Аєымдаєы їлгерімніѕ бірінші жјне екінші рейтингтерін аныќтау кезіндегі баллдарды їлестіру



жүктеу 367.66 Kb.
Дата11.04.2018
өлшемі367.66 Kb.
түріБағдарламасы

Пән бағдарламасының беттік парағы (SYLLABUS)



Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19





Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Металлургия кафедрасы

ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

PM 3210 – Ұнтақты металлургия

Павлодар, 2013 ж.



Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) бекіту парағы



Нысан

МПУ ҰС Н 7.18.4/19





БЕКІТЕМІН


ММЖжКФ деканы

___________Т.Т. Тоқтағанов

(қолы)

20__ж. «___»________


Құрастырушы: ______________ магистр, аға оқытушы Абсолямова Д.Р.

(қолы)

Металлургия кафедрасы



Пән бағдарламасы (Syllabus)
PM 3210 – Ұнтақты металлургия
5В070900 «Металлургия» мамандығының күндізгі оқу түріндегі студенттеріне арналған
Бағдарлама 20___ж. «____» ________ №___ хаттамамен бекітілген жұмыс оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған
Кафедра отырысында ұсынылған 20___ ж. «___» _____, №___ хаттама
Кафедра меңгерушісі _________ М.М. Сүйіндіков

(қолы)
Металлургия, машина жасау және көлік факультетінің оқу-әдiстемелiк кеңесi қолдаған 20___ж. «___»________, №____ хаттама


ОӘК төрағасы __________ Н.С. Сембаев

(қолы)


1. Оқу пәннің төлқұжаты
Пән аталуы Ұнтақты металлургия
Кредиттер саны және оқу мерзімі

Барлығы – 3 кредит

Курс: 3

Семестр: 6



Аудиторлық сабақтардың барлығы – 45 сағат

Дәріс – 30 сағат

Тәжірибелік – 15 сағат

СӨЖ – 90 часов

сонын ішінде ОСӨЖ – 45сағат

Жалпы еңбек сыйымдылығы – 135 сағат


Бақылау түрі

емтихан – 6 семестр


Пререквизиттер

Бұл пәнді меңгеру үшін келесі пәндерді оқу кезінде алған білімдері және машықтары болуы керек: Химия; Аналитикалық химия және талдаудың физика-химиялық әдістері; Мамандыққа кіріспе.


Постреквизиттер

Пәнді оқып меңгеру және алған білімі келесі пәндерді ұғынуға қажетті: Минералдық қорды кешенді пайдалану; Металлургия өндірісінің технологиясы ІІ; Сирек металдар металлургиясы


2. Оқытушы туралы мағлұмат және контактылы ақпараттар
Дәріс, тәжірибелік, СОӨЖ – Абсолямова Д.Р., магистр, аға оқытушы

Металлургия кафедрасы, Б–224 аудиториясы.

телефон: 8 (7182) 673623,
3. Пән, мақсаттары және міндеттері
Пән туралы мағлумат

Болашақ мамандарға металл ұнтақтарды алу тәсілдері бойынша теориялық білімдерді беру, ұнтақты материал мен бұйымдарды күйежентектеу және баспалау технологиясын; қалыптар мен баспаққалыптарды жобалау ерекщеліктерін; ұнтақты металлургия участоктарының құрлымын және жабдықтарды орналастыруын оқып үйрету.


Пәнді оқыту мақсаты

Негізгі мақсаты студенттер тандап алған мамандығы мен мамандыруы бойынша металл ұнтақтарды алу тәсілдері бойынша теориялық білімдерді беру, ұнтақты материал мен бұйымдарды күйежентектеу және баспалау технологиясын; қалыптар мен баспаққалыптарды жобалау ерекщеліктерін; ұнтақты металлургия участоктарының құрлымын және жабдықтарды орналастыруын оқып үйрету.


Пәнді оқыту міндеттері

Пәннің негізгі міндеті – металл ұнтақтарын алу әдістерін, олардың қасиеттерін және бақылау әдістерін, металл ұнтақтарынан бұйымдарды пішіндеу технологиясының ерекшілектерін, баспалау және күйежентектеу үрдісінің нұсқаларын, қалыптар мен баспаққалыптарды құру принциптерін оқу; ұнтақты металлургия участоктарындағы құрал-сайман әбзелдерімен және технологиялық жабдықтарымен танысу.


4. Біліуіне, істей білуіне, дағдыларына және құзыреттеріне қойылатын талаптар
Осы пәнді оқу нәтижесінде студенттердің мағлұматтары болуы керек: металл ұнтақтарды алу тәсілдері бойынша, ұнтақты материал мен бұйымдарды күйежентектеу және баспалау технологиясын; қалыптар мен баспаққалыптарды жобалау ерекщеліктерін; ұнтақты металлургия участоктарының құрлымын және жабдықтарды орналастыруын, ұнтақты металлургия өңдірісіндегі жабдықтарымен қолдану және есептеу кезіндегі қажетті тәжірибелік дағдыларын тәлімгерлерге еңгізу болып табылады

білуі керек:



  • ұнтақты металлургияның бастапқы материалдарың;

  • металл ұнтақтың негізгі қасиеттерін және алу әдістерін;

  • құрал-сайман әбзелдерінің конструкциясын.

істей білуі керек:

  • ұнтақты металлургия әдістерімен бұйымдарды алу технологиясын өндеу;

  • технологиялық әбзелдерді жобалау және жабдықтарды тандау.

құзыретті болу:

  • бұйымды баспалау және күйежентектеу үшін қажетті жабдықтардың құрылымы және әрекет принципін;

  • ұнтақты металлургия участоктарын жобалау бойынша ұсыныстарды негіздеу және еңгізу.


5. Пәннің тақырыптық жоспары
Сабақ түрі бойынша академиялық сағаттардың реттелуі


т/б

Тақырыптар аталуы

Сабақ түрі бойынша аудиторлық сағаттар саны

ОӨЖ

дәріс

тәж.

зертх.

барлығы


соның ішінде СОӨЖ

1

Кіріспе. Ұнтақты металлургия және ұнтақты металдар туралы жалпы мағлұмат.

2







6

3

2

Ұнтақты металлургияның бастапқы материалдары

4

2




12

6

3

Ұнтақты материалдар мен бұйымдарды баспалау технологиясы.

4

2




12

6

4

Ұнтақты материалдар мен бұйымдардың күйежентектелуі.

4

2




12

6

5

Ұнтақты бұйымдарды жобалау және өндіру.

4

2




12

6

6

Ұнтақты металлургияның құрал-сайман әбзелдері. Баспаққалыптарды құру.

4

3




12

6

7

Технологиялық жабдықтар және ұнтақты металлургия участоқтарын ұйымдастыру.

4

2




12

6

8

Ұнтақты бұйымдардың сапасы және оны жоғарлату жолдары.

4

2




12

6




Барлығы: 135 (3 кредит)

30

15




90

45

6. Дәріс сабақтардың мазмұны


Тақырып 1. Кіріспе. Ұнтақты металлургия және ұнтақты металдар туралы жалпы мағлұмат.

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):

1. Ұнтақты металлургияның негізгі өндірістік үрдістері.

2. Металлургиялық өндірістің даму тенденциялары.

Әрбір сұрақтың қысқаша мазмұндамасы (анықтамалар, ұғымдар және т.с.с.)

Металл ұнтақтарын, сонымен қатар олардан немесе олардың металл емес ұнтақтарымен қоспасынан бұйымдарды өндіру ғылым және техника облысын ұнтақты металлургия деп атайды. Оның маңызды ерекшелігі ұнтақ тәріздес күйінде қатты заттармен жұмыс істеу және сәйкес металдың балқу нуктесінен төмен немесе, егер әртүрлі ұнтақтар қоспасы жағдайында, ен қиын балқитын компоненттің балқу температурасынан төмен қыздыру (күйежентектеу) операцияларын өткізу.

Металдарды өңдеу әртүрлі тәсілдерінен ұнтақты металлургия ен ерекше орын алады, өйткені пішіні мен тағайындалуы әртүрлі бұйымдарды өндіру ғана емес, сонымен қатар жаңа материалдарды жасауға мүмкіндік береді.

Ұнтақты металлургия құю, қысыммен өңдеу, кесумен өңдеу және де басқа әдістерімен бақталасады да, оларды толтырады немесе ауыстырады.

Ұнтақты металлургия әдісімен дайындамаларды және бұйымдарды өндірудің типтік технологиялық схемасы негізгі төрт операциядан тұрады: бастапқы материалдан ұнтақты алу; одан дайындамаларды пішіндеу және оны күйежентектеу; ақырғы өңдеу (құрылымын реттеу, колибрлеу, механикалық және химия - термиялық өңдеулер). Аталған операциялардың әрқайсысы соңғы ұнтақты бұйымдардың барлық қасиеттерін қалыптасуына маңызды үлес енгізеді.

Әдебиет: [2]
Тақырып 2. Ұнтақты металлургияның бастапқы материалдары.

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):

1. Металл ұнтақтарды өндіру. Ұнтақтарды алу әдістерінің топтастырмасы.

2. Ұнтақты материалдардың сынамаларды дайындау және тандау.

Әрбір сұрақтың қысқаша мазмұндамасы (анықтамалар, ұғымдар және т.с.с.)

Ұнтақты өндіру- ұнтақты металлургия әдісінің бірінші технологялық операциясы. Ұнтақтарды алу тәсілдері өте әртүрлі, осы жағдай олардың қасиеттерін кең нең алмастыруды рұқсат етеді. Ұнтақты дайарлау әдісі маңызды мөлшерде бұйым сапасын және өзқұндылығын анықтайды. Ұнтақты алудың тәсілдеріне қарай оларды шартты түрде физика- химиялық және механикалық тәсілдерге бөледі.

Физика-химиялық әдістеріне бастапқы шикіқұрамды терең физ- химиялық айналдырумен байланыстын ұнтақты өңдеу технологиялық үрдістері жатады. Нәтижесінде алынатын ұнтақ химиялық құрамы бойынша бастапқы шикіқұрамнан маңызды ерекшеленеді. Қалпына келтіру әдістері, электролиз және карбонильдік қосылыстардың термиялық диссоцияциясы негізгі әдістер болып табылады.

Механикалық әдістер бастапқы материалды ұнтаққа айналдыруын, оның химиялық құрамының байқалмайтын белгісіз өзгерісін қамтамасыз етеді. Қатты материалдардың конструкциясы әр түрлі диірмендерде ұнтақталуын және балқымаларды диспергиялауында қолданылады.


Әдебиет: [2]
Тақырып 3. Ұнтақты материалдар мен бұйымдарды баспалау технологиясы.

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):

1. Баспалауға (пішіндеуге) ұнтақты дайындау: күйдіру, топтастыру, қоспаларды дайындау.

2. Баспаққалыпқа ұнтақты толтыру және мөлшерлеу. Ұнтақты материалдар мен бұйымдарды баспалаудың негізгі заңдылықтары.

Әрбір сұрақтың қысқаша мазмұндамасы (анықтамалар, ұғымдар және т.с.с.)

Жұмсарту. Жұмсарту ұнтақтардың илемділігін және баспалауын жоғарлату үшін қолданылады.

Жұмсартуға жие механикалық ұсақтатылуымен, электролизбен алынған ұнтақтарды ұсыратады. Әртүрлі қопаланған ұнтақтарды тазарту мақсатымен жұмсартуды қоспасы бар атмосферада өткізеді.

Топтастыру. Топтастыру дегеніміз бұл ұнтақтарды бөлшектер өлшемдері бойынша фракцияларға бөлінуі. Алынатын ұнтақ фракцияларының кейбірі келесі пайдалануына жарамсыз болады және қосымша өңдеуді талап етеді (іріктеу). Електік топтастыру ең кең тараған. Бөлшектерінің өлшемдері 40 – 50 мкм фракциялары бойынша ұнтақтарды топтастыру ауалы сепаратор көмегімен өткізеді, олар ауыр бөлшектерін газ ағынынан ауырлық күші әсері арқылы айырады.

Қоспаларды дайындау. Араластыру – бұл химиялық және гранулометриялық құрамы әртүрлі металл ұнтақтарын немесе металл және металл емес ұнтақтарының біртекті механикалық қоспасын дайындау. Бұл ұнтақ бұйымдарын дайындау кезіндегі маңызды операцияларының бірі. Араласатын компоненттерді өлшеу үшін сауда немесе техникалықь таразылар қолданылады.

Компонеттерді үгіту кезіндегі пайданылатын шарлы диірмендерде механикалық араластыру ең кең тараған. Шарлы айналу диірмендерде ораластыру кезінде оңтайлы айналу жылдамдығы критикалық жылдамдығынан 20 – 40% құрайды.

Сыйымдылығы 200 – 500 литр және өнімділігі 50 – 350 кг/сағ екіконусты араластырғыштар кең қолданылады. Олардың араластыру ұзақтылығы 1 – 2 сағат. Жалпы жағдайда неғұрлым қоспаланатын компонентердің тығыздығы ұқсас болса, соғұрлым ұнтақтар қоспа көлеміндегі біркелкі бөлінуі онай да женіл болады. Тығыздық арасындағы үлкен айырмашылығы болған кезде компоненттер қабаттасады да араластыруы қиындатылады.

Араластыруды сұйық ортада жүргізу қолайлы (спирт, глицерин, бензин), бірақ техникалық үрдісі қиындатылуына қарай тиімсіз болып саналады.

Болат баспаққалыптарында баспалау. Жалпы заңдылықтар. Баспалау дегеніміз бұл қысым әсері арқылы баспаққалыпта металл ұнтақтарын пішіндеу.

Деформациялау нәтижесінде сусымалы ұнтақ дененің бастапқы көлемі азаяды да берілген пішініне, өлшемдеріне және қасиеттеріне ие болатын баспақша деп аталатын брикеттерге құрастырылады. Бастапқы көлемнің осындай өзгерісі жеке бөлшектердің деформациялану және ығысу нәтижесінде өтеді және ұнтақты баспаққалыпқа еркін себу кезінде пайда болатын бос орындарды толтыруымен байланысты, сонымен қатар аркалық эффект (биік қақпа эффекті) деп аталатын эффектке байланысты бөлшектер нығыздалады. Аркалық эффект – метал ұнтақта немесе баспақшада ең ірі бөлшектерінің өлшемдерінен үлкен кеуектердін пайда болуы.



Әдебиет: [2]

Тақырып 4. Ұнтақты материалдар мен бұйымдардың күйежентектелуі.

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):

1. Күйежентектеу үрдісінің негізгі заңдылықтары. Кеуектер, олардың күйежентектеу үрдісініндегі ролі.

2. Күйежентектеу тәжірибесі.

Әрбір сұрақтың қысқаша мазмұндамасы (анықтамалар, ұғымдар және т.с.с.)

Ұнтақты пішінді күйежентектеу дегеніміз бұл қыздыру және белгілі механикалық және физика химиялық қасиеттерін қамтамасыз ету мақсатымен негізгі компоненттің балқу нұктесінен төмен температура кезінде ұстау.

Бұл ең маңызды технологиялық операцияларының бірі, оның нәтижесінде беріксіз ұнтақты дене құйылған металдың қасиеттеріне жақындатылған (кейде одан да асатын) берікті күйежентектелген бұйымға айналады. Күйежентектелген бұйымдардың тығыздығы, беріктігі және басқа физикалық және механикалық қасиеттері бастапқы ұнтақтың қасиеттеріне және дайындау шарттарына тәуелді.

Күйежентектеудің екі негізгі түрі болуы мүмкін – қатты фазалы, яғни сұйық фаза пайда болусыз және сұйық фазалы, қайсыда ұнтақты пішінді қыздыруды сұйық фаза пайда болуын қамтитын температура кезінде өткізеді.

Күйежентектеу тәжірибесі. Күйежентектеу атмосферасы. Ұнтақты пішінді күйежентектеу кезінде күрделі қоршаған газды ортада өте сезгіш физика химиялық үрдістері өтеді. Көп жағдайларда олардың қыздыруын құрамы мұқият бақыланатын қорғау газдардың ортасында немесе ұнтақ бөлшектерін тотығудан қорғайтын вакуумда өткізеді. Қорғау ортаны дұрыс таңдау маңызды дәрежеде жағымсыз үрдістердің өтпеуіне рұқсат етеді. Н2, диссоцияланған аммиак, конвертелген табиғи газ, вакуум, Ar, N2 ең кең тараған.

Күйежентектеу ортасын таңдау экономикалық тиімділігімен және техникалық талаптарымен анықталады (неғұрлым шығарылатын өнім арзан болса, соғұрлым қорғау ортаның құны азырақ болу керек). Металдарды күйежентектеу кезінде, олардың тотықтары термодинамикалық беріксіз болған жағдайда қалпына келтіру орталарды қолдану міндет.



Әдебиет: [2]

Тақырып 5. Ұнтақты бұйымдарды жобалау және өндіру.

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):

1. Бөлшектерді тандау принципі.

2. Ұнтақты металлургия әдістерімен алынатын бөлшектердің технологиялығы.

Әрбір сұрақтың қысқаша мазмұндамасы (анықтамалар, ұғымдар және т.с.с.)

Алу әдісіне байланысты ұнтақтың пішіні сфералық (шашырату), кемік түрлі (қалпына келтіру), сынық (шарлы диірменде ұсақтату), дендритті (электролиз), тарелка тәрізді (құйынды диірмендерде ұсақтату), тамшы тәрізді (шашрату), болуы мүмкін. Бөлшектердің бастапқы пішіні ұнтақты келесі өңдеу кезінде неғұрлым өзгеруі мүмкін (ұнтақтау, күйдіру, түйіршіктеу және т.б.). Бөлшек пішінін анықтау үшін оптикалық және электронды микроскоптар қолданылады. Бөлшектер пішіні ұнтақтың техникалық қасиеттеріне, сонымен қатар одан жасалынған дайындамаларының тығыздық, беріктік және біртекті қасиеттеріне маңызды әсер етеді. Бөлшектер өлшемі. Металл ұнтақтары өзімен өлшемдері микрометр үлесінен бастап миллиметрге дейін бөлшектер жиынтығын құрайды. Тәжірибеде ешқашан өлшемдері біркелкі металл ұнтақтарының бөлшектері кездеспейді. өлшемдері бойынша ең кең диапазонынаэлектролиз және қалпына келтіру жолымен алынған ұнтақтар ие болады. Ұнтақтардың жалпы мөлшеріне қатысуы бойынша нақты фрақцияларындағы бөлшектер массасының сапалық мөлшерін ұнтақтың гранулометриялық құрамы деп атайды

Ұнтақ фракциясы дегеніміз – бұл бөлшектер өлшемдерінің үстінгі мен астынғы мәні арасындағы диапазоны. Бөлшектер ірілігі бойынша ұнтақтардың гранулометриялық құрамын анықтау үшін електі, микроскопиялық, седиментациялық және талдаудың басқа түрлерін қолданылады.

Меншікті беті. Ұнтақтың меншікті беті өзімен көлем немесе масса бірлігіндегі барлық бөлшектерінің сыртқы бетінің суммасын құрайды. Меншікті бет ең маңызды сипаттама болып табылады, өткені пшіндеу және күйежентектеу кезінде ұнтақ тәртібіне әсер етеді. Ол бөлшектер өлшемдері мен пішініне, сонымен қатар ұнтақты алу шарттарымен анықталатын, олардың беттерінің “тегістік” дәрежесіне тәуелді.

Микроқаттылығы. Ұнтақ бөлшектерінің микроқаттылығын оның деформацияға қабілеттілігі сипаттайды, бұл пішіндеу кезінде ұнтақтың мүмкінді тәртібін бағалау үшін маңызды. Ол көп дәрежеде ұнтақ бөлшектеріндегі әртүрлі қоспалары мен кристалл торыны бұрмалауына тәуелді.

Әдебиет: [2]

Тақырып 6. Ұнтақты металлургияның құрал-сайман әбзелдері. Баспаққалыптарды құру.

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):

1. Ұнтақты металлургия үшін баспаққалыптарды құрастырудың жалпы принциптері.

2. Қалыптарды есептеу ерекшеліктері және топтастырмасы.

Әрбір сұрақтың қысқаша мазмұндамасы (анықтамалар, ұғымдар және т.с.с.)

Баспаққалыптар. Көбінесе ұнтақ металлургия өндірісінде қолданылатын баспаққалыптар конструкциясы бойынша күрделі және де аталған үш негізгі элементтерден әр түрлі қосымша бөлшектер мен құралдарға ие болады: бекіту бөлшектері, серіппелер, ұнтақты сеуіп салу және баспақшаны итері шығару үшін арналған құрылғылар, баспақшада тесіктері қалыптастыру үшін қолданылатын өзекшелер.

Алып-салынатын, стационарлы (тұрақты) және автоматты баспақтар үшін баспаққалыптарды ажыратады. Баспаққалып түрі мен конструкциясына қарамастан баспақшаның барлық бөлімдерінде біркелкі тығыздығын қамтамасыз ету қажет, ол берілген пішіні мен өлшемдеріне сәйкес болу міндет, оның итеріп шығарылуы қарапайым, конструкциясына сенімді және ұзақмерзімді болу керек. Баспақша крнсрукциясын анықтайтын алынатын бұйымның конфигурациясы мен өлшемдері болғандықтан ол пішіні бойынша максималды қарапайым болу керек. Неғұрлым бұйымның қиындық тобы жоғары, соғұрлым баспақ-құрал жабдықтар конструкциясы күрделі.

Баспаққалып бөлшектерін дайындау үшін аспапты және тозуға төзімді қоспаланған болаттар қолданылады. Ұяқалып жұмыс бетін жие хромдау, сульфидтеу және



Әдебиет: [2]

Тақырып 7. Технологиялық жабдықтар және ұнтақты металлургия участоқтарын ұйымдастыру.

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):

1. Механикалық, пневматикалық және гидравликалық бапақтардың пайдалану және конструкция ерекшеліктері.

2. Ұнтақты металлургия участоктарының пештері мен қыздыру құрылғылары.

Әрбір сұрақтың қысқаша мазмұндамасы (анықтамалар, ұғымдар және т.с.с.)

Гидравликалық баспақтар. Гидравликалық баспақтың әрекеті Паскальдың гидростатикалық қысым заңында негізделген: сұйыққа берілетін сыртқы қысымы онымен жан-жаққа бірдей әперіледі. Ұнтақты металдарда жиі күшеюі 39,24 кН–нан 100 МН дейін үстіңгі қысымымен вертикаль баспақтар қолданылады. Төменгі қысымымен баспақтарда жұмыс цилиндрі астыңғы жағында орналасқан, үстіңгі плита тұрақты, ал баспақ үстелі жылжымалы.

Баспақ плунжерін жылжыту үшін жұмыс сұйығын қолданады (су, май немесе эмульсия), судын арзандығына қарамастан оны сирек қолданады, өйткені құбыр жүйесі мен баспақтың конструктивтік тораптарынын күшейтілген бұзылуына әкеліп соғады. Қысым пайда болу үшін май қолданылатын баспақтар кең тараған. Баспалау күшеюі горизонталь немесе вертикаль плунжер түрлі соғыштармен немесе ротациялық насостармен гидравликалық жүйеге әперілетін, қысымы жоғары (20 МПа немесе 32 МПа) немесе төменгі (0,8 МПа), жұмыс сұйығымен жасалынады.

Механикалық баспақтар. Ұнтақты металлургияда кең қолданылатын баспақ – автоматтарды жетек түрі бойынша қосиінді, жұдырықты және фрикционды баспақтарға бөледі. Бұл баспақтардың номинал күшеюі 98,1 ден бастап 981 кН дейін.

Әрекеті қарапайым қосиінді баспақтарда жұмыс қысымын қосиінмен тікелей байланысқан сырғақ-сотан жасайды.

Қосиінді–шатунды механизмнің айналмалы қозғалысы электрқозғағыштан тісті немесе қайысты бір немесе көпсатылы жетек арқылы іске асырылады. Максималды өнімділігі 50 баспақша минутына (әдетте 5 – 10), бұл минутына 5 – 50 жүріс құрайтын баспақтың жұмыс жылдамдығына тәуелді.

Күйежентектеу пештері. Күйежентектеу кезінде периодты немесе тұрақты жұмыс істейтін әртүрлі пештерде ұнтақты пішінді қыздыруға болады.

Әрекеті периодты пештер колокол түрлі, муфельді және шахталы (тигельді) болады.

Күйежентектеу үшін индукциялық қыздыруды қолдану тиімді

2300ºС кезінде Н2 ортасында дайындамаларды күйежентектеу үшін герметикалық корпусы конструкциясы арнайы индуктормен қамтылған пештері қолданылады.

3.1.5 Күйежентектеуші міндеттері. Күйежентектеуші шығарылатын өнімнің әр түрін күйежентектеу үрдісін жүргізу міндет; бар технологиялық инструкциялары мен техника қауіпсіздігі ережелерін білу және қатан оларды орындау; қорғау жабындыларын жасау білу және дайындамаларды тұғырықтарға дұрыс орналастыру, күйежентектелген бұйымдардың техникалық шарттарына сәйкестілігін және ақау пайда болу себептерін анықтау және оны жою жолдарын қарастыру; күйежентектеу пештерінің конструкциясы мен оларды қызмет ету ережелерін білу, соның ішінде пешті тоқтату және іске қосу тәртібін. Күйежентектеуші пештің дұрыс жұмыс істегенін бақылау міндет, бақылау өлшеу аспаптардың көрсеткіштерін ұғу және олардың жалпы әрекет принциптерін білу міндет.

Ең маңыздысы күйежентектеушінің өзінің жұмыс орнында еңбекті тиімді ұйымдастыру, өнімнің жоғары сапасына күресу және электр энергия шығындарын азайту жолдарын қарастыру.

Ыстық баспалау. Ыстық деп негізгі компоненттің қайта кристалдану температурасын асатын температура кезінде металл ұнтақты немесе ұнтақты пішінді баспалауды атайды.

Қыздырылған ұнтақты немесе дайындаманы баспаққалыптарда баспалау ен кен тараған болып табылады. Әдетте қыздыру үшін электр тогын пайданылады. Жие баспаққалыпты дайындау үшін ыстыққа төзімді қорытпалар (баспалаудың салыстырмалы төмен температураларына үшін, 900–1000ºС кем), графиттер, қиын балқитын тотықтар, силикаттар және т.б. міндет атқарады. Баспаланатын материал мен баспаққалып материалымен өзара әрекеттесуін болдырмау үшін,баспаққалыптың ішкі бетін кездейсоқ инертті құраммен жабады (сұйық шыны, эмаль және т.б.) немесе металл фольгамен қорғайды. Кейбір қорғау құрамдар біруақытта сыртқы үйкелісті азайту үшін майлау ретінде қолданылады. Осыдан басқа баспаланатын материалды тотығудан сақтау үшін қорғау орталары немесе вакуумдану қолданылады.



Әдебиет: [2]

Тақырып 8. Ұнтақты бұйымдардың сапасы және оны жоғарлату жолдары.

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):

1. Баспалау және күйежентектеу кезіндегі ақаулар, ақауларды ескерту тәсілдері.

2. Бұйымның механикалық өндеуі.

Әрбір сұрақтың қысқаша мазмұндамасы (анықтамалар, ұғымдар және т.с.с.)

Баспалау кезіндегі ақау түрлері. Ақаудың ең кең тараған түрі қабаттану болып табылады. Қабаттану – бұл баспақша бүтіндігін бұзатын көлдеңен немесе диагональ сызаттар. Олардың пайда болуы баспаққалыпты ұяқалыптан итеріп шығару кезінде екі қарама–қарсы үрдіс өтуімен түсіндіріледі: ұяқалыптан шығатын брикет пен оның алдындағы қысылған ұяқалыптың кеңейтілуі. Сонымен қатар сызаттар пайда болу себептері ретінде технологиялық факторлар және баспақ-қалып пен ұнтақ бұйымдарын құрастыру кезіндегі қателер болады.

Баспалау кезінде баспақшаның жеке орындарында жиі тығыздықтың біркелкісіздігі мен баспаланғаны байқалады. Бұл баспаққалып көлемі бойынша ұнтақтың біркелкісіз таратылуымен, төменгі баспалау күшімен немесе тірекке дейін баспалау кезінде төмендетілуімен түсіндіріледі. Ұнтақтың қаттылығы жоғарлау жағдайында серпінді кейінгі әрекет артуымен, баспаққалыптың дұрыс емес өлшемдері немесе конструкциясымен, ұнтақты мөлшерлеу дәлсіздігімен немесе баспалау тәртібін бұзуымен байланысқан өлшемдері бойынша ақау пайда болуы мүмкін.

Ұяқалыптың көтермелері баспақша бетіндегі көп санды кескенділермен пайда болуына әкеліп соғады, ал сотанның жұмыс бетін сапасыз өңдеу – баспақша бүйіріндегі, әсіресе жиектерінде сынақ пайда болуына әкеледі.

Ақау пайда болу кезінде оның пайда болу себептерін анықтап, оларды жою шараларын қолдану қажет. Баспалау кезіндегі ақау 2-3% құрайды. Көп жағдайда, бірақ әрқашан емес, ақаулы баспақшалар лайықты ұсақтату мен үгітуден кейін өндіріске қайта оралады. Осында алынатын ұнтақ кейде кішірек порцияларымен бастапқы материалға қосылады.

Күйежентектеу кезіндегі ақау және оны болдырмау жолдары. Күйежентектеу – ұнтақ металл әдісімен бұйымдарды өндірудің технологиялық схемасының соңғы негізгі операциясы. Сонымен күйежентектеу кезінде қыздыру режимін бұзу нәтижесінде ақаулар пайда болу мүмкін.

Жасырылған қабаттасу – күйежентектелген бұйымда сызаттар пайда болды. Ақау түзетілмейдСоңына дейін күйежентектелген – күйежентектелгенбұйымның тығыздық және беріктік талаптарын бұзу. Берілген температура немесе төмендету белгілі уақытына дейін қайта күйежентектеумен түзету мүмкін.

Аса қыздыру – күйежентектеу белгілі температурасын жоғарлау кезінде қалыпты құралымын бұзу. Ақау түзетілмейді.

Қабықша – күйежентектелген шанақтың сыртқы құрамынан ерекше қабықша пайда болады. Ақау түзетілмейді.

Шалыстық – бұйымның керекті геометриялық өлшемдерін бұзылуына әкеліп соғатың пішінің өзгеруі. Бұл ақау тегістеу немесе қысыммен өңдеу әдістерімен түзету мүмкін.

Терлеу – қыздырылған бұйымның бетінде сұйық фазаның бөлінуі. Ақау түзетілмейді.

Дөңкею – күежентектелген бұйымның бетінде пузырь пайда болу. Себептері – сұйық фазалы күйежентектеу кезінде қарқынды газ бөлінуі. Ақау түзетілмейді.

Дуффузиялық кеуектілік – диффузия коэффициенті әртүрлі материалдардан тұратын ұнтақты пішінді күейжентектеу кезінде пайда болатын кеуектілік. Ақау түзетілмейді.

Көміртексіздендіру – пештің ыстық аумағында Н2О және СО2 жоғары боғандықтан қыздырылған дайындаманың сыртқы қабаттарында көміртек С мөлшері азаюі. Тиеу тұғырықтарың үстінгі жағында орналасқан бұйымдарда көміртексіздендіру жоғары болады. Бұны жою үшін тұғырықтарды қақпақтармен жабады, сонымен қатар құрамында көміртек бар қорғау жабындыларын қолданылады. Аз көміртексіздендірілген материалдарды (дайындамаларды) көміртекті жабындыларда күйежентектеу жолымен түзетуге болады.

Қышқылдану – күежентектелген бұйымның бетінде окалина және коррозия пайда болу. Бұл күйежентектеу кезінде газ ортаның құрамы бұзылуымен байланысқан. Кейбір жағдайларда бұл ақауды қалпына келтіру атмосферада бұйымды қайта қыздырумен түзетуге болады.

Ұнтақты металлургияда өнделетін бөлшектер минималды қосымша механикалық өңдеуді талап етеді. Кеуектер болуы өңдеу үрдісін қиындатады.

Кесуді қатты қорытпалармен немесе алмазды аспаппен өткізу керек, бұл жоғары таза бетті алуды қамтамасыз етеді.

Өнімділігі жоғары центрсіз тегістейтін орнактарда ұнтақты бұйымдарды тегістеу тиімді. Анодты механикалық, электр эрозиялық және өңдеудің басқа түрлерін қолданылады.

Шалыстық дегеніміз күйежентектелген бұйымды анықты өлшемдерге және бетінің сапасына дейін қысу. Осыдан басқа калибрлеу бұйымның физика химикалық қасиеттерін және сыртқы қабаттарын жақсартады. Оны биіктігі, сыртқы және ішкі беттері бойынша немесе екі жақтан бір уақытта өткізеді.

Жие бөлшектерді пішіндеу күшінен 10–30% құрайтын күш кезінде механикалық баспақтарда калибрлейді.



Әдебиет: [2]

7. Тәжірибелік сабақтарының мазмұны, олардың сағаттық көлемі



Тақырып 1. Ұнтақты материалдар мен бұйымдарды баспалау технологиясы. Ұнтақты қоспалардың жүктемесін салмақты және көлемді тәсілімен шешу. Баспалау күшеюін анықтауына есептерді шешу, 2 сағат

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):

1. ұнтақты материалдар мен бұйымдарды баспалау технологиясы және баспалау күшеюін анықтауына есептерді шешу.



Тапсырмалар:

1. Ұсталық қалыптау жабдықтарында қозғау, жетектеу және орындау механизмдері.

2. Ұсталық қалыптау жабдықтардың параметрлері.

3. Механикалық және гидравликалық баспақтар мен тоқпақтардың әсері.

4. Механикалық және гидравликалық баспақтар мен тоқпақтардың және ротоциялық машиналардың топтастырылуы.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар (қысқаша)

1. Антифрикциялық ұнтақ материалдары үйкелісте аз шығындармен бұйымдарды өңідру үшін арналған, олардың негізгі белгісі – салыстырмалы үйкеліс коэффициентінің аздығы. Ұнтақ металлургиясының дәл осы тәсілі жақсы жұмысалуы, жоғары тозуға төзімділігі, аз және тұрақты үйкеліс коэффициенті, ұстасуға жақсы кедергілену және басқа да пайдалы қасиеттері әр түрлі химиялық құрамы бар антифрикциялық бұйымдарды жасау үшін ең тиімді болып табылады.

Шикіқұрамдағы мыс қосындысы бұйым беріктігін арттырады. Құрамында 5 – 7% Cu бар үлгілер тиімді деп саналады, себебі бұл жағдайда материал беріктенеді және жылу өткізгіштігі артады. Жұмыс жағдайында мыстың көп бөлігі білікке жабысып, материалдың үйкеліске қарсылығын арттырады

Әдебиет: [10].

Тақырып 2. Ұнтақты материалдар мен бұйымдардың күйежентелуі. Ұнтақтың механикалық қоспалары негізінде ұнтақты қорытпаларды күйежентектеу теориясының негізгі орналасуы. Күйежентектеу температурасын және жылдамдығын есептеу, 2 сағат

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):

1. Күйежентектеу температурасын және жылдамдығын есептеу.



Тапсырмалар:

1. Ұсталық қалыптау жабдықтарында қозғау, жетектеу және орындау механизмдері.

2. Ұсталық қалыптау жабдықтардың параметрлері.

3. Механикалық және гидравликалық баспақтар мен тоқпақтардың әсері.

4. Механикалық және гидравликалық баспақтар мен тоқпақтардың және ротоциялық машиналардың топтастырылуы.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар (қысқаша)
Әдебиет: [10].
Тақырып 3. Ұнтақты бұйымдарды жобалау. Ұнтақты металлургия әдістерімен бұйымдарды жасау технологиялығын бағалау. Ұнтақты дайындамалар мен бөлшектердің конструктивтік ерекшеліктері. Негізгі технологиялық параметрлердің қиындық тобын және баспалау (пішіндеу) сұлбасын анықтау, 2 сағат

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):

1. Металл ұнтақтарының гранулометриялық құрамын ситолық анализ әдісі бойынша бағалаумен танысу, ұнтақтың аққыштығы мен себу тығыздығын бағалау, металл ұнтақтарының маркалануымен танысу.



Тапсырмалар:

1. Ұнтақты бұйымдарды жобалау.

2. Ұнтақты металлургия әдістерімен бұйымдарды жасау технологиялығын бағалау.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар (қысқаша)

Әдебиет: [10].

3 Тәжірибелік жұмыс.

Жұмыс мақсаты: ұнтақты дайындамалар мен бөлшектердің конструктивтік ерекшеліктері. Негізгі технологиялық параметрлердің қиындық тобын және баспалау (пішіндеу) сұлбасын анықтау.



Тақырып 4. Ұнтақты материалдар мен бұйымдарды баспалау технологиясы. Ұнтақты қоспалардың жүктемесін салмақты және көлемді тәсілімен шешу. Баспалау күшеюін анықтауына есептерді шешу, 2 сағат

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):

1. Металл ұнтақтарының гранулометриялық құрамын ситолық анализ әдісі бойынша бағалаумен танысу, ұнтақтың аққыштығы мен себу тығыздығын бағалау, металл ұнтақтарының маркалануымен танысу.



Тапсырмалар:

1. Ұсталық қалыптау жабдықтарында қозғау, жетектеу және орындау механизмдері.

2. Ұсталық қалыптау жабдықтардың параметрлері.

3. Механикалық және гидравликалық баспақтар мен тоқпақтардың әсері.

4. Механикалық және гидравликалық баспақтар мен тоқпақтардың және ротоциялық машиналардың топтастырылуы.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар (қысқаша)
Әдебиет: [10].

4 Тәжірибелік жұмыс. Баспаққалыптарды құру. Қалыптау әбзелдердің негізгі элементтерін анықтау. Тиеу камерасының биіктігін есептеу. Қарнақ диаметірін анықтау. Отырғызу мен серпімді нәтижесін есептеуімен ұяқалып пен сотанның орындаушы өлшемдерін есептеу. Беріктікке қалыптарды есептеу. Өндірістік қалыптар мен баспаққалыптардың конструкциясын зерттеу.

Жұмыс мақсаты: отырғызу мен серпімді нәтижесін есептеуімен ұяқалып пен сотанның орындаушы өлшемдерін есептеу.



Тақырып 5. Ұнтақты материалдар мен бұйымдарды баспалау технологиясы. Ұнтақты қоспалардың жүктемесін салмақты және көлемді тәсілімен шешу. Баспалау күшеюін анықтауына есептерді шешу, 2 сағат

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):

1. Металл ұнтақтарының гранулометриялық құрамын ситолық анализ әдісі бойынша бағалаумен танысу, ұнтақтың аққыштығы мен себу тығыздығын бағалау, металл ұнтақтарының маркалануымен танысу.



Тапсырмалар:

1. Ұсталық қалыптау жабдықтарында қозғау, жетектеу және орындау механизмдері.

2. Ұсталық қалыптау жабдықтардың параметрлері.

3. Механикалық және гидравликалық баспақтар мен тоқпақтардың әсері.

4. Механикалық және гидравликалық баспақтар мен тоқпақтардың және ротоциялық машиналардың топтастырылуы.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар (қысқаша)

Әдебиет: [10].

5 Тәжірибелік жұмыс. Ұнтақты металлургия участоктарының технологиялық жабдықтары. Қажетті күшеюі, жабық биіктігі, қалып кеңістігі және сағатты өнімділігі бойынша баспақты таңдау. Ұнтақты металлургия участогындағы жабдықтарының құрылымы. Жабдықтың негізгі сипаттамалары.

Жұмыс мақсаты: ұнтақты металлургия участоктарының технологиялық жабдықтарының негізгі сипаттамаларын білу.



Тақырып 6. Жабдықтарды тандау. Ұнтақты металлургия участоктарының пештері мен қыздыру құрылғылары. Ыстықтай баспалаудың жолдары және автоматтандырылған құрылғылары. Ұнтақты металлургияның өндірістік участоктары. Жабдықтарды ыңғайлату және орналастыру ерекшеліктері. Ұнтақты металлургиядағы техника қауіпсіздігі, 3 сағат

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):

1. Ұнтақты металлургия участоктарының пештері мен қыздыру құрылғыларын конструкциясын танып білу.



Тапсырмалар:

1. Ұсталық қалыптау жабдықтарында қозғау, жетектеу және орындау механизмдері.

2. Ұсталық қалыптау жабдықтардың параметрлері.

3. Механикалық және гидравликалық баспақтар мен тоқпақтардың әсері.

4. Механикалық және гидравликалық баспақтар мен тоқпақтардың және ротоциялық машиналардың топтастырылуы.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар (қысқаша)
Әдебиет: [10].

Тақырып 7. Ұнтақты бұйымдарының сапасын бақылау. Ұнтақты бұйымдарының макро- және микроқұрылымын зерттеу. Физикалық және химиялық қасиеттерін бағалау. Ақаудан алдынала ескерту және түзету тәсілдері, 2 сағат

Жоспар (қарастырылатын сұрақтар тізімі):

1. Ұнтақты бұйымдарының макро- және микроқұрылымын зерттеу.



Тапсырмалар:

1. Ұсталық қалыптау жабдықтарында қозғау, жетектеу және орындау механизмдері.

2. Ұсталық қалыптау жабдықтардың параметрлері.

3. Механикалық және гидравликалық баспақтар мен тоқпақтардың әсері.

4. Механикалық және гидравликалық баспақтар мен тоқпақтардың және ротоциялық машиналардың топтастырылуы.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар (қысқаша)

Әдебиет: [10].
8. Өздік жұмысының тапсырмалары
Тақырып 1. Кіріспе. Қобылау орнақтары.

Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:

1. Сұрақтарды қарастыру:

1) Винтті илемдеу орнақтарында дайындамаларды қобылау.

2) Дайындамалар мен құбырларды баспақтарда қобылау.

2. Осы сұраққа арналған оқулықтардағы бөлімдерді, дәріс конспектісін оқу.

3. Реферат жазу.
Тақырып 2. Автоматты орнақтар.

Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:

1. Сұрақтарды қарастыру:

1) Автоматты орнақтың дөңгелек калибрында құбырларды илемдеу.

2. Осы сұраққа арналған оқулықтардағы бөлімдерді, дәріс конспектісін оқу.

3. Реферат жазу.



Өздігінен меңгеру үшін білім алушыларға ұсынылатын тақырыптардың тізімі
2 Тақырып. Ұнтақты металлургияның бастапқы материалдары.

1) Металл ұнтақтарын өндіру және олардың қасиеттері.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 10 – 129 бет.

3 Тақырып. Ұнтақты материалдар мен бұйымдарды баспалау технологиясы.

1) Металл ұнтақтарын пішіндеу.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 131– 165 бет.

,4 Тақырып. Ұнтақты материалдар мен бұйымдардың күйежентектелуі.

1) Күйежентектеу.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 169 – 215 бет.


9. ООӨЖ (ОӨЖ ООӨЖ 25%құрайды)




Сабақ түрі

дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жұма

сенбі

1.

Дәріс сұрақтары бойынша кеңес беру













14.45

15.35





2.

Тәжңрибелік сұрақтары бойынша кеңес беру













14.45

15.35





3.

ОӨЖ сұрақтары бойынша кеңес беру



















4.

Тестілеу тапсырмаларының сұрақтары бойынша кеңес беру







11.30-

12.20












10. Оқушылардың білімдерін тексеру кестесі
Дәріске қатысу және тәжірибелік (семинар, зертханалық, жеке, студиялық) бөлігі 0 – 100 балға бағаланады.
Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі




Жұмыс түрі

Тақырып, мақсат және мазмұны

Ұсынылатын әдебиет

Орындаудың ұзақтығы

Бақылау түрі

Тапсыру мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

1

Реферат

Винтті илемдеу орнақтарында дайындамаларды қобылау. Автоматты орнақтың дөңгелек калибрында құбырларды илемдеу.




4 апта



4 апта

3

Реферат

Үздіксіз орнақтарында құбырларды илемдеу.




4 апта




8 апта

4

Реферат

Пилигримді орнақтарында құбырларды илемдеу.




4 апта




8 апта

5

Межелік бақылау

Модуль 1,2







тестілеу

8 апта

6

Реферат

Стакандарды рейкалы орнақтарында жаю.





4 апта




12 апта

7

Реферат

Құбырларды редукциялау және калибрлеу.




4 апта




12 апта

8

Реферат

Құбырларды суықтай илемдеу. Пісіріліп жасалынған құбырларды өндірудің жалпы сұрақтары




3 апта




15 апта

9

Межелік бақылау

Модуль 3,4







тестілеу

15 апта

12. Оқушылардың білімдерін бағалау критерийлері

Пәнді оқытуы барлық өткен материалды тестілеу түріндегі емтиханмен аяқталады. Бағдарламаларда ескертілген барлық тапсырмаларды орындау емтиханға жіберу үшін міндетті шарты болып табылады. Әрбір тапсырма 0 – 100 балға бағаланады.

Ағымдағы сабақтарда (дәріске қатысу, үй жұмыстары, ОӨЖ бойынша тапсырмалар, тәжірибе бойынша тапсырмалар және т.б., межелік бақылау) барлық тапсырмаларды орындалғанның орта арифметикалықтан жіберу рейтингі шығарылады.

Пән бойынша қорытынды бақылауға (ҚБ) жұмыс оқу бағдарламасының барлық талаптарын (барлық зертханалық (тәжірибелік) жұмыстарды, СӨЖ бойынша тапсырмалар мен жұмыстарды орындау және қорғау) орындаған, курстық жобаны (жұмысты) қорғаңан үшін оң бағалар алған және жіберу рейтингін (50 балдан төмен емес) жинаған студенттер жіберіледі.

Әрбір пән бойынша (соның ішінде қорытынды бақылау түрі ретінде МЕ болатын пәндерде) студенттердің оқу жетістіктерінің деңгейі қорытынды (Қ) бағамен анықталады, ол ЖР және ҚБ үлес салмақтарын есепке ала (ЖРҮС және ҚБҮС) олардың бағаларынан (емтихан, дифференциалданған сынақ немесе курстық жоба/жұмыс) қалыптасады
Қ = ЖР·0,6 + ҚБ·0,4
Үлес салмақтары жыл сайын университеттің ғылыми кеңесімен бекітіледі және ЖР үшін 0,6 аспау, ал ҚБ үшін 0,3 төмен болмау қажет.

Курстық жоба/жұмыс комиссия алдында қорғалады. Жетекші пікірін есепке ала көрсетілген білімдеріне сәйкес баға қойылады.

Егерде жіберу рейтингі және қорытынды бақылау бойынша оқушы тек қана оң бағаға ие болған жағдайда пән бойынша қорытынды баға есептеледі. Қорытынды бақылауға

Қорытынды бақылауды себепсіз босату «қанағаттанарлықсыз» бағаға тең деп есептеледі. Пән бойынша аралық аттестация және емтихан нәтижелері дәл сол күні немесе келесі күні, егер жазбаша емтихан түстен кейін өткізілсе, студенттерге жеткізіледі.

Межелік бақылаудағы (рейтингтегі) және қорытынды емтихандағы студенттің білімдеріне қорытынды бағаны түзу есептеу үшін 0 ден 100% дейін пайыз арқылы бағаланады.

Межелік бақылаудың бағасы ағымдағы бағаларынан және межелік бақылаудың бағасынан қалыптасады.

Пән бойынша оқу жетістіктері, яғни студенттердің білімдері, дағдылары және құзыры, оның цифрлік эквивалентіне және бағалардың дәстүрлі бағанасына адекватты көпбалды әріптік жүйесі бойынша бағаланады.


Әріптік жүйесі бойынша баға

Балдардың цифрлік эквиваленті

Пайыздық мөлшері

Дәстүрлі жүйесі бойынша баға

A

4,0

95–100

Өте жақсы

A–

3,67

90–94

B+

3,33

85–89

Жақсы

B

3,0

80–84

B–

2,67

75–79

C+

2,33

70–74

Қанағаттанарлық

C

2,0

65–69

C–

1,67

60–64

D+

1,33

55–59

D

1,0

50–54

F

0

0–49

Қанағаттанарлықсыз


11. Оқытушы талаптары, саясаты және рәсімі
Нұсқа

Оқушылар барлық аудиториялық сабақтарына кешікпей қатысу міндетті болып табылады. Сабақты босатқан жағдайда деканат орнатқан тәртібіне сәйкес еңбекпен өтеу. Максималды тек қана екі сабақты босату мүмкін. Екі сабаққа кешігіп келу бір сабақты босатқанына тең деп саналады. Егерде екі сабақтан астам қатыспау жағдайда оқытушы келесіде, сұрақтын әкімшілік шешуіне дейін, студентті сабаққа жібермеуге рұқсат. Дәрістерде, осы курс студенттерінің контингентіге кірмейтін, бөтен адам қатысуына тыйым салынады.

Жұмыстарды белгілі мерзімде тапсыру қажет. Барлық тапсырмалардың ең соңғы тапсыру мерзімі – емтихан сессиясы басталуына дейін 3 күн.

Барлық тапсырмаларды тапсырмаған, және курстық жобаны/жұмысты қорғамаған студенттер емтиханға жіберілмейді.

Әрбір оқу сабағы бойынша тақырыптарды қайталау және өткен материалды қайтадан орындау міндетті. Оқу материалдарды игеру дәрежесі тест немесе жазбаша жұмыстары арқылы тексеріледі. Студенттерді тестілеу ескертусіз өткізуге рұқсат.

Оқытушы басшылығымен студенттердің өздік жұмыстарын (ОСӨЖ) орындау кезінде келесі негізгі төрт функцияларын есепке алу керек.

Біріншісі – оқу пәні бойынша өткізілген сабақтар кезінде алынған оқытушының ақпаратын студенттердің белсенді қабылдауының жүзеге асыруын болжайды.

Оқытушы ұсынысы негізінде студенттер өздігінен оқу әдістемелік құралдарын, әдеби көздерін оқып, үй тапсырмаларын, бақылау және курстық жобаны/жұмысты орындайды деп екінші функция ескереді.

Студенттердің қиын жағдайларын талдау және жүйелеу, оқу материалдарды олар түсінуіне және меңгеруіне, басқа оқу амалдарын орындауындағы қиыншылықтар пайда болу себептерін анықтау студенттердің үшінші функциясы болып табылады. Студенттер шешілмейтін қиыншылықтарды оқытушыға арналған сұрақтар жүйесіне аударады, осы сұрақтарға өзіндік жауаптар нұсқаларын қалыптастырады.

Оқытушыдан сәйкесінше түсініктемелерді, кеңестерді сұрау студенттердің төртінші функциясы болып табылады.
12 Әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер


  1. Целиков А.И., Полухин П.И. и др. Машины и агрегаты металлургических заводов, М.: Металлургия, 1978 т.3.Машины и агрегаты для производства и отделки проката – М.: Металлургия, 1988, 680 с.

  2. Королев А.А. Конструкция и расчет машин и механизмов прокатных станов.– М.: Металлургия, 1985 –376 с.

  3. Притыкин Д.П. и др. Механическое оборудование заводов цветной металлургии, ч. 2. Механическое оборудование цехов по обработке металлов давлением. М.: Металлургия, 1988, 324с.

  4. Королев А.А. Механическое оборудование прокатных и трубных цехов – М.: Металлургия, 1987, 480 с.

  5. Шевакин Ю.Ф., Коликов А.П. и др. Производство труб. – М.: Интермет инжиниринг, 2005 – 568 с.


Қосымша әдебиет


  1. Целиков А. И., Смирнов В.В. Прокатные станы – М.: Металлургиздат, 1958.- 432 с.

  2. Целиков А.И. , Зюзин В.И. Современное развитие прокатных станов – М.: Металлургия, 1987, 396 с.

  3. Вердеревский В.А., Глейбер А.З., Никитин А.С. Трубопрокатные станы – М.: Металлургия, 1983, 240 с.

  4. Потапов И.Н., Полухин П.И. Технология винтовой прокатки. - М.: Металлургия, 1964, 488с.

  5. Основы металлургии т.7 Технологическое оборудование предприятий цветной металлургии М.: Металлургия, 1975, 1008с.

Гребеник В.И. и др. Расчеты металлургических машин и механизмов. – Киев: Вища 12 Әдебиет
Негізгі

1 Кипарисов С.С., Либенсон Г.А. Порошковая металлургия - М.: Металлургия,1980 - 496 с.

2 Либенсон Г.А. Основы порошковой металлургии. – М.: Металлургия, 1987-208 с.

3 Ермаков С.С., Вязников Н.Ф. Порошковые стали и изделия. – Л.: Машиностроение, 1990 –320 с.

4 Дорофеев Ю.Г., Гасанов Б.Г. и др. Промышленная технология горячего прессования порошковых изделий. - М.: Металлургия, 1990-206 с.

5 Бальшин М.Ю., Кипарисов С.С. Основы порошковой металлургии - М.: Металлургия, 1978- 184 с.


Қосымша

6 Васильев Д.И., Тылкин М.А., Тетерин Г.П. Основы проектирования деформирующего инструмента – М.: Высшая школа, 1984 –223 с.

7 Либенсон Г.А. , Панов В.С. Оборудование цехов порошковой металлургии. – М.: Металлургия, 1983-264 с.

8 Клячко Л. И., Уманский А.М., Бобров В.Н. Оборудование и оснастка для формования порошковых материалов - М.: Металлургия.1986 –336 с.



9 Девятов В.В. Малоотходная технология обработки материалов давлением – М.: Машиностроение, 1986- 288 с.

10 Тылкин М.А, Васильев Л.И. и др. Штампы для горячего деформирования металлов – м.: Высшая школа, 1977 –496с.
Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Жұмыс бағдарламасы қазақстан тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған
umk -> Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07
umk -> Жұмыс бағдарламасы шет елдер тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> АќША, несие, банктер
umk -> Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы
umk -> Web-технологияныњ ±ѓымдары
umk -> Программа дисциплины для студентов
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Јдістемелік нўсќаулыќ


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет