“Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясының төрағасы Нұрлан Сауранбаев Маңғыстауда жалақысын 100% көтеруді талап етіп, ереуілге шыққан жұмысшыларға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: rail-news.kz

Төрағаның сенат кулуарында айтуынша, жоғары білімі жоқ “Қазақстан темір жолы” қызметкерлері 450 мыңнан 520 мыңға дейін алады. 

Бұған дейін маңғыстаулық теміржолшылар президент пен ҚТЖ басшысына үндеу жолдап, жалақы мен еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен еді. 

“Сай-Өтесте (Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданындағы ауыл) жоғары білімі жоқ бесінші санаттағы монтер 450 мыңнан 520 мың теңгеге дейін айлық алады. Үзінді көшірмені көрсете аламыз”, – деді Нұрлан Сауранбаев. 

Сонымен қатар ол жалақысын 100% көтеруді талап еткен ереуілшілердің талабына қатысты пікір білдірді. 

“Сіздер 100% көтеру дегенді түсініп тұрсыздар ма, мен ақшаны қайдан алам? Мен жүк тасымалдаудан алып, төлеуім керек”, – деді “Қазақстан темір жолы” компаниясының басшысы.

Бұған дейін "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев айлық жалақысы қанша екенін айтқан еді.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.