Қазақ Ұлт-азаттық ҚОЗҒалысы



жүктеу 5.18 Mb.
бет19/29
Дата12.09.2017
өлшемі5.18 Mb.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29
(?) еді. Ол кезде Үрімжідегі ахуал өте күрделі болатын. Жергілікті мұсылмандар (ұйғыр, қазақ, өзбек) «Үш аймақ» халқына тілектестік білдіріп, қытайларға өте нашар қарайтын. Оның бір себебі, 1946 жылғы келісім бойынша Құлжа мен Шауешектен көшіп барған қытайлар «Үш аймақ» жөнінде жаман ақпараттар таратуға себеп болған. Қытай тілінде шығатын жергілікті газетте үш аймақта қытайларға істеген қысымдарды өте өсіріп жеткізген. Тіпті «Үш аймақтағы» соғыс кезінде өлген қытайларға арнап бір күн аза тұтқан. Анда-санда Үрімжінің көшелерінде ұйғырлар мен қытайлардың арасында шағын төбелестер де болып тұратын.

Біз тұрған Нанхайяңды қорғау үшін Құлжадан оншақты ұлыттық әскерлер бар еді. Олар күні-түні қақпа алдында қарауыл жасайтын.

Осындай бір саяси қиыншылықтарға мол кезде біз Үрімжіге барып қалдық.

Ол кезде Үрімжіде ұйғыр тілінде, «Үш аймақтан» барған кадірлердің көмегімен газет шығатын. Мұнан басқа гоминдаңшыл ұйғырлар тарабынан және бір газет шығып тұрды. Жоғардағы газеттер әр кезде «Үш аймақ» жөнінде ахуалдарды толық мағлұмат беріп жазатүғын. Алдыңғы газет – Орталық үкімет пен «Үш аймақ» жөнінде бітім жолын ұстады. Ал кейінгі газет, керісінше, гоминдан мен тар ұлтшылдықтың жолымен жазатын.

Үрімжіде шығыс қытайдан келген өндіріс өнімдері, әсіресе, шай көп келетін. «Үш аймақтан» келген кеңестің өндіріс өнімдері өзара алмасып, бір-біріне зор пайда келтірді.

«Үш аймақтан» – қант, тігін машинасы, жіп, қағаз, бұлғары көн, темірден жасалған заттар және сол сияқты товарларға – қара тас шай, фамильный шай, мануфактура (сапасы нашар), жібек маталар, дәрілер (үнді дәрілері) және қазір де қолданылып жүрген дәрілерден сульфидин, сульфиятзол, хин, вазелин, мақта және т.б., түрлі кепкен жемістер (үзім, мейіз, жаңғақ, жиде т.б.) айырбасталатын. Осыларды автомашинамен, атарбамен, түйемен, есекпен таситын. Ол кезде Үрімжіде Кеңес өкіметінің бас консульствосы бар болатын. Біз өзімізге жүктемге тапсырған міндетімізді өтеп, августың басында Шәуешекке қайттық. Бізден 3-4 күннен кейін Ахмат әпенділер де Құлжаға қайтыпты. Гоминданшылар мен арадағы байланыс үзілген. Кейіннен естігенімде, Мұхамеджан Ильхамжанов 1941-1945 жылдары гоминдан жандармериясында істеп, Шәуешек, Шығыс Түркістан өкіметіне өткенде оларға істеп, 1947 жылы (1946) Үрімжі іссапарында айрықша тапсырмамен барғандығы мағлұм болды. Бір айдай онымен бірге болсам да, ондай жағдайдан мен мүлде хабарсыз едім.
ӨМІР БАЯН

(қысқартылған )


Мен Мұхаметжан Ғабдулкарим ұлы Юсуп Батыс қҚытайдағы Тарбағатай аймағының орталығы есептелген Шауешек қаласында 1897 жылы (құжатта 1896 жыл деп көрсетілген) ескіше 1 қаңтар, жаңаша 14 қаңтарда дүниеге келгендім.

Әкесім Ғабдулкәрім (лақабы Кәрімтай) өткен ХІХ ғасырдың 70-75 жылдарында Бұхарадан Құлжаға барып, одан 90-жылдары Шауешекке келген. Шешесі Зульхижа найманның қаракерей табының тума жұртынан. 1902 жылдан бастап медіресе де, 1894 жылы менің анам Зұльхижаға үйленіп, мен екінші бала есебінде дүниеге келгем. Жалғыз бала болғандықтан әкем бейшара өте еркелетіп ұстады. Бірақ, өмірі қысқа болып, 1903 жылы жазда туберкулез ауруынан қайтыс болды.1907 жылдан бастап Шәуешек қаласындағы орыс мектебінде оқыған. 1915 жылы фотоға түсіруді үйренген. 1918 жылы көкек айында Шәуешекке барған А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Р.Марсековты және Ә.Найманбаевты суретке түсірген. Жастар арасындағы ойын-сауық ұйымдастыруға белсене қатысқан. 1920-1925 жылдары «Тарбағатай» шеркетінде ұйымдастырушы, 1925-1928 жылдары сауда жөніндегі сенімді өкіл, 1928-1935 ресми фотограф, 1935-1945 жылдары қалалық дәріхананың бастығы болған. 1938-1940 жылдары Үрімжі абақтысында отырған. 1945 жылы Тарбағатай аймақтық денсаулық сақтау мекемесінің бастығы болған. 1951-1952 жылдары


қудаланып, 1955 жылы кеңес одағына қоныс аударды. Бішкек шаһарында 1975 жылы қайтыс болды. Күнделікті баспаға дайындаған қызы – Никар Мұхаметжанқызы Бафина мен жиені Әмина Сейітқызы.

Хасен _Қалибекұлы ОРАЛТАЙ
«ЕЛІМ-АЙЛАП» ӨТКЕН ӨМІР1

(Естеліктен үзінділер)



Тұрсын Құдакелдіұлы ЖҰРТБАЙ,

Жоба жетекшісі,

Оспан батырдың «Үш аймақ» үкіметіне»

қарсы шығуы

Совет Одағының қысымының нәтижесінде Шығыс Түркістан армиясының жеңістен-жеңіске ұласқан екпінді шабуылын кенет доғарып, қытаймен келіссөз жүргізуге мәжбүр болуы жұртшылық арасында: «...Бұл істің артында орыстар бар екен. Орыстар армияның алға тарта беруіне кедергі жасапты» – деген сияқты сыбыс-жорулардың тарауына жеткізді. Үрімжіде қол жеткен келісім шартынан кейін, Шығыс Түркістан жұмхұриетінің (республикасы) атының мүлдем аталмайтын болуы халықты, әсіресе, саналы кісілерді үрейлендіре бастады.

Біздің Манас – Сауан өңірінде сондай күдік-үрей пайда бола бастаған кезде, яғни, 1946 жылдың қараша айында: "Алтайда Оспан батыр, өзінің Алтай уәлиі міндетін тастап, Сарысүмбе қаласынан кетіп қалыпты. Орыстың қуыршағы «Үш Аймақ» үкіметіне қарсы күрес бастапты» – деген хабар бүрқ ете түсті.

Оспан батырдың аты – бүкіл Шығыс Түркістан жұртшылығына, әсіресе, Шығыс Түркістан қазақтарына отызыншы жылдардың аяғынан бері әйгілі болатын. 1939 жылдың аяқ шенінде Алтай аймағының Көктоғай, Шіңгіл аудандары арасындағы Зағиопа деген жерде бас қосқан Алтай қазақтарының атқа мінер кісілерінің бірқатары Шың шы цайдің зомбылығына қарсы күрес бастауды ұйғарған. Оларға Ноғайбай, Есімхан, Зәтелбай, Ақтеке би, Мұса Мерген, Рысхан, Оспан, Сүлейман, Қаббас және Бүркітбай сияқты кісілер жетекшілік еткен.

Ол қарулы қарсылық халықтың қолдап-қостауы арқасында бүкіл Алтай аймағының көлемінде кең етек жайды. Сол үшін де қытай әкімшілгі 1940 жылы Үрімжіден 13 кісілік өкілдер тобын жіберіп, көтерілісшілерді келісім өткізіп, ымыраласуға шақырды.

Ішінде Оспан да бар, Ноғайбай, Ақтеке би мен Есімхан және Рысхан жетекшілік еткен көтерілісшілер Шың шы цайдің көлгірсіген алдау саясатына иланбады. 1940 жылдың көктемінде қытай қарулы күштерінің кенеттен жасаған бір шабуылы кезінде Алтай көтерілісшілерінің жетекшісі Ноғайбай мен Ақтеке би шейіт болды. Одан кейін, Алтай елінің сол көтерілісіне Ноғайбайдың ұлы Рысхан мен Есімхан және Оспан жетекшілік етті.

1940 жылдың жазында қытайлар оған дейінгі ең үлкен шабуылын жасап, Алтай елі көтерілісін мүлдем жоюға ұмтылды. Ол соғыста Оспан ерекше ерлік көрсетіп көзге түсті. Қытайлар мақсатына жете алмады.

Алтай елі көтерілісін күшпен жаныштай алмаған Шың шы цайдің өзі: "Құрылтайға қатысады" – деп алдап шақырып алып Үрімжіде қамаған қазақтың 350 жетекшісінің ішінен алтайлықтарды – Мамиұлы Мұқатты, Тілеубайұлы Жанымханды, Тымытыұлы Халелді, тағы басқалар бар, босатты. Оларды өкіл етіп көтерілісшілерге жіберді. Нәтижеде 1940 жылдың шілде айында Алтай көтерілісшілері мен Шың шы цай арасында келісім жасалды. Соған орай көтерілісшілер қолдарындағы қаруларын тапсыратын болды. Бірақ оған Оспан қарсы шығады. Бір өзі қаруын тапсырмай тауға шығып кетеді.

Әне, сол күннен бастап, Исламұлы Оспан «Оспан батыр» деп аталды. Алғашында жалғыз өзі тауға шығып кетіп қарсылық көрсеткен Оспан батырға, кейін Шың шы цайдің зомбылығынан ығысқан Халел тайжі мен Есімхан тобы қосылды. 1941 жылдың қазан айында Шың шы цайдің Жанымхан Тілеубайұлы арқылы жасаған келісу ұсынысын елдің қыс күнінде душарласқан ауыртпалығы салдарынан Халел тәйжі мен Есімхандар қабылдады. Бірақ Оспан батыр тағы кері қақты. Қабылдамады.

1942 жылдың ақпан айында, Халелұлы Сайып пен Келес батырлар 55 кісілік тобымен Оспан батырға барып қосылды. Сөйтіп, Оспан батыр халықтың қостауымен өз күресін ұластыра берді. Алтай халқы оған қытайдың зомбылығынан құтқарады деп сенді. Сол үшін де 1943 жылдың күзінде Қызылқия деген жерде жұртшылық Оспан батырды «ақ киізге отырғызып хан кетереді». Туған халқының Оспанға ондай үлкен сенім, құрмет көрсетуі Оспан батырдың жауға қарсы шабуылын үдете түсті. Нәтижеде 1945 жылдың жазында Оспан батыр қосындары Алтайды қытайдан түгел қүтқарып азат етті. Өзі Алтайдың уәлиі болып тағайындалды. Оспан батыр алғашында Әлихан төре басқарған Шығыс Түркістан жұмхүриетінің үкіметін толық қостады. Бірақ қытайға шабуылдау ісі кенет доғарылып, Үрімжіде келіссөз өткізіле бастасымен, әсіресе, "Шығыс Түркістан жұмхүриеті" деген атауға тиым салынып, «Үш Аймақ төңкерісі», «Үш Аймақ үкіметі» деген атау шығып, Әлихан төре де сахнадан тайдырылуына байланысты, Оспан батыр өзі: «Орыстың ойыншығы», «Қуыршақ» – деп атаған бұрынғы Шығыс Түркістан жұмхұриетінен іргені аулақ сала бастады.

Бұл Оспан батырдың және дәл соған мезгілдес Қалибек хакімнің тәуелсіз Шығыс Түркістан үкіметінен емес, қайталап айтуды тарихи маңыздылығына сай қажет көріп отырмын, «орыс ойыншығы», «қуыршақ» «Үш аймақ» үкіметінен іргені аулақ салып, коммунизмге қарсы күрес бастауы еді.

Сонымен, Оспан батыр «орыстың қуыршағы» «Үш аймақ» үкіметіне қарсы қарулы күреске кірісті. Бұл арада ол бұрынғы жауы гоминдаң үкіметімен ымырласуға да мәжбүр бодды. Оспанның, сондай-ақ, Қалибектің олай ығысуына коммунизмнің ызғары әсер етті. Өйткені, Оспан батыр да, Қалибек хакім де коммунизмнің Қазақстанда салған жауыздық ойранын жақсы білетін-ді. Сол үшін де олар «суға кеткен тал қармайды» деп гоминдаңдық қытай үкіметімен ымырласудан басқа шара таба алмаған-ды.


Оспан батырдың «Орыс ойыншығы «Үш аймақ» үкіметімен соғысуы

Оспан батырдың әскерлері Алтайда «Үш Аймақ үкіметі» әскерлеріне қарсы көп соғысты. Өкінішке орай, онда төгілген қан орыс немесе қытай қаны емес-ті. Кілең қазақтың және Шығыс Түркістандағы өзге ұлт өкілдерінің қаны еді. «Үш аймақ» қарулы күштерін басқарушы орыстар, Оспан батырды қолға түсіру үшін оған қарсы кілең қазақтарды, кей жерлерде басқа ұлттардан алынған (орыс емес) әскерлерді аттандырып отырды. Ол кезде «Үш аймақ» әскерлерін Оспан батырға қарсы соғысқа бастап барған қолбасы қазақ жігіттерінің бір қатарын қазір де (1999) Алматыда кездестіруге болады. Әрине, кінә оларда емес-ті. Белгілі дәрежеде олар өз амандықтары үшін солай істеуге мәжбүр-ді. Ал екінші жағынан, коммунистік үгіт-насихат олардың кейбіреулерінің миын жуып мүлдем шатастырып қойғанын да айтып өткен жөн. Мәселен: «<...> Оспан – банды, найманның жауы, қолына түскеннің бәрін өлтіреді...» – деген сияқты жалған насихат кезінде көп айтылған. Сондай өтіріктің ықпалынан әлі күнге дейін құтыла алмаған бұрынғы офицерлер мен қытай жақта жүріп «орыс граждандары» атанған кісілердің қалдығын осыған дейін 12 рет барған сапарымда Алматыда кездестірдім.

Алайда Оспан батырға қарсы шабуылдаған «Үш аймақ» әскерлерінің ішінде Еренқабырға мен Тарбағатай елінен әскерге алынған керей жігіттері де көп болатын. Солардың бірі әлі көзі тірі, Түркияның Ыстанбұл қаласының Зейтінбұрын ауданында тұратын Омарбайұлы Сабихан Пынар. Сол сияқты кезінде «Үш аймақтың» әскері болып Оспан батырға қарсы соғысқан еренқабырғалықтардан Түркияға барған тағы бір жігіт, Түркияның Салихлы қаласында 1986-жылы жазда қайтыс болған Мұстапаұлы Нұрсейт Үстін-ді. Марқұм Нұрсейт Үстін де, қазір көзі тірі Сабихан Пынар да, өздері ішінде болған «Үш аймақ» әскерлерінің Оспан батыр еліне қай жерлерде, қалай шабуылдағандықтарын, оған Оспан батыр сарбаздарының қандай тойтарыс бергендіктерін және өздерінің сол соғыстардағы командирлерінің кімдер болғандығын аттарын атай отырып талай әңгімелеген-ді.

Ал орыстың қазақты қазаққа қырдырған соғысында, Оспан батыр жағынан болғанындай, «Үш аймақ» әскерлері жағынан да көп шығын болғаны анық. Солардың бірі – біздің жақын туысымыз, яғни Қожалақтың алты ұлының бірі Қалпақбайдың немересі Зейнелхамиттің баласы Сәду. Ол 1946-жылы Қызылөзенде әскерге алынып, сол кездегі «Шығыс Түркістан жұмхүриеті» армиясының 2-полкінің 2-эскадронында әскери міндетін атқаруға кіріскен-ді. Кейін Үрімжіде қол қойылған келісім шарты бойынша, Манас өзенінің батыс жағындағы әскерлер шегіндірілгенде, олар Қобық – Сауырға көшірілді. Содан ол да Оспан батырға шабуылдағандардың ішінде болды. Біздің тағы бір жақын туысымыз 1960-жылдары қытай коммунист жендеттері жағынан көшеде сүйретіліп жүріп ұрып өлтірілген Қара Смайыл да Оспан батырға қарсы соғысқан «Үш аймақ» әскері қатарында болған-ды. Соғыс кезінде оқ тисе немесе басқадай жағдай болса, ол да сол соғыста қаза болған болар еді. Өйткені, атысқан кезде ешкімнің қарсысындағы жаудың руын сұрау мүмкіншілігі болмайтыны анық. Қысқасы: «Оспан батыр, наймандарды өлтірді. Наймандарға жау болды...» – деген қауесет мүлдем негізсіз жалған. Нағыз коммунистік тоқыма. Қазақты бір-біріне арандатып, рушылдық сасық сезімді желіктіруді көздеген зымияндық. Алматыдағы кейбіреулер айтып жүргеніндей «200 найманды» емес, Оспан батыр екі найманды да найман болғаны үшін әдейілеп аттырған емес.

Оспан батыр қазақты әдейі аттыру былай тұрсын, 1946-жылдың қыркүйек айының орта шенінде, өзі Алтайдың уәлиі және дара билеушісі болып тұрғанда бір орысты аттырмай өлімнен арашалаған. 1996 жылы көкекте, екінші басылымы Пекинде жарық көрген: «Офицердің қойын дәптерінен» – деген кітаптың авторы, 1946 жылдан 1950 жылға дейін Алтайда қызмет істеген Қожай Доқасұлы аталған кітабының 22-23 беттерінде сол оқиғаны өз көзімен көрген, Әтихан Ысқақұлының аузынан мына естелікті келтірген:

«1946-жылы 9-айдың алтысы күні Сарысүмбе азат болды. Алтай аймағының үкімет органдары құрылып, Оспан уәли болып белгіленді. Әскери істерге Дәлелхан Сүгірбай қолбасы болды. Қолға түскен гоминдаң әскерлерін Манасқа апарып, гоминдаң жағына өткізіп беру үшін дайындық жасап, ат тағалап жатқан бір орыс эскадрон командирі ат тағалаушы адаммен сөзге келісіп қалып, оны сол майданда атып тастаған екен. Ертеңінде атушыға өлім жазасы бергелі, Әбитан жақтағы бір жазыққа әскер мен халық жиылды. Оспан батыр келгенше күтіп тұрдық. Біраздан кейін Оспан келді. Әскери орынның өлім жазасын беру бұйрығы жариялағанда Оспан ортаға шығып: "Мына қылмыскер халықты гоминдаңнан азат ету үшін сонау Іледен Алтайға келіпті... Мақсатты болмаған, оқыстан болғандығынан бұның шыбын жанын маған беріңдер. Адам өлтірген қателігін алдағы өмірінде ақтасын" – деді. Халық қол шапалақ соқты. Адам атқан орыс эскадрон командирі сол заман азат болып, Оспанның аяғын құшақтап жылаған еді. <...>».

Өзі «Үш аймақ» әскерінің Оспан батырға қарсы соғысына да қатысқан автор, сол кітабының 86-бетінде ол соғыстарда «Үш аймақ» шығынының 250 кісі болғанын, Оспан батырдың да 50-дей адам жоғалтқанын (85-бетте) жазған. Ал сонда Оспан батыр жақтан қаза болғандарды кім елтірді дейміз?

«Офицердің қойын дәптерінен» деген сол кітабының 45-бетінде Қожай Доқасұлы: «Штаб бастығының орынбасары Жағда Бабалықов. Осы адамның қолбасшылығында Шепейзідегі гоминдаң әскерлерінің бекінісіне тәуекелшілдікпен шабуыл жасап, потайдың (бекініс) алдында окоп, окоп алдында сым темір, сымның алдында көмілген мина болса да, бұйрық бойынша шабуыл жасаған жауынгерлерден үш қабат бөгеуде 140-тан астам жауынгер құрбан болып кетеді...» – деген дерек келтірген. Ал енді осынау 140 кісіні (бәрі Тарбағатай 6-қазақ атты полкінің әскері) Жағда Бабалық «өлтірді – қырғызды» делінсе, әділетсіздік болмай ма?

Соғыс майданында, қарсыласының руын сұрап атуға бола ма? "Оспан батыр 200 найманды өлтіртті" – деп өсек айтушылардікі, баяғы коммунистік сарын. Алайда мәселені жақсы білетін, адал ниетті жас тарихшылар, қытай қоластындағы үй іші туғандарының жағдайымен байланысты Оспан батырдың атын тіке атамағандарымен, мәселен, Нәбижан Мұқаметқанұлы: «... Алтайдың қатыгез жаратылыстық ортасы мен аумалы-төкпелі қоғамдық жағдайы Алтай қазақтарына ер жүректілік пен қайсарлықты, батылдықты, намысқойлықты және қайырымдылықты бойларына сіңіреді. Бұл жалпы қазаққа ортақ ерекшілік болса да, Алтай аймағындағы қазақтарда бұл қасиеттер өте басым...» – деп жазады.

1947 жылдың аяғында Қызылөзенде советтік қолбасы (орыс) Марковтың және біздің үйімізге талай келген татар текті Марғұп Ысқақовтың айдап салуымен бізге шабуылдаған «Үш Аймақ әскерлері» де қазақ-ты. Олар Тарбағатай, Іле – Қүлжа жақтан әскерге алынған жас жігіттер болатын.


Оспан батырға Моңғолия арқылы жасалған Советтік қастандықтар
Оспан батырдың «орыстьң ойыншығы» «Үш аймақ» үкіметіне қарсы шығуы – Мәскеудің мүддесіне қайшы болғаны анық. Сол үшін, Мәскеу басшылары қайткенде де Оспан батырды құртудың шарасын қарастырды. Алдымен оған қарсы «Үш аймақ», яғни, бұрынғы Шығыс Түркістан әскерлерін аттандырып, қазақты қазаққа қырдырды. Бірақ мақсатына жете алмады. Содан кейін Мәскеу Оспан батырды құрту ісін Моңғолия Халық Республикасына тапсырды

Бұның басты себептері: біріншіден, Оспан батыр ол кезде аялдаған Бәйтік тауы мен Жөргөктінің құмы Монғолиядан қашық емес-ті. Екінші жағынан, Оспан батыр мен МХР бұрын жақын байланыста болған. Мәселен, 1944-жылдың ақпан айының 25-і күні МХР-ның бастығы маршал Чойбалсын өзі бастап, қасына Моңғолиядағы Совет Одағының бас елшісі Ивановты, Байқал фронтының командирі Ұлубынды, Моңғолиядағы советтік барлау орнының бастығы Ламбарткинді, Моңғолияның ішкі істер министрі Шанкірзатты ертіп, Қобданың Бұлғын өзенінің бойында Оспан батырмен жолыққан-ды.

Сол жолығу кезіндегі келісім шартына сай Оспан батыр Монғолиядан бір қатар қару-жарақ алды. Содан кейін Моңғолия мен Оспан батырдың адамдары араласып тұрды. Мысалы, сол кезде Монғолияда партия мектебінде оқып жүрген Ноғай Шымшырұлы және моңғол ішкі істер министрлігінің тыңшысы Қалқабай деген сияқтылар Оспан батырдың маңайына жиналған.

Әне сондай себептерге байланысты, 1946 жылынан бастап Мәскеу Оспан батырды өлтіру ісін Моңғолияға жүктеді. Соған орай алдымен Моңғолия жақтан, бұрын Оспан батырлармен аралас болған монғолиялық Тескенбай деген жіберілді. Ол «туысшылап келдім» деген сылтауды алға тартты. Бірақ, Оспан батырдың қауіпсіздік орындары мен батырдың өзі оған сенбеді. Ол байлауда тұрған жерінен қашып құтылып Монғолияға барды. Одан кейін Сағадай және Марқаба дегендер жіберілді. Алғашында олар батырға жақындап үлгергенімен, жауыздық жасау тапсырмаларын орындай алмады. Одан кейін Оспан батырдың нағашылары жағынан ілік-жілігі бар Тұтан Хамитұлы деген де: «Оспанды өлтір» деген тапсырмамен аттандырылады. Ол келген бойда, оны Оспан батырдың өзі тергеп-тексереді. Нәтижеде, Тұтан Хамитұлы өзінің ерекше тапсырмамен келгендігін мойындайды.

Жеке баскесерлер жіберу арқылы Оспан батырды өлтірте алмаған Моңғолия мен оның қожайыны Мәскеу – Оспан батырдың Жөргөктінің құмында отырған ауылына қарулы қосын аттандырды. Оны Моңғолияның батыры атағын екі рет алған Тандырбат басқарып барады. Олар да жауыздық мақсаттарына жете алмай, өздері әрең қашып құтылады.
Қалибек Хакімнің «орыс ойыншығы» «Үш аймақ»

үкіметіне қарсылығы

Қытайдың талай зұлым-зомбылығына душарласып, соңында 1945-жылы көтеріліс бастап, жауға қарсы құрқол соғысқан Қызылөзен мен Ұлужан (Бортынке) елінде 1946-жылдың маусым айының басында өткізілген «Түркістан тойынан» кейін Шығыс Түркістан жүмхұриетінің «орыстың қуыршағына» айналып бара жатқанына абыржып сескенушілік бар еді. Бірақ, соның өзінде Шығыс Түркістан жүмхұриеті әкелген, әлі толық жойыла қоймаған азаттық пен кеңшілік жағдайға масаттанушылық көзге түсетін... Мәселен, өз атын жазып қол-қоюды білмейтін қарапайым кісілер ай-жұлдызды мөрлер ойдырып, балаларына жаздырған хаттарды бір-біріне жіберіп, қытайсыз, орыссыз және ай-жұлдызды Шығыс Түркістан жүмхұриетінің қысқа мерзімді кезеңімен шаттанатын-ды. Басқа жақты білмеймін, біздің Қызылөзен өңірінде 1946-жылдың басымен 1947-жылдың күзіне дейін ай-жұддызды мөр ойдырып, соны басып хат жазу ел арасына кең тараған-ды. Ол жағдай той-жиындарда айтылатын әзіл-әңгіме қалжыңдардың тақырыбына да айналған. «Пәленшекең ай-жұлдызды мөрін көресту үшін түгеншеге мөр басып хат жазыпты" – деген әңгімеге арқау етілетін-ді. Ай-жұлдызға деген сол бір құштарлық халықтың тәуелсіздікті армандауының белгісі еді.

Ұзақ жылдардан бергі жат жұрттық қысым-зомбылықтан құтылып, өз көлеміндегі соғысты да жеңіспен аяқтаған біздің Қызылөзен мен Ұлужан елінде сол 46-47 жылдары әлгі «қазақ байыса қатын алады, сарт байыса там салады» – дейтін сипаттаманы айқындайтын құбылыстар да баршылық болатын. Жоғарыда айтылғанындай, әкем 1945 жылдың аяғында тоқал алған-ды. Сол үлгі болды ма, әлде жаңа айтылған атамыз қазақтың мақалының дәлдігі ме Тәкіман, бала Хамза, семіз Хамза және Қайнаш пен Қайрақбайдың Ахметі кейіндеп біздің Ілияс аға мен Байқонақтың Омары тоқал алды. <...>.

1946жылдың аяғында әкем өз аулы мен үй-ішіндегі әлгіндей істермен қатар өмірінің үлкен бетбұрысына қарай да бейімделуде еді. Небәрі бір – бір жарым жылдың алдында ғана үлкен үміт-қуанышпен қарсы алған Шығыс Түркістан жүмхұриетінің аты өшіп, «Үш Аймақ үкіметі – «Үш аймақ» төңкерісі» деген пайда болған-ды. Сонымен бірге, ел арасында «граждан болыпты» дегендер де көбеюде еді. Алғашында жұртшылықтың көбі «граждан болыпты» дегеннің не екенін ұқпады. Кейін оны бір-біріне «орыстың адамы болыпты», «совет азаматтығын қабылдапты» деп түсіндіретін болды. Гражданин болғандар оны өте құпия ұстайтын. Ол құпиялық ол істің артында орыс бар екенін аңғартатын-ды. Орыстың Қазақстан жақта қазаққа істеген жауыздықтарын білетін кісілер ол құбылысқа үрейлене қарайтын.

Әне сондай істер Сауанда да ұласқан кезде, жоғарыда айтылғанындай, Алтайда Оспан батырдың «Үш аймақ» үкіметіне қарсы күрес бастағаны естілді. Екінші жағынан, бұрыңғы Шығыс Түркістан шекарасы ішінде қодданылатын «Шыңжаң доллары» деген ақшаның үстінде "Жанымхан" деген қазақтың қолы бар-ды. Алтайлық Жанымхан қажы Шыңжаңның қаражат министрі еді. Үрімжіде оның маңайында әскери салада істеуші Зәкәрия Әшенұлы, үкіметте (бас уәли) Қадуан ханым (Әленнің әйелі), қаражат министрлігінің кеңсе істерін атқарушы Нығмет Мыңжанұлы сияқты қазақтар бар-ды. Бұл бұрын болмаған құбылыс-ты.

Қызылөзен елі, оның жетекшісі Қалибек хакім тағы бір бетбұрысқа дайындалу мақсатымен 1946-жылдың күзінде Үрімжідегі қаражат министрі Жанымхан Тілеубайұлы, бас хатшының орынбасары (үкімет бастығының орынбасары) Сәліс Әміреұлы сияқты қазақтар арқылы қытайлармен ымыраласу ісіне кірісті. Алтайдағы Оспан батырды да, Сауандағы Қалибек хакімді де қытаймен ымыраласуға жетелеген негізгі фактор орыстан және оның коммунизмінен қашу еді.

1947-жылы Қызылөзен мен Бортынкедегі «Қалибектің елінің» Үрімжімен байланысы нығая түсті. Бұл арада аты «Үш Аймақ үкіметі» болып өзгерген, бұрынғы Шығыс Түркістан жұмхұриеті жағының да ол кезде және кейін де «Қалибектің елі» деп аталған Қызылөзен мен Бортынке елін сол жаңа беталысынан қайтаруға тырысқан әрекеттері де жиілей түсті. Мәселен, 1947-жылдың мамыр айының басында, «Үш аймақ» үкіметі қарулы күштерінің бас қолбасшысының орынбасары генерал Зунун Таиыпов жанына бес офицер мен күзетшілерін ертіп, Қызылөзеннің батыс жақ қабағындағы Тасшапқан жазығына Сауаннан жаңа ғана келіп қонған, кіші шешеміздің шаңырағындағы әкеме келіп жолыққан-ды. Әкемді Шиху – Майтауда болатын бір жиналысқа шақырды. Генерал Зүнүн Таиыпов Тасшапқанның жазығындағы үйде екі күн аялдап қайтты. Одан кейін кіші шешеміздің үйі Дөңжайлаудағы «Үлкен үй» аталатын апам отырған ауылға келіп қосылды.

Бұл әкемнің Сауаннан түбегейлі көшіп шығуы еді. Енді қайтып Сауанға бармайтынын өзі ғана білетін. Соған мезгілдес Сауан қоғамдық қауіпсіздігін сақтау мекемесінің бастығы Тәкіман да қаладан көшіп Бортынкенің Ұлужан жайлауына шыққан-ды. Ол да Тәкіманның Сауаннан біржолата көшіп шығуы еді.

1947-жылы мамыр айының ішінде Тарбағатайдан үлкен бір өкілдер тобы келді. Оның ішінде Тарбағатай аймақтық сақшысының бастығы Ахметқали Бітімбай, Мұқаш молла, Ғұсман молла, Дубек Шалғынбай, ұйғыр Юсупбек Мұхлисилер болды. Олар халық арасында түрлі жиындар ашып, қытайдың зұлым-зомбылығын еске түсіріп сөз сөйледі. Сол жиналыстардың бірі әлі есімде. Ол кезде мен 14 жасқа шыққанмын. Жиналыс Ұлужан жайлауында болған-ды. Қалың ел жиналды. Жиналыс Мұқаш молланың құраннан бір аят оқуымен басталды. Одан кейін Тарбағатайдан келген өкілдерден сөзге шығушылар болды. Мұқаш молланың өзі де сөз сөйледі. Ол кісі «Ислам туының астында мүсылмандардың бір ыңғай өз тобымен түрғаны жөн» – деді. Оның артынан Юсупбек Мұхлиси сөзге шығып, қытайдың зұлым-зомбылығы мен ісләм туы туралы айта келіп, еңіреп жылап жіберді. Тарбағатайдан келген сол топтың ішіндегі Ғұсман деген ақсақалды қарт молда маған бір құран сыйлаған-ды. Мен сол құранды әлі сақтап келемін, оны оқығанда сол молданы еске аламын <...>.

Алғашында uенерал Зүнүн Таиsпов, кейін Ахметқали Бітімбай мен Дубек Шалғынбайлар бастаған топтар келіп қайтқаннан соң да «Үш аймақтың» адамдарының біздің ауылымызға келуі ұласты. Татар тұқымды офицер Айтуаров – Шихудан, қазақ қолбасы құлжалық Зікірқан – Сауаннан және басқалары жаз бойы келіп-кетіп тұрды.

Ол кезде әкемдердің «орыстың ойыншығы» «Үш аймақ» үкіметіне карсы жасырын күрестері де үдей түскен-ді. Әлгі біздің ауылға үзбей келіп-кетіп жүрген «Үш аймақтың» тыңшылары мен үгіт-насихатшыларының қолына әкем бірер жапырақша-жарнама ұстатып жіберетін. Әкем дәл ол кезеңде ашық түрде «Үш аймақтан» кетем және қарсы соғысамын демей, әлгі келіп-кетушілерге: «Мына бір жапырақша-жарнамаларды біздің ауылдың маңайына біреулер тастап кетіпті. Сіздер оқып көріңіздер және ала кетіңіздер» – деп қолдарына ұстататын. Алайда ол жапырақша-жарнамалар Хамза Шөмішбайұлының ауылында, Нариман Жабағытайұлы жағынан тас баспаға басылып көбейтілетін. Оның сөзін жазу ісіне әкемнің ұйғарымына Жабағытай ақсақалдың өзі, Хамза Шөмішбайұлы Ұшар және басқалары көмектесетін.

Жабағытай ақсақал орыстың зұлымдығын да, оның коммунизмін де жақсы танитын-ды. Орыстың арғы дәуірде және коммунизм кезеңінде қазақ халқына салған лаңын, көрсеткен зұлым-зомбылығы мен жасаған қырғындауын жеке әңгімелері кезінде мұңая отырып айтатын. Ол кісінің залым Шың шы цай кезіндегі тұтқындаулар мен қудалаудан жасқанып, мүлдем үйінде бұғып қалғандығын айтатын-ды әкем. Шығыс Түркістан үкіметінің алғашқы кезінде (1945 жылдың күзінде) әкем Жабағытайды өз ұсынысына сай Іле – Құлжаға жіберді. Жәкең ақсақал Қызылөзендегі көтерілісші қазақтардың бастығы Қалибектің өкілі болып Әлихан төреге де жолығып сөйлескен. Әкемнің кейін айтуынша, Жабағытай ақсақал Құлжадан оралғаннан кейін:

– Қалибек қарағым, Құлжада көк көз иттердің ықпалы өте қүшті екенін байқадым. Мені қайтесің, Нариманды өзіңе бердім. Жағдайға қарап істерсіндер...» – деген.

Әне сол Жабағытай ақсақалдың өзі де көмектескен, баласы Нариман жазып тас-баспамен көбейткен жапырақша-жарнамалардың бірінде мынадай шумақтар бар-ды:

Дін қайда, құқық қайда, намыс қайда?

Қан қайда, еңбек қайда, үміт қайда?

Еңбек – еш, жатқа жабдық болып тұрмыз,

Ойлаңдар кімге зиян, кімге пайда?

Құл қылды қожайындар қодыраңдап,

Ақиқат бостандықтан жылу қайда?

Топаннан Нұх құтылған қайратпенен,

Жалынба жауды жайрат жарақ сайла...

Ойлаңыздар!.. Ойлаңыздар!..

Арам өліп, арам тер болмаңыздар!

Ақиқатты, дінді, елді, жерді,

Отаңды таныңыздар, қор болмаңыздар!

Және сенде жігер болса, намыс болса,

Шындық үшін шіміркенбейтін шабыс болса,

Қаның бір қазақтығың болса бойыңда,

Әптен есті ақылыңа дақ қонса,

Ататын өзгерместен таңын ойла!

Жел сөндірмес, сел тербетпес жанатын шамын ойла!

Беті жібек, етегі бөлек куыршақ болып жүрмесін,

Еліңнің заңын ойла!

Елің сендік, суың сендік болғанда,

Сен біреудік болып жүрме тағы ойла!

Ойла! Кіндік кесіп кір жуған жерінді ойла!

Зұлым жауызға жалынбасын еліңді ойла! <...>.


Каталог: repository -> history -> Ұжымдық%20жинақтар
history -> Аяз би кім? // Егемен Қазақстан. 2001. 29 тамыз (№190-193). 11 б
history -> Тұрсын Құдакелдіұлы ЖҰртбай, Жоба жетекшісі, филология ғылымдарының докторы
history -> Жүректің қылын тербеген
history -> Жетпіс жыл жұртын сүйіндірген сұлу сөЗ
history -> Т±рсын Ж±ртбай
history -> Файл: Абай жолы «Абай жолына» 70 жыл
history -> Бүкіләлемді түйсікті сезініп, танудың ғаламдық ақиқат сарасы көркем сана. Көркем сарасы шетсіз шексіз басталуы мен соңы, төбесі мен түбі жоқ ғарыштың ғалам жаратылысы туралы әсіреәфсаналық (мифтік) көркем көзқарас
Ұжымдық%20жинақтар -> Қазақ Ұлт-азаттық ҚОЗҒалысы
Ұжымдық%20жинақтар -> «алаш» баспасы
Ұжымдық%20жинақтар -> Қазақ Ұлт-азаттық ҚОЗҒалысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет