Автоматтандырылған жұмыс орны



бет4/5
Дата24.11.2022
өлшемі150.5 Kb.
#179356
1   2   3   4   5
Байланысты:
Автоматтандырылған жұмыс орны

2.2. АЖО-ның тілдік құралдары.
АЖО-ның тілдік құралдары пайдаланушы әрекетімен ДЭЕМ реакциясының бір мағыналық сәйкестігі үшін қажет. Оларсыз оқу процессі, диалогты жасау, қатені табу мен дұрыстау мүмкін емес. Бұндай тілдерді жасау қиындығы олар көбіне процедуралық емес болу керектігіне негізделеді. Егер процедуралық тіл берілген әрекет орындалуын көрсетсе, процедуралық емес-бөлшектенусіз бұған қажет етілген әрекетті орындау керектігі көрсетіледі. Ақырғы пайдаланушылар мәліметтік қамтамасыздықты тарату процессін толық білмеу керек болғандықтан, АЖО интеллектуалдығының жоғарылығына қарай оның тілінде процедуралық мүмкіндіктің көлемдігі көзделген болуы керек.
АЖО тілдері пайдаланушылық – бағытталған және маманды – бағытталған болуы керек. Бұл пайдаланушылардың сұрыпталу ерекшеліктеріне байланысты олар тек маманданған жарамдылық бойынша ғана емес, сондай-ақ қызмет жағдайының иерархтясына оқылғандығына, шешуші мәліметтер түрі бойынша бөлінеді. Бұндай енудің оңайлығына қарамастан, қарапайым тілді пайдалану клавиатура арқылы күрделі емес нәтижелерді алу үшін алып құрлымды енгізу қажеттілігі үшін қандай да болмасын сезілетін артықшылықты бере алмайтындығын ескеру керек.
Кез-келген тілде сияқты АЖО тілдерінің негізін алдын-ала анықталған терминдер және тәсілдерді бейнелеулер (олар арқылы терминдерді ауыстырып немесе толықтырып жаңа түрлерін белгілейді) құрайды. Бұл АЖО-ны жоспарлаған кезде АЖО-ның терминологиялық негізін арнайы түрмен сұрыптау қажеттілігіне әкеледі (тілдің негізгі синтаксистік құрылымын және терминдер мен бірлескен түрлері аралығындағы семантикалық қатынасын анықтау). Осыған байланысты АЖО-ның қарапайым сұрыпталу қажеттілігі туындайды, мысалы, мәліметті өңдеудің кейбір пайдаланушылық режимдерінде көрсету мүмкіндіктері бойынша: сандық, мәтіндік, аралас. Ал өте күрделі жағдайларда АЖО сұрыпталуы мәлімет қорының ұйымдастырылуымен анықталады. Тіл мүмкіндіктері көп жағдайларда пайдаланушы мәліметтік қамтамасыздықты таратуға сәйкес келетін формальді құрылымды құра алатын ережелер тізімін анықтай алады. Мысалы, кейбір АЖО-ларда барлық мәліметтер мен құрылымдар кесте түрінде (кестелік АЖО) немесе арнайы түрдегі операторлар болып бекітіледі.
Пайдаланушының тілі АЖО-ны диалог түрлері бойынша да бөлінеді. Диалогты қолдау құралдары ақыр соңында пайдаланушыға қажет білімнің тілдік құрылымын анықтайды.
Бір АЖО құрылымымен бір емес, бірнеше диалогтың мүмкін болатын түрлері оқу немесе жұмыс процессі кезінде пайдаланушының белсенділігін, сондай-ақ пайдаланушы құралдарымен АЖО-ны дамыту қажеттілігі арқасында көзделуі мүмкін. АЖО-ны жасау кезіндегі бар болған диалогтарда ең көп пайдаланатын түрлер: ПЭЕМ-мен ынталандырған диалог, форманы толтыру диалогы, гибридті диалог, үйренбеген пайдаланушы диалогы, мәліметтің бекітілген кадр көмегіндегі диалог. ПЭЕМ-мен ынталандырған диалог кезінде АЖО пайдаланушысы толық түрде тіл құрылысын үйренуден басталады. Бұл тәсілдің өзгертілімінің бірі меню тәсілі болып табылады. Ол арқылы берілген ПЭЕМ нұсқаларының біреуі немесе бірнешеуі таңдалады.
ПЭЕМ-мен сол түрде ынталандыратын форманы пайдалану диалогы негізінде пайдаланушыны дисплейде арнайы жиналған формаларды толтырады, содан кейін талдайды және өңдейді.
Гибридті диалог пайдаланушымен де, ПЭЕМ-мен де ынталандырылады. Үйренбеген пайдаланушы диалогы кезінде ПЭЕМ жауаптарына толық айқындылық қамтамасыз етілу керек. Олар пайдаланушыда оған не істеу керектігі туралы күмәнділікті қалдырмайды.
Мәліметтің белгіленген кадрлар көмегіндегі диалог кезінде ПЭЕМ жауапты бар болатын тізімнен таңдайды. Бұл жағдайда пайдаланушы өте қысқа жауаптарды енгізеді, ол негізгі мәлімет автоматты түрде беріледі.
Диалог түрі АЖО сұрыпталуын да анықтай алады, мысалы,үйренбеген пайдаланушының диалогтық құралдары бар АЖО. АЖО-ның бұнда белгі бойынша сұрыпталуы пайдаланушының маманданған түрі бойынша бөлінуіне байланысты. Мысалы, меню тәсілі бойынша диалогы бар АЖО басқарушы персоналына жатқызылатын пайдаланушы-экономистке орынды емес, өйткені бұған операциялардың қайталана беретін көлемділігі себеп болады.
АЖО-ны тарататын бағдарламалық құралдар көз қарасы жағынан қарастыратын болсақ, онда сұрыпталуы өте кең болуы мүмкін. Олар программалау тілдері бойынша, пайдаланушыға программалаудың процедуралық құралдарды беру мүмкіндіктері бойынша, пайдалану процессі кезінде бағдарламалық жүйенің құрылысын аяқтау мүмкіндігі бойынша, мәліметтер қорын басқару жүйесінің бар болуы, пайдаланушы тілдерінен трансляторы мен интерпретаторы бойынша, қатені табу мен жою құралдары және т.б бойынша сұрыптала алады. АЖО-да қолданылатын қолданбалы бағдарламалар пакеті (ҚБП) нақты қосымшаға жүйенің байланысын қамтамасыз ету үшін параметрленген бола алады. ҚБП-нің өздерінің генераторлары пайдаланыла алады.
АЖО құрамына диалогты құру мен негізгі есептік функцияларды қамтамасыз ететін әртүрлі бағдарламалық компоненттер, сондай-ақ мәлімет қорын басқару жүйесі, трансляторлар, анықтама жүйелері, мәліметтер қорының өзі құрамында, мысалы, негізгі мәліметтер, диалог сценорит, ережелер, басқарушы шектері, қате тізімі және т.б міндетті түрде енгізіледі. АЖО-ның негізгі компоненттері оның құрамын анықтайды және АЖО-ны әртүрлі белгілері бойынша сұрыпталу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
АЖО шектерінде ақырғы пайдаланушымен АЖО-ның дамуын қамтамасыз ететін құралдарды қолдануы бойынша оны екі үлкен класқа бөледі: қамтамасыз ететін және интеллектуалды. Екеуі де әртүрлі пайдаланушыға арнала береді. Сонымен қатар, кез-келген АЖО-ның пайдаланушысы бола алмайтындығы туралы алдын-ала айта алатын пайдаланушылар да болды. Мысалы, қызмет көрсететін персоналда өзінің жұмыс ерекшелігіне қарай интеллектуалды АЖО-ны талап етпейді (өзінің тікелей қызметінде).
Ұйымдастырушылық басқару саласындағы АЖО-ға қызмет ететіндер төмендегідей бөлінеді:

  • Мәліметті;

  • Анықтамалық;

  • Есептегіш;

  • Мәтінді өңдейтін.

Интеллектуалды АЖО-лар біріншіден мәліметке бағытталған және білімге бағытталған (даталогиялық және фактологиялық) бөлінеді.
Мәліметті-анықтамалар АЖО-лар қандай да болмасын басқару процессіне қызмет етеді. Есептегіш АЖО-лар құрамы бойынша әртүрлі және пайдаланушының әртүрлі категорияларымен пайдаланыла алады. Олардың көмегімен бір-бірімен байланысқан және байланыспаған ұйымдастырушылық-экономикалық мәселелерді құруға және шешуге болады немесе АЖО қызмет ету кезінде анықтама алады. Мәтінді құрайтын АЖО-лар әртүрлі құрылымның мәтіндік мәліметтерді өңдеу мен генерациялануына және мәтін семантикалық түрде талдау туралы ұсыныстарды өңдеу генерациясына арналады.
Даталогиялық түрдегі интеллектуалды АЖО-лар мәліметтер қорын және пайдаланушы тілдерін кең пайдалануға негізделеді. Сондай-ақ осы жағдайда пайдаланушы мәлімет қоры мен тілін өз бетінше өзгерте алады және диалогтың мүмкіндіктерімен құбылта алады. Бұл АЖО-ларда мәліметтер қоры жоқ. Бұл басқарушы объектінің қандай да болмасын қасиетіне түсініктеме беретін ережелерді жинақтау мүмкін емес деген сөз. Құрама компонент түрлеріндегі білім қоры АЖО-ның фактологиялық түріне енгізіледі. Фактологиялық АЖО-лар АЖО шарттарындағы жұмыс жиналған тәжірибемен оның негізіндегі логикалық нәтиже көмегімен басым түрде анықталады.
Ұйымдастырушылық басқарудың автоматтану түрінде таратылатын негізгі бірнеше функцияларды белгілейік:

  • Интерпретатция (пәндік облыстан мәліметтер мен факті арасындағы байланыс пен жүйені анықтау үшін оларға талдаумен бейнесін жасау);

  • Диагностика (басқарылатын объектінің жағдайын іздеу, анықтау және бейнелеу);

  • Мониторинг (АЖО қызметін тұрақты бақылау мен алынған нәтижені бекіту);

  • Жоспарлау (әрекеттің берілген келісімін қамтамасыз ету);

  • Жобалау (пайдаланушылық интерфейсті және дамуды қамтамасыз ету);



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет