"Қазақ тілі сабақтарында тиімді технологияларын қолдану арқылы оқушылардың сөйлеу қабілеттерін арттыру " Факультатив бағдарламасы


-ыншы –қырық тоғызыншы, алпысыншы, оныншы



жүктеу 1.2 Mb.
бет4/7
Дата17.01.2018
өлшемі1.2 Mb.
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

-ыншы –қырық тоғызыншы, алпысыншы, оныншы, т.б.

-інші – отыз бесінші, үшінші, елуінші, жүзінші, т.б.

-ншы – алпыс алтыншы, алтыншы, т.б.

-нші қырық екінші, жетінші, т.б.​​​​​​​

3. Жинақтық сан есім заттың жинақталған санын көрсетеді. Сұрағы: нешеу? Жинақтық сан есім бірден жетіге дейінгі сан есімге -ау, -еу жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу. Дауысты дыбысқа аяқталған екі, алты, жеті сан есімдеріне -ау, -еу жұрнағы жалғанғанда, түбірдегі соңғы дауысты дыбыс түсіп қалады: екі+еу→екеу, алты+ау→алтау, жеті+еу→жетеу.

4. Болжалдық сан есім заттың санын дәл білдірмейді, шамамен болжап көрсетеді. Сұрағы: қанша? неше? қай шамалы? қаншадан?

Болжалдық сан есімнің жасалу жолдары:

а) жұрнақ арқылы: -лаған – жиырмалаған, -леген – елулеген, -даған – мыңдаған, -деген – жүздеген, -таған – қырықтаған, -теген – жетпістеген;

-лап – жиырмалап, -леп – елулеп, бір-бірлеп, екеулеп, -дап – отыздап,

-деп – жүздеп, -тап – алпыстап, -теп – жетпістеп;

-дай – тоқсандай, мыңдай, -дей – екі жүздей, -тай – қырықтай, -тей – жетпіс бестей, т.б.​​​​​​​

ә) Есептік сан есімдерге көптік жалғауы мен барыс, жатыс септік жалғауының жалғануы арқылы жасалады. Жасы қырық+тар-да, сағат алты+лар-ға шақырды, т.б.​​​​​​​

б) Есептік сан есімдердің қосарлануы арқылы жасалады. Отыз-отыз бес, екі-үш, елу-алпыстай, жүз-жүзден, т.б.​​​​​​​

в) Есептік сан есімдерге шамалы, шақты, қаралы, таман, тарта, жуық, жақын сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады: елу шамалы, он шақты, мың қаралы, жетіге таман, алпысқа тарта, отызға жуық, сексенге жақын, т.б.​​​​​​​

5. Топтау сан есім заттың санын топтап көрсетеді де, нешеден? қаншадан? сұрақтарына жауап береді.

Топтау сан есімдер дара сан есімдер мен қосарланған сан есімдерге шығыс септік жалғауы жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, дара түрде: үштен, қырықтан, жүзден, тоқсаннан, алтыдан, сексеннен, үшеуден; күрделі түрде: он екіден, жиырма алтыдан, қырық бестен, екі жүз оннан, т.б.​​​​​​​ Қосарланған түрде: бес-бестен, бес-алтыдан, жиырма-жиырмадан, екеу-екеуден, т.б.​​​​​​​

6. Бөлшектік сан есім заттың бөлшектік санын білдіреді. Бөлшектік сан есімдер екі түрде қолданылады:

а) жай бөлшек: оннан бес, тоғыздан үш, үштің бірі, т.б.​​​​​​​

ә) ондық бөлшек: үш бүтін оннан бір, жеті бүтін төрт ондық, (7,04), он бүтін мыңнан екі жүз алпыс тоғыз (10, 269), т.б.​​​​​​​

1. Күрделі сан есімнің әр сыңары бөлек жазылады: жетпіс жеті, он екінші, мың тоғыз жүз сексен алты, он алтыдан, т. б.

2. Цифрмен таңбаланатын дара және күрделі сан есімдерге жалғау дефис арқылы жалғанады: 13-ке, 7-ден, 63-ке.

3. Реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе, -ыншы, -інші, --ншы, -нші жұрнағының орнына дефис қойылады: 11-сынып, 2-қатар, 16-орын, 51-тапсырма, 7-бөлме, т.б. ал рим цифрымен берілсе дефис қойылмайды. Мысалы, ХІ сынып, ХХІ ғасыр, ІV том, т.б.​​​​​​​

4. Екі, алты, жеті сандарына жинақтық сан есімнің -ау, -еу жұрнағы жалғанғанда түбірдің соңындағы ы, і дауысты дыбыстары түсіп қалады: екі – екеу, алты – алтау, жеті – жетеу.

5. Цифрмен жазылған сан есімдерге болжалдық сан есімнің қосымшалары дефис арқылы жалғанады: 100-деп, 5-те, 6-ларда, 1000-даған, 70-тей, т.б.​​​​​​​

6. Қосарлану арқылы жасалған болжалдық сан есімдер сөзбен жазылса да, цифрмен жазылса да арасына дефис қойылады: екі-үш бала (2–3 бала), 70-80 қой (жетпіс-сексен қой), 5-6 кітап (бес-алты кітап).

7. Бөлшектік және болжалдық сан есім жасайтын сөздерге өзі тіркескен сандар сөзбен берілсе де, цифрмен берілсе де бөлек жазылады: жүз қаралы – 100 қаралы, елу шақты – 50 шақты, 30-ға таман – отызға таман, он екі жарым – 12 жарым, бір ширек – 1 ширек.

8. Қосарланып айтылған топтау сан есімдері сөзбен берілсе де, цифрмен берілсе де дефис арқылы жазылады: 7-7-ден – жеті-жетіден, 30–30-дан – отыз-отыздан, бір-бірден – 1-1-ден.

9. Күн, жыл аттарымен тіркесіп келген сан есімдер араб цифрымен берілсе де дефис қойылмайды: 1986 жыл, 16 желтоқсан, 8 наурыз, 1989 жыл, 1 мамыр.

Сан есімнің сөйлемдегі негізгі қызметі – анықтауыш. Мысалы, Сегіз қызым – бір төбе, Кенжекейім – бір төбе. Сегіз (қанша?) қызым. Сан есім ілік септікте заттанып тұрып та анықтауыш болады. Қазақ ұғымында жетінің өзіндік орны бар. Жетінің (нешенің?).

2. Сан есім жіктеліп немесе көмекші етістіктермен тіркесіп келіп баяндауыш болады. Келген адамдар алтау екен. Алтау екен (нешеу екен?). Біз бәріміз тоғызбыз. (нешеуміз?)

3. Сан есім атау тұлғада тұрып, бастауыш болады. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді. (Кім түгел болса? Кім ала болса?). Жетеуі де өнерлі екен (Кім өнерлі?).

4. Сан есімдер етістіктің алдынан келіп, пысықтауыш болады: Тоғызда басталады (қашан басталады?), бес-бестен бөліну керек (қалай бөліну керек?), алтыдан (қалай?) топтадық.

5. Сан есім барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауларын меңгерсе, толықтауыш болады. Тоғызға (неге?) сегізді (нені?) қосу, оннан (неден?) бесті (нені?) алу, он үшпен (немен?) есептеледі.

6. Сан есім зат есіммен не қатыстық сын есіммен тіркесіп келіп, сөйлемнің күрделі мүшесі болады. Жарысушылар он түрлі тапсырма орындайды (қандай тапсырма – он түрлі тапсырма). Сағатына 70-80 км жылдамдықпен жүреді. (қанша жылдамдықпен? – 70-80 км жылдамдықпен).

23. Есімдік есім сөздердің: зат есім, сын есім, сан есімнің орнына қолданылып, соларды нұсқап, меңзеп, сілтеп көрсетеді. Есімдіктер орынбасар сөздер деп те аталады.

Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді: 1) жіктеу есімдігі; 2) сілтеу есімдігі; 3) сұрау есімдігі; 4) өздік есімдігі; 5) жалпылау есімдігі; 6) болымсыздық есімдігі; 7) белгісіздік есімдігі.

1. Жіктеу есімдігі заттық ұғыммен байланысты қолданылады. Олар: мен, сен, сіз, біз, сендер, сіздер, олар. Жіктеу есімдіктері үш жақта, жекеше және көпше түрде қолданылады.

2. Сілтеу есімдігі нұсқау, мегзеу, көрсету мағыналарын білдіретін бұл, сол, ол, осы, осынау, сонау, анау, ана, мына, әне, міне, мынау деген сөздер.

3. Сұрау есімдігіне жауап алу мақсатымен қойылған сұрау мәнді сөздер жатады. Олар: кім? не? қандай? қай? қанша? неше? нешеу? нешінші? қайда? қайдан? қалай? қашан? қайдағы? т.б.

4. Өздік есімдігіне әр тұлғада түрленіп қолданылатын өз деген бір ғана сөз жатады. Өз есімдігі түрленіп тәуелденіп: сенің өзің; көптеліп: өздері, септеліп: өзімнің түрінде қолданылады.

5. Жалпылау есімдігіне жалпылау, жинақтау мағынасын білдіретін бәрі, барлық, бар, барша, бүкіл, күллі, бүтін, түгел, тегіс деген сөздер жатады.

6. Болымсыздық есімдігіне ештеңе, ештеме, ешкім, ешбір, ешқашан, ешқандай, ешқайдан, ешқайда, дәнеңе, дәнеме деген болымсыздық мағынаны білдіретін сөздер жатады.

Болымсыздық есімдіктері еш сөзімен бір, кім, қашан, қайдан, қандай деген есімдіктердің бірігуі арқылы жасалып, бірге жазылады: ешбір, ешқашан, ешқандай, ешкім, т.б. Ал еш сөзі басқа сөздермен (зат есімдермен) тіркесіп келгенде, бөлек жазылады: еш адам, еш оқиға, еш кітапта, еш жерде, еш уақытта, еш мүмкіндік, еш ата-ана, т.б.

Болымсыздық есімдіктерінің ерекшеліктері:

1. Ешкім, ештеңе, ештеме, дәнеңе, дәнеме, ешқайсысы деген болымсыздық есімдіктер сөйлемде зат есім орнына қолданылып кім, не? деген сұраққа жауап берсе – бастауыш қызметін атқарады.

2. Ешқашан, ешқайда, ешқайдан есімдіктері мезгілдік, мекендік мәнде жұмсалып, пысықтауыш болады.

3. Ешқандай есімдігі қандай? сұрағына жауап беріп, заттың сынын білдіріп, анықтауыш қызметін атқарады.

Мысалы, Іздегені ешқайда (қайда?) болмай шықты. Ешқайсысы (кім?) кешіккен жоқ. Ешқашан (қашан?) өтірік айтпа.

7. Белгісіздік есімдігі – затты, сындық белгіні, сан мөлшерді жорамалдап, тұспалдап көрсететін сөздер. Белгісіздік есімдіктері: бір, біреу, кейбір, кейбіреу, әрбір, әрбіреу, қайбір, қайбіреу, біраз, бірдеме, бірнеше;

әлде, әлдекім, әлдене, әлденеше, әлдеқалай, әлдеқашан, әлдеқайда, әлдеқайдан, т.б.

Есімдіктің тәуелденуі
















ол

Бұл

мынау

кім

өз

Менің

оным

бұным

мынауым

кімім

өзім

Сенің

оның

бұның

мынауың

кімің

өзің

Сіздің

оныңыз

бұныңыз

мынауыңыз

кіміңіз

өзіңіз

Оның

онысы

бұнысы

мынауы

кімі

өзі

Біздің

онымыз

бұнымыз

мынауымыз

кіміміз

өзіміз

Сендердің

оларың

бұларың

мынауларың

кімдерің

өздерің

Сіздердің

оларыңыз

бұларыңыз

мынауларыңыз

кімдеріңіз

өздеріңіз

Олардың

олары (онысы)

бұнысы

мынауы

кімдері

өздері

Жіктеу, сілтеу есімдіктері септелгенде, мынадай ерекшелік байқалады:

1) ілік, табыс, шығыс септіктерінде түбірдегі л, н дыбыстары түсіп қалады;

2) жатыс септікте түбірдегі л дыбысы н-ға айналады;

3) көмектес септікте түбір мен қосымшаның арасында -ы, -і дәнекері пайда болады;

4) барыс септік жуанданып, л, н, түсіп қалған түбірге жалғау -ған түрінде жалғанады.

Үлгі:


А.с.

І.с.


Б.с.

Т.с.


Ж.с.

Ш.с.


К.с.

мен

ме-нің


ма-ған

ме-ні


мен-де

ме-нен


мен-і-мен

Сен

се-нің


са-ған

се-ні


сен-де

се-нен


сен-і-мен

ол

о-ның


о-ған

о-ны


он-да

о-дан


он-ы-мен

бұл

бұ-ның (мұ-ның)

бұ-ған

бұ-ны (мұ-ны)



бұн-да (мұн-да)

бұ-дан (мұ-нан)

бұн-ы-мен

(мұ-ны-мен)



сол

со-ның


со-ған

со-ны


сон-да

со-дан


со-ны-мен

Есімдіктер әртүрлі сөз табының орнына жүретіндіктен, барлық сөйлем мүшесінің қызметін атқарады.

1. Есімдіктер зат есімнің орнына жұмсалып, атау тұлғада тұрып, бастауыш болады. Олар (кімдер?) үнсіз отырып қалды. Барлығы (кім?) келісті. Әркім (кім?) өзінше дайындалыпты. Өзі (кім?) айтып берді.

2. Есімдіктер барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде тұрып, толықтауыш болады. Бұл ешкімге (кімге?) айтпаған сыры болатын. Мынаны (нені?) апаңа берерсің. Ешқайсысында (кімде?) арнайы рұқсат жоқ. Тапсырма бәрінен (кімнен?) сұралады. Ол әркіммен (кіммен?) ақылдасуды жөн көрді.

3. Есімдіктер ілік септігінің жалғауын жалғап және сын есімнің, сан есімнің орнына қолданылып, анықтауыш болады. Барлығының (кімнің?) пікірі бір жерден шықты. Бұл (қай?) пікірді бәрі құптады. Бірнеше (қанша?) дауыс қатар шықты. Ешбір (қандай?) адам өзіне жамандық тілемейді.

4. Есімдіктер мезгіл, мекен үстеулерінің орнына қолданылып, пысықтауыш болады. Әңгіме әлдеқашан (қашан?) аяқталған. Ол ешқайда (қайда?) бармауға бел байлады.

5. Есімдіктер жіктеліп қолданылса, сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады. Менің мақсатым – осы. Ата-анамыздың барлық тірегі – бізбіз.

Есімдіктер құрамына қарай екі түрге бөлінеді:

1. Дара есімдік бір сөзден тұрады: мен, олар, сендерсіңдер, дәнеңе, анау, бәрі, күллі, қашан, сол, өз, кей, т.б.​​​​​​​

2. Күрделі есімдік екі түбірден жасалады: қосарлану арқылы: кімде-кім, өз-өзіне; бірігу арқылы: әрқашан, кейбіреу, әрне, әрқалай, әлдебіреу, әлдеқайдан, ешкім, т.б.​​​​​​​

24. Етістік – заттың қимылын, іс-әрекетін білдіреді. Сұрақтары: қайтті? Не істеді? Не қылды? Ертең ат шабады (қайтеді?), балуан күреседі (не істейді?).



Етістік құрамына қарай екіге бөлінеді: 1) дара етістік; 2) күрделі етістік.

Дара етістік бір ғана сөзден тұрады. Мысалы, Жапырақтардың сыбдыры естіледі. Сөйлемдегі естіледі етістігі бір ғана сөзден тұрған дара етістік.

Күрделі етістік екі не одан да көп сөзден құралып, бір мағынаға ие болады, бір сұраққа жауап береді, сөйлемнің бір ғана мүшесі болады. Мысалы, Бала күліп жіберді. Бала күліп жібере жаздады. Бала күліп жіберуге шақ қалды. Сөздердің дыбыстық өзгеріске ұшырап кірігуінен жасалған күрделі етістіктер: апар – алып бар, әкел – алып кел, әкет – алып кет, әпер – алып бер, түрегел – тұрып кел. Сөздердің қосарлануынан жасалған күрделі етістіктер: бара-бара шаршады, айта-айта жалықты, күліп-күліп шығып кетті.

Күрделі етістік құрамындағы бірінші сөз негізгі етістік болады да, негізгі мағынаны білдіреді. Кейінгі сөздер көмекші етістік болады.

Етістік тұлғасына қарай екіге бөлінеді: 1) негізгі түбір етістік; 2) туынды түбір етістік.

Негізгі түбір етістік етістік сөздің өзінен болады: отыр, тұр, жүр, жатыр, оқы, кел, барды, жүгірді, жасаған, көрген.



Туынды етістік басқа сөз таптарына сөз тудырушы жұрнақ жалғану арқылы жасалады.

Туынды етістіктің жасалу жолдары:



ЕСІМ СӨЗДЕР

ТУЫНДЫ ЕТІСТІК

Балта

Би

Бас



Үтік

Дамыл


Сән

Рух


Әдет

Көмек


Сыр

Пікір


Жиын

Орын


Жаман

Көк


Екеу

Балтала

Биле

Баста

Үтікте

Дамылда

Сәнде



Рухтан

Әдеттен

Көмектес

Сырлас

Пікірлес

Жина

Орна

Жаманда

Көгер

Екеуле



БАСҚА СӨЗ ТАПТАРЫ

ТУЫНДЫ ЕТІСТІК

Бұрқ

Күрк


Жымың

Күлім


Тасыр

Ілгері


Жоғары

Ақырын


Аз

Көп


Ауһау

Құрау


Уһ

Бұрқыра

Күркіре

Жымыңда

Күлімде

Тасырлат

Ілгеріле

Жоғарыла

Ақырындат

Азсын

Көпсін

Ауһаула

Құраула

Уһле


Етістік іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауына қарай екіге бөлінеді:

1) болымды етістік; 2) болымсыз етістік.



Болымды етістік іс-әрекеттің орындалғанын, жүзеге асқанын білдіреді: оқы, жазды, айтқызды, орындады, сана, жүгір.

Болымсыз етістік іс-әрекеттің орындалмағанын, іске аспауын көрсетеді.

Болымсыз етістік екі түрлі жолмен жасалады:1) Синтетикалық тәсіл: негізгі және туынды түбір етістікке: -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары жалғану арқылы: жақындама, жүгірме, сұранба, күрсінбе, алыстатпа, тездетпе, т.б.








Түрі

Ереже

Жасалуы

мысалдар

Өздік етіс (орындаушы өзі)

Қимылды орындаушының

өзі істейді.

-ын, -ін, -н жұрнақтары

арқылы


Жуынды, киінді, боянды, таранды.

Өзгелік етіс (орындаушы өзге біреу).

Қимылды өзге біреуге орындатқызады.

-дыр, -дір, -тыр,

-тір, -ыр, -ір;

-қыз, -кіз, -ғыз,

-гіз;

жұрнақтары

арқылы


Жаздыр, бердір, айттыр, келтір, асыр, кетір, жасат, сөйлет.

Ырықсыз етіс (орындаушы белгісіз)

Орындаушы айтылмайды, іс-әрекет өздігінен жасалғандай.

-ыл, -іл, -л;

-ын, -ін, -н;

жұрнақтары арқылы



Айтылды, көтерілді, тасылды,

салынды, әкелінді, тазаланды.

Ортақ етіс (орындаушы көп)

Қимылды орындаушы біреу емес, бірнешеу болады.

-ыс, -іс. –с

жұрнақтары арқылы



Орысты,

тазаласты, көтерісті.

2) Аналитикалық тәсіл: -ған, -ген, -қан, -кен, формалы есімшеге жоқ, емес сөзінің тіркесуі арқылы: айтқан жоқ, келген жоқ, барған емес, көрген емес, т.б.

Етістік мағынасына қарай екіге бөлінеді: 1) сабақты етістік; 2) салт етістік. Сабақты етістік – мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етіп, кімді? нені? (не?) деген сұрақтарға жауап беретін табыс тұлғалы сөзбен байланысады. Мысалы, Отты (нені?) үрлеген жағады, шындықты (нені?) іздеген табады. Ата-анаңды (кімді?) құрметте, үлкенді (кімді?) сыйла. Шығарма(ны) - не(ні?) жаз. Ән(ді – -не(ні?) тыңда. Білім(ді) -не(ні?) үйрен.



Салт етістік тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етпейді. Салт етістік табыс септіктен басқа атау, ілік, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздермен тіркесе береді. Мысалы, Ата-анаңа (кімге?) құрмет көрсет. Қиындықтан (неден?) қорықпа. Жолдастарыңмен (кімдермен?) тату бол. Тілек (кім?) биледі, т.б.

Етістер – іс-әрекеттің, қимылдың орындаушыға, яғни іс иесінің істелетін іске қатысын білдіретін етістіктің түрі. Етістің төрт түрі бар: 1) өздік етіс, 2) өзгелік етіс, 3) ырықсыз етіс, 4) ортақ етіс.

Етістер етістікке түрлі қосымшалар жалғану арқылы жасалады. Мысалы,

Өзгелік етістің -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір,

-р, -т және ортақ етістің -ыс, -іс, -с жұрнақтары салт етістікті сабақты етістікке айналдырады. Мысалы:



Ырықсыз етістің -ыл, -іл, -л; (-ын, -ін, -н) және өздік етістің -ын, -ін, -н жұрнақтары сабақты етістікті салт етістікке айналдырады. Мысалы:

25. Үстеу – іс-әрекеттің, қимылдың, сындық, сапалық белгісінің сипатын, жай күйін білдіреді.Үстеу грамматикалық тұлғалар арқылы түрленуге, өзгертуге көп көне бермейдіҮстеу құрамына қарай екіге бөлінеді: 1) дара үстеулер; 2) күрделі үстеулер. Дара үстеулерге негізгіжәне туынды үстеу жатады.

 Негізгі үстеулер түбір мен қосымшаға бөлшектенбейді. Мысалы: ерте, тез, жоғары, қазір, жылдам, шапшаң, кеш.

 Туынды үстеулер екі түрлі жолмен жасалады: 1) жұрнақ арқылы;

2) кейбір септік жалғауларының түбірмен сіңісіп, көнеленуі арқылы.

1. Туынды үстеу жасайтын жұрнақтар:

 -ша, -ше: құсша, ізінше, балаша, бүркітше, жаңаша, бұлбұлша, жекеше;


Каталог: uploads -> doc -> 0a35
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет