Алматыда автобустардың бірінде әлдекімдер баласын тастап кеткен. Видео желіде тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NewTimes сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Видеода баланы аялдамалда полиция қызметкеріне тапсырып, оны патрульдік көлікке отырғызып жатқаны көрсетілген.

Автобус жүргізушісі полицейге хабарласқан, баланың туыстары олардың артынан келе жатқанын мәлімдеді.

Алматы полиция департаменті баланың аман екенін және жақындарына тапсырылғанын хабарлады.

"Ата-анасы бірнеше минутта табылды. Баланы алып кетті. Бәрі жақсы", – деді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.