Астана ақшамы. – 2014. №135. – 27 қараша Жапақ Ә. Үдемелі игі үрдіспен үйлесім



Дата22.04.2019
өлшемі43.5 Kb.
#111134

Астана ақшамы. – 2014. - №135. – 27 қараша

Жапақ Ә.
Үдемелі игі үрдіспен үйлесім

Маман даярлаудың жаңа тұжырымы осындай мақсатты көздейді
Әлемдік тәжірибеде кадр даярлау ісі тиімділігін жоғалтпас үшін екі жағдайға ұдайы көңіл бөлінеді: біріншісі - білім беру саласының жұмыс берушілермен тығыз қарым-қатынасы, екіншісі - оқу үдерісін нарық талап ететін біліктілікке үйрететіндей қылып жедел бейімдеп отыру. Бірнеше жылдан бері талқыға салынса да, тоқетері табылмаған жауыр мәселенің түйіні енді тарқатыла бастаған сияқты. Өйткені, бұдан былай еңбек нарығының бүгінгі һәм келешек сұранысына болжам үдемелі индустриялық-иннновациялық мемлекеттік бағдарласына сүйеніп жасалатын болды.
Оң оқу орнына 10 млрд бөлінеді
Ең үлкен жаңалық - экономиканың басым салаларын ғылыми-техникалық тұрғыдан және кадрмен қамтамасыз ету мәселесі.Үкімет пен жергілікті атқарушы биліктің ведомство аралық деңгейінде қаралып, 14 индустриялық бағыт бойынша маман дайындау картасы әзірленді. Атап айтсақ, олар: сирек металдарды игеру, геологиялық барлау, ав­томобиль және машина құрастыру, тамақ өнеркәсібі, құрылыс материалдарын шығару; теміржол техникасы, мұнай-газ химиясы және электр құрылғылар өндірісі.

Елбасының таяуда жарияланған «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» бағдарламалық Жолдауында айтылған тапсырмаға сәйкес 10 жоғары оқу орны анықталды. Олардың оқу орны бағдарламасы шетелдік әріптестермен бірге жетілдіріліп, жаңа технологиялық үдеріске сәйкес материалдық- техникалық базасын күшейтуге 2017 жылға дейін 10 млрд. теңгедей қаражат бөлінбекші.

Кадр даярлау картасының ұтымды тұсы - аймақтардағы өндірістік ерекшеліктерді ескергендігі. Мысалы, ҮИИДБ үшін білікті маманды Астанада На­зарбаев университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті дайындайтын болды.

Орталық Қазақстанда өңірдің экономикадағы салалық мамандану жайын ескере отырып, маман дайындаудың орталық базасы ретінде Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті бекітілді.

Шығыста С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті мен Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетіне машина құрастыру, металлургия; энергетика және мұнай химиясы саласының сұранысын қамтамасыз ету жүктелсе, Алматыда ондай мүмкіндік әуелден негізі қалыптасқан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне, Қазақ ұлттық агротехникалық, Қазақ ұлттық техникалық университеттеріне беріліп отыр.

Шымкенттегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті химия, жеңіл өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен үшін маман даярлайды. Батыс өңірдегі шетелден келген кадрлар есебінен шешіліп жүрген мұнай-газ саласын Атырау мүнай-газ университеті қамтамасыз етпекші. Ал, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті агроөнеркәсіп пен инженерияның әжетіне жарайтын жасбуын кадрларды жарақтандыруы тиіс.


«Қайта құру» қай жолды мегзейді?
Әлбетте, жоспар жұнттай көрінгенмен, Болон процесіне көшуінің өзі баяу жүрген жолға салу оңай емес екені белгілі. Үйреншікті жолға үйірсектенуді қойып, «қайта құруды» бастан кешіруге дайын ба біздің жоғары оқу орындары? Әрине, ол – уақыт еншісіндегі сауал.

Дегенмен,Үкімет тарапынан қақ суындай іркілген саланың жылжуына жылға салу үшін бірнеше шаралар қабылданғалы жатыр. Енді соларды санамалап көрейік:

ҮИИДБ-ға сәйкес келетін бағыттарға кадр даярлау үшін мемлекеттік тапсырыс көбейтіледі. Өзара келісім негізінде әріптестерден, яғни индустриялық бағдарламаға қатысатын кәсіпорындардан гранттар мен шәкіртақылар бөлінеді (Әр жобадан кемі 5 грант/ шәкіртақы бөлгізу жоспарланып отыр). Аталмыш кәсіпорындарда тәжірибеден өтетін алаң дайындау да үшжақты келісіммен жүзеге аспақшы.

Екіншіден, Болон процесінің негізіндегі академиялық еркіндікке сәйкес, бакалавриатта - 70%, магистратурада - 80%, докторантурада - 90-95%-ға дейін оқу бағдарламасын өз қалауымен таңдауға ерік беріледі.

Үшіншіден, биылдан бастап оқу- зертханалық базасы жаңартылатын жоғары оқу орындарының үлесі жыл сайын 10%-ға артып отырады. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға мемлекет пен жекенің әріптестігінен қаржы тарту көзделіп отыр.

Төртіншіден, зерттеушілікпен айналысатын университеттер құрылады. Жекелеген ғылыми-зерттеу институттары іргелі және қолданбалы ғылыммен айналысуды біріздендіру үшін осындай университеттердің төңірегінде топтасады.

Бесіншіден, жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрлары даярлау және инновациялық қызметті дамыту мақсатында жетекші жоғары оқу орындарының санынан бірлескен ғылыми, жобалық-конструкторлық ұйымдар ашылады. Қазірдің өзінде технопарк формасында ұйымдасқан ондай бірлестіктер келешекте бизнес-инкубатор, өнертабысқа зияткерлік меншік құқын алу сияқты жұмыстарды да қоса атқарады.

Ал бұл тұрғыда үлгі көрсетіп, алғашқы ізашар болған Назарбаев университетінің жас ғалымдарының тәжірибесі біртіндеп басқа білім ошақтарына енгізіледі.
Орта буын мамандарға сұраныс азаймайды
Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламаның 2015- 2019 жылдар аралығындағы екінші бесжылдығын орта техникалық мамандардың көмегінсіз тиянақты атқару мүмкін емес. Сол себепті, үкімет он кәсіби-техникалық колледжге де жоғарыдағыдай жанашырлық танытып, жан-жақты қолдау көрсетуге бейіл.

Жұмыстың алғашқы кезеңінде Ғылым және білім басқармасы іріктеліп алынған колледждерді мемлекеттік бағдарламада белгіленген жобаларға қарай қайта бейімдеуді ұсынады. Сұрыпталып алынған орта кәсіби оқу орындарының қатарында Аста­на, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Өскемен, Павло­дар, Шымкент қалаларындағы политехникалық колледждер, Ал­маты мемлекеттік бизнес колледжі, Батыс Қазақстан индустрия колледжі бар. Өндірістің қызу ортасына қажет орта буын кадрлардың тапшылығы баяғыдан сезіліп келетіні жасырын емес. Әрі таяуда Білім және ғылым министрлігі 8400 кәсіпорынның арасында жүргізген сауалдама нәтижесіне сүйенсек, 20 ең қат мамандықтың ішінде қаракөздер қомсынып, тақиясына тар көретін қарапайым құрылысшы, механик, тау-кен, көлік, байланыс, геология мен барлау салаларының техникалық кадрларына сұрау салушылар көп.



Қорыта айтқанда, жоспарлы экономика мен кадр даярлауды бір-бірінен бөле-жармай қарастыратын, баяғы біз шет-жағасын көріп қалған жүйенің өміршеңдігі Еуразиялық одақ аясында өте маңызды болып тұрғанын мойындау керек. Өйткені, кеңейген нарықта сенің қолыңнан келмегенді сырттан табыс іздеп келгендер тындырса - өзімізге сын, ал біз өзге ел өндірісіне араласа алсақ - абырой, түзу тұрмыс, қабілеттілік, тағысын тағы боп тізіліп кете береді.
Каталог: assets
assets -> 1 – 30 қараша 2016 ж. Дсұ нарықтағы Техникалық кедергілер бойынша Комитеттің жариялаған хабарламалар реестрі
assets -> Тоо "Аксесс Энерго птэц-2" объявляет о проведении тендера по закупкам следующих материальных, финансовых ресурсов и услуг: раз
assets -> Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 31 қазандағы №289 қаулысы «Шығыс Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы»
assets -> Конверттерді ашу хаттамасы
assets -> Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттама
assets -> Егемен Қазақстан. – 2014. №209. – 25 қазан Егемен-ақпарат Ақын қолымен жазылған өлең «Сәкеннің қоштасуы»


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет