Жасанды интеллектті дамыту және 5G желісін енгізу Барселонада жыл сайын өтетін Дүниежүзілік ұялы байланыс Конгресінде (MWC Barcelona 2024) негізгі тақырыпқа айналған. Бүгінде бесінші буын технологиясына бүкіл сала назар салуда. Соның ішінде кең жолақты баламалар ретінде FWA (тіркелген сымсыз қол жетімділік) мүмкіндіктері белсенді түрде талқылануда. Осы жиынға Tele2/Altel-дің бас директоры Сергей Коньков та қатысып, халықаралық сарапшылармен Қазақстандағы желі орнату тәжірибесімен бөлісті.

Tele2/Altel-дің бас директоры Сергей Коньков та “MWC Barcelona 2024” іс-шарасы аясында өткен FWA-ны дамытуға арналған талқылауға қатысты. Ол халықаралық сарапшылармен бұл технологияның Қазақстанда даму тәжірибесімен бөлісіп, енгізу ерекшеліктерін айтты.

Айта кету керек, Tele2/Altel қазір Қазақстанда 5G желілерін белсенді түрде дамытуда және тек мобильді құрылғылар үшін ғана емес, сонымен қатар күрделі монтаждау қажеттілігінсіз кең жолақты интернетке қол жеткізудің жергілікті баламасы ретінде мүмкіндіктерін ұсынады.

"5G желісінің құрылысын өткен жылдың маусым айында бастағанымызға қарамастан, FWA біздің бизнес-модельіміздің негізі болды. Қазақстандағы телеком-индустрияның да өзіндік ерекшеліктері бар. Мәселен, қалалардың топографиясына байланысты талшықты-оптикалық операторлар құны да жоғары. Сондықтан кейде желілерді мұндай жерлерде толық орнатуда кідірістер болуы мүмкін. Алайда біз осындай учаскелерде сапалы сервис ала алмай жүрген клиенттерге назар аударамыз. Нәтижесінде сұраныс күткеннен де асып түседі. Ал бізде келесі қадамда пакеттік ұсыныстардағы трафиктің жылдамдығын басқару болады", — деді Сергей Коньков.

Панельдік сессия аясында сала жетекшілері тұтынушыларды басқару тәжірибесі мен FWA негізіндегі болашақ экожүйелердің коммерциялық дамуын жеделдету нұсқаларын да сөз етті. Бірнеше елдің өкілдері технологияны өздеріне енгізудің ерекшеліктерін атап өтті. Мұнда кейбір өңірлерде, Қазақстандағыдай, технология енді ғана дами бастағаны, ал кейбір жерде айтарлықтай прогресс байқалайтыны да талқыланды. Tele2/Altel операторының бас директоры өз кезегінде 5G желісімен әлі де бүкіл нарықтың қамтылмағанын алға тартты. Сондықтан компания тұтынушылардың сұранысына мұқият назар аударады екен.

"Бізде сату тобы желінің ең соңғы картасына қол жеткізе алады (5G қамту аймақтарына). Сондықтан сапалы қызметті қол жетімді сатып алғысы келетін тұтынушыларымызға 5G FWA-ны сынап көруге ұсынамыз. Бұл өте маңызды. Себебі сол арқылы қызметпен бір рет болсын танысып көруге мүмкіндіу болады", – деді Сергей Коньков.

Сапалы қызмет көрсету үшін оператор роутерді нарыққа шығарғанға дейін барлық құрылғылармен үйлесімділікті тексеріп, байланыстың жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін тестілеу жұмыстарын жүргізді.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.