Қазақстандықтар әлеуметтік желіде вакцинациядан өтпесе де, сәтті өткені туралы SMS құттықтаулар келіп жатқанын айтып шағымданды. Ал денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев болып жатқан жағдайдың үш ықтимал себебін атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Egov.kz

Есенбаевтың айтуынша, басты себептің бірі медициналық қызметкердің ақпараттық жүйеге басқа науқастың деректерін қате енгізуінен болуы мүмкін. 

"Екінші нұсқа — бұл медициналық ұйымдардың толықтырулары деп аталатын ақпаратты әдейі енгізген кезде. Үшінші нұсқа – азаматтардың ұялы байланыс нөмірлерін деректер базасына енгізу кезінде қате кеткен болуы мүмкін", — деді вице-министр. 

Есенбаевтың айтуынша, егер азамат та, оның балалары да екпе алмаған болса, бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына хабарлау керек.

"Екінші нұсқа — eDensaulyq бөліміндегі eGovmobile мобильді қосымшасындағы ақпаратты түзетуге өтініш беру. Бұл электронды қосымша да Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына түседі және қажетті шаралар қабылданады", — деді Есенбаев.

Егер қазақстандықтар eDensaulyq бөлімінде, керісінше, вакцинация фактілері туралы деректер жоқ екенін анықтаса, олар тіркелген жеріндегі емханаға хабарласуы керек.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.