Астана ақшамы. – 2014. №18. – 15 ақпан Жиенбай Қ., жазушы: Астана – «Таңғажайып планета»



жүктеу 13.35 Kb.
Дата08.05.2019
өлшемі13.35 Kb.

Астана ақшамы. – 2014. - №18. – 15 ақпан

Жиенбай Қ., жазушы:


Астана – «Таңғажайып планета»
Бұл апта менің ойымда екі уақиғамен есте қалды. Алғашқысы - Халық әртісі Сәбира Майқанованың жүз жылдық мерейтойына арналып өткен Ұлттық академиялық кітапханадағы басқосу. Рас, Сәбираның орнын қазақ сахнасында бірде-бір өнер иесі баса алған жоқ Ол көзі тірісінде бірнеше буынды тәрбиелеп, артына бай мұрасын қалдырып кетті. Оның жарқын бейнесі, дара таланты, өзгеше дауысы халық жүрегінде мәңгі сақтала береді. Кеште театр сыншысы Әшірбек Сығай мен режиссер Сәулебек Асылханның айтқан естеліктері маған қатты ұнады. Олар Майқанованың өмірдегі шын болмысы мен тұлғасын ашты деп ойлаймын.

Екінші уақиға, 11-қаңтар күні Қ. Қуанышбаев атындағы академиялық, мемлекеттік қазақ музыкалық драма театрының әртістері менің «Таңғажайып планета» деген қойылымымды сахналады. Бұл - мақтанғаным емес. Мұндағы айтпағым, спектакль Астанаға арналған. Бүкіл Қазақстан халқы үшін елорда - «таңғажайып планета». Ал, туынды барысын тамашалай отырып, болашақ бас шаһарда кімдер тұру керек, Астана қандай болады, біз қаланы қалай елестетеміз, ондағы жастардың рөлі қандай деген сияқты сауалдарға жауап табуға болады. Белгілі режиссер Болат Ұзақов қойған «Таңғажайып планета» осыған дейін бес-алты мәрте көрермен назарына ұсынылды. Соның соңғысын көруге мен де барған едім, қойылым енді ғана бітіп, әртістерге қошемет көрсетіп тұрғанбыз. С. Сейфуллин атындағы Қазақ ұлттық агротехникалық университетінің бір топ студенті сол сәтте шымылдықты жапқызбай, бізге кішігірім кездесу ұйымдастыруымызды өтінді. Қойылымға қатысты сұрақтарын қойып, ризашылықтарын білдірді. Бұл «Таңғажайып планетаның» авторы - мен үшін күтпеген жағдай болды.



Қазіргі кезде аға буын тарапынан «Жастар театрға бармайды» деген пікір айтылады. Осыдан кейін жақсы туынды болса, театр залынан жас та, жасамыс та табылатынына анық көзім жетті.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет