Қаулы жобасы Тарбағатай ауданының Көкжыра ауылдық округiнiң



жүктеу 16.56 Kb.
Дата06.05.2019
өлшемі16.56 Kb.

Қаулы жобасы
Тарбағатай ауданының

Көкжыра ауылдық округiнiң

«Жаңаауыл», «Көкжыра»

учаскелеріне, Құмкөл ауылдық

округiнiң «Қызылқора» учаскесіне,

Ойшілік ауылдық округiнiң

«Жүніс» учаскесіне, Кіндікті

ауылдық округінің «Үмбет»

учаскесіне және Ақсуат ауылдық

округінің «Көкжайдақ» бөлігіне шектеу

iс-шараларын белгiлеу туралы
Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 30.12.2015 № 721 қаулысымен (қол қойылған күннен бастап күшіне енедә және қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес және Тарбағатай ауданының бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 04 шілдедегі № 276, № 279, № 280, 05 шілдедегі № 282, № 283 ұсыныстары негiзiнде Тарбағатай ауданының әкiмдiгі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Тарбағатай ауданының Көкжыра ауылдық округiнiң «Жаңаауыл», «Көкжыра» учаскелеріне, Құмкөл ауылдық округiнiң «Қызылқора» учаскесіне, Ойшілік ауылдық округiнiң «Жүніс» учаскесіне, Кіндікті ауылдық округінің «Үмбет» учаскесіне, және Ақсуат ауылдық округіне қарасты Ақсуат ауылының «Көкжайдақ» бөлігінде мүйізді ірі қара және мүйізді ұсақ малдары арасынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.Мауадиновқа жүктелсін.



3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік онкүн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкiмi Д. Оразбаев


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет