«Қазақ және шетел тілдері» кафедрасы



жүктеу 113.15 Kb.
Дата13.09.2017
өлшемі113.15 Kb.

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті

«Қазақ және шетел тілдері» кафедрасы
Рахимбекова С.А.,

Утегенова А.А.,

Кенжебекова Р.С.

Аннотация

В данной статье рассматриваются некоторые аспекты трехъязычия в области преподавания гуманитарных дисциплин в сфере высшего образования.


Annotation

Some aspects of the trilingual in the field of teaching humanitarian disciplines in higher education are considered in the article.


«Үш тұғырлы тіл саясатын гуманитарлық пәндер сабақтарында қолдау және жүзеге асыру мен білім беру үдерісін оңтайландыру»
Мемлекеттік рәміздер, театр өнері, ұлттық тағамдар, мұражай құндылығы, наурыз мейрамы, Қазақстан жазушылары сияқты тақырыптар еліміздің тарихы мен танымал қайраткерлердің өнегелік рухани ұстанымдарын жас буынға жақсы көрсетеді. Осы тұста қазақ тілі оқу құралында жазылған Қазақстан Республикасының рәміздері тақырыбы рәміздердің тарихы мен шығу тегін баяндап, оқушының патриоттық сезімін тәрбиелейді. Оқушының патриоттық сезімін әлде де күшейту үшін қазақ тілі сабағында, философия, әлеуметтану, педагогика сияқты сабақтарда да өткен заманның тарихын, өнегелік ұстанымын көрсетіп, тәрбиелеуге болады. Осы тұста құрастырылған мәтіндердің стилін де ескеруге болады. «Эстетикалық таным көркем шығармада бейнелілік тудыра отырып, сол автордың стильдік жүйесін де қалыптастырады.» [1. 17.] Үш тұғырлы тіл саясатын қолдау мақсатында аталмыш сабақтарда сөздік, глоссарий, әдебиеттер тізімі, үлестірмелі материалдар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жазылуы қажет. Егер оқушы белгілі бір тақырыпқа арнап жазылған сөздікті үш тілде оқып меңгерсе, оның сөздік қоры молайып, сөйлем құру қабілеті дамиды. Ағылшын тілінің грамматикасы жеңіл екені баршамызға мәлім, оны қазіргі оқушылар мен студенттердің көпшілігі жетік меңгеріп алды деп те айтуға болады. Бірақ, сөздік қорын молайту мәселесі әлде де өзекті болып тұр. Осыған орай, егер қазақ тілінің әр сабағында үш тілде жазылған сөздікті оқушы меңгеріп алса, онда ағылшын тілін де бірте бірте толықтай меңгереді деп үміттенуге болады.

Ағылшын тілі қазіргі кездегі нарықтың, саясаттың тілі деп саналады. Оны жетік білгендер шетелге барып, оқи алады. Осы тұста мемлекеттік тілдің терминологиясы да ескерілген. «Мемлекеттік тілдің әлеуметтік, коммуникативтік қызметін арттырып, қолданыс аясын кеңейтуде ұлттық терминологияны жүйелеу мен дамыту ісі айрықша мәнге ие.» [2. 108.] Мемлекеттік тілдің терминологиясын зерттеген ғалымдар мен ізденушілердің жұмыстары негізінде аталмыш сабақтардың сөздігі құрылған. Мемлекеттік тілдегі терминологияны жастарға жеткізу үшін сабақтың белгілі жоспарын құру қажет. Мысалы, «Мемлекеттік рәміздер тарихынан» тақырыбының жоспарында оқылым, жазылым, айтылым принциптеріне сүйене отыра, ең басты тарауларына үш тұғырлы тіл саясатын қолдау мақсатын көздеп, үш тілде тіл дамыту жұмыстарын жүргізу қажет. Оқушы үш тілде құрылған сөздікті пайдалана отырып, белгілі бір мәтінді қазақ, ағылшын тілдерінде баяндап береді, сұрақ құрастыра алады. Ағылшын тілі қазіргі жастар қауымында кең тараған әрі тартымды болып келеді, сондықтан, оны пайдалана отырып, ұлттық мейрамдар, тағамдар, ойындар, Мемлекеттік рәміздер, Науырыз мейрамы, театр өнері және тағы басқа тақырыптар төңірегінде ағылшын тілінде жастарды сөйлету, олардың ұлттық сана сезіміне әсер тигізеді. Қазіргі жоғары оқу орындарында оқитын болашақ зиялы қауымның ұйтқысы шетелдік азаматтармен әңгімелесу барысында өз елі мен мәдениеті туралы ағылшын тілінде баяндап берулері қажет. Ағылшын тілін туған елінің тарихы, мәдениеті, ұлттық дәстүрі арқылы меңгерген азаматтар болашақта еліне жанашырлық білдіріп, алдыңғы қатарлы азаматтар болып саналады. Жоғары оқу орындарында педагогикалық және басқарушы қызметкерлердің біліктілігін әлде де арттыру мақсатында біршама жұмыс жүргізіледі. Оның ішінде маңызды болып саналатын білім сапасын бағалайтын ішкі жүйе. Қазіргі кезде жоғары оқу орындары студенттер мен магистранттар, докторанттарды оқытумен қатар, орта мектептегі оқытушылар үшін біліктілікті арттыру курстарын жүргізе асыруға бастады.

Жоғары оқу орындарында бакалавриат пен магистратурада сабақ беру барысында аптасына бір рет болса да жиырма минут көлемінде қысқартылған кейстер жүргізіледі. Кейсті біліктілікті көтеру мақсатында жүргізілетін мастер-класстарда да ұтымды жүргізуге болады. Жүргізуші немесе оқытушы білім алушылардың алдына белгілі бір жағдайды суреттеп, мақсат қояды. Сол мақсатқа жету үшін бірнеше жол ұсынады. Ұсынған жолдардың барлықтары да түзу болады, бірақ шынайы дұрыс бір ғана жол болады. Соны білім алушылар командаларға бөлініп, табулары қажет. Білім беру үдерісін оңтайландыру мақсатында қазақ тілі сабағында үш тұғырлы тіл саясатын ұстанып, сөздіктер мен тапсырмалардың аталуын қазақ, орыс, ағылшын тілінде жазуға болады. Сонымен қатар, ағылшын тілінде қолданатын Мерфи әдістемесін де қолдануға болады. Бұл әдістеменің басты мақсаты – сөйлеу тілі қалыптасқан үйренушілердің қазақша сөйлеуін, жазуын, баяндауын мамандықтарына қатысты жетілдіру, лексикасын байыту. Тақырыптардың жүйелелік, логикалық байланыс жағы да ескеріледі, сондай-ақ үйренушілердің есінде жатталып, сақталып қалуы үшін мәтіндердің мазмұнына сәйкес лексикалық тапсырмаларды да құрастыруға болады. Олар жүйелі мәтіндердің композициясын құрайды. «Әдістеме ғылымында назар аударатын ұғым-түсініктердің тағы бірі – жаттығулар жүйесіне қатысты. Бұл – оқыту материалдарының басты бөлігі, сабақ тақырыбын меңгертудің негізгі құрылымы.» [3. 8.] Тапсырмалардың түрлері оқу процесінің ұйымдастырылуы мен жүргізуіне лайықты, бір немесе бірнеше үйренушімен «шағын топтардағы жұмыс, біріккен жұмыс, өздік жұмыстарын» жүргізуге арналған болуы қажет. Ғылыми тілді, мамандыққа қатысты тілді, ресми тілді үйренушілерді жеткілікті түрде меңгеру дәрежесіне осы әдістеме жеткізеді. Тыңдаушы әрбір дәрістен мол ғибрат алуы керек. Берілген әдістеме оқудың бір маңызды принципін шешуге талап етуде — бұл ауызекі тілдің даму принципі. Осыған орай белгілі мақсатпен берілген әдістемеге қазақ тілін оқыту бағдарламасынан лексикалық тақырыптардың мәтіндері жөне практикалық тапсырмалар кірген.

Лексиканы оқытудың білімдік, танымдық маңызы тіл білімі туралы ұғымды терең меңгертумен қатар, тілдің ең кіші бөлшегінің байланысын түсіне білуге, яғни бүкіл тілдік жүйені меңгерумен оқушының ана тілі арқылы материалистік көзқарасының қалыптасуына мүмкіндік жасайды.

Алайда, ана тілінде сөйлей білген адамның барлығы да сол тілдің зандылықтарын, сыр-сипатын толық біледі деуге болмайды. Сондықтан лексиканы оқытудың практикалық маңызы зор. Оқушы сөз жүйесін түсіну арқылы оның айтылу (орфоэпиялық) және жазылу (орфографиялық) нормасын саналы түсінуге, сөздің орынды қолданылуы арқылы ойды дәл жеткізуге тырысады. Оқушы сөз тіркесін талдап, түсініп, таңдап қолдана білуге, мәнерлі сөйлеуге, әдеби тілдің бейнелі әуезділігін түсінуге дағдыланады.

Кез келген үғынықты текст әртүрлі көлемдегі бөліктерге бөлінеді, ал олардың арасындағы мағыналық қатынастардың түсіндірілуі әрқилы деңгейдегі тілдік құралдар арқылы беріледі. Мәтіннің мәні белгілі өз кезегінде текстің құрылысы оның өз мәніне байланысты болады, тұжырымды тақырыптық мазмұн арқылы анықталады. Ал ол өз кезегінде текстің құрылысы оның өз мәніне байланысты болады. Осының үлгісі ретінде бір сабақтың әдістемесін үлгі ретінде алуға болады. Мысалы, Қазақтың Қолөнер мұражайы тақырыбына әдістемені бірқатар жаттығулар мен лексикалық тапсырмаларда қолдануға болады. Жалпы, сабақ жүйесі мәтін, сөздік, лексикалық тапсырмалар, грамматикалық жаттығулар, тест болып бөлініп, рәміздердің шығу тегін, тарихын баяндайды. Бұл танымдық мақсатпен жүргізілетін жұмыстың бір түрі. Мысалы:

Мәтін

Қазақтың Ұлттық Көркемсурет галереясы Қазақтың Қолөнер мұражайымен біріктіріліп, 1976 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Өнер мұражайы деген атаққа ие болды.



Оған 1984 жылы Ә. Қастеевтің есімі берілді. Бұл мұражай қорында бейнелеу өнерінің түрлі саласында жинақталған 18 мыңға тарта шығарма бар. Мұражайдың 14 залында орыс және батыс Еуропа, сондай-ақ Шығыс өнерінің туындылары қойылған. Қазақ қолөнері залында сонау ежелгі заманнан бергі көшпенді тұрмысқа лайық киіз, тері, сүйек, алтын мен күмістен жасалған заттар, әсіресе зергерлік бұйымдар көп. Олар халық шебері мен ұсталарының ғажайып өнерінен сыр шертеді. Мұнда республикамыздағы танымал суретшілер Ә.Қастеев, Қ.Телжанов, X.Наурызбаев, С.Мәмбеев, С.Романов және басқа мемлекеттердің суретшілерінің шығармаларымен танысасыздар. Атақты орыс сурешілері П.Брюллов, К.Е.Репин, И.И.Шукшин тағы басқаларының ғажайып картиналарымен кездесесіздер. Батыс Еуропа өнері залында Италия, Германия Голландия, Франция өнер шеберлерінің шығармалары және Үндістан, Қытай елдерінің қызықты экспонаттарын да көруге болады. Мұражай – тәрбие орталығы.

Арқалық қаласындагы тарихи-өлкетану мұражайы үш қабатты үйде орналасқан. Бірінші қабатында өңірдің Қазан төңкерісіне дейінгі, екінші қабатында одан кейінгі тарихы, үшініші қабатында қазіргі өмір баяндалған. Қазақ халқының зергер-шеберлерінің қолөнер көрмесі де бар. Олардың бірі қара былғарымен қапталып, күміспен көркемдеген аттың ері.

Атырау облыстық тарихи – өлкетану мұражайында кіре берісте-ұлттық жиһаздармен көркемделіп, ақ киізден тігілген алтықанат ак үй. Ішінде дастарқан басына «тірі адамдай» ақсақалды қария мен ақжаулықты әженің бейнелері. Сыртында түйе, жылқы, сиыр, қой-төрт түлік бейнеленген.

Семей қаласының орталығында кең көшенің бірі-М. Горький көшесі.


Осы көшеде 1883 жылы Семей өлкетану мұражайы құрылган. Мұражайды
құру ісіне қазақ әдебиетінің алыбы Абай Құнанбаев көп еңбек еткен. Онда
қазақ халқының сол кездегі өмірін, түрмыс-салтын бейнелейтін заттар бар.
Мұражайда үш бөлім жүмыс істейді. Бөлімнің экспозициясында құстар мен
балықтар, әр түрлі жәндіктердің мүсіндері бар. Семей – ұлы ақын Абайдың
жері. Мұражайда Абайдың досы Достоевскийдің, құражатгары, хаттары және
суреттері сақталған.
Сөздiк 


Алып - гигант – giant

Ақсақалды - белобородый – white-bearded

Әсiресе - особенно – especially

әр түрлi – различные - different

баяндау – повествовать - narrate

бiрiгу – объединиться - consolidate

берiлдi – дан - given

ғажайып – удивительный - wonderful

ежелгi – древний - ancient

заттар – вещи - things

жасау – изготовить - fabricate

жинақтау – собирать - collect

жиһаз – мебель - furniture

iшiнде – внутри - inside

күмiс – серебро - silver

көрме – выставка - exhibition

көркемдеу – украшать - decorate

көшпендi – кочевой - nomadic

кiреберiсте – в коридоре - at the entry

қор – запас - register



Қария – старик - elder

Құру – построить - build

Құжат – документ - document

Мүсiн – статуя - statue

Орналасқан – расположен - situated

Орталығында – в центре - in the middle of

өлкетану – регионоведение - regional

сондай-ақ - также – also

суретшi – художник - artist

сыртында – снаружи - outside

терi – кожа - leather

танысу – знакомиться - make acquaintance

тұрмыс – быт - manners

танымал – известный - familiar

ұлттық – национальный - national

шебер – мастер - fixer

шығармалар – произведения - opus




СОӨЖ тапсырмалары:

I-шi тапсырма:
1. Сөйлем құрастырыңыздар. Complete the sentences with column A by selecting the appropriate extension column Ә.


А

В

1. Осы көшеде 1883 жылы Семей…

2. Сыртында түйе, жылқы, сиыр…

3. Қазақ халқының шеберлерiнiң…

4. Мұражайда батыс Еуропаның…

5. Мемлекеттiк Өнер мұражайында…

6. Мұражайды құру iсiне…



1. …қой – төрт түлiк бейнеленген.

2. …қолөнер көрмесi де бар.

3. …Ә. Қастеевтiң есiмi берiлдi.

4. …туындылары қойылған.

5. …Абай көп еңбек еткен.

6. …өлкетану мұражайы құрылған.




Шағын топтарға бөлiнiп, мәтiннiң мазмұны бойынша талқылау өткiзiңiз. Берiлген модель бойынша. According to this model, write a dialogue-consent.


S1

S2

S3

Семей қаласында өлкетану мұражайы қай жылы құрылған?

Менiң бiлуiмше, мұражай 1878 жылы құрылған.

Кешiрiңiз, сiз қателесесiз, бұл мұражай 1883 жылы құрылған.

3. Бiрiгiп, мәтiннiң мазмұны бойынша талқылау өткiзiңiз. Берiлген модель бойынша. According to this model, write a dialogue.




S1

S2

Мұражай – тәрбие орталығы.

Дұрыс айтасыз, мұражай – тәрбие орталығы.


II-шi тапсырма: Оқиғаны немесе параграфты берiлген басы бойынша нақтылай суреттеп берiңiз:
1. Арқалық қаласындағы тарихи-өлкетану мұражайы…

2. Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында…

3. Семей қаласының орталығында…
ІІІ-ші тапсырма: Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз. Instead of dots put the necessary letter.

Семей ... орталығында кең көшенің бірі – М. Горький көшесі.


Осы көшеде 1883 ... Семей өлкетану мұражайы құрылган. Мұражайды
құру ... қазақ әдебиетінің алыбы Абай Құнанбаев көп ... еткен. Онда
қазақ халқының сол кездегі өмірін, түрмыс-салтын ... заттар бар.
Мұражайда үш бөлім ... істейді. Бөлімнің экспозициясында ... мен
балықтар, әр түрлі жәндіктердің мүсіндері бар. Семей – ұлы ... Абайдың
жері. Мұражайда Абайдың ... Достоевскийдің, құражатгары, хаттары,
суреттері бар.
ісіне еңбек жүмыс досы қаласының ақын бейнелейтін құстар жылы
Анықтамалық көрсеткіш.

? Грамматика: Сабақты етiстiктер – мағынасы жағынан тура объектiнi, табыс септiктегi сөздi қажет етiп тұратын етiстiктер. Сабақты етiстiктер кiмдi? ненi? не? деген сұрақтарға жауап беретiн табыс септiктегi сөзбен байланысады.
I-шi жаттығу: Сөйлемдердегi сабақты етiстiктердi табыңыз.
Жамбыл Жабаев әдеби-мұражайын өзi тұрған үйде 1946 жылы ұйымдастырды. Жамбыл өмiр сүрген үй-мұражайдағы бөлмелердi сол күйiнде сақтады. “Жамбыл домбырасы” деген атақ алған көне домбыраны мұражайдың көрнектi жерiне қойды. Айдар мұражайда Жамбылдың iзбасарларынан Кенен Әзiрбаевтiң, Иса Байзаковтың, Жамбылдың немересi – ақын Әлiмқұл Жамбыловтың бейнелерiн көрдi. Жамбылдың ұстазы – Сүйiнбай ақынның мұражайы мен кесенесiн Қарақыстақ ауылынң маңайында көруге болады деп бiзге атамыз айтты. Мұражайдың маңайында ұлы ақынның көзi тiрiсiнде егiлген ағаштар жайқалып тұр.
II-шi жаттығу: көп нүктенiң орнына септiк жалғауларын қойыңыз. Complete with necesary case endings.
Этнографиялық бөлiм екi үлкен зал… тұрады. Зал… қазақ… киiз үйi бар. Оның iшi… XIX ғасырдағы күнделiктi тұрмыс… пайдаланған құнды, көне заттар қойылған. Сүйек… өрнектелiп жасалған сирек кездесетiн экспонаттар мұражай… бар. Сонымен қоса қыздар… күмiс… жасалған сырға, сақина, бiлезiк сияқты әшекейлi заттары, күмiс қасықтар қойылған. Этнографиялық бөлiм… көптеген ағаш ыдыстар… қоса, әр түрлi көлемдегi қазандар… ою-өрнектеп сәндi етiп жасаған. Ұлы ақын Абай бөлмесi 1995 жылы салтанатты түрде ашылды. Қарқаралы мұражайы… Қасым Аманжолов ақын… өз қолымен жазған өлеңдерi бар. Қарқаралы өңiрi… археологиялық, этнологиялық экспедициялар жылдар бойы жүргiзiлiп жатыр. Мұражай қоры аса құнды және қайталанбас экспонаттары… бағалы. Мұражай… ғылыми-зерттеу, шығармашылық iзденiс орталығына айналдыру керек.
Сөздiк 


аса – свыше - very

әдеби – литературный - literary

әшекейлi – украшенный - smart

бейнелер – образы - images

игеру – освоить - master

iзденiс – поиск - search

күнделiктi – повседневный - everyday

күмiс – серебро - silver

кесене – мавзолей - mausoleum

көлем – объем - value



Құнды – ценный - costly

Қойылған – поставлен - set forth

Қайталанбас – неповторимые - inimitable

Салу – построить -build

Сақтау – сохранить -save

Сирек – редкие - seldom

Салтанатты түрде – торжественно - holily

Сол күйiнде – в том виде - former

Сонымен қоса – вместе с этим - at the same time

Таным – познание - perception

Тұрмыста – в быту - in everyday life



IІI-шi жаттығу: жақшадағы сөздерді қазақ тіліне аударыңыз. Translate into Kazakh words in brackets.

Бұл (музей) қорында бейнелеу өнерінің түрлі саласында жинақталған 18 мыңға тарта шығарма бар. Мұражайдың 14 залында орыс және (западная) Еуропа, сондай-ақ Шығыс өнерінің туындылары қойылған. Қазақ қолөнері залында сонау (с древних) заманнан бергі көшпенді тұрмысқа лайық киіз, тері, сүйек, (золото) мен күмістен жасалған заттар, әсіресе (ювелирные) бұйымдар көп. Олар (народные) шебері мен ұсталарының ғажайып өнерінен сыр шертеді.



Шетелдік азаматтарды қазақ немесе орыс тіліне оқыту жолында жоғары оқу орындары үшін бекітілген типтік оқу бағдарламаларындағы тақырыптарды пайдалану керек. Туристік саланы дамыту мақсатында «Астана Еуразия орталығы», «Алматы Қазақстанның мәдени ошағы», «Көшпелі мәдениет пен табиғаттың үйлесімі», «Алтай маржаны», «Ұлы жібек жолы» сияқты тақырыптарды енгізу жөн. Қазіргі кезде үш тілді меңгеру өзекті мәселелердің бірі болып саналады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Қ.Е. Тілешова «Поэтикалық тіл және стиль» Астана, «Зерде» инновациялық баспасы, 2007 ж.178 бет.

  2. С. Шүкірұлы «Тілтану белестері» Алматы, «Сардар» баспа үйі, 2009 ж. 248 бет.

  3. Құрастр. Е.Е. Тілешов, Г.П. Әріпбекова, О.Б. Сүлейменов. Әдістеме Әлемінде. «Сардар» баспа үйі, «Руханият» орталығы, Алматы, 2008 ж., 368 б.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
publications -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М
publications -> Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесі Темірбай Мұқашев
publications -> Спортшылардың интеллектуалдық ой өрісі және оның спорттық Қызметтегі маңыздылығы абусейтов Бекахмет Зайнидинович
publications -> Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағыттары түйін Мақалада ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа жолы «Агробизнес 2020»
publications -> Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік: құқықтық реттеу
publications -> 1 қаңтар 2012, 12: 09 Бұл дағдарысты әлем экономикасының уақытша тежелуі деп түсіну қажет 49
publications -> Қазақстандағы корей тілін оқытуда интерактивті құралдарды қолдану әдісі
publications -> Әож 378-1а оқУ Үрдісінде мультимедиялық ҚҰрылғыларды қолданудың Қажеттілігі
publications -> Үндістан-Бангладеш қарым-қатынастарының кейбір астарлары


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет