Қазақ – поляк драмаларындағы абсурд



жүктеу 117.38 Kb.
Дата16.09.2017
өлшемі117.38 Kb.


ҚАЗАҚ ПОЛЯК ДРАМАЛАРЫНДАҒЫ АБСУРД
Шапауов Ә.Қ., Бөкен Г.С.

Көкшетау қ., Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті



asya_2309@mail.ru
Қазақ-поляк әдеби байланысы бастаулары славян әлемі мен түркілердің тарихи, мәдени тамырластығында жатыр. Екінші жағынан, Қазақстан мен Польша субъективті және объективті мәселелерге байланысты, тарих толқынында қалай тоғысуы мүмкін? Қазақ тілінің түркі тілдер тобына, ал поляк тілі славян тілдерінің батыс тармағына жатады. Шекаралық алшақтықпен қатар, түркі пен славян ұлттарының менталитеттері де басқа. Дегенмен, кейбір қазақ-поляк драмаларын, оның ішінде, С.Мрожек пен Қ.Мұхамеджанов, С.Адамбеков пен С.Мрожек, С.Мрожек пен С.Жүнісов, Ш.Хұсайынов пен С.Мрожек шығармаларын талдай отырып, ондағы тақырыптық, өзекті мәселелерді пайымдауда, бейне жасауда, қаһарманның тағдырын, оның ішкі жан дүниесі мен психологиялық жай-күйін, әсіресе, абсурдтық іс-әрекеттер мен ойларды беруде біршама ұқсастықты байқаймыз.

Күнделікті тіршілікте, біз, жиі абсурдық (ақылға сыймайтын) біртүрлі, ойға сыйымсыз (әділетсіздік, жолы болмаушылық, тұйыққа тірелу) жайттарымен ұшырасамыз. Аталған мәселелерді тағдырға, жеке бір адамдардың адамгершілікке жат әрекеттеріне, тіпті тәрбие мен моральдық құлдырауға жатқызып жатамыз. Бірақ, ғылым мен пәлсафа мұны ерекше бір дүниеге балап, оны «абсурдты - әлеуметтік шындықтың атрибуттық бейнесі» [1:44] дейді. Еуропалық сөздіктерде, «absonus» какофоникалық және «surdus» «саңырау» [2], немесе, «түсініксіз дыбыстардың мазасыз соғып, естімейтін күйге жеткізілуі» делінеді. Ал жалпы абсурд ежелгі гректерде «беймәлім нәрсе, ғарыш пен ретсіздіктің қарама-қарсылығы» делінсе, ХІХ ғасырдың басында адам мен әлем арасындағы эстетикалық категория (К. Розенкранц), ХХ ғасыр басында «реттелмейтін келіспеушілік» [3:69] ретінде философтар (Г.Марсель, У. Фолкнер, С. Беккет, Э. Ионеско, Ф. Кафка, Х. Кортасар, Х. Борхес, П. Пикассо, С. Дали және т.б.) пайымдаса, француз философы А.Камю өзінің «Сизиф туралы аңызында» [4] абсурдқа толық тоқталған-ды.

Кейінірек, 1960-80 жылдары «Абсурд театрының» негізін қалаушылардың бірі – поляк драматургі Славомир Мрожектің «Хочу быть лошадью» [5] шығармалар жинағына енген пьесалары мен қазақ драматургтерінің арасында Шахмет Құсайыновтың «Құлпырма тон», Қалтай Мұхамеджановтың «Бөлтірік бөрік астында», Садықбек Адамбековтың «Бір түндегі төрт төбелес», «Күн мен көлеңке») және Сәкен Жүнісовтің «Қысылғаннан қыз болдық» сатиралық комедияларын зерделей келіп, кейіпкерлердің іс-әрекеттеріндегі кейбір абсурдтық дүниелерді байқадық. Бағамдасақ, әлемдік теориялық еңбектерде [6] комедияның: лирикалық, қаһармандық, отбасылық-тұрмыстық, сатиралық, комедия-буффонада, комедия-фарс т.б. түрлері бар деп ескерсек, онда жоғарыдағы шығармалар отбасылық-тұрмыстық комедияға тиесілі. Ал егер қоғамдық өмірдегі абсурдтың жағдаяты тұрғысынан қарастырсақ, ол абсурдқа тән.

Мәселен, Қ.Мұхамеджановтың «Бөлтірік бөрік астында» пьесасында мансап қуған қалақұмар білімді де мәдениетті жас жігіт Сапардың ауылда айы-күні жетіп отырған жары Раушанды жасырып, Алматының ару бойжеткені адал да сенгіш, ақылды да сұлу қыз Жәмиләға үйленбек болған әрекеті – арсыздық, адамдық болмыстың құлдырауы. Мұны ауылдан хатты оқып отырған Cапардың ойынан танимыз: «...Жоқ, Сапар, өзің мықты бол!... Шынтуайтқа келгенде, сен түгіл, ортан қолдай жазушы да, артис те, айта берсең академиктердің де әйелінен ажырасып жатқандары, тіпті екі-үш қайтара үйленгендері де бар. Бақсақ, ол да өмірдің заңы. Ертең аспирантура!. Кандидат, доктор! Кім боп кетейін деп жүрмін, жаным-ау! Раушан екі қабат болмақ түгіл, төрт қабат болса да, менің қазіргі рухани дүниеме нәр бере ала ма? Мен үйленгенде колхоздың есепшісі еді ол, әлі сол күйі. Ал Сапар ше? Қой. Ендігі жерде Сапарға керегі Жәмиләдай оқыған, мәдениетті адам. Әкесі де Алматының мықтысы, тым болмаса сол мықтының көмегімен де біраз жерге барамын ғой» [7:121]. Бұл орайда, Сапардың әрекеті поляк драматургы С.Мрожектің «Кароль» пьесасындағы көз дәрігерінің қылыңымен ұқсас. Кейіпкер Окулист: «Все равно у него был неизлечимый случай отслоения роговицы. Правда, удар при падении мог ускорить ход болезни. Но кто поручится, что завтра он не упал бы на лестнице и роговица не отслоилась бы полностью? Так или иначе, помочь ему было нельзя (пауза). Кроме того, он мог бы и не прийти. Он не был на сегодня записан. Я тоже рисковал (пауза). И хоть и близорук, но еще жив» [8]. Көрсеқызар, алдампаз, екіжүзді, жылпос Сапар ар-ұят пен адамгершіліктен аттап, бейкүнә сәбиіне де аяушылық жасамаса, С.Мрожектегі көз дәрігері өз жаны үшін кімді болса да сатып кетерлік абсурдтық әрекеті мен өзін-өзі ақтап алуда, тіпті, жазықсыз науқасына бар кінәні артады.

«Абсурд» ұғымы адамның шынайы өмірде «мағынасыз, ойсыз әрекеттерге» баруымен де байланысты: «нечто настолько не соответствующее действительности, что оно воспринимается как явление бессмысленное, ненормальное в условиях реального мира» [6:1]. С.Мрожектің «Летний день» пьесасында, өмірден көңілдері қалып, тағдырларына кінә артқан үш адам (Жолы болғыш, Жолы болмайтын, Бикеш) жаздың шуақты күндерінің бірінде Швейцарияның демалыс орындарының бірінде кездесіп қалады. Оқиға өмір бойы үнемі белгісіз сәтсіздіктерге ұшырап, Жолы болмайтын мен «керемет өмірден» шаршаған үнемі Жолы болғыш екеудің кездейсоқ бақта кездесуінен басталады. Жолы болмайтынның алғашқы монологы мен әрекетінен, оның «ессіздігін» (өз-өзіне аяушылық білдіреді), абсурдтық санасын байқаймыз, Жолы болғышқа: «И вы ни о чем не спрашиваете? (Пауза). Вас это не интересует, да? Вас совершенно не касается, чем я занимаюсь... Вы видите, что я делаю, но это не производить на вас никакого впечатления. Каждый вправе делать то, что ему хочется, не так ли?(Пауза) Особенно в общественном месте, да? Наверняка вы думаете: «Я ведь ему не мешаю, зачем же он мешает мне?» Вы мной, наверное, возмущены, находите, что я назойлив, плохо воспитан, мешаю вам... Почему вы не вмешиваетесь?..Почему допускаете, чтобы я...»[5].

Немесе, сұлу бикешке құмар болған оған: «Уд: На твоем месте я бы немного потренировался, прежде чем она придет. Когда ты пыталсы плавать в последний раз? Неуд: Плавать?Двадцать лет тому назад... Ничем я не рискую. Одно ее присутствие придаст мне сил. При ней я все смогу. Это просто чудо!» [5],-деп мақтанғанымен, ақыры суда жүзе алмай, батып кетеді. Қапыда өлім құшады. Абсурд! Абсурдтық өлім. Сол сияқты С.Адамбековтың «Күн мен көлеңке» комедиясында, біз, Тұман образы арқылы өз бас пайдасы үшін күллі отбасының сезімімен ойнаған, адамшылық қасиеттерден жұрдай қоғамдағы индивитті көреміз. Пьесаның басында Тұманға кейіпкерлермен бірге, біз де сенеміз: «Тұман (қарсы келе жатып) Тұманың ғой бұл. Апатайым аңсадым...//Жиенжан, өрісім менің, жайлауым (ішкі қалтасынан сурет, газеттер алып). Міне, қалқам, сенің жіберген суреттерің. Апамды айтпай таныдым. Мынау әкең герой болғанда, суреті басылған «Правда». Осы «Правда» ғой бізді табыстырған...»[10]. Тек пьесаның шарықтау шегінде ғана Қырғызбайдың сөзінен, оның алаяқ екені әшкереленеді: «Күн көрместен түнде жортқан қасқыр. Салқын белді шулатып, жасыл көлді лайлап, жеткен жерің осы ма? Мықты ауылда, мықтап түсіпсің қақпанға. Бұл бетіне көн жапсырған пәтшағар, менің әскердегі баламның атын жамылып жүрген алаяқ. Ырғызбайдың Тұманы. Менің баламның басқан ізінен садаға кетсін! (Тұманға). Хат қайда, газет суреттерін неге ұрладың, бәтшағар?! Қараңдаршы, осының жаны толған жалған мандат... [10:311].

Поляк зерттеушісі М.Стафецкая: «Абсурд — покинутость в отчаянии, тщетность любых усилий что-либо изменить. Человек мал и ничтожен, и его гордыня смешна, и только смирение, признание старшинства бытия, ученичество может его спасти, помочь ему выстоять» [11:2],-дей келіп, абсурдты адамның күйзелісіне де балайды. Әсіресе, бұл С.Мрожектің «Стриптиз» пьесасынан да айқын көрінеді. Есімі жоқ екі кейіпкер белгісіз жағдайда бір бөлмеге қамалып қалады. Алғашында жұмбақ қамалуға таңырқай қараған екеуі, мұндай жағдайға қалайша тап болғандарын талқылай бастайды. Біреуі жағдайға мойынсұнып отырса, екіншісі шығуға әрекет жасап, аяқ киімін есікке лақтырады. Сол кезде бекітулі есіктен «алып қол» көрініп, екінші адамды өзіне шақырады. Екіншісі келген кезде, оған аяқ киімі мен белдігін беруді бұйырып, оны алып кетеді. Көп кешікпей әлгі «қол» біріншінің де аяқ киімі мен белдігін сұрайды. Ол болса, басында бергісі келмейді: «...Я протестую. Хочу еще подчеркнуть: стук – это не я. Непонятно, почему я должен отдавать ботинки? (Нагибаясь, чтобы развязать шнурки). Я дорожу моей внутренней свободой. Сейчас! Сейчас! Вы же видите – шнурок запутался. Лично на вас я не в претензии, поскольку знаю, что себя мне упрекнуть не в чем»[5]. Одан кейінгі кейіпкерлердің әрекеті тым аянышты... Бостандықтан қорқып, «қолдың» бұйрығына көнген екеуі бар киімдерін шешіп қана қоймай, өз еріктерімен қолдарына кісен салдырып, бастарына қағаз қалпақтар киіп, «қолдың» ғана емес, өз қорқыныштарының «құлына» айналады: «1.Зовет нас. 2.Пошли? 1.Зовет нас. 2.Если зовет, надо идти» [5].

Ал С.Жүнісовтың «Қысылғаннан қыз болдық» комедиясында милиционер Алтынбектің ауыл өнерін өркендету жолында аяқ астынан «қызға айналуы» езуімізге күлкі үйіреді: «Директор... Ал, Алтынбек, сенің атың – бүгіннен бастап, Алтын //Алтынбек. Ал-ты-ын?..//Директор (Алтынбекке). Сен бүгіннен бастап, қашан Алматыдағы байқау біткенше, былайша, айтқанда, уақытша қыз боласың» [12:121]. Дегенмен, шығарманы оқи келіп, оның бұл әрекетке жеке басын ойлап (совхоз директоры Ыбырайдың қызын ұнатады) барғандығын байқаймыз. Немесе, ғашық Эдик пен «қыз» Алтынбектің өзара диалогында: «Алтынбек. Сен ғой маған үйленсең, менің қалада тұруым керек. //Эдик. Ну, мама солай айтады» [12:143]. Әлбетте, комедиялық жанрда жазылған бұл пьесада ащы әжуа бар сияқты. Алайда, бастапқы диалогта «қыз» образына еріксіз енген Алтынбекке жанымыз ашиды, кейінгісін күлкіге баласақ та, абсурдтық негіз барын мойындамасқа болмайды. Жігіттің әзілге болсын, «маған үйленсең» деуі – пәлсафашы Серафим Роуздың, «Кажется, мир раскололся надвое: одни ведут бессмысленную и бесцельную жизнь, не сознавая этого, а другие вполне осознанно идут к безумию и самоубийству» [13] дегеніне келеді. Немесе, драматург С.Мрожектің «В открытом море» пьесасындағы арықтың «батырлығы», оның абсурд өліміне әкеледі.

Еске алсақ, шығармада семіз, арық және орташа салмақтағы үшеу кеме апатының салдарынан салдың үстінде аман қалады. Азығы таусылып, аштан өлмеудің қамын ойлаған олар орталарындағы біреуді құрбандыққа шалғылары келеді: «Толстый. Господа, не будем детьми! Уясните, пожалуйста, себе, что мы не можем все кричать одно и то же «съедим». В такой ситуации один из нас должен сказать: «Пожалуйста, угощайтесь» [5]. Әлеуетті (потенциальный) «құрбандықты» таңдауда барлық саяси әдістерді (сайлау, пікірталас, ғылыми негіздемелер) қолданып, кімнің «жеуші», кімнің «желінуші» болуын анықтауға тырысады: «Малый. Друзья, меня в расчет не берите. У меня жена и дети. На закате, сидя в саду, я качал детей на качелях, а жена в это время занималась вышиванием, пока не стемнеет! Господа, друзья! Видите вы эту идиллическую картину? Волнует она вас?//Средний. Это не аргумент. Когда речь идет об общем благе, сантименты тут ни при чем. Дети могут качаться сами»[5].

Немесе, «Толстый (успокаивает его властным движением руки). Я скажу коротко, по-солдатски! Во-первых, я не хочу влиять на ваш выбор. Решите сами. Я всего лишь ваш слуга, и ваша воля для меня — закон. Съем все, что дадут. Во-вторых, нечего долго распространяться: я несъедобный. Я всегда был жилистый, костлявый и худосочный. Два ребра у меня железные, печень вырезана, одна нога короче другой. Насчет трихин я тоже не уверен. Умалчивать не стану. В-третьих, не люблю демагогии и хочу ясности: если меня не выберете, то мой будущий партнер получит бедро и окорок. Я удовольствуюсь остальным, включая, разумеется, язычок. Всем, у кого есть на него притязания, категорически заявляю: от языка мы не откажемся!» [5]. Аталған сайлаудан да нәтиже шықпағасын, «семіз» бен «орташа», болашақ «құрбандық» «әлеуметтік жағайына қарай таңдалуы керек» дейді де: «Толстый. Мне кажется, с точки зрения справедливости дело элементарное. Можно ли безо всякой причины обидеть сироту? Даже среди самых диких народов сирота считался всегда несчастнейшим из несчастных. Да, дорогой мой, да, если кто-нибудь из нас, сирот, будет сейчас съеден, это будет пощечина справедливости. Мало того что сирота, так еще пища!» [5]. Байқағанымыздай, «сандырақ», «жалған» (шындығында, семіздің ауқатты отбасының мырзасы, жетім де, кедей де емес) дәлелдерді келтіре отырып, семіз бен орташа қасақана арықты азыққа қияды. Өз еркімен ерлік өлімге көндіреді: «Малый. Нет-нет, разумеется! О чем это я говорил? Да, другой, лучший человек. Это большая разница: одно дело — быть съеденным как жертва насилия, другое дело — быть съеденным как человек, который в силу самопожертвования... Короче говоря, быть съеденным вместе со своими внутренними благородными побуждениями... Только дайте мне слово, что это решено окончательно. //Толстый. Честное слово. //Малый. Видно, ничего не поделаешь... Так на чем я остановился? Ага, это дает чувство удовлетворения, свободы...//Толстый. Наконец-то вы стали умнее. (Среднему.) Коллега, дайте мыло.//Малый (распаляясь все больше). Только вы не думайте, что я безмозглое сырье... Это было бы мне неприятно.//Толстый. Можете быть абсолютно спокойны: мы относимся к вам совсем не так. Напротив, вы останетесь в наших желудках, то есть в нашей памяти, как герой, светлая, бескорыстная личность»[5].Осы кезде орташа салмақтағы адам сандықтан бұршақ қосылған бұзау етін тауып алып, арықты «құрбандыққа» шалудың қажеті болмай қалғанын семізге айтқанында, ол үндемеуге белгі береді де: «Толстый. Мне не хочется горошка, а впрочем...//Малый. Именно поэтому... //Средний. Что — впрочем? //Толстый (показав на Малого). Разве вы не видите, он уже счастлив?» [5].

Абсурдтық жағдайда өз-өзін құрбандыққа шалған арықтың әрекеті белгілі драмашы Ш.Хұсайыновтың «Құлпырма тон» пьесасындағы Айнаш өзінің бас бостандығы үшін он бес жыл отасқан жұбайынан бас тартып: «...Ибай-ау, ол иттердің қолға түсіп қалатынын мен білдім бе? Прокурор ұрланған товарларды үй қыдыртып өткізуіне жәрдем бергенсіз деп мені кінәлайды, одан да складтан жасырып сататындарға жол бермесейші (телефон шылдырайды. Айнаш сәл кідіріп тына қалады). Тыңдашы, мені сұраса жоқ де. //Несібелді. Тергеуші сұраса не деп өтірік айтам? //Айнаш. Үйде жоқ. Қайрақбай Әуеновтен айрылып төркініне кетіп қалды де» [14:215],-дейді.

Әрине, әдебиеттанудың ең қиын жанры – драмалық шығарманы жазуда автор тек сөз ойнатуды көздемейді, кейіпкерінің іс-әрекетін белгілі бір қоғамдық-әлеуметтік ортаға сай ұйымдастырады. Оның тарихи, мәдени, адами болмысын ұлттық менталитет тұрығысынан өлшеп, әртүрлі жағдайларда өз еркімен, не еркінен тыс шешім қабылдауына мәжбүрлейді. Алайда, жиырмасыншы ғасырда пайда болған абсурдтық категория не күй, драматургтердің дәстүрлі көзқарастан басқа, жаңашыл шығармалар жазуына түрткі болды. Осыған дейін қайсыбір шығармада оқиға кульминациясы белгілі болса, кейін ойға сыйымсыз, масқара, адам санасына жат абсурдтық көзқарас пайда болды. Жоғарыдағы қазақ қаламгерлерінің кейбір туындыларын абсурдтық призмадан қарап, «абсурд театрының» тек еуропа драматургиясында ғана емес, қазақ драматургиясы жанрында да дамығанын, өзгеше ойлап, ерекше шешім қабылдайтын кейіпкерлердің әрекетінен байқап, оның әлі де толыққанды зерделену қажеттілігін түсіндік.


Әдебиеттер тізімі:


  1. Карасик В. И., Прохвачева О. Г., Зубкова Я. В., Грабарова Э. В. Абсурд как регулятивный концепт// Иная ментальность. – М.: Гнозис, 2005, С. 44–57

  2. Onions 1966; Drosdowski, Grebe, Kostler, Muller 1963: 10

  3. Зенина О.Ю. Журнал Известия (Российского государственного педагогического университета им. А.И. Герцена). Выпуск № 108 / 2009.С. 69

  4. Камю А. Миф о Сизифе. Издательство: АСТ, Астрель, 2011, С. 224

  5. Мрожек С. Хочу быть лошадью (Сатирические рассказы и пьесы). – Москва: Молодая гвардия, 1990, С.310

  6. Нұрғали Р. Діңгек. Екі томдық. – Алматы: «Арда», 2009. І том. – 139 б.

  7. Мұхамеджанов Қ. Таңдамалы: Пьесалар. Әдеби сценарийлер. Өнер жайлы ойлар. – Алматы: «Жазушы», 1989. –544 б.

  8. Мрожек С. Кароль /Перевод с польского 3.Шаталовой/. – Москва: «Искусство», 1991, С.321

  9. Новикова В. Ю. Семантика абсурда / Мин-во образования и науки Рос. Федерации; Кубан. гос. ун-т, Науч.-исслед.ин-т лингвистики. Краснодар: «Кубанькино», 2005, С. 149

  10. Адамбеков С. Аюбайдың ажалы. Драмалық шығармалар. – Алматы: «Өнер», 1981. –311 б.

  11. Стафецкая М. Феноменология абсурда //Мысль изреченная. Москва, 1991, С.9

  12. Жүнісов С. Өлара: Пьесалар мен мақалалар. Алматы: «Өнер»,1985. 376 б.

  13. Иеромонах Серафим (Роуз). Философия абсурда// Литературная учеба,1996. Июль-август. Кн. 4-я. С. 152-167.

  14. Хұсайынов Ш. Үш томдық шығармалар жинағы. І-том. Пьесалар.–Алматы: «Жазушы»,1986. –315 б.


Өтінім


А.Ж.Т. (толығымен)

Бөкен Гүлназ Сайлаубайқызы,

Шапауов Әліби Қабыкенұлы



Жұмыс орны

Ш.Уәлиханов атындағы КМУ, қазақ филологиясы кафедрасы

Қызметі

PhD докторант, 2 курс; кафедра казахской филологии

Ғылыми дәрежесі, атағы

гуманитарлық ғылым магистрі; профессор литературоведения

Пошта мекен-жайы, индекс

020000 Ақмола облысы, Көкшетау қ., Горький, 6/4

Байланыс телефоны

870280999888

Электрондық мекен-жай

asya_2309@mail.ru

Бағыт (секция)

8. Филология:

8.1. Қазақ филологиясы



Баяндама тақырыбы

Қазақ-поляк драмаларындағы абсурд


Техникалық құралдарға деген мұқтаждық

-

Қонақ үйге деген мұқтаждық

(санаты және ұйғарынды құны)



-

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
publications -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М
publications -> Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесі Темірбай Мұқашев
publications -> Спортшылардың интеллектуалдық ой өрісі және оның спорттық Қызметтегі маңыздылығы абусейтов Бекахмет Зайнидинович
publications -> Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағыттары түйін Мақалада ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа жолы «Агробизнес 2020»
publications -> Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік: құқықтық реттеу
publications -> 1 қаңтар 2012, 12: 09 Бұл дағдарысты әлем экономикасының уақытша тежелуі деп түсіну қажет 49
publications -> Қазақстандағы корей тілін оқытуда интерактивті құралдарды қолдану әдісі
publications -> Әож 378-1а оқУ Үрдісінде мультимедиялық ҚҰрылғыларды қолданудың Қажеттілігі
publications -> Үндістан-Бангладеш қарым-қатынастарының кейбір астарлары


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет