Аурулардан сақтандыру бойынша қызметтерді сатып алу шарты



жүктеу 460.88 Kb.
бет1/4
Дата04.03.2018
өлшемі460.88 Kb.
  1   2   3   4



Аурулардан сақтандыру бойынша қызметтерді сатып алу

ШАРТЫ
_____________________
2016 ж. «_____» _______ Атырау қ.

Бұдан әрі бірге «Тараптар» деп аталып, бірінші тараптан бұдан әрі «Сақтандырушы» деп аталатын (____________________ № «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығы лицензиясы ____________ атынан _______________ негізінде әрекет ететін _______________ , және екінші тараптан бұдан әрі «Сақтанушы» деп аталатын «Karabatan Utility Solutions» ЖШС атынан _______________,

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамымен және дауыс беруші акцияларының (қатысу үлесі) елу немесе одан көп пайызы тікелей немесе жанама «Самұрық-Қазына» АҚ-на тиесілі меншік құқығындағы немесе сенімді басқару құқығындағы ұйымдармен «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы шешімімен бекітілген (№ 126 хаттама) Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу ережесіне (бұдан әрі – Ереже) сәйкес, Аурулардан сақтандыру бойынша қызметтерді сатып алу туралы осы Шартты (бұдан әрі – «Шарт») жасасты және төмендегілер туралы келісімге келді:


  1. ШАРТТЫҢ МӘНІ

1.1. Шарттың мәні болып Сақтанушының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін ауру жағдайларынан ерікті медициналық сақтандыру болып табылады, осыған байланысты Сақтанушы сақтандыру сыйақысын төлеуге міндеттеледі, ал Сақтандырушы (Сақтандырушының өкілі) сақтандыру жағдайы туындаған кезде Шартпен көзделген Сақтанушыға (Сақтандырылушыға) көрсетілген медициналық қызметтер бойынша медициналық ұйымдарға және /немесе дәрігерлерге шығындарды төлеу жолымен Сақтандырылушыларға медициналық ұйымдармен және Сақтандырушының тізіміндегі дәрігерлермен медициналық қызеттерді ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге (қаржыландыруға) міндеттеледі.

1.2. Шарт сақтандырылушыларды алдын ала медициналық тексеруден өткізусіз жасалады.

1.3. Сақтандырылушыларға көрсетілетін медициналық қызметтер көлемі Шартта белгіленген.




  1. ШАРТТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР

2.1. Дәрігер – жоғары медициналық білімі және сәйкесті медициналық қызметті жүзеге асыруға құқық беретін лицензиясы бар, Сақтандырушы (Сақтандырушының өкілі) Сақтандырылушыға медициналық қызметер көрсетуге Шарт жасасқан тұлға.

2.2. Отбасылық дәрігер немесе Дәрігер-үйлестіруші – Сақтандырылушыларға Шартпен белгіленген медициналық қызметерді беруді және алуын ұйымдастыруды жүзеге асырушы тұлға.

2.3. Дәрігерлік құпия – медициналық ұйымдар мен медициналық қызметкерлердің Сақтандырылушының денсаулық жағдайы және аурулары туралы ақпаратты жария етпеу жөніндегі тәртіп ережесі.

2.4. Пайда алушы – Осы Шартқа сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын Сақтандырылушы.

2.5. Жедел көрсеткіштер бойынша госпитализация – Сақтандырылушының денсаулық жағдайы кенеттен нашарлаған жағдайда медициналық ұйымға жатқызу.

2.6. Сақтандырылушы – оған қатысты Шартпен белгіленген талаптарға сәйкес сақтандыру жүзеге асырылатын жеке тұлға.

2.7. Медициналық ұйым – Сақтандырушы (Сақтандырушының өкілі) Сақтандырылушыға медициналық қызметтерді көрсетуге Шарт жасасқан, сәйкесті медициналық қызметті жүзеге асыруға құқық беретін лицензиясы бар, Сақтандырылушыға медициналық қызмет көрсететін мамандандырылған медициналық ұйым.

2.8. Отбасылық дәрігердің немесе дәрігер-үйлестірушінің жолдамасы – отбасылық дәрігермен/дәрігер-үйлестірушімен берілетін, Сақтандырылушыға медициналық қызметтерді көрсету көлемі мен тәртібін белгілеуші белгіленген үлгідегі құжат.

2.9. Сақтандыру бағдарламасы (Шартқа 1 Қосымша) – Сақтандырылушыға медициналық ұйымдармен, дәрігерлермен, дәріханалармен Шартқа сәйкес белгіленген шектеулер аясында көрсетілетін медициналық қызметтер тізімі, дәрілік қамтамасыз ету.

2.10. Сақтандыру арқылы қорғаудың әрекет ету мерзімі – Сақтандырушы (Сақтандырушының өкілі) Шартқа сәйкес міндетті болатын мерзім.

2.11. Сақтандырушының өкілі (медициналық ассистанс) – Сақтандырылушыға Шартқа сәйкес медициналық қызметті ұйымдастыратын және көрсететін және сәйкесті қызметті жүзеге асыруға құқық беретін лицензиясы бар заңды тұлға.



1-Сақтандырушының өкілі – Қазақстан Республикасының аумағында Сақтандырылушыға Шартқа сәйкес медициналық қызметті ұйымдастыратын және көрсететін заңды тұлға.

2 - Сақтандырушының өкілі – жақын және алыс шет ел аумағында Сақтандырылушыға Шартқа сәйкес медициналық қызметті ұйымдастыратын және көрсететін заңды тұлға.

2.12. Сақтандырушы – Сақтанушымен Шарт жасасатын және Қазақстан Республкасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы аумағында сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқық беретін лицензиясы бар, сақтандыру жағдайы туындаған жағдайда Шартпен белгіленген сома аясында (сақтандыру сомасы) Сақтанушыға немесе пайдасына қарай Шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін төлеуге міндетті ______________(заңды тұлға).

2.13. Сақтандыру сомасы – Шарттың Сақтандыру бағдарламаларына сәйкес белгіленген сақтандыру жағдайы туындаған жағдайда Сақтандырушының (Сақтандырушы өкілінің) жауапкершілігінің шекті көлеі болып табылатын, сақтандыру объектісі сақтандырылған ақша сомасы.

2.14. Сақтандыру сыйақысы – Сақтанушының Сақтандырушыға соңғысының Шартпен көзделген міндеттемелерді алғаны үшін төлейтін ақша сомасы.

2.15. Сақтандыру жағдайы – туындаған жағдайда Шартпен сақтандыру төлемін жүзеге асыру қарастырылатын жағдай, яғни Сақтандырылушының сақтандырудың әрекет ету мерзімі ішінде Сақтандырушының (Сақтандырушы өкілінің) тізіміндегі дәрігерлерге немесе медициналық ұйымдарға Сақтандыру бағдарламасына, Шартқа сәйкес медициналық немесе басқа қызметтерді алуға жүгінуі және осыған байланысты Сақтандырылушыға көрсетілген қызметтер бойынша шығындардың пайда болуы.

2.16. Сақтандыру төлемі – Сақтандырушының (Сақтандырушы өкілінің) тізіміндегі дәрігерлер мен медициналық ұйымдардан медициналық қызметтерді алу мүмкін болмаған жағдайда сақтандыру жағдайы немесе бірнеше сақтандыру жағдайлары туындағандағы Сақтандырушының (Сақтандырушы өкілінің) Пайда алушыға сақтандыру арқылы қрғаудың барлық әрекет ету мерзіміне сақтандыру сомасы шегінде төлейтін ақша сомасы.

2.17. Сақтанушы – «Karabatan Utility Solutions» ЖШС.

2.18. Сақтандырылушылар тізімі– Сақтанушының Сақтандырушыға (Сақтандырушы өкіліне) беретін және қажет жағдайда Шартпен белгіленген тәртіп пен мерзімде жаңартылатын медициналық сақтандыруға жататын тұлғалар тізімі. Сақтандырылушылар тізімі Шартқа 2 Қосымшада берілген.

2.19. Жедел көрсеткіштер бойынша стационарлық емдеу – Сақтандырылушының кенеттен пайда болған ауруларына байланысты Сақтандырушы (Сақтандырушы өкілі) тізіміндегі медициналық ұйымдарда Сақтандырылушының стационарлық емделуі.

2.20. Медициналық көрсеткіштер бойынша стационарлық емдеу – қажеттілігі алдын ала айқын болған және өткізу күні Сақтандырушы (Сақтандырушы өкілі) тізіміндегі дәрігермен алдын ала белгіленген Сақтандырылушының Сақтандырушы (Сақтандырушы өкілі) тізіміндегі медициналық ұйымдарда стационарлық емделуі.

2.21. Сақтандыру құжаттамасы – Сақтандырушының Сақтандыру бағдарламаларымен көзделген медициналық қызмттерді алуы үшін Сақтандырылушыларға беретін құжаттама. Сақтандыру құжаттамасы құрамында: кәртішкенің жеке нөмірі, оның иесінің Тегі, Аты, Әкесінің аты, сақтандыру бағдарламасы атауы, сақтандыру мерзімі, Сақтандырушы атауы, Сақтандырушы өкілінің байланыс телефон нөмірлері көрсетілген Сақтандырылушының жеке сақтандыру картасы болады. Аталған сақтандыру құжаттамасы Сақтандырылушылардың медициналық мекемелерде медициналық көмек алуға құқығын растайды және жеке басын куәландыратын құжаты болған жағдайда әрекет етеді.

2.22. Сақтандыру аумағы – Қазақстан Республикасы.

2.23. Жедел көрсеткіштер бойынша хирургиялық ота жасау – Сақтандырылушы медициналық ұйымның қабылдау бөліміне келіп түскен соң шұғыл түрде жасалған оқыстан және алын ала болжанбаған хирургиялық ота.

2.24. Медициналық_көрсеткіштер_бойынша_хирургиялық_ота_жасау'>Медициналық көрсеткіштер бойынша хирургиялық ота жасау – қажеттілігі және өткізу күні Сақтандырушы (1-Сақтандырушы өкілі) тізіміндегі дәрігермен белгіленген және Сақтандырушы (1-Сақтандырушы өкілі) тізіміндегі медициналық ұйымда жасалған ота.

2.25. Отбасы мүшесі (Сақтандырылушар тізіміне енгізілген тұлға) – Сақтандырылушының жұбайы, Сақтандырылушының 66 жасқа толмаған ата-анасы және 1 жастан 18 жасқа дейінгі жастағы балалары.

2.26. Жедел көрсеткіштер – Сақтандырылушының алдын ала болжаусыз аурудан туындаған денсаулығының кенеттен нашарлауы.

2.27. Жедел медициналық көмек – Сақтандырылушының өміріне қауіп тудыруы мүмкін жағдайларды, сондай-ақ жедел медициналық араласуды талап ететін жағдайларды жоюға бағытталған медициналық шаралар кешені.

2.28. Диагностикалық көрсеткіштер – Отбасылық дәрігердің белгілеуі бойынша диагноз қоюға қажетті шаралар кешені (зертханалық және аспаптық зерттеулер, мамандар кеңестері, клникалық зерттеу). Диагностикалық шаралар қауіп тудырушы жағдайларда, ауру белгілері алғаш пайда болғанда, созылмалы аурулар асқынғанда жүргізіледі.

2.29. Емдік көрсеткіштер – аурудың асқынуы мерзімінде диагнозы белгіленген Сақтандырылушыны емдеуге қажетті шаралар кешені.

2.30. Профилактикалық көрсеткіштер мүмкін аурулардың алдын алуға қажетті шаралар кешені, соның ішінде вакцинация және пофилактикалық тексерулер.

2.31. Амбулаторлық-емханалық көмек ауруларды, мүгедектікті және өлімді азайтуға бағытталған профилактикалық, емдеу-диагоностикалық және реабилитациялық шаралар. Осымен қатар маңызды бөлігі болып профилактикалық тексерулер, медициналық тексерулер, диспансеризация табылады.

2.32. Медициналық көрсеткіштер – әртүрлі аурулардың, соның ішінде асқыну деңгейінен тыс аурулардың диагностикасы, емдеу және профилактикасын қажетті шаралар кешені

2.33. Сақтандыру картасы – Сақтандырылушының Ассистанс жүйесіне кіретін медициналық мекемелерде, дәріханаларда қызметтерді алуға құқығын растайтын әрбір Сақтандырылушыға жеке нөмірі, әрекет ету ерзімі, Сақтандыру бағдарламасы көрсетіліп берілетін куәлік.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет