«Қазақ тілі мен әдебиеті» (Т2) пәні бойынша жалпы орта білім беретін мектептер үшін бастапқы бақылау кескіні



Дата23.09.2022
өлшемі17.21 Kb.
#175671
Байланысты:
4-сынып срез





«Қазақ тілі мен әдебиеті» (Т2) пәні бойынша жалпы орта білім беретін мектептер үшін бастапқы бақылау кескіні
4-сынып



1.Мәтінді оқы. Сұраққа жауап жаз.
22-наурыз – жыл басы, жаңа жыл мерекесі болып саналады. Адамдар бұл мерекені асыға күтедi. Бұл күнi адамдар таза, жаңа киiм киедi. Бiр-бiрiн мерекемен құттықтайды. Әр үйде дастарқан жайылады. Жетi түрлі тағам қосылған наурыз көже пiсiредi. Үлкен кiсiлер бата бередi. Наурыз тойы өте қызықты өтеді. Адамдар ән айтып, би билейді. Ұлттық ойындар ойнайды. Балалар алтыбақан тебеді. Маған Наурыз мерекесі ұнайды.

Мәтін не туралы? _________________________________


• Мәтіннің мазмұнына сәйкес келетін үш сөйлемді белгіле



  1. Наурыз мерекесінде үлкен кісілер бата береді.

  2. Наурыз күні әр үйде мол дастарқан жайылады.

  3. Наурыз көжеге жиырма екі түрлі тағам қосылады.

  4. Наурыз мерекесінде ұлттық ойындар ойналады.

2.Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Саша мен Әлібек жақсы дос. Олар бүгін бақшаға келді. Саша жеміс ағашта -
рын құдық суымен суарды. Әлібек жерді қопсытты, арамшөп жұлды. Жеміс ағаштары мен көкөністерге жақсы күтім жасаса, күзде мол өнім береді.



Кейіпкерлер

Іс - әрекеті (не істеді?)

Әлібек


Саша


Олар






3.Мәтіннен кестедегі сұрақтарға жауап беретін сөздерді тауып жаз.
Көктем келді. Арықтардан су ақты. Балалар қағаздан кішкентай қайық жасады. Қайықты суға жіберді. Қайық жүгіріп кетті. Балалар қайықтың соңынан жүгірді.



Кім?

Не?

Қандай?

Не істеді?














ІІ - нұсқа


1.Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Бір күні хан балаларына әлемдегі ең ғажайып затты тауып әкелуді тапсырады. Ханның үлкен ұлы бір кесек алтын әкеледі. Екіншісі қымбат тастарды алып келеді. Ал ең кіші ұлы бір құмыра су әкеледі. Ағалары оған күледі. Сонда ол:
- Мен бір жұтым су үшін барлық алтынын, бағалы тастарын берген адамды көрдім. Жаңбырдан кейін құлпыра өскен гүлдер мен ағаштарды көрдім. Мен судың әлемдегі ең ғажайып зат екенін осыдан түсіндім, - дейді.
Хан кіші баласына риза болып, батасын береді.



  • Хан балаларына қандай тапсырма берді? _____________________________ __







Бағалы тастар

Бір құмыра су

Бір кесек алтын

• Мәтін бойынша 1 сұрақ құрастырып жаз.



• Мәтіннің негізгі ойына сәйкес келетін мақалды анықта.

  1. Арық қазбасаң су келмейді.

  2. Су бар жерде байлық бар.



2.Мәтіннен кестедегі сұрақтарға жауап беретін сөздерді тауып жаз.
Көктем келді. Арықтардан су ақты. Балалар қағаздан кішкентай қайық жасады. Қайықты суға жіберді. Қайық жүгіріп кетті. Балалар қайықтың соңынан жүгірді.



Кім?

Не?

Қандай?

Не істеді?














Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет