Автономды күн энергетикалық қондырғысы және оның күнге бағыттау құрылғысы



жүктеу 37.46 Kb.
Дата25.03.2019
өлшемі37.46 Kb.

УДК 621.472
Автономды күн энергетикалық қондырғысы және

оның күнге бағыттау құрылғысы
Казыбаев Б.Н., Құрманғазы И.Қ., Джарылкапов М.М.

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз
Автономды күн энергетикалық қондырғысы өндірістік электр энергия көзінен алыс жерлердегі тұтынушылар қолдану үшін арналған.

Күн энергетикалық қондырғының құрылысы: күн элементтерінен жиналған екеулік күн модульінен, күннің тәулік бойына орналасуына байланысты күн модульдарын автоматты бұрушы қозғалтқышты механизмнен, күннің орнын анықтаушы құрылғыдан, платформадан, аккумулятордан, тұрақты токты айнымалы токқа түрлендіруші инвертордан, аккумулятор зарядын бақылаушы құрылғыдан құралған.

Күн модулі 102,8х102,8 мм өлшемді 400 күн элементтерінен құралған рамкадан тұрады (1 сурет). Әр элементтің номинал жарық түскендегі номинал ток күші 3А, номинал кернеуі 0,5В. 400 күн элементтен тұратын модуль 50 элементтен тізбектей жалғанып 25В құрайтын 8 бөлікке бөлінген, 8 бөлік бір-бірімен параллел жалғанған. Күн модулінің максимал қуаты 600Вт. Сыйымдылығы 90 А/сағ аккумулятормен параллель қосылған кезде 1000 Вт қуатпен 6 сағат жұмыс істейді. Түрлендіргіш инвертордың максимал қуаты 1100 Вт.

Жұмыс істеу принципі.

Күн орнын анықтаушы құрылғы арқылы күн модулі бір осьтік бұрушы механизмнің қозғалтқышының көмегімен күннің тәулік бойына орнының өзгеруіне байланысты автоматты бұрылып тұрады. Күн орнын анықтаушы құрылғы, он бөлікке бөлінген қалқаншалардан және қалқаншалардың ортасына орналасқан тоғыз фотодиодтардан тұрады (2 сурет). Қалқаншалар күн сәулесін тек бір фотодиодқа түсетіндей етіп орнатылған. Құрылғының бір фотодиодына күн сәулесі түскен кезде, фотодиодқа қосылған күшейткіш арқылы қозғалтқыш күн модулін бұрады, күн модулі күн сәулесіне 90о бұрышпен келгенде тұрақты магнит геркон контактісін қосады, геркон контактісі қосылғаннан соң күшейткіш қозғалтқышты өшіреді. Осылайша күн модулі күнмен бірге қозғалып отырады. Бұрушы механизмде тұрақты ток қозғалтқышы орнатылған, модуль бұрылу соңына жеткен кезде рычак ауыстырып қосқышты ауыстырады сол кезде қозғалтқыштың қоректену полюстері ауысып, айналу бағыты өзгереді. Күннің жылдық орнының өзгеруіне байланысты полярлық ось бұрышын өзгертуге болады. Күн энергетикалық қондырғысы толығымен автоматтандырылған. Күннің тәуліктік орнының өзгеруі бойынша модульді бұру өндірілетін энергияны арттыруға мүмкіндік береді.

Электр энергиясының көзі ретінде, қуатты көп шығындамайтын тәуелсіз ауыспалы және қозғалмалы радио аппаратында ішкі желіден тәуелсіз жұмыс атқаратын, төмен кернеулі тұрақты ток көздері қолданылады. Кей жағдайда радио аппаратын қалыптастыру үшін бір номиналдың тұрақты кернеуін келесі бір номиналдың тұрақты кернеуіне түрлендіру қажеттігі туындайды.

Қазіргі таңда кернеудің жартылай өткізгішті түрлендіргіштері өзінің жоғары меншікті сипатына пайдалану сенімділігіне, ПӘК жоғары болуына орай барлық түрлендіргіштерді ысырып тастады. Екіншілік электрмен қоректендіру көздерінде жартылай өткізгішті түрлендіргішті қолдану көлемін азайтуға, электрмен қоректендірудің барлық жүйесінің ПӘК жоғарылатуға мүмкіндік береді. Жартылай өткізгіштерде ауыстырып қосу құралының көмегімен тұрақты ток энергиясы тік бұрышты импульстер энергиясына айналады. Бұл құралдың негізгі элементтері ретінде транзистор мен тиристор қолданылады.

Инвертор – тұрақты токты өзгермейтін немесе реттелуші жиіліктің айнымалы тогына айналдыруға арналған қондырғы. Инвертор егер тұрақты токты тудыратын аккумулятор батареясы немесе жаңа электр энергиясының көздерін бірінші ток көзі ретінде пайдаланғанда, сонымен бірге тұрақты ток электр энергиясын жіберу жүйесінде тұрақты токпен тұтынушыларды қоректендіру үшін қолданылады. Сондай-ақ инверторлар тұрақты ток звеносымен бірге жиілікті түрлендіргіштердің қосымша құралы болып табылады. Инверторлар желімен бірге жүретін және тәуелсіз болып бөлінеді. Желімен бірге жүретін инверторларда тұтынушы болып айнымалы кернеу генераторымен айнымалы ток желісі табылады. Тәуелсіз инверторлар – тәуелсіз жүктемеде жұмыс атқаратын және тұрақты токты айнымалы токқа айналдыратын вентильді түрлендіргіш. Желімен бірге жүретін, тәуелсіз инверторлар нөлдік, мосттық, бірфазалы және үшфазалы болып жасалады.


Сурет 1. Автономды күн энергетикалық қондырғының жалпы көрінісі

1-платформа табаны, 2-ұзармалы тіреулік баған, 3-қатырма, 4-күн элементі, 5-рама, 6-айналма ось,

7-жоғарғы подшипникті втулка, 8-күнге бағыттаушы датчик, 9- подшипникті втулка, 10-орталық тісті доңғалақ, 11-күштік вертикальды баған, 12-бағытты анықтау датчигі, 13-қозғалтқыштық тісті доңғалақ, 14-редуктор, 15-қозғалтқыш



Сурет 2. Күнге бағыттау құрылғысы сүлбесі



Әдебиет


  1. Околович М.Н. Проектирование электрических станций: Учебник для вузов. – М.: Энергоиздат, 1982. – 400 с., ил.

  2. Решетов Д.Н. Детали машин. Учебник для вузов. Изд. 3-е, испр. и перераб. М., «Машиностроение», 1974.

  3. В.С. Руденко, В.И. Сенько, В.В. Трифонюк, Е.Е. Юдин. Промышленная электроника. – К.: Технiка, 1979. 503 с., ил. – Библиогр.: с. 498 – 499.

  4. Грумбина А.Б. Электрические машины и источники питания радиоэлектронных устройств: Учебник для техникумов. – М.: Энергоатомиздат, 1990. – 368 с.: ил.

  5. Источники электропитания радиоэлектронной аппаратуры: Справочник / Г.С. Найвельт, К.Б. Мазель, Ч.И. Хусаинов и др.; Под ред. Г.С. Найвельта. – М.: Радио и связь, 1985. – 576 с.

Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> Dulaty2012 III-tom
Dulaty2012 III-tom -> Әож 33. 1: 637. 146. ҚҰРҒАҚ компоненттер негізінде ұлттық сусын
Dulaty2012 III-tom -> Әож 687 салтанатты дастарханды жобалау ерекшеліктері
Dulaty2012 III-tom -> Әож 531 08 (07) Қызмет көрсетудегі өлшеу қҰралдарының маңызы
Dulaty2012 III-tom -> Атырау өҢіріндегі еділбай қойларының Өнімділік-биологиялық ерекшеліктері ирзагалиев Қ. С., Сұлтанов С.Қ. Атырау мұнай және газ институты, Атырау
Dulaty2012 III-tom -> Жел энергетикалық қондырғылардың параметрлерін анықтау Есімбаев О. Ж., Садыков Б. Н., Дауренбекова С. К
Dulaty2012 III-tom -> Әож 677+621. 318. 44. Орау тікиіршіктерінің орам сапасына әсер ететін параметрлері
Dulaty2012 III-tom -> Ш., Жампоз Ө. М. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз
Dulaty2012 III-tom -> Әож 626. 032. 27 Гидроциклонды сифондарды Ауылшаруашылығында пайдалану
Dulaty2012 III-tom -> Генетикалық модификацияланған өнімдердің адамғА Әсері
Dulaty2012 III-tom -> Жамбыл облысында қант қызылшасын өсірудің Қазіргі кездегі жағдайы және келешектегі мүмкіндіктері мұсабеков Қ.Қ., Ратова А. Б


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет