Астана қаласы№63 «Әсем -ай» балабақшасының «Ақбұлақ» және «Алпамыс» шағын орталығы



жүктеу 31.74 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі31.74 Kb.

Астана қаласы№63 «Әсем -Ай» балабақшасының «Ақбұлақ» және «Алпамыс» шағын орталығы

тәрбиешісі: Несипбаева Сандугаш Сарсеновна
Білім саласы: Таным, қатынас, әлеуметтік, шығармашылық.

Білім бөлімі: Тіл дамыту,көркем әдебиет, айналамен танысу, сурет, жапсыру.
Тақырыбы: «Оюлар сыры».

Мақсаты:Балалардың туған елі – Қазақстанға, туған жеріне, табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру, елінің байлығын, халқының тұрмыс – тіршілігін айтып түсіндіру, ұлттық бұйымдар мен қазақтың ою – өрнек түрлерімен таныстыру, ойлау қабілетін жетілдіру, әдеби сөздерге, мақал – мәтел, тақпақтарға қызығушылығын, оны үйренуге деген белсенділігін арттыру. Өз ойларын жеткізу, берілген сұрақтарға толық сөйлем мен жауап бере білуге үйрету. Бастырып салу әдісі арқылы қылқалам және субояумен, желімдеп жапсыруда жұмыс іскерліктерін қалыптастыру.   

Көрнекіліктер: слайдтар, сиқырлы қалам, магнитафон, ермексаз, желім, қайшы, гуащь,дән, қол майлық, тақтайша

Әдіс- тәсіл: сұрақ-жауап, әңгімелесу, слайд көрсету, шығар

Мотивациялық қозғаушылық

Балалар назарын қонақтарға аударады.

«Шаттық шеңберін» өткізеді.

 Қайырлы таң, шуақты күн мен қалықтап ұшқан құстарым!

Қайырлы таң күлімдеген көздерің!

Әрбір жүрек мейірімге толы болсын.

Мейірімді таңымыз, шуақты да ұзақ болсын! Армысың ұстазым! Армысыздар қонақтар!

Бір-бірімізге жақсы тілектер айтық. Педагог: бүгінгі оқу іс –әрекетімен таныстырады.

Сұрақ-жауап:

Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?

Қазақстан қандай мемлекет?

Елордамыз қай қала?

 Біз қай қалада тұрамыз?

 Ұлтымыз кім?

Педагог мемлекетімізді әр ұлт тұратынын айтып өтеді.

Қазақстан туралы қандай тақпақ білесіңдер?

Біз Қазақстан мемлекетінде тұрамыз.

Қазақстан тәуелсіз мемлекет.

Біздің елордамыз Астана қаласы.

Біз Астана қаласында тұрамыз.

Балалар орындарынан тұрып өз ұлтын атап өтеді.

Ұйымдастыру Ізденушілік

Балалар сендер басқа жаққа қонаққа барғанда, ата – аналарыңмен алыс сапарға шыққанда, өз үйлеріңді, туыстар достарыңды, өз көше – аулаларыңды, тұратын жерлеріңді сағынасыңдар ма?

— Иә сағынамыз

Туған жер деп неніі айта аламыз?

— Туған үй, көше, балабақша, ауыл, қала.

Дидактикалық ойын: қазбалалар қай қаладан шығады орнына қой? (интер активтік тақта арқылы ойнатылады)

Балалар қызығушылдықпен ойнайды

Мақал – мәтел

Туған жердей жер болмас

Туған елдей ел болмас.

2.Ел іші – ал тын бесік.

3.Отан – елдің анасы,

Ел – ердің анасы.



Сергіту сәті.

Педагог: Ия, балалар «Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық» — дейді халық даналығы. Біз де өз өнерімізді ортаға салып көрсетейік. Сендерді өнер орталығына шақырамын.

1 Топ. Ою – өрнекті бастырып бояйды.

2 Топ. Түрлі – түсті қағаздан оюды қиып жапсырады

3 Топ. Ермексаз бетіне дәндерді орналастырып ою – өрнек жасайды..

(Жұмыс жүргізіледі музыка ойнап тұрады)



Рефлексивті түзетушілік

Балаларға жасалаған жұмыстарына баға береді.

Сұрақ қою арқылы жасаған жұмыстарын әңгімелеп беруге ұсынады.

.Қошқар мүйіз оюын бастырып, қызыл түсті бояумен боядым. Бұл оюмен ыдыс-аяқ, киімдерді, төсекшелерді әшекелейді.

2.Қаз мойын оюын түрлі-түсті қағаздардан қиып алып жапсырдым оны киімдерге көп пайдаланады.

3. ирек ою түрін ермекТуған жеріміз, еліміз Қазақстан мемлекеті жайлы әңгіме еттік.



Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіне не жайлы әңгіме еттік? Бүгін жақсы қатысып отырған балаларға рахмет. Өз елдеріңді, туған жерлеріңді қадірлеп, оны әр уақытта қорғап жүретіндеріңді көрсетіңдер

Күтілетін нәтижесі: 

Біледі: Ою – өрнек сырларын біліп, құрастыра біледі.

Игереді : Ұлттық киімдердің, бұйымдардың ою-өрнекпен әсемделетінін игерді.

Меңгереді : . Туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілікпен қарау керек екендігін түсінеді.
Каталог: 2018
2018 -> 2018 жылға арналған Жарқайың ауданы бойынша айтақты және естелік күнтізбесі 24 маусым
2018 -> Тақырып 1 Қортынды қаржылық есеп аудитінің ақпараттық жүйесі, мақсаты және тәсілдері
2018 -> Сабақтың тақырыбы: ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиет Сабақтың мақсаты
2018 -> Алтын күз Атырау облысы Атырау қаласы Махамбет ауданы Алға орта мектебінің Шағын орталық топ
2018 -> Ысқақова Айнұр Жанболатовқызы, СҚО, Ақжар ауданы, Айсары ауылы, «Айсары негізгі мектебі»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет