Ауыл шаруашылығы, орман, балық және аң аулау шаруашылығы саласындағы азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне



жүктеу 40.07 Kb.
Дата04.03.2018
өлшемі40.07 Kb.


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы «__» ___________

№ ____ қаулысына 15-қосымша


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1400 қаулысына 16-қосымша


Ауыл шаруашылығы, орман, балық және аң аулау шаруашылығы саласындағы азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар мен үстемеақылар


Р/с



Қосымша ақылар мен үстемеақылардың атауы

Қосымша
ақылар мен
үстеме
ақылардың
түрлері

Қосымша
ақылар мен
үстеме
ақылардың
мөлшерлері

Ескертпе

1

2

3

4

5

1.




Ерекше еңбек 
жағдайы үшін 
үстемеақы










Мекеменің дамуына бағытталған жұмыстары, тәжірибеде озық әдістерді пайдаланғаны үшін, жұмыстағы жоғары жетістіктері, аса маңызды

немесе шұғыл жұмыстарды

орындағаны үшін, еңбектегі күрделілік және қауырттылық үшін үстемеақы




БЛЖ-ның 50%-ынан 
аспайды

Уәкілетті 
орган 
белгілеген 
тәртіппен 
және 
шарттармен

2.




Ауыр 
(ерекше ауыр) 
қол еңбегі жұмыстарымен 
және еңбек жағдайлары зиянды 
(ерекше зиянды) және 
қауіпті (ерекше қауіпті) 
жұмыстармен айналысатын қызметкерлерге қосымша 
ақы




2007 жылғы

15 мамырдағы  Қазақстан 
Республикасының
Еңбек кодексіне сәйкес 
және еңбек 
жөніндегі мемлекеттік
уәкілетті 
орган белгілеген еңбек 
жағдайлары 
зиянды 
өндірістердің, 
цехтардың, 
кәсіптер мен 
лауазымдардың тізімі 
(тізбесі) 
негізінде

1)

Қауіпті және аса қауіпті індеттердің 
қоздырғыштары және 
оларды жұқтырған, 

жұқтыруы мүмкін материалдармен (жануарлар мен құстардың, кене, шыбын-шіркей, балпақ сарышұнақ тышқандар мен тышқан тектес кеміргіштердің аса қауіпті індеттерінің қоздырғыштарын жұқтырған патологиялық материалдармен байланысы) жұмыс істегені үшін




БЛЖ-дан 140 %

Жұмысты нақты орындауына қарай

2)

Улармен және улы химикаттармен тікелей жұмыс істегені, улармен және улы химикаттармен өңделген, карантинге жатқызылған ішкі және импорттық өнімді тексеріп қарағаны, сараптама жүргізгені, тексергені үшін

БЛЖ-дан 60 %




3)

Химиялық-токсикологиялық және радиологиялық зерттеулерді: сынамаларды іріктеу және жануарлардың қырылуын анықтау бойынша патологиялық материалдарды зертханалық зерттеу жүргізгені, жоғары сапалы улар, радионуклидтер және химиялық заттар (қышқылдар, сілтілер, прекурсорлар), зерттеу кезінде олармен жанасқаны және жұмыс істегені үшін

БЛЖ-дан 60 %




4)

Орман өрттерін, оның ішінде арнайы құрал-жарақтарды қолдана отырып сөндіруге қатысқаны үшін, тікұшақ техникасы арқылы десант түсіру, сондай-ақ орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жүргізу жұмыстары үшін




Әр сағат 
үшін 
сағаттық 
ставканың 
100%








Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет