Аурулардан сақтандыру бойынша қызметтерді сатып алу шарты


ТАРАПТАРДЫҢ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ, ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ МЕН ҚОЛЫ



жүктеу 460.88 Kb.
бет3/4
Дата04.03.2018
өлшемі460.88 Kb.
1   2   3   4

ТАРАПТАРДЫҢ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ, ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ МЕН ҚОЛЫ:


Сақтандырушы:

_____________________мо



Сақтанушы:
_____________________мо


Аурулардан сақтандыру бойынша

қызметтерді сатып алу шартына

1 Қосымша

«Karabatan Utility Solutions» ЖШС қызметкерлері үшін

ауру жағдайларының сақтандыру бағдарламасы




Медициналық қызметтер тізімі

Сипаттама

Бағдарлама

108 қызметкерлерге дейін




Тәуліктік кеңесшілік-диспетчерлік қызмет

Отбасылық дәрігердің кеңесі мен қызметтері;

Жедел медициналық жәрдемді шақыруды ұйымдастыру; Дәрігер-мамандар қабылдауына жазылу;




Жүгіну саны шектеусіз

Отбасылық дәрігер қызметі

(терапевт немесе педиатр)



Тексеру: диагностика, медициналық тағайындау

Уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарын ресімдеу

Амбулаторлық карталарды жүргізу

Телефон арқылы медициналық кеңестер беру

Тар көлемді мамандарға тексерілуге және зертханалық-құралдық зерттеулерге жолдамалар ресімдеу және беру, рецепт жазып беру

Кеңестер мен емдеу

Емдеуді үйлестіру

Стационарда емдеу барысын бақылау

Сақтандырылушы өз бетімен медициналық мекемеге жүгінуге мүмкіндігі болмаған жағдайда үйіне немесе кеңсеге бару


Жүгіну саны шектеусіз

Медициналық қолдау

- Жедел медициналық көмек

- Медициналық мекемеге жатқызуды ұйымдастыру



Жүгіну саны шектеусіз

Отбасылық дәрігердің жолдамасы бойынша кез келген бағыттағы дәрігер-мамандардың кеңестері


- Кеңестер

- Емдеу шараларын белгілеу




Жүгіну саны шектеусіз

Отбасылық дәрігердің жолдамасы бойынша зертханалық талдаулар мен құралдық зерттеу әдістері


- Төмендегі көрстекіштер бойынша диагностикалық зертханалық зерттеулер:

Жағындыны (бакпосев) клиникалық, биохимиялық, цитологиялық зерттеулер, иммундық статусты зерттеулер, аллерготесттер,


- ЭхоКГ, ЭхоЭГ, РЭГ, УДДГ, ЭКГ, ЭЭГ, УДЗ, рентгенография, флюорография, магниттік-резонанстық томография, компьютерлік томография, қан биохимиясы, аллерготесттер , ИФТ, гормоналдық зерттеулер, несеп пен қанның жалпы талдауы, Нечипоренко бойынша несеп талдауы, толық қан талдауы, қандағы қант, және басқа да аурудың диагнозын белгілеу үшін қажетті талдаулар мен зерттеулер, биопсиямен эндоскопия, сәулелік диагностика

Жүгіну саны шектеусіз

Физиотерапевтік процедуралар

- емдік мақсатта отбасылық дәрігер жазған аппараттық физиотерапия

Толық қамту

СДШ

СДШ сабақтары

Отбасына 1 курс

(10 сеанс)



Массаж

Емдік көрсеткіштер бойынша, отбасылық дәрігердің белгілеуі бойынша

Отбасына 2 курс

(20 сеанс)



Дәрілік препараттар

- отбасылық дәрігер рецептісі бойынша дәрілік препараттар

Отбасына жылына 50000 теңгеден кем емес

Отбасылық дәрігер жолдамасымен стационарлық емдеу

Стационарға жатқызу

  • - Емдеу-диагностикалық мақсатта клиника дәрігерімен белгіленген диагностикалық, кеңесшілік және емдеу шаралары.

- ақылы палатада болу, тамақтану, дәрігер-мамандардың қызметтері, орта медициналық персоналдың күтімі

- стационарлық емдеу аясында қажетті медикаменттер, – 100% қамту

- Физиотерапевтік процедуралар


Жедел және емдеу көрсеткіштері бойынша

Отбасылық дәрігердің жолдамасы бойынша хирургиялық қызметтер


- Анестезия, медикаменттер, таңу материалы

- ақылы палатада болу, тамақтану

- хирург, анестезиолог, реаниматолог, дәрігер-мамандар қызметі, орта медициналық персоналдың күтімі - Физиотерапевтік процедуралар


Жедел және емдеу көрсеткіштері бойынша

Отбасылық дәрігердің жолдамасы бойынша күндізгі стационар

- Емдік манипуляциялар

- Тар көлемді мамандардың кеңестері



Жедел және емдеу көрсеткіштері бойынша

Стоматология (терапия және хирургия)

- Терапевтік қызметтер

- Хирургиялық қызметтер

- Протездеудің барлық түрлері


Жедел және емдеу көрсеткіштері бойынша, отбасына жылына 75 000 теңгеден кем емес

Тісті, тіс етін профилактикалық тексеру



-Тіс қабаттарын алу

-Тіс өңезін алу



Қызметкер мен оның отбасы мүшелеріне жылына 1 рет



Вакцинация

Қызметкер мен отбасы мүшелеріне ҚР эпидемиологиялық жағдайға сәйкес тұмаудан егу



Жылына 1 рет

Медициналық тексеру

Қызметкер үшін медициналық тексеру (терапевт, отоларинголог, хирург, офтальмолог, невропатолог, ҚЖТ, НЖТ, ЭКГ, флюорография).

Қызметкер үшін жылына 1 рет

Отбасы мүшелерін ақысыз тіркеу қарастырылған (65 жаса дейінгі жұбайы, 1 жастан 18 жасқа дейінгі балалары, 65 жасқа дейінгі ата-анасы), саны



3 о/м және 40 000 теңге мөлшерінде қосымша отбасы мүшесін қосуға мүмкіндік



Шет елге шығушы (қызметтік іссапар) тұлғаларды сақтандыру.

Іссапарға жіберу туралы бұйрық негізінде әрбір шығуға жеке полис жазылады.



50 000 USD жауапкершілік шегімен жылына 60 күнтізбелік күнге дейін



Жылына сақтандыру сыйақысы, теңге




Жылына отбасына сақтандыру сомасы, теңге

4 000 000,00


70 жасқа дейінгі қызметкерді қосу – Шартқа 1 жағдай

Сақтандырукомпаниясына жалпы талаптар.

Тендерге келесі сапалық сипаттамаларға сәйкес келетін, аталған қызметті көрсетумен айналысатын барлық ниет білдірушілер жіберіледі:

- медициналық мекемелердің кең ауқымы, Сақтандырылушылардың әртүрлі емдеу-профилактикалық мекемелеріне жүгінуге мүмкіндігі;

-Қазақстан Республикасының барлық облыс орталықтарында медициналық желісінің болуы;



- Астана, Алматы, Атырау қалаларында тікелей қолжетімді клиникаларының болуы.

Шартқа Атырау қаласында құрамында алғашқы шұғыл медициналық көмек көрсету үшін қажетті заттары бар бір кеңселік дәрі қорабын беру қарастырылуы тиіс, дәрі қорабын Сақтанушының сұранысы бойынша тоқсан сайын жаңарту ұдайы түрде жүзеге асырылуы тиіс.
САҚТАНДЫРУШЫ: САҚТАНУШЫ:
________________мо ________________мо

Аурулардан сақтандыру бойынша

қызметтерді сатып алу шартына

2 Қосымша


___________________
Қызметкерлер тізімі


САҚТАНДЫРУШЫ: САҚТАНУШЫ:
________________мо ________________мо

Аурулардан сақтандыру бойынша

қызметтерді сатып алу шартына

3 Қосымша


__________________
Медициналық мекемелер тізімі


САҚТАНДЫРУШЫ: САҚТАНУШЫ:
________________мо ________________мо

Аурулардан сақтандыру бойынша

қызметтерді сатып алу шартына

4 Қосымша


______________

Жалпы сақтандыру сыйақысын есептеу мөлшерлері

Шарттың №1 Қосымшасына сәйкес сақтандыру бағдарламасы бойынша бір қызметкер үшін ақтандыру __________________ теңгені құрайды.

Есеп: ____ (қызметкерлер саны) * ___________ (жылдық сыйақы) = _______________) теңге.

Сақтандырылған қызметкердің отбасы мүшелері Шарттың №1 Қосымшасына сәйкес сақтандыру бағдарламасы бойынша ақысыз тіркеледі.

Шарт бойынша жалпы сақтандыру сыйақысы _______________ теңгені құрайды.

САҚТАНДЫРУШЫ: САҚТАНУШЫ:
________________мо ________________мо
Аурулардан сақтандыру бойынша

қызметтерді сатып алу шартына

5 Қосымша



___________________

Сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босату негіздері
1. Сақтандыру жағдайына келесілер себеп болса, Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асырмайды:

  1. Қажетті қорғаныс немесе шекті қажеттілік жағдайында жасалған әрекеттерден басқа, Сақтандырылушының өзіне қасақана дене жарақатын немесе өзге де сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған немесе оның туындауына әкелетін әрекеттері, соның ішінде өз өзіне қол жұмсауға әрекеттену;

  2. Сақтандырылушының белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық не қылмыс деп танылған әрекеттерді жасауы;

  3. Сақтандырылушының алкогольдік, нашақорлық, токсикологиялық және басқа да мас күйінде болуы;

  4. Әскери әрекеттер, әскери шаралар, азаматтық соғыс, халықтық қозғалыс, жаппай тәртіп бұзушылық, көтерілістер, мемлекеттік органдардың актілері, дүлей апаттар, ядролық жарылыс әсері, радиациялар мен радиоактивті улану, техногендік және табиғи апаттар;

  5. Сақтандырылушының сынақтардың кез келген түріне қатысуы;

  6. Созылмалы психикалық аурулар, уақытша есі шатасуы не Сақтандырушының естен ауытқуы;

  7. Шартта тікелей қарастырылған жағдайлардан басқа, кесар тілігі, жүктілікті қолдан тоқтату (аборттар) мен олардың салдары;

  8. Шартта тікелей қарастырылған жағдайлардан басқа, Сақтандырылушының қауіпті қызығушылықтары немесе кәсіби спортпен шұғылдануы – парашютпен секіру, су асты жүзуі, ұшулар (Сақтандырылушының ұшу аппаратын басқаруы, соның ішінде пара-, мото-, дельтаплан), альпинизм, спелеология, тау шаңғысы, сноуборд, ат жарыстарына, автожарыстарға қатысу, және т.б.,

  9. Шартта тікелей қарастырылған жағдайлардан басқа, клиникалық түрі мен үрдіс деңгейіне қарамастан соз аурулары мен туберкулез;

  10. Шартта тікелей қарастырылған жағдайлардан басқа, онкологиялық аурулар, соның ішінде созылмалы онкологиялық аурулар мен ЖҚТБ;

  11. Сақтандырылушының көлік құралын тиісті құқықсыз басқаруы, сондай-ақ оның көлік құралын басқаруды көлік құралын басқаруға тиісті құқығы жоқ тұлғаға беру нәтижесі болдып табылатын аурулар не күтпеген жағдайлар;

  12. Барлық созылмалы тері аурулары: теңге қотыр, қышыма, аллопеция және басқалары;

  13. Дәнекер тіндердің жүйелік аурулары;

  14. диабет, туа біткен және тұқым қуалайтын даму кемістіктері, эндокриндік бұзылушылықтар (феохромоцитома, гипотиреоз – ауыр ағын, Вильсон ауруы, Адиссон ауруы, Кушинг синдромы, 1 және 2 типті қант диабеті, семіздік);

  15. мемлекеттік емес секторда емдеуге тыйым салынған аурулар (Қазақстан Республикасы Денсаулық министрінің 2009 жылғы 14 қазандағы №526 бұйрығына сәйкес).

2. Сондай-ақ Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асыру арқылы келесі шығындарды өтемейді:

  1. Шартта айтылмаған;

  2. Басқасы Шартпен қарастырылмаса, сақтандыру арқылы қорғаудың әрекет ету мерзімі аяқталған соң емдеуді жалғастырумен байланысты немесе Сақтандырылушының дәрігері кеңес берген басқа да әрекеттермен байланысты;

  3. сақтандыру арқылы қорғаудың әрекет ету аумағынан тыс болған, Шартпен байланысты медициналық көмекті көрсету бойынша және басқа да жағдайлар бойынша;

  4. Тараптардың келісімімен қарастырылған және Шартта көрсетілген жағдайларды қоспағанда, Сақтандырылушының Сақтандырушы тізіміне енбеген дәрігерден немесе медициналық мекемеден алған медициналық қызметтер бойынша;

  5. Егер мұндай тәртіп Шартпен қарастырылған болса, Сақтандырылушымен медициналық қызметтерді алудың алдын ала келісу тәртібін сақтамай, алған медициналық қызметтер бойынша (Сақтандырушының рұқсатынсыз, Сақтандырушы дәрігерінің жолдамасынсыз, сондай-ақ емдеу көрсеткіштерінсіз);

  6. Шартпен қарастырылған қызметтердің бекітілген санынан асырып алынған медициналық қызметтер бойынша;

  7. Шартпен қарастырылған жағдайлардан басқа, реконструктивті (қалыпқа келтіруші) медициналық процедуралар бойынша;

  8. Басқасы Шартпен қарастырылмаған болса, косметикалық оталар немесе косметологиялық емдеу бойынша;

  9. Пластикалық, косметикалық және қалыпқа келтіруші хирургия; генетикалық зерттеулермен байланысты шығындар бойынша;

  10. Көзді хирургиялық түзетумен байланысты және миопия, шел, глаукома, аккомодация құрысуын, көз жарақатының барлық салдарын, соның ішінде лазерді қолданып емдеу, офтальмологиядағы аппарат-бағдарламалық кешендерді қолданып, қабақ массажы мен көз қарашығын биостимуляциялау арқылы манипуляциялар

  11. Косметикалық емдеумен (соның ішінде безеуді, демодекозді емдеу), салмақ пен дене бітімін түзетумен, зарарсыздандыру, контрацепция және жынысты өзгертумен байланысты;

  12. Экстракорпоральді емдеу әдістерімен байланысты, соның ішінде бағдарламалық қан тазарту, гидроколонотерапия, күре тамыр ішіне лазермен және озонмен емдеу, гипербарикалық и нормобарикалық оттекпен емдеу, гипокситерапия;

  13. Өзіне тән иммунологиялық емдеумен байланысты;

  14. психотерапевт, психолог, диетолог, генетик және логопед қызметтеріне;

  15. жаңа есту аппараттарын, жиектеме, линза немесе көзілдірік, ауруларды күтуге арналған медициналық бұйымдар сатып алу немесе ескісін жөндеумен байланысты; трансплантанттар, протездер, эндопротездер, имплантанттар мен басқа да ортопедиялық медициналық бұйымдардың құны;

  16. диагностикалық (акупунктурлы, аурикуло-, термопунктурлы, электропунктурлы, пульсті, иридо-, мануалды диагностикалар, энергоинформатика және басқалары), емдеу (сүлікпен емдеу, гомеопатия, фитотерапия, биорезонансты терапия, мануалды терапия, ине-рефлексотерапия, балшықпен емдеу, ИФС, су процедуралары және басқалары) мақсаттарында халықтық медицина әдістерін қолданумен байланысты;

  17. Сақтандырылушы өтініші бойынша көрсетілген, бірақ Сақтандырушы өкілі дәрігерімен белгіленбеген емдеуге (Медициналық мекемелерге шұғыл жүгінген жағдайлардан басқа);

  18. Органдар мен тіндер трансплантациясы немесе олардың салдары, соның ішінде

эндопротездеу, реконструктивтік операциялар бойынша;

  1. Сақтандырылушының отбасы дәрігерінің рецептісінсіз және жолдамасынсыз алған емі мен препараттарына;

  2. Қару-жарақты алып жүруге рұқсат, жүргізуші куәлігін алуға, сауықтыру мекемелеріне баруға, оқу орындарына түсуге анықтамалар ресімдеу мақсатында, шет елге шығу үшін анықтама ресімдеу үшін жүргізілетін медициналық тексеруге;

  3. Шартпен қарастырылған жағдайларды қоспағанда, Сақтандырылушыны дәрігерге немесе медициналық мекемеге жеткізуге;

  4. Олардың диагностикасын қоспағанда, келесі ауруларды емдеумен байланысты:

  • неврологиялық аурулар: Альцгеймер ауруы, Паркинсон ауруы (синдромы), гидроцефалия, БМС;

  • қатерсіз ісіктер мен ісік тәрізді процесстер (дененің әртүрлі бөліктеріндегі папилломалар салдарын қоса);

  • кәсіби аурулар (саркоидоз, пневмокониоздар және басқалар);

  • жіті жедел және созылмалы сәуле соққысымен зақымдану;

  • аса ауыр инфекциялар қатары (оба, туляремия, тырысқақ, алапес және басқалар);

  • экстракорпоральді емдеу әдістерін қажет ететін созылмалы бүйрек және бауыр жетіспеушілігі ілескен аурулар;

  • асқыну деңгейінен тыс созылмалы ауруларды диагностикалау және емдеумен байланысты шығындар;

  • микоплазмоза, микоздың жалпыланған түрлері;

  • бедеулік (ер және әйел), белсіздікті диагоностикалау мен емдеумен байланысты шығындар;

  • жыныстық жолмен берілетін аурулар, соның ішінде соз аурулары;

  • отбасын жоспарлау бойынша қызметтер.

3. Сақтандырушы сонымен қатар мыналар үшін төлемейді:

  1. қосымша медициналық заттар: көзілдірік, контактті линза, есту аппараттары, ортопедиялық заттар және т.б.;

  2. медицина ғылымымен танылмаған және/немесе сақтандыру жағдайы туындаған сәтке белгісіз медициналық технологияларға негізделген медициналық процедуралар;

  3. Шартпен тікелей қарастырылған жағдайларды қоспағанда, диагностикалау, емдеу және сауықтыру мақсатында пайдаланатын халықтық медицина әдістері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет