Асылбекова, Г. Балабиева балық шаруашылығЫ



жүктеу 2.93 Mb.
бет9/15
Дата07.03.2018
өлшемі2.93 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15

Дафнияны өсіру. Дафнияларды - дафния шұңқырларында немесе тоғанның оқшауланған телімдерінде өсіреді. Дафния өсірілетін суаттарға органикалық тыңайтқыштар салынады: сиыр қиы немесе құс саңғырығы, немесе 1,5 кг/м3 олардың қоспасы (1 кг/м3 сиыр қиы және 0,5 кг құс саңғырығы). Содан кейін оларға су құяды. Бір күннен кейін сол суаттарға тірі дафнияларды 5-10 г/м3 есебімен салады,. Әдетте дафниялардың ірі формалары өсіріледі.

Бастапқы 6-7 күнде культураға ерекше күтім қажет емес. 8-10 күні су температурасы 20-23 °С-да тоғанға 1 м3-ге 1 кг дозасында жаңа қи салынады,. эдетте жылқы қиы тиімдіреқ. 10 күннен кейін дақыл өсіп-жетіледі, оны аулауға болады. Дафния культурасын бір ретте немесе қажеттілігіне қарай қолдануға болады.

Дафнияларды гидролиз ашытқысымен қоректендіріп отыру керек - судың 1 м3-на 10-15 г. 7-8 күннен кейін дафнияларды аулап

алып, шабақ өсіру, оңалдыратын тоғандарға 1 м3-на 60-70 г есебінен салады. Дафниялардың түгел дақылын тогандарға салуға рұқсат етілмейді, өйткені балықтар барлық дафнияларды ұрпақ беретін аналықтарымен бірге жойып жібереді.

Жақсы жарықта және температура 23-25 °С-да дақыл салынғаннан кейінгі 6-9 күннің ішінде тірі қорек.дафнияларды алуға болады. Дақылды алдын-ала, шабақ болып шыққанша салу керек, әр түрлі суаттарға салуының арасы 3-4 күн, сонда бір қалыпты жетіледі.

100 мың шабаққа қорек ретінде 100-120 кг дафния өсіру қажет, бұл үшін ауданы 600-700 м2 тоғандар немесе ауданы 150-300 м2-ден бірнеше суаттар пайдаланылады.

Балық пен тірі қоректі біріктіріп өсірудің қажеті жоқ. Егер дафниялар тоғанның оқшауланған бөлігінде өсірілетін болса, онда бөгетті алып тастау керек, сонда барлық дафниялар негізгі тоғанға өтеді.

Ерітіндіде дақыл өсіру үшін бактар, күбілер, бөшкелер жэне т.б. қолданылады. Бүл үшін қи, эсіресе жылқы қиы қолданылады. 2 кг қиды 100 л суда екі тәулік ұстайды. Пішен ерітіндісін де пайдалануға болады% 100 л суға 2 кг пішең, оны 2-3 күн ұстайды.

Алынған ерітіндіге дафниялар дақылын 1 м3-на 5-10 г есебімен салады. Дақылдың пісіп-жетілу мерзімі - 10 күндей. Максималды биомассасы кемінде 250-300 г/м3 болуы тиіс. Орта тэуліктік өнім - 20-25 г/м3. Алынған өнімді тоғанның оқшауланған бөлігіне салады.

Дафниялар дақылын гидролиз ашытқысымен де алады. Ашытқыны ұсақгап, суда жұмсартып, 15-20 г/м3 есебімен сый-ымдылыққа салады. Сол күні немесе 1-2 күннен кейін осы ерітін-діге 30-40 г/м3 есебінен дафния дақылын қосады. Дақыл 18-20 °С температурасында 20-25 күнде, 23-25 °С-да - 18-ші күні пісіп-жетіледі.

Осы мерзім ішіңде дақылды 4-6 рет ашытқымен қорек-тендіреді, яғни әр 5 күн сайын (8-10 г/м3). . 25-ші тәулікте дафниялардың биомассасы 800-1200 г/м3-ға жетеді. Тэулігіне 1 м3-ден 30-50 г-нан аулап, тоғанның оқшауланған бөлігіне салады.

Дафнияларды минералды тыңайтқыштарда да өсіруге болады. Аммиак селитрасын (13 мг Ы/л) және суперфосфатты (2 мг Р/л) екі порция етіп тоғанға немесе хауызға салады. Тыңайтқыштармен қатар хауызға дафниялардың бастапқы дақылын да қосады (25-30 г/м3). Дақылдың жетілу мерзімі - 12 күн. Дақылдың пісу сэтіндегі максималды биомассасы - 100-300 г/м3, орташа тэуліктік өнімі — 15-20 г/м3. Минералды тыңайтқыштарға (аммиак селитрасына - 35 г) 20 г/м3 ашытқы қосуга болады. Содан кейін эр бес күн сайын 1 м3-ге 20 г аммиак селитрасын және 10-15 г ашытқы қосады. Дакылдың пісу мерзімі - 5-7 күн. Орташа тэуліктік өнімі - 20-40 г/м3.

Тірі қоректі (планктонды шаянтэрізділерді) өсіру үшін жиілігі эр түрлі капрон елегінен жасалған су қоймаларын колданады, оларды тоғандарға немесе су кіретін каналдарға орналастырады. Су қоймаларына су өзі келіп түседі. Сумен бірге шаяншалардың қорегі болып табылатын бактериялар мен планктонды балдырлар да келіп түседі. Дафнияларды өсірген кезде су қоймаларын № 25-35 капрон елегінен жасайды, үхағырақ формаларын өсіру үшін (моин, хидорус, цериодафния) - № 40-60 елегі. Су қоймаларында аналық дақыл қалып қояды, ал тұқымдас формалары сумен шайылып, тоғандарға барып түседі.

Жақтаулары 2x2 м жэне биіктігі 1-1,5 м капрон елегінен жасалған тік төртбұрышты бассейндер өте ыңгайлы. Мұндай су қоймаларының көлемі 6 м3-ге тең. Мұндай су қоймасын жасауға ені 95 см 22 м елек қажет. Тұрақтылық үшін су қоймасының бұрыш-тарына тік бұрышты қалталар тігеді (0,2x0,2 м). Бассейнді жағаға жақын қылып, 1,5-1,7 м тереңдікті суатқа орналастырады. Басс-ейнге 2,5-4,0 мың дана/м3дафнияларды немесе 10-20 мың дана/м3 моин жэне цериодафнияларды немесе 20-25 мың дана/м3 хидорусты отырғызады. Тыңайтқыш жэне қорек ретінде жем ашытқысын, балық ұнын немесе құрама жем қолданылады.

Піскен дақылдан күніне шаяншалардың жалпы массасының 50-60% аулап алуға болады. Дафниялардың орташа тәуліктік өнімі 200 г/м3 болған кезде бір су қоймасынан күнделікті 1,2 кг дафния, немесе 150-400 г ұсағырақ шаян тәрізділерді аулап алуға болады.

Тоғаңдарда табиғи қорек базасының жағдайына, рның даму динамикасына бүкіл вегетациялық кезең бойы үнемі бақылау жүргізіліп отырады. Талдау үшін планктон және бентос сынамасын эрбір 10-15 күн сайын алады, ол үшін балықтың өскенін анықтау үшін бақылау аулауын жүргізеді. Осы мақсатпен планктон торы, қырнауыш, түптен көсіп алатын құрылғы жэне шайғыш қолданылады. Қорек организмдерінің санын анықтау үшін зертханада микроскоп астынан штемпель-тамызғышын және санақ шынысын қолданады.

Планктонды планктон торымен жинайды, ол 50-100 л суды сүзгілейді. Тордың конус тәріздес формасы бар, оның ұшына қысқышты резина түтігі бар металл ыдыс ілінген. Осы ыдысқа барлық зоопланктонды организмдер түседі. Суды сүзгеннен кейін барлық организмдерді сынауыққа салып, 4%-дық формалинмен бекітеді. Зертханада олардың түр құрамы жэне саны анықталады

Бентосты (түп көсеу құрылғысымен) жинағаннан кейін жуып-шайып, 4%-дық формалинмен бекітеді.



Моина капрон су қоймаларында өсіріледі. Бірак дафния-лармен салыстырғанда моиналардың көлемі шағын және олардың қоректік құндылығы жоғары.

Моинаны гидролиз ашытқыларында немесе құрама жемде өсіреді. Аналықтарының ұзындығы 1,5 мм, аталықтары - 0,2 мм.

Моиналар жақсы жағдайларда партеногенетикалық түрде, яғни ұрықсыз көбейеді. Ал ортаның нашар жағдайларында аталықтары дамып, жыныстық жолмен көбейеді, соның салдарынан мықты қабы бар жұмыртқа салады. Бұл жұмыртқалар тоғандардың құрғауын және қатып қалуын көтере алады. Қолайлы жағдай туындаған кезде, жұмыртқалардан аналықтар дамиды. Моиналар өте шыдамды екенін атап кету керек, олар су температурасының күрт төмендеуін де, 60-70 мг 02/л-ге дейінгі судың жоғары қышқылдығын да көтере алады.

Моиналарды ауданы эр түрлі, ағын суы бар бетон хауыздарда өсіреді. Оларды өсіру үшін, сондай-ақ пластик жэне ағаш науаларды да қолдануға болады. Дернэсілдерді қоректендіруге арналған моиналарды 25-27 °С су температурасында өсірген жөн, соның ішінде оларды жем ашытқысымен қоректендіреді, суспензия түрінде 400-500 г/м3 хауызға салады. Келесі ашытқы қорегін бір тэуліктен кейін береді, дақыл 180 г/м3 аналық материалы салынғаннан кейін 4-5-тәулікт;е жетіледі.



Олигохеталарды өсіру. Олигохеталарды, яғни азқылтанды құртгарды өсіру үшін ақ энхитреяны пайдаланады, оны топырақта тіршілік ететін құмыра құрты деп те атайды.

Олигохеталар үш апталық жасында, денесінің ұзындығы 15-20 мм және массасы 5-10 мг болған кезде жыныстық жағынан жетіледі. Бүл құрт гермафродит болып табылады жэне жұмырт-қамен көбейеді, жү-мыртқалары 8-10 данадан пілләға оранған. Құрт піллэсын 2-7 тэуліктен кейін тастайды, ал өзінің тіршілік ету кезеңінде. 8-10 айда 1000 жұмыртқа салады.

Олигохеталардың атмосфералык оттегімен ғана емес, суда еріген оттегімен де тыныс алатынын ғалымдар анықтады. Бірақ олигохеталар өзін ылғалдылығы 35%-ға дейінгі топырақта жақсы сезінеді. Олигохеталар 17-22°С-да көбейеді, олардың тіршілік етуінің жоғары температурасы 27-31°С шамасында, жарықты жақсы көрмейді.

Бұл омыртқасыздарды эр түрлі сыйымдылықтарда, көбіне қарашірік қосылған жұмсақ топырақ салынған ағаш жэшіктерде өсіреді. Топырақтьщ ылғалдылығы 23-27% және рН 6,5-7,0 болуы керек.

Осы омыртқасыздардың дакылын 250-300 г/м3 есебімен сыйымдылықтарға салады, олигохеталар 7-8 күннің ішінде 3-4 жұмыртқадан салады. Олигохеталар 17-19°С температурасында жақсы өседі, пілләдан шыққан дернэсілдер 4-ші тэулікте белсенді қоректенеді, ал 22-24-ші тэулікте жыныстықжағынан жетіледі.

Олигохеталарды әр түрлі кебекпен, ұн қоспаларымен, картоп-пен, жем ашытқыларымен қоректендіреді.

Балықтарды олигохеталармен ғана қоректендіру май жэне минерал зат алмасуын өзгертеді, сондықтан олармен қатар басқа да қорек қоспаларын пайдалану керек.

Артемия жумыртқаларынан жасалған қорек. Балық өсіру шаруашылығында балықтардың дернэсілдерін қоректендіру үшін шаяншалардың жұмыртқаларын - артемияларды қолдану жылдың кез-келген уақытында ыңғайлы. Шаянша 10-нан 120 96о-ге дейінгі түдды суларда тіршілік етеді. Күзгі кезеңде артемиялар жұмыртқа салады, олар аязды да, құрғағшылықты да жақсы көтереді. Жиналған жұмыртқаларды ылғалдылығына тексереді, ол 10%-дан аспауы тиіс. Артемия жыныстық жағынан 15-20 тәулікте жетіледі. Мамыр-маусым айларында жыңыстық, сондай-ақ жыныссыз жолмен көбейеді.

Жұмыртқалардың инкубациясы Вейс аппараттарында ас тұзының 3-5% ерітіндісі ортасында жүргізіледі. Инкубация 48 сагатқа созылады. Артемия дернэсілдерінен жұмыртқа шығуының оңтайлы температурасы 27-29°С. Жұмыртқа қабығынан босаған науплиустар белсенді түрде қозғала бастайды. Жұмыртқадан шыққан науплиустардың ұзындығы 0,45 мм, массасы -0,01 мг, түсі - боз қызғылттан қызылға дейін.


Бақылау сүрактары.

1. Тогандарды ңалай тыңайпгуга болады? 2. Балық ишруашы-лыгында қандай минералдық тыңайтқыштар ңолданылады? 3. Тоганның пгыңайтқышқа қажеттілігін қалай аныңтайды? 4. Балық шаруашлыгындагы неізгі қоректік организмдерді айтыңыз? 5. Микробалдырлармен қандай бапың түрлері қоректенді және минералдыц цүрамына қандай заттар кіреді? 6. Дафниялардың өсіру әдісі ңандай? 7. Олигохеттерді өсіру тәсілі жэне оның тиім-ділігін атаңыз? 8. Артемия жұмыртцаларынан жасалган цорек-пгің балыцтар үшін қргдылыш цандай ?

8-ТАРАУ

ТОҒАН ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚАРҚЫНДАТУ ЖОЛДАРЫ

8.1 Балықтардың азықтық сұраныстары
Азықтандыру балық организмінің қалыптасуы мен зат алмасуына, олардың өсуі мен жыныстық жетілуіне эсер ететін сырткы ортаның маңызды факторларының бірі. Азықтандыру балық пародасы мен шығу тегіне қарағанда оның организміне, өнімділігіне ұлкен әсер етеді.

Жасанды қоректендіру барысында тоган шаруашылықтары өнімі 70-80% балық өнімін берсе, өнеркэсіптік типтегі шаруашы-лықтарда 100% өнім береді. Өнеркэсіптік әдіспен балық өсіргенде табиғи қоректің рөлі нөлге тең жэне барлық биоөнімділік өсімі қолдан енгізген корек есебінен алынады. Тоғандық аквакульту-радан бұл арадағы айырмашылық барлық жасанды қоректердің құнарылығына, сапасына аса көңіл бөлінеді, негізгі қоректік, биологиялық активті жэне энергетикалық заттары бойынша құнары толық болуы керек.

Азықтардың энергетикалық құнарлылығы. Қорекпен бірге түсетін органикалық қоректік заттарға деген балықтардың сұранысы дене ұлпасын синтездеуге, қозғалысқа келтіретін энергия көзі материалы ретінде жұмсалады. Қоректенбеген балықтар тіршілігін жалғастыру үшін энергияны түл^ына береді, яғни ферменттер мен гормондар әрекетімен іске асырылатын бұлшық ет қызметі, механикалық жэне химиялық жұмыстар жалғаса береді. Бұл энергияны организмдегі бар заттар катобализмі, әсіресе гликоген, май жэне белок есебінен алады. Барлық зат аламасу процестері балық қоректенуден алған энергаяны қажет етеді. Тұтынылған жемдегі қоректік заттар организмде қорытылып жылу энергиясын бөледі, ол осы жемнің жалпы энергиясын түзеді. Қоректегі энергия бөлетін компоненттер протеин, май және көмірсу болып табылады. 1г протеин қортылғанда 16,34 кДж, 1 г май-33,52 жэне 1г көмірсу-10,89 кДж энергия бөліп шығарады. Бірақ қорекпен келген барлық энергияны организмге пайдалану мүмкін емес. Жартысы экскремент болып жоғалады. Ал қалғанын энергияны алмасу немесе физиологиялық энергия деп атайды.

Тіршілік әректін ұстап тұруға кеткен энергия стандартты алмасу деп аталады. Мұнда энергия жүрекке, қан айналымына, ішкі ортаға соның ішінде асқорыту органы мен ауыз қызметіне және сол сияқты козғалысына жұмсалады. Қухтарға және сүт қоректілерге қарағанда балыктар энергияны аз тұтынады. Мысалы, Ікг салмақ үшін балық 4000...5000ккал (16760..20950 кДж) энергия, ал ауылшаруашылық жануарларына 7000...9000 ккал (29330...37710 кДж) жэне одан көп жұмсайды. Балықтың қалыпты тіршілік эрекеті үшін жемде қоректік заттар кұрамы толық жэне белгілі бір қатынаста болуы керек.

Протеинге қажеттілігі. Протеин зат аламасуда басты рөл атқарады. Балыктардың биологиялық ерекшеліктерінің бірі корек-тенуі бойынша протеинді көп мөлшерде ауыл шаруашылык жануарларынан 2...3 рет (рационы құрғақ затында 35..60%) көп қажет етеді (оларда протеин 15...20%).

Қоректегі протеиннің (белоктің) біршама бөлігі балық организмінде энергетикалық кызметке жұ-мсалады. Балық жас кезінде жылдам өсетін болғандыктан жогары белокты қоректі қажет етеді. БарЯық аквакультурада өсірілетін балықтар жемігідегі протеин мөлшері шабақтар үшін 40-50%, ал ересек балықтар үшін 36-45% болуы шарт. Құрамында мұндай протеині бар құрама жемдер негізінен қымбат жэне дефицитті жануар текті жемдерден тұратындықтан тұқыны тоғанда өсіргенде қымбат, экономикалық жағынан пайдасыз. Сондықтан (ГОСТ) стандартта оны осы жыл-дықтар үшін - 26%, екі жылдықтарға - 23% сәйкестеді. Ал жетіспеген протеинді және басқа азықтық заттар мен биологиялық активті заттарды балық тоғандағы табиғи қорек (зоопланктон, бентос, т.б.) есебінен толтырады деп есептелінді. Әртүрлі жем құрамындағы протеин сапасы бірдей емес. Сондықтан оның рацион құрамындағы деңгейі өзгеріп отырады. Жем құрамындағы протеин организмді қажетгі аминқышқылдарымен қамтамасыз етіп отыратын азықтық затты білдіреді. Балықтың ішегіне түскен протеин ыдырағаннан кейін оның азықтық рөлі аяқталады.

Протеиндік азықгың баиолфгиялық құндылығы, негізінен оның химиялық құрамымен, яғни аминқышқылдарының мөлшерлік қатынасымен сипатталады. Протеин құрамында 20-ға жуық амин қышқылы бар. Олар (лизин, аргинин, гистидин, треонин, лейцин, изолейцин, валин, метонин, триптофан, және фенилаланин) алмаспайтын немесе шектеуші амин қышқылдары болып табылады.

Аланин, аспарагиндік қышқыл, цистин, глутамин қышқылы, глицин, серин, триозин жэне басқа бірқатар амин қышкылдары алмасатындар болып табылады.



Жануарлар өздерінің денесінде бірқатар амин қышқылдарын көмірсулардан, липидтерден, жэне азотты косылыстардан, бірқатар басқа амин қышқылдарынан синтездейді. Аминдік қышкылдарды қажеттілікте қолдану дефицитті алмаспайтын қышқылдар деңгейін-де жүреді. Белок синтездеуге қолданылмай қалған амин кышқыл-дары энергия түрінде, май синтездеуге пайдаланылады, ал аминдік топтар желбезек арқылы сыртқа аммиак түрінде шығарылып тасталынады. Жем құрамындағы аминдік қышқыл құрамы дэл шегіне (нақты кұрамына немесе тауық жұмыртқасындағыдай дэрежеге) жақындағанда оның нағыз биологиялық құндылыгы арта бастайды. Амин қышқылдарын протеин ретінде организмнің пайда-лану тиімділігі, оған келіп түскен мөлшеріне байланысты. Мини-малды көлемде келіп түссе, онда оның тиімділігі максимальдіге қарағанда жоғары болады. Әрине, оның мөлшерімен қатар. сапалык қасиеті де маңызды, яғни жасы және кезеңдік дамуы бойынша өзгеріп отыратын қабылданған протеиндегі аминдік қышқылдар қатынасы. Белокты синтездеу үшін балық денесіне бір амин қышқылдық қатынас қажет болса, ал жыныс өнімін қалыптастыру үшін қажеттілік балық түрлеріне қарай әр келкі (8.1-кесте).
8.1-кесте. Балық жемі қурамындагы алмаспайтын аминдік қышқылдар мөлшері


Аминқышқылдары

1 кг жемдегі мөлшері, г




Тұқы

Бахтахүшін




үшін




аргинин

23

25

гистидин

9

7

изолейцин

10

10

лейцин

13

16

лизин

22

21

метионин*

12

5

фенилаланин**

18

21

треонин

15

8

триптофан

3

2

валин

14

16

•Цистин болмағанда **Тирозин болмағанда


Мысалы, бахтахты өсіргенде құрама жем құрамында триптофан мөлшері деңгейі жеткілікті болуын қадағалу өте маңызды. Егер бұл амин қышқылы жетіспесе, оның омыртқасының қисаюын тудырады. Басқа алмаспайтын амин қышқылдарының болмауы, иэ болмаса жетіспеуі балықтардың өсуі жылдамдығын төмендетеді және азыққа кететін шығынды арттырады. Сондықтан, балық рационын аминдік қышқылдармен жемдегі жалпы құрамы бойынша теңестіру жасайды. Бірақ қоректік протеиндегі амин қышқылы балықтарға эр қилы дэрежеде жетеді, сондықтан теңестру барысында амин қышқылдарының биологиялық алынуын есепке алады. Амин қышқылдарының биологиялық алынуының төмендеуі екі факторға байланысты:

- біріншіден протеолиттік ферменттер үшін протеинге қол жеткізудің қиындығы, өсімдіктер клеткалары қабырғасының бұзылуы қиынға соғатындығы, нашар еритіндігі, протеолиттік ингибридингі қортылудың болуы;

-екіншіден, кейбір азықтардың өңдеу технологиясы, эсіресе шроттар.

Ал түйіршікті құрама жем жасау эдісі экструзии барысында, оның компоненттері құрамына жоғары температуралық эсер ету жэне қысымның түсуі бос аминдік топтар белоктарының кейбір көміртектерімен жэне басқа амин қышқылдарымен байланысып, нэтижесінде балықтар үшін кейбір амин қышқылдарының алынуын қиындатады. Бұл жем белогінің биологиялық құндылығын жояды жэне оның қорытылуын нашарлатады. Ең бір лимиттеуші амин қышқылы ол дэнді дақылдар дэніндегі -лизин (8.2-кесте).


5. 2-кесте. Азықтардың амин қышқылдық қурамы мөлшері


Көрсеткішгері

Лизин

Гисти-дин

Арги-нин

Треонин

Мети-онин

Валин

Фенил-аланин

Изо-лей-цин

Лейцин

Сояшроты




Мөлшері Жепсіліктілігі

5,8 6,7

3 68

8,2 84

5,3 58

1,4 72

4,7 72

4,6

77


3,7 74

7,8 86

Күнбагыс шроты




Мөлшері Жеткілікгілігі

4,6 6,3

3,8

72


9,4 86

4,7 61

1,4

75


5,5 75

5,5 82

4,5 76

5,6 78

Макташроты






Мөлшері Жеткіліктілігі

2,9

47


2,3

75


9,1 87

4,1

71


1,2 78

5,6

75


5,3 81

2,5 77

6

77


Бидай




Мөлшері Жеткіліктілігі

2,1 93

2,1 93

3,9 96

3,1 82

1,2 88

3,2 88

4,3 95

2,4 92

4,2 95

Арпа




Мөлшері Жеткіліктілігі

3,4 90

3 90

5,9 93

6,2 80

0,8 90

2,4 90

3,5 85

2,8 91

4,3 91

Жүгері




Мөлшері Жеткіліктілігі

1,4 85

2,4 89

3,5 88

3,5 82

1

79


4,7 84

5,5 87

3.2 83

14,9 88

Балык ұны




Мөлшері Жеткіліктілігі

7,1 93

2,3 93

6,5 94

5,2 92

2,8 95

6 91

6,5 91

4,9 92

9 92

Гидролиздік ашыткы (гаприн)




Мөлшері Жеткіліктілігі

5,9 78

1,8 88

6,4 88

2,9 56

1,5 71

4,3 82

5,4 87

6,7 83

10,9 89

Көмірсутекті ашыткы (парин)




Мөлшері Жеткіліктілігі

8,8 95

1.9 98

5,2 97

3,8 80

1,6 92

5,6 91

3,8 95

4,1 93

8 93

Оның жемдегі жеткіліктілігі басқа амин қышқылдарына қарағанда төмен. Мысалы арпадағы лизиннің жеткіліктігі 56-91%, бидайда - 72-93%. Сол сияқты бұл амин қышқылдарының жеткі-ліктілігі жымых пен шротта да онша жоғары емес (47-63%). Лизиннің ең жоғары жеткіліктілігі балық ұнында, басқа жануар текті қоректе, микробиологиялық қоректерде. Басқа алмаспайтын қышқылдар балықтар организмімен сіңірілуге біршама жеңіл.

Кестедегі көрсеткіш дэнді дақылдар дэніндегі белоктің тиімділігін арттыру үшін рациондағы лизиннің деңгейін синтети-калық амин қышқылдары немесе жемге жануар текті қорек қосу арқылы ұлғайтуға болады. Тағы бір дэнді дақылдар мен шрот-тардағы амин қышқылдарын шектеуші метионин болып табылады. Құрама жемге протеиннің биологиялық құндылығын арттыру үшін синтетикалық амин қышқылдарын енгізу (метионин, лизин) рациондағы протеин деңгейі 30% -тен артпағанда жэне амин қышқылы суда ерімейтін болғанда нәтиже береді.

Белоктік алмасу соған сәйкес оның балық организмінде пайдаланылуы липидтермен, витаминдер және минералдармен тығыз байланысты.

Липидке қажеттілік. Азық қабылдаудың ең маңызды мәні организмнің энергиялық қажеттілігін қамтамсыз ету. Егер қажеттілігі маймен жэне біршама көмірсумен қамтамасыз етілсе, онда балық денесіне қажетті протеин аз жұмсалады. Липидтер тек энергия көзі ғана емес сол сияқты витаминдерді ерітеді. Ол тіршілікке аса маңызды алмастырылмайтын май қышқылдарынан тұрады (линолевая, линоленовая, арахиндоновая). Құрама жемге липидтерді қосу оның ылғалға төзіміділігін жэне жем түйір-шіктерінің дэмдік сапасын арттырады. Балықтарды қоректендіруге өсімдік липидтерін пайдаланады.

Минералдык заттарға қажеттілік. Минералды заттар орган-измнің бейорганикалық заты ретінде балықтарға аса қажет. Минералды заттар организмде сүйек үлпасы мен ұлпаның клеткалык қабыршағын құрайтын құрлымдық функция атқарады. Бұл заттар ферменттер, витаминдер, гормондар және басқа биологиялық активті заттар кұрамында бола отырып, зат алмасуға қатынасады. Минералды элементерді макро- және микроэлементтер деп екіге беледі. Бұлай бөлудін негізі оның организмдегі деңгейіне байланысты.

Кальций, фосфор, магний, калий, натрий, марганец, цинк, кобальт, селен, йод жэне басқалар - микроэлементтер болып келеді, ал аздаған бөлігі макроэлементтер. Балықтардың минералдық элементтерге қажеттілігі негізінен су температурасына, балық түріне және оның массасына байланысты. Минералды заттардың артық, иә кем болуы балықтарда зат алмасудың бұзылуын тудырады, салмағы азайып, дамуында патология байқалып, кейде өлімін тудырады. Өнеркәсіптік өсіруде балықтарды құрамында минералды заттар премиксі бар құрама жеммен қоректендіреді.

Витаминдік заттарға қажеттілік. Витаминдер дегеніміз төменгі молекулярлық биологиялық активті қослыстар, ол организмдегі белгілі бір биохимиялық жэне физиологиялық процестердің жүруін қаматамасыз етеді. Витаминдерді майда және суда еритіндер деп бөледі. Суда еритін витаминдер организмдер қорында сақталмайды. Олардың көзі желінген қорек болып табылады. Олар негізінен аралық процестерге қатынасады. Майда еритін витаминдер белоктік, майлық және минералдық алмасуларға қатынасады. Олар организмде, эісіресе бауырда жинақталады.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет