Ақтөбе қаласы №31 «Күншуақ» мдұ тәрбиешісі Кулекешова Айман Базарбаевна Тақырыбы: «Қош келдің, Жаңа жыл» Мақсаты



жүктеу 65.51 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі65.51 Kb.

Ақтөбе қаласы № 31 «Күншуақ» МДҰ тәрбиешісі

Кулекешова Айман Базарбаевна

Тақырыбы: «Қош келдің, Жаңа жыл»
Мақсаты: Балаларға жаңа жыл мерекесі туралы түсінік беру.Әсерлі көңіл-күй сыйлау.Жан-жақты дүниетанымын қалыптастыру.Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Жүргізуші:

Барлық жандар бір бірлікке қосқан үн,

Бақытты боп бастады жыл дастанын.

Қуанышпен келді той деп жаңа жыл,

Құтты болсын жаңа бақыт достарым.

Жүргізуші: Құрметті балалар,ата-аналар,ұстаздар.Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің,Жаңа жыл»атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.Жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек,арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысына береміз.

Жүргізуші:Жаңа жылымызды әрі қарай мерекелейік.

Сайқымазақ:Армысыздар,халайық!Жақсы жайғастыңыздар ма,қымбатты достарым? Бәрі естіліп,көрініп тұр ма?Бәріне орын жетті ме? Сендермен кездескеніме өте қуаныштымын.Біз бүгін жаңа жылдық мерекені тойлағалы отырмыз.Бүгінгі мерекемізді көңілді әуенмен шыршаны айналып өтуден бастайық.

Хоровод «Шырша»

Мен мұнда жәй отыру үшін емес,ән айтып,би билеуге келдім.Сондықтан көңіл көтерейік.



Сайқымазақ: Мен сендерге шығыстың түнін қандай болатынын көрсетейін бе?Оны көру үшін бір көзіңді жұмасың,ал екінші көзіңмен мына дүрбінің тесігіне қарайсың.Сонымен ғажайып басталды...(Ойыншы тесікке қарайды,бірақ ештеңе көре алмайды.)

Сайқымазақ: Қалай көрдің бе?(ойыншы ештеңе жоқ деп жауап береді.)

Сайқымазақ: (ашуланып) Бұны қалай түсінуге болады?

Ойыншы:-Көрдім көрдім.Борандатып атпенен келе жатырған ақ сақалды шалды көрдім.

Жүргізуші: Ендеше дұрыс айтады бізді іздеп адасып жүрген Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық дауыстап.

Сайқымазақ: -Кәне бәріміз қол шапалақтап қарсы алайық! (Аяз ата ақшақарымен бірге кіріп келеді.)

Аяз Ата:

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем жырларың.

Асулармен алысқан,

Асау желмен жарысқан.

Аталарың сендерге,

Шаршап келді алыстан.

Ақшақар: Амансыңдар ма,балалар,ұстаздар,ата-аналар.Өздеріңді сағынып келдік,жаңа жылдарыңыз құтты болсын,Өтіп кеткен Тауық жылымызға аман есен саулық тілеп,келер жылымыз Ит жылына табыс жыл,береке,бірлік әкелсін деймін.

Ақшақар: Аяз Ата қарашы,балалардың киімі қандай әдемі.Шырша да әсем безендірілген екен.Бәрі де сұлуланып кетіпті.Шырша шамын жағайық,Жаңа жыл тойын ашайық.Барлығымыз «Шырша жан» «Шамдарыңды жарқырат»деп айтайық.(Барлығы айқайлайды,шамдар жағылады.)

Аяз ата: Бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап,айналаға қуаныш сыйлауда.Шыршаның құрметіне өнерімізді көрсетейік.

Би: «Көңілді ақшақарлар»

Тауық жылы: Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім.Мына келер жылға айтар тілегім.

Қуанышты ортамыз сазға ұласқан,

Тілегім болсын мәңгі ашық аспан.

2018 жыл қадам басқан,

Гүлденіп көркейе бер,Қазақстан!

Келесі жыл бастауын итке беремін.(сахнаға ит шығады)



Ит: Сәлеметсіздер ме,кешіккен жоқпын ба,мен сондай асықтым,сондай жүгірдім,кешігем деп қатты қорықтым,уақытында жеттім бе?

Балалар: -Жоқ кешіккен жоқсыз.

Жүргізуші: Жаңа жыл қош келіпсіз, төрлетіңіз.Біздің балалардың дайындаған мерекелік кешін бірге тамашалаңыз.

Ит: Мен де балаларға өз ойынымды ала келдім,ойын «Әдемі қыраулар »деп аталады.

Шарты: Әдемі қырауларды айналып музыка әуенімен балалар билейді.Музыка тоқтаған кезде қыраудың үстіне тұрып қалу керек.Үлгермей қалған бала ойыннан шығады.

Ән: «Қош келдің,жаңа жыл.»

Ит: Тауық жылы сізге еш өкпеміз жоқ.12 жылда оралып келгенше сау саламатта болыңыз.

Барлығы: Қош бол,тауық,қош бол.

Ақшақар: Қош келдің жаңа жыл.

Аяз ата: Ал айналайын жаңа жыл,келген қадамыңа нұр бітсін.Мынау менің ұлдарым мен қыздарым,мынау халқым саған аманат.Он екі ай бойы бағып қағу сенің мойныңда.Жақсы жыл бол,жаңа жыл. Бәрекелді жаңа жылым.Төрімізге шық.Бәрімізге жаңа бақыт,жаңа қуаныш алып кел.

Би: «Жаңа жыл»

Ән: «Аяз ата»

Жүргізуші: Иә,барша балалар жаңа жылды қарсы алуға келіп тұр.

Аяз ата: Ал енді біз келместен бұрын бүлдіршіндеріміз бізге тағы не әзірледі екен? Соны көрейік.

Жүргізуші: Қане балалар Аяз атамызды ортаға алып өзіміздің дайындаған тақпақтарымызды айтайық.

Ортаға Жұлдызай,Арман,Ақнұр,Аягөз,Әбубәкір,Нұралы,Бибарысты шақырамыз.



Жұлдызай:

Аязда тоңбаймыз,

Жығылсақта қоймаймыз.

Ойынға ешаймыз,

Кешке дейін ойнаймыз.

Арман:


Қуантып елді,

Жаңа жыл келді.

Өсетін болдық,

Бір жасқа енді.



Ақнұр:

О,алақай аяз атай,

Келе жатыр алыста.

Қане досым әнге қосыл,

Әнге қосыл қалыспа.

Аягөз:

Қызу еңбек далада,

Қаумалап ап бар бала.

Мәз-мейрам боп,шуылдап,

Жасап жатыр аққала.

Әбубәкір:

Аппақ,аппақ қар аппақ!

Айналаның бәрі аппақ.

Аппақ үйлер қалада,

Аппақ орман дала да.

Нұралы:

Мен қоянмын,қоянмын,

Түн ішінде жортамын.

Қалдырмаймын ізімді,

Өйткені күндіз қорқамын.

Бибарыс:

Тілеймін мен бар балаға,

Дос көп болсын жанашыр.

Ата-әже,ата-әже,

Құтты болсын жаңа жыл.

Ақшақар: Балалар барлығыңыз да өнерлі екенсіңдер.Ендеше өнерлеріңді ортаға сала отырып,Аяз атадан сыйлықтарыңды алыңдар.

Аяз ата: Жаңа жылыңызбен достар,шанамызға мінейік,ақшақарым,Алда барар жерлер көп.

Ақшақар: Жаңа жылда сіздердің барлығыңызға жақсылық тілеймін.

Балалар: Қош бол,Аязата,ақшақар!

Сайқымазақ: Міне,қымбатты балалар,бірлесіп,достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді,достық,бірлік бәрін де жеңеді.Аспанымызды бұлт торламасын.Көктегі күніміз сөнбесін.

Жүргізуші:

Барлық жандар бір тілекке қосқан үн,

Бақыт болып бастады жыл дастанын.

Қуанышпен келді той боп жаңа жыл,

Құтты болсын жаңа бақыт достарым.

Жаңа жылдарыңыз тағы да құтты болсын. Сау саламатта болыңыз!



Хоровод «Шырша»

Би: «Көңілді ақшақарлар»

Ән: «Қош келдің,жаңа жыл.»

Би: «Жаңа жыл»

Ән: «Аяз ата»


Аяз Ата:

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем жырларың.

Асулармен алысқан,

Асау желмен жарысқан.

Аталарың сендерге,



Шаршап келді алыстан.

Ақшақар: Амансыңдар ма,балалар,ұстаздар,ата-аналар.Өздеріңді сағынып келдік,жаңа жылдарыңыз құтты болсын,Өтіп кеткен Тауық жылымызға аман есен саулық тілеп,келер жылымыз Ит жылына табыс жыл,береке,бірлік әкелсін деймін.

Ақшақар: Аяз Ата қарашы,балалардың киімі қандай әдемі.Шырша да әсем безендірілген екен.Бәрі де сұлуланып кетіпті.Шырша шамын жағайық,Жаңа жыл тойын ашайық.Барлығымыз «Шырша жан» «Шамдарыңды жарқырат»деп айтайық.(Барлығы айқайлайды,шамдар жағылады.)

Аяз ата: Бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап,айналаға қуаныш сыйлауда.Шыршаның құрметіне өнерімізді көрсетейік.

Ақшақар: Қош келдің жаңа жыл.

Аяз ата: Ал айналайын жаңа жыл,келген қадамыңа нұр бітсін.Мынау менің ұлдарым мен қыздарым,мынау халқым саған аманат.Он екі ай бойы бағып қағу сенің мойныңда.Жақсы жыл бол,жаңа жыл. Бәрекелді жаңа жылым.Төрімізге шық.Бәрімізге жаңа бақыт,жаңа қуаныш алып кел.

Ақшақар: Балалар барлығыңыз да өнерлі екенсіңдер.Ендеше өнерлеріңді ортаға сала отырып,Аяз атадан сыйлықтарыңды алыңдар.

Аяз ата: Жаңа жылыңызбен достар,шанамызға мінейік,ақшақарым,Алда барар жерлер көп.

Ақшақар: Жаңа жылда сіздердің барлығыңызға жақсылық тілеймін.


Сайқымазақ:Армысыздар,халайық!Жақсы жайғастыңыздар ма,қымбатты достарым? Бәрі естіліп,көрініп тұр ма?Бәріне орын жетті ме? Сендермен кездескеніме өте қуаныштымын.Біз бүгін жаңа жылдық мерекені тойлағалы отырмыз.Бүгінгі мерекемізді көңілді әуенмен шыршаны айналып өтуден бастайық.

Сайқымазақ: Мен сендерге шығыстың түнін қандай болатынын көрсетейін бе?Оны көру үшін бір көзіңді жұмасың,ал екінші көзіңмен мына дүрбінің тесігіне қарайсың.Сонымен ғажайып басталды...(Ойыншы тесікке қарайды,бірақ ештеңе көре алмайды.)

Сайқымазақ: Қалай көрдің бе?(ойыншы ештеңе жоқ деп жауап береді.)

Сайқымазақ: (ашуланып) Бұны қалай түсінуге болады?

Ойыншы:-Көрдім көрдім.Борандатып атпенен келе жатырған ақ сақалды шалды көрдім.

Жүргізуші: Ендеше дұрыс айтады бізді іздеп адасып жүрген Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық дауыстап.

Сайқымазақ: -Кәне бәріміз қол шапалақтап қарсы алайық! (Аяз ата ақшақарымен бірге кіріп келеді.)
Каталог: 2018
2018 -> 2018 жылға арналған Жарқайың ауданы бойынша айтақты және естелік күнтізбесі 24 маусым
2018 -> Тақырып 1 Қортынды қаржылық есеп аудитінің ақпараттық жүйесі, мақсаты және тәсілдері
2018 -> Сабақтың тақырыбы: ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиет Сабақтың мақсаты
2018 -> Алтын күз Атырау облысы Атырау қаласы Махамбет ауданы Алға орта мектебінің Шағын орталық топ
2018 -> Ысқақова Айнұр Жанболатовқызы, СҚО, Ақжар ауданы, Айсары ауылы, «Айсары негізгі мектебі»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет