Атырау өҢіріндегі еділбай қойларының Өнімділік-биологиялық ерекшеліктері ирзагалиев Қ. С., Сұлтанов С.Қ. Атырау мұнай және газ институты, Атырау



жүктеу 61.69 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі61.69 Kb.

ӘОЖ 636.32/38 (5)(54712)


АТЫРАУ ӨҢІРІНДЕГІ ЕДІЛБАЙ ҚОЙЛАРЫНЫҢ

ӨНІМДІЛІК-БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ирзагалиев Қ.С., Сұлтанов С.Қ.

Атырау мұнай және газ институты, Атырау
Ел басының биылғы Жолдауында «…Қазақстанның аграрлық секторы үлкен экспорттық мүмкіндіктерге және инновациялар енгізу үшін жоғары әлеуетке ие. Азық-түлікке деген қажеттілік әлемде жыл сайын өсе беретін болады. Бізге бұл мүмкіндікті жіберіп алуға болмайды...» деген болатын. Осыған байланысты Үкімет ауылды жерлерде мал шаруашылығын дамытуды кеңінен қолдауда. Алдағы уақытта мал саны мен оның өнімін арттыру асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту жоспарына сәйкес жүргізілуі тиіс.

Ауыл шаруашылығын жекешелендіру жылдары елімізде болған өзгерістер қой шаруашылығының қандай бағытында болсын санының азаюына, селекциялық асылдандыру жұмыстарының салғырт жүргізілуіне сапалы мал өнімдерін мол өндіруге кері әсерін тигізді. Барлық шаруашылық түрлерінде қой тұқымын аудандастыру, мал басын көбейту жұмыстары жоспарсыз жүргізілді. Еліміздің түрлі шаруашылықтары қазір де қаракөл, биязы және биязылау жүнді қойлардың орнына етті-майлы бағыттағы құйрықты қой өсірумен шұғылдануда.

Елімізде құйрықты қой шаруашылығы мал шаруашылығының ертеден қалыптасқан саласы, негізгі бағыты - сапалы, биологиялық құнарлы, экологиялық таза ет, сүт, май өндіру болып саналады. Сонымен бірге бұл қой тұқымдарынан кілем, кілемдік бұйымдар, киім және тұрмысқа қажетті заттар жасау үшін қылшық және түбіт аралас жүн, ішіктік, тондық тері шикізаттары өндіріледі.

Қазірде республикадағы барлық қой санының 80 пайыздай астамы етті-майлы бағытындаы қойлар, ал, Атырау облысында бұл көрсеткіш 95 пайызға жуық. Және де барлық қой малы жеке шаруашылықтарда шоғырланған. Халық құйрықты қойларды басқа қойларға қарағанда өздеріне жақын санайды. Оларды өсіру тиімді қоршаған орта әсеріне төзімді келеді деп есептейді. Себебі құйрықты қойлардың төлдері тұрған жылы жоғары қарқынды өсіп жетіліп, тауарлық мақсатқа жылдам асады.

Халықтың сапалы қой етіне деген сұраныс жыл санап артып келеді. Әсіресе, нарық кеңістігінде жас қой мен қозы еті аса бағалы саналады. Профессор Камен Қанапиннің деректеріне сүйенсек, қазіргі уақытта дүние жүзінің барлық мемлекеттерінде ет бағытындағы қой шаруашылығын дамыту жоспарының жасалуы және оның іске асырылуы құйрықты қойлардың болашағының зор екендігін көрсетеді.

Еділбай қойы қазақтың құйрықты қойларының ішінде ерекше орын алады. Бүгінде елімізде таза тұқымды еділбай қойының нақты санын ешкім айта алмайды. Тек, соңғы жылдары Қазақ қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ғалымдарының есебінше, таза тұқымды еділбай қойының саны елімізде 250 мың бас шамасында деген дерек бар. Ал, олардың 200 мыңга жуығы Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтобе, Ақмола облыстарында өсірілуде.

Еділбай қойы барлық қазақы қойлардың сапасын жақсартатын қой тұқымы. Өйткені төлдерінің тіршілікке бейімділігі жоғары, табиғи-климаттық жағдайларға көнбіс келеді.

Еділбай қойлары нарықтық экономикалық барлық талаптарына сай. Оларға тән ерекшеліктер – ет-май өнімділігі, өсу ортасына бейімделгіштігі, тез жетілгіштігі және өнімнің сапалылығы. Еділбай қойын еліміздің әртүрлі климаттық және азықтық жағдайларымен ерекшеленетін барлық аумағында өсіруге болады. Құйрықты қойлар еліміздің құрғақ дала, шөл мен шөлейтті аймақтардың табиғи жайылым жағдайларына тамаша бейімделген, тез өсіп жетілгіш және сирек шөп қорын жақсы да тиімді пайдаланып, тез оңалады.

Аналықтарының төлшенділігі 110-113 пайызды құрайды. Қозыларының енесінен бөлгенге дейінгі өсу қарқыны ұрғашы қозылар тәулігіне 260-275 гр, еркек қозылары 300 гр-ға дейін салмақ қосады. Еділбай қой тұқымының құйрық майын зерттеу жүргізгенде “Сүйіндік” мал зауытында сойылған 4,5 айлық еркек қозыларының құйрық майының балқу және тоназу температурасы 36,0 және 22,5С, иодтың саны 41,21-ді құраған. (А.Жандеркин, С.Тоққожин “Едильбаевская овца” Алма-Ата, 1974ж., 48-56 бет). Бұл зерттеудің нәтижесі еділбай төлдерінің құйрығының тағамдық жоғары құндылығын көрсетеді. Міне, осындай өзіндік қасиеттерімен еділбай қойлары өздерінің бәсекеге қабелеттілігін әлдеқашан дәлелдеген.

Соңғы жылдары Атырау аумағында еділбай және осы тектес қойлардың бәсекеге қабелеттілігін көтеру бағытында нақты шаралар жүзеге асырылды. Көп жылғы жүргізілген ғылыми-тәжірибелік жұмыстардың нәтижесінде Каспий маңы ойпатының аса қатаң табиғи климаттық жағдайында жақсы бейімделген еділбай қойларының өнімділігі жоғары өзіндік ерекшеліктері бар табындары шығарылып, олардың генетикалық құрылымдары құрылды. Республика көлемінде атырау облысында еділбай қойының генефоны толық жасақталып, “Атырау еділбайы” деген атаққа ие болды деуге негіз бар. Жалпы, ғалымдар мен мамандардың көп жылғы ғылыми-тәжірибелік және сараптамалық жұмыстарының нәтижесінде бұл бағыттағы мәселелердің дені оң шешімін тапты. Бүгінде республикадағы қылшықты құйрықты қой түрінің тұқымдық және өнімділік сапасын жақсарту үшін асыл тұқымды еділбай қойына деген сұранысты толық қамтамасыз етуге жеткілікті. Енді алдағы мақсат- ғасырлар бойы әкеден балаға мирас болып келе жатқан түлігімізді жойып алмай, оның асыл қасиеттерін одан әрі жетілдіру және жақсарту арқылы кейінгі ұрпаққа жеткізу. Жалпы, өзге мал жойылып кетсе, қайта жандандыруға болады. Ал, таза тұқымды еділбай қойы жойылса, ол қалпына келмейді.

Әйтсе де, еділбай қойына қатысты әлі де атқаратын шаруа баршылық. Мәселен, біз оның бойынан бұдан 40-50 жыл бұрынғы еттілік пен салмақтылықты көре алмай келеміз. Еділбай қойын өсіруге ұмтылыс бар да, ал олардың өнімділігін, тұқымдық қасиеттерін жоғарылатуға көңіл бөлінбей келеді. Сондықтан осы қателіктерді жою, малдың тұқымдық қасиеттерін төмендетпей таза қанды еділбай қойының басын сақтап қалу мақсатында:


  • республикада өсірілетін құйрықты қойлардың тұқымдық құрамын, яғни бір тұқымға жататын мал басының санын және өнімділік деңгейін тұқымдық сапасын дәл анықтап отыру үшін мерзімді аттестация жүргізу;

  • үкімет тарапынан немесе облыстық бюджеттен аналық мал басын өсіргендерге төлем ақы төлеуді шешу;

  • тұқыммал шаруашылықтары өз өнімдерін жарнамалау үшін вебсайттарын ашу;

  • еділбай қойын өсіретін серіктестік, шаруа қожалықтарын, жекеменшік шарушылықтарды селекциялық-асылдандыру жұмыстарын жүргізуге тарту;

  • тұқыммал шаруашылықтарындағы селекциялық-асылдандыру жұмыстарын ғылми-зерттеу институттары ғылымдарымен бірлесе отырып жүргізген жөн;

Еділбай қойына қызығушылық танытатын, өсіруге ықылас білдіріп жүрген жақын және алыс шет мемлекеттері аз емес. Қазірдің өзінде Ресейдің Волгаград облысы біздің шаруашылықтардан еділбай қойын отар-отарымен сатып алып өсіруде. Ал біздегі асыл тұқымды мал зауаттары қаражаттың тапшылығынан ұрғашы мал сатуға мәжбүр болып отыр. Себебі, келешек ұрпақ сан жылдар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан төл қойымыз екендігін дәлелдей алмайтындығы кәміл. Сондықтан Парламент Мәжіліс депутаттары ұлт құндылығына айналған еділбай қойына “Ұлттық қой тұқымы” деген статус (мәртебе) беруді тез арада шешу керек деп есептеймін. Сондай-ақ, шаруашылықтарды ыласыздан ұрғашы мал сатып алуға барғызбай мал басын өсіргендерге төлемақы (субсидия) берсе, мал өсіп оның өнімі молаяр сөзсіз.

Қазіргі нарықтық экономика кезінде жас қой еті мен ақ және ақшыл түсті жүнге деген сұраныс күн санап дерлік өсіп келеді. Біз осы сұранысқа қабілетті деңгейде болатындай етіп еділбай қойының өнімділік қасиеттерін жақсартуымыз керек. Еліміз бүкіләлемдік сауда ұйымына мүше болып кіргенде, бәсекеге қабілетті тек қана құйрықты қойдың жас төл етімен ақ жүні ғана болмақ.

Облыстағы қой өсіретін шаруашылықтар өткен жылдарға дейін тек қана мал сатып, сол сатқан малдарының төлдеріне мемлекеттен субсидия алу арқылы күн көрген болатын. Демек, шаруашылықтар малдың жүнін, терісін, т.б. өнімдерін өткізе алмай отыр. Нарықтық экономиканың қысымы да шаруашылықтардың қаржылық ахуалын күрт төмендетуде. Бұған олардың ішкі мүмкіндіктерінің шектеулілігі, мал өнімдерін өндіру мен өткізу мерзімінің науқанды болуы, т.б. жағдайлар себеп.

Мал тұқымдарының жаңа түрлері мен сүлелерін шығару, өнімділігін арттыру – бүгінгі күннің, яғни, нарықтық экономиканың сұранысы және талаптарына байланысты. Өмір өзгерістеріне орай малдың жаңа тұқымын шығару қажеттігі де туындауы әбден ықтимал. Сол кезде біз таза қанды еділбай қойының бойындағы асыл қасиеттерін алуға, оларды басқа қойларға сіңіруге жүгінетініміз сөзсіз. Қазіргі күнделікті құбылмалы өзгерістер қажетті өнімге деген сұранысты, өнімнің сапасы мен құрамын өзгертіп отыруды талап етеді.

Жалпы, асыл тұқымды шаруашылықтарда еділбай қойымен жүргізілетін ғылыми зерттеу жұмыстарының ауқымын кеңейтіп, жаңа инновациялық жобалар мен озық тәжірибелерді қолдану қажет. Сондай-ақ, жергілікті шаруашылықтарда селекциялық асылдандыру жұмыстарын жүзеге асыра алатын, малдың тұқымдық сапасы мен қасиеттерін ажырата білетін мал мамандары аса керек.

Қорыта айтқанда, бүгінде еділбай қойына деген сұраныстың күрт өсуіне байланысты олардың бойындағы баға жетпес ерекшеліктерін одан әрі жетілдіруді нарық талаптарына сәйкес жүргізуге тиіспіз.


Әдебиет


  1. Иванов М.Ф. Мясо-сальные овцы / Полное собрание сочинений – М, 1964, т.4, стр. 334-361

  2. Жандеркин А., Кейкин Д., Токкужин С. Эдильбаевская овца – Алма-Ата, Кайнар 1974, стр. 48-56

  3. Канапин К., Макбузов С.М., Мясо-сальному овцовоству – интенсивный путь развития / Овцоводство – 1983, №7, стр.20-22

Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> Dulaty2012 III-tom
Dulaty2012 III-tom -> Әож 33. 1: 637. 146. ҚҰРҒАҚ компоненттер негізінде ұлттық сусын
Dulaty2012 III-tom -> Әож 687 салтанатты дастарханды жобалау ерекшеліктері
Dulaty2012 III-tom -> Автономды күн энергетикалық қондырғысы және оның күнге бағыттау құрылғысы
Dulaty2012 III-tom -> Әож 531 08 (07) Қызмет көрсетудегі өлшеу қҰралдарының маңызы
Dulaty2012 III-tom -> Жел энергетикалық қондырғылардың параметрлерін анықтау Есімбаев О. Ж., Садыков Б. Н., Дауренбекова С. К
Dulaty2012 III-tom -> Әож 677+621. 318. 44. Орау тікиіршіктерінің орам сапасына әсер ететін параметрлері
Dulaty2012 III-tom -> Ш., Жампоз Ө. М. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз
Dulaty2012 III-tom -> Әож 626. 032. 27 Гидроциклонды сифондарды Ауылшаруашылығында пайдалану
Dulaty2012 III-tom -> Генетикалық модификацияланған өнімдердің адамғА Әсері
Dulaty2012 III-tom -> Жамбыл облысында қант қызылшасын өсірудің Қазіргі кездегі жағдайы және келешектегі мүмкіндіктері мұсабеков Қ.Қ., Ратова А. Б


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет