Асылбекова, Г. Балабиева балық шаруашылығЫ


-кесте. ТЖСҚ-да балык өсіргендегі су сапасы нормасы



жүктеу 2.93 Mb.
бет8/15
Дата07.03.2018
өлшемі2.93 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

6.3-кесте. ТЖСҚ-да балык өсіргендегі су сапасы нормасы

Көрсеткіштері

Келетін суға қойылатын НСТ

Технологи-ялык норма

Қыска мерзімге рұксат етілетін мэн

Қалкыған бөлшектер, мг/л

10 дейін

30 дейін

-

рН

7,0-8,0

6,8-7,2

6,5-8,5

Нитрит, мг/л

0,02 дейін

0,1-0,2 дейін

1 дейін

Нитрат, мг/л

2-3

60 дейін

100

Аммонилі азот, мг/л

1,0

2-4

10 дейін

Бос кұйіндегі аммиак, мг/л

0,05 дейін

0,05 дейін

0,1 дейін

Бихроматты тотыкгандыру, нг/л Ог

30 дейін

20-60

70-100

Перманганатты тотыктандыру, мг/л О2

10 дейін

10-15

40 дейін

Балык өсіру бассейніне шыгар жердегі оттегі мөлшері, мг/л Ог

-

5-12

2-3

Биофильтрден шыккан жердегі оттегі мөлшері, мг/л Оз

-

4-8

2 кем емес
Ескерту: НСТ- негізгі стандарттык талап
ТЖСҚ-да балық өсіргендегі су сапасы. Ол бастапқы судын сапасымен, балықтарды өсіру технологиясымен және тазалау блогы жұмысының тиімділігімен анықталады. Балықтарды өсіргенде табиғи процесс барысында биологиялық тазалау өнімдері жинақ-талады, ол өз кезегінде өсіріліп отырған нысандардың өсуі мен дамуына кері әсер етеді. Осы шектеулердің бәрі су сапасына деген техникалық нормасын анықтайды.

ТЖСҚ-дағы судың сапсын білдіретін негізгі көрсеткшітері мен нормасы 6.3-кестеде берілген.

Тұйық жүйелі сумен қамтамасыздандырылған қондырғыларда балық өсірудің бірнеше жолдары бар.

1. Тұқының, бахтахтың, тиляпияның, бекіренің жэне басқа


аквакультура нысандарының тауарлық өнімдерін жыл бойы өнді-
реді. Бұнда уылдырық, отырғызу материалын, тұқымдық балық-
тарды алу толығымен автоматтандырылуы мүмкін.

  1. Одан эрі дэстүрлі технологиямен өсіруге табиғи су көздеріне
    жіберілетін сапасы жоғары отырғызу материалдарын алу.

  2. Осы аймақта дәстүрлі әдіс бойынша өсіруге келмейтін жаңа
    балық түрлерін өсіру. Бұл технологияда балықтың өсуі ашық
    жүйеліге қарағанда жылдам, тауарлық балық алу уақыты бірден
    қысқарады.

Тұқы жартьГжылда тауарлық масса алса, тиляпия 4-5 айда, бекіре, бахтах, жылан балық және каналдық жайын - Іжылда жетеді (6.4-кесте).
6.4-кесте. ТЖСҚ -да балык өсіру технологиясы бойынша әр түрлі балық түрлеріне арналған негізгі көрсеткіштер


Көрсеткіштері

т^кы

сүйрік

бекіре

бахтах

Ағын су жайыны

Пісіп жетілуі, жыл

1,5-2

2,5-3

4-5

1,5

1,5-2

Салмағы 1г балык өсіру бастамаларын өсіру.

Температура, С°

24-26

20-24

22-24

14-18

25-26

Шыгымы, %

70

70

70

70-80

70

Шығымы, кг/м

25-30

10-25

15-25

8-12

10-20

Уақыты, тәул.

|_ 30

25

20-25

40

35

Балыктың өсуіне кеткен қорек шығыны, кг/кг

0,6-1,0

0,8-1,2

0,8-1,0

0,8-1,0

1,5

Тауарлық салмаққа дейін өсіру

Шығымы, %

95

85

85

75

90

Шыгымы, кг/м3

100-120

70-100

80-100

80-100

100-120

Уакыты, тәул.

90-120

180-200

180-200

140-160

140-160

Балыктың өсуіне кеткен қорек шығыны, кг/кг '

1,5-2,0

1,5-3,0

1,5-3,0

1,5-2,0

2,5-3,0

Тұйық жүйелі сумен қамтамасыздандырылған қондырғыларда балық өсіру, отырғызу материалдарын онда өсіріп, одан әрі дәстүрлі эдіспен (шарбақ, тоған) өсіргендегі аралас технология болып табылады.


Бақылау сұрактары:

1. Индустриальді балық өсірудің негізгі багыттары қандай? 2. Шарбаңтыц шаруашылықтар түрлерін атаңыз. 3. Шарбақтарда балықты ңалай өсіреді және отыргызу тыгыздыгы қандай? 4. Табши суларга орнашылган шарбацшардың ерекшеліктері. 5. Бассейнді шаруашлыцтардагы қондыргылар ерекшеліктерін түсіндіріңіз. 6. Бассейінде балық өсіру технологиясын айтыңыз 7. ТЖСҚ дегеніміз не? 8. ТЖСҚ-дагы судың биологиялық тазала-нуының негізін түсіндіріңіз. 9. ТЖСҚ-да қандай балық түрлері өсіріледі?

7-ТАРАУ

ТОҒАНДАРДЫҢ ӨНІМДІЛІГШ АРТТЫРУ ӘДІСТЕРІ

7.1 Тоғандарды тынайту
Тоғандарға тыңайтқыш себудің негізгі мақсаты, табиғи қорек қорының артуын жандандыру арқылы тоғанның балық өнімділігін үлғайтатын ортаның экологиялық жағдайын жақсарту. Тоғандарға тыңайтқыш қолданғанда бірден-бір, балықтар қорегі болып табылатын немесе олардың қоректік организмдері корегі үшін қажетті бактериялар мен планктондык балдырлар саны артады. Тоғандағы балдырлардың дамуы судағы биогендік элементтердің болуына, әсіресе азот пен фосфорға тікелей байланысты. Тыңайтқышты сеппес бұрын, оның сол тоған көлеміне шаққандағы қажетті мөлшерін білу керек, бұл өз кезегінде органикалық және минералдық тыңайтқыштарды рациональді қолдануға мүмкіндік береді.

Тоған балық шаруашылығында биогендік элементтер кешенін қамтитын мьшандай тыңайтқыштар қолданылады: қи, сұйық қи, компост және жасыл (өсімдіктер) тыңайтқыштар. Олар минералды тыңайтқыштарға қарағанда құмды, сол сияқты сазды қабаты жоқ тоғандарда жоғары әсер береді.

Ірі қара малдың жаңа қиының құрамы, %: азот - 0,45, фосфор - 0,23, калий - 0,50, кальций - 0,40, магаий - 0,11 жэне т.б. қоректік заттар болады. Ашыған қи жақсы тыңайтқыш болады. Ірі қара малдан басқа жылқы, қой, сол сияқты құс қиын қолдануға болады. Қи мен компостың шағын бөліктерін тоған жағалау-ларына, көбінесе су толтырар алдында себеді. Егер тоған түбі топырағы қү-мды болса онда қиды бүкіл тоған түбіне біркелкі жайып салған дұрыс. Өсіру жэне семірту тоғандарына тыңайт-қышты 30 т/га дейін салады. Газдық режимі қолайсыз тоғандарға көп тыңайтқыш себудің қажетті жоқ.

Сұйық қиды тоғанның түбіне су толтырар алдында, шашырату тәсілі арқылы және толганнан кейін бірнеше қайтара - 0,55 - 1,5 т/га мөлшерінде шашады.

Тоған балық шаруашылығы тәжірибесінде жасыл тыңайтқыш-тың екі формасы бар: біріншісі, оның түбіне ауыл шаруашылықтық культураны егу немесе жартылай шауып жинап алуда шөппен; екіншісі тоғаннан шауып алынған су асты немесе үсті өсімдіктері, сол сияқты тоғаннан тыс даярланған жасыл өсімдіктерді шашу (мұндай тэсілдерді барлық жаздық тоғандарға қолдануға болады). Жасыл тыңайтқыштарды 3-6 т/га мөлшерінде бірнеше қайтара қолдану арқылы тоғанның балық өнімділігін 150- 200 кг/га дейін көтеруге болады.

Қазіргі кезде тәжірибеде минералды тыңайтқыштарды кол-дану артқан. Азоттык тыңайтқыш ретінде тоғанға аммиак селитра-сын, аммоний сульфатын, аммоний сульфонитритін, аммиак суын, мочевинаны және т.б., ал фосфорлық ретінде - жай жэне екі суперфосфаты, фосфор ұнын кең қолданады. Минералдық тыңайтқыштар қолдану арқылы жетістікке жету тек белгілі бір жагдайда ғана жүзеге асады. Ең алдымен судың реакциясы бейтарап немесе элсіз сілтілі, топырақ рН 6,0-дан кем болмауы, қатты су асты немесе су беті өсімдіктері өсуі 30% жоғары болмауы жэне су алмасу уақыты 15 тэуліктен аспауы қажет. Осы жоғарыда айтылғандар тоғандарда сақталмаса, онда тыңайтқыштың эсері жоғары тиімділікті болады деп есептеудің қажеті жоқ.

Судың жэне топырақтың қышқылдық реакциясын бейтараптау және минералдау процесін жылдамдату үшін тоғандарды эктейді. Бүл үшін қорытылған немесе қортылмаған әк қолданылады. Жоғарғы бейтараптылықты қорытылмаған эк көрсетеді. Топырақ қышқылды - 4,0 болса, бейтараптау үшін 1 га тоғанға 20 ц қорытылмаған әк, рН - 5-10 және 6,0 -3,0 ц/га себеді.

Тоғанның тыңайтқышқа қажеттілігін эр түрлі жолмен анық-тайды: биологиялық сынақ көмегімен (эр түрлі құрамды биоген-дері бар склянкалар), гидрохимиялық зерттеулер, фитопланк-тонның дамуын жай көзбен бақылау арқылы. Егер тоғандардағы фитопланктонның дамуы төмен болса жэне судың мөлдірлігі 0,5 м жоғары болса, онда м^ндай тоғандарды тыңайтуды қажет етеді деп айтуға болады. Себетін азоттық және фосфорлық тыңайтқыш мөлшерін, азоттың коңцентрациясын 2, фосфордікін 0,4 -0,5 мг/л дейін жеткізеді. Су элі құйылмаған өсіру тоғанының түбіне минералды тыңайтқышты 1 гектарға 50 кг аммиак селитрасы жэне суперфосфат мөлшерінде, сол сияқты суға 30-40 кг/га мөлшерде 2-3 рет 2 тэуліктік үзіліспен енгізеді.

Өсіру тоғандарын балықгандыруға 7-10 күн қалғанда тыңайту керек. Азотты-фосфатты тыңайтқыштың алғашқы 2-3 бөлігін 5 күндік үзіліспен енгізеді, мөлшері өсіру тоғанындағыдай. Келесісін 10-12 күннен кейін екі тыңайтқыш түрінде 1 га-ға 25-35 кг мөлшерінде енгізеді. Су температурасы 12 С төмендегенде тоғанға тынайтқыш енгізуді тоқтатады.

Жайылу тоғандарына тыңайтқыштарды судың температурасы 12° С көтерілгенде енгізе бастайды. Судың «көктеуіне» дейін оларды аптасына 1 рет, 1 гектарға 50 кг аммиак селитрасы жэне суперфосфат мөлшерінде енгізген дұрыс. Судың «көктеуі» кезінде тыңайтқыштарды енгізу 10-15 күнде 1 ретке төмендейді жэне оны 1 гектарга 25 кг аммиак селитрасы жэне 10 кг суперфосфат мөлшеріне дейін төмендетеді. Жайылу тоғандарынан балықтарды аулауға 1 ай қалғанда тоқтатады.

Минералды тыңайткышты бүкіл тоған суы айнасына біркелкі етіп бөледі. Әр бір 10 кг-га аммиак селитрасы жэне суперфосфатты еріту үшін 60-70 л су жұмсайды. Жұмыс барысында қайықтар, тыңайтқыш себетін агрегаттар, жаңбырлатқыш машина жэне ауыл шаруашылық авиациясы қолданылады.

Бір реттік енгізілетін тыңайтқыш мөлшерін (х кг/га) келесі формулаға келтіруге болады:

X = (Г х Н х (А - Б) х 1000): Р, мұндағы Н - тоғанның орташа тереңдігі, м;

Г-тоғанның ауданы, га;

А,Б-ұсынылатын және нақтылы судағы биогендер концен-трациясы, мг/л;

Р-тыңайтқыштағы биогендер құрамы, %



Мысалы

Азот концентрациясын 2 мг/л жеткізу үшін оның судағы мөлшері 0,2 мг/л, тоғанның ауданы 45 га, орташа тереңдігі 0,6 м, селитрадағы азоттың мөлшері 33% болғанда өрістеу тоғанына қанша аммиак селитрасын енгізу керектігін есептеу қажет.

Жоғарыдағы формулаға мэндерді қоя отырып есептейміз:

X = (45 х 0,6 х (2 - 0,2) * 1000): 35 = 1389 кг

7.2 Балыктарга арналган тірі қоректі өсіру

Тірі қоректі бөшкелерде, су қоймаларында, хауыздарда, суы тұрып қалған арықтарда, шағын тоғандарда немесе негізгі тоғандардың оқшауланған телімдерінде өсіреді. Бұл суаттар күнмен жаксы қыздырылуы, желден қорғалуы және ағыссыз болуы тиіс. Олардың тереңдігі 0,5-0,7 м-ден аспауы керек.



Қарапайымдыларды қолдан өсіру. Қарапайымдылыр балық-тардың ең кіші дернэсілдерінің алғашқы тірі қорегі болып табылады. Тірі қорек ретінде ең кең қолданылатыны парамеци (Рагашаесіит саисіаішт) жэне басқа кейбір түрлер. Парамацедия-бір клеткалы жануар, клетканың жай ғана бөлінуі арқылы көбейеді. Оптимальды жагдайда өте қарқынды дамиды. Бактериялармен, микробалдырлармен, майда детриттермен және еріген органикалық заттармен қоректенеді. Оларды эр түрлі ішкі сыйымдылықтарда (емкость) - бассейндерде, полиэтилен шарбақтарда, Вейс аппара-тында өсіруге болады. Өсіру кезінде әртүрлі бактериялар, балдырлы және ашытқылы орта, мысалы пішендік тұнба қолданылады. 3-4 тәулікте бір рет парамецейді шарбақтан сүзіп алады жэне тоғанға салады.

Балық шаруашылығында ағынды сулы өсіру эдісіне көп көңіл бөлінуде. Бұл үшін өнеркәсіптік құрылғы ойластырылған, оның негізгі бөлігі цилиндрлі реактор болып табылады (7.1-сурет). Реактордың түбі конустәрізді және оның ұшы тесік, ол арқылы культура қоректі араластырып және ортаны оттегімен қамтамасыз ететін эрлифетке түседі. Құрылғыдағы ауа шығыны 1 литр культураға 1-1,5 л/мин.

Қарапайымдылар культурасының бір түрімен таза суды жандандырады, ол өсіруді қарқындатудың бір жағдайы болып табылады. Үздіксіз өсіру барысында құрылғыға құрамында ашытқысы бар қоректік қоймалжың үнемі беріліп отырады. Қолайлы ағыстылық тэулігіне 6-10 көлем. Температура 26° С және қорек концентрациясы құрғақ салмағына шаққанда 0,5 г/л болса Рагатаесіит саікіаііит үздіксіз өсуін қамтамасыз етеді жэне тэуліктік өнімі 20 мың. г/м .

7.1-сурет. Ағынды суда шаянтәрізділерді өсіру:

1 - реактор, 2 - эрлифи, 3 - деңгейі бойынша суспензияны төгетін түтік, 4 - ішкі стакан, 5 - сыртқы стакан.

7.2-сурет. Қарапайымдарды ағысты өсіру схемасы.
Коловраткаларды өсіру. Жаппай өсіру культурасы ретінде коловраткалардың екі түрі қолданылады Вгасһіопиз саіусійошз Вг. гиЬепз. Коловраткалар партеногенетикалық жэне жынысты жолмен көбейеді. Олардың қорегі қызметін балдырлар атқарады. Колов-раткаларды өсіру үшін бетон бассейндер, полиэтилен шарбақтар және шағын тоғандарда, құрылғыда да өсіруге болады 7.2-суреттегідей, тек оған күндізгі жарық беру лампасын орнату қажет. Жарық тэулік бойы түсіп тұруы қажет. Коловраткалар қорегі ретінде хлорелла мен ашытқылар қолданылады. Сұйық ашытқы мен хлорелланы әртүрлі сауыттарда даярлайды. Сығылған ашыт-қыны қолданғанда коловратканың 1 кг шикі салмағына 0,5 кг ашытқы, ал гидролизді -0,4 кг есебінде алады.

Оптимальды ағыстылық тәулігіне 6-10 көлемді құрайды. 27°С температурадағы, қоректің концентрациясы құрғақ салмағы бойын-ша -0,4 г/л, рН 7,0 шамасында және жарықтылық 15000 люкс, культура тығыздығы 16000 экз/см3, сол сияқты тәуліктік өнімділігі 20 г/л -не немесе 20 мың. г/м3 құрғақ салмақты қү_райды.



Микробалдырларды өсіру. Балық шаруашылыгында хлорел-ла, сцендесмус және спирулина сияқты микробалдырлар маңызды, себебі олар көптеген балықтардың табиғи қорегі болып саналады, сол сияқты омыртқасыздарды өсіргенде олардың қорегі қызметін атқарады.

Өндірістік мақсатта өсіруде жасыл балдырлардан Сгоіеііа уи1§агіз, Сһ. ругепоісіоза, С1. ге§и1агіз, Зсепеёезтиз асиіиз, ал көкжа-сыл балдырлардан Зрігіііпа ріаіепзіз қолданылады (7^1-кесте). Тұқы, ақ дөңмаңдай, ақ амур, үлкен ауызды буффало және тиляпия осы балдырлардың суспензиясы мен ұнтагын жақсы жейді.


7.1-кесте. Соямен салыстырғандагы жасыл және көкжасыл балдырлардың кұрғак заттары, %


Құрамы

Жасыл балдырлар

Көкжасыл балдырлар

Соя

Белок

50-56

56-62

34-40

Су

4-8

10

7-10

Липидгер

12-14

2-3

16-20

Көмірсу

10-17

16-18

19-35

Клечатка

3-10

-

3-5

Күл (зола)

6-10

-

4-5

Балдырлар құрамындағы белоктың салмағы культураның жағдайына, ең бастысы жарықтың сапасына байланысты ауытқулы болуы мүмкін. Хлорелладағы алмастырылмайтын аминқышқылдар-ының мөлшері 47% құрайды. Хлорелла жэне спирулинаның құрамы эртүрлі микро- жэне макроэлементтерден тұрады (7.2-кесте). Балдырлардағы витаминдік заттар жемістер мен көкөніс-терге қарағанда жоғары.

Микробалдырларды жаппай өсіру үшін ашық және жабық құрылғылар қолданылады, сол сиякты табиғи сукөздері қолдан-ылады.

Хлорелла мен спендесмусты ағынсыз суда өсіргендегі бір гектардан алынатын құрғақ зат мөлшері тэулігіне 250-300 кг жетеді. Өсіретін орта ретінде мал шаруашылығы мен қү_с шаруашылыгының қалдықтары, сол сияқты тұрмыстық және өнеркәсітік ағын сулар пайдаланылады. Қү_с саңғырығының 5-10 г/л концентрациясы Сгоіеііа уи1§агіз балдырының өсуіне оптималь-ды жағдай туғызады.

Ағынды суда екі 8 л кюветтің арасына люминесцентті лампадан жарық түсіргіш қойылады. Культура үздіксіз ауамен араластырылады, 1 л культураға 2,5 л/мин жылдыамдықпен ауа беріледі.

Көмірқышқыл газы ( ауаға қарағанда әлдеқайда төмен жылдамдықпен беріледі. Тәулігіне бір рет культураны төгеді жэне жаңа дайындалған ортаны қосып отырады, сондай-ақ культураға тәулігіне 2-3 рет 0,25 г/л есебінде мочевина ендіреді.


7.2 кесте. Микробалдырлардын минералдык күрамы


Элементтер

Сгоіеііа уиівагіз

Зрігіііпа ріаіепзіз

Үздіксіз орта

Периодты орта

Периодты орта

Абсолюты кұрғак заттың проценті

Фосфор

1,39±0,05

1,58±0,14

1,21±0,07

Магний

О,52±О,О2

0,77±0,07

0.47±0,05

Күкірт (Сера)

0,62±0,02

0,65±0,07

0,70±0,02

Калий

І,5О±О,О5

2,34±0,31

2,І8±0,23

Натрий

0,10±0,02

О,25±О,О8

3,23±О,5О

Кальций

0,06±0,005

0,Н±0,02

О,13±О,ОЗ

Абсолютті кұрғакзаттын миллиграмы процентке шакандағы

Бор

3,О±О,3

6,7±0,9

2,0±0,3

Марганец

17,5±4,2

32,2±4,3

8,8±0,9

Темір

42,8±4,5

67,7±8,4

11,8±1,1

Алюминий

5,6±0,8

3,5±0,7

8,1±0,7

Қоргасыи

0,23±0,04

0,025±0,04

ОД8±О,ОЗ

Хром

0,28±0,06

0,20±0,06

0,53±0,08

Никель

0,44±0,05

0,24±0,05

0,52±0,08

Молбиден

О,53±О,О9

1,55±О,3

0,06±0,01

Мыс

2,4±0,6

2,9±0,8

0,64±0,09

Мырыш

3,7±0,8

6,0±0,9

4,2±0,5

Күлділігі,%









Осындай режимдегі 1 л культураның тэуліктік өнімі 8 г құрғақ немесе шикі салмағы 24 г.

Тірі қоректі тез өсіру нысандарының бірі дафния.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет