Астана ақшамы. – 2014. №65. – 14 маусым Жұмабайқызы Б., студент Абзал жандар алғыс арқалады



жүктеу 8.53 Kb.
Дата23.02.2018
өлшемі8.53 Kb.

Астана ақшамы. – 2014. - № 65. – 14 маусым

Жұмабайқызы Б., студент


Абзал жандар алғыс арқалады
«Нұр Отан» партиясының Алматы аудандық филиалы медицина қызметкерлерінің мерекесіне орай дәрігерлерді құттықтап, партия билеті мен арнайы сыйлықтер табыс етті.

№2 балалар ауруханасында өткен мерекелік шарада «Нұр Отанның» Алматы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерұлан Төлешов ақ халаттыларды төл мерекесімен құттықтай келе, партияның мақсат-міндеттері мен атқарып жатқан жұмыстарын белсенді насихаттаған бір топ дәрігер мен медбикелерді сыйлықтармен марапаттады. Бұдан кейін №2 қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері Расулбек Аипов медицина мекемесінің жетістіктеріне тоқталып, биыл өткізілген спорт спартакиадасында осы емдеу мекемесінің ұжымы бірінші орын алғанын жеткізді. Әріптестерін құттықтауға аурухананың бұрынғы бас дәрігері, мәслихат депутаты Қаршыға Құлмұханов та келіп, жылы лебізін білдірді.



Алалмыш шара Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері қойған концерттік бағдарламаға ұласты.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет