Аурулардан сақтандыру бойынша қызметтерді сатып алу шарты



жүктеу 460.88 Kb.
бет2/4
Дата04.03.2018
өлшемі460.88 Kb.
1   2   3   4

3. САҚТАНДЫРУ ОБЪЕКТІСІ


3.1. Сақтандыру объектісі болып Шарттың 2 Қосымшасына сәйкес Сақтандырушының тізіміндегі дәрігерлерге және/немесе медициналық мекемелерге Сақтандыру бағдарламаларымен белгіленген көлем мен шарттарда, Сақтанушымен таңдалып, төленген және Шартта көзделген медициналық көмектерге жүгінуінен туындаған шығындарды төлеумен байланысты Сақтанушының (Сақтандырылушының) мүліктік мүдделері табылады.

3.2. Сақтанушының қызметкері болып табылмайтын, Сақтанушымен Сақтандырылушылардың тізіміне енгізілген тұлғалар шет елге шығу жағдайындағы сақтандыру жағдайларын қоспағанда, Шартпен көзделген Сақтандырылушының барлық құқықтарына ие болады.



4.САҚТАНДЫРУ СОМАСЫ

4.1. Бір Сақтандырылушыға сақтандыру сомасы таңдалған сақтандыру бағдарламасына сәйкес Шарттың 1 Қосымшасына сәйкес белгіленеді.

4.2.Шартты жасасу уақытына жалпы сақтандыру сомасы ______________ теңгені құрайды және оған Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен қарастырылған барлық салықтар мен өзге де төлемдер кіреді.

4.3. Сақтандыру төлемін жүзеге асырған соң сақтандыру сомасының мөлшері жүзеге асырылған сақтандыру төлемі көлеміне азайтылады.

4.4. Шет елге шығатын тұлғаларды сақтандыру бойынша бір Сақтандырылушыға сақтандыру сомасының мөлшері халықаралық сақтандыру полисінде көрсетіледі.


  1. САҚТАНДЫРУ СЫЙАҚЫСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ

5.1. Бір Сақтандырылушыға сақтандыру сыйақысы мөлшері Шарттың №1 Қосымшасына сәйес белгіленеді.

Шартты жасасу уақытына жалпы сақтандыру сыйақысы Шарттың №4 Қосымшасына сәйкес есептеледі және Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтыруларды есептегенде _________________ теңгені құрайды, сондай-ақ аталған сомаға Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен қарастырылған барлық салықтар мен өзге де төлемдер кіреді.

5.2. Жалпы сақтандыру сыйақысы Сақтанушымен Сақтандырушы берген төлем шот негізінде, шот берген күннен 5 (бес) банк күні ішінде бір мезгілде Сақтандырушының есеп шотына қолма қол ақшасыз төлеу арқылы төленеді.

5.3. Төлемге қажетті құжаттар болып мына құжаттар саналады:


  1. жасасқан Шарт (екі Тарап қолы қойылған);

  2. төлем шоты;

  3. жергілікті қамту туралы мәліметтер.

    1. Сақтанушы Шарттың 7 Қосымшасына сәйкес төлем шотын уақтылы бермеу және жергілікті қамту бойынша мәліметтерді уақтылы бермеумен байланысты төлем уақытын кешіктіргені үшін жауапкершілікте болмайды.

    2. Сақтандырушы осы шартқа екі Тарап қол қойған күннен 10 (он) жұмыс күні ішінде Сақтанушының банк шотына кепілдік қаражат салу арқылы осы жалпы сомасының Шарттың 3% (үш пайызын) құрайтын ________________ теңге көлемінде Сақтандырушының тарапынан осы Шарт бойынша міндеттеелерді толық орындағанға дейін Шарттың орындалуына кепілдік енгізуіге міндетті.

    3. Сақтандырылушылардың саны өзгерген жағдайда сақтандыру сыйақысын түзету Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша келісімге Тараптардың қол қоюы арқылы жүргізіледі.

Қосымша отбасы мүшелерін тіркегені үшін үстеме ақы (Сақтандыру бағдарламасына сәйкес Сақтандырылушылармен бірге тіркелгендерге қоса) Сақтандырылушының атына берілген төлем шоты негізінде сәйкесті келісімге қол қойған күннен бастап 5 банк күні ішінде Сақтандырылушылардың өзімен Сақтандырушының банк шотына төленеді.

5.7. Сақтандыру сыйақысының мөлшері, соның ішінде бір Сақтандырылушыға, Шарттың барлық әрекет ету мерзімінде өсу бағытына қарай өзгертуге жатпайды.

5.8 Сақтандыру сыйақысын төлеу Сақтандырылушылардың іс жүзіндегі саны есебінен жүзеге асырылады. Шартты жасасу күніндегі Сақтандырылушылардың іс жүзіндегі саны Шарттың №2 Қосымшасында қарастырылған. Сақандырылушылардың іс жүзіндегі саны өзгерген жағдайда Тараптар Шарттың 5.6.-тармағында қарастырылғандай, осы Шартқа қосымша келісімге қол қоюға міндеттелді.

6. САҚТАНДЫРУШЫНЫ (САҚТАНДЫРУШЫ ӨКІЛІН) САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ ТУЫНДАҒАН КЕЗДЕ САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАН БОСАТУ НЕГІЗДЕРІ. САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ ТУЫНДАҒАН КЕЗДЕГІ САҚТАНУШЫНЫҢ (САҚТАНДЫРЫЛУШЫНЫҢ) ӘРЕКЕТТЕРІ.
6.1. Сақтандырушыны (Сақтандырушы өкілін) сақтандыру жағдайы туындаған кезде сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босату негіздері Шарттың 5 Қосымшасында көрсетіледі.

6.2. Сақтандыру жағдайы туындаған кездегі Сақтанушының (Сақтандырылушының) әрекеттері Шарттың 6 Қосымшасында көрсетіледі.


7.САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМДЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ МЕН ШАРТТАРЫ.

7.1. Сақтандырушы Сақтандырылушыға Қазақстан Республикасының аумағында медициналық қызметтерді ұйымдастыруға және көрсету мәселелері бойынша өзінің өкілі етіп ___________________________тағайындайды (1-Сақтандырушы өкілі). Өз кезегінде өкіл Сақтандырылушыларға көрсетілетін медициналық қызметтерді ұйымдастыруға жауапты тұлғаларды (дәрігер немесе дәрігер-үйлестіруші) тағайындайды.

7.2. Сақтандыру жағдайы туындаған жағдайда Сақтандырушы өкілі өзі Шартпен қаралған сақтандыру сомасы шегінде Сақтандырылушыға көрсетілетін медициналық көмек (қызметтер) үшін дәрігерлер немесе медициналық ұйымдар шығындарын ұйымдастырады, бақылайды және төлейді.

7.3.Сақтандыру төлемінің мөлшері Сақтандырушының өкілі мен Сақтандырушы тізіміндегі дәрігермен және/немесе медициналық ұйыммен әрбір белгілі сақтандыру жағдайы бойынша келісілген бағалар бойынша, бірақ дәрігер және/немесе медициналық ұйыммен өзге тұлғаларға қатысты медициналық қызметтерді көрсету кезінде қолданылатын бағалардан аспайтындай, Сақтандырылушы Сақтандырушы тізіміндегі дәрігерден және медициналық ұйымнан алған медициналық қызметтер бағаларынан белгіленеді.

7.4. Сақтандыру төлемі Сақтандырушымен (Сақтандырушы өкілімен) қолма-қол ақшасыз, тиісті құжаттарды ресімдеп, дәрігерден немесе медициналық ұйымнан диагнозы, емдеу мерзімі, көрсетілген қызметтер тізімі, олардың құны мен медициналық сақтандыру бағдарламасы шегінде Сақтандырылушыға көрсетілген барлық қызметтер бойынша шығындардың жалпы сомасы көрсетілген шотты алған соң 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Шет елге шығушы Сақтандырылушыны сақтандыру кезіндегі сақтандыру төлемдері, шет елде көрсетілген медициналық қызметтердің шығынын өтемақылары __________________________________ Сақтандырушымен (2-Сақтандырушының өкілімен) жүзеге асырылады.

7.5. Сақтандырылушының стационарлық емдеуде болу ұзақтығы 1-Сақтандырушы өкілі тізіміндегі клиника дәргерімен белгіленеді, алайда оның құны сақтандыру бағдарламасымен белгіленген сақтандыру сомасынан артық бола алмайды.

7.6. Сақтандырылушы шығындарының көрсетілген медициналық қызметтер үшін сақтандыру сомасынан асқан жағдайда 1-Сақтандырушы өкілі бұл туралы Сақтандырылушыны (Сақтандырылушы тізіміне енген тұлғаны) медициналық ұйымнан немесе дәрігерден төлем шотын алған күннен 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.

7.7. Шығындардың асқандығы жөнінде хабардар етілген соң Сақтандырылушы артық шығын сомасын Сақтандырушы өкілінің банк шотына немесе қолма-қол ақша әдісімен Сақтандырушы өкілі кассасына 3 (үш) жұмыс күні ішінде енгізуге міндетті.

7.8. Сақтандырылушы артық шығынды төлемеген жағдайда осы Сақтандырылушы бойынша сақтандыру арқылы қорғауы төлем жүзеге асырылған уақытқа дейін тоқтатыла тұрады.

8. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ


8.1. Тараптардың құқықтық қатынастары мен міндеттері Тараптар Шартқа қол қойған сәттен бастап пайда болады.

8.2. Сақтандырушы (1,2 - Сақтандырушы өкілі) құқылы:

8.2.1. Сақтанушы (Сақтандырылушы) хабарлаған ақпаратты, сондай-ақ Сақтанушымен (Сақтандырылушымен) Шарт талаптары мен шарттарын орындауын тексеруге;

8.2.2. Сақтандырылушыға медициналық қызметтерді көрсететін медициналық ұйымнан Сақтандырылушының ауру тарихын және ол туралы басқа да медициналық мәліметтерді сұратуға;

8.2.3. Сақтандыру жағдайы фактісі бойынша сәйкесті медициналық және өзге де құзырлы ұйымдарға сұраныстар беруге;

8.2.4. сақтандыру жағдай белгілері бар оқиғалардың себептері мен жағдайларын өз бетімен анықтауға;

8.2.5. Сақтанушыдан (Сақтандырылушыдан) сақтандыру жағдайы фактісі, жағдайлары мен оның туындауын анықтауға қажетті ақпарат пен құжаттарды талап етуге;

8.2.6. Сақтандырушы (Сақтандырушы өкілі) тізіміндегі дәрігерлер мен медициналық ұйымдардан медициналық қызметтерді алу мүмкін болмаған жағдайда Сақтандырылушы Сақтандырушының (Сақтандырушы өкілінің) тізімінде көрсетілмеген дәрігерлерден және/немесе медициналық ұйымдардан медициналық қызметтерді немесе медициналық препараттарды алу қажеттілігін растайтын және негіздейтін құжаттарды тапсырмаса, сақтандыру төлемін төлеуден бас тартуға;

8.2.7. Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әрекеттерді жасауға;



8.3. Сақтандырушы міндетті:

8.3.1. Сақтандырылушыларға медициналық қызметтерді ұйымдастыру және көрсету мәселелері бойынша өз өкілін тағайындауға;

8.3.2. Сақтанушыны Шартпен көзделген талаптармен таныстыруға, оларға Шарттан пайда болатын құқықтар мен міндеттерді, сақтандыру бағдарламаларын, Шарт бойынша Сақтанушыға (Сақтандырылушыға) көрсетілетін медициналық қызметтер тізімін түсіндіруге,

8.3.3. Сақтандырылушы тұлғалардың жазбаша келісімі болған жағдайда Сақтанушының сұранысы бойынша Т.А.Ә., сомасы, мерзімі мен медициналық қызметтер түрі көрсетіліп, Сақтандырылушыларға көрсетілген медициналық қызметтер бойынша есепті беруге;

8.3.4. Сақтандырылушыға көрсетілетін медициналық қызметтерді ұйымдастыруға, төлеуге және сапасын бақылауға, сондай-ақ Шарт шегінде оның мүдделерін қорғауға;

8.3.5. Шарт талаптарына сәйкес Сақтандырылушыларға қызметтерді көрсетуге _____________________ -мен сәйкесті шарттардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;

8.3.6. сақтандыру құпиясын сақтауға, соның ішінде өз кәсіби қызметі нәтижесінде алған Сақтандырылушы, Сақтанушы туралы мәліметтерді жария етпеуге;

8.3.7. Сақтанушыға әрбір Сақтандырылушыға сақтандыру құжаттамасын/жеке кәртішкесін Шартқа қол қойған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде беруге;

8.3.8. Сақтандырылушының және/немесе Сақтандырылушы отбасы мүшесінің жеке кәртішкесін жоғалтуы туралы Сақтандырылушының хабарламасын алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жоғалған кәртішке орнына жаңа жеке кәртішкелер беруге. Бұл жағдайда Сақтандырылушыдан Сақтандырушы өкілінің банк шотына қолма-қол ақшасыз төлеу арқылы беру күніндегі 1 айлық есептік көрсеткіш (соның ішінде ҚҚС) мөлшерінде кәртішкені дайындау құны өтеледі. Жоғалтылған жеке кәртішкелер жарамсыз болып табылады және Шартқа сәйкес медициналық қызметтерді алуға негіз болып табыла алмайды;

8.3.9. осы Шартпен белгіленген тәртіп пен мерзімде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға;

8.3.10. Шартқа қол қойан күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде, сондай-ақ Шарттың әрекет ету мерзімі аяталған соң Сақтанушыға Шарттың 7 Қосымшасына сәйкес қағаз және электронды нұсқада жергілікті қамту бойынша мәліметтерді тапсыруға. Жергілікті қамту есебі Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №87 «Ұйымдармен тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеудің бірегей әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Шарт бойынша болжалды жергілікті қамту 100 % (жүз) пайызды құрайды;

8.3.11. Сақтандырылушыны сақтандыру жағдайы бойынша құжаттарды алған сәттен бастап 30 жұмыс күні ішінде жетіспейтін құжаттар туралы хабардар етуге;

8.3.12. Шартпен және Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттерді орындауға.

Сақтандырылушыға шет елге шығу кезінде берілетін сақтандыру бағдарламасына сәйкес 2-Сақтандырушы өкіл міндеттері халықаралық сақтандыру полисінде егжей-тегжейлі жазылған.



8.4. Сақтанушы құқылы:

8.4.1. Сақтандыру бағдарламалары бойынша, Шарт талаптары, медициналық қызметтерді көрсету тәртібі туралы түсініктер алуға;

8.4.2. Сақтандырушыға жазбаша хабарлама жолдау арқылы Сақтандырылушылар тізімі құрамын өзгертуге. Бұл жағдайда Шартқа қосымша келісім жасалады және сақтандыру сомасы мен қызметкерлер үшін сақтандыру сыйақысының сомасы қайта есептеледі;

8.4.3. осы Шартпен белгіленген жағдайларда Шартты мерзімінен бұрын бұзуға;

8.4.4. Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған өзге де әрекеттерді жасауға.

8.5. Сақтанушы міндетті:

8.5.1. Шарт талаптарымен қарастырылған мерзімдер мен мөлшерде сақтандыру сыйақысын төлеуді жүзеге асыруға.

8.5.2. Сақтандырылушыларды Шартпен қарастырылған шарттармен таныстыруға, оларға осы Шарттан туындайтын құқықтар мен міндеттерді түсіндіруге;

8.5.3. Сақтандырылушыларды Шарт бойынша сақтандыру бағдарламаларымен және Сақтанушыға (Сақтандырылушыға) көрсетілетін медициналық қызметтер тізімімен таныстыруға;

8.5.4. Сақтандырылушы қызметкер жұмыстан босатылған жағдайда 1 (бір) жұмыс күні ішінде Сақтандырушыны осындай қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері туралы деректерді беріп, жазбаша түрде хабардар етуге, сондай-ақ мұндай қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінен сақтандыру құжаттамасын алып, Сақтандырушыға жазбаша мәліметпен қоса беруге;

8.5.5. Шартпен және Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттерді орындауға.

8.5.6. Сақтандырылушылар тізімін бере отырып, Сақтандырулышылар үшін профилактикалық тексеруді жүргізу күні туралы Сақтандырушыны 14 жұмыс күн бұрын жазбаша хабардар етуге

8.6. Сақтандырылушы құқылы

8.6.1. Сақтандырушы өкілінің базадық медициналық ұйымдарымен көрсетілетін медициналық қызметтер көлемін Сақтандырушының бақылауын Сақтанушыны медициналық ұйымдармен көрсетілетін медициналық қызметтер сапасы туралы хабардар етуін талап етуге;

8.6.2. Сақтандырушы өкілінің тізіміндегі медициналық ұйымдарға қажетті медициналық көмек алуға жүгінуге (шартқа 3 Қосымша);

8.6.3. Шартпен және оның 1 Қосымшасымен қарастырылған құрамда және көлемде медициналық қызметтерді алуға;

8.6.4. Шартпен және Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған басқа да құқықтар.

8.7. Сақтандырылушы міндетті:

8.7.1. Шартпен белгіленген Сақтандырушы өкілі тізіміндегі медициналық ұйымға медициналық көмек (қызмет) алуға жүгінгенге дейін 1-Сақтандырушы өкілімен хабарласып, одан арғы әрекеттері туралы ақпараттарды алуға;

8.7.2. сақтандыру құжаттамасының сақталуын қадағалауға және оны басқа тұлғалардың медициналық қызметтерді алуы мақсатында оларға бермеуге;

8.7.3. Сақтандырылушыға қатысты медициналық қорғау әрекеті тоқтатылған соң немесе сақтандыру бағдарламасымен қарстырылмаған медициналық қызметтерді және/немесе медициналық препараттарды алған жағдайда Сақтандырылушы немесе оның отбасы мүшелері аталған шығындарды 1-Сақтандырушы өкіліне төлеу туралы талапты алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтеуге міндетті;

8.7.4. Шарт талаптарын сақтауға, емдеуші дәрігер жазбалары мен медициналық ұйымда белгіленген тәртіпті сақтауға;

8.7.5. 1-Сақтандырушы өкіліне сақтандыру жағдайы себептері, барысы мен салдары, келтірілген залалдың сипаты мен мөлшері туралы байлам жасауға мүмкіндік беретін өзінде бар барлық ақпаратты беруге;

8.7.6. өз денсаулығын сақтауға;

8.7.7.сақтандыру бағдарламасында қарастырылған медициналық қызметтерді алған жағдайда Сақтандырушы/1-Сақтандырушы өкілі тізіміндегі дәрігерге және/немесе медициналық ұйымға Сақтандырылушының жеке кәртішкесі мен жеке бас куәлігін көрсетуге;

8.7.8. Сақтандыру бағдарламалары және Шарттың №6 Қосымшасында белгіленген жағдайларда 1-Сақтандырушы өкілінің жазбаша рұқсатын немесе 1-Сақтандырушы өкілі тізіміндегі дәрігердің жолдамасын алуға;

8.7.9. 1-Сақтандырушы өкілі тізімінде жоқ медициналық ұйымға жедел жатқызылған жағдайда 3 (үш) жұмыс күніне аспайтын мерзімде Сақтандырушыға/1-Сақтандырушы өкіліне жеке немесе өз өкілі арқылы сақтандыру жағдайы туындауы туралы хабарлауға;

8.7.10. Сақтандырушыға/1-Сақтандырушы өкіліне сақтандыру жағдайының туындауымен байланысты барлық жағдайларды анықтауға қажетті медициналық және басқа да құжаттарды қоса сақтандыру жағдайына қатысы бар барлық ақпаратты беруге;

8.7.11. жұмыстан босатылғанда Сақтанушыға барлық сақтандыру құжаттамасын қайтаруға;

8.7.12. Сақтандырылушының өзіне көрсетілген медициналық қызметтердің сақтандыру сомасынан асқандығы туралы хабарлағаны соң 3 (үш) жұмыс күні ішінде артық шығын сомасын Сақтандырушы өкілінің банк шотына немесе Сақтандырушы өкілі кассасына қолма қол ақшалай әдіспен төлеуге міндетті;

8.7.13. Сақтандырылушының және отбасы мүшесінің жеке кәртішкесін жоғалтқан жағдайда 1 (бір) жұмыс күні ішінде Сақтанушыны және Сақтандырушыны хабардар етуге;

8.7.14. Шартпен және Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттерді орындауға.
9. ШАРТТЫ ЖАСАСУ ТӘРТІБІ. ШАРТ ТАЛАПТАРЫНА ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ЖӘНЕ ШАРТТЫ ТОҚТАТУ ЖАҒДАЙЛАРЫ МЕН ТӘРТІБІ

9.1. Шарт жасасу үшін Сақтанушы Сақтандырушыға Сақтандырылушылар тізімін беруі тиіс (Шартқа 2 Қосымша).

9.2. Сақтандырушы сақтауға келесі талаптарға сәйкес тұлғаларды қабылдайды:

- бір жасқа дейінгі;

- Шартты жасасу сәтіне 66 жасқа толмаған;

- І,ІІ топ мүгедектері болып табылмайтын (ІІІ топ мүгедектігі бар тұлғаларға осы мүгедектікке әкеп соққан ауруды, оның асқынуы мен салдарын, сондай-ақ аталған аурумен тікелей себеп-салдарлық қатынастағы кез келген жағдайды емдеу шығындары қамтылмайды);



  • Шарт жасасу уақытына ауруханаға жатқызылмағандар;

  • Сақтандыру шартымен тікелей қарастырылған жағдайларды қоспағанда наркологиялық, психоневрологиялық, онкологиялық, тері-венерологиялық диспансерлдер есебінде тұрмағандар, ЖҚТБ ауруымен неме туберкулезбен ауырмайтындар;

9.3. Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар қосымша келісімдермен ресімделеді және Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қояды.

9.4. Шарт талаптарын өзгерту туралы ниетін бастамашыл Тарап екінші Тарапты өзгеріс енгізу ықтимал күніне 15 (он бес) күнтізбелік күн бұрын жазбаша хабардар етуі тиіс.

9.5. Шарт талаптарын өзгерту Сақтанушы бастамасымен де, Сақтандырушы бастамасымен де жүзеге асырылуы мүмкін.

9.6. Ереженің 131 және 133-тьармақтарымен және Шарттың 11-бөлігімен қарастырылмаған басқа да негіздермен Шартқа өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

9.6. Шарттың әрекет ету мерзімі өткен жағдайда (егер Тараптардың келісімі бойынша Шарттың әрекет ету мерзімі өзара айтылған мерзімге ұзартылмаған болса) немесе Сақтандырушы Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық көлемде орындаған жағдайда Шарт тоқтатылады.

9.7. Сақтанушы және/немесе Сақтандырылушы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті орындамаған жағдайда Сақтандырушының бастамасымен Шарттың 9.10-т. талаптарын сақтай отырып, Шарт мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін. Бұл жағдайда сақтандыру сыйақысы немесе оның бөлігі қайтаруға жатпайды.

9.8. Сақтанушы Шарттың 9.10.-тармағы талаптарын сақтап, Шарттан кез келген уақытта бас тартуға құқылы.

Сақтанушы Шарттан бас тартқан жағдайда (толық Шартқа қатысты да немесе белгілі бір Сақтандырылушыға қатысты да), егер Сақтандырылушы (қызметкер) сақтандыру қызметтерін пайдаланбаса және егер бұл бас тарту Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 841-бабы 1-тармағында көрсетілген жағдайлармен байланысты болмаса, Сақтанушымен Сақтандырушыға төленген сақтандыру сыйақысы Сақтандырушының істі жүргізгені үшін 25% мөлшерінде шығындарын есептемегенде сақтандыру арқылы қорғаудың өтпеген кезеңі үшін қайтаруға жатады. Сақтандырылушы медициналық қызметтерге жүгінген болса, сақтандыру сыйақысы Сақтандырушыда толық көлемде қалады.

9.9. Сақтандырушының (Сақтандырушы өкілінің) Шарт талаптарын орындамауы себепті Сақтанушы Шарттан бас тартқан жағдайда Сақтандырушы (Сақтандырушы өкілі) Сақтанушыға сақтандыру сыйақысын Сақтанушыдан сәйкесті талаптарды алған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде толық көлемде қайтарады.

9.10. Шартты мерзімінен бұрын бұзу туралы ниеті жөнінде Тарап екінші Тарапты Шартты бұзудың ықтимал күнінен 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын жазбаша хабардар етуі тиіс.


10. САҚТАНДЫРУ ШАРТЫНЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУ МЕРЗІМІ ЖӘНЕ САҚТАНДЫРУ АРҚЫЛЫ ҚОРҒАУДЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУ КЕЗЕҢІ
10.1. Сақтандыру шарты оған Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған күннен бастап күшіне енеді және сақтандыру арқылы қорғаудың әрекет ету кезеңі аяқталғанға дейін әрекет етеді.

10.2. Сақтандыру арқылы қорғаудың әрекет ету кезеңі Сақтандырушының есеп шотына сатандыу сыйақысының іс жүзінде түскен күннен кейінгі 00 сағат 00 минуттан бастап басталады және 365 күнтізбелік күн өткен соң аяқталады.

10.3. Шет елге шығушы сақтандырылушыны сақтандыру бойынша сақтандыру арылы қорғаудың әрекет ету кезеңі халықаралық сақтандыру полисінде «әрекет ету кезеңі» графасында көрсетіледі (күн саны көрсетіледі).

10.3. Бірінші және келесі сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемі жүзеге асырылған соң Шарт сақтандыру сомасы қалдығы шегінде әрекет етуді жалғастырады.


11. САҚТАНДЫРЫЛУШЫНЫ АУЫСТЫРУ ЖӘНЕ САҚТАНДЫРУҒА ЖАҢА САҚТАНДЫРЫЛУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ

11.1. Сақтанушы Сақтандырылушыны ауыстыруды Сақтандырушыны жазбаша хабардар етіп жүзеге асырады.

Бұл жағдайда Сақтанушы сақтандырушыға жаңа тұлғаға сәйкесті құжаттар беру туралы жазбаша хабарлама жібереді және Сақтандырылушылар тізімінен алынатын Сақтандырылушы құжаттарын қайтарады.

11.2. Сақтанушының қайтадан қабылдаған қызметкерлеріне қатысты сақтандыру арқылы қорғау әрекеті екі Тарап қол қойған қосымша келісімде көрсетілген күннен басталады.

11.3 Сақтандырылушылар тізімінен алынатын Сақтандырылушы (оның жұмыстан босатылуы негізінде) егер 1-Сақтандырушы өкілі тізіміндегі дәрігерлермен және/немесе медициалық ұйымдармен көрсетілетін медициналық қызметтерді пайдаланбаған жағдайда Тараптардың келісімі бойынша, осыған ұқсас сақтандыру бағдарламасы бойынша жаңа Сақтандырылушы сақтандырылатын болса, Сақтандырушы жаңа Сақтандырылушы үшін сақтандыру сыйақысын қосымша төлемсіз Сақтандырылушыны ауыстырады.

11.4. Сақтандырылушылар тізімінен алынатын Сақтандырылушы 1-Сақтандырушы өкілі тізіміндегі дәрігерлермен және/немесе медициалық ұйымдармен көрсетілетін медициналық қызметтерді пайдаланған жағдайда Сақтандырушы 25 күнтізбелік күн өткен соң (алдыңғысының сақтандыру төлемдері бойынша, мұндай жағдай орын алған болса Ассистанстан дәлелді ақпарат алуға қажетті уақыт кезеңі), алынып тасталған Сақтандырылушы пайдаланбаған жекелеген опциялар бойынша қалдық сақтандыру сомасы мен лимиттерін жаңа сақтандырылушыға қалдыра отырып, алынып тасталған сақтандырылушыны жаңа сақтандырылушымен алмастыруы тиіс.

11.5. Сақтандырылушылар тізіміне Сақтанушыны жаңа қызметкерлерін енгізген жағдайда, жаңа қабылданған Сақтандырылушыларға сақтандыру сыйақысы, сақтандыру сомасы, сондай-ақ жекелеген опциялар бойынша лимиттер сақтандыру арқылы қорғаудың қалған кезеңіне пропорционалды есептеледі.

11.6. Сақтандырушы Сақтанушыға жаңа қабылданған Сақтандырылушыға ресімделген жеке медициналық қызмет көрсету кәртішкесін Сақтанушы Тараптар қол қойған қосымша келісімді және оның қосымшаларын Сақтандырушыға берген сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде береді, бұл жағдайда Сақтандырылушының сақтандыру құжаттамасында сақтандыру арқылы қорғау кезеңі көрсетіледі.

11.7. Сақтандырылушыны ауыстыру Шартқа қосымша келісімдерге қол қою арқылы Шартқа сәйкесті өзгерістер енгізуге әкеледі. Бұл жағдай Шарт талаптарына өзгерістер енгізуге негіз болмайды.
12. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ

12.1. Шарттың осы бөлігінің 12.3.-тармағында көрсетілген сақтандыру аумағын қоспағанда, осы Шарттың әрекет ету кезеңінде Сақтандырылушы тұлға шет елге шыққан жағдайда, Сақтандырылушы тұлға 3 (үш) жұмыс күні бұрын Сақтандырушыны болатын елін, күн санын көрсетіп, хабардар еткен жағдайда, сондай-ақ төлқұжат көшірмесі мен іссапар және/немесе оқу туралы бұйрық көшірмесін берген жағдайда (факспен, қолма-қол немесе жіберушіні нақты анықтауға мүмкіндік беретін басқа да байланыс құралдары арқылы) осы Шартпен қарастырылған медициналық қызметтерді алуға құқылы.

12.2. Сақтандырушы Сақтандырылушыға сақтандыру жағдайы туындаған жағдайда жүгінуге болатын Сақтандырушының (2-Сақтандырушы өкілінің) медициналық мекемелерінің тәулік бойы телефондары көрсетілген халдықаралық сақтандыру полисін беруге және Сақтандырылушыны оның талаптарымен таныстыруға міндетті.

12.3. Осы Шарт бойынша халықаралық сақтандыру келесідей сақтандыру аумақтарына таратылмайды:

1) әскери әрекеттер және антитеррористік операциялар жүргізіліп жатқан мемлекеттер аумағы шегінде;

2) оларға қатысты әскери санкциялар қолданылған мемлекеттер;

3) эпидемиялар ошағы табылған және танылған аумақтар шегінде;

4) шығуға ресми түрде кеңес берілмеген мемлекеттер аумағы.

12.4. Осы Шарт бойынша халықаралық сақтандыру Сақтандырылушының отбасы мүшелеріне қолданылмайды.
13. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

13.1. Шартпен реттелмеген залал үшін Тараптардың жауапкершілігі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленеді.

13.2. Сақтандырылушыға медициналық ұйымдармен және/немесе дәрігерлермен медициналық қызметтерді көрсетуден бас тарту немесе тиісті медициналық қызметті көрсетуден бас тарту жағдайларында аталған медициналық ұйым және/немесе дәрігер Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.

13.3. Медициналық ұйым және/немесе дәрігердің әрекеті немесе әрекет етпеуі нәтижесінде Сақтандырылушының денсаулығы мен өміріне келтірілген зиян үшін барлық талаптар Сақтандырылушы және/немесе Сақтанушы Сақтандырылушы тексеруден өткен және емделген медициналық ұйымға және/немесе дәрігерлерге тікелей жатқызылады.

13.4. Сақтандырушы (Сақтандырушы өкілі) медициналық ұйымдармен Сақтандырылушыларға көрсетілетін емдеудің сапасы, уақтылылығы мен негізділігіне тікелей жауапкершілікте болмайды, алайда, Сақтандырылушылардың талаптары одан әрі аталған бұзушылықтардың негізділігін тексеру үшін және олар бойынша шешімдер қабылдау үшін Сақтандырушыға жіберіледі.

13.5. Жергілікті қамту бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін, жергілікті үлес бойынша есептілікті уақтылы тапсырмағаны үшін және қате есептілікті тапсырғаны үшін Сақтанушы Сақтандырушыдан Шарттың жалпы сақтандыру сыйақысының 5% мөлшерінде айыппұл, сондай-ақ әрбір орындалмаған жергілікті қамтудың 1% үшін 0,15%, алайда Шарттың жалпы сақтандыру сыйақысының 15% аспайтын айыппұл өндіруге құқылы, сондай-ақ Сақтанушы бір жақты тәртіппен Шартты орындаудан бас тартуға және Өнім беруші қызметтердегі жергілікті қамту үлесі бойынша қате ақпаратты тапсырған жағдайда шығындарды өтеуді талап етуге құқылы.


14. ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ

14.1. Шартты орындау барысында Тараптар құпия ақпаратты жария еткені үшін не өз қызметкерлерімен құпия ақпаратты келісімсіз/рұқсатсыз пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.


14.2. Осы Шарттың мақсаттары үшін құпия ақпарат деп төмендегілерді қоспағанда, кез келген тараптың келесі Тарапқа осы Шартты орындау барысында берілетін ақпарат түсініледі:

  1. Сақтанушы және оның аффилиирленген тұлғаларының ресми есептерінде, хабарламаларында, пресс-релиздерінде, сондай-ақ жарнамалық хабарламаларындағы мәліметтер;

  2. Сақтанушы және оның аффилиирленген тұлғаларымен Қазақстан республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ресми жарияланған хабарламалары мен есептеріндегі мәліметтер;

  3. Үшінші тұлғалардың бастамасымен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мәліметтер.

Құпия ақпарат хаттарда, есептерде, талдау материалдарында, зерттеу нәтижелерінде, сұлбаларда, кестелерде, ерекшеліктерде және қағаз түрінде және электронды тасығыштарда рәсімделген басқа құжаттарда болуы мүмкін.




    1. Тараптар міндетті:

  1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен ұсынылатын немесе Шартты орындау үшін үшін жүзеге асырылса, не Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың сұраныстары негізінде, сондай-ақ осындай ақпарат банктермен, қатысушылармен (құрылтайшылармен), Тараптардың және Жалға алушының құрылтайшы аффилиирленген компаниясы («Самұрық-Қазына»АҚ) аудиторларымен талап етілген Құпия ақпаратты жария ету жағдайларын қоспағанда келесі Тараптың алдын-ала жазбаша келісімінсіз Құпия құжаттың мазмұнын жария етуге, талқылауға, көшірмелерін беруге, басылымдарға жариялауға және үшінші тұлғаларға қандай да бір түрде ашуға;

  2. Құпия ақпаратты қорғау және оның рұқсатсыз жария етілуіне жол бермеу үшін барлық шараларды алуға және барлық заңды құралдарды пайдалануға;

  3. Құпия ақпаратты тек осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында пайдалануға;

  4. Құпия ақпаратты тапсыру немесе қабылдап алу фактісі туралы үшінші тұлғаларға жария етпеуге.

    1. Тараптар осы Шарттың әрекет ету мерзімінде және оның әрекет ету мерзімі өткен соң 5 (бес) жыл ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Шартпен қаралған жағдайларды қоспағанда, осы Шарттың мәні бойынша ақпараттың құпиялылығын қатаң сақтауға міндеттеледі.

    2. Құпия ақпаратты ашу осы Шарттың талаптарын бұзу болып табылады және Шарттың бұзылуына және екінші Тарапқа осығған байланысты іс жүзіндегі келтірілген залалды толық мөлшерде қайтаруына әкеп соғуы мүмкін.


15. ФОРС-МАЖОР


15.1. Шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті орындамаған Тарап тойтарыс беру мүмкін емес күштердің салдарынан, яғни, төтенше және берілген жағдайларда тойтарыс беру мүмкін емес күштердің салдарынан тиісті орындау мүмкін болмағандығын дәлелдей алса, мүліктік жауапкершілікте болмайды.

15.2. Форс-мажорлық жағдайларға: су басу, өрт, жер сілкініс және өзге де дүлей апаттар, соғыс немесе кез келген сипаттағы әскери әрекеттер, блокадалар, мемлекеттік органдардың тыйым салулары кіреді, алайда, осылармен шектелмейді.

15.3. Форс-мажор жағдайларын басынан өткеріп жатқан Тарап мұндай жағдайлардың басталғаны туалы екінші Тарапты 3 (үш) жұмыс күні ішінде жазбаша хабардар етуге міндетті.

15.4. Форс-мажор жағдайларының әрекеті құзырлы органдардың сәйкесті құжаттарымен расталуы тиіс.



16. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ

16.1. Шартқа қатысы бар барлық даулар Тараптардың келіссөзі арқылы шешіледі.

16.2. Мәмілеге келмеген жағдайда дау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған тәртіппен сот қарауына беріледі.

17. ӨЗГЕ ДЕ ТАЛАПТАР


17.1. Шарттың барлық қосымшалары және оған қоса берілген құжаттар жазбаша түрде жасалып, Тараптардың қолдарымен және мөрлерімен бекітілген болса, оның ажырамас бөлігі болып табылады.

17.2. Медициналық қызметтерді алуға қажетті құжаттаманы ресімдеу әрбір Сақтандырылушының сақтандыру сыйақысының сомасына кіреді.

17.3. Тараптар құпиялылық режимін сақтау бойынша, мұндай ақпаратты жария ету Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес талап етілетін жағдайларды қоспағанда, өзара міндеттемелерді алады.

17.4. Шартпен реттелмеген барлық қалған талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.

17.5. Шарт бойынша құқықтар мен міндеттердің Сақтандырушы өкілінен қоспағанда, басқа тұлғаларға берілуіне жол берілмейді.

17.6. Шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде, бірдей заңды күші бар, Тараптардың әрқайсысына екі данадан төрт түпнұсқа данада жасалған. Шарт мәтінін әртүрлі талқылаған жағдайда орыс тіліндегі мәтіні басым күшке ие.

17.7. Тараптардың біреуі қайта құрылған жағдайда Шарт бойынша құқықтар мен міндеттер тоқтамайды және олардың құқық иесіне беріледі.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет