торфтық карьерлерде тұкы мен өсімдікқоректі балықтардын осы жылдык шабактарын өсіру нормативтері


Көрсеткіш

Тұқы

Дөнмандай

Ақамур

ак

шұбар

Личикаларды отырғызу тығыздығы, дана/га

60

30

10

10

Осы жылдык шабактардың тірі калу, %

70

50

50

50

Осы жыддық шабақтрдын орташа салмагы, г

25

20

20

20

Торфтық крьерлердің негізінде бір жылдық жэне толық жүйелі екі және үш жылдық айналымдағы балық шаруашы-лықгарын ұйымдастыруға болады. Интенсивті шаруашылық формасында торфтық суқоймалардағы тауарлық балықтың өнімі 6-8 ц/га құрайды.


5.5 Балыктарды балык шаруашылықтық-биологиялык тоғандарда өсіру
Мал шаруашылыгының итенсификациясы, шошқа шаруашы-лығы, ірі кешендердің құрылыстары, мал азықгандыру, құс өсіруде сұйық қилар ағындарының шектен тыс жиналуы, осы кешендердің жұмыс істейтін аймағының экологиялық ластануына экеледі.

Сондықтан биологиялық • жэне шаруашылықтық ағындарды тазалау мен залалсыздандырудың бірнеше тәсілдері бар. Соның перспективті бағытының біріне мал шаруашылық кешендерде балық-шаруашылықгық биологиялық тоғандарды құру болып табылады, яғни бір жағынан сыртқы ортаның тазалануы жүреді және бағалы тағамдық өнім алынып отырады.

Мәскеу облысында, "Кленово-Чагадаево" шошқа шаруашы-лығы кешенінде 4 ағындық тоганның баспалдағынан тұратын каскад құрылған: 1) жинақтаушы, 2) балдырлық, 3) шаянтәрізділер, 4) балық шаруашылықтық.

Жинақтаушы тоганга шошқаның ағындық қилары гидроағын-мен жиналады, бұнда олар түссізденеді немесе мөлдірленеді, сосын тэулігіне 80-100 м3 есебінен тоғанның барлық баспалдактарына өтеді. Балдырлық тоғанға ағын астау арқылы келеді. Одан су ағызылу арқылы шаянтэрізіділік, сосын су құбыры арқылы балықтық тоғанға түседі (5.5-кесте).


5.5-кесте. Кәдімгі және балыктык-биологиялык тоғандарда осы жылдық шабақтарды всірудіц нәтижесі

Көрсеткіш

Балыктық-билогиялық тоған

Өсіруші тоған

Осы жылдык шабактардың орташа салмағы, г

26,1

28,4

Балык өнімі %

80

75

Жалпы балык өнімділігі, ц/га

8,3

8,5

1 кг өсімге кеткен корек мөлшері, кг

-

3,5

Дененің к^рғақ затындағы құрамы, %, майбелок минералды затгар

13,9 69,4 16,7

24,1 65,0 10,0

Қилық ағындардың тазару процесі жинақтаушы тоғандарда жүреді. Мұнда органикалық заттардың бактериалдық ыдырауы жүреді, гельминттердің жұмыртқалары тұнбаға түседі. Қилық ағындардың балықтық билогиялық тоғандарға түсуі алғашында судың гүлденуіне сосын шаянтэрізділердің дамуына алып келеді. Шаяңтәрізіділі тоғандарда зоопланктонның биомассасы белгілі кезеңмен өзгеріп отырады. 10 тэуліктен кейін зоопланктонның орташа биомассасы 100 мг/л-ге жетеді, яғни орташа тәулікті өнімі 10 мг/ол. Шаянтэрізділік тоғандардың біреуін емес, бірнешеуін құрған жөн.


Бақылау сұрақтары:

1. Балық шаруашылыгындагы интеграция дегеніміз не? 2. Балықтарды күріш чектарында өсірудің технологиясы цандай? 3. Қандай балықтарды күріш чектарында өсіреді? 4. Күріш чекта-рында өсіретін балықтарды отыргызу нормалары қалай есеп-теледі? 5. Үйректерді балық өсіру тогандарында өсірудің қандай әдістері бар? 6. Үйректерді жайылымдың тогандарында өсіру. 7. Балықтарды биологиялың тогандарда өсіру қалай жүргізіледі?

6-ТАРАУ

ИНДУСТРИАЛДЫҚ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

6. 1 Шарбақта балық өсіру
Кейінгі жылдары тоған шаруашылығымен қатар индустралді балық шаруашылыгы да дамуда. Оның дамуының қажеттілігін тудырып отырған негізінен тоған шаруашылыгымен елді тірі балықпен жеткілікті жэне мол ассортиментпен қамтамасыз ету мүмкін емес. Индустриалді балық шаруашылығы мынадай прин-циптерге негізділген: қолайлы оптимальді жағдай тудыру арқылы балықтарды тығыз отырғызу; өсіріліп отырылған балықтарды теңестірілген қорек түрімен қоректендіру; өндірістік процестерді (балықтандыру, қоректендіру, іріктеу, оксигендеу, аулау) жоғары деңгейде автоматтандыру мен механикаландыру; балықтарды өсірудің жыл бойғы циклін енгізу.

ТЭС (жылу энергиялык станциясы); АЭС, металлургиялық зауыттардың түлыныстан шығарып отырған сулары көлемінің үлғая бастауынан жэне табиғи термальдік сулар көзі есебінен индустриалдік балық шаруашылығы кең етек жая бастады. Ікг өсірілетін балыққа жұмсалатын судың минимальді мөлшері қарастырылып, биологиялық жэне механикалық сутазалағышты балық өсіру қондырғылары енгізілуде. Бұған қызығушылық таза су тапшылығының артуынан, сол сияқты көптеген өсірілетін балықтарды ауа райы жағдайына қарамастан әр түрлі аймақтарда өсіруден туындауда.

Шарбақтық шаруашылықтар кез-келген су көзінде балық өсіруге мүмкіндік береді. Шарбақгық шаруашылықтардың тоған-дықтан айырмашылығы жұмсалатын қаржының аздығы және судың механикалық жолмен берілмеуі, осының бәрі эксплуатациялық шығынды төмендетеді. ЖЭС (жылу энергиялық станциясы), ГРЭС (гидроэлектр станциясы), АЭ£ (атом электр станциясы) сияқты станциялардың су салқындатқыш қоймалары үстіне салынған шарбақгарда балық өсіру кең таралған.

Дел шарбагыныц құрылысы. Шарбақтық шаруашылықтар Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде көптен бері қолданылып келе жатыр. Мұнда әр түрлі көлемді шарбақтарды қолдануға болады, көбнесе ұзындығы 1,5...3,0 м, ені 1,0...1,5 м жэне биіктігі 1 м шарбақтарды пайдаланады. Оларды капрон жіптен, дедерон, силон, перлон жэне басқа синтетикалық материалдан жасайды. Каркасын қатайтылған алюмений мен тат баспайтын болаттан жасайды.

Балық өсіру шарбақтарыныц типтері мен түрлері. Су сал-қындатқыш қоймалардағы шарбақтық шаруашылықтарды екіге бөледі; стационарлық жэне қалқыма (қозғалмалы). Балықтарды шарбақтық шаруашылықтарда өсіруде кеңінен таралганы қалқы-малы шарбақтар. Бұл эдістің артықшылығы оларды зауыттарда суға орнататын комплекті тұғырымен даярлау мүмкіншілігі. Оларды пайдалану кезінде су салқындатқыш қоймалардағы шарбақтарды орта жағдайы нашар аймақтан темепературасы және оттекті режимі осы уақытта өсіріліп жатқан балықтардың физиологиялық жағдайына біршама сай келетін аймақтарға орын аустыруға қолайлы.

Станционарлық шарбақтарды темірбетонды қазықтарға бекі-теді. Олар суқойманың жагалаулық бөлігімен байланыста болады. Бұл ондағы балықгарды өсірудегі технологиялық циклдер бойынша күтуге жэне ауыр техникалық күштер мен Механизмдерді пайдала-нуға мүмкіндік береді. Қалқымалы, жылжымалы шарбақтық түзулер шарбақтар жиынтығынан тұрады. Шарбақтардың қалқыма-лығын пенопластан, металл және пластик бөшкелерден жасалған қалтқылар, сол сияқты диаметрі үлкен болып келген жеңіл құбырлар қамтамасыз етеді. Қалқығыш түзулерді 3 типке жіктейді: жеңіл, орташа жэне ауыр.

Шарбақ секцияларын орналастыру үшін суқойманы және орын тандау. Шарбақтардағы су алмасу суағысымен және судың желмен араласуынан, сол сияқты шарбақтардағы балықтардың белсенді қозғалысынан туындайды. Шарбақтардағы гидрохими-ялық және температуралық режим суқоймадағыдай. Шарбақтағы судың жақсы алмасуын қамтамасыз ету үшін, оны баяу ағысты жерге ораналастырады. Судың ағысы артқан сайын, балықтардың энергия жұмсауы аратады. Егер 4,см/с жылдамдықпен қозғалса, онда тұқының осы жылдықтары 320 мг Ог (кг-сағ) жұмсаса, ал 12 см/с жылдамдықта ол екі есеге артады. Шарбақгар орналасқан жердің төменгі тереңцігі 2,5 м болуы керек.

Жаздық және қыстық шарбақтар. Салқындатқыш -суқоймалардағы шарбақтық шаруашылықтарда негізінен тұқы, өсімдік қоректі балықтарды, каналдық жэне карликтік жайынды, тиляпияны, бестерді, бекірені, бахтахты өсіреді. Жылдың жылы кезінде 6-8 ай бойы температура 23-29°С болғанда жылу сүйгіш балықтарды өсіреді, ал қыста су темепературасы 200С төменде-генде шарбақтарды балықтарды қыстатуға немесе бахтах жэне басқа салқын сүйгіш балықтарды өсіруге қолданады. Жылу сүйгіш балықтардан алынатын өнім 1 м2 шарбақтан 6-8 айда 150-250 кг және салқын сүйгіштерден 25-50 кг.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет