Қазан жалпы орта білім беретін мектеп Шағын орталықта өткізілген іс-шара жоспары Тақырыбы



жүктеу 50.82 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі50.82 Kb.

Қазан жалпы орта білім беретін мектеп

Шағын орталықта өткізілген іс-шара жоспары
Тақырыбы:




Алтын күз!
Мақсаты: табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту; күз мезгілінің астық, жеміс-жидек, көкөністерді жинау екенін, күздегі ауылшаруашылық еңбек түрлерін түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Көрнекілік: топты шарлармен, күзгі суреттермен, сарғайған жапырақтармен безендіру.
Жүргізуші:

Бүгін мейрам, бүгін той,

Қуаныш күн біліп қой.

Күзгі бақтай сыңғырлап,

Алақанды соғып қой.

Ханшайым патшалығына әр баубақшадан келген қонақтарымызды ортаға шақырайық.


Жүргізуші:

Бұлттар төніп, ызғар сеуіп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып, өңі тайып,

Дала сұрғылт тартады.

Бой жаза алмай, ойнай алмай,

Денең мұздап тоңады.

Бөбектерім айтыңдаршы,

Бұл қай мезгілде болады?

Күзде қандай өзгерістер болады?



  • Нелер піседі?

Олай болса, балалар, мерекеміз қызықты өту үшін Күз ханшайымынды қарсалайық.


Күз ханшайымы кіреді:

Армысыздар, қонақтар

Бармысыздар балалар

Күзгі бақтағы жемістер

Өздеріңе мен келдім

Жеміс-жидек көзтартар.



Жүргізуші:

Күз ханшайымы, енді сіз біздің балабақшамыздың бүлдіршіндерінің өнерін тамашалай отырыңыз.



Бидай.

Нан анасы – бидаймын

Елге астық сыйлаймын.

Сәбіз.

Өсіретін бойыңды

Дамытатын ойыңды

Қоянға да азықпыз –

Сәбіздерміз жазықсыз.
Алмұрт:

Мен алмұртпын, алмұртпын,

Аузындамын бар жұрттың.
Өрік:

Мен өрікпін, өрікпін,

Табиғатқа көрікпін.
Жүзім:

Мен жүзіммін, жүзіммін,

Моншақ болып тізілдім.
Алма:

Мен алмамын, алмамын,

Таңдай жұлар бар дәмім.
Шие:

Мен шиемін, шиемін,

Күнің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын менде бар,

Төмен басты иемін.
Бұршақ:

Кішкене түймедеймін мен,

Ұнаймын мен бәріне.

Дәмді тағамдарыммен

Сый жасаймын бәріңе.
Қызылша:

Мен де бір сөз айтайын,

Мақтанайын сіздерге.

Менсіз борщ болмайды,

Винегрет те үстелде.


Қырыққабат:

Мақтанғаннан не пайда,

Менсіз дәмді ши қайда?

Мені қосса самсаға

Бәрі жейді тамсана.
Шалқан:

Кім білмейді шалқанды,

Талайлар маған таң қалды.

Бәріне сый боламын,

Тауып көр менен дарханды.
Пияз:

Боламын менде дәмдеуіш

Барлық-барлық тағамға.

Көкөністер ішінен

Мен пайдалы адамға.
Картоп:

Мен ұялшақ картоппын,

Мен емеспін мақтанар.

Мені жақсы көреді

Үлкендер мен балалар.
Жүргізуші:

Балалардың орындауында «Жеміс-жидек тұр пісіп» деген әнді тамашалаңыздар.


Жүргізуші:

Балалар күз ханшайымы бізге әкелген жұмбағы бар екен. Оның жауабын шешіп көрейік.


Жұмбақтар:

  1. Ағайынды бәрі,

Шықса жасыл,

Түссе сары.

(жапырақ)


  1. Көк ала костюм киеді,

Күннің көзін сүйеді.

(қарбыз)


  1. Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады.

(пияз)


  1. Үстіне тігіп көк шатыр,

Астында қызғылт дәу жатыр.

  1. Жер астында жез қазық,

Жеуге болар ас қазық.

(сәбіз)


  1. Жазда тұрып жоғары,

Күзде жерге қонады.

(жапырақ)



  1. Жапырақты бояды,

Атыратып бояды.

Бояп-бояп барлығын,

Сап-сары ғып қояды.

(күз)
Жүргізуші:

Жомарт көңіл жарқын күз,

Берекесі халқымның.

Қош келіпсің, алтын күз,

Құт қонағы халқымның – дей келе бүлдіршіндердің күзгі модасын көруге шақырамыз.


Жүргізуші:

Алтын күзде құр тұрмайық,

Ән салайық, би билейік.

Шаттанайық, қуанайық,

Қызық ойын ойнайық, - деп күз ханшайы бізге ойын ала келіпті.
Жүргізуші:

Сұлу қыздар, ару қыздар

Көтеріндер өнерді.

Би билендер мың бұралып,

Көтеріндер көңілді, - дей отырып, ортаға биші қыздарымыздың «үнді биін» тамашаланыздар.
Жүргізуші:

Берекелі, мерекелі,

Келді жомарт алтын күз.

Қалада да, далада да,

Жанның бәрі жарқын жүз, - деп бүлдіршіндердің «Балабақша» әнімен ертеңгілікті аяқтаймыз.


Іс-шараның өзіндік талдауы.
Бүгінгі іс-шара күз мезгіліне байланысты. Іс-шараның тақырыбы: Алтын күз.

Іс-шараның мақсаты: табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту; күз мезгілінің астық, жеміс-жидек, көкөністерді жинау екенін, күздегі ауылшаруашылық еңбек түрлерін түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.


Әр баубақшадан келген балаларды ортаға шақырып, тақпақты балаларға оқып қай жыл мезгілі екенін, күзде қандай өзгерітер болады? нелер піседі? деген сұрақтар қойылып, балалар сұрақтарға толығымен жауап берді.

Мерекеміз қызықты өту үшін ортаға күз ханшайымы келді.



  1. Балалар жаттаған тақпақтарын атты.

  2. «Жеміс-жидек тұр пісіп» деген әнді шырқады.

  3. Күз ханшайымы жұмбақ жасырды.

  4. Балалар күзгі мода көрсетті.

  5. Күз ханшайымы мен ойын ойнады.

  6. Қыздардың үні биін тамашалады.

  7. Іс-шараны балабақша әнімен аяқтады.

Күз ханшайымы жасырған жұмбақтарын қызыға шешті және ойын қызықты болды. Іс-шара мақсатына жетті деп ойлаймын. Өткені, балалар қойған сұрақтарға толығымен жауап бере алды. Балалардың жүздерінен мерекелік көңіл күй байқалды. Іс-шара мақсатына жетті.
Каталог: uploads -> doc -> 035c
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
035c -> МаңҒыстау ауданы білім беру бөлімі «жармыш орта мектебі» мемлекеттік мекемесі тақырыбы
035c -> Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеу


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет