Асылбекова, Г. Балабиева балық шаруашылығЫ



жүктеу 2.93 Mb.
бет7/15
Дата07.03.2018
өлшемі2.93 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

6.2 Бассейнде балык өсіру
Бассейндік шаруашылықтар. Бассейндік шаруашылықтар дегеніміз - әр түрлі балық түрлері (тұқы, бахтах, жайындар, тилипия, т.б.) мен эр жастағыларын отырғызылу тығыздыгы жиі, су агысы өте жақсы жэне құнарландырылган жеммен қоректендіру жұмыстарынан тұратын бассейндер жүйесін білдіреді.

Бассейндік шаруашылықтарды: 1) жылы сулық (ЖЭС, АЭС, ГРЭС жэне металлургиялық комбинаттан шыққан суларды пайдаланатын); 2) суық сулы табиғи су көздерін (өзен, көл, су қоймалар) деп екіге бөледі.

Бассейндік балық өсіру шаруашылықтарының шарбақтық шаруашылықтарға қарағанда артықшылығы басым. Бассейнді шаруашылықтарда балықтарды ұстау жағдайын өзгертуге: су аламасуы сипатын; балықтардың өсуіне қолайлы температура жэне гидрохимиялық режим жасауға, жыл бойы тауарлық өнімді өсіруге, одан басқа балық өсіру процестерін механикаландыру мен автоматтандыру; су тазалау және қайта айналымды сумен қамтамасыз ету жүйесін қолдануға; балықтардың өсуін толығымен бақылау мүмкіндіктері мол.

Бассейн ретінде металл, шыныталшықтарын, бетон немесе пластмаст заттарды қолдануға болады. Бассейндердің келесідей типтері бар: шеңбер, тік бұрышты, вертикальді (силосные). Оларды ашық жерде немесе жабық ғимараттарға орналастыруға болады, жабық жёрде тұрғанда балықтарға жағдай жасау қолайлы. Әрбір бассейн түрінің өзіне тән жетістігі мен кемшілігі болады. Мысалы, шеңберлі бассейндер тік бұрыштыға қарағанда жақсы, себебі онда зат алмасудан қалған заттар мен қорек қалдықтары жиналатын өлі аймақ жоқ. Тік бұрышты бассейндердің артықшылығы жарамды көлемді тиімді пайдалану жэне силостық ыдыстарды қойғанда шектелген көлемдегі су мөлшерін арттыру. Силостық ыдыстардың биіктігі бірнеше метрге жетуі мүмкін. Оларды далада ашық жэне жабық ғимарттарда құруға болады. Олардың формасы цилиндр тэрізді болып келеді түбі конус тэрізді, оған барлық ластаушы заттар жинақталады. Жиналған тұнбаны және балықты шыгару, оның түбіндегі құбыр жолы арқылы іске асырылады. Силостық ыдыстарды болаттан, алюминий, шыныталшықтар, пластмасс-тардан жасайды жэне онда бахтах, тұқы, өсімдік қоректі балықтарды, тилипия, бекірелерді өсіруге болады.

Балықтарды бассейнде өсіргенде тығыз отырғызады және қарқынды қоректендіреді (6.1-кесте). Тіршілік нәтижесі қалдық заттары су ағысымен ағызылып шығарылады. Балық өсірудің тиімділігі су алмасудың қарқындылығымен және су сапасымен айқындалады. Сумен қамтамасыз ету механикалық жолмен іске асырылатын болғандықтан су жинағыш құрылгылар, насостық станциялар, су беретін және су төгететін каналдар, сол сияқты балық өсіру бассейнінде пайдаланылған суды тазалайтын су тазалағыш қондырғылар болуы керек. Мұндай шаруашылықтарда айналымды су жүйесін құрған дұрыс болады.

Өнеркэсіпік суды 10 қайтара қолданатын шаруашылықтар бар, оларға келетін таза су жалпы су айналымының тек 10% қу_райды. Су айналымы кезінде ол бірден оттегімен қанығады, әр бір басс-ейннің өз алдына циркулациялық жүйесі болады.



Бассейндерде балықтарды өте жоғары тығыздықта өсіруге болады. Бірақ бүл кезде су сапасын бақылап отыру керек, себебі тіпті су жылдам алмасып отыратын ағысты жүйенің өзінде, су сапасы бассейннің бір басынан екінші басына дейінгі немесе су көзінен ортаңғы ағысына дейінгі аралықта төмендеуі мүмкін.
6.1-кесте. Бассейндік балық өсіру -технологиялық нормасы


Көрсеткіштері

Тұқы

Құбылмалы бахтах

бекіре

Жетілдірілетін жас бшықтар мен тұқымдық балықтарды өсіру

Бассейн ауданы, м

10-20

10-20

10-30

Бассейн тереңдігі, и

1

0,8

0,8

Су алмасуы, мин

20-25

10-20

25-30

Судын температурасы, (оптимальді),

°С

25

16

23-27




Отыргызу тығыздығы, дана/ м'': жетілдірілетін балыктар тұкымдыктар

20-50 7-10

10-20 20-25

5-40 2-4

Шабақтарды өсіру

Бассейн, астауша ауданы, м2

1-3,2

1-28

1-15

Бассейн, астауша терендігі, м

0,2-0,5

0,2-0,4

0,2-0,3

Судыңтемпературасы, "С

25-30

15-18

17-25

Су алмасуы, мин

10-30

10-30

20-30

Отырғызу тыгаздыгы, дана/ м^: дернәсілдер шабактар (салмағы 0,3-1 г)

25-50 10-25

10-12 8-10

3-5 1-3

Өсіру узаюыгы, тэулік: дернэсілдер шабактар

6-7 8-15

10-12 25-30

10-12 40-50

Осы жшдықтарды өсі




Бассейн ауданы, м^

3,2-10

4-20

4-20

Су алмасуы, мин

20-30

10-20

20-30

Бассейн терендігі, м

1

0,8

1

Судыңтемпературасы, "С

17-19

16

20-25

Отырғызу тығыздығы, дана/ м^

1

0,5

0,4

Тірі калуы,%

95

85

90

Өсіру ұзактығы, ай

3-4

4-8

4-5

Балыктын сокғы салмағы, г

30-50

30-50

100

Балық өнімділігі, кг/м'

50 -ге дейін

12-22

35-40

Тауарлык, өнімді өсіру

Бассейн ауданы, м2

10-200

50

10-15

Бассейн терендігі, м

1

0,3-0,8

1

Судынтемпературасы, "С

25-18

14-18

20-25

Су алмасуы, мин

15-20

10-20

20-30

Отырғызу тығыздығы, дана/ ыг

250-300

250

40-50

Шығуы,%

90

90

90

Бапыкгык сокғы салмагы, кг

0,5

0,2

0,7-2,5

Өсіру ұзакгығы, ай

6

6

1,5-3

Балық өнімділ ігі, кг/м'(

110-140

50-100

25-50

Балықтардың тығыздығы жоғары бассейндердегі судың берілуінің 5-10 минутқа тоқтауының өзі үлкен шығын береді. Сонымен бірге жоғары тығыздық балықтардың ауруға ұшырауы және олар стресс алуы мүмкіндігін арттыратынын есте ұстау керек. Бассейндік жүйені эксплуатацияға дұрыс пайдалану көбінесе балық өсірушінің біліктілігіне тікелей ба*йланысты.

Балықтардың максимальді көлемі мысалға, бахтахтың балық өсіру ыдысында өсуі бұл ыдыстың көлемімен шектелмейді, Донольдсон бахтағын көлемі 2x2x0,5 м (бір бассейнге 40-60 дана) су деңгейі 0,3 м жэне су алмасуы 10 минут болатын бассейндерде өсіргенде бахтахтың салмағы 3 жасында 3,2-4,3 кг жетуі мүмкін. Міне бұдан көретініміз кеңістік оларға шектеуші фактор бола алмайды. Бірақ бассейндік өсіруде отырғызу тығыздығын жоға-рылату арықылы кез-келген су көрсеткішін балықтың одан эрі өсуінің шектеуші факторы етіп көтеруге болады. Бассейндік шаруашылықтарда жылы суды пайдаланғанда 6-8 ай барысында 1 м2 бассейннен 200 кг тұқы таурлық өнімін, 30-50 кг бекіре және 150 кг каналдық жайын, 500 кг клара жайынын және 150 кг тиляпия алуға болады. Судың температурасы 20° С төмендегенде бул шаруашылықтан 50 кг/м2 тауарлык бахтах алуға болады. Табиғи су көзін пайдаланатын бахтахтық бассейндік шаруашылықтан 7-8 ай кезеңінде 100 кг/м2 құбылмалы бахтах алуға болады.
6.3 Тұйык жүйелі сумен қамтамасыздандырылған қондырғыларда балық өсіру (ТЖСҚ немесе УЗВ)
Өнеркәсіптік балық шаруашылығының тиімді бір саласы гидроибонттарды тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету қондырғылы суқоймаларда өсіру.

Бүл технологияның жетістігі: балықтардың жылдам өсуі, тұқымдықтардың жетілуі мен өсіріліп отырған түрдің тұқымдық топтарының қалыптасуы үшін қолайлы жағдай туғызу; өндірісті толығымен бақылау және басқару; өндірістік үрдістердің сыртқы орта жағдайына байланыссыздығы; суды, жерді, энергияны үнем-деу; өндірісті толығымен механикаландыру мен автоматтандыру мүмкіншіліктері; өндірісті шоғырландыру; экологиялық таза өнімдер алу мен өндірістік үрдістер енгізу.

1 кг тауарлық өнім алу үшін қазіргі замандық қайта айналымды сулы жүйеде 50-100 л су, 0,01м2 жер және 5-10 кВт сағ. электр энергиясы жеткілікті, мүлың өзінде балық өнімділігі 800 - 1000 т/га болуы мүмкін. Шағын территориядағы қалдықтар жиынтығын қайта өңдеуге және екінші реттік өндірістер құруға (теплицалар, органикалық тыңайтқыштар жасау, т.б.) мүмкіндік береді. ТЖСҚ -да (УЗВ) балықтарды өсіру тазаланыпбалық өсіру ыдысына қайта келген бір көлем суды бірнеше рет пайдалану арқылы іске асырылады. Сондықтан сутазалайтын блоктардың жұмысы қондыр-ғының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету керек. Суды жаңалайтын қондырғы жүйесі судағы қалқыған бөлшектерді және балықтар метоболитінен тазалайтын, температураны, газдық реж-имді және түддылықты қалыпты жагдайда ұстап тұратын болуы керек. Қолданылатын көпшілік тазалағыш эдістерді 4 топқа бөлуге болады: физикалық (тұндыру, сүзгілеу), химиялық (тотығу жэне органикалық ластануды кагулациялау), физикалық-химиялық (адс-орбция жэне ион алмасу) және биологиялық. ТЖСҚ-да бұл әдістер жекелей немесе комплекті түрде қолданылуы мүмкін. Қазіргі замандық кондырғыларда суды физикалық (механикалық) және биологиялық тазалау кең қолданылады. Суды жаңарту тұйық жүйелі қондырғыда тазалау бірнеше элементтен тұрады: қатты заттарды ұстайтын механикалық тазалау жолдарынан; еріген ластық заттарды тазалайтын биологиялық; суды қажетті кондици-яға жететін соңғы тазалау (терморегуляция, оксигендеу, майсыз-дандыру, рН-реттеу).

Суды механикалық тазалау. Күнделікті метоболиттік өнімнен басқа (аммиак және еріген органикалық қосылыстар) балықтарды қоректендірген кезде суға желінбеген қоректер мен экскременттер түседі. Олар жартылай суда еріп, қалқыған бөлшекке айналады, негізінен басым көпшілігі су түбіне шөгеді де, егер олар уақытында алынбаса шіріп суды ластайды.

Қайта айнылымды судағы қалқыған бөлшектерді түндырады жэне сүзеді. Қалқыған бөлшектерді тұндыру эр түрлі типтегі тұндырғыштарда: вертикальді, горизонтальді, радиальді жэне жұқа қабатты су тұндыруға жинақтайтын қондырғыларда жүргізілдеді. Олардың негізгі кемшілігі көлемінің үлкен болуы және тазалау эффектісінің төмен (35-40 %) болуы. Сол сияқты су тұндыруда центрифуга немесе гидроциклон пайдаланылады. Оларды балық шаруашлыктық жүйелерде пайдаланғанда суды тек мөлдірлеп қана қоймай, сол сиякты азоттық қосылыстарды да біршама тазалай-тыны байқалды. Бірақ бұл қондырғылар қымбат және энергияны көп талап ететіндіктен шаруашылықта кең қолданыс таппады.

Механикалық тазалау қондырғысы ретінде ТЖСҚ-да эр түрлі құрылымды .сүзгілер кең қолданылады. Ең алдымен қиыршық тасты (гравийние), кұмды-қиыршық тасты (песчанно-гравийние), және жылдам кұмды сүзгілер пайдаланылған. Бірақ олардың эжептәуір кемшіліктері болды: төмен өткізгіштігі, шаюдың қиындығы жэне шаятын сушығыны. Қазіргі уақытта барабанды өзі жуатын және қалқып жүретін сүзгілер кең таралған.

Осындай барабанды сүзгілердің бірі НСФ-50 су тазалау көрсеткіші 50 м3/сағ. Оның жұмыс істеу принципі мынадай: ластанған су жалғағыш құбыршасы бойымен сүзгілік элемент арқылы камераға беріледі, одан сүзгілік камераға өтеді және жалғағыш құбырша арқылы шығарылады. Тұнба сүзілген су ағысымен камерадан шығарылып тасталады.

Бұндай конструкциялы сүзгінің артықшылығы шағын жэне үздіксіз жұмыс істейді, кемшілігі құрылғының күрделілігі, қосымша электржетектердің қажеттілігі.

Сүзілген бөлшектің ең кіші мелшері 150-200 мкм, тазалау эффектісі 85-90%.

Биологиялық тазалау. Тазалаудың кең тараған түрі, оның негізі қайта айналымды сулы құрылғыдағы суда еріген ластаушы заттарды микроорганизмдердің минералдауы, нитрификациясы мен деннитрификациясы көмегімен жою.

Балықтың белок аламасу процесінің соңғы өнімі - аммиак. Ол балықтың желбезегі жэне бүйрегі арқылы суға шыккан барлық азоттық қосылыстың 60-80% қу-райды. Аммиак негізігі ластаушы зат болып табылатындықтан, биологиялық тазалау жүйесі соған негізделген.

Тазалау процесі микроорганиздермен сол сияқты қалқыған микробты массамен жүзеге асырылады. Биологиялық тазалау қондырғысындағы негізгі микроорганизмдер тобы - автотрофтар мен гетеротрофты бактериялар түрі.

Гетеротрофтар балықтармен шыгарылган азотты органикалық компоненттер мен қорек қалдықтарын тотықтырады, оларды бейорганикалық қосылысқа айналдырады, олардың ең бастысы -су, көмірқышқыл газы (диоксид көмірсу) және аммиак. Сондықтан биологиялық тазалаудың бұл бірінші кезеңі «аммонификация» (минерализация) деген ат алған. Гетеротрофты бактериялармен органикалық қосылыстардан бейорганикаға айналғаннан кейін биологиялық тазалау келесі «нейтрификация» кезеңіне көшеді. Бұл аммонидің биолощялық жолмен нитритке (N02) дейін және одан эрі олардың (ИО3) нитратқа дейін тотығуы. Нитрификация автотрофты бактериялармен жүзеге асады, гетеротрофтардан айырмашылығы дайын органикалық қосылысты қажет етпейді. Құрылғыдағы биологиялық тазалаудағы негізгі нитрфикациялаушы бактериялар №ігозотопа5 жэне МігоЬасіег туысы, ал негізгі денитрификациялаушы бактериялар Рзеёотопаз, АсһготоЬакіег, ВасШиз және т.б. туысы.

Биосүзгі дегеніміз-бетінде бактериялы жабыны дамитын эр түрлі типті толтырғыш заттар (загрузка) бар ыдысты білдіреді. Биосүзгінің маңызды сипатамасы оның өнімділігін айкындайтын толтырғыштың меншіктік беттік ауданы (МБА). Алғашкы конс-трукцияларда толықтырғыш ретінде көлемді заттармен (гравий, керамзит, моллюска бақалшақтары т.б.) (МБА-20-100м23) толтыр-ылса, кейін келе пленкалы жэне кассеталық (МБА -100-150м23) толықтырғыштарды қолдана бастады. ал қазір меншіктік беттік ауданы МБА -350-1750м23 (ұялы, майда түйіршікті, «биошары») арнайы пластик заттар қолданылады жэне жаңарып отыратын құмды (МБА -3000-4000м23) Биосүзгілер пайдаланылады.

Кездесетін биосүзгілер түрін шартты түрде 3 топқа бөледі: батырылған, суландырылған (орашаемые), айналмалы (выращива-ющиеся).

Батырылған биосүзгілер. Барлык алынған биосүзгілер ыдыс-тағы судың астыңғы бөлігінде болады. Мұндай типті құрылғыларға майда түйіршікті салмақтағыш (полимерлі гранула, құм), сол сияқты пластик элементтер алынады. Қиыршық тас, керамзит, шыны жэне керамикалық элементтерді сирек қолданады, себебі мұндай заттармен толтырылған биосүзгілерді ара-арасында жуып тұру керек, ол процесс бактериялы қабатты шайып кетеді. Батырылған биосүзгілер қолданысы қарапайым, циркуляцилық насостың қуаттылығын төмендететін құрылғыдағы судың жоғары деңгейін қажет етпейді; гидравликалық күштің жоғары диапазо-нында жұмыс істеу мүмкіншілігі жоғары. Бірақ биосүзгілердің басқа түрлерінен айырмашылығы оттегінің жоғары мөлшерін (6-8 мг/л) қажет етеді.



Суландырғыш (тамшылы) биосүзгілер. Салмақтандырғыш қабат ыдыстағы судан жоғары деңгейде орналастырылады, биоло-гиялық тазалау салмақтандырғыш астынан өтетін судың жұқа қабатында жүреді, бұл оптимальді рттектік режимді ұстап тұру арқылы микроорганизмдер биопленкасының органикалық қосылыстары тотықтыратының белсенділігін арттырады.

Айналмалы биосүзгілер - бұндай типті биосүзгілердің ерекшеліктері оның бетіндегі ауалы және сулы ортаны оқтын-оқтын алмастырып тздэуы. Бұл жүйедегі оттектік режимді жақсарту арқылы өнімідікті арттырады. Бүл құрылғы айналып тұратын перфорирацияланған гофирленген полиэтиленді дискімен толты-рылған құбырдан («Штеллерматик») немесе пластик элемент-термен толтырылған айналдырғыш барабаннан («Евроматик») тұрады. Айналғыш сүзгілер қосымша су ағысын күшейтетін сарқырамаларды қажет етпейді, жоғары тотықтандырғыш қасиеті бар, бастапқы оттегі мөлшері концентрациясы біршама гана суларды тиімді тазалайды.

Жалпы биосүзгілердің жұмыс тиімділігі көптеген факторларға байланысты: температураға, рН, ластанған судағы еріген оттегі концентрациясына, толықтырғышта судың тұру ұзақтығына, тазалауға берілген судағы бөлшектер мөлшері, микрофлораның ингибридтеу эрекетіне байланысты. Температуралық оптимум -24-30°С, рН-тың оптимальдік мөлшері -7,2-7,8, судағы қажетті оттегі мөлшері-6-8 мг/л. Су түдцылығының артуы биопленканың белсен-ділігін біршама ингбридтейді. Тұздылығы 35% болған судағы биосүзгілердін тотықтандырғыш қуаттылығы тұщы судағыдан 40-45% төмен.

Бактериялық биопленка жұмысына глюкоза, пептон, кейбір амин қышқылдары, мочевина, органикалық тұздар, ауыр металдар, бірқатар антибиотиктер және басқа дәрілік заттар қарсы эсер етеді. ТСҚ-да балық өсіргенде соңғы өнімнің нитрификациясы - нитрат жинақталады. Сондықтан тэулік сайын 10% жаңа су құйып отыру керек. Судың шығынын азайту үшін денитрификациялық блок қосады.

Механикалық және биологиялық тазалаудан қайтарылған су қажетті температураға дейін жылытылады, оттегімен (оксигендеу немесе аэрация) қанықтырылады да балық өсіру ыдысына қайтып келеді. Кейбір ТСҚ-ға қосымша рН-ты реттейтін және суды майсыздандыратын (озон беру немесе УФ- сэуле шашу) қосымша қондырғылар орнатылады.

Алғашқы балық өсіру комбинанты (қайта айналымды тұйық сулы) Жапонияда 1951 жылы салынды. Ңвропада алғашқы ТСҚ 1967 жылы Австрияда, 1972 жылы Германияда пайда болды.

Ресейлік ғалымдармен тұқы бойынша өнімділігі 10 және 40 т/жылына болатын, сумен қамтамасыз етілуі тұйық жүйелі типтік қондырғысы жасалынды, ол өзінің техникалық сипаттамасымен элемдегі осындай қондырғыларға сай келеді (6.2-кесте).


6.2-кесте. Қалыпты ТЖСҚ мөлшері (өнімділігі 10 және 40 тонна тұкы)

Көрсеткіштері

ТСҚ-10

ТСҚ-40

Алатын ауданы, м^

140

450

Құрылгыдағы судың жалпы көлемі, м3

60

280

Балык өсіру ыдысынын көлемі, м3

24

136

Қойылған қуаттылығы, кВт саг

24

66,5

Қайта айналымды су шыгыны, м'/тэулік

960 дейін

3300 дейін

Толыктырылатын су щығыны, мҮгәулік

0,25

14

Оттегі шығыны, кг/саг.

0,3

5



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет