Қазақ экономика, қаржы және



Дата25.10.2017
өлшемі98.46 Kb.
#4661

Қазақ экономика, қаржы және

халықаралық сауда университетінің

«Қаржы» кафедрасының

доценті, э.ғ.к. Г.А.Раматуллаева


ӘОК 336.711.67.758.17
Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы ақша-несие саясатының ерекшеліктері
Бұл мақалада монетарлық агрегаттардың инфляцияға әсерін талдауды зерттеу қорытындылары келтірілген. Ақша факторлары мен инфляцияның өзара байланысы туралы ақпаратты алу жағдайды дұрыс бағалауға және ақша-несие саясаты саласында шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Мұнайдың экспортына тәуелді шағын ашық экономика үшін айырбастау бағамы саясаты инфляцияның төмен қарқынын сақтап қалу және экономиканың нақты секторын одан әрі дамыту үшін маңызды элемент болып табылады. Талдау 2015 жылғы шілдені қоса алғанда тарихи деректер негізінде жүргізілді.

Негізгі ұғымдар: ақша-несие саясаты, инфляция, таргеттеу, девальвация.
Қазіргі уақытта әлемдік экономикадағы теріс факторлардың күшеюін ескере отырып, Үкімет пен Ұлттық Банк экономиканың орнықты ұзақмерзімді өсуін және қамтылуын қамтамасыз ету үшін құрылымдық реформалардың топтамасын әзірлеуде. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Ұлттық Банк ағымдағы жылы ортамерзімді перспективада инфляциялық таргеттеуге көшу жөніндегі шаралар кешенін іске асыруға кірісті. Алайда, ғаламдық экономикадағы ахуал нашарлауда, еліміздің негізгі экспорттық тауарларына – мұнай мен металдарға әлемдік бағалар төмендеуде, бұл ЖІӨ өсу қарқындарына теріс әсер етіп, отандық экономиканың сыртқы күйзелістерге осалдығын арттыруда. Экспорттық кірістердің төмендеуі республикалық бюджеттің кірістеріне және елдің төлем балансына теріс әсер етуде.

Бұл жағдайда Үкіметтің және Ұлттық Банктің экономикалық саясаты бірінші кезекте өндірістің құлдырауын, инвестициялық және кредиттік белсенділіктің қысқаруын, жұмыссыздықтың ұлғаюын және халықтың әл-ауқатының төмендеуін болдырмау мақсатында әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтауға бағытталатын болады. Үкіметтің экономиканың барлық секторларында құрылымдық реформаларының кешенін қолдау қажеттілігі инфляциялық таргеттеуге көшуді жылдамдатуға объективтік алғышарттар жасайды.

Әлемдік экономикадағы іргелі теріс өзгерістер жағдайларындағы жаңа экономикалық саясат экономикалық өсу және баға тұрақтылығы арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету үшін жаңа ақша-несие саясатын талап етеді. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Үкіметі 2015 жылғы 20 тамыздан бастап инфляциялық таргеттеу режіміне негізделген жаңа ақша-несие саясатын іске асыруға кірісу, валюталық дәліздің күшін жою және еркін өзгермелі айырбастау бағамына көшу туралы шешім қабылдады [1].

Теңгенің айырбастау бағамы іргелі ішкі және сыртқы макроэкономикалық факторларды ескере отырып нарықтық сұраныс пен ұсыныстың негізінде қалыптастырылатын болады. Бұл айырбастау бағамының өзгерістері әлсіреу жағына, сол сияқты нығаю жағына қарай орын алатынын білдіреді, бұл әлемдік экономикадағы және ішкі валюта нарығындағы ахуалмен айқындалатын болады. Ұлттық Банк теңгенің айырбастау бағамының нарықтық деңгейін қалыптастыруға араласпайды, бірақ еліміздің қаржы жүйесінің тұрақсыздану қаупі туындаған жағдайда валюталық өктемдік жүргізу жолымен ішкі валюта нарығына қатысу мүмкіндігін өзіне қалдырады. Мемлекеттің араласуынсыз нарықтық сұраныс пен ұсыныс негізінде айырбастау бағамын қалыптастыру экономикалық өсуді қалпына келтіру, несиелік және инвестициялық белсенділікті арттыру, жаңа жұмыс орындарын құру және ортамерзімді перспективада инфляцияны 3-4 пайызға дейін төмендету үшін қажетті алғышарттар жасайды.

Инфляциялық таргеттеуге негізделген жаңа ақша-несие саясатын іске асыру экономикалық саясаттың стратегиялық міндеттерін – отандық экономиканың ұзақмерзімді орнықты өсуіне, инфляцияның төмен деңгейіне қол жеткізу, жұмыспен қамту деңгейін арттыру және ел халқының әл-ауқатын жақсарту міндеттерін шешуге ықпал ететін болады. Үкімет пен Ұлттық Банк халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау және бағаның негізделмеген өсуіне, әсіресе әлеуметтік маңызы бар өнімдер мен көрсетілетін қызметтерге бағаның өсуіне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайтын болады.

Осындай режимнің маңызды элементі орталық банктің қабылдайтын шешімдерін жұртшылыққа тұрақты түсіндіру тәжірибесі болып табылады, ол орталық банктің ақпараттық ашықтығын және бағыныштылығын қамтамасыз етеді. Осылайша, инфляциялық таргеттеу мынандай маңызды дәлелдер тобына ие:



  • бағалар тұрақтылығы, ақша-несие саясатының негізі мақсаты болып табылады;

  • ақша-несие саясат ақпараттың кеңінен таралуына, соның ішінде инфляция болжамына негізделеді;

  • саясатты жүргізудің айқындығы қоғам сенімінің артыуына жағдай жасайды;

  • есептілік тетіктері мақсатқа жету сапасын реттейді.

Әлемдік экономиканың жай-күйі және оның жұмыс істеу талаптары қазіргі уақытта тұрақсыз және түрлі бағыттағы болып бағаланады. Еуроаймақ жаңа экономикалық рецессия толқынының алдында тұр. Қытай, Ресей және нарықтары қалыптасу үстіндегі бірқатар елдер экономикасының өсу қарқынының баяулағанын көрсетіп отыр. Мұнайды экспорттаушы елдердің жағдайы мұнайдың әлемдік бағасының 2014 жылдың ортасынан бері байқалып отырған төмендеуімен қиындай түсуде. Сонымен қатар сақталып отырған геосаяси белгісіздік ғаламдық экономикадағы ахуалдың нашарлауына ықпал ететін тағы бір фактор болып табылады.

Осылайша, Қазақстан экономикасының 2015 жылы дамуына әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы құбылмалылықты және онымен байланысты капиталдың тұрақсыз ағындарын қоса алғанда, қолайсыз сыртқы факторлар әсер ететін болады [1].

Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының ақша-несие саясаты баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қысқамерзімді теңгемен өтімділікті беру және алу бойынша ақша-несие саясатының құралдар жүйесін кеңейтуді, сондай-ақ өзінің ішкі ақша нарығына қатысуын ұлғайтуды жоспарлап отыр. Өтімділікті беру және алу ашық нарық операциялары және тұрақты қол жеткізу операциялары (банктердің бастамасы бойынша) арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте кері РЕПО операциялары өтімділікті беру жөніндегі негізгі операциялар болады. Ұлттық Банк күш-жігерін нарықтық мөлшерлемелерді және олардың құбылмалылығын тиімді диапазонда ұстап тұру арқылы пайыздық саясаттың тиімділігін арттыруға салады. Валюта саясаты Қазақстан экономикасының ішкі және сыртқы бәсекеге қабілеттілігінің арасында теңгерімді қамтамасыз ететін болады. Ұлттық Банк, сондай-ақ, экономиканы дамытудың ықтимал сценарийлік нұсқаларының іске асырылуына қарай ақша-несие саясатының баға тұрақтылығы жөніндегі негізгі мақсаты мен қаржы жүйесінің тұрақтылығына жәрдемдесу арасындағы теңгерімді қолдайтын болады. Ақша-несие саясатының шараларын іске асыру экономиканың орнықты ұзақмерзімді өсуі және инфляцияны нысаналы дәлізде ұстап тұру үшін жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған.

Біздің пікірімізше, инфляциялық таргеттеу ақша-несие саясатының пәрменді құралы болады: оған операциялық тәуелсіздік керек және Ұлттық банк тек заңнама алдында ғана жауапты. Ұлттық банк экономикаға бір жақты әсерде болмауы үшін біздің экономикалық метерологияның деңгейін жақсарту керек. Ол үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің экономикалық және қаржылық болжау және үлгілеудің зерттеу институтына айналдыру керек. Инфляциялық таргеттеумен айналысатын кез-келген Ұлттық банк (бұл барлық ағылшын тілді елдердің орталық банкі, Еуропалық орталық банкі, чех Ұлттық банкі, барлық еуропалық орталық банкі), оның штаты 90% талдаумен, зерттеумен, мониторингпен, статистикамен айналысуы тиіс. Сондай-ақ орталық банктің нарықпен байланысын құрылымдау керек: тұрақты қарым-қатынас және түсіндіру; орталық банкі шешімдерінің айқындылығын, түсініктілігін және көрінушілігін арттыру қажет.

Орталық банктің міндеті – жеткілікті ұзақ келешекке бағалар деңгейін және мөлшерлемелердің даму траекториясын салуда жатыр. Нарықтың осыған сенуі үшін тек сандарды ғана айту аз, ол үлгілермен және зерттеулермен бекітілуі тиіс. Басқаша жағдайда, бұл жоспар сенімсіз болады. Бір траекторияны суреттеу жеткіліксіз, нарыққа орталық банкі басқаша жағдайда қалай әрекет ететінін, оның сол немесе өзге жағдайларға қалай әрекет ететінін және барлық экономиканың және мөлшерлемелердің өзінің базалық траекториясынан ауытқитынын түсіндіру керек. Бұл сияқты қарым-қатынасты тұрақты және сөзсіз негізде жүргізу керек. Тек ұзақ мерзімді күтілімдердің үйлестірушісі ретіндегі рөлді атқаруға болады.

Инфляциялқ таргеттеу – режим де емес, ереже де емес, бұл фискалды биліктерге қатынасы бойынша айқын екінші, атқарушы биліктің салыстырмалы әлсіз буынына экономикадағы маңызды ролді атқаруға мүмкіндік беретін институттар жүйесі, жақтаулық құрылым.

Жүргізілген зерттеулерге сәйкес, Қазақстандағы ақша массасы нақты өнімге қарағанда неғұрлым тезірек өскенін көруге болады, ол 8,3% деңгейдегі соңғы жылдағы тұтыну бағалары индексінің өсуінің қалыптасуы себеп болды. Осылайша, мысалы соңғы 10 жыл үшін Қазақстанның шығындары шамамен 700%-ға  ұлғайды — 0,8 трлннан шамамен 6,3 трлн теңгеге дейін, ақшалай салмақ (МЗ ақшалай агрегаты арқылы, қолма-қол ақшаны және банк салымдарын қамтиды) 1090%-ға  артты - 1 трлннан 11,6 трлн. теңгеге дейін, Қазақстанның номиналды ЖІӨ 507%-ға  артты – 4,6 трлннан шамамен 28 трлн теңгеге дейін. Ақшалай салмақтың орташа өсуі (М3) соңғы 10 жыл үшін жылына 28,1% құрады, онда номиналды ЖІӨ орташа өсуі – жылына 19,8% болды. Ақшалай салмақтың жыл сайынғы орташа өсуі және номиналды ЖІӨ жыл сайынғы орташа 8,3% өсуі – соңғы 10 жыл үшін толығымен тұтынушылық бағаның индексінің орташа өсуіне сай келеді. Жоғарыда айтылғандай, ол сондай-ақ орташа 2003 жылдан бастап жыл сайын 8,3%-ға ұлғайып отырды [2].

Ослайша, Қазақстанның тарихи мәліметтері ақшалай салмақтың ұзақ мерзімді кезеңде инфляцияға түрленетіні туралы тұжырымды растайды. Сәйкесінше, Қазақстандағы инфляцияның деңгейін төмендетудің жалғыз тиімді шарасы – мемлекеттік шығындарды қысқарту арқылы ақша массасының өсу қарқынын төмендеуту болып табылады.

Қазақстандағы 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджетіне сәйкес Қазақстанның шығындары 2014 жылы 6,0%-ға артады, 2015 – 7,7%, 2016 жылы – 9,4%. Қабылданған бюджет әзірге 2014 жылғы 1 сәуірден бастап 10%-ға мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақыларының артуын, сондай-ақ Ұлттық қордан экономиканы несиелендіруге 1 трлн. теңге мөлшерінде Ұлттық қордан соманы бөлуді ескермейді. Қазақстан экономикасындағы қызмет етуді ескерумен төмендетілген пайыздық мөлшерлемелер бойынша субъектілерге қаржыландыру ұсынатын мемлекеттік даму институттарын жатқызға болады, оларға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын да жатқызуға болады, осының бәрі Қазақстандағы инфляцияның жоғары деңгейде даму қарқындарын сақтауға арналған фактор болып табылады.

Қазақстанның ақша-несие саясаты өзінің даму жолында өткен жиырма жылдың негізгі макроэкономикалық үрдістерін көрсететін бірқатар маңызды кезеңдерден өтті. Ақша-несие саясатының бағыттары Ұлттық Банктің тиісті уақыт кезеңіндегі инфляцияны төмендету, ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ елдің қаржы жүйесінің жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасау жөніндегі өзекті міндеттеріне қарай айқындалды. Қазіргі уақытта инфляцияның төмен деңгейіне қол жеткізуді және оны ұстап тұруды болжайтын баға тұрақтылығы ақша-несие саясатының мақсаты болып табылады. Ұлттық Банктің инфляцияны төмендетуге және төмен деңгейде тұрақтандыруға деген нақты бағдары нарықтардың орталық банкке деген сенімін әлеуетті тұрғыдан арттырып, экономиканың орнықты әрі теңгерімді өсуіне ықпал етеді. Мұндай жағдайда инфляциялық таргеттеу Қазақстан үшін ақша-несие саясатының қолайлы режімі болып табылады. Қазақстанда инфляциялық таргеттеуді енгізу мынадай шаралар кешенін іске асыруды көздейді. Трансмиссиялық тетіктің пайыздық арнасының тиімділігін өтімділікті реттеу құралдарының жүйесін кеңейту, сондай-ақ жаңа «базалық» пайыздық мөлшерлемені енгізу арқылы арттыру жоспарланып отыр. Ақша-несие саясаты құралдарының пайыздық мөлшерлемелері базалық мөлшерлемеге байланыстырылатын болады. Тұрақты қол жеткізу операциялары бойынша пайыздық мөлшерлемелер ақша нарығы мөлшерлемелерінің жоғарғы және төменгі ауытқу шектерін қалыптастыратын болады.

Ақша-несие саясаты қатаңдатылған немесе әлсіретілген жағдайда базалық мөлшерлеме тиісінше көтерілуі немесе төмендетілуі мүмкін, бұл қалған пайыздық мөлшерлемелердің өзгеруіне әкеп соғады. Айырбастау бағамының инфляцияға айтарлықтай әсерін ескере отырып, бағам саясатын іске асыру инфляция бойынша мақсаттарға қол жеткізуге бағытталатын болады. Өтпелі кезеңде Ұлттық Банк валюта дәлізінің режімін ұстанатын болады, бұл ретте инфляция бойынша мақсаттарға қол жеткізуге қайшы келмейтіндей неғұрлым икемді айырбастау бағамына жол берілетін болады. Валюталық күйзелістер басталған жағдайда, қаржы нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге басымдық беріледі.

Инфляцияның неғұрлым қарапайым әрі түсінікті көрсеткіші ретінде жол берілетін ауытқу аралығымен нақты бағам түрінде тұтынушылық бағалар индексі инфляция бойынша нысаналы бағам болады. Инфляциялық таргеттеу режіміндегі жұмысқа қарай ағымдағы жылдық нысаналы бағам ортамерзімді бағамға ауыстырылатын болады. Бұл мәселе ақша-несие саясаты белгілерінің макроэкономикалық процестерге ықпалын бағалауға арналған модельдік құралдардың дамуымен қатар шешілетін болады. Ұлттық Банк ақша-несие саясаты бойынша шешімдер қабылдау үшін талдау және болжау жүйесін енгізетін болады. Келесі ақша-несие саясаты 2 бойынша ұсынымдар жасауға негіз болатын инфляцияның және басқа макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамдары осы процестің қорытынды нәтижесі болып табылады. Шешімдер қабылдау жүйесі өзгертіледі. Инфляция бойынша мақсаттарды Ұлттық Банк Басқармасы белгілейтін болады. Басқарма белгілеген мақсаттарды орындау үшін ақша-несие жөніндегі комитет құрылатын болады, ол базалық пайыздық мөлшерлемені, ақша-несие саясатының негізгі операциялары бойынша мөлшерлемелерді айқындап, мемлекеттік ақша-несие саясатын да мақұлдайтын болады. Ақша нарығы жөніндегі комитетті де құру жоспарланып отыр, ол ақша-несие саясаты жөніндегі комитет белгілеген стратегия бойынша шұғыл шешімдер қабылдайтын болады [2].

Ұлттық Банктің тиімді коммуникациялық стратегиясын құру инфляциялық таргеттеудің маңызды құрауышы болып табылады. Ұлттық Банк жүргізіп отырған саясатқа деген сенімді арттыру, экономикалық агенттердің басымдықтарын айырбастау бағамынан инфляцияға ауыстыру, сондай-ақ экономикалық агенттердің инфляциялық күтулерін төмен деңгейде бекіту коммуникациялық стратегияның негізгі мақсаттары болады. Осылайша, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі ақша-несие саясатын іске асыру инфляциялық таргеттеу режімін енгізуге және соның нәтижесінде экономиканың ұзақмерзімді перспективада орнықты өсуін қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі ақша-кредит саясаты. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 67 қаулысымен мақұлданған;

  2. http://www.nationalbank.kz/ сайтының статистикалық мәліметтері.


Резюме

В данной статье рассматриваются проведение денежно-кредитной политики в Республике Казахстан и роль таргетирования инфляции в постепенном продвижении страны к стабильности цен. Способность государства контролировать инфляционные процессы свидетельствует об эффективности экономической политики, в том числе денежно-кредитной, о степени развития механизмов саморегуляции, устойчивости и динамизме всей экономической системы.
Summary

This article focuses on the conduct of monetary policy and of the role of inflation targeting in gradual advance of the nation to the price stability. The ability of government to control inflationary processes indicates the effectiveness of economical policy, including monetary policy, the degree of development of self-regulation mechanisms, the stability and dynamism of all economical system.






Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
publications -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М
publications -> Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесі Темірбай Мұқашев
publications -> Спортшылардың интеллектуалдық ой өрісі және оның спорттық Қызметтегі маңыздылығы абусейтов Бекахмет Зайнидинович
publications -> Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағыттары түйін Мақалада ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа жолы «Агробизнес 2020»
publications -> Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік: құқықтық реттеу
publications -> 1 қаңтар 2012, 12: 09 Бұл дағдарысты әлем экономикасының уақытша тежелуі деп түсіну қажет 49
publications -> Қазақстандағы корей тілін оқытуда интерактивті құралдарды қолдану әдісі
publications -> Әож 378-1а оқУ Үрдісінде мультимедиялық ҚҰрылғыларды қолданудың Қажеттілігі
publications -> Үндістан-Бангладеш қарым-қатынастарының кейбір астарлары


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет