Қазақ әдебиеті пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы



жүктеу 43.13 Kb.
Дата08.05.2019
өлшемі43.13 Kb.
түріБағдарламасы


Қазақ әдебиеті пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған

тест спецификациясы

(2014 жылдан бастап ұлттық бірыңғай тестілеуге қолдану үшін бекітілген)

Бұл құжат орта білім берудегі жалпыға міндетті білім беру стандартының негізінде, жалпы білім беретін пәндердің оқу бағдарламасына сай әзірленген. ҚР Білім және ғылым министрлігімен, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен келісілді. Ұлттық тестілеу орталығының жанындағы Ғылыми-әдістемелік кеңестің отырысында талқыланды.

Мақсаты: Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орындары түлектерінің қазақ әдебиеті пәні бойынша дайындық деңгейін анықтау.

Тест мазмұны: Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгейде - 6, екінші деңгейде – 13, үшінші деңгейде – 6 тапсырма.

Тест жалпы білім беретін мектептерге арналған оқу бағдарламасына сәйкес қазақ әдебиеті пәні бойынша оқу материалдарынан тұрады.



Тақырып №

Мазмұны

01

Ежелгі дәуір әдебиеті

02

Халық ауыз әдебиеті. Ауыз әдебиеті - А

03

Халық ауыз әдебиеті. Ауыз әдебиеті - Ә

04

ХV – XVIII ғ. әдебиеті. Жыраулар поэзиясы

05

ХІХ ғ. І жартысындағы әдебиет

06

ХІХ ғ. ІІ жартысындағы ағартушылар

07

ХІХ ғ. ІІ жартысындағы әдебиет. Абай Құнанбайұлы

08

ХІХ ғ. ІІ жартысындағы әдебиет. Ақын - сазгер - әншілер

09

ХХ ғ. басындағы әдебиет – А

10

ХХ ғ. басындағы әдебиет - Ә

11

Ұлы Отан соғысы және одан кейінгі жылдардағы әдебиет – А

12

Ұлы Отан соғысы және одан кейінгі жылдардағы әдебиет

Мұхтар Әуезов



13

Ұлы Отан соғысы және одан кейінгі жылдардағы әдебиет - Ә

14

Әдебиет теориясы

15

Қазіргі заман әдебиеті. ХХ ғ. ІІ жартысындағы поэзия

16

Қазіргі заман әдебиеті. ХХ ғ. ІІ жартысындағы проза және драматургия


Тест жоспары:

Ежелгі дәуір әдебиеті – 1 тест тапсырмасы

Халық ауыз әдебиеті – 2 тест тапсырмасы

ХV-ХVІІІ ғ. әдебиет – 1 тест тапсырмасы

ХІХ ғ. І жартысындағы әдебиет – 1 тест тапсырмасы

ХІХ ғ. ІІ жартысындағы әдебиет – 3 тест тапсырмасы

ХХ ғ. басындағы әдебиет – 5 тест тапсырмасы

Ұлы Отан соғысы және одан кейінгі жылдардағы әдебиет – 7 тапсырма

Әдебиет теориясы – 2 тест тапсырмасы

Қазіргі заман әдебиеті – 3тест тапсырмасы

Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Ежелгі дәуір әдебиеті: көне түркі әдебиеті мен орта ғасырдағы түркі халықтарына ортақ әдеби жазба ескерткіштерінің тарихы мен түрлерін меңгеруі;

Халық ауыз әдебиеті: қазақ ауыз әдебиетінің басты жанрларының (тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер, аңыз-әңгімелер, шешендік сөздер, эпостық жырлар, лиро-эпостық жырлар, айтыс) негізгі белгілерін, түрлерін саралай білуі;

ХV-ХVІІІ ғ. әдебиет: жыраулық өнер және жыраулар поэзиясының даму кезеңдерін, жыраулар тұлғасы мен шығармашылығын, тіл көркемдігі мен жанрлық сипатын меңгеруі;

ХІХ ғ. І жартысындағы әдебиет: әр түрлі әдеби ағымдардың пайда болуына байланысты тектері мен жанрларына сәйкес талдауды, ХІХ ғ. І жартысындағы әдебиет өкілдерінің шығармашылығының көркемдік ерекшелігін, идеялық-тақырыптық мәнін айқындауы;

ХІХ ғ. ІІ жартысындағы әдебиет: демократтық, ағартушылық бағыттағы әдебиет, жаңа әдеби ағымдар мен бағыттар, әнші - сазгер ақындар поэзиясының шығармашылық ерекшеліктерін білуі;

ХХ ғ. басындағы әдебиет: даму сипаты, мазмұн, түр, тақырып пен идея жағынан жаңа сатыға көтерілуі, әдеби жанрдың дамуы және көрнекті өкілдерінің шығармашылығын меңгеруі;

Ұлы Отан соғысы және одан кейінгі жылдардағы әдебиет: Ұлы Отан соғысы кезіндегі және одан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінде соғыс, отаншылдық тақырыптың қалыптасуы; жанрлардың дамуы және көрнекті өкілдерін білуі;

Қазіргі әдебиет: қазіргі кезең әдебиетінің бағыттарын, үлгілерін, жекелеген үздік туындыларын оқып, жанрлық ерекшелігін зерделей білуі;

Әдебиет теориясы: көркем шығармаға қатысты тақырып, идея, сюжет, композиция, көркем бейне, типтік образ, әдеби мінез, көркем бейнелеу құралдары секілді әдеби-теориялық ұғымдарды білуі, олардың көркем туындыдағы қызметін танып, талдай алуы керек.

Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Тестінің бір тапсырмасын орындап шығуға берілген уақыт – 1,5 минут. Тестінің толық орындалу уақыты – 37,5 минут.



Нұсқалар мен тапсырмалар саны:

Бір тестіде 25 сұрақ. Тест нұсқаларының баламалығы:

- тестілердің спецификацияға сай құрылуымен;

- өзара ауыстыруға келетін тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларда бір орында келуімен,

- барлық нұсқаларда қиындық деңгейінің бірдей болып келуімен жүзеге асырылады.

Тапсырма формасы:

Тестте берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдау керек.



Таңдалған нұсқаны жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет.

Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:

Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін мектеп бітіруші 1 балл алады. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл. Тест тапсырмасы толығымен дұрыс орындалған уақытта 25 балл алады.
Каталог: upload -> specifications ENT 2015 kaz
specifications ENT 2015 kaz -> Дүние жүзі тарихы пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы
specifications ENT 2015 kaz -> Ағылшын тілі пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы
specifications ENT 2015 kaz -> Дүние жүзі тарихы пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы
specifications ENT 2015 kaz -> География пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы
specifications ENT 2015 kaz -> Қазақстан тарихы пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы
specifications ENT 2015 kaz -> Француз тіліпјні бойынша
specifications ENT 2015 kaz -> Биология пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы
specifications ENT 2015 kaz -> Физика пјнінен тест спецификациасы
specifications ENT 2015 kaz -> Қазақ тілі пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы
specifications ENT 2015 kaz -> Талапкерлердің кешенді тестілеуін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет