Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің назарына!



жүктеу 45.84 Kb.
Дата25.04.2019
өлшемі45.84 Kb.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің назарына!
Ұлан ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветринария бөлімі Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы № 573, №574, №575 қаулысымен бекітілген жергiлiктi бюджеттен субсидияланатын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға берілетін субсидияға өтініштерді қабылдау мерзімі 2014 жылғы 4 шілдеге дейін ұзартылғандығын хабарлайды.
Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi-егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидалары

Қажетті құжаттар тізбесі
1. АШТӨ бөлім белгілеген өтінім қабылдаудың басталу және аяқталу күнінен кешіктірмей бөлiмге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия алушылардың тiзiмiне қосуға арналған өтiнiмді және нөмiрi көрсетiлген банктiк шоттың бар екендiгi туралы екінші деңгейдегі банк анықтамасының бір данасын ұсынады.

2. Дәндi дақылдарды (күрiштен, дәндiк жүгерiден басқа) өндiрумен айналысатын АШТӨ субсидия алушылардың тiзiмiне қосу үшiн қосымша:

1) субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімде:

аттестатталған тұқым өндiрушiлер немесе өткiзушiлер берген, егіске пайдаланылған тұқымдардың сұрыптық және егістік сапаларын растайтын құжаттардың (тұқымға аттестат не тұқымға  куәлiк (тұқым сатып алынған жағдайда), ал себу үшiн өзi өндiрген тұқымды пайдаланған жағдайда – тұқымның сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханалар берген тұқымның кондициялылығы туралы куәлiк және сұрыптық егiстердi байқаудан өткiзу актiсі) бар екенін көрсетеді.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген Мемлекеттiк селекциялық жетiстiктер тiзiлiмiне енгiзiлген және (немесе) перспективалы деп танылған сұрыптардың үшiншi репродукциясынан кем емес тұқымдар себiлген алқаптар ғана субсидиялауға жатады;

2) мыналарды:

өткен жылғы ауыспалы егісте танаптардың орналасу картасының (сызбасының) (АШТӨ растаған және бөліммен келісілген) көшірмесін;

ағымдағы жылғы ауыспалы егісте танаптардың орналасу картасының (сызбасының) (АШТӨ растаған) көшірмесін ұсынады.

Бұл ретте, 2015 жылдан бастап және одан кейінгі жылдары осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген ауыспалы егісте танаптардың орналасу картасымен (сызбасымен) бірге АШТӨ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 1297 қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларының талаптарына сәйкес танаптар мен ауыспалы егістер тарихы кітабының көшірмесін ұсынады.

Осы тармақтың 2) тармақшасында белгіленген құжаттардың көшірмесін АШТӨ және бөлім куәландырады және бөлімде сақталады.

3. Өндірілген қант қызылшасының 1 тоннасына субсидия алу үшін АШТӨ субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімде қосымша қант зауытымен жасалған қант қызылшасын сатып алу-сату және (немесе) алыс-беріс қант қызылшасын қайта өңдеу қызметтерін көрсету туралы шарттардың бар болуына қатысты мәліметтерді көрсетеді.

4. Қорғалған топырақта көкөнiс өсiрумен айналысатын АШТӨ субсидия алушылардың тiзiмiне қосу үшiн субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімде қосымша жылыжайдың техникалық паспортының немесе жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органның жылыжайдың (қорғалған топырақ ғимаратының) болуы мен жұмыс алаңы туралы анықтамасының бар болуына қатысты мәліметтерді көрсетеді.

5. АШТӨ лизинг шартының негізінде ауылшаруашылық дақылдарының тұқымын сатып алған кезде субсидия алушылардың тiзiмiне қосу үшiн субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімде қосымша лизинг шартының бар болуына қатысты мәліметтерді көрсетеді.
Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау

қағидалары
Қажетті құжаттар тізбесі
1. АШТӨ бөлiм белгілеген мерзімдерде бөлiмге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға арналған АШТӨ тізіміне (бұдан әрі – АШТӨ тізімі) қосуға өтінім береді, бұл ретте бір уақытта гербицидтерді жеткізуші берген шот-фактуралар мен тауарлық-көліктік жүкқұжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Өтінім қабылданған күні АШТӨ-ге өтінімнің қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

Қосымша қаражат бөлінген жағдайда, бөлім жоғарыда көрсетілген құжаттар қоса берілген өтінімдерді қосымша қабылдауды бөлім белгілеген мерзімде жүзеге асырады.

2. Осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес субсидиялар алатын, гербицидтердің құнын шартта айтылған мерзімдерде төлейтін АШТӨ де бюджеттік субсидиялар алушылардың тізіміне енгізіледі.

3. Мынадай жағдайларда:

1) тиісті түрде ресімделмеген өтінім берілгенде;

2) өтінім берудің осы Қағидалардың 6 және 13-тармақтарында белгіленген мерзімі бұзылғанда субсидиялар берілмейді.

Тыңайтқыштардың құнын

(органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидалары
Қажетті құжаттар тізбесі
АШТӨ бөлім белгiлеген мерзiмде бөлімге субсидия алуға арналған АШТӨ тiзiмiне енгiзу үшiн осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiм береді.

Бұл ретте, тыңайтқыштарды өндiрушiден және (немесе) өнім берушіден алдыңғы жылғы 4-тоқсанда және өнім берушіден ағымдағы жылы сатып алған АШТӨ тыңайтқыш сатушы берген шот-фактураның, тауар-көлiктiк жүкқұжаттың түпнұсқаларын өтінімге қоса береді.

Өтінімді қабылдаған күні АШТӨ өтінімнің қабылданғаны туралы еркін нысанда қолхат береді.

Игерілмеген қаражат қалыптасқан және (немесе) қосымша қаражат бөлінген жағдайда, бөлім жергілікті атқарушы органдар белгілеген мерзімде қосымша өтінімдер қабылдауды жүзеге асырады.

13. Осы Қағидалардың 8-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес субсидиялар алатын, тыңайтқыштар құнын АШТӨ мен тыңайтқыш сатушы арасындағы сатып алу-сату шартында белгіленген мерзімдерде төлейтін АШТӨ де бюджеттiк субсидиялар алушылардың тiзiмiне енгiзiледi.

14. Субсидиялар осы Қағидалардың 12-тармағында айқындалған құжаттарда көрсетілген мәліметтер дұрыс болмаған, өтінім тиісті түрде ресімделмеген не оны ұсыну мерзімдері бұзылған жағдайларда берілмейді.



Қосымша ақпаратты келесі телефон 8/72338/27955 арқылы алуға болады.
Каталог: files -> business03
business03 -> «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы
business03 -> Список государственных программ
business03 -> Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің назарына!
business03 -> Кәсiпкерлiктiң қолдауы бойымен дамудың институттарының тiзiмi
business03 -> Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидалары
business03 -> Шағын бизнесті дамытуға қалай жеңілдетілген несие алуға болады
business03 -> Жеке жұмысты қалай ашуға болады?
business03 -> Ауыл шаруашылығын қолдауға қандай субсидиялар қарастырылған және оларды алу тәртібі қандай?


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет