Қасіретті жылдар құрбандары



Дата27.06.2018
өлшемі77.06 Kb.
#34989

Жаңаарқа аудандық жасөспірімдер кітапханасы

"Қасіретті жылдар құрбандары"

31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне



Атасу кенті 2014 жыл

"Зұлмат жылдар құрбандары"

31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне

Құрметті оқырман қауым!

31- мамыр – «Аза тұту күні», жиырмасыншы ғасырдың нәубаттары мен зұлматтарынан құрбан болғандарды еске алып, солардың Аруағына бас иіп, тағзым етер күн! Бүгін Алаш баласын жер бетінен жойып жіберу үшін жындана жанталасып, қасақана қолдан қанды қырғын, аштық жасаған құтырған қанды қол жендеттердің тозағының себеп-салдарына үңіліп, адамзат баласына қасырет әкелген қара ниет қанышерлердің тегін тектеп, соларға лағынет айтып, тас ататын күн!







Біз бұл күнді қаралы дата деп атап өтіп, оңай айта салғанымызбен, оның түбінде үлкен қайғы-қасірет жатыр. Әрбір қазақтың баласы осы қайғы-қасіретті ұмытпауы керек. Біз бүгін сол зұлмат жылдар жайында өз оқырмандарымызға азды – көпті мағлұмат беруді жөн деп әңгіме қозғадық.

Алапат аштық, қырылған қазақ, бас ауған босқын



– Бұл – трагедия, бұл – қасірет, бұл тақырып – таусылмайтын теңіз. Бәріміз қанша айтсақ та, түбіне жете алмауымыз мүмкін. 



Тарихқа үңіліп қарайтын болсақ, ашаршылық қазақ даласында 1929 жылы бірінші рет болып, кейін 1932 жылы қайталанған. Бірінші ашаршылықта бірнеше миллион халық қырылған болса, екіншісінде одан да көп халық аштықтан көз жұмды. Ал қырылғаннан қалғандары жан сақтау мақсатында басқа елдерге босып, тозып кетті. Бұның барлығы қазақ даласына жасалған қиянат болатын.



Мысалы, сол кезде Қазақстанда басшы болған Голощекиннің «Кіші октябрь» саясатының өзі халықты осыған итермеледі. Ол бастапқыда малмен ғана күнін көріп отырған байларға, кейін орташаларға, ең соңында астық екпейтін малшыларға астық салығын салды. Астықты тауып бере алмағандарын шұбыртып, қаңғытып жіберді.



Қолындағы малын күштеп тартып алған халықтың күн көрісі қиындап кетті. Өмірдің мәні бір тарының қауызына сыйды. Жаппай аштық жайлады. Аштықтан, күшпен, зорлықпен тәркілеуден зәре-зеп болған халық халық шет елге өтіп, босқынға айналды. Қытай асты, ішкі Ресейге өтті. Амалы, шарасы жоқ халық ақ сүйек болып қырылды.

Күзде егінді орып болғаннан кейін қалған масақты тергені үшін сотталып, тіпті халық жауы аталып, атылған адамдар қаншама десеңізші.

Қазіргі деректерге сүйенсек, кем дегенде 2 млннан астам адам аштық құрбаны болды. Бұл сол кездегі халықтың 52-53 пайызын құраған.

Сөйтіп 1933 жылға дейін қазақ даласында болған 40 миллион малдың, 1933 жылдан кейін 15 миллионы ғана қалды.

Ал 1929 жылғы аштықтың салдарынан 123 300 000 дихан шаруашылығының саны 1936-1937 жылдары 56 500 болып қалған.

Өнеркәсіп орындарын етпен қамтамасыз ету Мәскеудің арнайы нұсқауымен орындалатын болды. Еңбек және Қорғаныс Кеңесінің 1931 жылғы 28 қыркүйек күні қабылдаған құпия қаулысында осы жылдың 4-тоқсанында Мәскеуге 35 000 тонна, Ленинградқа 24 500 тонна ет жеткізіп тұруы міндеттелді. Осы жылдары Ресейді етпен қамтамасыз етуде Қазақстанның үлесі 40 пайыздан жоғары болған. Қазақстанда мал етін дайындау аса қатал, қорқыту және қысым жасау әдістерімен қоса, жартылай әскери тәртіппен жүргізілген.

Осылайша астық пен ет Қазақстаннан Ресейге вагон-вагон болып кетіп жатқанда, ауылдағы үйлер иесіз қалып, жолдың бойы мен қала көшелерінде адамдар ит-құсқа жем болып, қынадай қырылып жатты.

1931 жылы Түрксіб темір жолы ашылған кезде оған үлкен мән-маңыз берілді.



Бұл теміржолдың арқасында КСРО аумағындағы көптеген мемлекеттер арасында біріншіден, әлеуметтік, екіншіден, стратегиялық, үшіншіден, экономикалық тұрғыдан қарым-қатынас орнайды деген. Әлеуметтік тұрғыдан елмен ел араласады, экономикалық тұрғыдан егін, астық, азық-түлік тасымалданады. Ал стратегиялық тұрғыдан қандай да бір соғыс бола қалған жағдайда теміржол қару-жарақ арсеналын тез арада жеткізеді деген үміт болған. Түрксіб өзін ақтады. Бірақ ашаршылық кезінде бұл теміржол арқылы Ресейден елімізге жіберілген қаншама астық жетпеген, жеткен күннің өзінде биліктегілер пайдалануға рұқсат бермеген. Міне, мұның барлығы ашаршылықтың қолдан жасалғандығының дәлелі. 1932 ж – шілде аштық апаты мен себептері туралы Ф.Голощекинге «Бесеудің хаты» жазылды (Ғ.Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Қуанышев.Ел басына нəубет түскен ашаршылық жылдары Ғ.Ысқақов, І.Қабылов, Ж.Арыстанов, Ғ.Тоғжанов, Б. Айбасов, О.Жандосов сияқты алаш алыптарымен бірігіп 1933 жылдың 24 ақпанында Сталинге елдің ауыр халі баяндалған, тарихта «Алтаудың хаты» деген атпен əйгіленген хатты жолдаған. Осы «Алтаудың хатын» біздікілер оқымайды. Айтатылып жүргені – «Бесеудің хаты». Шын мәнінде, босқыншылықтың қасіреті «Алтаудың хатында» көрсетілді. Осы хатта: «800 мың қазақ шаруашылығынан, яғни 4 млн 800 мың адамнан 1932 жылдың көктемінде 450 мың қазақ шаруашылығы, 2 млн 25 мың ғана қазақ қалды», – деп атап көрсетеді. Расында да көпшілігіміз осы «Алтаудың хатына» мән бере бермейміз.



Аштан қырылып, көмусіз қалғандардың моласына айналған Қазақстанға 1933 жылдың 1 ақпанында Ресейден 1 млн адамды қоныстандыру туралы ОГПУ төрағасының орынбасары Г.Ягоданың қолы қойылған №50062 директивасы шықты. Елдің қырылған халқының орнына Украинадан, Ресейден, Волга жағалауынан немістерді, кейінірек: қоныс аударған халықтарды: корейлерді, түрктерді, ингуштерді, шешендерді және басқаларды арнайы қоныс аударушыларды айдап әкелді.  Сондай-ақ Қазақстан халқы ГУЛАГ-тың, КАРЛАГ-тың, АЛЖИР-дың тұтқындарымен және басқалармен толықтырылып, олардың дені Қазақстанда тұрып қалды. 1939 жылы қазақ халқының жалпы саны 1926 жылмен салыстырғанда өсу орнына, керісінше, 26 пайызға кеміген.Революцияға дейінгі аштық, қуғын-сүргін — патшаның отарлау саясатының жоспарлы түрдегі механизмі болатын болса, 30-жылдардағы репрессия, ашаршылық оқиғалары кеңестік жүйедегі отарлау саясатының механизмі еді. Екеуі де қолдан жасалған оқиғалар. 



Бұл шын мәнінде биліктің халыққа жасаған қиянаты еді. Әрине, ашаршылық сол кезде жалғыз болған жоқ. Қазақта «жұт жеті ағайынды» дейді ғой. Оған 37-жылы репрессия келіп қосылды.

1937-1938ж – Сталиндік террор жаппай сипат алды.











Солдан оңға қарай: Әлихан Бө­кей­­ханов, Халел Ғаббасов, Халел Досмұхамедов

Сәкен Сейфуллин



Сәкен Сейфуллинді жазалау үкімі.

Ә.Бөкейханов былай дейді: «Елдердің тұрмысын, мінезін, тілін білмеген кісі көп ұлтты алып жүре алмайды. Олай болса, көп ұлттан құралған Ресейді билеймін дегенде мағына жоқ. Ресей өзге тілі, тұрмысы, ділі басқа жұртқа автономия беруге тиіс». Әбден орынды айтылған сөз. Большевиктік билік қазақ халқының ешқандай ерекшелігін мойындаған жоқ. Бөкейханов бастаған топтың ұстанымын жоққа шығарды. Қазақ зиялылары патшалық билік тұсында да өте белсенді болды. Өкінішке қарай, 20-30 жылдардағы репрессия қазақ зиялыларының омыртқасын опырып кетті. Өзінің өткірлігін жоғалтып алды.













Отандық тарихтағы ең қатал және жаппай кісі өлтіру компаниясы нәтижесінде қазақ интеллегенциясының бетке ұстарлары: А.Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, О. Жандосов, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б.Майлин, М. Тынышбаев, М. Жұмабаев. С. Асфендияров, Т.Рысқұлов, Н.Нұрмақов, О.Исаев, Г.Тоғжанов, Ш.Тоқжігітов сынды ақын-жазушылар, тағы басқа елім деп еңбек еткен асыл азаматтар саяси қуғын-сүргіннің, жазықсыз жаланың құрбаны болды.Қазақстанда саяси қуғын-сүргін  40- және 50-жылдары да жалғасты,Қ. Сәтбаев, М. Әуезов, А. Жұбанов, Е. Бекмаханов және басқалар соның құрбандары болды.

Бұл қасірет Шыңғыстау өңірінде оңайшылықпен өткен жоқ. Аға сұлтан Құнанбай қажы әулеті, Ұлы Абай ұрпақтары қудаланды. Туған жерінен тоз-тоз болып жер аударылып, абақтыға жабылды. Халықтың Ұлы перзенті, кемеңгер Шәкәрім Құдайбердіұлы айуандықпен атылып өлтірілді.

«Халық жауы» ретінде жазаланғандардың отбасылары, балалары, әйелдері лагерьге айдалды. 1930 жылдан 1956 жылға дейін 26 лагерь жұмыс істеген. Оларда 20 млннан адам қамауда ұсталды. Осы лагерьлерде 1 млн адамның өмірі қиылды.



Долинкадағы Карлаг мұражайы



Түңілу мен әлсіздік









Карлаг балалары мен аналары.





Тергеу алдында







Осы есіктің арғы жағында қаншама жазықсыз жандардың өмірі қиылды десеңізші.







Дін өкілдерінің мұражайға келу сәтінен.

1937-38 жылдардағы қуғын-сүргін әңгімеміздің арқауы болды. Осы жылдары қазақтың сүт бетіне шығар қаймақтарының бірі қалмай «халық жауы» атанып, ит жеккенге айдалды, атылып асылды. Жүз мыңнан астамы түрмеге қамалды. 25 мыңы ату жазасына кесілді. Карлаг пен Алжир лагерлерінде ешбір жазығы жоқ ондаған мың адамдар отырды. Бәрі де мемлекеттік террордың құрбандары болды. Осы жайтты оқырмандарымызға нақты цифрлар келтіріп айтып отырмыз.

Тәуелсіз Қазақстанымызда алғашқы болып қабылданған заңдардың бірі – 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы.



1997 жылы 31 мамырды «Ашаршылық және репрессия құрбандарын еске алу күні» деп белгілеп, Елбасымыз жарлыққа қол қойған.



Ашаршылыққа биыл – 82 жыл. Осы уақытқа дейін мемлекеттік деңгейде аталып өтілмеген оқиға. Ал, қуғын-сүргінге 77 жыл болып отыр.Біздер бүгіндері қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ашаршылық нәубетінде көз жұмған ата-бабаларымызды да ойдан шығармауымыз керек. Ұлтын сүйген кешегі арыстардың тұлғасы уақыт өткен сайын өз биігінен көріне бермек. Аруақты арыстарды еске алу – біздер үшін Қазақстанның азаматтары үшін әрқашан қастерлі болған және бола бермек».  



Зұлматқа толы тарих парақтарын ешқашан ұмытпайық!


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет