Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер



жүктеу 124.86 Kb.
Дата27.12.2017
өлшемі124.86 Kb.

Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»

Документ: ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІНІҢ 2015.28.02 № 161 БҰЙРЫҒЫ

Дата: 28.06.2016 15:29:43


Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 161 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 37-1-бабының 8-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:



1. Қоса беріліп отырған Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау қағидасы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;



2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 



Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

 

Е. Досаев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі

Мамытбеков А.

2015 жылғы 8 мамыр

 

Қазақстан Республикасы



Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы 28 ақпандағы

161 бұйрығымен бекітілген

 

 

Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын


ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен
ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау


қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің (бұдан әрі - Су кодексі) 37-1-бабының 8-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралым заңда көзделген қаражат есебінен және шегінде ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру (бұдан әрі - Сумен жабдықтау жүйелері) жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:



1) су беруші - ауыз су беру жөнінде сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелеріне қызмет көрсететін және су шаруашылығы жүйелері қызметтерін көрсету жөніндегі табиғи монополия субъектісі болып табылатын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға;

2) су пайдаланушы - өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға.

 

 



2. Субсидия алушылар

 

3. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Су кодексінің 37-бабы 1-тармағының 7-9) тармақшасына сәйкес су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органмен бекітілген тізім бойынша сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөнінде субсидиялауды жүзеге асырады.



4. Субсидиялар су ресурстарын коммерциялық мүдделерге пайдалануды қоспағанда, ішетін су бойынша өз мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін су пайдаланушыларға (халыққа) көрсетілген қызметтердің құнын арзандату үшін сумен жабдықтау жүйесіне қызмет көрсететін су берушілерге төленеді.

 

 



3. Субсидия алу шарттары

 

5. Сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтерге субсидиялар алу үшін су беруші:



1) 1 ақпанға дейін облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органның аумақтық органымен және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) құрылыс немесе тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерімен келісілген субсидияларды ескеріп, берілетін ауыз су көлемін, көрсетілетін қызметтерге ақыны және табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган ауыз су беру жөніндегі қызметтерге бекіткен тарифті көрсете отырып, тариф бойынша ауыз су беруге арналған шарт жасалатын су пайдаланушылардың (халықтың) тізбесін (өз мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін қоспағанда) (бұдан әрі - су пайдаланушылардың тізбесі) ұсынады;

2) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерімен келісілген және үш данада (су беруші, су пайдаланушы, облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы үшін) жасалған субсидияларды ескеріп, тарифтер бойынша ауыз су беру жөнінде қызметтер көрсету актілерімен қоса бере отырып, су пайдаланушылар бөлінісінде облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына ай сайын субсидиялауды ескере отырып, тарифтер бойынша ауыз су беру жөнінде нақты көрсетілген қызметтердің жиынтық тізілімін береді.

 

 

4. Субсидияны есептеу тәртібі



 

6. Субсидиялар су берушілерге елді мекендердегі бір тұрғынға белгіленген орташа тәуліктік үлестік су тұтыну шегінде субсидияларды ескере отырып, тарифтер бойынша су пайдаланушылардың бөлінген нүктелеріне ауыз су беру жөнінде нақты көрсетілген қызметтер үшін төленеді.

7. Сумен жабдықтау жүйелерінен топтық су құбырлары және оқшау жүйелері бөлінісінде су берушілер үшін берілген ауыз судың 1 (бір) текше метріне бөлінетін, бір тұрғынға белгіленген орташа тәуліктік үлестік су тұтыну шегінде Республикалық бюджет комиссиясы мақұлдаған, тиісті қаржы жылдарына арналған субсидиялар мөлшерін табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен ауыз су беру жөнінде көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтің айырмасы ретінде:



1) үйлері немесе пәтерлері ішкі сумен жабдықталған, жеке су өлшеуіш құралдарымен жарақтандырылған су пайдаланушыларға берілген 1 (бір) текше метр ауыз суға 30 (отыз) теңгені;

2) теңгерімдік тиесілілігі шегінде орналасқан және бірыңғай су өлшеуіш құралдарымен жарақтандырылған сумен жабдықтау желілерін пайдаланатын су пайдаланушыларға берілген 1 (бір) текше метр ауыз суға 40 (қырық) теңгені;

3) бұдан әрі тазалауды және оны ауыз су су тұтыну жағдайына дейін жеткізуді қажет ететін, 1 (бір) текше метр суға 0 (нөл) теңгені шегергенде белгіленген лимиттің шегінде кепілдік берілген сапада ауыз су беру жөнінде көрсетілген қызметтер үшін белгілейді.

 

 



5. Субсидияны төлеу тәртібі

 

8. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы:



ауыз су беру жөнінде нақты көрсетілген қызметтердің жиынтық тізілімін және төлемге шоттарды алған күнінен бастап жұмыс он күн мерзімде оларды субсидияларды төлеу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органдарына ұсынады;

су пайдаланушылар бөлінісінде ұсынылған субсидиялар ескеріле отырып, жиынтық тізілімін, осы Қағиданың 9-тармағына сәйкес қызметтер көрсетуді негіздейтін құжаттарды ай сайын тексереді және алған күнінен бастап он күн мерзімде бекітеді;



есепті айдан кейінгі айдың 25-күніне дейін субсидиялардың тиесілі сомаларын су берушілердің есеп шоттарына аударады.

 

 



6. Субсидиялау жөнінде есеп беру

 

9. Тоқсан сайын облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармалары ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне қарай, бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес төленген субсидиялар көлемі туралы есеп пен субсидиялардың нысаналы пайдаланылғанын көрсететін басқа да есептерді береді.



 

Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз



көздері болып табылатын ерекше маңызды

топтық және оқшау сумен жабдықтау

жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі

көрсетілетін қызметтер құнын

субсидиялау қағидасына 1-қосымшасы

 

Нысаны

 

«БЕКІТЕМІН»

Облыстық (республикалық маңызы

бар қаланың, астананың) энергетика

және тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылығы басқармасы

___________________________________

20____ жылғы «____» _______________

 

 



Су пайдаланушылар бөлінісінде ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды

топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің жиынтық

 тізілімі

 

________________________ 20 жылғы _____

(су берушінің атауы)                 (ай)

 


р/с



Су пайдаланушылардың атауы

Су беру лимиті мың текше метр

Берілген су, мың текше метр

Бекітілген тариф 6 1000 текше метр үшін теңге

Жыл басынан бері

Оның ішінде есепті айда

1

2

3

4

5

6

кестенің жалғасы

Көрсетілген қызметтердің құны, теңге

Субсидиялар мөлшері (тарифтік сметаларда ескерілген шығындардың %-ы) теңге

Жыл басынан бері субсидиялар төленді, теңге

Төленуге тиіс, теңге

Жыл басынан бері

Оның ішінде есепті айда

Жыл басынан бері

Оның ішінде есепті айда







7

8

9

10

11

12

 

Су беруші _____________________________________________________

Ескертпе: 2-бағанда су пайдаланушылар облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы бекіткен су пайдаланушылар тізбесіндегідей ретпен келтіріледі.

 

Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз



көздері болып табылатын ерекше маңызды

топтық және оқшау сумен жабдықтау

жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі

көрсетілетін қызметтер құнын

субсидиялау қағидасына 2-қосымшасы

 

Нысаны

 

 

Нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізулер туралы қорытынды есеп



20___ ж. «___» __________

 

Мемлекеттік органның атауы: ________ облысының әкімдігі



Нысаналы трансферттің атауы: Ағымдағы нысаналы трансферттер

Есеп кезеңі:________ жыл

Жоғары тұрған бюджеттен алынған қаражаттар сомасы: ___ мың теңге

Бюджеттік бағдарламаның атауы және коды:

 


р/с

Тікелей нәтиже

Көрсеткіштер атауы

(жоспардағы іс-шаралар)

Іс-шаралардың нақты орындалуы, нәтижелерге қол жеткізу сатысы

Нәтижелерге қол жеткізбеу себептері

Жоспар мың теңгемен

Факті мың теңгемен

Ауытқуы мың теңгемен

1

Ауыз судың ___ мың м3 көлемінде субсидиялаудың дифференциалды мөлшері бойынша ауыз суды үздіксіз беру




-

______

______

-











































 

Түпкілікті нәтиже



р/с

Жоспарланған көрсеткіштер

(іс-шаралар)

Нәтижелерге нақты қол жеткізу

Нәтижелерге қол жеткізбеу себептері

1

_______ облысы бойынша _ елді мекеннің тұрғындарын кепілдендірілген сапада және қажетті мөлшерде сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету (қолайлы бағалар бойынша)




-

2

_______ адамды қамти отырып, ______ облысының тұрғындары үшін ауыз суды беру бойынша қызмет құнын төмендету




-

 

М.О.

___ облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімі _________

Бірінші басшы - төмен тұрған

бюджеттің бюджеттік

бағдарламалар әкімшісі ____________

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


Каталог: fileadmin -> user upload -> npa
npa -> «Ќазаќстан Республикасыныѕ Азаматтыќ процестік Кодексі» Ќазаќстан Республикасыныѕ 2015 жылєы 31 ќазандаєы №377-v кодексі
npa -> «Азаматтыќ ќорѓау туралы» Ќазаќстан Республикасыныњ 2014 жылѓы 11 сєуірдегі №188-v зањы
npa -> Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архив құжаттарын ведомстволық және жеке меншік архивтердің қабылдауы, сақтауы, есепке алуы және пайдалануы қағидаларын бекіту туралы
npa -> Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы №144 бұйрығы
npa -> Ќазаќстан Республикасыныѕ Су Кодексі (2003 ж. 9 шілде №481-іі)
npa -> «Елді мекендердіњ сумен жабдыќтау жєне су б±ру ж‰йелерін пайдалану ќаѓидаларын бекiту туралы» Ќазаќстан Республикасы ¦лттыќ экономика министрініњ 2015 жылѓы 28 аќпандаѓы №163 б±йрыѓы (Paragraph)
npa -> «Ќазаќстан Республикасыныњ Экологиялыќ кодексі» Ќазаќстан Республикасыныњ 007 жылѓы ќањтардаѓы №212-iii кодексі
npa -> «Сумен жабдыќтау жєне су б±ру жµнінде кµрсетілген ќызметтіњ кµлемін есептеу єдістемесін бекіту туралы» Ќазаќстан Республикасы Ќ±рылыс жєне т±рѓын ‰й-коммуналдыќ шаруашылыќ істері агенттігініњ 2011 жылѓы 26 ќырк‰йектегі №354 б±йрыѓы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет