Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің



Дата03.05.2019
өлшемі49 Kb.
#132023


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің

2012 жылғы жұмыс қорытындылары

Есептік кезеңде Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің қызметі мемлекеттік бюджеттің сапалы және уақтылы атқарылуын қамтамасыз етуге, жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсетуге, нақты есеп-қисапты жасауға, мемлекеттік мекемелермен жүргізілетін жұмысты тиімді ұйымдастыруға бағытталған.

Есептік кезеңде Қазынашылық департаментінде 119 республикалық бюджеттегі, 1455 жергілікті бюджеттегі мемлекеттік мекемеге, 27 квазимемлекеттік сектор субъектісіне қызмет көрсетіліп, олар үшін жүйеде 2202 код пен шот ашылды.

Облыс бойынша мемлекеттік бюджет кірісіне 413 147,7 млн. теңге түсіп, өткен жылмен салыстырғанда кірістер 49 000,1 млн. теңгеге, немесе 13,46 %-ға артылды.

Мемлекеттік мекемелердің кассалық шығыстары 402 016,24 млн. теңгені құрады, 2011 жылмен салыстырғанда шығыстар 60 977,33 млн. теңгеге, немесе 17,9 %-ға артылды.

Облыс бюджеті 99,4 %-ға игеріліп, төлемдер бойынша жоспарда көзделген 230 241,8 млн. теңгенің нақты шығысы 228 943,6 млн. теңгені құрады (өзара өтелетін операцияларынсыз).


ҚБАЖ жүйесі арқылы 1 666 162 төлем құжаты, оның ішінде кіріс операциялары бойынша – 920 034, шығыс операциялары бойынша – 746 128 құжат жүргізілді.

Міндеттемелер мен төлемдер бойынша жиынтық және жеке жоспарларын өзгертуге арналған 43 651 анықтама енгізіліп, өткен кезеңмен салыстырғанда 17,3 %-ға артылды.

Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерін тіркеуге 36 573 өтінім бекітілді.

Қате ресімделіп, мемлекеттік мекемелерге орындаусыз қайтарылатын құжаттар бюджеттің уақтылы және сапалы атқарылуына кері әсер етеді. Қайтарулардың санын азайту мақсатында енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, бюджеттік заңнаманың талаптарын түсіндіруде 40 семинар өткізілді.

ШҚО бойынша Қазынашылық департаментінің басқарма бастықтары Шығыс Қазақстан аймақтық мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығында «Бюджеттің қазынашылық атқарылуы» тақырыбында оқу өткізді.
Қаржы министрлігінің Стратегиялық жоспарында ескерілген қазынашылықтың ақпараттық жүйесін жетілдірудегі міндеттерді орындау мақсатында, қаржы құжаттарын қабылдау және ҚБАЖ жүйесінде өндеу функцияларын автоматтандыру үшін «Қазынашылық-Клиент» электронды құжат айналымын енгізу жұмыстары басталды.

Мемлекеттік мекемелермен «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесі қызметінің негіздерін түсіндіруге және басты бизнес-процестермен жұмыс істеуге арналған 148 семинар өткізілді. «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеуге дайын мемлекеттік мекемелердің саны 69 %-ды құрайды.

Департамент пен аудандық (қалалық) қазынашылық басқармаларының мамандары 133 мемлекеттік мекемеге аутентификацияға қатысты практикалық көмек көрсетті.

Қазынашылық департаменті құрылымдық және аумақтық қазынашылық бөлімшелерінің жауапты орындаушыларымен «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесін пайдалану мәселесі бойынша техникалық оқу ұйымдастырып, қорытынды тестілеу өткізді.

Қазан айында Өскемен қ. әкімдігінде «Қазынашылық-Клиент» мемлекеттік мекемелермен электронды құжат айналымы ақпараттық жүйесін енгізу» тақырыбында кеңес өткізілді. Кеңеске әкімнің орынбасары және әкім аппаратының басшысы, мемлекеттік мекемелердің бірінші басшылары мен бас бухгалтерлері қатысты.

Мемлекеттік мекемелердің техникалық жабдықталуы және «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесіне қосылуға дайындығы жөніндегі қала және аудан әкімдерімен жүргізілетін ұйымдастырушылық жұмыс мәселелері Департамент пен АҚБ тарапынан тұрақты бақылауға алынған.

2012 жылы «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесінде Білім басқармасы, Қазынашылық департаменті, «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы, «Облшығысжол» КМК операциялары жүргізілді.
Қоғамдық секторға арналған қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (ҚСҚЕХС) сәйкес, республикалық бюджеттегі 21 мемлекеттік мекеме бухгалтерлік теңгерімді пилоттық бағдарлама бойынша тапсырды.

Департамент мамандары 2012 жылғы пилоттық бағдарламаға енгізілген республикалық бюджеттегі мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік қызметкерлеріне консультациялық көмек көрсетіп, республикалық бюджеттегі мемлекеттік мекемелердің есептеу әдісіне көшуінің негізгі қағидаларын түсіндіруге арналған іс-шаралар жоспарын әзірледі.

Аумақтық қазынашылық бөлімшелерінің жауапты орындаушыларымен мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есепті есептеу әдісіне көшіру жөнінде кеңес өткізілді.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кодтарын дұрыс қолдану және өзара өтелетін операциялар мәселесіне, екінші деңгейдегі банктер және «Казпошта» АҚ өкілдерімен ҚР ББС кодтары бойынша бюджетке түсетін түсімдерге және өзара өтелетін операцияларға қатысты бюджеттік заңнаманың нормаларын түсіндіруге арналған семинарлар өткізілді.


Республикалық бюджетті атқару және жергілікті бюджеттерге қызмет көрсету саласында іске асырылатын функциялар мен міндеттердің тиімділігін арттыру, жұмыс барысында туындайтын проблемалық мәселелерді зерделеу және шешу мақсатында, Қазынашылық департаментінде Қазынашылық комитетінің Қазынашылық жүйесін дамыту жөніндегі талдамалық кеңесімен бірлесіп жұмыс істейтін жұмыс тобы құрылды.

Есептік кезеңде 4 алқа отырысы өткізілді. Онда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті мен аумақтық бөлімшелердің 2012 жылдың 11 айындағы жұмыс қорытындылары қаралып, алдағы кезеңдегі міндеттері айқындалды, рейтингтік бағалау және операциялық жұмыс қорытындылары, «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесін енгізу жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері, аудандық (қалалық) қазынашылық басқармаларының қызметіне жүргізілген тексеріс нәтижелері және бюджеттердің атқарылуы жөніндегі есептерді салыстырып тексеру нәтижелері, мемлекеттік қызметшілерді аттестациялау қорытындылары, басқа да мәселелер қаралды. Нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістерді және жұмыс барысында туындайтын мәселелерді түсіндіруде аумақтық бөлімше басшыларымен әдістемелік кеңес отырыстары өткізілді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрағасының 31.08.2012 жылғы № 175 бұйрығына сәйкес, ШҚО бойынша Қазынашылық департаменті мен АҚБ ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, әділет органдарында тіркелді.

91 мемлекеттік қызметші аттестаттаудан, 189 маман қайта даярлау курсытарын өтті. «Кадрлық әлеуетті басқару, кадрлар құрамы бойынша есептерді жасау және ҚР ҚМ ұсыну» кіші жүйесіне «е-Минфин» мәліметтерін жүктеу жұмыстары жалғасуда.


Сыбайлас жемқорлық заң бұзушылықтарға жол бермеу жөніндегі жұмыстар үнемі жүргізілуде. Департаментте «ШҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті», ҰҚКД, «Әлеуметтік қорғау департаменті», «Қаржылық бақылау басқармасы», «ШҚО бойынша мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау және лицензиялау департаменті» ММ өкілдерінің қатысуымен кеңестер өткізілді.

Қазынашылық департаментінің ведомстволық бақылау және ақпараттық қауіпсіздік бөлімі 10 аудандық (қалалық) қазынашылық басқармасында ішкі бақылау жүргізіп, аумақтық қазынашылық бөлімшелерінің қызметін қашықтан бақылауда.

Қазынашылық департаменті аудандық және қалалық бөлімшелердің қызметін рейтингтік бағалауды тоқсан сайын жүргізіп тұрды.
Облыстың қоғамдық өміріне, спорттық және мерекелік іс-шараларға қатысу, қайырымдылық көмек көрсету шаралары үнемі жүргізілуде.

Департамент пен аудандық (қалалық) қазынашылық басқармаларында 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Елбасының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы талқыланды.

Аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан Республикасы Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау жалғасуда.

29.11.2012 жылы Қазынашылық департаментінде ШҚО әкімінің орынбасары Н.А.Сақтағановтың қатысуымен 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиналыс өткізілді.

Мемлекеттік қызметшілер арасында өткізілген XIII облыстық спартакиаданың қорытындысы бойынша ШҚО Қазынашылық департаментінің командалары үстел теннисі бойынша – 2 орынды, бильярдтан – 3 орынды, шахматтан – 4 орынды иеленді.

«Қалкен-ТВ» жергілікті телеарнасында ШҚО бойынша Қазынашылық департаментінде өткізілген Наурыз-мейрамы көрсетілді.



Есептік кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында Елбасының Жолдауын талқылау бойынша, сондай-ақ Департамент пен 18 аудандық (қалалық) қазынашылық басқармасының қызметі мен алдағы міндеттері туралы мақалалары жарияланды.

ШҚО бойынша Қазынашылық

департаментінің бастығы М.Төлегенұлы
Каталог: assets -> files
files -> Тоо "Аксесс Энерго птэц-2" объявляет о проведении тендера по закупкам следующих материальных, финансовых ресурсов и услуг: раз
files -> Конверттерді ашу хаттамасы
files -> Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттама
files -> «севказэнерго»
files -> Акционерное Общество «Северо-Казахстанская Распределительная Электросетевая Компания»
files -> «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мм, 141200, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 45-үй, анықтама телефондары/факс: 340856, электрондық мекенжайы: aitkeshova
files -> «Фармацевтикалық қызметке лицензиялар беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
files -> Бағдарламасы Жосалы кенті, 2015 жыл Мазмұны


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет