Қызыл кітапқа енген қоқиқазды үйінде ұстаған блогерге айыппұл салынды. Халық блогердің айыппұлына ақша жинап берген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Блогер әрекеті үшін өзіне айыппұл салынғаны және халық бір сағаттың ішінде қажетті қаражатты жинап бергенін айтты.

“Халқым, мен орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті салған айыппұлды жаптым. Достар, тілектеріңіз бен жылы сөздеріңіз үшін көп рахмет. Бір сағатта 100-ден астам адам маған 500 теңгеден жинап берді”, – деп жазды Азамат Сәрсенбаев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айыппұл көлемі 51 750 теңгені құрады.

Ал, желі қолданушылары құстарға көмек берген блогерді жазалау әділетсіз шешім болғанын алға тартты.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.