Ақтөбеде жергілікті колледжде оқитын 17 жастағы жасөспірімдер қаза тапты. Анасы олардан әлдебіреулер ақша бопсалаған дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ақтөбеде жаппай төбелес кезінде пышақталған студенттердің туыстары қылмыстық істі дұрыс тергеп-тексеруді сұрайды. Олардың аналары Бас прокуратура мен ішкі істер министріне арызданған. Әйелдердің сөзінше, қайғылы оқиғаға дейін балаларынан біреулер ақша бопсалаған болуы мүмкін. 

3 қаңтарға қараған түні Ақтөбедегі Қызылжар ауылында дүкеннің жанында 17 жастағы екі студент қаза тапты. Оқиғадан кейін полиция олар әлеуметтік желіде жанжалдасып, 10 жігіт соны өзара шешпек болғанын айтты. Соңы қайғылы оқиғаға әкеп соққан. Қазіргі уақытта 6 күдікті ұсталды. Олардың жасы 18-20 шамасында, екеуі жақында ғана әскерден оралған. Бәрі қамауға алынды. Іс "Адам өлтіру" және "Бұзақылық" баптары бойынша тергеліп жатыр. 

"Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша тергеу жүріп жатыр. Күдіктілер анықталып, тергеу изоляторына қамалды. Бірқатар сараптама тағайындалды. Басқа ақпаратты жариялауға рұқсат етілмейді", — деді Ақтөбе қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі басшысы Ерболат Сарқұлов. 

Полицейлер мен қоғам өкілдері балаңыздың іс-әрекетін мұқият қадағалап, ұялы телефонын бақылап, ақшасын қайда жұмсап жатқанын біліп отыруға кеңес береді. 

Бұған дейін ақтөбелік әйел жұмбақ жол апаты салдарынан қаза тапқанын жазған едік. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.