Қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы қатысымдық тұрғыдан меңгертуде қазақ тілінің салалары өзара бірлікте қарыстырылады



жүктеу 4.94 Mb.
бет2/30
Дата07.03.2018
өлшемі4.94 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

Ауаның пайдасы

Таза ауаның мәні өте зор. Біз таза ауамен дем аламыз. Таза ауа денсаулыққа пайдалы. Үйдің ауасын әр уақытта таза сақтаңдар. Терезені жиі ашып тұрыңдар. Ауаны жаңартып отырыңдар.

Оқушылар жазғандарын оқиды. Текстегі сөйлем саны, әр сөйлемде кандай ой айтылғанын, сөйлемдерді қалай жазғанын айтады.

Содан соң текстегі сөйлемдердің негізгі мағынасы

жоғалмайтындай етіп, әр сөйлемнен тиісті сөзді алып тастап, негізгі ойдың сақтаған-сақталмағанын байқау үшін оқушыларға төмендегідей сұрақтар қойылады.

- Балалар, бірінші сөйлемде қандай ой айтылған?



  • Ауаның мәні зор екені айтылған.

  • Таза ауаның мәні ор деген сөйлемдегі кейбір сөздерді алып
    тастасақ, сөйлем түсінікті бола ма екен, соны байқаңдар, - дейді
    де, мұғалім сөйлемдердегі сөз санын азайтып отырады.

Үлгі:

  • Ауаның мәні өте зор. Сөйлем түсінікті ме?

  • Түсінікті.

  • Ауаның мәні зор, - десек ше?

  • Онда да түсінікті.

  • Ауаның зор, мәні зор, - десек сөйлемді түсінесіңдер ме?

  • Жоқ түсінбейміз.

  • Балалар, бұл сөздердің тобы белгілі ойды білдіріп түрған жоқ.
    Ендеше бұлар сөйлем бола ала ма?

  • Жоқ, сөйлем бола алмайды.

Сөйтіп бұл сұрақтар оқушылардың сөйлем бола алатын сөздердің тобы мен сөйлем бола алмайтын сөздер тобының (сөз тіркестерінің) мағыналық ерекшеліктерін байқауымен мүмкіндік береді.

Осылайша мұғалім балалардың ойын түсіндірілуге тиісті материалдың мазмұнына сай белгілі бір жүйеге келтіріп алған соң, баяндау әдісімен таза ауаның мәні өте зор. Ауаның мәні өте зор. Ауаның мәні зор деген сөйлемдерде негізінен бір-ақ ой айтылып тұрғанын, яғни бір ойды бір сөзбен де, көп сөзбен де айтуға болатынын, ал ауаның зор, мәні зор деген сөздер жеке тұрғанда белгілі бір ойды білдірмегендіктен, сөйлем бола алмайтынын түсіндіреді.

Сұраулы сөйлем

Сенің атың кім? Сен оқисың ба? Мектептерің үлкен бе? Кластарыңда неше оқушы бар?

Сұраулы сөйлемде сұрақ мағынасын білдіретін сөздердің болатындығын, аяқталған сөйлем мен аяқталмаған сөйлемдердің мағынасын салыстыру арқылы танылады.

Үглі:


  • Сенің атың... десек сөйлем аяқталды ма?

  • Сөйлем аяқталған жоқ.

  • Сұраулы сөйлем болуы үшін осы сөйлемде қалай айтамыз

  • Сенің атың кім? — деп айтамыз.

  • Сонда сұрақ мағынасын білдіріп тұрған сөз қайсысы?

  • Сұрақтың магыиасын білдіріп түрған сөз - кім?

Осылайша хабарлы сөйлем мен сұраулы сөйлемнің мағыналық айырмашылығын салыстырып, ондай айырмышылықтың болу себебі айтылады.

Сұраулы сөйлемге мынадай ереже беріледі: «Сұраулы сөйлем жауап алу мақсатымен айтылады. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрақ белгісі қойылады».

Сұраулы сөйлем жасайтын негізгі тұлға - қандай?, қайда? т.б. сұрақ мағынасын білдіретін сөздер екені түсіндіріледі. Сонымен қатар оқушы хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырады, оны сұраулы сөйлемге қалай айналдырғандарын айтады. Сұраулы сөйлемнің ма, ме, ба, бе, па, пе сияқты сұраулы сөздермен (сұраулы шылаумен) жасалуы да осы тәртіппен түсіндіріледі.

Сұраулы сөйлемнің жасалуын түсіндіру үшін мына таблица пайдаланылады.





Сұраулы сөйлемнің жасалуы

Сұраулы сөйлемдер

Сұрақ мағынасын білдіретін сөздер

Сен қайда түрасың? Егін қандай өнім береді? Егінді немен орады? Астықты неше машинамен тасыды?

қайда? қандай? немен? неше?

Егін өнім береді. Бұл қандай сөйлем? Хабарлы сөйлем.

Егін қандай өнім береді? - десек ше? Сұраулы сөйлем.

Сұраулы сөйлем қалай жасалады?

- Хабарлы сөйлемге қандай? деген сұрақты қосқанда сұраулы сөйлем жасалады, - деп әңгіме әдісімен талдау жүргізеді. Лепті сөйлемнің мағынасын таныту үшін мұғалім оқушыларға таблицадағы сөйлемдерді оқытады, содан соң олардың байқағанын өз жинақтап, лепті сөйлемнің бұйрықты, қуанғанды, ренжігенді т.б. білдіретінін, оның көтеріңкі дауыспен айтылатынын, соңына лепті белгісі қойылатынын түсіндіреді.


Лепті сөйлем

Лепті сөйлемнің

Мысалдар

мағынасы




Бұйрық

Отанды сүйер ұлан

болыңдар!



Қуану

Отаным қандай тамаша!

Ренжу

Қап, дәптерімді қалдырып




қойыппын -ау!

¥ран

Көркейе бер, сүйікті Отаным!

Таблица тақтаға ілініп, ондағы сөйлемдер түсіндірілгенен кейін, «Лепті сөйлемдер кісінің көңіл-күйін, сезімін білдіреді, олар көтеріңкі дауыспен айтылады, лепті сөйлемнен соң лепті белгісі қойылады», - деген ережені 3-4 оқушы оқулықтан оқып береді.



III Сөйлемдегі сөздердің байланысын оқыту

2-класта сөйлемдегі сөздердің байланысын өткенге дейін оқушыларда мынадай практикалық дағдылар болады:



  1. орны ауыстырылып берген сөздерді өз орындарына қойып, сөйлем құрай алады;

  2. сөйлемдегі сөздерді байланыстыру үшін, оларға қосымшалар жалғанатынын біледі;

  3. сөйлемдегі сөздерге сұрақты дұрыс қоюдың тәртібін үйретеді.

  4. сұрақ арқылы сөйлемдегі өзара байланысып тұрған сөздерді табуға болатындығы жайында түсінігі болады.

2-класта оқушылардың сөйлемдегі сөздердің байланысы жайында программалық материалдарды өткенде, бұл дағдылары жетілдіріліп, белгілі жүйеге келтіріледі. Сонымен бірге оқушылар үш-төрт сөзден құралған сөйлемдердегі бір-бірімен байланысып түрған сөздерді сұрақ қойып табуға дағдыланады.

2-класта оқушылардың сөйлемдегі сөздердің байланысы жайында бұған дейінгі алған түсінігіне қосымша тағы да мынадай түсінік беріледі.

Балалар, мына тақтадағы: барады, жылы, қүстар, үлпып, жаққа деген создер осылай түрғанда белгілі бір ойды білдіре ала ма?


  • Жоқ, бұлар белгілі бір ойды білдіре алмайды.

  • Осы сөздер белгілі бір ойды білдіре алатын сөйлем болуы үшін
    не істеуіміз керек?

  • Сөздерді дұрыс орналастырумыз керек.

  • Дұрыс, енді осы сөздерді дұрыс орналастырып, сөйлем
    қүраңдаршы!

  • Құстар жылы жаққа үшып барады.

  • Дұрыс, бұл сөздердің тобы енді белгілі бір ойды білдіре алатын
    болды. Сендер бұл сөздерді белгілі бір тәртіппен орналастырып,
    сөйлем құрыңдар. Сөйлем болуы үшін сөздер белгілі бір
    тәртіппен орналасуы керек. Балалар, енді осы сөйлемдегі
    сөздердің түбірін табайық.

Оқушылар құс, жылы, жақ, үш, бар, - деп әр сөздің түбірін атайды. Мұғалім тақтада балалар атаған түбір сөздерді қалдырады да, қосымшаны өшіреді.

  • Балалар, енді жаңа өздерің тапқан түбір сөздерді оқыңдаршы!
    Балалар қүс, жылы, жақ, үш, бар сөздерін оқиды.

  • Айтайын деген ойымыз түсінікті ме?

  • Жоқ, түсініксіз. Өйткені бұл сөйлем емес.




  • Айтайын деген ойымыз түсінікті болу үшін әр сөзге жалғау
    жалғауымыз керек?

  • Жаңағы сіз өшірген қосымшаларды жалғаймыз.

  • Дұрыс айтасыңдар. Қазір сөздер бір-бірімен байланысып
    тұрған жоқ. Сондықтан сөйлем бола алмайды. Ал осы сөздерге
    жаңағы қосымшаларды қоссақ, сөйлемдегі сөздер бір-бірімен
    байланысады. Сонда айтылатын ой түсінікті болады. Бұл сөздерге
    қосымша жалғап, сөйлемдегі сөздерді байланыстыру керек екен, -

деп, әңгіме әдісімен мұғалім сөйлем құраудың шарттарын түсіндіреді.

Бұдан кейін оқушыларға сөйлемде өзара байланысып түрған сөз тіркестерін табу жолы үйретіледі.

Мұғалім:


  • Балалар, біз жоғарыдағы сөйлемдегі сөздердің белгілі
    тәртіппен байланысатындығын айттық. Енді сөйлемдегі сөздер
    бір-бірімен қалай байланысып түрғанын байқайық. Ол үшін мына
    сөйлемдегі (Ардақты ана құрметке бөленді) сөздерге сұрақ
    қоямыз. Бұл сөйлемде кім туралы айтылғанын тауып, сол сөзге
    сұрақ қойыңдаршы!

  • Бұл сөйлемде ана туралы айтылған. Ана сөзі кім? деген сұраққа
    жауап береді.

  • Дұрыс айтасыңдар, балалар. Енді ана сөзімен байланысып
    тұрған сөзге бағыттап сұрақ қоямыз. Ол сұрақты қалай қою
    керек? — деп мұғалім балалардың сабақ үстіндегі ынталылығы мен
    жауапкершілігін арттыра отырып, оларға тиісті сөз тіркестерін
    тапқызады. Балалардың жауабын тақтаға жазып отырады.

Үлгі: Ардақты ана құрметке бөленді.

  1. Ана қайтті? - Ана бөленді.

  2. Here бөленді? - Құрметке бөленді.

  3. Қандай ана? - Ардақты ана.

Содан соң сөйлемдігі сөздердің байланысы мына таблица арқылы түсіндіріледі.

қандай? Ардақты кім? Ана Неге? Құрметке қайтті? бөленді.


бөленді


ардақты

құрметке


Соңынан мұғалім оқушыларға оқулықтағы: «Сөйлемдегі сөздер өзара байланысты болады.

Сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы білеміз», - деген ережені оқытады. Оқушылардың сөйлемдегі сөздердің байланысы жайындағы білім дағдыларын жетілдіру үшін, оқулықтағы 314-316-жаттығулар орындалады. Онда оқушылар сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қойып табады, берілген сөздерден сөйлем құрайды. 2-сыныпта сөйлем және оның түрлері жайында өткен материалдар бойынша оқушылардың білімін бекітіп, практикалық дағдыларды меңгерту үшін төмендегідей жаттығулар жұмыстары ұсынылады. 1. Оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары. а) Әдетте бастауыш сыныпта сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қоюды керек ететін жаттығуларда сөйлемдердің ара жігін айырмай, оларды кіші әріппен берген жөн. Бұл оқушылардың сөйлемдердің мағыналық өзгешеліктерін ұғынуына әсер етеді. Олар әр сөйлемді бас әріппен бастап жазуға, сөйлем соңына кез келген тыныс белгісін қоя салмай, сөйлемді саналы түсінуге дағдыландырады. Мәселен, 2- сыныпта сөйлем жігін ажыратылмаған, тыныс белгісі қойылмаған мына тәрізді тексті ұсынуға болады.

Алдымен хабарлы, содан соң сұраулы, лепті сөйлемі бар текстер беріледі.

Көп жылқы жайылып жүр жылқышы Досан келді күн ыстық еді жылқышалар шөлдеді. Досан жылқыны суға айдады.

Жасасын Қазақстан туған ел, гүлденіп, өсе бер қап, кешігіп қалғанымай Алақай апам коньки әкелді.

Балалар сөйлемдердің ара жігін ажыратып, оларды бас әріппен бастап, соңына тиісті тыныс белгілерінің қойылу себебін айтады.

э) Сөйлемді толықтыруға арналған жаттығуларда әр сөйлем кіші әріппен беріледі. Үлгі: Көп нүтенің орынна тиісті сөзді қойып, сөйлемді толықтыр. Әр сөйлемді бас әріппен бастап, соңына тиісті тыныс белгісін қойып көшір.

Жанат ерте ... . Гимнастика ... . Салқын сумен ... . Ол шашын ... . шашына ал қызыл ленталар ....

Керекті сөздер: байлады, тарады, тұрды, жуынды, жасады. Үлгі: Жанат ерте тұрды. б) Хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдер аралас келген текстердегі әр сөйлемді бас әріппен беруге де болады.

Тапсырма: Оқып шығыңдар. Сөйлемдердің хабарлы, сұраулы, лепті екенін айтыңдар.



Кезекші

Бүгінгі кезекші кім Кезекшінің міндетін біле ме екен өзі Тақта сүртілмеген Терезе ашылмаған Кластын ауасы тазартылмаған Оның бәрін кім істеуі керек Әрине, кезекші істеуі керек Оспан кезекші екеніңді білесің бе Өз міндетіңді дұрыс атқар Жалқау болма.

Оқушылардың бұл жаттығуды орындау үшін, біріншіден, текстегі сөйлемдердің мағыналық, пунктуациялық ерекшеліктерін айыруға, екіншіден, сөйлемдерді ортақ белгілеріне қарай топтауға тиіс. 2-класта өздіктеріне мұндай жұмыс түрін орындау оңайға соқпайды. Сондықтан әр сөйлем бас әріппен басталып жазылады.

2. Творчестволық жұмыстар. Сөйлем және оның түрлерінен оқушыларға тиянақты білім мен практикалық дағды беру мақсатында әр түрлі творчестволық жұмыстар орындалады. Осындай жұмыстардың үлгісін мысалға келтірейік.

а) Берілген сөздерден сөйлем құрау, сөйлемдерді түрлендіру.


Сыныпта қанша оқушы болса, сонша карточка дайындалады. Карточкаға
сөйлем қүрауға тиісті сөздер жазылады. Сол сөздерден оқушылар сөйлем
кұрайды. Сөйлемдер бірінде хабарлы болса, екіншісінде - лепті,
үшіншісінде - сұраулы болып келеді. Оқушы өзі құраған сөйлемдерін
дәптерге жазады. Содан соң хабарлы сөйлемді сұраулы, лепті сөйлемдерге
айналдырады. Бір сөйлемді үш түрлі етіп жазады.

Карточка. Карточка бойынша жұмыс.

колхозда, арпа, Биыл колхозда арпа көп.


көп, биыл Биыл колхозда арпа көп пе?

Биыл колхозда арпа неткен көп еді!

Оқушылар өз жұмыстарын оқиды. Әр сөйлемнің мағыналық, интонациялық, пунктуациялық ерекшеліктерін айтады.

ә) Хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдыру.

Оқушылар сұрақ койып хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдырып жазады.

Мектеп ауласына гүлдер отырғызылған. Гүлдерді оқушылар күтеді. Арам шөбін жүлады. Таңертең суарып тұрады. Мүнда гүлдер жақсы өседі.

Үлгі: Мектеп ауласына нелер отырғызылған?

Оқушылардың хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлемге өз еркінше айналдыруын да талап етуге болады. Ондайда, әрине, мына сөзді өзгерту аркылы сұраулы сөйлемге айналдырыңдар деген шарт қойылмайды.

б) Сурет бойынша немесе суретсіз хабарлы, сұраулы, лепті
сөйлемдерді қатыстырып әңгіме құрау.

Оқушылар әуелі сурет бойынша класс болып тек хабарлы сөйлеммен әңгіме құрайды, содан соң олар берілген тақырып бойынша шағын шығарма жазуға дағдыланады.

Тақтаға күз мезгілі бейнеленген сурет ілінеді. Оқушылар мұғалімнің тапсыруы бойынша суретте не бейнеленгенін сипаттап жазды. Содан соң құрастырған сөйлемдерін оқып береді. Күздің аяқталған кезі еді. Ағаштардың жапырақтары түскен. Сойдиып ағаштар өзі тұр. Жерде сарғайған жапырақ, қураған бұтақтар жатыр.

Оқушылар белгілі бір тақырып бойынша өздігінен шығарма жазады.



Көктем

Наурыз, сәуір, мамыр - көктем айлары. Наурызда күн жыльша бастайды. Сайларға су толады. Өзен, көлдердің мұздары бұзылады. Қүстар келеді. Көктемде егін, бақшалар егіледі. Көк шығады. Бәйшешек гүл жарады.



Біздің жанұя

Менің Анар, Майра деген сіңілдерім бар. Мен оларды өте жақсы көремін. Менің апам колхозда істейді. Мен апама көмектесемін.



Жұпар мен Жұман

Жұпар мен Жұман орманға жидек теруге барды. Олар қоянның көжегін ұстап алды. Оны үйлеріне алып келді. Жұпар оған сүт, шөп берді. Олардың Мойнақ деген иті бар. Мойнақ көжекке тұра ұмтылды. Көжек қаша жөнелді.



  • Қап, көжектен айырылып қалдық қой.

  • Мойнақ, сен оны неге қорқыттың? - деді Жұман мен Жұпар.

4. Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы 300-жаттығу орындалады.
Хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдердің мағыналық, интонациялық

ерекшеліктерін дұрыс танып, оларды дұрыс оқуға жаттықтыруда «Ана тілі» оқулығына да пайдалану керек. Оқушылар «Бұлт», «Жаңбыр», «Шегіртке мен құмырсқа» т.б. шағын өлеңдер мен тексттерді рөлдерге бөліп, мәнерлеп оқуға жаттығады.

5. 2-сыныпта хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдер өтілген соң шағын
тексттер бойынша көру диктанты, түсіндірмелі және жазу диктанттарын
жазуға болады.


II. 2 Бастауыш мектепте сөйлем мүшелерін оқыту әдіс-тәсілдері

Сонымен 2-сыныпта оқушылар программалық талапқа сай теориялық білім мен практикалық дағдыларды меңгере отырып, сұраулы, лепті сөйлемдердің мағыналары, интонациялық ерекшеліктерін таниды, соған сәйкес практикалық дағдыларды меңгереді.

2-сыныпта оқу жылының екінші жартысынан сөйлем мүшелері ең қарапайым түрде, бастауыш, баяндауышты ажыртау түрінде өтіле бастайды.

Бұған дейінгі оқушылар аталған тақырыпты игеруге керектімынадай білім дағдыларын алады: олар сөйлемдегі сөздерге сұрақ қоя отырып, сөйлемдегі өзара байланысып тұрған сөз тіркестерін табады.

Сөйлем мүшесі жайында алғаш түсінік берген мұғалімдер оқушылардың осы білім дағдыларына сүйенеді.

Мұғалім тақтаға Балалар орманға келді деген сейлемді жазады да, ауызшаталдатады. Ол үшін оқушыларға мынадай жетекші сұрақтар ұсынады:



  • Сөйлемде неше сөз бар?

  • Үш сөз бар.

  • Сөйлемдегі сөздердің өзара қатынасы қандай?

  • Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысып тұр.

  • Олардың байланысын қалай атаймыз?

  • Сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы атаймыз?
    Осылайша, сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қойып анықтау

керек екендігі еске түсірілген соң оқушылар берілген сөйлемдегі сөздердің байланысын ауызша түсіндіреді.

  • Кімдер келді? - Балалар келді.

  • Балалар қайда келді? - Орманға келді

  • Балалар қайтті? - Балалар келді.

Оқушылардың осындай ауызша жауаптарынан кейін мұғалім
бастауыш пен баяндауыштың сұрактарын үстіне жазып отырады.
кімдер? қайда? қайтті?

Балалар орманға келді.



Содан соң белгілі бір сұраққа жауап беретін сөйлем ішіндегі сөздердің сөйлем мүшесі деп аталатыны баяндау әдісімен түсіндіріледі.

Оқушылардың түсінгенін пысықтау үшін, мұғалім оларға тақтадағы сөйлемдерде неше сөйлем мүшесі бар екенін анықтатады.

Балалардың жазбаша талдауларының үлгісі:

қашан? кім? қайда? қайтті?

Жазда Қайрат Артекке барды.

Балалардың ауызша жауаптары:





  • Кім барды? — Қайрат.

  • Қайрат қайтті? - Барды.

  • Қайда барды? - Артекке.

  • Қашан барды? - Жазда

Сөйлем мүшелерін табу үшін осылайша, сұрақ қою әдісін қолдану нәтижесінде балалар, біріншіден, сөйлем мүшелерінің белгілі бір мағыналық байланыста болатыны жайында мағлүмат алады. Екіншіден, оқушылардан сөйлем мүшелерінің байланысын таудың тәртібін үғынуға керекті дағдылар қалыптасады. Сөйтіп, оқушылар сөйлем мүшелерінің мағыналары мен мағыналық қатынастарын түсіне бастайды. Сөйлемдегі кім? кімдер? нелер? деген сұрақтарға жауап бертін сөздер мен олардың іс-әрекетін білдіретін сөздердің сөйлемге негіз болып түрғанын байқайды. Сонымен бірге оқушылардың сөйлем мүшелері мен сөз таптарының ара жігін ажыратуына да көмегі тиеді.

Осылай екі үш сөзден түратын бірнеше сөйлем талдаған соң, мұғалім оқушылардың ойын қорыту мақсаттарымен мынадай сұрақтар қояды:



  • Қандай сөз сөйлем мүшесі болады?

  • Сөйлемдегі белгілі бір сұраққа жауап болтын сөздерді сөйлем
    мүшесі болады.

Содан соң «Сөйлемдегі белгілі бір сұраққа жауап болатын сөздер сөйлем мүшесі дейміз» деген ережені 3-4 оқушы айтып шығады.

Оқушылар сөйлем мүшесі жайындағы білімдерін тиянақты ету үшін мынандай жұмыстар орындайды.

1 .Оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысы.

Тексті оқиды. Сөйлем ішіндегі сұрақтардың орнына тиісті сөйлем мүшелерін қойып, сөйлемді толықтырып жазады. Әр сөйлемде неше сөйлем мүшесі бар екенін айтады.

Балық аулау

Марат (қайда?) барды. Марат (не істеді?). Самат (не?) терді. Марат (қанша?) балық үстады. Бұлар (несін?) толтырды. (Қашан?) үйлеріне қайтты.

Керекті сөздер: түске жақын, өзенге, шегіртке, қармақ салды, шелегін, көп.

Оқушылардың осы дағдыларына сүйене отырып бастауыш жайында әңгіме әдісімен оқушыларды ойландырудың индуктивтік жолымен мэлімет береді.

Оқушылар мұғалімінің басшылығымен алдымен жеке суреттер бойынша сөйлем қүрастырады, сөйлемде кім туралы айтылғанын айтады. Оқушылардың ауызша жауаптары мынадай болады:

-Оқушылар мектепке бара жатыр. Сөйлем оқушылар жайында айтылған. Оқушылар — кімдер? деген сұраққа жауап береді.

Бірнеше сөйлемдерді оқушылар ауызша талдайды, ал мұғалім сөйлемдердің кейбіреуін тақтаға жазады, онда кім, не туралы айтылғанын көрсетіп түрған сөздердің астын сызады, үстіне сұрақтарын жазады.

Үлгі:


кімдер?

Балалар ойнап жүр.

нелер?


Үйректер суда жүзіп жүр.

не?


Ешкі жайылып жүр.

кім?


Раушан еденді жуды.

Сөйлем ішінде бастауыш болатын сөздер ерекше дараланған соң мұғалім:

- Балалар, сонымен мына асты сызылған сөздер нені білідіреді?

Сөйлемде кім, не жайында айтылғанын білдіреді, - деген сұраққа жауап алады.

Осындай сөйлемдегі ойдың негізі болып түрған сөйлем мүшелерінің бірі бастауышы деп аталатынын, бастауыштың кім? не? кімдер? нелер? деген сұрақтарға жауап беретін сөздердің мағыналық айырмашылықтарын мұғалім әңгіме әдісімен түсіндіреді. Мұғалім: «Сөйлемдегі ойдың негізі болатын мүшені бастауыш дейміз. Бастауышқа кім? не? кімдер? нелер? деген сұрақтартар қойылады» деген анықтаманы 2-3 оқушыға оқытады.

Синтаксис матераилдар өтілгенге дейін оқушыларға зат есім, сын есім, сын есім, етістік жайында мэлімет берілген болатын.

Оқушылардың сөз таптары жайындағы осы білім дағдыларына сүйене отырып, бастауыштын зат есімнен және зат есімнің орынна жұмсалатын сөздерден (мен, сен, ол, біз .т.б) болатыны жайында айта кетуге болады.

Бастауыш болатын сөз таптары жайында түсінік беру үшін төмендегідей таблица пайдаланады.

Зат есім көбінесе бастауыш кызметін атқарады. Мен, сен, ол, біз, олар, сендер деген сөздер де бастауыш болады.

Таблица бойынша мұғалім оқушыларға бастауыш болатын сөз таптары жайында мағлүмат береді Оқушылар сұрақ қойып, сөйлемдегі бастауыштарды тауып, мұғалімнің көмегімен олардың қай сөз табы екенін айтады.



Бастауыш болатын сөз таптары



Сұрақтар

Сөйлемдер




Кімдер?

Колхозға оқушылар келді. Олар







колхозшыларға көмектесті.




Нелер?

Балапандар шықылықтады. Олар

жем

Кім?

сұрайды.




He?

Асан жақсы оқиды. Мен Асанды

жақсы




көремш.







Қоян қаша жөнелді. Ол түлкіден

қорқады.

Үлгі: Колхозға оқушылар келді. Колхозға кімдер келді? - оқушылар, бастауыш, кімдер? деген сұраққа жауап береді. Олар колхозшыларға көмектесті. Кімдер көмектесті? - Олар, бастауыш, сүрағы - кімдер?

Мұғалім:


  • Балалар, олар деп отырғанымыз кімдер?

  • Олар деп отырғанымыз - оқушылар.

  • Өте дұрыс айтасыңдар. Оқушылар деген зат есімнің орнына
    олар деген сөз жүмсалып түр. Сонымен бұл екі сөйлемде де
    оқушылар туралы айтылып тұр.

Барлық сөйлем осылай талданған соң, мұғалім сұрақ қойып, оқушылардан жауап алады.

  • Оқушылар, балапандар, Асан, қоян деген бастауыштар қай сөз
    табы?

  • Зат есім.

  • Олар, ол деген бастауыштар зат есім бе?

  • Жоқ, олар, ол деген сөздер зат есім емес, зат есімнің орнына
    жүмсалып түрған сөздер.

  • Сонымен қай сөз табы бастауыш болады екен?

  • Көбінесе зат есім бастауыш болады. Мен, сен, ол, олар деген
    сөздер де бастауыш болады, - деген сұрақтар арқылы
    оқушылардың өздерінің ой қорытындысын жасалуына мүмкіндік
    жасалады.

Оқушылардың бастауыш жайында алған түсініктерін толықтыру үшін әр түрлі жаттығу жұмыстары орындалады.

1. Творчестволық жұмыс. а) берілген сөздерге бастауыш тауып, сөйлем қүрайды. Бастауыштың қандай сұрақтарға жауап беріп тұрғанын айтады.

Үлгі: Жеміс пісті. He?

э) Сұрақтардың орнына бастауышты қойып, әңгіме құрайды. Бастауыштың астын сызады.

Сабақта

(Кімдер?) мектепке жиналды. (He) соғылды.



(Кімдер?) сыныпқа кірді (He) ашылды.

(Кім?) келді. (Кімдер?) орындарынан түрды.

(He?) басталды. Үйге берілген (не?) тексерілді.

(Кім?) тақтаға. (Кім?) қолына бор алды.

(Кім?) сөйлемді жазды.

Керекті сөздер берілмейді. Балаларға әңгіме мектеп өмірі жайында екені ескертіледі. Тиісті сөздерді оқушылар өздері табады.

2. Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы 322-323 жаттығулар орындалады. Сұрақ қойып, бастауыштарды табады.

Содан соң оқуылықтағы ережені оқушыларға бірнеше рет дауыстап оқытады. Оларға осында тәртіппен әңгіме әдісі арқылы тілдік фактілерді индуктивтік жолмен танытудың маңызы мынада:



  1. мұндай сабақ оқушылардың ойлау қабілеті мен
    байқағыштығын артырады;

  2. оқушы өз ойын жүйелі баяндап беруге баулиды;

  3. оқушының өз байқауы, дэлелдеуі бойынша дұрыс қорытынды
    шығаруға үйретеді;

  4. өз байқауы бойынша қорытынды шығару тиісті
    материалдарды талдауда оқушының үқыптылығы мен
    жауапкершілігін арттырады.

Осы сабақта баяндауыштың сөйлемді аяқтап, сөйлемдегі ойды тиянақтап түратындығын да түсіндіреді.

Оқушылар мұғалімнің жетекші сұрақтарының көмегімен Үйректер суда... дегенде ойдың аяқталмағандығын, бұл сөйлемде баяндауыштың жоқ екенін, айтылатын ой түсінікті болу үшін сөйлемді Үйректер суда жүзіп жүр деп айту керек екенін байқайды. Осылайша бірнеше сөйлемдердің мағынасы салыстырылады, сол арқылы баяндауыштың негізгі қызметі әцгіме әдісімен түсіндіріледі.

Оқушылардың баяндауыш жайындағы білімдерін бекітіп, тиісті практикалық дағдыларды меңгеруі үшін мынандай жұмыс түрлері жүргізіледі.

1. Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы 331-332 жаттығулар орындатылады. Оқушылар берілген баяндауышты қатыстырып сөйлем құрайды, баяндауыш, бастауыштарын табады, олардың қай сөз таптары екенін айтады.

2. Творчестволық жұмыстар. а) Баяндауышты тауып, аяқталмаған сөйлемдерді толықтырады. Баяндауыштың түсына сүрағын жазады. Бастауыш пен баяндауыштың байланысын сызықпен көрсетеді.

1. Бұлбұл бүтаққа ... .2. Орманда гүлдер ... . 3. Жанат кітапханаға .... 4. Қасым еденді ... . 5. Айжан тақтаны .... 6. Жауын қатты ....

Үлгі: Бұлбұл бұтаққа қонды (қайтті?)

э) Әр сөйлемдегі бастауыштарды баяндауыштармен қоса көшіріп жазып, олардың қай сөз таптарынан болып түрғанын айтады.

Балалар мектепке жиналды. Қарлы боран соқты. Шофер балаларды машинаға мінгізді. Сабақ сағат сегізде басталады. Алыстан дауыс еміс -еміс естіледі.

Үлгі: Балалар жиналды.



  1. Оқушылардың білім дағдыларын жинақтау мақсатында мынадай кеспе қағаздарымен жұмыс жүргізіледі.




№1 №2


Көп нүктенің орнына Көп нүктенің орнына бастауыш

Бастауыш болатын сөз болатын сөз қойып, сөйлемді

қойып, сөйлемді оқыңдар оқыңдар.

Бүгін ... жауды Диханшылар егін ... .







№3 №4

Қай сөйлем мүшесі жоқ Орны ауыстырылып берілген

екенін айтып, сөйлемді сөздерден сөйлем құраңдар.

толықтырып жазыңдар. Бастауыш пен баяндауыштың ас-

Сәуле кесте .... тын сызыңдар.

Өзеннің, балалар, келді, жағасына





№5 №6

Бастауышы мен Берілген сөздерді бастауыш

баяндауышы бар етіп сөйлем құраңдар.

сөйлем ойлап жазыңдар. Оқушылар, олар, жаңбыр.







№7



Берілген




сөздерді

баяндауыш

етіп

сөйлем

құраңдар.




Ойнадық,

жүрдік, жаздық.



№8

Сұраққа жауап беріп,

Сөйлемді толықтырыңдар.

(Кімдер?) колхозға көмектесті.

Олар (не істеді?)





9

Бастауышы кім, кімдер?

Деген сұраққа жауап беретін

Сөйлем жазыңдар.


№10

Бастауышы не, нелер? деген

Сұраққа жауап беретін

Сөйлем жазыңдар.








№11

Баяндауышы кім, кімдер?

Деген сұраққа жауап беретін

Сөйлем құрастырыңдар.



№12

Баяндауышы не, нелер? деген Сұраққа жауап беретін

Сөйлем жазыңдар.





№13

Бастауыш дегеніміз не?

Мысал келтіріңдер.


№14

Баяндауыш дегеніміз не?

Мысал келтіріңдер.





Оқушылар карточкада берілген тапсырмаларды орындай отырып, сөйлемдерді дәптерлеріне көшіреді., талдау жасайды. Карточка бойынша оқушылардан жауап алу арқылы мұғалім олардың бастауыш пен баяндауыш жайында алған білімдерін және кемшіліктерін байқайды, кейінгі сабактарда ол кемшіліктерді болдырмаудың жолдарын қарастырады.

Бастауыш пен баяндауыштын арасына қойылатын сызықша туралы түсінік берген мұғалім бастауыш пен баяндауыштың қай сөз табына жасалғанын, сондай-ақ баяндауыш та бастауыш секілді кім? не? сұрақтарға жауап беріп, бастауыш іс-әрекетті емес, заттық белгісін түсіндіретінін ескерген жөн.

Оқушылардың бастауыш пен баяндауыш жайында алған білім даңғдыларына сүйене отырып, бастауыштан соң сызықшаның қойылу себебін әңгіме әдісімен түсіндіруте болады.

Алдымен синтаксистік кассаға жазылған Алма — жеміс. Ол күзде піседі. Ол - үлгілі оқушы. Ақан жақсы оқиды. Деген сөйлемдер талданды. - He? - алма, бастауыш, зат есім. Алма не? - жеміс баяндауыш, зат есім. - He піседі? - ол бастауыш, зат есім орнына жүмсалып түрған сөз. Ол қайтеді? - піседі, баяндауыш, етістік. Синтаксистік кассадағы талдаудың үлгісі:





Зат. е




Зат. е

Баст.




Баянд.










не?




не?










Алма



жеміс

Содан соң: - Балалар, бастауыштан соң сызықша қойылған мына сөйлемде бастауыш пен баяндауыш кандай сұраққа жауап береді, олар қай сөз табынан болып түр? - деген сұрақтарға жауап алынады.

Осында кейін мұғалім оларға өз бақылағандарынан қорытынды шығару мақсатында:

- Сонымен, бастауыштан соң сызықша қай уақытта қойылады? -деген сұрақ қояды. Балалар:

- Бастауыш та, баяндауыш та кім? не? деген сұраққарға жауап берсе, бастауыштан соң сызықша қойылады.

- Бастауыш та, баяндауыш та зат есімне болса, бастауыштан соң сызықша қойылады, - деп әр түрлі жауап береді.

Оқушылардың бұл ұғым - түсініктерін бекітіп, білімдерін тиянақты ету үшін осы сабақта таблицадағы сөйлемдерді оқушыларға талдатады. Мұғалім олардың жауаптарынан кейін оқулықта берілген ережені ек-үш оқушыға оқытады.




Мысалдар

Бастауыш та,




баяндауыш та

Қадиша - әнші.

зат есім

Сазан - балық.

зат есім

Жақып - мейірімді

зат есім

әке.

зат есім

Әлия Молдағүлова -




батыр.



Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша жайында оқушылардың білім дағдыларын саналы меңгеру үшін мынадай жаттығулар орындалады.

1. Оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысы. Сөйлемдерді
көшіреді. Сұрақ қойып, бастауыш пен баяндауышты табады. Тиісті орнына
сызықша қояды.

Бұл қасқырдың іні. Қасқыр інінен шықты. Ақан аңшы. Ақанның ағасы бар. Ол ғалым.

2. Творчестволык жұмыстар. Оқушылар жеке суретттер бойынша
бастауыштан соң сызықша қойылатындай етіп сөйлем күрайды.

Мұғалім оқушыларға жеке заттар мен кісі суреттерін көрсетеді. (Мысалы: С.Мүқанов, мектеп, қоян т.б.). Оқушылар мұғалімнің сүрағына сәйкес сурет бойынша сөйлем айтады. Үлгі: Бұл кім?

Бұл - Сәбит Мүқанов. Сәбит Мұқанов кім? Ол - жазушы.

Содан кейін оқушылар бірнеше сөйлемдерді дәптерлеріне жазып, талдайды. Бұл - аққу. Астана - Қазақстан Рспубликасының астанасы. Марат - оқушы. Мараттың ағасы - ұшқыш.

3. Сызықша қойылған сөйлемді дұрыс оқуға дағдыландыру. Мұғалім
тақтаға жазылған сөйлемдерді оқи отырып, сызықшаның орнына оқығанда
кідіріс жасау керек екенін түсіндіреді. Содан соң мына тәрізді сөйлемдерді

оқушыларға оқыту арқылы сызықша койылған сөйлемді дұрыс оқуға дағдыландырады.

1. Папам менің - қауыншы.

Апам менің — сауыншы.

2. Менің атым - Әліппе

Мені анаңдай - дәріпте.



  1. Зада мен Зере - оқушы. Анау - ақ қаз. Ол - Заданың қазы. Мынау - ала қаз. Ол - Зеренің қазы.

  2. Қазақстан армиясы - қаьарман армия.

  3. Оқу - білім дәні,

Білім — бақыттың шамы.

Соңымен 3,4,5 сөйлем бойынша көру диктанты жазылды. Сөйлем мүшелерін қайталағанда, оқушылар бастауыш пен баяндауышты атау септігінде тұрғанда бастауыштан соң сызықша қойылатындығы айтылады.

Сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелері туралы таблицадағы сөйлемдерді оқушыларға талдата отырып әңгіме әдісімен түсінік беріледі.


Мысалдар

Сұрақтары

Машинаны Қасым

нені?

жөндеді.

қайда?

Аспанда құстар ұшып

нелерді?

барады.

қалай?

Асан әңгімелерді қызыға

кімнің?

оқыды.

қайдан?

Бұл - Әсияның орамалы.




Алыстан тракторлар




гүрілдеді.



Сөйлем бастауыш пен баяндауыштан басқа да сөйлем мүшелері болады. Олар тұрлаусыз мүшелер. Деп аталады.

Оқушылар сөйлемдерді талдап, тиісті ой қорытындысын жасағанға дейін таблицадағы сұрақтар мен ережелер жазылған бағаналарды мұғалім жауып қояды. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланған соң. Мұғалім таблицадағы сөйлемдерді оқушыларға талдатады. Талдау кезінде сөйлем мүшелері жайында өткен материалдар еске түсіріледі, оқушыларда сөйлемде бастауыш пен баяндауыштан басқа да сөйлем мүшелері бар ма, бар болса олар қандай сұрақтарға жауап беріліп түрғанын айту талап етіледі.

Үлгі: - Кім жөндеді? - Қасым, бастауыш, зат есім. - Қасым не істеді? - жөндеді, баяндауыш, етістік. - Нені жөндеді. - машинаны, түрлаусыз сөйлем мүшесі.

Осылай барлық сөйлем талданған соң, мұғалім:

- Сөйлем мүшесі дегеніміз не? Осы сөйлемдерде бастауыш пен баяндауыштан басқа да сөйлем мүшелері бар ма? Олар қандай сұрактарға жауап беріп түр? - деген сұрақтарға оқушылардан жауап алады. Сөйлем мүшелері тұрлаулы, тұрлаусыз болып екіге топталатыны, бастауыш пен баяндауыштың — тұрлаулы мүшелер, ал сөйлемдегі бұлардан басқа сөйлем мүшелері түрлаусыз мүшелер деп аталатынын, олардың әр түрлі сұрақтарға жауап беретінін баяндау әдісімен түсіндіреді. Окулықтағы ережені оқушыларға оқытып, түрлаусыз мүшелердің сұрақтарын айтқызады. Сөйлем мүшелерінің топталуын схемамен көрсетеді.






Тұрлаулы Сөйлем мүшелері тұрлаусыз Сөйлем мүшелер


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №21 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №2 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №6 хаттама
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Тақырыптың өзектілігі
2013 -> «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңызд


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет