Осы апта Таяу Шығыстағы тұрақсыздық күшейді. АҚШ-тың йемендік Хуситтерге шабуылы, Иран мен Пәкістан арасындағы қақтығыс жағдайды ушықтырып, әлемнің назарын аудартты. Сонымен қатар аптаның соңында НАТО әскери комитетінің төрағасы Роб Бауэр Ресейге қарсы соғысқа дайындық бастағанын мәлімдеді. Ал Сотүстік Корея өзінің жаңа ярдролық қаруға сынақ жүргізгенін алға тартты. Stan.kz тілшісі кейінгі бір аптада болған әлемдегі саяси оқиғаларға аналитикалық шолу ұсынады.

Фото: Reuters/Khaled Abdullah

Осы аптаның басында Иран қарулы күштері Пәкістандағы террористердің лагерлеріне шабуыл жасады. Оқиға екі ел арасында өзара әскери соққыларға ұласты. Осылайша көрші Пәкістан мен Иран бір біріне бұрын-соңды болмаған соққы берді.

Екі ел арасындағы шекара аумағы 900 шақырым. Шекараның бір жағында Пәкістанның Белуджистан провинциясы, екінші жағында Иранның Систан және Белучистан провинциялары орналасқан. Екі мемлекет ұзақ уақыттан бері шекара бойындағы Балуж аймағындағы топтармен соғысып келеді. Алайда жаулары бір болғанымен Пәкістан мен Иран бұл топтарға қатысты операцияны бір-бірінің территориясында орындап, арадағы қарым-қатынасты шиеленістірген. 

Қазір Иран мен Пәкістан арасында не болып жатыр?

Иран мен Пәкістан бір-бірінің территориясына зымыранмен шабуылдар жасады. Бұл шабуылдардың нысанасы Иран, Пәкістан және Ауғанстан шекарасындағы Белуджистанның тәуелсіздігі үшін күресіп жатқан сепаратистік топтардың базалары болған.

Бірінші болып Иран соққы берді. 16 қаңтарда елдің мемлекеттік ақпарат құралдары Иран-Пәкістан шекарасынан 50 шақырымдай жерде орналасқан Белуджистан провинциясындағы Пәкістандағы "Джейш әл-Адл" тобының штаб-пәтеріне шабуыл жасалғанын хабарлады. Тегеран шабуыл туралы егжей-тегжейлі ақпарат бермеді. Тек қана шабуыл салдарынан содырлардың екі штаб-пәтері жойылғанын мәлімдеді. 

Пәкістан билігі Иранның шабуылы салдарынан екі бала қаза тауып, тағы үш бала жараланғанын хабарлады. Келесі күні Пәкістан тарабы жасалған шабуылға жауап беретінін мәлімдеді. Сонымен қатар Пәкістан әскері толық жауынгерлік әзірлік позициясына өткенін айтқан.

18 қаңтар күні таңертең Пәкістан Иранның Систан және Белуджистан провинциясының Сераван қаласы маңындағы нысандарға шабуыл жасады. Пәкістан билігі бұл оқиғаны ресми түрде "лаңкестердің жасырынған жерлеріне жасалған соққы" деп атады. 

Иран тарабы тек Пәкістан жеріндегі ирандық лаңкестерді нысанаға алғанын және Пәкістан азаматтарының ешқайсысын өлтіруді көздемегенін мәлімдеді.

Бірақ бұл шабуыл Пәкістанның наразылығын тудырды. Олар бұл шабуылды “Халықаралық құқықты бұзу, Пәкістан мен Иран арасындағы екіжақты қарым-қатынасқа нұқсан келтіру" деп атады.

Алайда Иранның "Тасним" мемлекеттік агенттігі Иранда "Джейш ад-Зулм" немесе "Әділет армиясы" деген атпен белгілі "Джейш әл-Адл" сүнниттік содырлар тобының бекіністерін нысанаға алғанын хабарлады.

Иран аймағы билігінің мәліметінше, оқ ату салдарынан тоғыз адам қаза тапқан, оның төртеуі бала. Олар Иран азаматтары емес. Пәкістан өз кезегінде бірнеше содырдың өлтірілгенін айтты. Алайда олардың нақты саны аталмады.

Артынша Пәкістанның сыртқы істер министрлігі ресми мәлімдеме жасады. Пәкістан сыртқы істер министрі Иранды "бауырлас ел" деп атады. Пәкістан билігі лаңкестікпен одан әрі күресу үшін бірлескен шешімдер қабылдауға үмітті екені атап өтті. Мәлімдемеде "Пәкістан Иран Ислам Республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтейді" делінген.

Сепаратистік содырлар тобы Иран-Пәкістан шекарасының екі жағында әрекет етеді және бұған дейін Иран нысандарына жасалған шабуылдар үшін жауапкершілікті өз мойнына алған болатын. Олардың түпкі мақсаты – Иранның Систан және Белучистан провинцияларына тәуелсздік алып беру. 

Фото: Fayyaz Ahmed/EPA-EFE/Shutterstock

Шекара маңында осыған дейін де қақтығыстар болған

Пәкістан мен Иранның шекарасында терористерге қарсы күрес осыған дейін де болған. 

Өткен айда Иран "Джейш әл-Адл" содырларын Систан мен Белучистандағы полиция бөлімшесіне басып кіріп, нәтижесінде 11 ирандық полиция қызметкері қаза тапты деп айыптаған болатын.

Әлі күніге дейін екі тарап бір-біріне ескертпестен терористік топтарға шабуыл жасап келеді. Ал осы жолғы қақтығыс Израильдің Газа секторын бомбалауы аясында болып отыр. Сарапшылардың пікірінше, Газадағы қақтығыс Иранның өз шекарасынан тыс нысандарға шабуыл жасауына себеп болған болуы ықтимал.

Пәкістандағы соққылардан бір күн бұрын Иран Израиль күштері мен Иранға қарсы лаңкестік топтарға арналған шпиондық базаны нысанаға алып отыр деп, Ирак пен Сирияға баллистикалық зымырандарын ұшырған болатын.

НАТО одақтастарының бұрынғы жоғарғы қолбасшысы, отставкадағы АҚШ армиясының генералы Уэсли Кларк әртүрлі қақтығыстар Иранның "аймақтағы көшбасшы ретіндегі рөлін нығайтуға тырысып жатқанын" көрсетеді деп мәлімдеді.

Фото: Safin Hamid / AFP

Иран мен Пәкістан соққы жасап жатқан шекарадағы топ кімдер?

Белуджистан — қазіргі Иран, Пәкістан және Ауғанстан арасында бөлінген шығыс Иран үстіртіндегі халқы аз аймақ. Халқының негізгі бөлігін балуж халқы құрайды, олардың өкілдері негізінен сунниттік исламды ұстанатын ирандық топ. Белуджистан газға және пайдалы қазбаға бай болғаныны қарамастан, ең кедей және экономикалық жағынан аз дамыған аймақтың бірі болып табылады.

Белуджистандағы қақтығыс жарты ғасырдан астам уақыт бойы жалғасып келеді. Бұл қақтығыстар 1948 жылы Ұлыбританияның аймақтан шығуы нәтижесінде Пәкістан мемлекеті құрылып, билік пенджабдықтарға өткен кезде бастаған. Балучтар өз мемлекеттігін ала алмады. Бастапқыда тәуелсіздіктері үшін күрескенімен, артынша Пәкістанның бір бөлігі болуға келісім берген.

2000 жылдардың басынан бері "Әл-Каида" және басқа да радикалды топтардың күшеюі аясында төмен қарқынды қақтығыс Иранның көршілес провинцияларына, сонымен бірге белуджилер тұратын провинцияларына тарады және саяси жағынан басқа, діни сипатқа да ие болды (белуджилер – суннит, ал иран халқының негізгі бөлігі – шииттер). Аймақта лаңкестік әрекеттер жүйелі түрде орын ала бастады. 2000 жылдан бері аймақта барлығы бес мыңға жуық бейбіт тұрғын қаза тапты деген болжам бар.

2015 жылы бұл топ сегіз ирандық шекарашын өлтірілген шабуылды өз мойнына алды. Ал 2019 жылы ол Систан-Белучистанда ирандық әскерилер мінген автобустағы 23 адамның өмірін қиған жарылыс үшін жауапкершілікті өз мойнына алды.

Сәрсенбіде, Иранның Пәкістанға жасаған соққыларынан бір күн өткен соң, Джейш әл-Адл Систан мен Белучистандағы ирандық әскери көлікке жасалған шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алды.

Бұл арада Ливан шекарасында Израиль мен Иран қолдайтын қуатты Хезболла тобы арасында ауыр шайқастар жалғасуда. Оған қоса, АҚШ Қызыл теңіздегі кемелерге шабуыл жасаған Йемендегі Иран қолдайтын хусит көтерілісшілеріне қарсы соғыс ашқан болатын. Қазір Таяу Шығыстағы жағдай күрделі. 

Инфографика: Stan.kz

АҚШ пен Ұлыбританиның Йемендегі әскери операциясы жалғасуда

Таяу Шығыста көпшілікті алаңдатып отырған тағы бір мәселелердің бірі АҚШ пен Ұлыбритания йемендік Хуситтерге қарсы операциясыз.

АҚШ пен Ұлыбритания Йеменнің солтүстігінде шииттік "Ансар Алла" қозғалысына Хуситтерге қарсы бірлескен әскери операция басталғанын жариялады. "Өркендеу сақшысы" деп аталатын жаңа операцияға хуситтердің Қызыл теңіз және Аден шығанағы суларында коммерциялық кемелерге жүйелі шабуыл жасауы себеп болды.

АҚШ пен Ұлыбритания хуситтерді халықаралық навигация еркіндігіне қауіп төндірді деп айыптап, олардың 50-ден астам елдің кемелеріне жасалған шабуылдарга кінәлі деп тапты. АҚШ президенті Джо Байден Хуситтердің шабуылдарының 27 коммерциялық кемелерге зақым келгенін мәлемдеді. Байден 9 қаңтар АҚШ әскери кемелеріне ең үлкен шабуыл жасалғанын айтты.

Операция Хуситтердің зымыран алаңдары мен қару қоймалары соққы жасау арқылы жүзеге аспақ. Операция барысында Американың әуе және теңіз күштері жойғыштар мен сүңгуір қайықтарды, сондай-ақ "Томагавк" зымырандарын пайдаланады. Шабуыл Сана халықаралық әуежайын, сондай-ақ Ходейда, Саада және Дамар қалаларын қамтыды.

Хуситтер өз кезегінде шабуылдардың Израильге қарсы, Хамаспен ынтымақтастық белгісі ретінде жасалып жатқанын айтады. Олар Израиль Газа секторындағы әскери операциясын аяқтамайынша шабуылдарын жалғастырамыз деп отыр.

Дүниежүзілік қауымдастық Ресейдің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізуді ұсынуынды. Қақтығыстың шиеленісуі әлемдік мұнай нарығына әсер етіп, бағаның 2,5%-ға көтерілуіне себеп болды.

Фото: Reuters

Президент Байден операцияның халықаралық су жолдарын қорғауға бағытталғанын айтты. Сонымен қатар, БҰҰ-дағы халықаралық талқылаулар  барысында бұл операцияның Йемендегі және одан тыс жерлердегі оқиғаларға әсер етіп, жаһандық дипломатиялық қарым-қатынастарды күрделендіретіні айтылды.

АҚШ-тың шабуылдары осы аптада күшейген. АҚШ-тың үш шенеунігі мен АҚШ Орталық қолбасшылығының мәліметі бойынша, АҚШ Йемендегі хуситтерге қарсы тағы бір соққы жасады. Бұл соңғы аптадағы Хуситтерге қарсы төртінші соққы.

Артынша хуситтер АҚШ-қа тиесілі кемеге екінші рет соққы берді. АҚШ Орталық қолбасшылығының хабарлауынша, Иран қолдайтын көтерілісшілер тобы Аден шығанағындағы M/V Genco Picardy-ді нысанаға алу үшін пилотсыз ұшақтар пайдаланған. Коммерциялық кеме бортында ешкім зардап шекпегені хабарланды. Қақтығыстар әлі жалғасуда.

Осыған дейін Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарына қарсы Йемендік хуситтер Қызыл теңіздің төменгі бөлігі арқылы өтетін сауда кемелеріне қарқынды шабуыл бастағаны туралы жазған болатынбыз. 

2023 жылдың 19 желтоқсанында Америка Құрама Штаттары хуситтерге қарсы әскери операция басталғанын жариялады.

АҚШ, Франция және Ұлыбритания әскери кемелері хусилердің пилотсыз ұшақтары мен зымырандарын атып түсірді. АҚШ кемелерді шабуылдардан қорғау үшін Қызыл теңіздің оңтүстігінде патрульдік бақылау жүргізетін коалиция жариялап, бірнеше елдің бұл құжатқа қол қойғандарын мәлімдеген. 

НАТО Ресейге қарсы соғыс аша ма?

Жұма күні НАТО алдағы жиырма жылда Ресеймен болатын қақтығысқа дайындық бастағанын айтты. Бұл туралы НАТО әскери комитетінің төрағасы Роб Бауэр мәлімдеді.

“Қазір өзара бейбіт өмір сүруіміздің өзі мүмкін емес нәрсе екенін ескеруіміз керек. Біз (НАТО күштері) Ресеймен қақтығысқа дайындалып жатырмыз", – деді НАТО шенеунігі.

Алайда осыған дейін НАТО ресми сайтында жариялаған хабарламада Ресеймен текетіреспейтінін мәлімдеген. Олар Ресейдің Украинаға қарсы заңсыз басқыншылық соғысы Еуропадағы бейбітшілікті бұзғанымен, ашық қақтығысқа бармайтынын жеткізген. 

Фото: Reuters

"Ресей күштеу, диверсия, агрессия және аннексия арқылы басқа елдерге ықпал етіп, бақылау жүргізгісі келеді. НАТО текетірес болғанын қаламмайды және Ресейге қауіп төндірмейді. Альянс Ресейдің қоқан-лоққылары мен әрекеттеріне жауап беруді жалғастырады. Біз тосқауылдық пен қорғанысты айтарлықтай нығайтып, серіктестерімізді қолдап, төзімділігімізді арттырып жатырмыз”, – делінген НАТО мәлімдемесінде.

НАТО Украинаның БҰҰ Жарғысында бекітілген өзін-өзі қорғау құқығын қолдайтынын және Ресейдің әрекеттеріне жауап ретінде біз әрбір одақтасын қорғауға дайын екенін, қорғанысты күшейтуді жалғастыратынын айтқан. 

"НАТО – қорғаныстық одақ. Біздің басты міндетіміз – ұлтымыздың қауіпсіздігін сақтау. Біз Вашингтон шартының 5-бабына сәйкес бір миллиард адамды қорғауды және бостандық пен демократияны жақтауды жалғастырамыз”, – делінген НАТО хабарламасында. 

НАТО мен Ресей қазір қандай қарым-қатынаста?

1999 жылы Кеңес Одағы ыдырап, Орталық және Шығыс Еуропа елдері НАТО-ға кіргеннен бері Солтүстік Атлантикалық альянс пен Ресей арасындағы қарым-қатынас күрделене түскен.

Шиеленістің артуының басты себебінің бірі НАТО-ның шығысқа қарай кеңеюі еді. Альянс елдері үшін бұл қауіпсіздікті қамтамасыз ету және демократиялық институттарды нығайту жолындағы қадам болса, Ресей үшін мұндай экспансия ұлттық қауіпсіздікке қатер ретінде қабылданады. Осының барлығы конструктивті диалог құруға қиын жағдай туғызады.

Қазіргі таңда Украинадағы қатыс Ресей мен НАТО арасындағы шиеленістің негізгі факторы болып отыр. 2014 жылы Ресей Қырымды аннексиялап алды, бұл әлемдік қауымдастықты қатты алаңдатып, Батыстың, соның ішінде НАТО елдерінің санкция салуына әкелді. Қырымды аннексиялағаннан кейін ресейшіл күштер Украинаның шығысындағы көтеріліске қолдау көрсете бастады, бұл Донбасстағы қақтығысқа ұласты. Батыс Ресейді сепаратистерді қолдады деп айыптайды, бұл да қарым-қатынасты нашарлатты.

НАТО мен Еуропаның көптеген елдері Қырымның аннексиялануына және Украинаның шығысындағы оқиғаларға жауап ретінде Ресейге қарсы санкциялар салды. Бұған жауап ретінде Ресей қарсы санкциялар енгізді, бұл тараптар арасындағы экономикалық шиеленісті тереңдете түсті. НАТО-ның Украинадағы оқиғаларға жауап ретінде альянстың шығыс бөлігіндегі елдердегі әскери қатысуын күшейту болды. Бұл Ресейдің қарсылығын тудырды.

Сонымен қатар соңғы жылдары киберқауіпсіздік, жалған ақпарат және әскери жаттығулар мәселелері шиеленістің жаңа себептеріне айналды. Ресейдің киберкеңістікте де, саяси аренада да әрекеттері НАТО тарапынан алаңдаушылық тудырып отыр. Өз кезегінде Мәскеу Батысты агрессивті саясат жүргізіп, ішкі істеріне араласты деп айыптайды.

Дегенмен, соңғы айларда динамиканың өзгеруінің кейбір белгілері байқалды. Жоғары деңгейдегі кездесулер мен дипломатиялық диалогты қалпына келтіру әрекеттері екі жақтың ортақ тіл табу қажеттігін мойындағанын көрсетеді. Мәселені шешудің бір жолы – дипломатиялық күш-жігерді күшейту және қарусыздану және қару-жарақты бақылау жөніндегі халықаралық келісімдерге қатысу. Алайда, екі тарапта әлі бейбіт келісімге келу шешімін қабылдай алмай отыр.

Солтүстік Корея су асты ядролық қаруын сынақтан өткізді

Фото: Brendan Smialowski/AFP

Солтүстік Корея су асты ядролық шабуылдарына арналған пилотсыз ұшақты сынақтан өткізгенін мәлімдеді.

"Біздің армиямыз су астындағы ядролық қаруды жетілдіру бойынша жұмыс істеп жатыр. Бұл қарулар АҚШ пен оның одақтастарының әскери-теңіз күштерінің маневрлеріне тосқауыл қоятын болады", – деді Солтүстік Кореяның қорғаныс министрі Иоко Камикава. 

Бұл қандай қару?

Су астында ядролық шабуыл жасауға бейімделген пилотсыз ұшақтарына Солтүстік Корея "Haeil-5-23” жүйесі деген атау берген. Қорғаныс министрлігінің сараптама орталығы елдің шығыс жағалауындағы суларда сынақ жүргізді.

Аудармасы цунами дегенді білдіретін "Haeil" деп аталатын жаңа дрон жүйесі алғаш рет 2023 жылдың наурызында сынақтан өткен. Бұл қарудың радиоактивті толқын жасау арқылы жау суларында жасырын шабуылдар жасау және теңіз соққылары топтары мен негізгі операциялық порттарды жоюға арналғанын хабарланған болатын. 

Қарудың қаншалықты қауіпті екені әлі дәлелденбеген. Оңтүстік кореялық шенеуніктердің айтуынша, ядролық қару асыра бағаланған және оның қуаты өте төмен болуы мүмкін.

Қазіргі таңда бұл пилотсыз ұшақтар туралы ақпарат өте аз. Алайда сарапшылар егер қару өткен жылы ғана сынақтан өткен болса, су астында өте баяу қозғалуы мүмкін екенін алға тартады. Болжам бойынша қару сағатына 14-15 км қашықтықты ғана бағындыра алады. Оның қуаты сүңгуір қайықтарға қарсы тұра алмауы әбден мүмкін. 

Корей түбегіндегі шиеленіс

Соңғы айда Корей түбегінде шиеленіс артқан. Оған басты себеп – Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның Оңтүстік Кореямен татуласу әрекеттерін қолдамауы және Пхеньянның бірнеше рет қару сынауы болды.

14-17 қаңтар аралығында Жапония, АҚШ және Оңтүстік Кореяның әскери-теңіз күштері Корей түбегінің оңтүстігіндегі Шығыс Қытай теңізінде бірлескен жаттығулар өткізді. Маневрлерге сегіз әскери кеме қатысты, соның ішінде американдық атомдық ұшақ тасығыш "Карл Винсон" және Aegis көп функционалды жауынгерлік жүйесімен жабдықталған Принстон крейсері бар. 

Артынша Сотүстік Корея бұл жаттығуларға жауап ретінде жаңа ядролық қару туралы хабарлады.

Қару туралы хабарламаны кейбір сарапшылар жай ғана "саяси қоқан лоқы” деп бағалап отыр.

Осыған дейін Солтүстік Корея қатты отынмен жүретін орташа қашықтыққа ұшатын жаңа гипердыбыстық зымыранды ұшырған. Алайда Солтүстік Кореяның бұл әрекетін Вашингтон, Сеул және Токио БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын өрескел бұзу деп айыптады.

Тайваньдағы сайлаудың нәтижесі: Ары қарай не болады

Фото: Louise Delmotte/AP

13 қаңтар күні әлемді алаңдатқан Тайвань сайлауы өтті. Сайлау нәтижесі бойынша Демократиялық Прогрессивті партияның өкілі Лай Циндэн жеңіске жетті. Лай Циндэ 40,05% дауыс жинаған. Ол мамыр айында қызметіне кіріседі.

1940 жылдан бері Тайвань іс жүзінде тәуелсіздік алғанымен, арал және оның қарамағындағы аумақтар әлі күнге дейін Қытай Коммунистік партиясының бақылауында. Тайвань халқы мұны мойындамайды. Алайда соғыс қаупіне байланысты халық осыған дейін Қытайға тәуелділігі туралы ашық пікір білдірмей келген.

Алайда Демократиялық Прогрессивті партияның өкілі Лай Циндэннің билікке келуі Тайваньнің Қытаймен экономикалық қарым-қатынасын ушықтыруы мүмкін. Өйткені жеңіске жеткен саясаткердің Бейжіңге көқарасы қатал.

Алайда жаңа басшы арқылы Тайвань АҚШ-пен ынтымақтастықты одан әрі дамытуы ықтимал. Бірақ мұндай жағдайда Тайвань мен Қытай арасындағы қарым-қатынас шиеленіспек. Бейжің мен Тайваньдағы оппозиция Лайды соғыс қимылдарын тудыруы мүмкін деп бірнеше рет айыптады. Азиялық сарапшылар Қытай әскерлерінің Тайваньға кіруі мүмкін екенін алға тартып отыр. 

Қытай үшін әскери қақтығыс көптеген санкциялар әкелуі мүмкін. Бұл экономикалық өсімге қауіп төндіруі ықтимал.

Әскери қақтығыс болған жағдайда Құрама Штаттары екі түрлі позиция көрсете алады. Біріншісі, Тайваньды қорғау арқылы  ядролық қаруы бар Қытайға қарсы тұру. Екіншісі, Тайваньға әскер жібермеу. Алайда Американың Тайваньға әскери көмек жібермеуі екі серіктес елдің қарым-қатынасына да әсер етпек. Бұл жағдайда Америка Құрама Штаттары американдықтарға қатты қажет жартылай өткізгіштердің жетекші өндірушісімен ынтымақтастыққа күмән келтірген болады. 

Сарапшылар егер Қытай Тайваньға шабуыл жасау үшін қолайлы сәтті күтіп отырса, сайлау нәтижесі соғыс ашудың негізгі себебі болуы мүмкін екенін айтады. Қытайдың жартылай өткізгіш өнеркәсібіне қарсы санкциялар енгізу арқылы Америка Құрама Штаттары Тайваньға жасалған шабуылдың Қытай үшін шетелдік серіктестермен сауда тұрғысынан жағдайды нашарлататынын көрсетуге тырысып жатыр. 

Фото: I-Hwa Cheng/AFP

Тайваньдағы жағдай әлемге қалай әсер етеді?

Тайваньда әскери түрде қақтығыс болмаса да, Қытай мен Тайвань арасындағы жағдайдың шиеленісуі әлем экономикасына әсер етуі ықтимал. Өйткені әлем экономикалық тұрғыда Тайваньға тәуелді. Барлық дерлік электронды құрылғылар Тайваньда жасалған жартылай өткізгіш микросхемалар арқылы жұмыс істейді.

Taiwan Semiconductor Manufacturing Company аралдың солтүстік-батысындағы Синчу қаласында штаб-пәтері орналасқан жартылай өткізгіш өнімдерін зерттеу және өндірумен айналысатын компания. TSMC жартылай өткізгіштердің көптеген жетілдірілген нұсқаларына ие және дүниежүзілік өндірістік процестердің, дизайн құралдарының және стандартты АТ архитектурасының жасаушысы болып табылады.

Жартылай өткізгіштер әлемдегі көптеген салаға әсер етуші өндіріс болып табылады. 

2023 жылдың 6 ақпанында Gartner жартылай өткізгіш микрочиптерді ең ірі сатып алушылардың рейтингін жариялады. Микрочиптерді қолдану бойынша Apple компаниясы бірінші орында. Кейінгі орындарда Samsung, Lenovo, Xiaomi, Huawei  сияқты алып компаниялар бар. 

Тайвань үшін Қытайдың басып кіруі ерекше гүлдену кезеңінің аяқталуын білдіруі мүмкін. Соңғы жарты ғасырда Тайвань экономикасы алпыс есеге жуық өскен. Тайвань компаниялары ойыншықтар мен аяқ киім сияқты арзан тауарлар шығарудан озық технологияларды өндіруге көшкен. Осы уақыт ішінде аралдағы орташа өмір сүру ұзақтығы 12 жылға ұзарыпты. Ал жан басына шаққандағы ЖІӨ бойынша Тайвань Жапониядан кейінгі орында. 

Тайвань үшін соғыс үлкен державалар саясатын тұрақсыздандырады. Әлем дүниежүзілік соғыс жағдайында қалуы мүмкін екенін айтады мамандар.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.