Голливуд актері Кристиан Оливер және оның 10 және 12 жастағы екі қызы Кариб теңізінде ұшақ апатынан қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі TMZ сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бейсенбі күні 51 жастағы актер қыздарымен бірге Бекия аралындағы әуежайдан Сент-Люсияға шағын бір моторлы ұшақпен ұшып шыққан. Ұшақ көтерілгеннен кейін көп ұзамай ақау шығып, арал маңындағы мұхитқа құлаған.

Сент-Винсент пен Гренадин жағалауы күзеті құтқару операциясын бастады, бірақ нәтиже шықпады. Құтқарушылар судан төрт адамның, оның ішінде ұшқыш пен екі баласы бар америкалық жолаушының мәйітін шығарды. Апаттың себебі анықталып жатыр.

Желіде ұшақ апатының видеосы пайда болды. Куәгер түсірген кадрлардан шағын ұшақтың "тұмсығымен" төмен құлдилап, қатты жылдамдықпен суға құлағанын көруге болады.

 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.