Автомобиль амортизаторының құрылысы



Дата24.11.2022
өлшемі45.02 Kb.
#179342
Байланысты:
Автомобиль амортизаторының құрылысы




Автомобиль амортизаторының құрылысы




  1. Серпімді асқыштары мен амортизатордың қызметі?

Жеңіл автомобильдің артқы асқышына көбіне рессорларды (10.1 сурет, а-нұсқасы), ал алдыңғы асқышына серіпелерді (10.1 сурет, б-нұсқасы) пайдаланады. Рессордың алдыңғы шеті жапсырмалы құлақшаға бекітіліп, артқы шеті сырғымалы болады. Рессор астары артқы рессор ортасынан жетекші белдік картеріне үзеңгі арқылы бекітіледі. Рессор астары құлақшасы жоқ шеті сырғанамалы болады.
Кедергіге кездескенде рессор тербелісін өшіру үшін амортизатор пайдаланылады.
Автобустарда және жүк автомобильдерінде серіппе ретінде рессорлар, торисиондар (10.1 сурет, в-нұсқасы) және пневмобаллондар (10.1, г-нұсқасы) қолданылады.



а – рессор; б – серіппе; в – торисион; г – пневмобаллон; 1 – басты рессор төсемі; 2 – орталық болт; 3 – қамыт, 4 – төсем; 5 – болт; 6,7 – сығушы бөлуші сақина, 8 – эластикалық қабық.
10.1 – сурет – Автомобильдің серпімді асқыштары.


2. Серпімді асқыштары мен амортизатордың қандай түрлері бар?
Амортизаторлар механикалық тербеліс энергиясын жылу энергиясына айналдырып, автомобильдің жатық (селкілдемей) жүруін қамтамасыз етеді.
Амортизаторлар екі топқа бөлінеді - бір және екі түтікті (трубалы). Олар қос әрекетті сұйық телескоптық немесе сұйық пен газды болады.



10.2 – сурет – Бір (а) және екі (б) түтікті амортизаторлар.


3. Бір түтікті амортизатор қалай жұмыс істейді?
Бір түтікті амортизаторлар сұйық телескопты немесе сүйық пен газды телескопты болады. Сұйық пен газды амортизаторларда, газ (В) және сұйық (А) бір-бірімен бөлектеуші поршеньнің (1) әсерінен жанаспайды (10.2-сурет, а-нұсқасы).


4. Екі түтікті амортизатор қалай жүмыс істейді?
Екі түтікті амортизаторлар көбінде телескопты болады, оларда да сұйық немесе сұйық пен газды бірге қолданады. Бұл амортизаторларда газ (В) бен сүйық (А) бір-бірімен жанасады (10.2-сурет, б-нұсқасы).
5. Амортизатордың созылу және сығылу кедергілері неге біркелкі емес?
Амортизатор поршеньдерінде (2) екі тесік (3,5) жасалған, олар бір жағынан пластиналы серіппелі клапандармен жабылған.
Кедергіден дөңгелек өту кезінде рессор майысады да, амортизатор сығылады. Рессор қайта серпілгенде амортизатор созылады. Дөңгелек жоғары көтерілгенде (3) клапан ашылып, сұйық поршеньнің бір қуысынан екінші қуысына ауысады. Поршень (2) жылдам қозғалғанда ауысу қуысында қысым ұлғаяды. Амортизатордың сығу кедергісі оның кері кедергісінен бірнеше рет аз болады. Бұл қайту (созылу) автомобильдің кедергіге тап болған кезіндегі соққысын азайтады.
Автомобильдерде қос әрекетті сұйық телескоптық амортизаторлар қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет