Ауыз әдебиеті мектеп жасына дейінгі балаларғА Әлеуметтік тәрбие берудің ҚҰралы



жүктеу 195.11 Kb.
Дата13.09.2017
өлшемі195.11 Kb.

АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ - МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ҚҰРАЛЫ
Белгібаева Г.Қ., Мадешова А.А., Еркинова З.А.

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті


Қазіргі кезде елімізде болып жатқан өзгерістер мектепке дейінгі мекемелерде біршама жаңалықтар енгізіп отыр. Балабақшада тәрбиелік жұмыстар көптеп жүргізілуде. «Халық айтса қалт айтпайды» демекші тәрбие басын тал бесіктен бастағанның өзі де еліміздің ертеңін ойлаған яғни, атадан балаға жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптарымызды, салт-дәстүрімізді, тілімізді, дінімізді қадірлеу, балаға сәби кезінен қалыптастырған жөн.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ елінің Ұлттық идеясы – Мәңгілік ел» атты Жолдауында: «Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел! Ол – барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы. Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю – бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні – осы!», – деп тұжырым жасай келіп, осы тәуелсіздікке қол жеткізу үшін өлшеусіз еңбек сіңіру керек деп атап өтті[1]. Бүгінгі жас жеткіншектердің бойында халқымыздың ғасырлар бойы қастер тұтып келген ар-намыс, ождан, ата-мекені мен ана тіліне сүйіспеншілік, әдет-иба, қайырымдылық, үлкенді, ата-ананы құрметтеу қасиеттерін дамыту. Сондықтан ұрпақ тәрбиесі жайындағы озық ұлттық мұраны бүгінгі таңда тәлім-тәрбие жұмысына енгізуді аса маңызды міндет деп қарастыру қажет.

Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие – адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, тәрбиенің алғашқы кірпішін қалап, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Заман талабына лайық тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Жас ұрпаққа білім беруді жетілдіру мәселесі толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық.

Балабақшада берілетін әлеуметтік тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы, әрі жан – жақты тәрбие мен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне балабақша ошағының тигізер әсерінің маңызы зор. Осыларды жүзеге асыру мектепке дейінгі мекемелердің мойнына жүктелген міндет.

Мектеп жасына дейінгі балаларға әлеуметтік тәрбие беру халық ауыз әдебиетінің мол мұрасымен астасып жатыр.

Халық ауыз әдебиеті халқымыздың ауызекі сөзінен тарап отыратын мол мұрасы. Халық ауыз әдебиеті талай-талай ғасырлар жемісі. Халық даналығымен туған мақал-мәтелдер, ертегілер, өлеңдер, жұмбақ-жаңылпаштар, тұрмыс-салт жырлары адамның қандай болу керектігі, жалпы кейбір ертегілері кісіге қамқор болу, көмектесуге даяр тұру, шыншылдық, әділдік, еңбекті сүю, табандылық, кішіпейіл болу, үлкенді сыйлау, ерлік отаншылдық сияқты қасиеттерге үйретеді.

Жалпы мектепке дейінгі білім беретін ұйымдарда балалардың ой-өрісіне, санасына туған тіліне, халқына деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімін ұялатып қиялдарын қанаттандыру, ұлттық рухты бойларына сіңіру, ана тілі мен отанына, тарихы мен мәдениетіне деген сезімдерін қалыптастыруда қазақ халқының ауыз әдебиетінің орны ерекше. Ол ескі замандардан бастап беріге шейін көбейіп келген мол дүние.

Қазақтың ауыз әдебиеті нұсқалары жас бөбектердің ой-өрісін, дүние танымын кеңейтеді. Оларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, ыждағаттылыққа, туған өлкеге сүйіспеншілік сезімге баулу ісінде шешуші орын алады. Жауыздық, зұлымдық жасаушылар, ел арасын арандататын алаяқ қулар тағы да басқа адам баласының бойында кездесетін жаман қылықтар халық ертегісінде жиіркенішті түрде орын алған. Оларға халық өз арасынан шыққан қарапайым адамның ақылы мен қайратын, көпшілік үшін жасаған адал еңбегін қарама-қарсы қояды да, үлгі етеді.

Ауыз әдебиеті — халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы. Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Ауыз әдебиетінің шығарушысы да, таратушысы да, тыңдаушысы да — халық. Сондықтан ол, шын мәнінде, халықтың өз еншісі болып табылады.

Ауыз әдебиетінің осы өзгешілігі оның әлеуметтік бітімін де айқын сипаттайды. 20 ғасырдың басына дейін көшпелі қоғамда туып, көшпелі қоғамның талап-талғамы мен әлеуметтік қажеттілігіне толық жауап берген ауызша сөз өнері өзінің барлық даму жолдарында айрықша жүк арқалады, көркемдігі мен әлеуметтік-қоғамдық қызметі бойынша ең биік тұғырға көтерілді. Көшпелі қоғам мәдениетінде табан астында туып, тыңдаушысын тәнті етпеген өлеңді, мәнерін таппаған жырды өнер деп танымаған. Осындай тіршілік аясында қалыптасқан ауыз әдебиеті барлық белгілері бойынша классикалық деңгейге көтерілген. Сондықтан да қазақ халқының ауызша сөз өнері отырықшы елдердегі көп өнердің бір тармағы ретінде дамыған фольклорлық -шығармашылықтан оқшауланып тұрады [2, б. 56;].

Қазақ фольклоры біздің заманымызда өткен қоғамдардағыдай дамудың қайнар көзінде, өсіп-өркендеудің ең биік сатысында тұрмағанымен қазір де ұлан-ғайыр әлеуметтік жүк арқалауда. Ұлттың рухани болмысын, мінез-сипатын, тұрмыс-тіршілік тынысын әлі сол фольклор арқылы айна қатесіз танимыз. Еліміздің тәрбиелік, эстетикалық, адамгершілік мұраттарының айқын айғағы, рухани өлшемі де сол фольклордан бастау алады.

Көшпелі қоғамда фольклор белгілі бір әлеуметтік топтың ғана шығармашылығы емес, жалпы халықтың ханы мен қарасына, батыры мен биіне, байы мен кедейіне ортақ өнер, әмбеге тиесілі мұра. Бұған себеп күнделікті тіршілікті өнер дәрежесіне, кез келген құбылысты бейнелі де бедерлі жеткізуге дала перзентінің бейім тұруы еді.

Үлкен де, кіші де ауызша өнер дәстүріне дағдыланды, жасынан санасына сіңіріп, соны ғана мойындады. Бүкіл қоғам ауызша өнер мектебі болды. Осыған лайық ауыз әдебиетінің көтерген жүгі де орасан зор еді. Халықтың тарихи зердесі, философиялық ой-түйіндері, педагогикалық тәжірибесі, адамгершілік нормалары, кәсіптік әдебиетке тән көркемдік сұраныстары, театрлық өнерге тиесілі есесі ауыз әдебиетіне жүктеледі.

Ауыз әдебиеті жанрлық құрамы жағынан да сан-салалы болып қалыптасты. Тұрмыс-салт өлеңдері (еңбек-кәсіп, аңшылық, үйлену, жерлеу салты, наным-сенім тағы да басқа), ертегілер, аңыздар, әпсаналар, мифтер, эпостық жырлар, тарихи өлең, қара өлең, лирикалық өлең, өтірік өлең, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, айтыс, шешендік сөздер, жаңылтпаштар, драмалық үлгідегі шығармалар... — міне, ауыз әдебиетінің негізін құрайтын осы бір жанрлардың өзі әрі қарай түр-түрге бөлініп кете береді. Бұлардың қай-қайсысы болса да сөзбен айтылатын шығармалар және олардың негізгі құралы сөз [3, б. 3-8;].

Ауыз әдебиеті табан астынан тыңдаушыға арналып айтылатындықтан (немесе орындалатындықтан) және суырып салып шығарылатындықтан мезгіл жағынан шектеулі болады, яғни әр жолды, әрбір шумақты, бейнелі тіркестерді айтушының ұзақ уақыт ойланып-толғанып отыруына мүмкіндік жоқ. Сондықтан көркем шығарманы алғаш шығарып отырған мезгіл де, оны ауызша орындау уақыты да бұл арада бірдей. Себебі ауызша шығарма тыңдаушы алдында қолма-қол шығарылатындықтан оны жазба әдебиетіндегідей үздік-сөздік, бірде жылдамдатып, бірде үзіліс жасап, ұзақ ойланып шығаруға мүмкіндік жоқ. Сөйте тұра табан астында шығарылған өлең-жырдың эстетикалық қуаты, нысанаға дөп тиіп жатқан әсерлілігі, өнер ретіндегі өзгешелігі тыңдаушысын қашанда тәнті еткен. Ауыз әдебиеті ауызша шығарылып, ауызша тарайтындықтан шығарманың үнемі өзгеріс үстінде болатындығы заңды құбылыс.

Қазақ ауыз әдебиеті – талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Онан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың өткенін білеміз сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз, оны одан әрі ұлықтаймыз. Халық ауыз әдебиетінен халқымыздың батырлық, ерлік тарихын көреміз [4, б. 5;].

Ұлттық тәрбиені оқыту үшін мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиешілер баланың жас дара ерекшеліктеріне сай ұғымына байланысты ертегі, мақал-мәтел және алуан түрлі салт-дәстүрлерді педагогикалық тұрғыдан іріктеп алу керек. Балаға ұлттық тәрбиені дер кезінде меңгерту ұстаздың басты міндеті. Мектеп жасына дейінгі балаларға ізеттілікті, кішіпейілділікті, қайырымдылықты үйретіп, тәрбиелеу. Оның бастамасы қазақ халқына тән үлкен бір ерекшелік “сәлемдесу” дәстүрі. Балаларды жастайынан дұрыс сәлемдесуге дағдыландыру әр тәрбиеші мен ата – ананың міндекті. Сондықтанда қазақ халқында “Сәлем - сөздің атасы”- деген мақал бар.

Халқымыздың ауыз әдебиеті шығармашылығы ұрпақ тәрбиелеуге өлшеусіз үлес қосты және әлі де үлес қосып келеді. Қазақ фольклоры тілінің бейнелілігімен, көптеген мақал-мәтелдерінің мәнділігімен, мазмұндық өткірлігімен аса құнды қазына. «Өнер алды - қызыл тіл» деп, «Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйінін» шешкен ата-бабаларымыз, халықтың өмірі мен тұрмыс-тіршілігінің алуан түрлі жақтарын қамтитын өзінше бір жылнама болатын, ұрпақтарға тәлім болатын асыл мұра қалдырған. Сол бай құндылықтардың ішінде, патриотизмді дәріптейтін мұра - батырлық дастандар. «Алпамыс», «Қобыланды», «Қамбар батыр», «Едіге», «Сырым батыр» сияқты тағы да басқа, «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» кезіндегі елін, жерін сырт даулардан қорғаган Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сияқты мыңдаған қазақ батырларына арналған көптеген дастандар, өз халқының мүддесі, арман-тілегі, туған жері үшін жан аямаған батырларға деген халықтың сүйіспеншілігі, азаматтарының рухани жан дүниесінің беріктігі, ерлігі мен патриоттық қасиетін баяндайды.

Қазақтың мақал-мәтелдері болсын, жұмбақ-жаңылтпаштары мен ертегілері болсын – бәрі де балаларды Отанын сүюге, ерлікке, елін қорғауға үндейтіні белгілі [5, б. 8;].

Қиял дүниесінен туған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлық жырлар, өмір тәжірибесінің қысқаша қорытындысы – мақал-мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақ жаңылтпаштар – бәрі де мектепке дейінгі мекемелерде кең пайдаланатын дүниелер. Бұлар балаларды елін сүюге, батылдыққа, адамгершілікке үндейді.

Сәбилердің ой-өрісін дамытуға, қиялын шарықтатып, тіл байлығын молайтуға ауыз әдебиеті үлгілері – ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштардың, халық ойындарының тигізетін пайдасы ұшан-теңіз. Әрине, ауыз әдебиеті үлгілерімен балаларды таныстыру үшін, алдымен оқылатын материалдың көлемін, мазмұнын анықтап алу керек. Материал мәтінінің мазмұны балаларды қызықтыратындай, жалықтырып жібермейтіндей шағын болуы керек.

Мектеп жасына дейінгі балалар ертегілерді өте жақсы көретіндігі сөзсіз «Баланың ең алғашқы естіген ертегілері жақсы мен жаман туралы, әділеттілік пен әділетсіздік туралы, дөрекілік пен нәзіктік туралы, ар-ождан, ұят туралы түсінік береді, баланы қатты толқытады. Бұл толқу оның – мінез-құлқына, психикасына әсер етіп еңбекке, адамдарға деген ізгі ниетін қалыптастыруға жол ашады» деген [6, б. 55;].

Халық ауыз әдебиетінің басқа түрлері секілді ертегілер де адам баласының еңбекке, тұрмыс-тіршілік жағдайларына байланысты туған. Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неліктен болатынын толық түсінбеген ертедегі адамдар әр нәрсені қиял еткен, өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған. Бұл жөніндегі ұғым-түсініктерін, сезім күйлерін әңгімелеп айтатан болған. Осы негізде ертегі – әңгімелердің алғашқы үлгілері пайда болған.

Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балаға ненің жақсы ненің жаман, қайсы дұрыс және қайсы бұрыс екенін әңгімелей отырып, балаларға үлкен тәрбиелік мәні бар мағлұматтар беріледі.

Мектеп жасына дейінгі баланы айналасындағы қоршаған әлеммен таныстырудың тағы бір құралы ол – жұмбақ. Жұмбақ деген атына қарағанда жұмудан шыққан сияқты. Шындығында жұмбақ қолдың жұдырығында жасырынып тұратын зат емес. Ол баланың күнделікті өмірде көріп жүрген жанды-жансыз заттарына ұқсас нәрселерді сипаттай отырып. Сол нәрсенің негізгі қасиетін бүгіп айтпай, баланың зейнін ұштау, ойлату, әрбір нәрсенің негізгі белгілері қандай, оны немен салыстыруға болады деген ой-елегін көз алдына елестете отыра, қоршаған дүниені бақылап, бағалауға баулитын тәрбиелік қасиеті ерекше.

Жұмбақ – халық ауыз әдебиетінің ең ескі түрінің бірі. Халық ауыз әдебиетін зерттеудің негізін салушылардың бірі – ғалым-жазушы М.Әуезов жұмбақтың өмір танытқыштық, тәлім-тәрбие берерлік маңызын көрсете келіп, былай дейді: «Сырт қарағанда соңғы уақыттарда жазба әдебиеттің күшеюімен қатар, жұмбақ азайған шығар, жаңадан жасалмайтын шығар деген ойлар болушы еді. Анығында, бұл теріс боп шықты. Жұмбақтар қазақ халқының арасында әлі тыңнан туып, молайып, дамып келеді. Олай болса, халықтың жұмбақ деген фольклор қорын жинап басып, тексеріп тану – ғылымдық зор міндет болады».

«Жұмбақтың көлеміне кіретіндер: табиғат жайы, адамның денесі, хайуанат пен өсімдік, бақташы, егінші елдің еңбек процесі, еңбек құралы, азын-аулақ техника жайы сияқтылар болады». Әдетте бір затқа жұмбақталған заттың мынадай белгіле, қасиеттері салыстырылып, ұқсатылады: бірінші – заттың сыртқы тұлғасы мен түр-түсі; екінші – заттың тұрақты саны мен көлемі (мөлшері); үшінші – заттың қызметі мен қимылы; төртінші – заттың неден жасалатындығы, қайдан шығатындығы; бесінші – заттың даусы, дыбысы.

Жұмбақтар балаларға олардың дүние тану қабілетін дамыту, тапқырлыққа баулу мақсатымен үйретіледі.

Жұмбақ оқу жеке сабақ түрінде емес, баланың білімін тиянақтау үшін сабақ процесінде оқылады. Әсіресе, зат таныту сабақтарында қолдану тиімді.

Ол баланы жастайынан қиялдай білуге, қоршаған ортаны бақылап, тапқырлыққа баулуды көздейді. Мысалы: Арбаны жұмбақтағанда, оны адамға тәріздеп ұқсатып былай сипаттайды.

Ізі бар, қадамы жоқ аяғының

Тимейді үші жерге таяғының

Қолдарын хайуанға арта тастап,

Салады әуезіне баяғының.

Ал, аспан әлемін жұмбақтағанда ол бір көз жетпейтін дария, көк шатыр, кең сарай бейнесінде суреттейді. Сол аспан әлемін мекендеушілер кімдер екенін былай баяндағанда:

Көріп едім бір үлкен дарияны,

Барша қыз мекен етіп жатыр оны

Ішінде ерлі-байлы екі аққу бар,

Жарықтық жеті сарбаз балалары, - деп аспанды – дарияға жұлдыздарды – қызға, ай мен күнді – аққуға, жеті қарақшыны – балаға теңеуі кімді де болса қызықтырады, ойландырады, не нәрсеге ұқсастығын салыстырады, қиялын ұштай түседі.

Балалар айналадағы өмірді бақылау арқылы таниды. Олай болса, бақылау кезеңі мазмұнды, нәтижелі өтуіне баса назар аудару керек. Мектепке дейінгі мекемелер тәжірибесінде көп байқалып жүрген жай: тәрбиешілер көбіне серуеннің бақылау кезеңін үстірт өтетіндігі.Мысалы, «Балалар, қараңдаршы, бүгін қар жауыпты, ол аппақ». Балалар, «Иә», -деп жауап береді. Әңгіме одан әрі ой жалғаспайды.Осы ретте қардың түсіне ғана көңіл аударып қоймай, қардың суық болатындығы, күннің көзіне шағылысып тұрса, оны ақша қар деп атайтынын айтып, қарды ұстатуға болады. Оны қолға ұстағанда еритініне де көңіл аударту керек. «Балалар, қар қолға ұстағанда ери бастайды екен, себебін кім айта алады? Иә, қол жылы, жылылықтан қар ериді. Бөлмеге апарып қойсақ та ериді, мына ыдысқа қарды толтырып салайық, бұл әзір далада тұрсын, серуен біткен соң, бөлмеге апарып қоямыз. Артынан не болғанын көреміз».Бұдан кейін тәрбиеші қар туралы тақпақ айтып беруіне болады.

Келесі серуенге шыққанда, тәрбиеші қар туралы балалар білетін жұмбақты айтқызып, шешімін сұрайды. Сонда 3-4 естіген жұмбақ туралы алғашқы түсінік беріледі, осылай түрлі іс-әрекет кезінде жатталады. Жұмбақ оқу, шештіру жеке сабақ ретінде емес, тіл дамыту сабақтарында, экскурсия, бақылау, ойын тағы да басқа жұмыстарға қоса жоспарланады.Мысалы, тәрбиеші найзағай туралы жұмбақты балаларға айтуы керек болды дейік:

Жөңкиді бұлттар дүркіреп,

Жауады жауын күркіреп.

Аспанның жүзі жарқ етті

Ақ найза жерге сарт етті (найзағай)

Мұндай жағдайда мынадай дайындық жұмыстары жүргізіледі: бақылау кезінде аспанда бұлт болатыны, ол бұлттың әр түрлі болатыны: қою бұлт, сұрғылт бұлт, ақ бұлт олардың қозғалып отыратындығы мұқият бақыланады. Ақша бұлт күні жаңбыр жаумайды, бұлт қоюланғанда, арты нөсер жаңбырға айналатыны сөз болады. Мұның бәрі бөлмедегі табиғат күнтізбесінде шартты белгілермен көрсетіледі.Бұдан кейін бұлт туралы, жаңбыр туралы тақпақтарды айтуға болады. Енді мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, сендер жақсылап тыңдап жауабын айтыңдар:

Әдемі түнде

Мен жүрсем, бірге жүреді,

Ол не?

- Қане балалар , ойланыңдар.



Балалардың көбі «Ай туралы», - деп жауап береді. Балаларды осылай жұмбақпен таныстыруға болады. Бұдан кейін мектепке даярлық тобы балаларының өздеріне жұмбақ кештерін ұйымдастырып тұруға болады.

Жұмбақты: 1)табиғат көріністерін; 2) заттардың, ойыншықтардың қасиетін, сынын байқату; 3) сабақты ұйымдастыру кезінде айтқызуға болады.

Мысалы, сурет салмастан бұрын салынатын зат бақыланады.

Жұмбақ сабақ алдында балалардың көңілін сабаққа аудару мақсатымен де айтылады. Мысалы, тәрбиеші математика сабағында балаларға сағат туралы ұғым беру үшін жұмбақты қосуын болады.

Лүп-лүп соғып жүрегі,

Сол қолында жүреді.

Осылайша жұмбақтарды тізіп айта беруге болады. Ең негізгісі жұмбақ баланың дүниетану әлемін, ой-өрісін, білімін тереңдететін, әр бір заттардың неден істеліп, неден пайда болуын, дүниедегі әр бір заттың өзіндік атқаратын қызметін, ерекшелігін неден істелгенін, не жұмысқа арналғанын, жанды-жансыз нәрсенің адамның ойына келе бермейтін қасиетін баланың жас кезінен бастап тәрбиелеу керек екенін халық педагогикасы білген, сол жолда қазақ халқы баласын ұқыптылыққа әр нәрсенің өзіндік ерекшелігін ескеруге, бақылауға, байқауға көңіл бөлгендігін ғылыми педагогика жоққа шығармайды.

Баланың тілін дамытуда ауыз әдебиетінің жұмбақ түріне негізделіп жүргізілген жұмыс тәжірибе. Жұмбақтар тіл мәдениетін тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады. Жұмбақтар баланы байқағыштыққа, тапқырлыққа, баулып, ой-қиялын ұштастыруға көп әсер етеді. Жұмбақ баланың ойлау қабілетін дамытады.

Халық ауыз әдебиетінің бір саласы – жаңылтпаштар. Жаңылтпаштар балалар бақшаларында ана тілі сабағында және сабақтан тыс уақыттарда тіл ұстарту, сөздің дыбысталуын нақышына келтіре дұрыс, тез, шебер айта білуге жаттықтыру, сөздің мағынасын түсіне білу мақсатымен пайдаланылады.

Қазақ халқы бауырында өсірген балапанының бойынан мінез-құлқында, ақыл-парасатынан, жүріс-тұрысынан ең арғысы тілінен бір мүкіс болмас үшін ойын түрін ойлап тапқан – халық ондай ойынның бірін жаңылтпаш деп атайды.

Жаңылтпаш - қазақ халқының ауыз әдебиетінің түріне жатады. Оның атқарар қызметі аз емес. Олар көбіне баланың ұғымын, түсінігін, дүниетанымын кеңейте түседі. Жаңылтпаштар баланың тілін ұштай түсіп, оның кекештенбей, тұтықпай, еркін, жатық, асықпай, қысылмай сөйлеуіне көмектеседі. Әр сөзді бұзбай дұрыс айтылуы мақсат етіледі. Сөздерді шапшаңдата тез-тез айтуы тиіс, баланы сөйлете білу үшін маңызы өте зор.

Ең бастысы жаңылтпаш бала тілін ширатудың қолайлы құралы. Баланың жас кезінде әсіресе 3-жасар кезінде «р» дыбысын айтуға қиналуы дәлел болады.

Жаңылтпаштарды жылдам айтқан кезде «р»-дың орнына «и» дыбысын айтып жіберетіндіктен «Тойта», «ойта», «Тайқайбай» болып шыға келеді. Жаңылтпаштың негізгі мақсаты баланы әр дыбысты дұрыс айтуға баулиды.

1.Есет атам ет асатар, 2.Қай тай лақтай,

Ет асатса бес асатар. Қай лақ тайлақтай.

Жаңылтпаштың сөздері қара сөз түрінен, өлең түрінде ұйқасымды да құрылады. Мысалы: Ар жақтағы Құдияр құдам еді,

Ол мені қудаламады,

Мен оны қудаладым, - деп соңғы екі жолын қайталап айтады.Мұндағы мақсат сөздің мәнін, мағынасын бұзбай, әдемі көркем тілде сөйлей білуге баулу.

Қазақ ауыз әдебиетіндегі, әсіресе, балалар фольклорын дамытушы негізгі бір сала – балалар ойыны. Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады.

Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстүрі, әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.

Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады [7, б. 48;].

Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстарды ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Былайша айтқанда болашақ қайраткердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді.

Қазақтың ұлт ойындары халықтың сәби шағымен бүгінгі өскелең дәуірінің куәсі ретінде, адам баласының фантазиялық ой-жүйесінің заңды жалғасы ретінде оны үйретудің тәжірибеде пайдаланудың үлкен білімділік, тәрбиелік маңызы бар.

Ұлттық мұраның бай қазынасының бірі – халықтың ұлттық ойындары көп салалы, көп қырлы құбылыс, ол тек ойындық сала емес, мәні жағынан да балабақша тәрбиеленушілерінің рухани өресі кең өсіп – жетілуіне, эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелейтін негізгі құралдардың бірі [8, б. 19;].

Ұлттық ойын баланың дамып жетілуіне, адамгершілік қасиеттерінің артуына, психикасына да тигізетін әсері мол. Ұлттық ойындар арқылы өз халқының тарихын, жерін, даму сатысын, әдеп-ғұрпын, салт-дәстүрін, қонақжайлығын айқындап көруге болады. Ұлттық ойындары балаларға үйретуде тек олардың өмірі туралы мағлұмат беруге болады. Балаларға ұлт ойындарын үйрету арқылы әділеттілікке, достыққа, сыйластыққа, кішіпейілдікке, яғни адамгершілік қасиеттері дамиды. Басқа да ойындар сияқты қазақтың ұлттық ойындарындағы бұлжытпай орындауға тиісті тәртібін баланың ойын барысында сақтауы, баланы осы кезден бастап тәртіпке, әділдікке, жинақылыққа баулиды, адал, қайырымды, батыл, өжет болуға тәрбиелейді.

Ойынның балаларды тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Ойын арқылы тапқырлық, шапшаңдық, мергендік, еңбек сүйгіштік сияқты қасиеттермен қатар, ақыл-ой тәрбиесі де жүзеге асырылады.

«Ойын ойнап, ән салмай өсер бала бола ма» деп, балалар табиғатын, ойынның балалар тәрбиесіндегі алатын орнын жақсы білген халқымыз балаларға икемдеп «Санамақ», «Тәй-тәй», «Ақ серек, көк серек», «Қуыр-қуыр-қуырмаш», «Соқыр теке» ойындарын ойлап тапқан. Аталған ойындарда ауыз әдебиетінің үлгілері пайдаланылған.

Халық ұрпақтан-ұрпаққа өзінің қоғамдық, әлеуметтік тәжірибелері мен рухани байлығын қалдыра отырып, сол арқылы қоғамның материалдық және рухани мәденитетінің тарихын да жасайды.

Мұндай сабақтастық жас ұрпақтың өзіне дейінгі адамзат жасаған игіліктерден өзіне қажеттісін іріктеп алып, ұлттық тәрбиеміздің қайнар бұлағының тереңіне бойлап, сол бұлақтан бойға қуат алу жаңа уақыт талабына сай тарихи құндылықтарды жан-жақты байыта түсуіне мүмкіндік береді. Бұл сияқты тарихи үрдісте халық тек жасампаз күш ретінде ғана емес, әрі сол құндылықтардың дара және тауысылмас бұлағы, жыршысы мен философы ретінде де көрінеді. Адамзат жаралғаннан бастап ол өзіне ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан дәстүрлердің негізінде бала тәрбиесіне қойылатын жаңа талаптармен толығып отыр [7, б. 8;].

Мектеп жасына дейінгі балаларды өз халқының ұлттық мәдениеті, оның ауыз әдебиеті үлгілері негізінде тәрбиелеуде шешімін табуға тиіс мәселелер баршылық. Бұл мәселе ұлттық сананың оянуымен, демократиялық қоғамның жаңа адамға деген қажеттілігімен, ұлттық мәдениетінің жандануымен, балаға өз халқының рухани байлығын сусындатумен байланысты туындап отыр.

Халықтық салт-дәстүр – қоғамның рухани, мәдени және адамгершілік қарым-қатынасындағы ең қымбат қазына. Халық үшін тәрбие – тұтас дүние. Оның мақсаты – адам тәрбиелеу. Балаларға ұлтымыздың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін оның сәбилік шағынан бойына сіңіріп, ойына ұялату, сол арқылы ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу қай күннің болмасын басты мәселесі. Бұл туралы ойшыл Абай: «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады; бірінші – ата-анасынан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі - құрбысынан» деген екен [7, б. 16;].

Әрбір елдің, халықтың бала тәрбиелеудегі халықтық педагогиканың ғасырлар дәуірінен қалған асыл қазынасы бар. Жас ұрпақ сол ата-мұра өнегесінен күш алып қуаттанады, ізгілік негізі орнығады.

Сол себептен де, халық даналығына оның ұрпақ тәрбиесінде атқарар қызметіне зер салып, ықылас аудармаған ақын-жазушы, ұстаз-ғалымдар кемде-кем, әсіресе, Абай, Шәкәрім, Жүсіпбек, Мағжан сияқты ғұламалардың еңбектерінде негізгі арқауы – өз елі, халқы, болашақ ұрпақ тағдыры, оның тәрбиелі, парасатты, азамат болып өсуі жайында кең толғаныс, өнегелі өсиет жатады.

Халқымыздың аса көрнекті ақыны М. Жұмабаевта педагогиканың ұлттық тәрбиеден бастау алатыны жайлы айтқан. «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет ететін болғандықтан, әрбір тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деген «Педагогика» атты еңбегінде. Ақынның көздеп отырғаны бала тәрбиесін, халықтық педагогика тұрғысында ұйымдастыру екені айтпай-ақ түсінікті [10, б. 10;].

Қазақтың мақал-мәтелдері болсын, жұмбақ-жаңылтпаштары мен ертегілері болсын – бәрі де балаларды Отанын сүюге, ерлікке, елін қорғауға үндейтіні белгілі.

Қиял дүниесінен туған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлық жырлар, өмір тәжірибесінің қысқаша қорытындысы – мақал-мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақ жаңылтпаштар – бәрі де мектепке дейінгі мекемелерде кең пайдаланатын дүниелер. Бұлар балаларды елін сүюге, батылдыққа, адамгершілікке үндейді.

Сәбилердің ой-өрісін дамытуға, қиялын шарықтатып, тіл байлығын молайтуға ауыз әдебиеті үлгілері - ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштардың, халық ойындарының тигізетін пайдасы ұшан-теңіз. Әрине, ауыз әдебиеті үлгілерімен балаларды таныстыру үшін, алдымен оқылатын материалдың көлемін, мазмұнын анықтап алу керек. Материал мәтінінің мазмұны балаларды қызықтыратындай, жалықтырып жібермейтіндей шағын болуы керек.

Халық ұрпақтан-ұрпаққа өзінің қоғамдық, әлеуметтік тәжірибелері мен рухани байлығын қалдыра отырып, сол арқылы қоғамның материалдық және рухани мәденитетінің тарихын да жасайды.

Мұндай сабақтастық жас ұрпақтың өзіне дейінгі адамзат жасаған игіліктерден өзіне қажеттісін іріктеп алып, ұлттық тәрбиеміздің қайнар бұлағының тереңіне бойлап, сол бұлақтан бойға қуат алу жаңа уақыт талабына сай тарихи құндылықтарды жан-жақты байыта түсуіне мүмкіндік береді. Бұл сияқты тарихи үрдісте халық тек жасампаз күш ретінде ғана емес, әрі сол құндылықтардың дара және тауысылмас бұлағы, жыршысы мен философы ретінде де көрінеді. Адамзат жаралғаннан бастап ол өзіне ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан дәстүрлердің негізінде бала тәрбиесіне қойылатын жаңа талаптармен толығып отыр.

Мектеп жасына дейінгі балаларды өз халқының ұлттық мәдениеті, оның ауыз әдебиеті үлгілері негізінде тәрбиелеуде шешімін табуға тиіс мәселелер баршылық. Бұл мәселе ұлттық сананың оянуымен, демократиялық қоғамның жаңа адамға деген қажеттілігімен, ұлттық мәдениетінің жандануымен, балаға өз халқының рухани байлығын сусындатумен байланысты туындап отыр.

Халықтық салт-дәстүр – қоғамның рухани, мәдени және адамгершілік қарым-қатынасындағы ең қымбат қазына. Халық үшін тәрбие – тұтас дүние. Оның мақсаты – адам тәрбиелеу. Балаларға ұлтымыздың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін оның сәбилік шағынан бойына сіңіріп, ойына ұялату, сол арқылы ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу қай күннің болмасын басты мәселесі. Бұл туралы ойшыл Абай: «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады; бірінші – ата-анасынан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі - құрбысынан» деген екен.

Әрбір елдің, халықтың бала тәрбиелеудегі халықтық педагогиканың ғасырлар дәуірінен қалған асыл қазынасы бар. Жас ұрпақ сол ата-мұра өнегесінен күш алып қуаттанады, ізгілік негізі орнығады.



Қорыта келгенде, мектепке дейінгі ұйым қабырғасында білім нәрін сусындап, тәрбиеші педагогтарымыздан тәлім-тәрбие алып келе жатқан балалар болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.

Бүгін де бала тәрбиесі – еліміздің болашағын жалғастырушы ұрпақ болғандықтан, өз елін, жерін, тілін, дінін құрметтейтін отаншыл азамат болып өсуіне жағдай жасап, келешекте өзінен көп үміт күттіретінде етіп тәрбиелеуіміз қажет. Ал, сол жас ұрпаққа тәрбие беретін бүгінгі тәрбиеші – мамандар тәрбиелеу мен білім берудің жаңаша жетілдірілген әдіс-тәсілдерін іздестіріп, күнделікті жұмыс барысында жаңашыл бағыттар қарастырып, оны өздерінің іс-тәжірибесінде қолданып отырса, бала тәрбиесі алға басары сөзсіз. Ол үшін қазіргі заман талабына сай халқымыздың түпкі тәрбие бағытын негізге ала отырып жаңашылдыққа жаршы болу, ұтымды әдіс-тәсілдерді пайдалануымыз қажет.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
publications -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М
publications -> Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесі Темірбай Мұқашев
publications -> Спортшылардың интеллектуалдық ой өрісі және оның спорттық Қызметтегі маңыздылығы абусейтов Бекахмет Зайнидинович
publications -> Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағыттары түйін Мақалада ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа жолы «Агробизнес 2020»
publications -> Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік: құқықтық реттеу
publications -> 1 қаңтар 2012, 12: 09 Бұл дағдарысты әлем экономикасының уақытша тежелуі деп түсіну қажет 49
publications -> Қазақстандағы корей тілін оқытуда интерактивті құралдарды қолдану әдісі
publications -> Әож 378-1а оқУ Үрдісінде мультимедиялық ҚҰрылғыларды қолданудың Қажеттілігі
publications -> Үндістан-Бангладеш қарым-қатынастарының кейбір астарлары


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет