Қазақ әдебиеті сынып (орыс мекткбінде, аптасына сағат,барлығы 68 сағат) І. ТҮсінік хат оқыту қазақ тілінде емес мектептердегі «Қазақ әдебиеті»



бет1/3
Дата09.03.2022
өлшемі151.5 Kb.
#118900
  1   2   3

Қазақ әдебиеті 9 сынып (орыс мекткбінде, аптасына 2 сағат,барлығы 68 сағат)
І. ТҮСІНІК ХАТ

Оқыту қазақ тілінде емес мектептердегі «Қазақ әдебиеті» пәні – Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес «Тіл мен әдебиет» білім саласына енгізілген және мектептің негізгі деңгейінде міндетті түрде оқытылатын пән. Қазақ әдебиеті пәнінің маңыздылығы оқушылардың қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде меңгеруіне әдеби мәтіндер арқылы тілдік орта жағдайын кеңейтуге мүмкіндік туғызуға қызмет етуімен дәйектеледі. Ол қазақ әдебиетінің үздік шығармалары үлгілері негізінде жүзеге асады. Оқушылардың қазақ тілінде сөйлесуі мен тілдесу ортасының кеңеюін қамтамасыз етеді.

Оқыту қазақ тілінде емес мектептердегі «Қазақ әдебиеті» пәні 5-сыныптан бастап оқытылады.

Оқушы тұлғасының қалыптасуын қазақ әдебиеті пәнінің тілдік-коммуникативтік, тілдік-ақпараттық, тілдік-проблема шешушілік қызметтерін жүзеге асыра отырып, рухани-адамгершілік, тілдік-эстетикалық сапалармен байытуды көздейді. Бай ауыз әдебиетінің түрлі жанрларының көркемдік қуаты мол үлгілерін оқып білу арқылы қазақ халқының ұлттық рухын, дүниетанымын, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, ұлттық мәдеиетін танып, оқушының рухани жетілген көп мәдениетті әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуына, ұлттық мәдени мұраларға құрмет сезіммен қарауына, өзі өмір сүріп отырған қоғамның негізін танып, оның болашағына сенімділік танытатын Қазақстандық патриот болып қалыптасуына көмектеседі. Әдеби-теориялық бастапқы ұғымдарды ажырата білуі оқушылардың эстетикалық талғамының жетілуіне және әдеби білімінің қалыптасуына жол ашады.

Пәннің осы қызметі негізінде оны қазақ тілінде емес мектепте үздіксіз оқытудың мақсаты – қазақ халқының көркем әдебиетін оқыту, оқу жолымен қазақ тілін меңгерген, көпмәдениетті, өзге ұлттар әдебиетін құрметтейтін, бойында қазақстандық патриотизм, рухани адамгершілік сезімдері қалыптасқан тұлға дамуына ықпал ету.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін танымдық және практикалық бағыттағы төмендегідей міндеттер қойылады:



  • қазақ әдебиеті шығармалары негізінде мемлекеттік тілді меңгеру мүмкіндігін арттыру;

  • қазақ әдебиеті үлгілерімен танысып, әдеби тіл үлгісін пайдалана отырып, пән бойынша өз ойларын қазақ тілінде өзгеге және топта қорғай білу;

  • қазақ ауыз әдебиетінің, ІХ-ХV және XVI-XVIII ғасырлар әдебиетінің пән қызметі аясына сай үлгілермен педагогикалық-тілдік бейімделген нұсқада оқып тану;

  • ІХ және ХХ ғасырлар әдебиетінің озық классикалық үлгілерімен пәндік қызмет шеңберінде табысу;

  • көркем шығармалар негізінде коммуникативтік-модульдік тақырыптар аясында қазақ тілінде сөйлеу әрекеттерін (тыңдалым, оқылым, сөйлесім, жазылым) еркін орындау;

  • коммуникативтік-модульдер және әдеби мәтіндер жүйесімен сабақтастықта күнделікті коммуникативтік қарым-қатынас тілін дамытуды қазақ тілі пәнімен пәнаралық байланыс сипатында жүзеге асыру;

  • қазақстандық патриотизм, рухани-адамгершілік, көркем-эстетикалық сапалары құндылықтарын дамыту;

  • қазақ халқының тілі, әдебиеті, тарихы, мәдениеті, өнері туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыру.

Білім беру мазмұнын сыныптарға сәйкес бөлу білім беруді гуманизациялау ұстанымына сай іске асады. Мұнда білім алушылардың қоғамдық ортаға мәдени-әлеуметтік бейімделуін жас ерекшелігі мүмкіндіктеріне қарай қалыптастыру жүзеге асырылады.

«Қазақ әдебиеті» пәнінің білім мазмұнын іріктеуде өзіндік ерекшелігі болады. Мұнда қазақ ауыз әдебиеті, фольклоры, классикалық көркем туындылардың мәтіндерінің ықшамдалуы, тілдік-педагогикалық бейімге келтірілуі қарастырылады. Қазақ әдебиетін аудармасыз түпнұсқадан оқыту пән бойынша оқу-әдістемелік кешендердің бейімдеу ұстанымында ескрілетін болады.

Әдебиеттік білім аймағының мазмұны әлуметтік-тарихи, тақырыптық бірліктерден құрылып оқылады.


Каталог: download -> version
version -> 1. Тақырыптық карталар және олардың жіктелуі
version -> Зертханалыќ жўмыс №1
version -> Қазақстандағы пайдалы қазбаларды игерудің негізгі кезеңдері
version -> Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
version -> 1Ж: Таң қалдырған Қазақстан бар әлемді, Берекелі, кең байтақ, жалпақ елді. Қазақстан адымдап бара берді, Көрінер көкжиектен далам енді! Кім танымас айтсаңшы, айтыңдаршы, Қазақстандай егемен менің елімді?! 2Ж
version -> А «Тоқырау жылдары»
version -> Лисаков қаласы білім бөлімі «№3 орта мектебі» мм тақырыбы: Менің шежірем – менің тарихым


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет