Астана қаласы М. Тынышпаев атындағы



жүктеу 62.64 Kb.
Дата30.04.2019
өлшемі62.64 Kb.

Астана қаласы

М.Тынышпаев атындағы

Қазақ көлік және коммуникациялар

академиясы Ақмола колледжі

Даурамбекова Айгерим Кабдуллаевна
АТАЖҰРТ

«Менің елім – Қазақстан» танымдық-этнографиялық ойын-сайыс (студенттер арасында)
Мақсаты: Еліміздің тарихы туралы түсінік беру, өз Отанын сүюге,

халқымыздың әдет-ғұрып, салт –дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға бағыт беру, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керектігін түсіндіру.



Көрнекілігі: Н.Назарбаевтың суреті, еліміздің рәміздерінің суреті, «Қазақстан» энциклопедиясы, слайд-шоу.
1 жүргізуші: Тәуелсіздік -11 әріптен құралған,

Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман.

Талай дара, даналардың көз жасы

Қаныменен атты таң боп бізге алдан.

Тәуелсіз ел тарихы – Отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенінін дәлелдейтін тамыры терең бай тарих. Елім,Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан өз ауылынан, өз өлкесінен басталады. Егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «барыс» текті намысты ұрпақ бойында ұлттық сана көрініс тапса, ақыл ойы мен жүрегінде туған жері мен еліне деген сүйіспеншілік орын тепсе, бұл қоғамымыздың қалыпты дамуы, өркениетке ұмтылу жолындағы нәтижелі көрінісі болып саналмақ.

2 жүргізуші: Атыңнан айналайын, егеменді ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы келе берер! – дей келе құрметті ұстаздар тобынан құралған «Бәйтерек» және «Жас қазақ» топтарын ортаға шақырамыз. (Топ құрамын жүргізушілер таныстырып өтеді, әділ қазылар тағайындалады.)



1 жүргізуші: Олай болса құрметті ойыншылар ойын шартымен танысайық! Бүгінгі жарыс бес бекеттен тұрады:

1-бекет: «Қазақстанның Елордасы – Астана» - сұрақ-жауап түрінде беріледі, жалпы алты сұрақ соның үшеуіне бірінші «Бәйтерек» тобы жауап берулері тиіс, жауап толық емес немесе жауап жоқ болған жағдайда қарсы топ жауап беруге мүмкіндік алады. Солайынша 10 ұпайды қоржындарына байлайтын мүмкіндік туады.

2-бекет. «Ұлттық рәміздер» - ұяшықтардағы сандар арқылы берілген сұрақтардың жауаптарын шешу. 20 ұпай саны қосылады.

3-бекет. «Қазақстанның қалалары» - үстел үстінде екі топқа бірдей тапсырма беріледі, яғни мындағы әріптердің орнын ауыстыру арқылы жасырылған сөзді табуларыңыз керек. Ол жасырын сөзден еліміздің әсем қалалары шығуы тиіс. Қалаларды қай топ бірінші болып құрастырса, сол топқа 30 ұпай саны беріледі.

4-бекет. «Ауылым-алтын бесігім» - жалпы он мақал берілген «Бәйтерек» тобына бірінші болып мақалдар беріледі, мақалдың жалғасын табу керексіздер, ал егер таба алмасаңыздар қарсылас топқа жалғасын айтуға болады. Бұл бекет 40 ұпай санымен бағаланады.

5-бекет. «Әлем таныған шаһар» - екі топқа берілген ортақ тақырып бойынша, бір шумақ өлең шығарыңыздар. 50 ұпай санымен өлең шумақтарыңыз бағаланады.

2 жүргізуші: Көз тіккен төрткүл дүние алты алашы,

Бұл бүгін қазағымның бас қаласы.

Елордам халқым үшін ерен бөлек –

ТӘУЕЛСІЗ еліміздің Астанасы!

Құрметті ұстаздар біз осы өлең шумағымен бірінші бекетімізге келіп тоқтаймыз. Олай болса сұрақтарына кезек берелік!
1. Қазақстан халқы өзінің Президентін қашан сайлады? /1991 ж, 1/ХІІ/

2. Евразия кіндігі Қазақстанның қай қаласы? (Астана)

3. Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігін қашан алды?/1991,16/ХІІ/

4. Астанамыз 10 жасқа қашан толды? /2008 жыл, 10 маусым/

5. Астана Қазақстанның нешінші Астанасы? /4/

6. Елорда ажарын асқақтатар орындар? (Атап көрсету.)


1 жүргізуші: Көк байрақ иілмесін, жығылмасын,

Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын.

Тұрғанда көкшіл Туың көкті тіреп,

Қазағым, сен қашанда тұғырдасың! – деп келесі бекет «Ұлттық рәміздер» деп аталады. Тақтаға назар аударайық!





А

Ә

Б

В

Г

І

Ғ

Д

Е

Е

Ж

З

И

2

Й

К

Қ

Л

1

Н

9

5

О

Ө

П

Р

С

Т

У

Ң

Ұ

Ү

Ф

Х

Һ

Ц

Ч

4

Ш

Щ

Ъ

Ы

3

Ь

Э

М

Ю

Я

0






















  1. Елтаңбаның авторлары кімдер?

/Шота Аман Уалиханов, Жандарбек Мәлібеков/


  1. Қазақстанның ұлттық ақшасы, ол қашан айналымға енді?

/тенге, 1993,15 қараша/
3. Еліміздің рәміздері қабылданған күн? /1992 ж, 4 маусым/


  1. Әнұранның авторлары кімдер? /Н.Назарбаев, Ж.Нәжмеденов, Ш.Қалдаяқов/

5. Қазақстан Туының авторы кім? /Шәкен Ниязбеков/


6.Қазақстанның Ата Заңы қабылданған күн? /1995 ж, 30 тамыз/
2 жүргізуші: «Қазақстан қалалары»

«Бәйтерек» тобына МАТЫАЛ, АНАТСА, ОЛРА, ЕКТНМЫШ,

ОАҒНДЫҚАЛТР.



«Жас қазақ» тобына НЕСӨМЕК, ЫЛДАЫОРҚЗ, АРАЫДҒНҚА, ҰЗАІСКТЕБ, ТКСАНІҮРТ.

1 жүргізуші: Туған жер - әрбір адамның жарық дүниеге шыр етіп келген мекені. Ең алғаш жұтқан ауасы, табанының табы қалған, аялаған өмір бесігі.Туған жердің барлық табиғи қадір – қасиеті ананың ақ сүтімен тұла бойыңа тарайды.

2 жүргізуші: Тәңіріме бас иіп бағынамын,

Туған жерді аңсаймын сағынамын.

Туған жер деп соғады жүрегімде

Басымды иіп өзіңе табынамын.


Келесі бекет – «Ауылым-алтын бесік» деп аталады.

          1. Отансыз адам - ормансыз бұлбұл

          2. Ел іші - өнер кеніші.

          3. Отан оттан да ыстық.

          4. Туған жердей – жер болмас

          5. Туған жердей- жер болмас,

Туған елдей – ел болмас

f. Өзге елде сұлтан болғанша,

Өз еліңде ұлтан бол

J. Ауылға айтсаң - асар

Көршіге айтсаң – қосар.

p. Отан – отбасынан басталады.

q. Ауыл түбі- бірлік

Қауым түбі – тірлік.

k. Әр түлкінің өрісі басқа

Әр ауылдың қонысы басқа.

1 жүргізуші. Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,

Жаны жайсаң, жаратылған өлкемсің.

Қандай жақсы қазақ болып туғаным,

О, туған жер, тамашасың, көркемсің.


2 жүргізуші: Тамаша аспан менен жері қандай,

Зеңгір тау, дария менен көлі қандай!

Орман, тоғай, гүлденген бақшалары,

Пайдаланған бұлармен елі қандай!


6 бекет: Қазақстан табиғаты;
Білімді топты ұпай саны бойынша анықтап қорытынды сөз әділқазыларға беріледі.

Қорытынды: Қазіргі өмір талабына сай ғылым жолы ауыр да қиын әрі қызықты. Тек қана төзімділік, еңбекқорлық пен тапқырлық сіздерді ғылым жолында алға жетелейді. Отанымыздың арқасүйер азаматтары болайық! Білімді жастарымыз көбейе берсін!
Сау болыңыздар!
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Жек дуадақтарды аулауды жүргізу туралы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы»
2017 -> Бағдарламасы өтетін күні: 16 тамыз 2017 жыл Өтетін орны: Шымкент қаласы
2017 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
2017 -> Мемлекеттік мекеме
2017 -> Қосымша 2 Техникалық ерекшелігі Реанимациялық бригадаларға арналған жылжымалы жедел медициналық көмек комплексі
2017 -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
2017 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының
2017 -> Бос јкімшілік мемлекеттік лауазымдарєа орналасуєа конкурс туралы хабарландыру 17/07/2012г


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет