2024 жылдың бірінші сауда күнінде доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,37 теңгеге көтеріліп, 457,06 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 30 желтоқсан – 3 қаңтардағы ресми бағамы долларға 454,56 теңгені құраған.

  • 2024 жылы ақшаны қандай валютада сақтауға болмайды – Қаржы маманының кеңесі
  • Елімізде такси жүргізушілерінің табысы қалай тексеріледі – Сарапшылар түсіндірді

Kurs.kz хабарлауынша, дәл қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды орташа сатып алу бағамы 457,65 теңгені, сату 460,31 теңгені құрап отыр. Ал Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 454,82 теңгеден сатып алынып, 459,17 теңгеден сатылуда.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.